BOSCH Keratin Advance PHD5987S - Шаш кептіргіш

Keratin Advance PHD5987S - Шаш кептіргіш BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз Keratin Advance PHD5987S BOSCH PDF форматында.

📄 112 бет Қазақша KK 💬 ЖИ сұрағы
Notice BOSCH Keratin Advance PHD5987S - page 95
Нұсқаулық көмекшісі
ChatGPT арқылы жұмыс істейді
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : BOSCH

Модель : Keratin Advance PHD5987S

Санат : Шаш кептіргіш

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Шаш кептіргіш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз Keratin Advance PHD5987S - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. Keratin Advance PHD5987S брендінің BOSCH.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ Keratin Advance PHD5987S BOSCH

электропитания (напряжение / частота) 220 – 240 В 50 Гц Мощность 2200 Вт93 PHD5987 12/2012 93kk Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар Осы пайдалану нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз және сақтап қойыңыз! Құрылғыны басқа біреуге берген кезде осы нұсқаулық та берілуі керек. Бұл құрылғы коммерциялық емес, үй шаруасына және үй шаруасына жақын мақсаттарға пайдалануға арналған. Үй шаруасына жақын деп отырғанымыз, м ысалы, дүкендердегі, кеңселердегі, ауыл шаруашылығы және басқа да коммерциялық мекемелердегі қызметкерлерге арналған бөлмелердегі қолданыс, сонымен қатар пансионаттар, шағын қонақ үйлер және басқа да сол сияқты ғимарат тұрғындарының қолдауы.

Өртену және электр тогына түсу қаупі бар! Құрылғыны іске қосу және пайдалану барысында сипаттамалар кестесінде көрсетілген нұсқауларды қатаң ұстаныңыз. Бұл құрылғыны жасы 8-ден аспаған балалардың пайдалануына жол бермеңіз. Бұл құрылғыны жасы 8-дегі және одан үлкен балалардың, сонымен қатар қозғалу, сезу және ойлану мүмкіндіктері шектелген және / немесе жеткілікті білімі жоқ тұлғалардың пайдалануына тек оларды біреу қадағалаған жағдайда немесе осы құрылғыны қауіпсіз пайдалану нұсқауларымен таныс болса және дұрыс пайдаланбау салдарынан қандай қауіптердің орын алатынын түсінетін болса ғана пайдалануларына болады. Балаларға осы құрылғымен ойнауға рұқсат етпеңіз. Балаларға ересектердің қадағалауынсыз тазалау және алдын алу қызметі үшін орындалатын әрекеттерді орындауға рұқсат етпеңіз. Егер құрылғы немесе оның қуат беру сымы зақымданса, оны пайдаланбаңыз. Қолданған соң немесе ақаулық болған жағдайда, оның айыр ұшын розеткадан суырыңыз. Қауіпті жағдайлар туындатпас үшін, зақымданған қуат сымын ауыстыру сияқты барлық жөндеу жұмыстарын біздің қызмет көрсету жөніндегі білікті қызметкерлеріміз орындауы керек. Қуат беру сымын төмендегілерден сақтаңыз:94 Robert Bosch Hausgeräte GmbH 94 kk ● ыстық заттарға тигізуден; ● жиегі өткір заттарға жанасудан; ● бір затты тасымалдау үшін сап ретінде пайдаланудан. Құрылғыны тазаламас бұрын, қуат сымы ауырын розеткадан

Құрылғыны ешқашан суға батырмаңыз. Тазалау үшін бумен тазарту құрылғыларын пайдаланбаңыз. Бұл құрылғыны мүлдем ылғал немесе жасанды шашқа пайдаланбаңыз. Құрылғыны ванна, қол жуғыш немесе басқа да ыдыстар сияқты суы бар нәрселерге жақын қашықтықта пайдаланбаңыз.

Өмірге қауіпті! Құрылғыны суға тигізіп алмаңыз. Қауіп құрылғыны ажыратқаннан кейін де болады, сондықтан, оны қолданған соң, сонымен қатар қолдануды бір сәтке тоқтатқан жағдайда, айырды розеткадан суырыңыз. Қосымша қорғаныспен қамтамасыз ету үшін, ішкі сымды 30 мА автоматты сақтандырғышы бар қосқышпен жабдықтау ұсынылады. Электромонтаж жөніндегі білікті маманмен алдын ала кеңесіңіз.

Тұншығу қаупі! Балаларға орам материалдарымен ойнауға рұқсат етпеңіз.

Назар аударыңыз! Реттеу қондырмасы мен диффузор ыстық болуы мүмкін, шешу алдында оларды суытыңыз.95 PHD5987 12/2012 95kk Осы Bosch құрылғысын алуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз. Сіз жоғарғы сапалы өнімді алдыңыз, оның сізге әкелер қуанышты сәттері аз

Бұл пайдалану нұсқаулығында қосымша құралдары бар фен сипатталған. Басқару блоктары мен қосымша құралдар 1 Температураға арналған пернелі ажыратып қосқыш k 2 Желдеткішке арналған пернелі ажыратып қосқыш l 3 Көмескі жарығы бар / Keratin түймесі 4 turbo түймесі 5 Салқын ауа беру түймесі 3 6 Жарық диодты индикатор Ионизация кезінде тұрақты түрде қызыл болып жанады 7 Ауа тесігінің алынатын сақтандырғыш

8 Шаш реттеуге арналған қондырма 9 Көз 10 Диффузор

● желдеткіштің немесе ауа тесігінің саңылауын ешқашан жаппаңыз; ● ауа тесігін шаштар немесе түктер бітемегенін тексеріңіз; ● ауа саңылауының бітеліп қалуы сияқты себептермен шамадан тыс қызған жағдайда, фен автоматты түрде өшіріледі де, бірнеше минуттан соң қайта іске қосылады. Орамалмен сүртілген шашты алдын ала кептіру үшін температураның 3 деңгейін және желдеткіш жұмысының 2 деңгейін

Температураға арналған пернелі ажыратып қосқыш k : 1 төмен 2 орташа 3 жоғары Желдеткішке арналған пернелі ажыратып қосқыш l : 0 өшірулі 1 әлсіз 2 күшті Желдеткіш саңылауын бастан шамамен 10 см қашықтықта ұстаңыз. Тұрақты түрде иондау Бұл фен тұрақты түрде иондау функциясымен жабдықталған. Иондар – фендегі иондар генераторы жасайтын, табиғатта бар электрлік зарядталған бөлшектер. Олардың арқасында шаш жұмсарады және тарау оңайлайды. Тұрақты заряд, яғни, шаштың электрленуі азаяды (= антистатикалық әсер). Иондау функциясын ажырату мүмкін емес. Жарық диодты шам үнемі қызыл болып жанып тұрады.96 Robert Bosch Hausgeräte GmbH 96 kk

Кератин дегеніміз өте мықты ақуыз және адам шашының ең негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Ол шашты күшті, мықты, иілгіш және дені сау етеді. Шашты әсіресе жоғарғы температура әсерімен күнделікті ретке келтіру шаштың қабыршақты және кератинді қабатын зақымдауы және шаштың ұштануына немесе тіпті сынғыш болуына себеп болуы мүмкін. «Keratin» функциясы шаштың кератин құрылымын жоғарғы температура мен кептіру әсерлерінен қорғайды. «Keratin» түймесін іске қосқан кезде ақуыздың зақымдануының алдын алу үшін фен ауа ағыны мен температура мөлшерін автоматты түрде сәйкесінше орнатады. 3 / түймесі бекітіледі және оның көмескі жарығы бар. Оны фен қолданылған кезде кез келген уақытта іске қосуға болады. turbo түймесі turbo (Турбо) түймесін басу арқылы күштірек ауа ағынын қосуға болады, ол шашты тезірек кептіруге мүмкіндік береді. Түйме бекітіледі және оны желдеткіштің кез келген жұмыс деңгейімен және кез келген температурамен бірге іске қосуға

Салқын ауа беру түймесі шаш сәнін кептіруден кейін бекітуге өте қолайлы жасалған нәрсе. Салқын ауа ағыны көмегімен бөлек шаш тұтамдарын бекітуге

Бұл функцияны кез келген уақытта іске қосуға болады, ол 3 түймесі басылып тұрған кезде әрқашан жұмыс істеп тұрады. Шаш реттеуге арналған

Шаш реттеуге арналған қондырма нақты шаш тұтамдарын кептіруге және реттеуге әдейі арналып жасалған. Шаш реттеуге арналған қондырманы құрылғыға орнатыңыз. Ол «сырт» етіп орнына түсуі керек. Қондырманы кез келген бағытқа бұрауға болады.

● жоғарырақ желдеткіш жұмысы деңгейін және жоғарырақ температура шамасын

● шығыс ауа ағынын қажетті шаш тұтамына тура бағыттаңыз; ● шаш сәнін бекіту үшін 3 салқын ауа беру түймесін басып, әрекетті қайталаңыз. Маңызды: қондырманы ешқашан шашқа тигізбеу керек.

Диффузор тегіс немесе әлсіз шашқа өте қолайлы. Ол жұқа ұзын шашқа немесе ұзындығы орташа шашқа үлкенірек көлем

Диффузор ұштарын жоғары қаратып, басты еңкейтіп, диффузорды шашқа енгізіңіз де, оны жайлап көтеріңіз. Шаш диффузор ұштары арасында бос жатады және кебеді.97PHD5987 12/2012 97kk Қолдану:● төменірек желдеткіш жұмысы деңгейін және төменірек температура шамасын орнатыңыз;● шаш көлемін және табиғи бұрымдарды сақтап қалу үшін салқын ауа беру түймесін 3 басыңыз; ● бұл процесті бөлектелген шаш тұтамдарына қолданыңыз.Bosch құрылғысымен сәнді шаш жасау туралы толық ақпаратты мына сайттан көре аласыз: www.bosch-personalstyle.com Тазалау және күтім

Сақтау және тазалау алдында құрылғыны әрқашан суытыңыз! Токқа түсі қаупі бар!Құрылғыны тазаламас бұрын, қуат сымы ауырын розеткадан суырыңыз.Құрылғыны ешқашан суға батырмаңыз.Тазалау үшін бумен тазарту құрылғыларын пайдаланбаңыз.● Құрылғыны ылғал шүберекпен құрғағанша сүртіңіз. Щетка немесе өткір қырғыш пайдаланбаңыз.● Ауа саңылауының сақтандырғыш торы бекітпесін ашып, торды алыңыз (A суреті). Торды шайыңыз және кептіріңіз немесе оны жұмсақ щеткамен тазалаңыз. Тазалаған соң торды орнына салып, бекітпені жабыңыз.● Қосымша құралдарды шешіп, тазалаңыз. Оларды тек кепкен кезде ғана пайдаланыңыз. Құрылғыны тығып тастау алдында оны суытып, айырын розеткадан суырыңыз. Қоқысқа тастау Орам материалдарын қоқысқа тастаудың экологиялық ережелерін сақтаңыз. Бұл құрылғы Электрлік және электрондық құрылғылар туралы 2012 / 19 / EG Еуропалық Директивасына сай тиісті таңбамен белгіленген (waste electrical and electronic equipment – WEEE). Бұл директива құрамында ЕО аумағында қолданылатын қолданыстан шығарылған құрылғыларды өткізу және қоқысқа тастау туралы ұйғарымдар бар.Қоқысқа тастаудың нақты әдістері туралы ақпарат алу үшін сатушымен хабарласыңыз. Осы құрылғының кепілдік шарттары біздің өкіл арқылы құрылғы сатылатын елде анықталады. Осы шарттарға қатысты толық мәліметтерді құрылғыны сатып алған делдалдан білуге болады. Есеп-шот немесе түбіртек осы кепілдік шарттары бойынша шағымданғанда көрсетіледі. Өзгерістер сақталды.

сипаттамалары Электрлі желіге қосу (кернеу / жиілік)220 – 240 В50 – 60 ГцҚуаттылығы 2200 Вт A98 Robert Bosch Hausgeräte GmbH 99ar - 6