FreeBuds SE - хи-фай жүйесі HUAWEI - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз FreeBuds SE HUAWEI PDF форматында.
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз хи-фай жүйесі PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз FreeBuds SE - HUAWEI және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. FreeBuds SE брендінің HUAWEI.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ FreeBuds SE HUAWEI
HUAWEI AI Life қолданбасын жүктеп алып, қосымша мүмкіндіктерді қолданып көру жə не құлақсап параметрлерін теңшеу үшін QR кодын сканерлеңіз.
1. Зарядтау корпусын ашып, құлақсаптарды ішіне салып, құлақсаптарды жұптастыру
басталғаны туралы индикатор ақ түсте жыпылықтағанша «Функция» түймесін басып, 2 секунд бойы ұстап тұрыңыз.
2. Құлақсаптармен жұптастыратын құрылғыда Bluetooth функциясын қосып,
құлақсаптарды іздеп, қосылыңыз.
Қапты бірінші рет ашқанда, құлақсаптар жұптастыру режиміне автоматты түрде кіреді.
Корпусын ашыңыз. Құлақсаптар зарядтау корпусында екеніне көз жеткізіңіз. Индикатор қызыл түсте жыпылықтағанша «Функция» түймесін 10 сек бойы басып тұрыңыз. Одан кейін құлақсаптар «Жұптастыру» режиміне қайта кіреді.
Құлақтарыңызға ең жақсы отыратын құлақ саптамаларын пайдаланыңыз. *Құлақсаптар орташа құлақ ішпектері орнатылған болып келеді.
Құлақсаптар: Құлақсаптарды қапқа салсаңыз, құлақсаптар автоматты түрде зарядтала
Қауіпсіздік туралы ақпарат Бұл құрылғыны пайдалану алдында құрылғының оңтайлы жұмыс істеуін қамтамасыз ету жəне қауіпті пайдалануды немесе рұқсат етілмеген əрекеттерді болдырмау үшін келесі сақтық шараларын оқып шығыңыз.
- Есту қабілетіңізді қорғау үшін аудионы ұзақ уақыт бойы жоғары дыбыс деңгейінде тыңдамаңыз.
- Кейбір сымсыз құрылғылар имплантталатын медициналық құрылғыларға жəне кардиостимуляторлар, кохлеарлық имплантаттар жəне есту аппараттары сияқты басқа медициналық жабдыққа кедергі келтіруі мүмкін. Өнімді пайдалану кезінде осындай медициналық құрылғылардан кемінде 15 см қашықтықта ұстаңыз. Қосымша ақпарат алу үшін медициналық жабдық өндірушісіне хабарласыңыз.
- Өте оңды температуралар: Пайдалану үшін 0°C жəне 35°C аралығы; сақтау үшін -20°C жəне +45°C аралығы.
- Зарядтау кезінде адаптер маңайдағы розеткаға қосулы жəне оңай қол жететін болуы керек. Расталған қуат адаптерлері мен зарядтағыштарды пайдаланыңыз.
- Қуат адаптері IEC/EN 62368-1 стандартарының Q қосымшасына сəйкес екеніне жəне ұлттық немесе жергілікті стандарттарға сəйкес сыналғанына жəне мақұлданғанына көз жеткізіңіз.
- Осы өнімді пайдалану кезінде жол қозғалысы туралы барлық жергілікті заңдар мен ережелерді сақтаңыз. Бұл құрылғыны көлік жүргізу кезінде пайдаланбаңыз.
- Осы құрылғыны жəне оның шағын құрамдастарды қамтуы мүмкін қосалқы құралдарын балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз. Əйтпесе, балалар бұл құрылғыны жəне оның қосалқы құралдарын қателесіп зақымдауы мүмкін немесе шағын құрамдастарды жұтып қойып, бұл тұншығуға əкелуі мүмкін.
- Құрылғыны шаңды, дымқыл немесе лас орталарда немесе магниттік кедергі көздерінің жанында пайдаланбаңыз.
- Батареяны өрттен, қатты ыстық көзінен жəне тік күн жарығынан алыс сақтаңыз. Оны жылыту құрылғыларының үстіне немесе ішіне қоймаңыз. Оны бөлшектеуге, өзгертуге, лақтыруға немесе қысуға болмайды. Оған бөгде заттарды салуға, оны сұйықтықтарға батыруға не оған сыртқы күш немесе қысым салуға болмайды, себебі бұл оның ағуына, қызып кетуіне, тұтануына немесе тіпті жарылуына себеп болуы
- Батареяны өз бетіңізбен ауыстыруға əрекет етпеңіз, сіз батареяға зақым келтіруіңіз, ал бұл қызып кетуге, өртке жəне жарақаттарға себеп болуы мүмкін.
- Құрылғыңызды жəне оның қосалқы құралдарын бөлшектемеңіз немесе өзгертпеңіз. Рұқсат етілмеген бөлшектеу жəне өзгертулер зауыттық кепілдіктің күшінің жойылуына əкелуі мүмкін. Егер құрылғы ақаулы болса, көмек алу үшін өкілетті Huawei тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына барыңыз. Сақтық шаралары
Құлаққаптардағы жəне зарядтау қабындағы металл түйіспе нүктелерін таза ұстаңыз. Əйтпесе, құлаққаптар дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
- Құрылғыны таққан кезде тері ыңғайсыздығы сезілсе, оны шешіп, дəрігерге хабарласыңыз.
- Бұл құрылғының микробағдарламасы бұрын жұптастырылған Honor құрылғысына (2020 жылдың соңына дейін шығарылған) немесе бұрын жұптастырылған Huawei құрылғысына қосылған кезде жəне Wi-Fi немесе мобильді деректер қосулы кезде автоматты түрде жаңартылып отырады. Микробағдарламаның автоматты жаңартуларын «Параметрлер» ішінде өшіруге болады. 3Жою және қайта өңдеу туралы ақпарат Өнімдегі, батареядағы, оқулықтағы немесе орауыштағы бұл таңба өнімдер мен батареяларды қызмет мерзімі соңында жергілікті органдар белгілеген бөлек қоқыс жинау нүктелеріне апару керектігін білдіреді. Бұл EEE қоқысының құнды материалдарды сақтайтын және адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғайтын жолмен өңделуін және қайта өңделуін қамтамасыз етеді. Қосымша ақпарат алу үшін жергілікті билік органдарына, сатушыға немесе тұрмыстық қоқысты жою қызметіне хабарласыңыз немесе https://consumer.huawei.com/en/ веб-сайтына кіріңіз. ЕО регламенттеріне сәйкестік Осымен, Huawei Device Co., Ltd., осы T0010/T0010C құрылғысы келесі RED 2014/53/EU директивасына, RoHS 2011/65/EU, EU REACH регламентіне және батареялар (қамтылған болса) туралы директиваға сәйкес екенін мәлімдейді. ЕО сәйкестік декларациясының толық мәтіні және қосалқы құралдар мен бағдарламалық құрал туралы ең соңғы ақпарат мына интернет мекенжайында қолжетімді: https://consumer.huawei.com/certication
Жиілік диапазондары және қуат Bluetooth: 2,4 ГГц 14,5 дБм. РЖ сәулелену туралы ақпарат Бұл құрылғы қуаты аз радио таратқыш және қабылдағыш болып табылады. Халықаралық ережелерге сәйкес құрылғы қолданыстағы ұлттық МСК шектеріне сәйкес келеді: 2,0 Вт/кг (10 г) және 1,6 Вт/кг (1 г). 10 г МСК: Ең жоғары хабарланған МСК мәні: Бастағы МСК: 0,41 Вт/кг. 1 г МСК: Ең жоғары хабарланған МСК мәні: Бастағы МСК: 0,66 Вт/кг. Импорттаушы ЖШС «Хуавей Текнолоджиз Казахстан» 050059, Достық даңғылы 210, Бизнес центр “Grand Koktem”, 1-ші блок, 11-ші этаж, Бостандық ауданы, Алматы қ., Қазақстан Республикасы. Huawei бірыңғай көмек көрсету қызметі: 6530 Құқықтық ескертпе Авторлық құқық © Huawei 2021.Барлық құқықтары қорғалған. Орауыш қораптағы құжаттардағы бүкіл мазмұн, соның ішінде, бірақ олармен шектелмей өнімнің сыртқы түрі, түсі, өлшемі және қолдау көрсетілетін мүмкіндіктері (соңғы мүмкіндіктер бағдарламалық құрал жаңартуларымен бірге келеді) туралы ақпарат және олардың сипаттамалары тек анықтама беруге арналған. Нақты өнім өзгеше болуы мүмкін. Bluetooth
сөз белгісі мен логотиптері — Bluetooth SIG, Inc. меншігіндегі тіркелген сауда белгілері және Huawei Technologies Co., Ltd. компаниясы бұл белгіні лицензия бойынша пайдаланады. Huawei Device Co., Ltd. — Huawei Technologies Co., Ltd. компаниясының еншілес компаниясы. Құпиялықты қорғау Жеке ақпаратыңызды қалай қорғайтынымызды жақсырақ түсіну үшін https://consumer.huawei.com/privacy-policy мекенжайындағы құпиялық саясатын қараңыз немесе тиісті қолданбаны пайдаланып құпиялық саясаты мен қызмет көрсету шарттарын оқыңыз. Бағдарламалық құралдың лицензиялық келісімі Осы құрылғыны пайдалану алдында бағдарламалық құралдың лицензиялық келісімін мұқият оқып шығыңыз. Құрылғыны пайдалану арқылы сіз лицензиялық келісімнің міндеттеуіне келісетініңізді көрсетесіз. Келісімді оқу үшін келесі веб-сайтқа кіріңіз: https://consumer.huawei.com/en/legal/eula/
Бастапқы коды ашық бағдарламалық құрал туралы ескерту Құрылғының бастапқы коды ашық бағдарламалық құралы туралы мәлімдемені көру үшін https://consumer.huawei.com/en/opensource/
Notice-Facile