Honor 20 Pro - Телефон HUAWEI - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз Honor 20 Pro HUAWEI PDF форматында.
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Телефон PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз Honor 20 Pro - HUAWEI және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. Honor 20 Pro брендінің HUAWEI.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ Honor 20 Pro HUAWEI
ɂɇɎɈɊɆȺɐɂɈɇɇɕɏ ɐȿɅəɏ ȻȿɁ ɄȺɄɂɏ-ɅɂȻɈ əȼɇɕɏ ɂɅɂ ɇȿəȼɇɕɏȽȺɊȺɇɌɂɃ.Құрылғыңызды біліңіз Құрылғыны пайдалану алдында негізгі жұмыстарымен таныс болыңыз. l Құрылғыны қосу үшін қуат түймесін экран қосылғанша дейін басып тұрыңыз. l Құрылғыны өшіру үшін қуат түймесін басып тұрыңыз, одан кейін түймесін түртіңіз. l Құрылғыны қайта қосу үшін қуат түймесін басып тұрыңыз, одан кейін түймесін түртіңіз. l Құрылғыны күшпен қайта іске қосу үшін қуат түймесін 10 немесе көбірек секунд басып тұрыңыз. NFC
Қуат түймесі/Саусақ ізі сенсоры Type-C порты / Құлаққап ұяшығы Карта ұясы l NFC функциясын пайдаланған кезде NFC аймағын құрылғыларға немесе басқа заттарға жақынырақ ұстаңыз. l Алдын ала орнатылған Кеңестер қолданбасын тексеріп, құрылғыдағы барлық жақсы мүмкіндіктерді пайдаланыңыз.
133Жұмысты бастау l Құрылғы қосылған кезде SIM картаны салмаңыз немесе алмаңыз. l Құрылғыға салу кезінде карта дұрыс тураланғанын және карта науасы деңгейлескенін тексеріңіз. l Шығару қадауын пайдалану кезінде құрылғыны сызып алмаңыз немесе өзіңізді жарақаттамаңыз. l Кездейсоқ жұтылуын немесе жарақатты болдырмау үшін шығару қадауын балалардың қолы жетпейтін орында сақтаңыз. l SIM карталарын қимаңыз немесе өзгертпеңіз, себебі олар анықталмай, карта науасына (ұясына) зақым келтіруі мүмкін. l Егер SIM картаңыз құрылғыңызға сәйкес келмесе, операторыңызға хабарласыңыз. Құрылғыны орнату үшін келесі суреттердегі нұсқауларды орындаңыз. Жинаққа кіретін шығару түйреуішін пайдаланыңыз.
134Қос SIM картасын басқару Құрылғыңызда қос картаның қос күту режиміне қолдау көрсетіледі. Баптаулар > Сымсыз желiлер > Екі SIM параметрі астынан әдепкі мобильді деректер картасын және қоңырау шалу картасын қажетінше таңдаңыз. Қос 4G l Екі SIM картаңызда да 4G қызметтеріне қолдау көрсетілсе және 4G дауыстық қоңырау режимінде олардың біреуі белсенді болса, жаңа қоңырауды басқа SIM картасына жіберу сұралады. Жаңа қоңырауға жауап беру белсенді қоңырауды автоматты түрде аяқтайды. l Басқа карта 4G дауыстық қоңырау режимінде болған кезде, 4G желісінде интернетті шолуға әдепкі мобильді деректер SIM картасы пайдаланылуы
l Желі кедергісіне байланысты белгілі бір аймақтарда жоғарыда көрсетілген мүмкіндіктердің кейбірі қолжетімсіз болуы мүмкін. l 4G дауыстық қызметтері үшін оператор желісінің қолдауы және байланысты қызметтер орналасуы талап етіледі. 4G қызметтерін белсендіру үшін, операторыңызға хабарласыңыз. l Осы нұсқаулық ресми веб-сайттағы сипаттамамен сәйкес болмаса, соңғысы басымдырақ болады. 135Қосымша ақпарат үшін Егер құрылғыны пайдалану кезінде мәселелер орын алса, келесі ресурстардан анықтама ала аласыз: l Құрылғы ақпаратын басқа ақпаратты көру үшін http:// www.hihonor.com сайтына кіріңіз. l Еліңізге немесе ауданыңызға арналған ең соңғы байланыс ақпараты үшін http:// consumer.huawei.com/en/support кіріңіз. l Жергілікті аймағыңыздағы қызмет көрсету шұғыл желілерін, сатушы мекенжайларын және қосымша ақпаратты HiCare ішінен таба аласыз. Өнімнің заңды ақпаратын көру үшін Баптаулар сайтына өтіп, Жүйе > Телефон туралы ақпарат > Құқықтық ақпарат түртіңіз. Өнімнің қауіпсіздік ақпаратын көру үшін Баптаулар сайтына өтіп, Жүйе > Телефон туралы ақпарат > Құқықтық ақпарат > Қауіпсіздік ақпараты түртіңіз. Өнімнің нормативтік ақпаратын көру үшін Баптаулар сайтына өтіп, Жүйе > Телефон туралы ақпарат > Түпнұсқалық растама ақпараты түртіңіз. Өнімнің сертификаттау логотиптері туралы қосымша ақпаратты көру үшін Баптаулар сайтына өтіп, Жүйе > Сертификаттау логотиптері түртіңіз. Бұл нұсқаулықтағы барлық суреттер мен иллюстрациялар, оның ішінде бірақ шектелмеген құрылғы түсі, өлшемі және дисплей мазмұны тек анықтама үшін берілген. Нақты құрылғы өзгеше болуы мүмкін. Бұл нұсқаулықтағы ешнәрсе тікелей немесе жанама түрде кепілдікке кірмейді. 136Қауіпсіздік туралы ақпарат Құрылғыны қауіпсіз және дұрыс пайдалануды қамтамасыз ету және дұрыс жою әдісін үйрену үшін құрылғыны пайдаланудан бұрын барлық қауіпсіздік туралы ақпаратты мұқият оқыңыз. Әрекет және қауіпсіздік l Есту қабілетінің ықтимал зақымдалуын болдырмау үшін жоғары дыбыс деңгейінде ұзақ уақыт бойы тыңдамаңыз. l Мақұлданбаған немесе үйлеспейтін қуат адаптерін, зарядтағышты немесе батареяны пайдалану құрылғыңызды зақымдауы, жарамдылық мерзімін қысқартуы, өртке, жарылысқа немесе қауіптерге себеп болуы мүмкін. l Қолайлы жұмыс істеу температурасы - 0 °C - 35 °C. Қолайлы сақтау температурасы - -20 °C - +45 °C. l Кардиостимуляторға кедергі келтіру ықтималын болдырмау үшін кардиостимулятор өндірушілер құрылғы мен кардиостимулятор арасында ең аз 15 см қашықтық сақталғанын ұсынады. Егер кардиостимулятор пайдаланылса, құрылғыны кардиостимулятордың қарама-қарсы жағында ұстаңыз және құрылғыны алдыңғы қалтаңызда
l Құрылғыны және батареяны оттан, қатты ыстық көзінен және тікелей күн сәулесінен алыс сақтаңыз. Оларды микротолқынды пештер, су жылытқыштар, пештер немесе радиаторлар сияқты жылыту құрылғыларының үстіне қоймаңыз. l Құрылғыны пайдаланған кезде жергілікті заңдар мен ережелерді сақтаңыз. Апаттар қаупін азайту үшін көлік жүргізу барысында сымсыз құрылғыңызды пайдаланбаңыз. Қоңырау шалу немесе жауап беру қажет болса, көліктік қауіпсіз орында тоқтатыңыз. l Ұшақта ұшқанда немесе ұшаққа отырмас бұрын құрылғыңызды тек берілген нұсқауларға сәйкес пайдаланыңыз. Ұшақта сымсыз құрылғыны пайдалану сымсыз желілерге кедергі жасауы мүмкін, 137әуе кемесі жұмысына қауіп төндіреді немесе заңсыз
l Құрылғының бөліктеріне немесе ішкі схемаларын зақымдап алмау үшін оны шаң, түтін, дымқыл немесе лас орталарда немесе магниттік өрістердің жанында пайдаланбаңыз. l Құрылғыны зарядтаған кезде қуат адаптері құрылғылардың жанындағы розеткаға қосылғанына және қол оңай жететініне көз жеткізіңіз. l Зарядтағышты пайдаланылмаған кезде электр розеткасынан және құрылғыдан ажыратыңыз. l Құрылғыны жанғыш немесе жарылғыш заттар сақталған жерде (мысалы: жанармай құю бекеті, мұнай базасы немесе химиялық зауыт) пайдаланбаңыз, сақтамаңыз немесе тасымалдамаңыз. Құрылғыны осы орталарда пайдалану жарылу немесе өрт қаупін арттырады. l Бұл құрылғыны, батареяны және керек-жарақтарды жергілікті ережелерге сәйкес жойыңыз. Оларды қалыпты тұрмыстық қоқыспен жоюға болмайды. Батареяны дұрыс пайдаланбау өртке, жарылысқа немесе басқа қауіптерге себеп болуы мүмкін. l Құрылғы жұмысы медициналық құрылғы жұмысына кедергі келтіретінін анықтау үшін, дәрігерге және құрылғы өндірушісіне хабарласыңыз. l Ауруханалар мен денсаулықты сақтау мекемелері орнатқан ережелерді немесе нормаларды
l Бұл құрылғыда кірістірілген батарея бар. Батареяны өз бетіңізбен ауыстыруға әрекет етпеңіз. Әйтпесе, құрылғы дұрыс жұмыс істемеуі немесе ол батареяны зақымдауы мүмкін. Сіздің жеке қауіпсіздігіңіз үшін және құрылғыңыз дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін Huawei өкілетті қызмет орталығына оны ауыстыру үшін хабарласуға кеңес беріледі. Жарылуы мүмкін орта Жарылуы мүмкін ортада құрылғыны өшіріңіз және барлық белгілер мен нұсқауларды орындаңыз. Әдетте, жарылуы мүмкін орталарға автокөлік қозғалтқышын өшіруге кеңес берілетін аумақтар кіреді. Осындай аумақтарда ұшқынды тұтандыру жарылуға немесе өртке, нәтижесінде дене жарақатына немесе тіпті өлімге әкелуі мүмкін. Жанармай станциялары сияқты орындарда құрылғыны қоспаңыз. Радио жабдығын 138жанармай қоймаларында, үлестіру аумақтарында және химия зауыттарында пайдалану шектеулерін сақтаңыз. Сонымен қатар, жару жұмыстары жүріп жатқан аумақтардағы шектеулерді сақтаңыз. Құрылғыны пайдалану алдында әдетте, бірақ үнемі анық белгіленбейтін, жарылу қаупі бар аумақтарда сақ болыңыз. Осындай орындарға кеме үстінің астындағы аумақтар, химиялық заттар беру немесе сақтау нысандары және ауа құрамында химиялық заттар немесе түйіршіктер, тозаң немесе металл ұнтағы сияқты бөлшектер бар аумақтар жатады. Сұйылтылған мұнай газын (мысалы, пропан немесе бутан) пайдаланатын автокөлік өндірушілерінен бұл құрылғыны оларға жақын аумақта қауіпсіз пайдалану мүмкіндігін сұраңыз. Жою және қайта өңдеу ақпараты Өнімдегі, батареядағы, әдебиетіндегі немесе орауыштағы үсті сызылған шелек таңбасы барлық электрондық өнімдердің және батареялардың жарамдылық мерзімі аяқталған кезде бөлек жинау нүктелеріне апару керектігін білдіреді; оларды тұрмыстық қоқыспен бірге қалыпты қоқыс ретінде тастамау керек. Жабдықты арнайы жинау нүктесіне немесе электр және электрондық жабдықты (WEEE) және батареяларды жергілікті заңдарға сәйкес бөлек қайта өңдеу қызметінің көмегімен тастау пайдаланушының міндеті болып табылады. Жабдықты дұрыс жинау және қайта өңдеу EEE қалдығын құнды материалдарды сақтауға және адам денсаулығын және қоршаған ортаны қорғауға көмектеседі, дұрыс пайдаланбау, кездейсоқ бұзылу, зақымдалуы және/немесе жарамдылық мерзімі біткен кезде дұрыс қайта өңдемеу денсаулыққа және қоршаған ортаға зиян келтіруі мүмкін. EEE қалдығын қайда және қалай тастау туралы қосымша ақпарат алу үшін жергілікті әкімшілікке, сатушыға немесе тұрмыстық қоқысты жою қызметіне хабарласыңыз немесе http:// consumer.huawei.com/en/ веб-торабына өтіңіз. 139Қауіпті заттарды азайту Бұл құрылғы және кез келген электр керек-жарақтары EU REACH, RoHS және батареялар (қосылған жерде) реттеулері, т.б. сияқты электр және электрондық жабдықтардағы нақты қауіпті заттарды пайдалану шектеуіне қолданылатын жергілікті ережелерге сәйкес. REACH және RoHS туралы сәйкестік мәлімдемесі үшін біздің http://consumer.huawei.com/certification веб- торапқа өтіңіз. ЕО нормативтік сәйкестігі Денеге кию операциясы Құрылғы құлағыңыздың қасында немесе денеңізден 0,50 см қашық қолданылғанда RF техникалық сипаттарына сәйкес келеді. Құрылғы корпусы және қабы сияқты құрылғының керек-жарақтары темір бөліктерінен жасалмағанына көз жеткізіңіз. Қашықтық талабына сәйкес болу үшін құрылғыны денеңізден алыс
Құлаққа төсеп сыналған кезде, осы құрылғы түрінің ең жоғары SAR мәні мынаған тең YAL-L41 0,83 W/kg Ал тиісті түрде қалтаға салып жүрген кезде, мынаған
Осымен Huawei Technologies Co., Ltd. компаниясы бұл құрылғы YAL-L41 2014/53/EU директивасының негізгі талаптарына және басқа қатысты ережелеріне сай екенін жариялайды. Сәйкестік туралы декларацияның соңғы және жарамды нұсқасын http://consumer.huawei.com/certification бетінде көруге болады. Бұл құрылғыны ЕО-тың мүше елдерінде пайдалануға
Құрылғы пайдаланылатын жердегі ұлттық және жергілікті ережелерді сақтаңыз. Жергілікті желіге байланысты бұл құрылғыны пайдалану шектелуі мүмкін. 2,4 ГГц жолағындағы шектеулер: Норвегия: Бұл бөлімше Олесунн орталығынан бастап 20 км радиусындағы географиялық аймақ үшін қолданылмайды. 1405 ГГц жолағындағы шектеулер: 2014/53/EU директивасының 10-шы (10) бабына сәйкес бума осы радио жабдығы келесі нарыққа өткен кезде кейбір шектеулер туындайтынын көрсетеді: Бельгия (BE), Болгария (BG), Чехия (CZ), Дания (DK), Германия (DE), Эстония (EE), Ирландия (IE), Грекия (EL), Испания (ES), Франция (FR), Хорватия (HR), Италия (IT), Кипр (CY), Латвия (LV), Литва (LT), Люксембург (LU), Венгрия (HU), Мальта (MT), Голландия (NL), Австрия (AT), Польша (PL), Португалия (PT), Румыния (RO), Словения (SI), Словакия (SK), Финляндия (FI), Швеция (SE), Ұлыбритания (UK), Түркия (TR), Норвегия (NO), Швейцария (CH), Исландия (IS) және Лихтенштейн (LI). Бұл құрылғының WLAN функциясы 5150-5350 МГц жиілік ауқымында жұмыс істеген кезде тек ішкі бөлме ішінде пайдалану үшін шектелген. Жиілік жолақтары және қуат (a) Радио жабдығы пайдаланылатын жиілік жолақтары: Кейбір жолақтар барлық елдерде немесе барлық аймақтарда қолжетімсіз болуы мүмкін. Қосымша деректер алу үшін жергілікті тасушыға хабарласыңыз. (ә) Радио жабдығы пайдаланылатын жиілік жолақтарында тасымалданған максималды радио жиілігінің қуаты: Барлық жолақтардың максималды қуаты қатысты Үйлесімді стандартта көрсетілген ең жоғарғы шектен төмен. Осы радио жабдығына қатысты жиілік жолақтары және тасымалдау қуатының (сәулелі және/немесе өткізілген) номинал шектері келесідей: YAL-L41 GSM 900:35dBm, GSM 1800:32dBm, WCDMA 900/2100:25.7dBm, LTE Band 1/3/7/8/20/28/38/40:25.7dBm, Wi-Fi 2.4G: 20dBm, Bluetooth:20dBm, Wi-Fi 5G: 5150-5250MHz:23dBm, 5250-5350MHz: 20dBm, 5470-5725MHz:20dBm, 5725-5850MHz:14dBm, NFC: 10 метр қашықтықта 42 дБмкА/м Керек-жарақтар және бағдарламалық жасақтама туралы ақпарат Белгілі бір елдерде немесе аймақтарда кейбір керек- жарақтар бірге берілмеуі мүмкін. Ондай керек-жарақтар қажет болған жағдайда, лицензиясы бар жеткізушіден сатып алуға болады. Мына керек-жарақтар ұсынылады: 141Адаптерлер: HW-050450X01, HW-050450X00 (X белгісі ауданға байланысты C, U, J, E, B, A, I, R, Z немесе K болуы мүмкін басқа тығын түрлерін көрсетеді) Батареялар: HB436486ECW Құлаққаптар: 618017, MEND1632B729000, 1331-3301-6001-TC-296, Windy-C Өнім бағдарламалық жасақтамасының нұсқасы - YAL- L41: 9.1.0.119(C900E119R1P2). Өнім шыққаннан кейін қателерді түзету немесе функцияларды кеңейту үшін бағдарламалық жасақтама жаңартулары шығарылады. Өндірушімен шығарылған барлық бағдарламалық жасақтама нұсқалары тексерілген және қатысты ережелермен үйлесімді. Барлық RF параметрлері (мысалы, жиілік ауқымы және шығыс қуаты) пайдаланушымен қабылданбайды және пайдаланушымен өзгертілмейді. Керек-жарақтар мен бағдарламалық жасақтама туралы ең соңғы ақпаратты http://consumer.huawei.com/ certification торабындағы СМ (Сәйкестік мәлімдемесі) ішінен қараңыз. FCC нормативтік сәйкестігі Денеге кию операциясы Құрылғы құлағыңыздың қасында немесе денеңізден 1,50 см қашық қолданылғанда RF техникалық сипаттарына сәйкес келеді. Құрылғы корпусы және қабы сияқты құрылғының керек-жарақтары темір бөліктерінен жасалмағанына көз жеткізіңіз. Қашықтық талабына сәйкес болу үшін құрылғыны денеңізден алыс
Сертификаттау ақпараты (SAR) Бұл құрылғы Федералдық байланыс комиссиясы (USA) орнатқан радиотолқындар әсерінің талаптарына сәйкес келу үшін жасалған. АҚШ-қа бейімделген SAR шегі тіннің бір грамына орташа 1,6 Вт/кг құрайды. Осы құрылғы түрінің FCC үшін ұсынылған ең жоғары SAR мәні осы шекпен сәйкес
Келесі жағдайда қолданылған кезде, осы құрылғы түрінің FCC ұйымына есеп берілген ең жоғары SAR мәні оны құлаққа төсеп қолдану YAL-L41 1,06 W/kg Ал тиісті түрде қалтаға салып жүрген кезде, мынаған
142YAL-L41 0,37 W/kg Wi-Fi хотспоты функциясы қолданылған кезде, мынаған
YAL-L41 1,05 W/kg FCC мәлімдемесі Бұл жабдық сынақтан өткізіліп, FCC ережелерінің 15- бөліміндегі B тобындағы сандық құрылғылар шектеуіне сәйкес келетіні анықталды. Бұл шектеулер тұрғылықты орталарда зиянды кедергілерден мүмкін деңгейде қорғау үшін жасалған. Бұл құрылғы радио жиіліктерінің қуатын жасауы, пайдалануы және шығаруы мүмкін. Сондықтан, нұсқауларға сәйкес орнатылмаған және пайдаланылмаған жағдайда, радио байланыстарына зиянды кедергілер келтіруі мүмкін. Дегенмен, дұрыс орнатылған жағдайда да кедергі келтірілмейтініне кепілдік берілмейді. Егер бұл құрылғы радио немесе теледидар сигналдарының қабылдануына зиянды кедергілер келтірсе (оны құрылғыны қосып, өшіру арқылы тексеруге болады), пайдаланушыға төмендегі шаралардың біреуі немесе бірнешеуі арқылы кедергіні жою ұсынылады: --Қабылдау антеннасын қайта бағыттау немесе қайта
--Жабдық пен ресивердің арасындағы қашықтықты
--Жабдықты қабылдағыш қосылған розеткадан басқа тізбектегі розеткаға қосу. --Көмек алу үшін дилерге немесе тәжірибелі радио/ теледидарды жөндеу маманымен байланысу. Бұл құрылғы FCC ережелерінің 15-бөліміне сәйкес келеді. Жұмыс мына екі жағдайға тәуелді болады: (1) бұл құрылғы зиянды кедергі тудырмауы мүмкін, және (2) бұл құрылғы алынған кез келген кедергіні қабылдауы тиіс, соның ішінде құрылғының қаланбаған әрекеттерін тудыратын кедергілер. Сақ болыңыз: Сәйкестік жағдайлары үшін Huawei Technologies Co., Ltd. компаниясы мақұлдамаған өзгертулер пайдаланушының жабдықты пайдалану құқығын жарамсыз етуі мүмкін. 143Заңды ескертпе Сауда белгілері және рұқсаттар , , және - Huawei Technologies Co., Ltd. компаниясының сауда белгілері немесе тіркелген сауда белгілері. Android™ - Google Inc. компаниясының сауда белгісі. LTE - ETSI компаниясының сауда белгісі. Bluetooth
сөз белгісі мен логотиптері Bluetooth SIG, Inc. меншігіндегі тіркелген сауда белгілері және осы белгілер Huawei Technologies Co., Ltd. компаниясының лицензиясы бойынша пайдаланылады. Wi-Fi
, Wi-Fi CERTIFIED логотипі және Wi-Fi логотипі Wi-Fi Alliance компаниясының сауда белгілері болып
Құпиялылық саясаты Жеке ақпаратыңызды қалай қорғайтынымызды жақсы түсіну үшін http://consumer.huawei.com/privacy-policy бөліміндегі құпиялылық саясатты көріңіз. Авторлық құқық © Huawei Technologies Co., Ltd. 2019. Барлық құқықтары қорғалған. БҰЛ ҚҰЖАТ ТЕК АҚПАРАТТЫҚ МАҚСАТТАРҒА АРНАЛҒАН ЖӘНЕ ҚАНДАЙ ДА БІР КЕПІЛДІК ТҮРІНЕ
Notice-Facile