Serie 6 MultiPower MFWS607 - Теркіштер BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз Serie 6 MultiPower MFWS607 BOSCH PDF форматында.
| Өнім түрі | Көпфункционалды еттартқыш |
| Бренд | Bosch |
| Сериясы | Serie 6 MultiPower |
| Моделі | MFWS607 |
| Қуаты | 800 Вт |
| Ыдыс сыйымдылығы | 2 л |
| Жылдамдықтар саны | 2 + импульс |
| Негізгі функциялар | Тарту, араластыру, үккіштеу, кесу, илеу |
| Қосымша жабдықтар | Тартқыш пышақ, үккіш/кескіш дискі, шайқауыш, илеу ілмегі |
| Ыдыс материалы | Соққыға төзімді шыны |
| Тайғанамайтын табандар | Иә |
| Өлшемдері (Ұ x E x Би) | 40 x 20 x 30 см |
| Таза салмағы | 4,5 кг |
| Қоректену | 220-240 В, 50-60 Гц |
| Кабель ұзындығы | 1,2 м |
| Дыбыс деңгейі | 85 дБ(A) |
| Қауіпсіздік | Ыдысты құлыптау, шамадан тыс жүктемеден қорғау |
| Тазалау | Ыдыс жуғыш машинада жууға болатын алынбалы бөлшектер |
| Жөндеуге жарамдылығы | Жөндеуге жарамдылық индексі: 7,5/10 |
| Өндіруші кепілдігі | 2 жыл |
Жиі қойылатын сұрақтар - Serie 6 MultiPower MFWS607 BOSCH
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы Serie 6 MultiPower MFWS607 BOSCH
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Теркіштер PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз Serie 6 MultiPower MFWS607 - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. Serie 6 MultiPower MFWS607 брендінің BOSCH.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ Serie 6 MultiPower MFWS607 BOSCH
QR-кодын сканерленіз немесе кеңейтілген пайдалану нұсқаулығын ашу үшін веб-сайтқа кіріңіз. Онда сіз құрылғы немесе керек-жарақтар туралы көбірек ақпарат таба аласыз.
■ Бұл нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз. ■ Нұсқаулықты және өнім мәліметтерін келешекте пайдалану үшін сақтап қойыңыз. ■ Құрылғыны тасымалдау зақымдары болғанда қоспаңыз. Құрылғыны тек төмендегідей пайдаланыңыз:
■ осы нұсқаулықта сипатталған пайдалану әдістері үшін.
■ шикі немесе қайнатылған ас өнімдерін майдалау үшін, мысалы, ет, балық және жеміс.
■ қадағалауда ұстау керек.
■ қалыпты тұрмыстық өңдеу көлемдері және өңдеу уақыты үшін.
■ жеке үй-жайларда және үйдегі жабық бөлмелерде бөлме температурасында.
■ теңіз деңгейінен 2000 м биіктікке дейін.
Құрылғыны әр пайдаланғаннан кейін, оны бақылаусыз қалдырғанда, құрастырудан, бөлшектеуден, тазалаудан бұрын, ақау орын алған және сіз айналмалы бөлшектерге жақындаған жағдайда әрдайым электр желісінен ажыратыңыз.
Аталмыш құрылғыны дене, сезім және ақыл-ой қабілеттері шектеулі, сонымен бірге тәжірибесі және білімі жеткіліксіз адамдар тек бақылауда болған жағдайда немесе құрылғыны қауіпсіз түрде қолдану бойынша нұсқау алып, қолданудан пайда болатын тәуекелдерді түсінген жағдайда ғана қолдана алады. Балаларға осы құрылғымен ойнауға рұқсат етпеңіз.
Балаларға ересектер қадағалауынсыз тазалау және алдын алу қызметі үшін орындалатын әрекеттерді орындауға рұқсат етпеңіз.
Құрылғыны балалардың пайдалануына жол бермеу керек.
Балаларды құрылғыдан және байланыс кабелінен аулақ ұстаңыз.
▶ Тек қана зақымдалған құрылғыны пайдаланыңыз. ▶ Құрылғыны ешқашан сызылған немесе бұзылған беттермен пайдаланбаңыз. ▶ Құрылғыны электр желісінен ажырату үшін желілік кабельден тартуға тыйым салынады. Желіге қосу кабелін ашасынан тартыңыз.
Қауіпсіздік
▶ Құрылғы немесе желілік кабель зақымданған жағдайда, желі кабелінің ашасын розеткадан дереу шығарып алыңыз немесе сақтандырғыш блогындағы сақтандырғышты өшіріңіз. ▶ Қолдау көрсету қызметіне хабарласыңыз. →Бет 184 - Бұйымды тек қана бұйым такташасында көрсетілген мәліметтер бойынша іске қосып қолданыңыз. ▶ Құрылғыны сыртқы қосқышпен, мысалы, таймермен немесе қашықтан басқару пультімен жабдықтауға тыйым салынады. ▶ Құрылғыдағы жөндеу жұмыстарын тек білікті мамандар орындай алады. ▶ Құрылғыны жөндеу үшін тек түпнұсқа бөлшектері ғана пайдаланылуы мүмкін. ▶ Осы бұйымның желі кабелі бұзылып зақымданған күйде болса, қауіптердің пайда болуын болдырмау үшін, оның шығарушы немесе техникалық қызмет көрсету орталығының маманы арқылы, немесе осыларға ұқсас арнайы білімі бар адам тарапынан ауыстырылуы қажет. ▶ Құрылғыны немесе желіге қосу сымын ешқашан суға батырмаңыз немесе ыдыс жуғыш машинаға салмаңыз. ▶ Құрылғыны тек жабық бөлмелерде пайдаланыңыз. ▶ Құрылғыға қатты жылудың немесе ылғалдың тиюіне жол бермеңіз. ▶ Құрылғыны тазалау үшін булап тазартқыш немесе жоғары қысымды булап тазартқышты пайдаланбаңыз. ▶ Еш жағдайда желі кабелін ыстық құрылғы бөліктеріне немесе жылу көздеріне тигізбеңіз. Желі кабелін өткір ұштарға немесе шеттерге тигізбеңіз. Желі кабелін бүкпеңіз, баспаңыз немесе өзгертпеңіз. ▶ Еш жағдайда құрылғыны ыстық беттердің үстіне немесе жанына қоймаңыз. ▶ Қол, шаш, киім мен басқа да жабдықтарды айналып тұрған бөліктерден алыс ұстаңыз. ▶ Саптамаларды жетек тоқтағанда және құрылғы өшірілгенде ғана енгізуге және шығарып алуға болады. ▶ Толтыру науасына қол сұқпаңыз. ▶ Таптаушыны тек ингредиенттерді салу үшін пайдаланыңыз.
- Сызаттары немесе басқа да зақымдары бар немесе дұрыс тұрмаған бөліктерді түпнұсқа қосалқы бөліктермен алмастырыңыз. ▶ Саптамаларды ешқашан негізгі блокта құрастырмаңыз. ▶ Саптамаларды тек толық құрастырылған күйде пайдаланыңыз.
- Еш жағдайда өткір пышақ пен жиектерге жалаң қолмен тимеңіз. ▶ Орама материалды балалардан алыс ұстаңыз. ▶ Балаларға орам материалдарымен ойнауға рұқсат етпеңіз. ▶ Кіші бөлшектерді балалардан алыс ұстаңыз. ▶ Балаларға кіші бөлшектерді ойнауға рұқсат етпеңіз. ▶ Тазалау бойынша нұсқауларға назар аударыңыз.
- Ас өнімдерімен жанасатын беттерді әр пайдалану алдында тазалау керек.
Материалдық залалдың алдын алу
▶ Құрылғыны ешқашан 10 минуттан артық үздіксіз пайдаланбаңыз. Содан кейін құрылғыны өшіріп, бөлме температурасында суытыңыз. ▶ Еш жағдайда құрылғыны бос жүріс күйінде пайдаланбаңыз. ▶ Толтыру науасына немесе корпусқа ас қасық сияқты ешқандай заттар салмаңыз. ▶ Пайдаланбас бұрын толтыру науасы мен корпуста бөгде заттардың бар-жоғын тексеріп шығыңыз.
Танысу
Шолу
Жеткізіп алған соң барлық бөлшектерді тасымалдау зақымдарын және жинақ толығына тексеріңіз.
→ Сурет 1
| A | Herizgi блок |
| B | Ет тарткыш кондырмасы |
| C | Шужык толтырғыш саптама |
1 Үлгіге байланысты 2 Арнайы керек-жарақтар
| D | Кеббе саптамасы 1 |
| E | Тазалау қылшағы 1 |
| F | Печенье қондырғысы 2 |
| G | Үккіш саптама 1 → "Үккіш саптама", Бет181 |
| 1 | Тасымалдауға арналған түтқа қаптары |
| 2 | Айналмалы ажыратқыш |
| 3 | Саптамаларға арналған бекіткіш және жетек |
| 4 | Босату түймесі |
| 5 | Сақтау ұяшығына арналған қақпак |
| 6 | Саңылаулы дискілерге арналған сақтау ұяшығы |
| 7 | Кабельді сақтау орны |
| 8 | Толтыру табағы |
| 9 | Бұрандалы сақина |
| 10 | Ірі саңылаулы диск |
| 11 | Пышақ |
| 12 | Муфтасы бар шнек |
1 Үлгіге байланысты 2 Арнайы керек-жарақтар
kk Баскару
| 13 | Металл камералы корпус |
| 14 | Орташасанылаулыдиск 1 |
| 15 | Ыкшамсанылаулыдиск 1 |
| 16 | Сактау ¥яшығы мен қакпағы бартаптауыш |
| 17 | Шужық толтырғыш шүмек |
| 18 | Шужық толтырғышқа арналғанмойынтірек сақинасы |
| 19 | Қалып |
| 20 | Қалып ұстағышы |
1 Үлгіге байланысты
2 Арнайы керек-жарақтар
Айналмалы ажыратқыш
| Танба Функция | |
| max | Ингредиенттерді ең жоғары жылдамдықпен өндеу. |
| min | Ингредиенттерді төменірек жылдамдықпен өндеу. |
| ○ | Өндеуді токтату. |
| ∅ | Тұрып қалған ас өнімдерін кері айналдыру функциясының көмегімен босату. |
Кері айналдыру функциясы
Кері айналдыру функциясы тұрып қалған ас өнімдерін шнекті қысқа уақытта кері айналдыру арқылы босатуға арналған.
→ "Ақауларды жою", Бет 183
Жазба: Кері айналдыру функциясын ет тартқыш саптамамен ғана пайдаланыңыз.
Қауіпсіздік жүйесі
Артық жүктемеден қорғаныс
Артық жүктемеден қорғаныс қозғалтқыш пен басқа құрамдас бөліктердің жоғары жүктемеден зақымдалуына жол бермейді.
→ "Ақауларды жою", Бет 183
Жылу ажыратқышы
Қозғалтқышқа артық жүктеме түскен немесе ол тым қатты қызып кеткен жағдайда, жылу ажыратқышы құрылғыны өшіреді.
Белгіленген сындыру орны
Шнек бұғатталған немесе оған артық жүктеме түскен жағдайда, муфта арнайы белгіленген сындыру орнында сынады.
Қайта іске қосылудан қорғаныс
Қайта іске қосылудан қорғаныс құрылғыға ток берілуі үзілгеннен кейін өңдеуді өздігінен бастауға жол бермейді.
Құрылғы ток берілуі үзілгеннен кейін қайта қосылады. Өңдеуді тек айналмалы ажыратқышты 〇 позициясына қойғаннан кейін қайтадан іске қосуға болады.
Бақылау
Құрылғы мен бөліктерді алғаш рет қолданар алдында тазалау
- Ас өнімдерімен жанасатын барлық бөліктерді алғаш рет пайдаланбас бұрын тазалап шығыңыз.
- Тазаланған және кептірілген бөліктерді пайдалануға дайындап қойыңыз.
Негізгі блокты дайындау
→ Сурет. 2 - 3
Ет тартқыш саптаманы құрастыру
→ Сурет. 4 - 7
Саптаманы орнату
→ Сурет. 8 - 11
Жылдамдық ұсыныстары
Реттеу Пайдалану
| min/max | Ет тарткыш саптама (3 мм, 4,5 мм, 8 мм саңылаулы дискілер) |
| max | Шужық толтырғыш саптама |
| max | Кеббе саптамасы |
Саңылаулы дискілер

Жазба: Ірі пышакты тор тауық сүйектерін өңдеуге арналған.
Ас өнімдерін өңдеу
→ Cyp. 12 - 18
Қосымша қолдану түрлері
Қосымша қолдану түрлері үшін керек-жарақтарды ет тартқыш саптаманың бөлшектерімен киыстыруға болады.
Жазба: Саптаманы өзіңіз қалайтын қолданыс түрі үшін құрастырыңыз.
Дайындалған саптаманы ет тартқыш саптама үшін сипатталғандай қолданыңыз.
→ "Саптаманы орнату", Бет 180
→ "Ас өнімдерін өңдеу", Бет 181
Шұжық толтырғыш саптаманы құрастыру
Шұжық толтырғыш саптама жасанды және табиғи қабықшаларды етпен толтыру және орамаларды (мысалы, чевапчичи) жасау үшін жарамды.
→ Cyp. 19 - 22
Кеббе саптамасы қамырдан немесе тартылған еттен қалталар жасау үшін жарамды.
→ Cyp. 23 - 25
Печенье қондырғысын құрастыру
Печенье қондырғысы печеньеге арналған қамырды немесе дәмделген үгілмелі қамырды жасауға арналған.
→ Cyp. 26 - 29
Үккіш саптама
Үккіш саптама ас өнімдерін (мысалы, ірімшік, жеміс, көкөніс, жаңғақ, бадам немесе құрғатылған нан) үгу, ұсату және турау үшін жарамды.
Шолу
→ Cyp. 30
G Үккіш саптама 1 1 Барабан ендірмелеріне арналған құлып 2 Үккіш саптамаға арналған корпус 3 Үккіш саптамаға арналған таптауыш 4 Ұсатқыш барабан 5 Кескіш барабан 6 Ірі үккіш барабан 7 Ықшам үккіш барабан
1 Үлгіге байланысты
Жылдамдық ұсыныстары
Реттеу Пайдалану
Ұсатқыш барабан Ас өнімдерін ұсату, мысалы, жаңғақ, қатты ірімшік, картоп.

Кескіш барабан Ас өнімдерін тілімдеп кесу, мысалы, қияр, сәбіз, қызылша.

Ірі үккіш барабан Ас өнімдерін ірі тілімдерге үгу, мысалы, алма немесе сәбіз сияқты жемістер мен көкөністер; гауда немесе эдам ірімшігі сияқты ірімшік.

Ықшам үккіш барабан
Тазалауға шолу
Ас өнімдерін ұсақ тілімдерге үгу, мысалы, алма немесе сәбіз сияқты жемістер мен көкөністер; гауда немесе әдам ірімшігі сияқты ірімшік.
Жазбалар
■ Барабан өндірмелері өте жұмсақ немесе өте талшықты ас өнімдерін өңдеуге жарамайды. ■ Үздіксіз жұмыс уақыты 2 минутты құрайды.
Уккіш саптаманы пайдалану
→ Сурет 31 - 40
Тазалауға шолу
Қалдықтар кеуіп қалмауы үшін, жұмысты аяқтағаннан кейін барлық бөлшектерді бірден тазалап шығыңыз.
▶ Құрамында спирт немесе алкоголь бар тазалау құралдарын пайдаланбаңыз. ▶ Өткір, үштық немесе металды заттарды пайдаланбаңыз. ▶ Ешқандай сырғыш шүберектерді немесе тазалағыш құралдарды пайдаланбаңыз.
Жазба: Мына бөлшектерді ешқашан ыдыс-аяқ жуу машинасында тазаламаңыз: металл камералы корпус, бұрандалы сақина және шнек. Аталмыш бөлшектерді тазалағыш құралдармен және 40°C-тан ыстық сумен тазалаған жағдайда, бөлшектердің беткі жалтыры өзгеруі мүмкін. Бұл бөлшектердің жұмысына әсер етпейді.
Бөлек бөлшектерді, кестеде көрсетілгендей тазалаңыз.
→ Сурет 41
Бөлшектерді сақтау
- Ет тартқыш саптаманың кептірілген керек-жарақтарын тазалағаннан кейін таптауштың сақтау ұяшығында сақтаңыз. → Сурет 42
- Саңылаулы дискілерді сақтау үшін негізгі блоктың жоғарғы жағындағы сақтау ұяшығының қақпағын алып тастаңыз. Саңылаулы дискілерді арнайы ұстағыштарға қойып, қақпақты қайта жабыңыз.
Өндеу бойынша нұсқаулар және қолдану мысалдары
Өндеу бойынша нұсқаулар: Ет тартқыш саптама
■ Барлық саңылаулы дискілер шикі етті өндеуге арналған. Ет пен ірі ас өнімдерін толтыру науасына салу мүмкін болуы үшін, оларды тілімдеп тураңыз.
Шұжық толтырғыш саптама
■ Шұжық толтырғыш саптамамен тек ұсақ майдаланған ас өнімдерін өндеңіз. ■ Табиғи ішек қабықшасын өндеу алдында 10 минут бойы жылы суда жібітіп алыңыз. ■ Шұжық қабықшасын "тығыз" толтырмаңыз, себебі шұжықтар қайнату немесе қуыру кезінде жарылуы мүмкін.
Рецепт мысалы
Осы бөлімде құрылғыңыз үшін арнайы әзірленген рецепт мысалы берілген.
Ұнтақталған жержаңғақ
Ингредиенттер
■ 1500-2000 г балғын, шикі жержаңғақ. Дайындау:
- Ет тартқыш саптаманы ықшам саңылаулы дискімен бірге дайындап, орнатыңыз.
■ Жержаңғақты толтыру табағына салыңыз.
■ Айналмалы ажыратқышты max позициясына қойыңыз.
- Өңдеу барысында жержаңғақты толтыру науасына біркелкі салып, таптауышпен итеріп тұрыңыз.
Бүкіл мөлшерді 2 минут бойы өңдеңіз.
Жазба: Ұсынылатын үздіксіз жұмыс уақыты 2 минутты құрайды.
Кеңес: Салаттарды, тұздықтарды және басқа тағамдарды үнтақталған жержаңғақпен дәмдеңіз немесе оларды қытырлақ жержаңғақ майын дайындау үшін пайдаланыңыз.
■ Үнтақталған жержаңғақтарды жұқа пышакты тормен тағы екі рет өңдеңіз. ■ Әрбір 100 г жержаңғақ үшін 10 мл жержаңғақ майы немесе өсімдік майын қосыңыз. ■ Қоспаны крем тәрізді болғанша бұлғауышпен араластырыңыз.
■ Дайын жержаңғақ майын тікелей нанға жағыңыз немесе оны дәмдеуіш ретінде қолданыңыз.
- Қосымша рецептерді онлайн алу үшін келесі QR кодын сканерлеңіз.

Ақаулық Ақаулардың себебі және оларды жою
| Құрылғы өңдеуді бастамайды. | Айналмалы ажыратқыш қате реттелген.► Айналмалы ажыратқышты өңдеу алдында 〇 позициясына қойыңыз. |
| Негізгі блок жұмыс істеп түрса да, ас өнімдері өңделмейді. | Ас өнімдері тұрып қалды және саптаманы бұғаттап қойды.Жазба:Кері айналдыру функциясын ет тартқыш қондырмасымен ғана пайдаланыңыз.1. Айналмалы ажыратқышты 〇 позициясына қойып, құрылғы токтағанша күтіңіз.2. Кері айналдыру функциясын іске қосу және тұрып қалған ас өнімдерін босату үшін айналмалы ажыратқышты бірнеше секундқа ̃ позициясына қойыңыз.3. Құрылғы токтағанша күтіңіз.4. Айналмалы ажыратқышты min позициясына қойып, ас өнімдерінің қайтадан қалыпты өңделіп жатқанын тексеріңіз.Жазба:Бұл әдіс ақауды жоюға көмектеспесе, төмендегі қадамдарды орынданыз.1. Айналмалы ажыратқышты 〇 позициясына қойып, құрылғы токтағанша күтіңіз.2. Саптаманы шығарып, бөлшектеңіз.3. Тұрып қалған ас өнімдерін алып тастаңыз және сүйек, сіңір немесе басқа қатты бөліктер саптамада немесе ас өнімдерінде болмағанын тексеріңіз. |
| Ақаулық Ақаулардың себебі және оларды жою | |
| Негізгі блок жұмыс істеп түрса да, ас өнімдері өндөлмейді. | Шнек муфтасына артық жүктеме түсті және ол белгіленген сындыру орнында сынды.Жазба: Белгіленген сындыру орны бар қосалқы бөлшектер біздің кепілдік бойынша міндеттемелерімізге кірмейді. Жаңа муфта қызмет көрсету орталығында 10029225 тапсырыс нөмірі бойынша қолжетімді.1. Бұранданы босатып, ақаулы муфтаны шығарыңыз.→ Сур.442. Жаңа муфтаны енгізіп, бұрап бекітіңіз.→ Сур.45 |
| Құрылғы өңдеу кезінде өшіп қалады. | Қозғалтқыш қатты қызып кетті.1. Айналмалы ажыратқышты 〇 позициясына қойып, құрылғы токтағанша қүтіңіз.2. Артық жүктемеден қорғанысты ажырату үшін құрылғыны суытыңыз. |
Ескі құрылғыны кәдеге жарату
- Желіге қосу кабелінің ашасын тартыңыз.
- Желіге қосу сымын ажыратыңыз.
- Құрылғыны қоршаған ортаны сақтайтын жолмен кәдеге жаратыңыз. Ағымдағы кәдеге жарату жолдары туралы мәліметтерді мамандандырылған дүкеннен және қоғамдық немесе қалалық әкімшіліктен біліп алыңыз.

Бұл тоңазытқыш Электр және электроникалық құралдардың қалдықтарына (WEEE) қатысты 2012/19/EU (ЕО) Еуропа заңнамасына сәйкес келетін таңбасымен белгіленген. Бұл заңнама Еуропада құралдардың қалдықтарын қайтып алуын және қоршаған ортаны қорғап кәдеге жаратуын реттейді.
Сервистік қызмет көрсету
Сіздің еліңіздегі кепілдік мерзімі мен шарттары жөніндегі толық ақпаратты қызмет көрсету орталығынан, сауда бөлімінен немесе біздің веб-сайттан алуыңызға болады. Мүшелер қызметінің хабарласу деректерін жинақтағы мүшелер қызметінің тізімінде немесе біздің веб-торабымызда табасыз. Импорттаушы/ Сапа шағымдарын қабылдайтын ұйым: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Қажы Мұқан көш, 22/5, 7 қабат e-mail: ala-infokz@bshg.com Құрылғының қызмет ету мерзімі – 7 жыл. Ақаулық анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасы аумағында 5454 сервистік байланыс орталығына қоңырау шалыңыз (тек ұялы телефондар үшін). Қытайда жасалған
Тасымалдау.