GWS 18V15 S Professional - Кофе тартқыш BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз GWS 18V15 S Professional BOSCH PDF форматында.
| Өнім түрі | Сымсыз бұрыштық тегістеуіш |
| Бренд | Bosch |
| Моделі | GWS 18V-15 S Professional |
| Номиналды кернеу | 18 В |
| Бос жүріс жиілігі (модельге қарай) | 2 600 - 9 800 айн/мин |
| Дисктің макс. диаметрі | 125 мм немесе 150 мм (модельге қарай) |
| Шпиндель жіпі | M14 |
| Салмағы (жабдыққа қарай) | 2,4 - 3,7 кг |
| Қайта іске қосудан қорғау | Иә |
| Кері соққы кезінде тоқтату (KickBack Control) | Иә |
| Лезде тоқтату тежегіші | Иә |
| Жылдамдықты алдын ала таңдау | Иә (SC модельдері) |
| Bluetooth қосылымы | Иә (GCY 42 модулі қосымша немесе кіріктірілген) |
| Үйлесімді аккумулятор түрі | GBA 18V… / ProCORE18V… |
| Күй дисплейі (басқару экраны) | Иә |
| Дірілге қарсы қосымша тұтқа | Қосымша опция ретінде қолжетімді |
| Құлаудан қорғау | Иә |
| Сақтау ортасының температурасы | -20-дан 50 °C-қа дейін |
| Зарядтау ортасының температурасы | 0-ден 35 °C-қа дейін |
| Дыбыс қуаты деңгейі | 92 - 93 дБ(А) |
| Діріл деңгейі (тазалау) | 4,0 - 6,5 м/с² |
Жиі қойылатын сұрақтар - GWS 18V15 S Professional BOSCH
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы GWS 18V15 S Professional BOSCH
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Кофе тартқыш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз GWS 18V15 S Professional - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. GWS 18V15 S Professional брендінің BOSCH.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ GWS 18V15 S Professional BOSCH
Пайдалану нұсқаулығының
ТҮПНҰСҚАСЫ
ro Instructiuni originale
Еуразия экономикалық одағына (Кеден одағына) мүше мемлекеттер аумағында
қолданылады
Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану құжаттарының құрамында пайдалану жөніндегі осы нұсқаулық, сонымен бірге қосымшалар да болуы мүмкін.
Сәйкестікті растау жайлы ақпарат қосымшада бар.
Өнімді өндірген мемлекет туралы ақпарат өнімнің корпусында және қосымшада көрсетілген.
Өндірілген мерзімі Нұсқаулық мұқабасының соңғы бетінде көрсетілген.
Импортерге қатысты байланыс ақпарат өнім қаптамасында көрсетілген.
Өнімді пайдалану мерзімі
Өнімнің қызмет ету мерзімі 7 жыл. Өндірілген мерзімнен бастап (өндіру күні зауыт тақтайшасында жазылған) істетпей 5 жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз (сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды.
Көрсетілген қызмет ету мерзімі тұтынушы аталмыш нұсқаулықтың талаптарын орындаған жағдайда ғана жарамды болады.
Істен шығу себептерінің тізімі
- көп ұшқын шықса, пайдаланбаңыз
- қатты діріл кезінде пайдаланбаңыз
- ток сымы бұзылған немесе оқшаулаусыз болса, пайдаланбаңыз
- өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз
Пайдаланушының мүмкін қателіктері
– тұтқасы мен корпусы бұзылған болса, өнімді пайдаланбаңыз
- жауын-шашын кезінде сыртта пайдаланбаңыз
– корпус ішіне су кірсе, құрылғыны қосушы болмаңыз
Шекті күй белгілері
- ток сымының тозуы немесе зақымдануы
- өнім корпусының зақымдалуы
Қызмет көрсету түрі мен жиілігі
- Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.
Сақтау
- құрғақ жерде сақтау керек – жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің әсерінен алыс сақтау керек – сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан қорғау керек
- орамасыз сақтау мүмкін емес – сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін MEMCT 15150-69 (шарт 1) құжатын қараңыз
- +5-ден +40 °C-ка дейін температурасында қоймада өндірушінің қаптамасында сақтаңыз. Салыстырмалы ылғалдылық 80 %-дан аспауы тиіс.
Тасымалдау
– тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады; – босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды пайдалануға рұқсат берілмейді; – тасымалдау шарттары талаптарын MEMCT 15150-69 (5 шарт) құжатын оқыңыз; – қоршаған орта температурасы -50 °C-тан +50 °C-қа дейін тасымалдау рұқсат етілген. Салыстырмалы ылғалдылық 100 %-дан аспауы тиіс.
Қауіпсіздік нұсқаулары
Жалпы электр құралды қауіпсіздік нұсқаулары
ЕСКЕРТУ
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және
ескертпелерді оқыңыз. Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
Болашақ жұмыстар үшін қауіпсіздік нұсқаулықтары мен ескертпелерді сақтап қойыңыз.
Қауіпсіздік нұсқаулықтарында пайдаланылған электр құрал атауының желіден қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі бар) және аккумулятордан қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі жоқ) қатысы бар.
Жұмыс орнының қауіпсіздігі
Жұмыс орнын таза және жарық ұстаңыз. Ластанған және қараңғы жайларда сәтсіз оқиғалар болуы мүмкін. Электр құрылғысын жарылатын атмосферада пайдаланбаңыз, мысалы, жанатын сұйықтық, газ немесе шаң бар болғанда. Электр құралы ұшқындарды жасайды, ал олар шаң немесе буларды жандыруы мүмкін. Балалар мен бақылаушыларды электр құралынан алыс ұстаңыз. Алаңдаушылықтар бақылау жоғалуына алып келуі мүмкін. Жабдық тұрмыстық жағдайларда, коммерциялық аймақтарда және қоғамдық жерлерде, зиянды және қауіпті өндірістік факторлар жоқ кіші электр тұтынуы бар өндірістік аймақтарында жұмыс істеу үшін арналған.
Электр қауіпсіздігі
Электр айырлары розеткаға сай болуы тиіс. Айырды ешқашан ешқандай тәрізде өзгертпеңіз. Жерге қосылған электр құралдарымен адаптер айырларын пайдаланбаңыз. Өзгертілмеген айырлар мен сәйкес розеткалар электр тұйықталуының қауіпін төмендетеді. Құбырлар, радиаторлар, плиталар мен суытқыштар сияқты жерге қосылған беттерге тимеңіз. Денеңіз жерге қосылған болса жоғары тоқ соғу қауіпі пайда болады. Электр құралдарды жанбырда немесе ылғалды қоршауда пайдаланбаңыз. Электр құралына кірген су тоқ соғу қауіпін жоғарылатады. Кабельді тиісті болмаған ретте пайдаланбаңыз. Кабельді электр құралын тасу, көтеру немесе тоқтан шығару үшін пайдаланбаңыз. Кабельді ыстықтық, май, өткір қырлар және жылжымалы бөлшектерден алыс ұстаңыз. Зақымдалған немесе бытысып кеткен кабель тоқ соғу қауіпін жоғарылатады. Электр құралын сыртта пайдаланғанда сыртқы жайлар үшін сай кабельді пайдаланыңыз. Сыртта пайдалануға жарамды кабельді пайдалану тоқ соғу қауіпін төмендейді. ▶ Егер электр құралын ылғалды жерде пайдалану керек болса, онда қорғайтын өшіру құрылғысы (RCD) арқылы қорғалған тоқ желісін пайдаланыңыз. RCD пайдалану тоқ соғу қауіпін төмендетеді.
Жеке қауіпсіздік
Электр құралын пайдалануда абай болыңыз, жұмысыңызды бақылаңыз және парасатты пайдаланыңыз. Электр құралын шаршаған кезде немесе есірткі, алкоголь немесе дәрі әсер еткен кезде пайдаланбаңыз. Электр құралын пайдалану кезінде аңсыздық ауыр жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін. Жеке қорғайтын жабдықтарды пайдаланыңыз. Әрдайым көз қорғанысын тағыңыз. Шаң маскасы, сырғанамайтын қауіпсіздік аяқ киімдері, шлем немесе есту қорғаныштары сияқты қорғағыш жабдықтарды тиісті жағдайларда қолданып, жеке жарақаттануларды кемітеді. Кездейсоқ іске қосылудың алдын алу. Тоқ көзіне және/немесе батареялар жинағына қосудан алдын, құралды көтеру немесе тасудан алдын өшіргіш өшік күйде болуына көз жеткізіңіз. Электр құралын саусақты өшіргішке қойып тасу немесе қосқышы қосулы электр құралын тоққа қосу сәтсіз оқиғаға алып келуі мүмкін. Электр құралын қосудан алдын келген реттеу сынасын немесе кілтті алып қойыңыз. Электр құралының айналатын бөлігінде қалған кілт немесе сына жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін.
▶ Көп күш істетпеңіз. Әрдайым тиісті таяныш пен тең салмақтылықты сақтаңыз. Бұл күтілмеген жағдайларда электр құралдың бақылануын сақтайды. ▶ Тиісті киім киіңіз. Бос киім мен әшекейлерді кимеңіз. Шашыңызды, киіміңізді және қолғапты жылжымалы бөлшектерден алыс ұстаңыз. Бос киімдер, әшекейлер немесе ұзын шаш жылжымалы бөлшектерге тартылып қалуы мүмкін. ▶ Егер шаң шығарып жинау жабдықтарына қосу құрылғылары берілген болса, онда олар қосулы болуына және тиісті ретте қолдануына көз жеткізіңіз. Шаң жинауды пайдалану шаңға байланысты зияндарды кемітеді. НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Энергиямен жабдықтаудың толықтай не жекелей тоқтатылуы немесе энергиямен жабдықтауды басқару тізбегінің ақаулануы салдарынан электр құралының жұмысында кідіріс пайда болған жағдайда, бұғатталмағандығына көз жеткізіп (болған жағдайда) барып, ажыратқышты Выкл. (Өшіру) қалпына келтіріңіз. Желілік ашаны розеткадан шығарыңыз немесе алып – салмалы аккумуляторды ажыратыңыз. Осы әрекет арқылы бақыланбайтын қайта іске қосылудың алдын аласыз. Аталмыш пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес білікті қызметкерлер құрамына электр құралын реттеу, монтаждау, қолданысқа енгізу және орган қызмет көрсету әрекеттерімен таныс тұлғалар жатады. Электр құралымен жұмыс істеуге 18 жасқа толған, техникалық сипаттаманы, пайдалану жөніндегі нұсқаулықты және қауіпсіздік ережелерін оқып шыққан тұлғаларға рұқсат етіледі. Дене, сезім немесе ақыл-ой қабілеттері шектеулі немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдар олардың қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаның бақылауында болмаса немесе электр құралын пайдалану бойынша нұсқау алмаған болса, бұйымды пайдаланбауы тиіс.
Электр құралдарын пайдалану және күту
▶ Куралды аса көп жүктемеңіз. Жұмысыңыз үшін жарамды электр құралын пайдаланыңыз. Жарамды электр құралымен керекті жұмыс аймағында дұрыс әрі сенімді жұмыс істейсіз. Ажыратқышы дұрыс емес электр құралын пайдаланбаңыз. Қосуға немесе өшіруге болмайтын электр құралы қауіпті болып, оны жөндеу қажет болады. Жабдықтарды реттеу, бөлшектерін алмастыру немесе құралды алып қоюдан алдын айырды розеткадан шығарыңыз және/немесе аккумуляторды алып тастаңыз. Бұл сақтық әрекеті электр құралдың байқаусыз қосылуына жол бермейді. ▶ Пайдаланылмайтын электр құралдарды балалар қолы жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған адамдарға бұл құралды пайдалануға жол
бермеңіз. Тәжірибесіз адамдар қолында электр құралдары қауіпті болады.
Электр құралдарын ұқыпты күтіңіз. Қозғалмалы бөлшектердің кедергісіз істеуіне және кептеліп қалмауына, бөлшектердің ақаусыз немесе зақымдалмаған болуына, электр құралының зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Зақымдалған бөлшектері бар құралды пайдаланудан алдын жөндеңіз. Электр құралдарының дұрыс күтілмеуі жазатайым оқиғаларға себеп болып жатады. Кескіш аспаптарды өткір және таза күйде сақтаңыз. Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір кескіш аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай бағытталады. Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай пайдаланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз. Электр құралдарын арналмаған жұмыстарда пайдалану қауіпті.
Батарея құралын пайдалану және күту
▶ Тек өндіруші сипаттаған зарядтағышпен қайта зарядтаңыз. Батарея жинағының бір түріне сай зарядтағыш басқа батарея жинағымен қолдануда өрт қауіпіне алып келуі мүмкін. Электр құралдарын тек арнайы тағайындалған батарея жинақтарымен пайдаланыңыз. Кез келген басқа батарея жинақтарын пайдалану жарақаттану мен өрт қауіпіне алып келеді. ▶ Егер батарея жинағы қолдануда болмаса, оны түйреуіш, тиын, кілт, шеге, бұранда немесе басқа кіші металл заттардан ұстаңыз, олар бір терминалдан басқасына байланыс жасауы мүмкін. Батарея терминалдарын қосу күйік немесе өртке алып келуі мүмкін. Дұрыс емес пайдалануда батареядан сұйықтық ағуы мүмкін, оған тимеңіз. Егер тиіп қалсаңыз, сумен шайып тастаңыз. Егер сұйықтық көзге тисе дәрігерге хабарласыңыз. Батареядан шаққан сұйықтық козу немесе күйіктерге алып келуі мүмкін.
Қызмет көрсету
Электр құралына маман жөндеуші тек бірдей қосалқы бөлшектермен қызмет көрсетуі керек. Бұл электр құралының қауіпсіздігінің сақталуын қамтамасыз етеді.
Бұрыштық тегістеу машиналарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы
Майдалау, ажарлау, сым қылшықпен тазалау немесе абразивті кесу әдістері үшін қауіпсіздік нұсқаулары
▶ Бұл электр құралы майдалағыш, ажарлағыш, сымдық қылшық немесе кескіш аспап ретінде пайдалануға арналған. Осы электр құралының жинағындағы ескертулерді, нұсқауларды, суреттерді және сипаттамаларды оқыңыз. Барлық
техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын орындамау токтың соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
Жылтырату сияқты әрекеттерге осы электр құралы арналмаған. Электр құралына арналмаған әрекеттер зиян келтіріп, қауіп төндіріп, жеке жарақаттануға әкелуі мүмкін. Аспап өндірушімен жасалмаған немесе ұсынылмаған керек-жарақтарды пайдаланбаңыз. Керек-жарақ электр құралыңызға сай келсе де, қауіпсіз жұмыс істеу қамтамасыз етілмейді. Жұмыс құралы айналымдарының үйғарынды саны электр құралында көрсетілген максимальды айналымдар санына тең болуы керек. Есептелген жылдамдығынан тезірек істеп тұрған керек-жарақтар сынуы, ұшып кетуі мүмкін. Пайдаланатын жұмыс құралының сыртқы диаметрі мен қалыңдығы электр құралының өлшемдеріне сай болуы керек. Дұрыс таңдалмаған керек-жарақтар дұрыс қорғалмауы және бақылаудан шығуы мүмкін. Керек-жарақтардың бұрандалы қосқышы майдалағыш шпинделінің бұрандасына сай болуы керек. Фланецпен орнатылған керек-жарақтар үшін олардың орта тесігі фланецтің орнату диаметріне сай болуы керек. Электр құралының орнату аспаптарына сай болмаған керек-жарақтар теңгерімнен шығып, қатты тербеліп, бақылауды жоғалтуға әкеледі. Зақымдалған керек-жарақтарды пайдаланбаңыз. Әр пайдаланудан алдын абразивті деңгелек сияқты керек-жарақтарды сынық пен жарықтарға, етек дискіні жарықтарға, тозу немесе артықшылықтарына, сым қылшақты бос немесе сынған сымдарға тексеріңіз. Егер электр құралы немесе керек-жарақтар түсіп кетсе, оның зақымдалмағанын тексеріңіз, қажет болса зақымдалмаған керек-жарақтарды орнатыңыз. Керек-жарақтарды тексеріп орнатудан соң, өзіңізді және басқа адамдарды айналып тұрған керек-жарақтар аймағынан алыстатып, электр құралын максималды жүктеусіз жылдамдықпен бір минут айналдырыңыз. Зақымдалған керек-жарақтар әдетте сынақ уақытында сынады. Жеке қорғаныс құралдарын (қауіпсіздік көзілдірігін, қорғаныс қалқаны, бас киім және т.б.) пайдаланыңыз. Пайдалануға байланысты қорғағыш масканы, қауіпсіздік көзілдіріктерін қолданыңыз. Керек болғанда, шаң маскасын, құлақ қорғағыштарын, қолғап және кіші абразивті бөлшектерді немесе дайындама бөлшектерін ұстай алатын шеберхана алжапқышын пайдаланыңыз.
Түрлі жұмыстар барысында пайда болатын ұшатын бөтен бөлшектерден қорғайтын қауіпсіздік көзілдірігін пайдаланыңыз. Шаң маскасы немесе респиратор ұсақ бөлшектерден, шаңнан қорғауы
керек. Ұзақ шулар есту қабілетін жоғалтуға әкелуі мүмкін.
Бөтен адамдардың жұмыс аймағынан қауіпсіз аймақта болуын қамтамасыз етіңіз. Жұмыс аймағына кіретін кез келген адам жеке қорғаныш жабдықтарын киюі керек. Дайындама бөлшектері немесе сынған керек-жарақтар ұшып, әрекет аймағынан тыс жерде жарақат тигізуі мүмкін. Кескіш керек-жарақтың жасырын сымдарға тиюіне әкелуі мүмкін жұмысты өткізген кезде, электр құралын тек оқшауланған беттерінен ұстаңыз. Қуаттандырылған сымға тиген жағдайда, электр құралының шығып тұрған металл бөлшектері де қуаттанып, пайдаланушыны ток соғуы мүмкін. ▶ Айналып тұрған аспап толық тоқтағанша электр құралын қоймаңыз. Айналып тұрған керек-жарақтар бетке тиіп, электр құралы бақылаудан шығуы мүмкін. Электр құралын қасыңызда көтеріп тұрғанда қоспаңыз. Айналып тұрған аспаптарға кездейсоқ тию киіміңізді ұстап, аспапты денеңізге жақын апаруы мүмкін. Электр құралының желдету саңылауларын жиі тазартыңыз. Қозғалтқыш желдеткіші шаңды корпус ішіне тартып, ұнтақталған металдың көп жиналуы электрленуге алып келуі мүмкін. Электр құралын жанатын материалдарға жақын пайдаланбаңыз. Ұшқындар осы материалдарды тұтандыруы мүмкін. Суытқыш сұйықтықты қажет ететін жұмыс құралын пайдаланбаңыз. Су немесе басқа да суытқыш сұйықтықты пайдалану электр тоғының соғуына алып келуі мүмкін.
Қайтарым мен тиісті ескертпелер
Қайтарым — бұл соғылған немесе ұсталған айналып тұрған дөңгелек, етек диск, қылшақ немесе басқа керек-жараққа болатын реакция. Соғу немесе ұстау айналып тұрған аспаптың құлап кетуіне және электр құралының бақылаусыз айналуына, қарсы бағытта айналуына алып келеді.
Мысалы, егер абразивті дөңгелек дайындама арқылы соғылса, соғу жеріне кіретін дөңгелектің шеті материал бетіне кіріп, дөңгелектің көтерілуіне немесе атылып кетуіне алып келуі мүмкін. Дөңгелек пайдаланушыға немесе одан әрі ұшуы мүмкін, бұл дөңгелек әрекетінің бағытына байланысты. Абразивті дөңгелектер осы жағдайда сынып кетуі де мүмкін.
Қайтарым электр құралын қате пайдаланудан және/немесе қате пайдалану әдістерінің немесе шарттарының салдарынан болатын жарақаттардың алдын алады.
Электр құралын мықтап ұстаңыз, денеңіз бен қолыңыз кері соққыға қарсылық көрсете алатын күйде ұстаңыз. Әрдайым қосымша тұтқадан ұстаңыз, бар болса, осылай іске қосу кезінде қайтарым немесе айналу кезінде максимальды бақылау болады.
Пайдаланушы айналу реакциялары мен қайтарыс күштерін алдын ала көре алады.
▶ Қолыңызды ешқашан айналып тұрған аспапқа жақындатпаңыз. Аспап қолыңызға қайтарым жасауы мүмкін. Денеңізді электр құрал қайтарымда жылжитын аймақта орналастырмаңыз. Қайтарым құралды қысылу кезінде деңгелек айналуына қарсы бағытта апарады. ▶ Бұрыштарды, өткір шеттерді өңдегенде аса сақ болыңыз. Аспапты соқпаңыз немесе қыспаңыз. Бұрыштар, өткір шеттер немесе сырғу айналып тұрған аспаптарды қысып, бақылаудың жоғалтуына немесе қайтарымға алып келуі мүмкін. Аралау шынжырын, ағаш кесетін жүзді немесе тісті ара жүзін орнатпаңыз. Мұндай жұмыс құралдары кері соққыға немесе электр құралын бақылауды жоғалтуға алып келеді.
Майдалану мен абразивті кесуге арналған қауіпсіздік нұсқаулары
▶ Тек электр құралыңыз үшін ұсынылған дөңгелек түрлерін және таңдалған дөңгелек үшін құрылған қорғағышты пайдаланыңыз. Осы электр құралына арналмаған дөңгелектер дұрыс қорғалмай, қауіпті болады. ► Ортада қысылған дөңгелектің майдалайтын беті қорғағыштың астында орнатылуы керек. Дұрыс орнатылмаған қорғағыш, деңгейден шығып тұрған дөңгелек жақсы қорғалуы керек емес. Қорғағыш электр құралына қатты орнатылып, максимальды қауіпсіздік үшін орналасуы қажет, осылай дөңгелектің минималды көлемі пайдаланушыға қарап тұрады. Қорғағыш пайдаланушыны сынған дөңгелек бөлшектерінен, дөңгелекке кездейсоқ тиюден және киімдерді жандыруы мүмкін ұшқындардан қорғайды. Дөңгелектерді тек ұсынылған пайдалану түрлеріне сай қолдануы керек. Мысал: кесуші дөңгелек шетімен майдаламаңыз. Кесуші дөңгелектер материалды шетімен кесуге арналған. Дөңгелектерге әсер ететін бүйірлік күштер ықпалынан олар сынуы мүмкін. ▶ Таңдалған дөңгелек үшін әрдайым дұрыс өлшемдегі және пішіндегі зақымдалмаған фланецтерді пайдаланыңыз. Дұрыс таңдалған ернемектер тегістеу дөңгелегінің тірегі болады және оның сыну қаупінің алдын алады. Кесуші дөңгелектердің фланецтері майдалау дөңгелегі фланецтерінен басқа болуы мүмкін. Үлкенірек электр құралдарының тозған дөңгелектерін пайдаланбаңыз. Үлкен электр құралдарына арналған дөңгелектер кішірек аспаптың жоғарырақ жылдамдығына арналмаған болып, жарылуы мүмкін.
Абразивті кесуге арналған қосымша қауіпсіздік нұсқаулары
▶ Кесуші дөңгелекті "қыспаңыз" немесе оны қатты баспаңыз. Кесікті тереңдетуге әрекет жасамаңыз.
Дөңгелекке қатты басу жүктемені және дөңгелекті кесікте бұрауға немесе байланыстыруға сезімтал болуын және кері соққының немесе дөңгелек сынуының ықтималдығын арттырады.
Денеңізді айналдырылған дөңгелектің бір сызыққа немесе артына орналастырмаңыз. Дөңгелек денеңізден ары жылжыса, ықтимал қайтарым айналып тұрған дөңгелек пен электр құралын денеңізге тікелей жылжытуы мүмкін. Дөңгелек қысылса немесе кез келген себептен кесуді тоқтатса, электр құралын өшіріп, дөңгелек толығымен тоқтағанша электр құралына тимеңіз. Дөңгелек істеп тұрғанда кесу дөңгелегін алып қоюға әрекет жасамаңыз, әйтпесе қайтарым пайда болады. Дөңгелек қысылуының себебін жою үшін себебін іздеп дұрыстаңыз. Құрал дайындамада тұрғанда электр құралын қайта қоспаңыз. Кесуді бастамас бұрын, алдымен дөңгелекті толық айналым санына жеткізіп алыңыз. Әйтпесе, кескіш диск тұтылып, дайындамадан көтеріліп кетуі немесе кері соққыға әкелуі мүмкін. Тірек панельдері немесе кез келген тым үлкен дайындама дөңгелек қысылуы мен қайтарымның алдын алу үшін. Үлкен дайындамалар өз ауырлығынан иілуі мүмкін. Дайындама кесу сызығына жақын және дөңгелектің екі жағынан да тірелуі керек. Бар қабырғаларда кіші кесікті немесе басқа көрінбейтін аймақтарда орындауда абайлаңыз. Шығып тұрған дөңгелек газ немесе су құбырларын, электр сымдарды немесе нысандарды кесуі мүмкін, ал бұл қайтарымға алып келуі мүмкін.
Ажарлау әрекеттері үшін қауіпсіздік нұсқаулары
Тым үлкен ажарлау дискісін пайдаланбаңыз. Ажарлау қағазын таңдау кезінде өндіруші ұсыныстарын орындаңыз. Ажарлау құралына арналған тым үлкен ажарлау қағазы жыртылу қаупін тудырып, бұл қысылуға, дискінің жарылуына немесе қайтарымға әкелуі мүмкін.
Сым қылшықпен тазалау әрекеттері үшін қауіпсіздік нұсқаулары
▶ Қылшықтың қарапайым әрекет етуі кезінде де қылшықтардың шашырайтынын ескеріңіз. Қылшықты қатты басып, сымға күш түсірмеңіз. Сым қылшықтары жұқа киімге және/немесе теріге кіріп кетуі мүмкін.
▶ Егер сым қылшықпен тазалау үшін қорғағыш ұсынылған болса, қорғағыш сым дөңгелекке немесе қылшыққа тимеуі тиіс. Сым дөңгелектің немесе қылшықтың диаметрі жұмыс жүктемесіне немесе центрифугалық күштер себебінен үлкеюі мүмкін.
Қосымша қауіпсіздік нұсқаулықтары. Қорғаныш көзілдірікті киіңіз.

▶ Қажетті іздеу құралдарын пайдаланып жасырылған сымдарды табыңыз немесе жауапты жергілікті ұйым өкілдерін шақырыңыз. Электр сымдарына тию өрт немесе ток соғуына әкелуі мүмкін. Газ құбырын зақымдау жарылысқа әкелуі мүмкін. Су құбырын зақымдау материалдық зиянға әкелуі мүмкін. ▶ Тегістеу және кесу дискілеріне суығанша тимеңіз. Шеңберлер жұмыс кезінде қызады. ▶ Қуат өшсе, мысалы, аккумулятор шешілсе, сөндіргіш бекіткішін алыңыз және өшірулі күйге орнатыңыз. Бұл арқылы кездейсоқ қосылу болмайды. ▶ Дайындаманы бекітіңіз. Қысу құралына немесе қысқышқа орнатылған дайындама қолыңызбен салыстырғанда, берік ұсталады. ▶ Аккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қаупі бар.

Аккумуляторды жылудан, сондай-ақ мысалы, үздіксіз күн жарығынан, оттан, кірден, судан және ылғалдан қорғаңыз. Жарылыс және қысқа тұйықталу қаупі туындайды.
Аккумулятор зақымдалған немесе дұрыс пайдаланылмаған жағдайда, одан бу шығуы мүмкін. Аккумулятор жанып немесе жарылып қалуы мүмкін. Таза ауа ішке тартыңыз және шағымдар болса, дәрігердің көмегіне жүгініңіз. Бу тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.
▶ Бұл аккумуляторды тек қана осы өндіруші өнімдерінде пайдаланыңыз. Сол арқылы аккумуляторды қауіпті, артық жүктеуден сақтайсыз.
▶ Шеге немесе бұрауыш сияқты үшкір заттар немесе сыртқы әсер арқылы аккумулятор зақымдануы мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға әкеліп, аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе қызып кетуі мүмкін.
▶ Абай болыңыз! Электр құралын Bluetooth-пен пайдалануда басқа құралдар мен жабдықтар, ұшақ және медициналық құралдар (мысалы, кардиостимулятор, есту құралдары) жұмысында кедергілер пайда болуы мүмкін. Сондай-ақ жақын тұрған адамдар мен хайуандарға зиян тудыру қаупін толық жою мүмкін емес. Электр құралын Bluetooth®-пен медициналық құралдар, жанармай бекеттері, химиялық жабдықтар, жарылу қаупі бар және жарылатын аймақтар жанында пайдаланбаңыз. Bluetooth® бар электр құралын ұшақтарда пайдаланбаңыз. Денеге жақын аймақта ұзақ уақыт пайдаланбаңыз.
Bluetooth® сөз белгісі, сондай-ақ сурет белгілері (логотиптер) Bluetooth SIG, Inc компаниясының
Бұл белгілер Robert Bosch Power Tools GmbH компаниясының сауда белгілері болып табылады. Осы сөз/сурет белгісінің әр қолданылуы Robert Bosch Power Tools GmbH тарапынан лицензия бойынша жүзеге асады.
Өнім және қуат сипаттамасы

Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді сақтамау ток соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігіндегі суреттерді ескеріңіз.
Тағайындалуы бойынша қолдану
Электр құралы суды пайдаланбай металдан және тастан жасалған материалдарды кесуге, сыдырып алуға және щеткамен өңдеуге арналған.
Байланысты абразивтер көмегімен кесу үшін кесуге арналған арнайы қорғағыш қаптаманы пайдалану керек.
Тасты кескенде шаңның жеткілікті сорылуын қамтамасыз етіңіз.
Арнайы тегістеу құралдарымен бірге электр құралды тегістеу қағазымен тегістеу үшін пайдалануға болады.
Электр құралының деректері мен реттеулерін Bluetooth® Low Energy Module GCY 42 пайдаланылғанда Bluetooth® радио технологиясы арқылы электр құралы мен ақырғы мобильді құрылғы арасында тасымалдауға болады.
Бейнеленген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірленген суреттері бар беттегі электр құралының сипаттамасына сай.
(1) Қорғаныш қаптамаға арналған құлыптан босату ілгек (2) Корпустағы айналу бағытының көрсеткісі (3) Шпиндельді бұғаттау түймесі (4) Пайдаланушы интерфейсі (5) Ажыратқыш (6) Bluetooth® Low Energy Module GCY 42 қақпағы
(7) Аккумулятор a) (8) Аккумуляторды босату түймесі a) (9) Қосымша тұтқа (беті оқшауланған) (10) Ажарлауға арналған сорғыш қаптама a) (11) Тығыздауыш сақинасы бар тірек фланеці (12) Қатты металды табақты диск a) (13) Қапсырмасы бар жылдам қысқыш гайка (14) Ажарлауға арналған қорғаныш қаптама (15) Ажарлағыш диск (16) Кесуге арналған қорғаныш қаптама a) (17) Кескіш диск a) (18) Тұтқа (беті оқшауланған) (19) Ажарлау шпинделі (20) Қол қорғанысы a) (21) Резеңке ажарлау тәрелкесі 3 (22) Ажарлағыш диск a) (23) Домалақ гайка a) (24) Тостаған тәрізді қылшақ a) (25) Алмасты бұрғылау коронкасы a) (26) Бағыттауыштары бар кесуге арналған қорғаныш қаптама³) (27) Алмас кескіш диск a) (28) Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы (пайдаланушы интерфейсі) (29) Кері соққы кезіндегі өшіру индикаторы (пайдаланушы интерфейсі) (30) Айналу жиілігін алдын ала таңдау түймесі (пайдаланушы интерфейсі) (31) Айналу жиілігінің деңгейі/режим индикаторы (пайдаланушы интерфейсі) (32) Смартфон индикаторы (пайдаланушы интерфейсі) (33) Электр құралының күйі индикаторы (пайдаланушы интерфейсі) (34) Температура индикаторы (пайдаланушы интерфейсі) (35) Желпуіш тәрізді ажарлағыш диск a) a) Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты жеткізу көлемімен қамтылмайды. Толық жабдықтарды біздің жабдықтар бағдарламамыздан табасыз.
Техникалық мәліметтер
| Бурыштык ажарлаумашинасы | GWS 18V-15 C GWS 18V-15 SC GWS 18V-15 SC | |
| Өнім нөмірі | 3 601 JH6 0.. 3 601 JH6 1.. 3 601 JH6 3.. | |
| Номиналды кернеу V= 18 18 18 | ||
| Номиналды айналу жилігіA) | мин-1 | 11000 11000 8500 |
| Бос жүріс күйіндегі айналужилігіB) | мин-1 | 9800 3400–9800 2600–7400 |
Қазақ
| Бурыштық ажарлаумашинасы | GWS 18V-15 C GWS 18V-15 SC GWS 18V-15 SC | |||
| Ажарлағыш дискінің макс.диаметрі | мм 125 125 150 | |||
| Ажарлау шпинделінің ирекоймасы | M 14 M 14 M 14 | |||
| Шпиндель ирек оймасыныңмакс. ұзындығы | мм 22 22 22 | |||
| Кері сокқы кезіндегі өшіружүйесі | ● ● ● | |||
| Қайта іске қосылудан қорғаныс ● ● ● | ||||
| Жүріс тежегіші ● ● ● | ||||
| Айналу жилігін алдын алатандау | - ● ● | |||
| Салмағы ЕРТА-Procedure 01:2014 құжатына сай c) | ||||
| – Дірілді басқыш қосымшатутқасы бар | кг 2,6–3,6 2,6–3,6 2,7–3,7 | |||
| – Стандартты қосымшатутқасы бар | кг 2,4–3,4 2,5–3,5 2,5–3,5 | |||
| Зарядтау кезіндегіұсынылатын қоршаған орта температурасы | °C 0 ... +35 0 ... +35 0 ... +35 | |||
| Жұмыс кезіндегі D) және сақтаукезіндегі рұқсат етілгенқоршаған орта температурасы | °C –20 ... +50 –20 ... +50 –20 ... +50 | |||
| Үйлесімді аккумуляторлар GBA 18V... | ProCORE18V... | GBA 18V... | GBA 18V... | |
| ProCORE18V... | ProCORE18V... | |||
| Толық куат үшін ұсынылатынаккумуляторлар | ProCORE18V... ≥ 5,5 Ah | ProCORE18V... ≥ 5,5 Ah | ProCORE18V... ≥ 5,5 Ah | |
| ұсынылатын зарядтағышқұрылғылар | GAL 18... | GAL 18... | GAL 18... | |
| GAX 18... | GAX 18... | GAX 18... | ||
| GAL 36... | GAL 36... | GAL 36... | ||
| Деректерді тасымалдау | ||||
| Bluetooth a | Bluetooth a 4.2(Low Energy) b) | Bluetooth a 4.2(Low Energy) b) | Bluetooth a 4.2(Low Energy) b) | |
| Сигнал арақашықтығы с 8 8 8 | ||||
| Максималды сигналарақашықтығы f) | м 30 30 30 | |||
A) EN 60745-2-3 стандарты бойынша есептелген айналу жиілігі
B) ProCORE18V 8.0Ah аккумуляторымен 20–25 °C температурасында есептелді және аккумулятор зарядының деңгейі мен құрылғының жұмыс температурасына байланысты
C) пайдаланылған аккумуляторға байланысты
D) <0 °C температураларында қуаты шектелген
E) Мобильді терминалдар Bluetooth *төмен қуат құрылғыларымен (4.2 нұсқасы) үйлесімді болуы және Generic Access Profile (GAP) қолдауы тиіс.
F) Қол жеткізу қашықтығы сыртқы шарттарға, соның ішінде пайдаланылатын қабылдағыш құрылғыға байланысты қатты өзгешеленуі мүмкін. Жабық бөлмелердің ішінде және металл бөгеттерден (мысалы, қабырғалар, сөрелер, шабадан және т.б.) Bluetooth® қол жеткізу қашықтығы айтарлықтай қысқаруы мүмкін.
Шуыл және діріл туралы ақпарат
| GWS 18V-15 C GWS 18V-15 SC GWS 18V-15 SC | |||
| 3 601 JH6 0.. | 3 601 JH6 1.. | 3 601 JH6 3.. | |
GWS 18V-15 C GWS 18V-15 SC GWS 18V-15 SC
EN 60745-2-3 бойынша есептелген шуыл эмиссиясының көрсеткіштері.
Электр құралының амплитуда бойынша есептелген шуыл деңгейі әдетте келесідей болады
| Дыбыстык крысым деңгейі | дБ(А) | 81 | 81 | 82 |
| Дыбыстык куат деңгейі | дБ(А) | 92 | 92 | 93 |
| К дәлсіздігі | дБ | 3 | 3 | 3 |
| Кулак корғанысын тағыңыз! |
Жалпы діріл мәндері a (үш бағыттың векторлық қосындысы) және K дәлсіздігі, EN 60745-2-3 бойынша есептелген:
Үстіңгі беттерді ажарлау:
Ажарлағыш дискімен ажарлау:
Осы ескертпелерде берілген діріл көлемі нормативтік өлшеу әдісі бойынша есептелген болып, электр құралдарды бір-бірімен салыстыру үшін пайдаланылуы мүмкін. Ол дірілдеу қуатын шамалап өлшеу үшін де жарамды.
Берілген діріл көлемі электр құралының негізгі жұмыстары үшін берілген. Егер электр құрал басқа жұмыстар үшін басқа алмалы-салмалы аспаптармен немесе жетімсіз күтумен пайдаланылса, дірілдеу көлемдері өзгереді. Бұл жұмыс барысындағы діріл қуатын арттыруы мүмкін.
Дірілдеу қуатын нақты есептеу үшін құрал өшірілген және қосылған болып пайдаланылмаған уақыттарды да ескеру қажет. Бұл дірілдеу қуатын бүкіл жұмыс уақытында қатты төмендетеді.
Пайдаланушыны дірілдеу әсерінен сақтау үшін қосымша қауіпсіздік шараларын қолдану қажет, мысалы: электр құралды және алмалы-салмалы аспаптарды күту, қолдарды жылы ұстау, жұмыс әдістерін ұйымдастыру.
Жинау
Bluetooth® Low Energy Module GCY 42 модулін орнату
Нұсқау: GWS 18V-15 C электр құралдарында Bluetooth® Low Energy Module GCY 42 керек-жарақ ретінде қолжетімді; GWS 18V-15 SC электр құралдарында ол жеткізілім жинағына кіреді.
Bluetooth® Low Energy Module GCY 42 туралы ақпаратты жинақтағы пайдалану бойынша нұсқаулықтан қараңыз.
Тек техникалық мәліметтерде жазылған зарядтағыш құрылғыларды пайдаланыңыз. Тек қана мұндай зарядтағыш құрылғылар электр құралыңызда пайдаланылатын литий-иондық аккумулятормен үйлесімді.
Нұсқау: аккумулятор ішінара зарядталған күйде жеткізіледі. Аккумулятордың толық қуатын пайдалану үшін оны алғаш рет пайдаланудан алдын толық зарядтаңыз.
Литий-иондық аккумуляторды пайдалану мерзімін қысқартусыз кез келген уақытта зарядтауға болады. Зарядтау процесін үзу аккумулятордың зақымдалуына әкелмейді.
Литий-иондық аккумулятор "Electronic Cell Protection (ECP)" (электрондық элементтерді қорғау) арқылы терең заряд жоғалтудан қорғалған. Аккумулятор заряды жоқ болса, электр құралы қорғаныс схемасы арқылы өшіріледі: алмалы-салмалы аспап басқа қозғалмайды.
Электр құралы автоматты өшкеннен соң қосқыш/өшіргішті енді басушы болмаңыз. Әйтпесе аккумулятор зақымдануы мүмкін.
Кәдеге жарату бойынша нұсқауларды орындаңыз.
Аккумуляторды шығару
Аккумуляторда (7) аккумуляторды босату түймесі (8) байқаусызда басылып кеткенде оның түсіп кетуден қорғайтын екі құлыптау деңгейі бар. Аккумулятор электр құралына орнатулы болса, оны өз орнында серіппе ұстап тұрады.
Аккумуляторды (7) шығару үшін босату түймесін (8) басыңыз және аккумуляторды электр құралынан тартып шығарыңыз. Бұл ретте күш салмаңыз.
Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы
Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторындағы жасыл түсті жарық диодтары аккумулятордың заряд деңгейін көрсетеді. Қауіпсіздік тұрғысынан заряд деңгейін электр құралының жұмыссыз күйінде ғана шақыруға болады. Заряд деңгейін көрсету үшін заряд деңгейінің индикаторына арналған түймесін басыңыз. Мұны аккумулятор шығарылғанда да орындауға болады.
Заряд деңгейінің индикаторына арналған түймені басқаннан кейін ешқандай жарық диоды жанбаса, бұл аккумулятордың ақаулы және оны ауыстыру керек екендігін білдіреді.
Нұсқау: аккумулятор зарядының деңгейі пайдаланушы интерфейсінде (4) де көрсетіледі (қараңыз „Күй көрсеткіштері“, Бет 282).
| Уздіксіз жарык 3× жасыл 60-100 % |
| Уздіксіз жарык 2× жасыл 30-60 % |
| Уздіксіз жарык 1× жасыл 5-30 % |
| Уздіксіз жарык 5× жасыл 80-100 % |
| Уздіксіз жарык 4× жасыл 60-80 % |
| Уздіксіз жарык 3× жасыл 40-60 % |
| Уздіксіз жарык 2× жасыл 20-40 % |
| Уздіксіз жарык 1× жасыл 5-20 % |
Қорғағыш аспапты орнату
Аккумуляторды электр құралмен кез келген жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету, т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз. Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін тудырады.
Нұсқау: Жұмыс кезінде тегістеу шеңбері бұзылса немесе қорғағыш қаптама/электр құрал құрылғылары бұзылса, электр құралды бірден сервис қызметіне жіберу керек, мекенжайларды «Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану кеңестері» тарауынан қараңыз.
Тегістеуге арналған қорғағыш қаптама
Қорғағыш қаптаманы (14) электр құралының патронына қорғағыш қаптамасының кодтау жұдырықшалары патронға сәйкес келгенше салыңыз. Бұғаттаудан шығару иінтірегін (1) басып ұстаңыз. Шпиндель мойнындағы қорғағыш қаптаманы (14) басып, қаптамадағы буртикті электр құралдың фланеціне отырғызыңыз және қорғағыш қаптаманы
шырт еткен дыбыс естілгенше бұрыңыз. Қорғағыш қаптаманың (14) күйін жұмыс барысының талаптарына сай орнатыңыз. Бұл үшін бұғаттаудың шығару иінтірегін (1) жоғары басыңыз және қорғағыш қаптаманы (14) қажет күйге бұрыңыз.
▶ Қорғаныш қаптаманы (14) әрдайым, құлыптан босату иінтірегінің (1) екі жұдырықшасы қорғаныш қаптаманың (14) тиісті ойықтарына кіретіндей, реттеңіз. Қорғағыш қаптаманы (14) оператордың жағына қарай ұшқындардың ұшуы болмайтындай орнатыңыз. ▶ Қорғағыш қаптама (14) бұғаттаудан шығару иінтірегін (1) пайдаланғанда ғана бұрылуы керек! Әйтпесе электр құралды пайдалану мүмкін емес және сервистік қызметке тапсыру керек.
Нұсқау: қорғағыш қаптамадағы кодтау жұдырықшалары (14) тек электр құралға жарайтын жабдықты орнатуды қамтамасыз етеді.
Кесуге арналған қорғағыш қаптама
▶ Байланысты абразивтер көмегімен кесу үшін әрқашан кесуге арналған қаптаманы пайдаланыңыз (16).
▶ Тасты кескенде шаңның жеткілікті сорылуын қамтамасыз етіңіз.
Қорғағыш қаптама (16) сонымен бірге тегістеуге арналған қорғағыш қаптама (14) ретінде де орнатылады.
Бағыттауыштар бар кесуге арналған қорғағыш қаптама
Бағыттауыштары (26) бар қорғағыш қаптама тегістеуге арналған қорғағыш қаптама (14) ретінде де орнатылады.
Тегістеуге арналған сорғыш қаптама
Сырды, лакты және пластмассаны металл диск (12) арқылы шаңсыз тегістеу үшін, сорғыш қаптаманы (10) пайдалануға болады. Сорғыш қаптама (10) металды өңдеуге арналмаған.
Сорғыш қаптамаға (10) сәйкес келетін Bosch шаң сорғышын жалғауға болады.
Сорғыш қаптама (10) қорғағыш қаптама (14) сияқты орнатылады. Дөңгелек қылшақты ауыстыруға болады.
Қосымша тұтқа
Электр құралыңызды тек қосымша тұтқамен пайдаланыңыз (9).
Қосымша тұтқаны (9) редукторлық бастың оң жағында немесе сол жағында бұрап бекітіңіз.
Дірілдеуді бәсендететін қосымша тұтқа

Дірілдеуді бәсендететін қосымша тұтқа дірілдеуі кем қолайлы жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
▶ Қосымша тұтқаны өзгертпеңіз.
Зақымдалған қосымша тұтқаны пайдаланбаңыз.
Қол қорғағышы
Резеңкелі ажарлау тәрелкесімен (21) немесе тостаған тәрізді қылшық/дискілі қылшық/желпуіш тәрізді тегістеу шеңберімен жұмыстар үшін әрқашан қол қорғағышын (20) киіңіз.
Қол қорғағышын (20) қосымша тұтқа (9) көмегімен бекітіңіз.
Ажарлауыш құралдарын орнату
Аккумуляторды электр құралмен кез келген жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету, т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз. Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін тудырады.
▶ Тегістеу және кесу дискілеріне суығанша тимеңіз. Шеңберлер жұмыс кезінде қызады.
Тегістеу шпинделін (19) және барлық орнатылатын құралдарды тазалаңыз.
Абразивті құралды бұрап алу және бекіту үшін шпиндельді бекіту түймесін (3) басып, шпиндельді бекітіңіз.
Шпиндельді бекіту түймесін тек шпиндель тоқтатылған күйде басыңыз. Әйтпесе электр құралын зақымдауыңыз мүмкін.
Тегістеу шеңбері/кесу шеңбері
Тегістеу құралдарының өлшемдерін ескеріңіз. Орнату тесігінің диаметрі тірек фланецке сәйкес болуы керек. Адаптерлерді немесе жалғастырғыш тетіктерді пайдаланбаңыз.
Алмас кесу шеңберлерін пайдаланғанда алмас кесу шеңберіндегі жылжыту бағытының көрсеткісі электр құралдағы айналу бағытына сәйкес болуын қадағалаңыз (редукторлық бастағы көрсеткіні қараңыз).
Орнату реті суреттер бар бетте көрсетілген.
Ажарлау/кесу дискісін бекіту үшін жылдам тартқыш сомынды (13) басқа аспапсыз пайдаланыңыз.
Жылдам тартқыш сомынды (13) тек максималды диаметрі 150 мм-ге дейін болатын ажарлау/кесу дискілері үшін пайдаланыңыз.
▶ Тез тартқыш сомынды (13) тек ажарлау немесе кесу дискісімен пайдалануға болады. ▶ Бұзылмаған, мінсіз жылдам тартқыш сомынды пайдаланыңыз (13). ▶ Бұрап қоюда жылдам тартқыш сомынының жазылған жағы (13) ажарлау дискісіне қарамауына көз жеткізіңіз; бағыттама индекс белгісіне көрсетуі тиіс, суретін қараңыз. Ажарлау/кесу дискісін бекіту үшін тек қана жинақтағы жылдам қысу сомынын пайдаланыңыз (13).

Тегістеу шпинделін (3) бекіту үшін шпиндельді бекіту түймесін басыңыз. Жылдам тартқыш сомынды (13) бекіту үшін жылдам тартқыш сомын ілмегін жоғарыға қайырып, жылдам тартқыш сомынды сағат тілімен қатты бұраңыз. Ілмекті жылдам тартқыш сомынды бекіту үшін төменге қайырыңыз. Диск шетінде тартып қою жеткіліксіз.

Тиісті ретте бекітілген, зақымдалмаған жылдам тартқыш сомынды (13) қолмен босатуға болады. Ол үшін жылдам тартқыш сомынның ілмегін жоғарыға қайырып, жылдам тартқыш сомынды сағат тіліне қарсы қатты бұраңыз. Ешқашан қатты бекемделген жылдам тартқыш сомынды аспаппен босатпаңыз, екі бүйірлік тесігі бар сомын
кілтін пайдаланыңыз.

Қысқыш фланец пен ажарлау/кесу дискісін орнатқаннан соң ажарлау шпинделінің бос бұранда ұзындығы кемінде 4 мм болуы тиіс. Ажарлау аспабының қатты тұруына көз жеткізіңіз,
осылай ол электр құралының шығысында шпинделден шығып кетпейді.

Ортаға келтіретін буртиктің тірек фланецінде (11) пластмасса бөлшек (дөңгелек қимасы бар сақина) бар. Дөңгелек қимасы бар сақина жоқ немесе зақымдалған болса,
280|Қазақ
ары қарай пайдаланбай тұрып тірек фланецті (11) міндетті түрде ауыстыру керек.
▶ Тегістеу құралын орнатқаннан кейін қосу алдында орнатудың дұрыстығын және құралдың еркін айналатынын тексеріңіз. Тегістеу құралы қорғағыш қаптамаға және басқа бөлшектерге үйкелмей айналып жатқанына көз жеткізіңіз.
Желпуіш тәрізді тегістеу шеңбері
Желпуіш тәрізді тегістеу шеңберімен жұмыстар үшін әрқашан қол қорғағышын (20) киіңіз.
Резеңке тегістеу тәрелкесі
Резеңке тегістеу тәрелкесімен (21) жұмыстар үшін әрқашан қол қорғағышын (20) киіңіз.
Орнату реті суреттер бар бетте көрсетілген.
Резеңкеден жасалған ажарлау тәрелкесін (21) ажарлау шпинделіне (19) жылжытыңыз.
Ажарлау дискісін (22) резеңке ажарлау тәрелкесінің (21) астына басыңыз.
Дөңгелек сомынды (23) орнатыңыз және екі бүйірлік тесігі бар дөңгелек сомындарға арналған кілтпен бекемдеңіз.
Тостаған тәрізді қылшық/дискілік қылшық
▶ Тостаған тәрізді қылшықпен жұмыстар үшін әрқашан қол қорғағышын (20) киіңіз.
Орнату реті суреттер бар бетте көрсетілген.
Тостаған тәрізді қылшақ/дискілік қылшақты шпиндельге шпиндель фланеці шпиндель ирек оймасына тығыз тақалып тұратындай бұрап бекіту керек. Айыр тәрізді кілтпен тостаған тәрізді/дискілік қылшықты бекемдеңіз.
Қатты қорытпа тостаған тәрізді тегістеу шеңбері
▶ Тостаған тәрізді ажарлау дискісін тек сәйкесті қорғағыш қаптамамен пайдалануға болады.
Жарамды тегістеу құралы
Осы нұсқаулықта жоғарыда атап өтілген барлық тегістеу құралдарын пайдалануға болады.
Пайдаланылатын тегістеу құралдарының рұқсат етілген айналымдар саны [мин -1 ] немесе айналу жылдамдығы [м/с] төменде берілген кестедегі мәндерден төмен болмауы керек.
Сондықтан тегістеу құралының жапсырмасында көрсетілген рұқсат етілген айналымдар санын немесе айналу жылдамдығын сақтаңыз.
| макс. [мм] [мм] | |||||
| D b d [мин | -1 [м/с] | ||||
| 115 | 7 | 22,2 | 11000 | 80 | |
| 125 | 7 | 22,2 | 11000 | 80 | |
| 150 | 7 | 22,2 | 8500 | 80 | |
| 115 | - | - | 11000 | 80 | |
| 125 | - | - | 11000 | 80 | |
макс.[мм][мм]
Dbd[мин


150--850080

75 30 M 14 11000 45

82-M141100080
Редуктор бастиегін бұрау (GWS 18V-15 C)
Аккумуляторды электр құралмен кез келген жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету, т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз. Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін тудырады.

Редукторлы бастиекті 90° қадаммен бұрауға болады. Осылай қосқыш/өшіргішті арнайы жұмыс жағдайларына, мысалы солақайлар үшін оңтайлы басқару күйіне келтіруге болады. 4 бұранданы толығымен бұрап босатыңыз.
Редукторлық басты корпустан алмастан жаңа күйге жайлап бұрыңыз. 4 бұранданы берік бекітіңіз.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін. Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандармен өңделуі керек.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз. - P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын үйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Зарядталған аккумуляторды (7) алдынан электр құралының тұтқасына аккумулятор бекем бұғатталғанша салыңыз.
Қосу/өшіру
Электр құралын іске қосу үшін қосқыш/өшіргішті (5) алға жылжытыңыз.
Қосқыш/өшіргішті (5) орнату үшін қосқыш/өшіргішті (5) төменге тірелгенше басыңыз.
Электр құралын өшіру үшін, қосқыш/өшіргішті (5) жіберіп немесе ол бекітілген болса қосқыш/өшіргішті (5) қысқа артында төмен басып сосын жіберіңіз.
Пайдаланудан алдын ажарлау құралдарын қайта тексеріңіз. Ажарлау құралы берік орнатылып, еш кедергісіз айналуы қажет. 1 минут ішінде сынау жұмысын жүктемесіз орындаңыз. Ақауы бар, домалақ емес және дірілдейтін ажарлау құралдарын пайдаланбаңыз. Бұзылған ажарлау құралдары жарылып, зақымдарға алып келуі мүмкін.
Кері соққы кезіндегі өшіру жүйесі

Электр құралы кенет кері соқса, мысалы, кесетін жерде сыналану орын алғанда, қозғалтқышқа қуат беру электроникамен тоқтатылады. Бұл ретте кері соққы кезіндегі
өшіру индикаторы (29) жанады. Кері соққы кезіндегі өшіру жүйесі белсенді болғанда, күй индикаторы (33) қызыл түспен жыпылықтайды.
Қайта іске қосу үшін ажыратқышты (5) өшірілген күйге келтіріп, электр құралын қайта қосыңыз.
Қайта қозғалу сақтағышы
Қайта іске қосылудан қорғаныс қуат берілуі үзілгеннен кейін электр құралының бақылаусыз іске қосылуына жол бермейді.
Қайта іске қосылудан қорғаныс белсенді болғанда, күй индикаторы (33) қызыл түспен жыпылықтайды.
Қайта іске қосу үшін ажыратқышты (5) өшірілген күйге келтіріп, электр құралын қайта қосыңыз.
Қағылуда өшу
Кіріктірілген соғылу кезіндегі өшіру жүйесі жерге құлап түскен электр құралын өшіреді. Бұл ретте қүй индикаторы (33) қызыл түспен жыпылықтайды.
Қайта іске қосу үшін ажыратқышты (5) өшірілген күйге келтіріп, электр құралын қайта қосыңыз.
Пайдаланушы интерфейсі (В суретін қараңыз)
Пайдаланушы интерфейсі (4) электр құралының айналу жиілігін алдын ала таңдау және күйін қарап шығу үшін пайдаланылады.
Әдепкі күйде 3 айналу жиілігінің деңгейі алдын ала реттелген. Арнайы қолданба (Bosch Toolbox App) арқылы 6 айналу жиілігінің деңгейін бағдарламалауға болады.
Айналу жиілігі деңгейлерінің саны өзгертілгенде, бөлек деңгейлердің мәндері алдын ала реттеледі. Бұл жағдайда айналу жиілігінің деңгейі/режим индикаторы (31) ақ түспен жанады. Айналу жиілігінің мәні жекелей бағдарламаланған болса, айналу жиілігінің деңгейі/режим индикаторы (31) мұндай айналу жиілігінің деңгейінде көк түспен жанады (яғни негізгі реттеуге сәйкес емес). Айналу жиілігінің деңгейлерін әр 200 мин-1 бойынша қадамдарда жекелей реттеуге болады. Бұл ретте деңгейлердің көтерілу логикасын (2 ≥ 1 / 3 ≥ 2 және т.с.с.) ескеріңіз.
Төмендегі кестелерде деңгейлердің бағдарламаланған әр саны үшін алдын ала реттелген айналу жиілігінің мәндері (негізгі реттеулер) көрсетілген.
| GWS 18V-15 SC(115/125 MM) | Денгей бойынша айналу жилігінің негізгі реттеуі | |||||||
| 1 2 3 4 5 6 | ||||||||
| [мин -1 ] [мин | -1 ] [мин | -1 ] [мин | -1 ] [мин | -1 ] [мин | -1 ] [мин | -1 ] [мин | -1 ] | |
| Айналу жилігі деңгейлерінің саны | ||||||||
| 1 | 3400 - - - - - | |||||||
| 2 | 3400 9800 - - - - | |||||||
| 3 | 3400 6600 9800 - - - | |||||||
| 4 | 3400 5600 7600 9800 - - | |||||||
| 5 | 3400 5000 6600 8200 9800 - | |||||||
| 6 | 3400 4600 6000 7200 8600 9800 | |||||||
Айналу жиілігі деңгейлерінің көрсетілген мәндері пайдаланылатын аккумулятор түріне, аккумулятор зарядының деңгейіне және құрылғының жұмыс температурасына байланысты.
| GWS 18V-15 SC(150 MM) | Деңгей бойынша айналу жиілігінің негізгі реттеуі | |||||||
| 1 2 3 4 5 6 | ||||||||
| [мин -1 ] [мин | -1 ] [мин | -1 ] [мин | -1 ] [мин | -1 ] [мин | -1 ] [мин | -1 ] [мин | -1 ] | |
| Айналу жиілігі деңгейлерінің саны | ||||||||
| 1 | 2600 - - - - - | |||||||
| 2 | 2600 7400 - - - - | |||||||
| 3 | 2600 5000 7400 - - - | |||||||
| 4 | 2600 4200 5800 7400 - - | |||||||
| 5 | 2600 3800 5000 6200 7400 - | |||||||
| 6 | 2600 3600 4600 5400 6400 7400 | |||||||
Айналу жиілігі деңгейлерінің көрсетілген мәндері пайдаланылатын аккумулятор түріне, аккумулятор зарядының деңгейіне және құрылғының жұмыс температурасына байланысты.
Айналу жиілігін алдын ала таңдау түймесімен (30) қажетті айналу жиілігін жұмыс істеген кезде де алдын ала таңдауға болады. Төмендегі кестедегі деректер 3 алдын ала реттелген айналу жиілігінің деңгейімен зауыттық реттеу үшін ұсынылған мәндер болып табылады.
| Материал Колданылуы Алмалы-салмалыаспап | Айналу жилігіналдын ала тандаудецгейі | GWS 18V-15 SC(115/125 мм)[мин -1 ] | GWS 18V-15 SC(150 мм)[мин -1 ] | ||
| Металл Кылшаклен өндеу,тотты кетіру | Тостаған тәріздіқылшақ | 1 3400 2600 | |||
| Тотбаспайтынболат | Ажарлау Талшықты диск 2 6600 5000 | ||||
| Металл Сыдырып ажарлау Ажарлағыш диск 3 макс макс | |||||
| Металл Кесу Ажарлағыш диск 3 макс макс | |||||
| Тас Кесу Алмас кескіш диск | және бағыттаушойықтар (таужыныстарын текбағыттауштарменбірге кесугеболады) | 3 макс макс | |||
Жұмыс құралы айналымдарының ұйғарынды саны электр құралында көрсетілген максималды
айналымдар санына тең болуы керек. Есептелген жылдамдығынан тезірек істеп тұрған керек-жарақтар сынуы, ұшып кетуі мүмкін.
Күй көрсеткіштері
| Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы (пайдаланушы интерфейсі) (28) | Мағынасы/себебі | Шешімі |
| жасыл | Аккумулятор зарядталған | – |
| сары | Аккумулятор заряды таусылған дерлік Аккумуляторды дереу алмастыру немесе зарядтау | |
| қызыл | Аккумулятор заряды таусылған | Аккумуляторды алмастыру немесе зарядтау |
| Температура индикаторы (34) | Мағынасы/себебі | Шешімі |
| сары | Шектік температураға жетті (қозғалтқыш, электроника, аккумулятор) | Электр құралын бос жүріс күйінде жұмыс істетіп суыту |
Температура индикаторы Мағынасы/себебі Шешімі (34)
Қызыл: Электр құралы қызып кетті және өшеді. Электр құралын суытыңыз.
| Электр құралының күйі индикаторы (33) | Мағынасы/себебі Шешімі | |
| жасыл ОК күйі – | ||
| сары Шектік температураға жетті немесе аккумулятор заряды таусылған дерлік | Электр құралын бос жүріс күйінде жұмыс істету және суыту немесе аккумуляторды дереу алмастыру немесе зарядтау | |
| қызыл түспен жанып түр Электр құралы қызып кетті немесе аккумулятор заряды таусылған | Электр құралын суыту немесе аккумуляторды алмастыру/зарядтау | |
| қызыл түспен жыпылықтайды | Кері сокқы кезіндегі өшіру жүйесі, қайта іске қосылудан қорғаныс немесе соғылу кезіндегі өшіру жүйесі іске қосылды | Электр құралын өшіріп қайта қосу |
| көк түспен жыпылықтайды Электр құралы ақырғы мобильді құрылғыға қосылған немесе реттеулер көшірілуде | – | |
Байланыс функциялары
Смартфон индикаторы (32) электр құралы Bluetooth® радио технологиясы арқылы ақырғы мобильді құрылғыға ақпарат (мысалы, температура туралы ескерту) жібергенде жанады.
Bluetooth® Low Energy Module GCY 42 модулімен бірге электр құралы үшін төмендегі өзара байланыс функциялары қолжетімді болады:
- Тіркеу және дербестеу
- Күйін тексеру, ескерту хабарларын шығару
- Жалпы мәліметтер мен реттеулер
- Баскару
Bluetooth® Low Energy Module GCY 42 туралы ақпаратты жинақтағы пайдалану бойынша нұсқаулықтан қараңыз.
Электр құралының қолданбамен байланысын пайдаланушы интерфейсіндегі (4) айналу жиілігін алдын ала таңдау түймесін (30) басу арқылы растау қажет. Қолданба оған қосылуға сұрау береді.
▶ Kipiktirpilgen Bluetooth® Low Energy Module GCY 42 модулі бар электр құралы радио интерфейспен жабдықталған. Жергілікті пайдалану шектеулерін, мысалы, ұшақтарда немесе емханаларда ескеріңіз. Bluetooth® радио технологиясын пайдалануға болмайтын аймақтарда Bluetooth® Low Energy Module GCY 42 модулі мен түймелі аккумуляторды шығарып алу керек. ▶ Тірек қабырғаларда ойықтар жасағанда абайлаңыз, «Статика туралы нұсқаулар» тарауын қараңыз. ▶ Салмағы тұрақты қалыпты қамтамасыз етпесе, дайындаманы бекітіңіз. ▶ Электр құралға тоқтағанша жүктеме түсірмеңіз.
Жоғары жүктемеден кейін электр құралдың біраз салқындауына, бірнеше минут бос жүрісте жұмыс істеуіне мүмкіндік беріңіз. Электр құралды абразивті-кесу станинада пайдаланбаңыз. ▶ Тегістеу және кесу дискілеріне суығанша тимеңіз. Шеңберлер жұмыс кезінде қызады.
Егер электр құралы электростатикалы ретте зарядталса, орнатылған электроника электр құралын өшіреді. Электр құралын қайта іске қосу үшін қосқыш/өшіргішті (5) басыңыз.
Сыдырып тегістеу
▶ Ешқашан кесу шеңберлерін сыдырып тегістеу үшін пайдаланбаңыз.
30° - 40° шенбер бурышымен сыдырып тегістеу кезінде ең жақсы нәтижелер алуға болады. Электр күралды жайлап басып, алға және артқа жылжытыңыз. Бүл кезде дайындама тым қатты қызбайды, түсін өзгертпейді және арналар пайда болмайды.
Желпуіш тәрізді тегістеу шеңбері
Желпуіш тәрізді тегістеу шенберімен (құрал) сонымен бірге дәңес беттерді және профильдерді де өндеуге болады.
Желпуіш тәрізді тегістеу шенберлері әдеттегі тегістеу шенберлерімен салыстырғанда ұзағырақ қызмет етеді, азырақ шу шығарады және тегістеу температурасы азырақ болады.
Металдарды кесу
▶ Байланысты абразивтер көмегімен кесу үшін әрқашан кесуге арналған қаптаманы пайдаланыңыз (16).
Тегістеу шеңберімен кескенде біркелкі, материал үшін дұрыс берумен жұмыс істеңіз. Кесу шеңберіне қысым түсірмеңіз, оны еңкейтпеціз және шайқамаңыз.
Бүйірлік қысыммен айналғанында кесу шеңберін токтатпаңыз.

Электр құралды әрқашан айналу бағытына кері жүргізу керек. Әйтпесе бақылаусыз кесілген жерден шығу қаупі туындайды.
Профильдерді немесе төрт қырлы кұбырларды кесу кезінде кесуді ең аз көлденен қимада бастаңыз.
Тасты кесу (А суретін караңыз)
▶ Тасты кескенде шаңның жеткілікті сорылуын қамтамасыз етіңіз. ▶ Шантуткыш маскасын киіңіз. ▶ Бул электр куралды тек күрғақ кесу/курғақ тегістеу ушін пайдалануға болады.
Тасты кесу үшін алмас кесу дискілерін пайдаланған жән. Бағыттауыштар бар қорғағыш қаптаманы (26) пайдалану үшін тас шаңын сорып алу үшін шаңсорғышты пайдалану керек. Bosch осындай шаңсорғыштарды ұсынады.

Электр күралды өшіріңіз және бағыттауыштардың алдыңғы бөлігімен бөлшекке орнатыңыз. Электр күралды біркелкі, материалға сәйкес берумен жылжытыңыз.
Курамында киыршык тас ете көп аса қатты материалдарды, мысалы,
бетонды өңдеу кезінде алмас шеңбер қызып кетуі және зақымдалуы мүмкін. Алмас шеңбердегі ұшқындар осыны білдіреді.
Бұл жағдайда жұмысты тоқтатыңыз және алмас шеңберді бос жүрісте, ең жоғары жылдамдықта қысқа уақыт бойы салқындатыңыз.
Өнімділіктің айтарлықтай төмендеуі және ұшқындар алмас кесу шеңбері өтпес болып қалғанын білдіреді. Оны абразивті материалда, мысалы, силикат кірпіште, қысқаша кесу арқылы өткірлеуге болады.
Статика туралы нұсқаулар
Тірек қабырғалардағы ойықтарға DIN 1053 нормасының 1 тармағы немесе сәйкес елдегі ереже қолданылады. Бұл нұсқауларды міндетті түрде орындау керек. Жұмысты бастамас бұрын статика жөніндегі маманмен, сәулетшімен немесе прорабпен кеңесіңіз.
Аккумуляторды оңтайлы пайдалану туралы нұсқаулар
Аккумуляторды суықтықтардан және ылғалдан қорғаңыз.
Аккумуляторды тек –20° - 50°C температура ауқымында сақтаңыз. Аккумуляторды жазда көлікте қалдырмаңыз.
Аккумулятордың желдету тесігін жұмсақ, таза және құрғақ қылшақпен мұқият тазалаңыз.
Пайдалану мерзімінің айтарлықтай қысқаруы аккумулятордың ескіргенін және ауыстыру керектігін білдіреді.
Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды орындаңыз.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Аккумуляторды электр құралмен кез келген жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету, т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз. Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін тудырады. Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Жабдықтарды мұқият сақтаңыз және күтіңіз.
Өнімдерді олардың сақтығын қамтамасыз ететін, өнімдерге атмосфералық жауын-шашынның тиюіне және асқын температура көздерінің (температураның шұғыл өзгерісінің), соның ішінде күн сәулелерінің әсер етуіне жол бермейтін дүкендерде, бөлімдерде (секцияларда), павильондар мен киоскілерде сатуға болады.
Сатушы (өндіруші) сатып алушыға өнімдер туралы қажетті және шынайы ақпаратты беріп, өнімдерді тиісінше таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті. Өнімдер туралы ақпарат міндетті түрде тізімі Ресей Федерациясының заңнамасымен белгіленген мәліметтерді қамтуы тиіс.
Егер тұтынушы сатып алатын өнімдер әлдеқашан пайдаланылған немесе өнімдерде ақаулық (ақаулықтар) жойылған болса, тұтынушыға бұл туралы ақпарат берілуі тиіс.
Өнімдерді сату процесінің аясында төмендегі қауіпсіздік талаптары орындалуы тиіс:
– Сатушы сатып алушыға ұйымының фирмалық атауы, орналасқан жері (мекенжайы) және жұмыс режимі туралы мәліметтер беруге міндетті; – Сауда бөлмелеріндегі өнімдердің сынамалары сатып алушыға бұйымдардағы жазбалармен танысуға мүмкіндік беруі және визуалды тексерістен басқа бұйымдардың іске қосылуына әкелетін, сатып алушылар өз бетінше орындайтын ешқандай әрекеттерге жол бермеуі тиіс; – Сатушы осы бұйымдардың белгіленген талаптарға сәйкестігінің растамасы, сертификаттардың немесе сәйкестік жөніндегі мәлімдемелердің бар болуы туралы ақпаратты сатып алушыға беруге міндетті; – Идентификациялық сипаттары жоқ (жоғалған), жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, бұзылу белгілері бар және пайдалану бойынша нұсқаулығы (кітапшасы), міндетті сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік белгісі жоқ өнімдерді сатуға тыйым салынады.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану кеңестері
Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас бөлшектер бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер туралы мәліметтер төмендегі мекенжай бойынша қолжетімді: www.bosch-pt.com
Bosch қызметтік кеңес беру тобы біздің өнімдер және олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап береді.
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру кезінде міндетті түрде өнімнің фирмалық тақтайшасындағы 10 таңбалы өнім нөмірін беріңіз.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету барлық мемлекеттер аумағында тек "Роберт Бош" фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.
Қазақстан
Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау орталығы:
"Роберт Бош" (Robert Bosch) ЖШС
Алматы қ.,
Қазақстан Республикасы 050012
Муратбаев к., 180 үй
"Гермес" БО, 7 қабат
Тел.: +7 (727) 331 31 00
Факс: +7 (727) 233 07 87
E-Mail: ptka@bosch.com
Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау пункттерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті ақпаратты Сіз: www.bosch-professional.kz ресми сайттан ала аласыз
Қызмет көрсету орталықтарының басқа да мекенжайларын мына жерден қараңыз:
Электр құралы кепілді пайдалану мерзімінің ішінде өндірушінің кесірінен істен шыққан жағдайда, өнім иесі төмендегі шарттар орындалғанда кепілдік бойынша тегін жөндеуге құқылы болады:
- механикалық зақымдардың жоқтығы; – пайдалану бойынша нұсқаулық талаптарының бұзылу белгілерінің жоқтығы; – пайдалану бойынша нұсқаулықта сатушының сату туралы белгісінің және сатып алушы қолтаңбасының бар болуы; – электр құралы сериялық нөмірінің және кепілдік талонындағы сериялық нөмірдің сәйкестігі;
- біліксіз жөндеу белгілерінің жоқтығы.
Кепілдік төмендегі жағдайларда қолданылмайды:
– форс-мажор жағдайларына байланысты кез келген сынықтар; – барлық электр құралдарындағыдай электр құралының қалыпты тозуы.
Жалғағыш контактілер, сымдар, қылшақтар және т.б. сияқты құрал бөліктерінің қызмет ету мерзімін қысқартатын қалыпты тозу нәтижесінде қажеттілігі туындаған жөндеу кепілдік аясына кірмейді:
- табиғи тозу (ресурстың толық пайдаланылуы); – қате орнату, рұқсатсыз модификациялау, қате қолдану, қызмет көрсету немесе сақтау ережелерін бұзу нәтижесінде істен шыққан жабдық пен оның бөліктері; – электр құралына артық жүктеме түскеннен орын алған ақаулар. (Құралға артық жүктеме түсудің шартсыз белгілеріне мыналар жатады: құбылу түсінің пайда болуы немесе электр құралы бөліктері мен түйіндерінің деформациясы немесе қорытылуы, жоғары температура әсерінен электр қозғалтқышындағы сымдар оқшаулағышының қараюы немесе көмірленуі.)
Тасымалдау
Бул литий-иондық аккумуляторлар қауіпті тауарларға қойылатын талаптарға сай болуы керек. Пайдаланушы аккумуляторларды көшеде қосымша құжаттарсыз тасымалдай алады.
Үшінші тұлғалар (мысалы, әуе көлігі немесе жіберу) орамаға және маркаларға қойылатын арнайы талаптарды сақтау керек. Жіберуге дайындау кезінде қауіпті жүктерді тасымалдау маманымен хабарласу керек.
Аккумуляторды корпусы зақымдалған болса ғана жіберіңіз. Ашық түйіспелерді желімдеңіз және аккумуляторды орамада қозғалмайтындай ораңыз. Қажет болса, қосымша ұлттық ережелерді сақтаңыз.
Кәдеге жарату

Электр құралдарды, аккумуляторларды, керек-жарақтарды және орау материалдарын экологиялық тұрғыдан дұрыс утилизациялауға тапсыру керек.

Электр құралдарды және аккумуляторларды/батареяларды үй қоқысына тастамаңыз!
Тек қана ЕО елдері үшін:
Еуропа 2012/19/EU ережесі бойынша жарамсыз электр құралдары және Еуропа 2006/66/ЕС ережесі бойынша зақымдалған немесе ескі аккумулятор/батареялар бөлек жиналып кәдеге жаратылуы қажет.
Аккумуляторлар/батареялар:
Литий-иондық:
Тасымалдау бөліміндегі нұсқауларды орындаңыз (қараңыз „Тасымалдау“, Бет 285).