NeoDeep SVC259449NDCO - Шаңсорғыш GORENJE - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз NeoDeep SVC259449NDCO GORENJE PDF форматында.
| Өнім түрі | Сымсыз шаңсорғыш |
| Бренд | Gorenje |
| Модель | NeoDeep SVC259449NDCO |
| Салмағы | Шамамен 2,5 кг |
| Шаң жинағыштың сыйымдылығы | 0,5 л |
| Автономдылық (ECO режимі) | 40 минутқа дейін |
| Автономдылық (BOOST режимі) | 15 минутқа дейін |
| Батарея түрі | Қайта зарядталатын литий-иондық |
| Сору қуаты | Айнымалы (ECO, AUTO, BOOST) |
| Негізгі сүзгі | Жууға болатын сүзгі (микросүзгі) |
| Шығу сүзгісі | Жууға болмайтын сүзгі (шайқау арқылы тазалау) |
| Керек-жарақтар кіреді | Еденге арналған моторлы щетка, тоқыма бұйымдарына арналған моторлы щетка, тар ұштық, 2-в-1 щетка, иілгіш түтік, жануарларға арналған щетка |
| Зарядтағыш | Желілік адаптер және қабырғаға бекіткіш |
| Кепілдік | 2 жыл (батареяға 12 ай) |
| Қолдану | Ішкі, тұрмыстық, құрғақ шаң |
| Күтім | Шаң жинағышты, сүзгілерді және щетка ролигін үнемі тазалау |
| Қауіпсіздік | Сұйықтықтарды, күлді, өткір заттарды соруға болмайды |
Жиі қойылатын сұрақтар - NeoDeep SVC259449NDCO GORENJE
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы NeoDeep SVC259449NDCO GORENJE
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Шаңсорғыш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз NeoDeep SVC259449NDCO - GORENJE және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. NeoDeep SVC259449NDCO брендінің GORENJE.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ NeoDeep SVC259449NDCO GORENJE
Аспапты қолдану кезінде берілген қауіпсіздік жөніндегі нұсқауларды орындаңыз: Пайдалану жөніндегі нұсқаулықты мұқият оқыңыз және аспапты нұсқаулыққа сәйкес қолданыңыз. // Алғаш қолданар алдында аспаптың тасымалдау қаптамасын, қорғайтын пленкасын және жапсырмаларын алып тастаңыз. // Жұмыс істеп тұрған аспапты қараусыз қалдырмаңыз. // Қолданар алдында аспап бөлшектерін жинаңыз және бекітіңіз. // Аспапты құрғақ жабық ғимараттарда ғана қолданыңыз. // Аспапты өндіруші ұсынған бөлшектермен ғана қолдануға рұқсат етіледі. // Егер аспап құлаған, зақымдалған, ашық ауада сақталған немесе суға құлаған болса, оны қолданбаңыз. // Аспапты жүйелі түрде тазалап тұрыңыз. Бұл оның қызмет ету мерзімін ұзартады. // Шаштың, ұзын киімнің, саусақтың және дененің басқа да мүшелерінің аспаптың саңылауы мен жылжымалы бөліктеріне тиіп тұрмауын қадағалаңыз. // Аспап радио кедергілердің рұқсат етілетін деңгейлерін реттейтін электромагнитті өрістер мен нормалар жөніндегі барлық стандарттарға сәйкес келеді. // Аспап балалардың және физикалық немесе психикалық қабілеттері шектеулі адамдардың қолдануына арналмаған. Аспапты сегіз жастан асқан балаларға және физикалық, қозғалу және психикалық қабілеттері шектелген адамдарға, сонымен қатар оны қолдану үшін жеткілікті тәжірибесі мен білімі жоқ адамдарға тек тәжірибесі бар адамның қадағалауымен немесе егер олар аспапты қолдануға үйретілген болса және аспапты дұрыс пайдаланбауға байланысты туындауы ықтимал қауіпті түсінген жағдайда ғана осы аспапты қолдануға рұқсат етіледі. Аспап жұмысы кезінде балаларды қадағалаңыз. Балаларға аспаппен ойнауға рұқсат етпеңіз. // Балалар сегіз жасқа жеткен және үлкен кісінің қарауында болған жағдайда ғана аспапты тазалауды және оған қызмет көрсетуді орындай алады. // Қолданып болған соң аспапты сөндіріңіз.
Қауіптілік
Аспапты және зарядтау базасын (немесе адаптерді) суға және басқа да сұйықтыққа батырмаңыз, ағын судың астында жумаңыз.
Маңызды ескертулер
Желілік шнуры бар аспапты немесе зарядтау базасын электр желісіне жалғар алдында номиналды кернеудің электр желісінің кернеуіне сәйкес келетініне көз жеткізіңіз. // Аспап және зарядтау базасы (немесе адаптер - аспабыңыздың моделіне байланысты) бүлінген болса, оларды қолданбаңыз. // Зарядтау базасы (немесе адаптер) бүлінген жағдайда аспапты қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету үшін тек түпнұсқа бұйымдарды ғана қолданыңыз. // Адаптерге трансформатор кірістірілген. Адаптерді ағытып алуға және ауыстыруға тыйым салынады, өйткені бұл қауіпті жағдайға алып келуі мүмкін. // Аккумуляторды аспап жиынтығына кіретін адаптердің және зарядтау базасының көмегімен ғана зарядтауға болады. Зарядтау процесінде адаптердің қызуына жол беріледі (егер адаптер жеткізу жиынтығына кіретін болса, моделіне байланысты). // Зарядтау кезінде аспапты сөндіріп қойыңыз. // Аспапты сүзгілерсіз немесе сүзгілер блогысыз қолдануға тыйым салынады. // Ауа шығаруға арналған саңылаулардың аспап жұмысы кезінде бітелмеуін қадағалаңыз. // Шаңсорғыш бөлме ішінде жинау мақсатында үйде қолдануға арналған. // Сору
қуатын және жинау тиімділігін сақтау үшін соратын саңылаулардың тазалығын қадағалаңыз. Турбаның саңылауларын шаңнан, шаштан және ауа ағынын бітеуі мүмкін басқа да ластардан жиі тазалап тұрыңыз. // Тұғырды немесе зарядтау базасын тазалар алдында оны электр желісінен ажыратыңыз. // Аспапты әлі де суымаған күлді, жоңқаларды, тұқылдарды, сіріңкелерді, сұйықтықтарды (мысалы, кілемдерге арналған көбік), өткір заттарды (жарықшақтарды және т.б.) жинау үшін қолдануға тыйым салынады. // Соратын саңылауды өзіңізге жақындатпаңыз. // Аспапты құрылыс қоқысын (ұсақ құм, ізбес, цемент) және принтерге арналған тонерді жинау үшін қолданбаңыз, өйткені бұл аспаптың сынуына алып келуі мүмкін.
Ақаулықтарды іздеу және жою
| Ақаулық | Ықтимал себебі | Жою |
| Аспап жұмыс жасамайды. | Аккумулятор толықтай разрядтанған. | Аккумуляторды зарядтаңыз. |
| Қол сорғысы дұрыс орнатылмаған. | Қол сорғысын дұрыс жалғаңыз. | |
| Сору қуаты төмен. | Шаң жинағыш толып қалған. | Шаң жинағышты тазалаңыз. |
| сүзгісі бітелген. | сүзгісін тазалаңыз немесе ұыстырыңыз. | |
| Ауа беретін түтік немесе айналып тұратын щетка бітелген. | Турбощетканы тазалаңыз. | |
| Аспап зарядталмайды. | Аккумулятор розеткаға қосылмаған. | Аккумуляторды розеткаға жалғаңыз. |
| Аккумулятор шаңсорғыш ұстағышындағы ағытпаға жалғанбаған. | Аккумуляторды шаңсорғыш ұстағышына жалғаңыз. | |
| Қол сорғысы орнатылмаған. | Қол сорғысын орнатыңыз. | |
| Зарядтағаннан кейін шаңсорғыш өте қысқа ұақыт жұмыс жасайды. | Шаңсорғыш жеткілікті ұзақ зарядталмаған. | Аккумуляторды нұсқаулыққа сәйкес зарядтаңыз. |
| Аккумулятор өзінің ресурсін тауыскан. | Аккумуляторды ауыстырыңыз. |
Қоршаған орта

Бұйым тұрмыстық қалдық ретінде жойылмауы тиіс. Оны одан әрі кәдеге жарату үшін оны электронды және электрлік жабдықтардың тиісті орындарына тапсырған жөн. Бұйымды кәдеге жарату ережелерін сақтау арқылы қоршаған ортаға және адамдардың денсаулығына зиян
келтірудің алдын ала аласыз.
Бұл аспап Электрлік және электронды жабдықтардың қалдықтарын қолдану туралы 2012/19/EU еуропа деректемесіне сәйкес таңбаланған (WEEE). Осы деректеме ЕО барлық елдерінде қолданылатын электрлік және электронды жабдықтардың қалдықтарын жинау және кәдеге жарату бойынша талаптарды анықтайды.
Кепілдік және сервис
Ақаулар туындаған кезде авторлық құқығы бар сервис орталығына хабарласыңыз. Авторлық сервис орталықтарының тізімін «Кепілді міндеттемелер» кітапшасынан және www.gorenje.com сайтынан таба аласыз.
Ескертпе: Аккумулятор кепілдігі 12 ай.
Тек тұрмыста қолдануға арналған!
Қауіпсіздік мақсатында аспаптың кейбір бөліктері жеке қапталған және негізгі қаптамаға салынған. // Алғаш қолданар алдында құрастыру және қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулармен мұқият танысып шығыңыз. // Аспап үй жағдайында құрғақ тазалауға және тұрмыстық қолдануға арналған.

КОМПОНЕНТТЕР
1 Қозғалтқышы бар корпус, 2 Батарея, 3 Шаңсорғыш шлангісі, 4 Барлық беттерді тазалауға арналған электр жетегі бар еденге арналған щетка, 5 1-гі 2 щетка, 6 Жіңішке қондырма, 7 Қабырға кронштейні, 8 Аккумуляторға арналған зарядтау құрылғысы, 9 Мата беттерге арналған электр жетегі бар щетка, 10 Майысқақ шланг, 11 Үй жануарларына күтім жасауға арналған щетка
12 Қатты беттерді тазалауға арналған электр жетегі бар еденге арналған жұмсақ шығыршықты щетка

ҚҰРАСТЫРУ
Егер шаңсорғыш аккумуляторы әлі де корпусқа орнатылмаған болса, оны орнатыңыз. Ол үшін аккумулятор батареяларына арналған бөлімде берілген нұсқаулықтарды орындаңыз. // Шлангтың жоғарғы бөлігін жетек блогына, ал төменгі бөлігін еденге арналған щеткаға жалғаңыз. Егер құрылғы саңылауларға тығыз салынған болса (барлық күйде сырт етіп бекітіледі), құрастыру дұрыс орындалған. // Құрылымының ерекшеліктері салдарынан аспапты тіреусіз қалдырмауды ұсынамыз. // Щеткадағы ілмек шаңсорғышты тіреусіз тік күйінде қысқа уақытқа қалдыруға мүмкіндік береді, бірақ аса сақ болыңыз, өйткені аспап кез келген сәтте құлап, зақымдалуы мүмкін.
// Қабырға кронштейнін жылу көздерінен кемінде 1 метр қашықтыққа орналастырған жөн. // Жеткізу жиынтығына зарядтау құрылғысы кіреді. // Қабырға кронштейнін орнату жөніндегі суреттелген нұсқаулықтарды орындаңыз. Алдыңғы төменгі бөлікті жоғарғы бөліктен шығарып алыңыз. Зарядтау штекерін саңылауға салып, кронштейнінің төменгі бөлігін орнына жылжытыңыз. // Зарядтау кезінде қабырға кронштейнін шаңсорғыштың адаптермен жақсы жанасуы үшін барынша жоғары орналастырыңыз. // Қондырмалар қажет болған кезде әрқашан қолда болуы үшін оларды өздерінің ұстағыштарында сақтаңыз

ҚОЛДАНУ
Шаңсорғыш аспапты зақымдауы мүмкін сұйықтықты, әйнекті, күлді, жанып жатқан немесе өткір заттарды жинауға арналмаған. // Жиынтықтағы әр қондырманың өз мақсаты бар. Түрлі қондырмалар үй жинауда мінсіз болып табылады.
- Электр жетегі бар еденге арналған щетка кез келген беттерді (еден бетін құрғақ тазалау) тазалау үшін қолданылады. Биік түгі бар кілемдерге арналған қондырманы қолданбаңыз - түгі щетканың білігіне оралып, шаңсорғышты зақымдауы мүмкін. Щетканы қолмен басқарылатын блокқа, сондай-ақ стационарлы шлангқа да қолдануға болады. // Шығыршық шаң, сорғыш жұмысы кезінде шаш пен басқа да қоқыстың щетка ортасына жиналатындай тәсілмен жасалған. Бұл шығыршықты бүлдіру қауіпінің алдын алады. // Барынша ыңғайлы қолдану және кейіннен тазалау үшін щетканың ішкі бөлігіне жұмыс процесінде ұзын шаштарды жинайтын және оларды щеткадан алып тастайтын тарақ кірістірілген.
- Жіңішке қондырма тар қатынау қиын жерлерді (бұрыштар, дивандар, өрмекші, радиатордың артындағы кеңістік және т.б.) тазалауға арналған.
- Қылдары бар 1-гі 2 щеткасы (есік және терезе жиектемелеріне, жылжымалы жәшіктерге және т.б. арналған).
- Электр жетегі бар кішкене щетка мата беттерді тазалауға арналған.
- Майысқақ шлангты иілгіш шлангты шаңсорғыш жетегінің блогына жалғаңыз. Шлангты жинау процесінде созуға болады, бұл ретте жетек блогының еденге құлауының алдын алу үшін оның тұрақтылығына көз жеткізіп алу қажет. Осы шлангпен тек оған арналған қондырмаларды ғана қолдануға болады.
- Үй жануарларына күтім жасауға арналған щетка. Щетканы иілгіш шлангқа орнатыңыз. Щеткадағы батырма шашты алып тастауды жеңілдетеді. Батырманы басқан кезде төменгі бетіндей қылдар алынып, шаңсорғыш шашты сорады.
- Егер электрлік жетегі мен жұмсақ шыршығы бар қосымша ірі щеткасы бар шаңсорғышты алған болсаңыз, оны қатты беттерді тазалау үшін қолдануды ұсынамыз. Барынша ыңғайлы қолдану және кейіннен тазалау үшін щетканың ішкі бөлігіне жұмыс процесінде ұзын шаштарды жинайтын және оларды щеткадан алып тастайтын тарақ кірістірілген.

ЗАРЯДТАУ
Жеткізу жиынтығына шаңсорғышқа арналған зарядтау кабелі бар адаптер кіреді. Шаңсорғышты жылу көздерінен кемінде 1 метр қашықтықта зарядтаңыз. Құрылғыны зарядтау кезінде қосу мүмкін емес. Шаңсорғышты қабырға кронштейнінде немесе жеке зарядтауға болады.
Қабырға кронштейніне адаптерді орнату жөніндегі суреттелген нұсқаулықтарды орындаңыз. Алдыңғы төменгі бөлікті жоғарғы блоктан шығарып алыңыз. Зарядтау штекерін саңылауға салып, кронштейнінің төменгі бөлігін орнына жылжытыңыз. Зарядтау кезінде қабырға кронштейнін шаңсорғыштың адаптермен жақсы жанасуы үшін барынша жоғары орналастырыңыз. Шаңсорғышты қолмен басқарылатын блок арқылы, сондай-ақ жеке зарядтауға болады. Аккумулятордағы батырманы басып, оны қолмен басқарылатын блоктан шығарып алыңыз.
Аккумулятор толықтай зарядталған кезде индикаторлардың барлығы жанады, сандық дисплей болған жағдайда заряд деңгейі пайызбен көрсетіледі. Аспап жұмыс жасап тұрған кезде индикаторлар жанбайды, сандық дисплей болған кезде қалған заряд пайызбен көрсетіледі (моделіне байланысты).
Егер аспапты ауыстыруды қаласаңыз немесе аспап бұдан былай қажет болмаса, қоршаған ортаны қорғау туралы ұмытпауыңызды сұраймыз.
Шаңсорғышты кәдеге жаратпас бұрын аккумулятор батареясын ағытып алу қажет. Аккумулятор батареясын қауіпсіз алу үшін оның толықтай разрядтанғанына көз жеткізіңіз. Егер аспапта алмалы-салмалы аккумулятор батареясы болмаса, суретті брошюрада берілген нұсқауларды орындаңыз. Аккумулятор батареясын кәдеге жарату үшін суреттелген нұсқаулықтарды орындаңыз.

ПАЙДАЛАНУ
Дисплейде түрлі функциялар көрсетіледі:
- Шаңсорғышты қосу және өшіру үшін сол жақтағы батырманы басыңыз
- Сору қуатының деңгейін сол жақтағы батырманы басу арқылы өзгертуге болады.
- Қуатты таңдау кезінде дисплейде батареяның разрядтануына дейін қалған шаңсорғыш жұмысының уақыты көрсетіледі. Шаңсорғыштың таңдау бойынша бірнеше жылдамдығы бар. ЕСО (батарея зарядын үнемдеу режимі, бір зарядпен максимальды жұмыс жасау уақыты), BOOST (бір зарядта жұмыс жасаудың қысқартылған уақыты, сорудың ең жоғарғы қуаты),
Шаңсорғышты қосқаннан кейін бірден AUTO функциясы іске қосылады (AUTO функциясы беттің түріне немесе ластану дәрежесіне байланысты шаңсорғыш жылдамдығы мен қуатын реттеу үшін қолданылады).
- Аспаптың батарея зарядының сандық индикаторы бар. Қолдану кезінде немесе зарядтау кезінде сандық дисплейде батарея зарядының деңгейі көрсетіледі.
- Дисплейдегі шаң жинағыштың толып жатқанын көрсететін белгі. Контейнерді толтыру белгісі шаңсорғыш ауа ағынының жоқ екенін анықтаған кезде жанады. Осы белгі пайда болған кезде шаңсорғыш аспаптың зақымдалуының алдын алу үшін өшіріледі. Щеткадан, шлангтан немесе контейнерден бөгде заттарды алып тастаңыз. Бөгде заттарды алып тастап, шаңсорғышты қосқаннан кейін индикатор өшеді.
Шаң жинағышты босату және енгізу сүзгісін тазалау
Жұмыс процесіндегі жылдам тазалау:
Жетек блогын шлангтан шығарып алыңыз. // Шаң жинағыштың төменгі бөлігін басу арқылы оны шаңды шығару үшін ашыңыз. // Бұл функция жинау барысында шаң жинағыштың толып қалғанын байқаған кезде қолданылады.
Шаңсорғыш жетегінің блогынан контейнерді алу.
Шлангты жетек блогынан ажыратыңыз. // Шаң жинағышты тазалау үшін шаң жинағыштың алдыңғы бетіндегі батырманы басыңыз. // Алдымен шаң жинағышты батырмалар орналасқан жерінен ұстап тұрып, көтеріңіз. // Сүзгі жиектемесін контейнерден шығарып алыңыз. // Сүзгіні жиектемесінен ақырын шығарып алу үшін сүзгіні тұтқасынан тартыңыз. // Контейнерді және сүзгі жиектемесін сүрте, сілкіп немесе жылы сумен шая аласыз, бірақ сақ болыңыз, дұрыс қолданбау шаңсорғыш компоненттерін бүлдіруі мүмкін. // Шаңсорғыш жұмысы кезінде жиналып қалған ласты жою үшін сүзгіні сілкіп алыңыз және ақырын тазалаңыз. // Сүзгіні жылы сумен жуып, ақырын сығып алуға болады. // Сүзгі дұрыс қолданбаған кезде бүлінуі мүмкін шағын сүзгіден тұрады. // Кейінгі қолдану алдында сүзгіні мұқият кептіріп алу қажет (кемінде 24 сағат). Шаң жинағышты құрастырмас бұрын барлық компоненттердің толықтай кепкеніне көз жеткізіңіз. Дымқыл бөлшектер шаңсорғыштың бұзылуына себеп болуы мүмкін. // Шаң жинағыштың ішкі компоненттерін орнату үшін құрастыруды кері тәртіппен орындаңыз. // Шаң жинағышты орнату кезінде алдымен оны төменгі бөлікке бекітіңіз, бұл жерде осы мақсатта шағын ағытпа бар, ал содан соң оны жетек блогындағы орнына бұрыштап орнатыңыз. // Егер барлығы дұрыс жасалған болса, жеңіл сырт еткен дыбыс естисіз. // Шаң сүзгісі орнатылмаған шаңсорғышты қолданбаңыз.
Шығару сүзгісін тазалау
Дисплейді сағат тіліне қарсы бағытта бұраңыз. // Дисплей қақпағын ашу кезінде дисплейді зақымдап алмау үшін сақ болыңыз, өйткені бұл жағдайда шаңсорғыш жұмысын тоқтатады. // Жетек блогының ішкі бөлігінен сүзгіні шығарып алыңыз. // Сүзгіні сүртуге немесе сілкіп алуға болады. Сүзгіні жууға болмайды. // Шаң жинағышты орнына орнатпас бұрын бөлшектердің барлығының толықтай кепкеніне көз жеткізіңіз. // Шаң жинағыштың ішкі компоненттерін орнату үшін құрастыруды кері тәртіппен орындаңыз. // Шаң сүзгісі орнатылмаған шаңсорғышты қолданбаңыз. // Қосымша ақпарат алу үшін суреттелген нұсқаулықтарды қараңыз.
СҮЗГІНІ АУЫСТЫРУ
Егер сүзгінің бүлінгенін байқасаңыз, оны тез арада ауыстырыңыз. Шаңсорғыштың қызмет ету мерзімін ұзарту үшін аспапты жүйелі түрде қолдану кезінде сүзгіні әр 6 ай сайын ауыстыру ұсынылады.
ЕДЕНГЕ АРНАЛҒАН ЩЕТКА
Щетканың артқы бөлігінде щеткадағы шығыршықты шығарып алу үшін басу қажет батырма бар. Шығыршық шаңсорғыш жұмысы кезінде шаш пен басқа да қоқыстың щетка ортасына жиналатындай тәсілмен жасалған. Бұл шығыршықты бүлдіру қаупінің алдын алады. // Шаштың көп бөлігі біліктің ортасына жиналатын болғандықтан, оны тазалау жеңіл. // Корпустың төменгі бөлігін матамен сүртіңіз. // Щетканың сору шлангісін тазалаңыз. // Қоқысты түсіру үшін щетканың шығыршығын соғып алыңыз және оралып қалған қоқыс пен шашты арнайы ойық бойымен қайшымен ақырын кесіп тастаңыз. // Шашты немесе жіптерді тартпаңыз, өйткені шығыршықтағы қылдарды бүлдіруі мүмкін. // Шығыршықты кейін қарай щеткаға орнатыңыз. // Егер шығыршықты орнату кезінде сырт еткен дыбыс естілсе және бүйір бекіткіш щетканың корпусын сенімді ұстап тұрса, ол дұрыс орнатылған.
Щетканың бүйір бетінде шағын батырма бар, оны щетканы босатып, саңылаудан шығарып алу үшін бұрау қажет. // Қоқысты түсіру үшін щетканың шығыршығын соғып алыңыз және щеткаға жиналып қалған оралған қоқыс пен шашты қайшымен ақырын кесіп тастаңыз. // Шашты немесе жіптерді тартпаңыз, өйткені шығыршықтағы қылдарды бүлдіруі мүмкін. // Шығыршықты кейін қарай щеткаға орнатыңыз. // Егер шығыршықты орнату кезінде сырт еткен дыбыс естілсе, ол дұрыс орнатылған. Щетка корпусындағы шығыршықты бекіту үшін батырманы бұраңыз.
| Жиї пайда болатын қате | Ьіктимал себебі | Шешімдер |
| Шаңсор ғыш ж жұмыс жасамайды | Аспап өшірілген немесе аккумулятор разрядтанған | Колдану алдында аспапты зарядтап алуыңызды сұраймыз. |
| Аспаптың сору санылауы бітеліп қалған. | Аспаптың сору санылауын тазалаңыз | |
| Сору қуаты өте әлсіз | Шаң жинағыш пен сүзгі ластанған/толып қалған | Шаң жинағыш пен сүзгіні тазалаңыз |
| Шығыршыкты щеткага шаш пен басқа да бөгде заттар оралып қалған | Шығыршыкты щетканы тазалаңыз | |
| Түтік блокталған | Түтікті мұқият тазалаңыз және коқымның бар-жоғын тексеріңіз | |
| Қозғалтқыш жұмысының әдеттегіден тыс дыбысы | Түтік жартылай блокталған | Түтікті мұқият тазалаңыз |
| Сүзгілер блогы бітелген | Сүзгіні мұқият тазалаңыз. | |
| Аспап зарядталмайды. | Зарядтау құрылғысы дұрыс қосылмаған | Қосылысты тексерүішізді сұраймыз |
| Желілік қорек қосылмаған | Электр қорегінің қосылғанын тексеріңіз | |
| Ақау жойылмайды | Сервис орталығына хабарласыңыз | |
| E1 | Щетка ақауы | Сервис орталығына хабарласыңыз |
| E2 | Қозгалтқыштың істен шығуы | Сервис орталығына хабарласыңыз |
| E3 | Аккумулятор батареасының ақауы | Аккумулятор батареасының дұрыс орнатылғанын тексеріңіз, оны қайта орнатып қоріңіз |
| E5 | Басқару тактасы аппаратурасындағы кідіріс | Сервис орталығына хабарласыңыз |
