GBG 6020 Professional - жонғыш BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз GBG 6020 Professional BOSCH PDF форматында.

BOSCH GBG 6020 Professional - жонғыш
📄 167 бет Қазақша KK Жүктеу 💬 ЖИ сұрағы 10 сұрақтар ⚙️ Сипаттамалар
Notice BOSCH GBG 6020 Professional - page 99
Pick your language and provide your email: we'll send you a specifically translated version.
Өнім түрі Тегістеу дөңгелегі (тегістеу)
Бренд Bosch
Модель GBG 6020 Professional
Өлшемдері (Ұ x Е x Б) Шамамен 400 x 300 x 300 мм
Салмағы 16,5 кг
Қуат көзі 230 В, 50/60 Гц
Номиналды тұтынылатын қуат 600 Вт
Берілетін қуат (50 Гц) 420 Вт
Бос жүріс айналым (50 Гц) 3000 мин⁻¹
Бос жүріс айналым (60 Гц) 3600 мин⁻¹
Дөңгелек диаметрі 200 мм
Дөңгелек ені 25 мм
Дөңгелек тесігі 32 мм
Дөңгелек түйіршіктілігі 24/60
Біліктің жіпі M12
Қызмет түрі S2 (60 мин)
Қорғаныс дәрежесі IP20 (бағалау)
Дыбыс қысымы деңгейі 93 дБ(А)
Дыбыс қуаты деңгейі 99 дБ(А)
Негізгі функциялар Металдарды қайрау, тегістеу, жылтырату
Қауіпсіздік элементтері Қорғаныс қақпағы, ұшқын өшіргіш, тірек тақтасы, Қосу/Өшіру қосқышы
Күтім және тазалау Желдету саңылауларын жүйелі түрде тазалау, кабельді тексеру, тозған дөңгелектерді ауыстыру
Қосалқы бөлшектер қолжетімді Дөңгелектер, қысу гайкалары, фланецтер, қақпақ, ұшқын өшіргіш, тірек тақталары
Сатудан кейінгі қызмет Bosch SAV : 09 70 82 12 26 (Франция), sav.outillage-electroportatif@fr.bosch.com

Жиі қойылатын сұрақтар - GBG 6020 Professional BOSCH

Bosch GBG 6020 Professional тегістеу дөңгелегінің қуаты қандай?
Номиналды тұтынылатын қуат 600 Вт құрайды. Берілетін қуат 420 Вт (50 Гц) немесе 430 Вт (60 Гц).
GBG 6020-де дөңгелекті қалай ауыстыруға болады?
Құралды ажыратыңыз, қақпақты (1) алыңыз, білікті (5) жазық кілтпен (9) бекітіңіз, қысу гайкасын (2) бұрап алыңыз (сол жақта сол жақ бұранда), содан кейін дөңгелекті ауыстырыңыз. Кері ретпен жинаңыз.
Құрылғының айналу жылдамдығы қандай?
Бос жүріс жылдамдығы 50 Гц үшін 3000 мин⁻¹ және 60 Гц үшін 3600 мин⁻¹.
Қандай дөңгелек түрлерін қолдана аламын?
Диаметрі 200 мм, ені 25 мм, тесігі 32 мм дөңгелектерді қолданыңыз. Түйіршіктілігі 24/60. Күрделі металл үшін кремний карбиді C дөңгелектерін қолданыңыз.
Ұшқын өшіргіш пен тірек тақтасын қалай реттеуге болады?
Тірек тақтасы (12) немесе ұшқын өшіргіш бекіткіші (10) мен дөңгелек арасындағы қашықтық 2 мм аспауы керек. Бұрандаларды босатып, реттеңіз.
Негізгі қауіпсіздік шаралары қандай?
Әрқашан қорғаныс көзілдірігін және есту қорғанысын киіңіз. Қолыңызды айналмалы дөңгелекке жақындатпаңыз. Ұшқын өшіргіштің төмен түсірілгенін тексеріңіз. Кез келген реттеу алдында құралды ажыратыңыз.
Бұл тегістеу дөңгелегімен күрделі металл құралдарын қайрай аламын ба?
Иә, күрделі металл бөлшектерін қайрау үшін кремний карбиді C дөңгелектерін (керек-жарақ) қолданыңыз.
Құралды қалай тазалау және күту керек?
Желдету саңылауларын таза ұстаңыз. Қуат кабелін жүйелі түрде тексеріңіз. Ұшқын өшіргішпен арақашықтықты 2 мм-ден аз етіп реттеу мүмкін болмаған кезде дөңгелектерді ауыстырыңыз.
GBG 6020 үшін қосалқы бөлшектерді қайдан табуға болады?
Қосалқы бөлшектер Bosch компаниясында немесе www.boschpt.com сайтында қолжетімді. Bosch SAV-ге 09 70 82 12 26 (Франция) нөмірі бойынша хабарласыңыз.
Тегістеу дөңгелегінің салмағы қандай?
Салмағы EPTA 01:2014 процедурасы бойынша 16,5 кг.

Пайдаланушылардың сұрақтары туралы GBG 6020 Professional BOSCH

0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.

Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою

Электрондық поштаңыз құпия сақталады: ол тек біреу сұрағыңызға жауап берсе, сізге хабарлау үшін қолданылады.

Әзірге сұрақтар жоқ. Бірінші болып сұраңыз.

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз жонғыш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз GBG 6020 Professional - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. GBG 6020 Professional брендінің BOSCH.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ GBG 6020 Professional BOSCH

Еуразия экономикалық одағына (Кеден одағына) мүше мемлекеттер аумағында қолданылады

Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану құжаттарының құрамында пайдалану жөніндегі осы нұсқаулық, сонымен бірге қосымшалар да болуы мүмкін. Сәйкестікті растау жайлы ақпарат қосымшада бар. Өнімді өндірген мемлекет туралы ақпарат өнімнің корпусында және қосымшада көрсетілген. Өндірілген мерзімі Нұсқаулық мұқабасының соңғы бетінде көрсетілген. Импортерге қатысты байланыс ақпарат өнім қаптамасында көрсетілген.

Өнімді пайдалану мерзімі

Өнімнің қызмет ету мерзімі 7 жыл. Өндірілген мерзімнен бастап (өндіру күні зауыт тактайшасында жазылған) істетпей 5 жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз (сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды. Көрсетілген қызмет ету мерзімі тұтынушы аталмыш нұсқаулықтың талаптарын орындаған жағдайда ғана жарамды болады.

Істен шығу себептерінің тізімі

  • көп ұшқын шықса, пайдаланбаңыз
  • қатты діріл кезінде пайдаланбаңыз
  • ток сымы бұзылған немесе оқшаулаусыз болса, пайдаланбаңыз – өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз

Пайдаланушының мүмкін қателіктері

– тұтқасы мен корпусы бұзылған болса, өнімді пайдаланбаңыз - жауын-шашын кезінде сыртта пайдаланбаңыз - корпус ішіне су кірсе құрылғыны қосушы болмаңыз

Шекті күй белгілері

  • ток сымының тозуы немесе зақымдануы
  • өнім корпусының зақымдалуы

Қызмет көрсету түрі мен жиілігі

- Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.

Сактау

  • Құрғақ жерде сақтау керек – жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің әсерінен алыс сақтау керек – сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан қорғау керек.
  • Орамасыз сақтау мүмкін емес – сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін МЕМСТ 15150 (шарт 1) құжатын қараңыз.

+5-ден +40 °C-қа дейін температурасында қоймада өндірушінің қаптамасында сақтаңыз. Салыстырмалы ылғалдылық 80 %-дан аспауы тиіс.

Тасымалдау

  • Тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады – босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды пайдалануға рұқсат берілмейді.
  • Тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ 15150 (5 шарт) құжатын оқыңыз.
  • Қоршаған орта температурасы -50 °C-тан +50 °C-қа дейін тасымалдау рұқсат етілген. Салыстырмалы ылғалдылық 100 %-дан аспауы тиіс.

Қауіпсіздік нұсқаулары

Электр құралдары үшін жалпы қауіпсіздік нұсқаулары

ЕСКЕРТУ

Осы электр құралының жинағындағы ескертулерді,

нұсқауларды, суреттерді және сипаттамаларды оқыңыз. Барлық техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын орындамау токтың соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін.

Болашақ жұмыстар үшін қауіпсіздік нұсқаулықтары мен ескертпелерді сақтап қойыңыз.

Қауіпсіздік нұсқаулықтарында пайдаланылған электр құрал атауының желіден қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі бар) және аккумулятордан қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі жоқ) қатысы бар.

Жұмыс орнының қауіпсіздігі

Жұмыс орнын таза және жарық ұстаңыз. Ластанған және қараңғы жайларда сәтсіз оқиғалар болуы мүмкін. Электр құрылғысын жарылатын атмосферада пайдаланбаңыз, мысалы, жанатын сұйықтық, газ немесе шаң бар болғанда. Электр құралы ұшқындарды жасайды, ал олар шаң немесе буларды жандыруы мүмкін. Балалар мен бақылаушыларды электр құралынан алыс ұстаңыз. Алданулар бақылау жоғалуына алып келуі мүмкін. Жабдық тұрмыстық жағдайларда, коммерциялық аймақтарда және қоғамдық жерлерде, зиянды және қауіпті өндірістік факторлар жоқ кіші электр тұтынуы бар өндірістік аймақтарында жұмыс істеу үшін арналған.

Электр қауіпсіздігі

Электр айырлары розеткаға сай болуы тиіс. Айырды ешқашан ешқандай тәрізде өзгертпеңіз. Жерге қосылған электр құралдарымен адаптер айырларын пайдаланбаңыз. Өзгертілмеген айырлар мен сәйкес розеткалар электр тұйықталуының қауіпін төмендетеді.

▶ Құбырлар, радиаторлар, плиталар мен суытқыштар сияқты жерге қосылған беттерге тимеңіз. Денеңіз

100|Қазақ

жерге қосылған болса жоғары ток соғу қауіпі пайда болады.

Электр құралдарды жаңбырда немесе ылғалды қоршауда пайдаланбаңыз. Электр құралына кірген су ток соғу қауіпін жоғарылатады. Кабельді тиісті болмаған ретте пайдаланбаңыз. Кабельді электр құралын тасу, көтеру немесе токтан шығару үшін пайдаланбаңыз. Кабельді ыстықтық, май, өткір қырлар және жылжымалы бөлшектерден алыс ұстаңыз. Зақымдалған немесе бытысып кеткен кабель ток соғу қауіпін жоғарылатады. Электр құралын сыртта пайдаланғанда сыртқы жайлар үшін сай кабельді пайдаланыңыз. Сыртта пайдалануға жарамды кабельді пайдалану ток соғу қауіпін төмендетеді. ▶ Егер электр құралын ылғалды жерде пайдалану керек болса, онда қорғайтын өшіру құрылғысы (RCD) арқылы қорғалған ток желісін пайдаланыңыз. RCD пайдалану ток соғу қауіпін төмендетеді.

Жеке қауіпсіздік

Электр құралын пайдалануда абай болыңыз, жұмысыңызды бақылаңыз және парасатты пайдаланыңыз. Электр құралын шаршаған кезде немесе есірткі, алкоголь немесе дәрі әсер еткен кезде пайдаланбаңыз. Электр құралын пайдалану кезінде аңсыздық ауыр жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін. Жеке қорғайтын жабдықтарды пайдаланыңыз. Әрдайым көз қорғанысын тағыңыз. Шаң маскасы, сырғанамайтын қауіпсіздік аяқ киімдері, шлем немесе есту қорғаныштары сияқты қорғағыш жабдықтарды тиісті жағдайларда қолданып, жеке жарақаттануларды кемейтеді. Кездейсоқ іске қосылудың алдын алу. Ток көзіне және/немесе батареялар жинағына қосудан алдын, құралды көтеру немесе тасудан алдын өшіргіш өшік күйде болуына көз жеткізіңіз. Электр құралын саусақты өшіргішке қойып тасу немесе қосқышы қосулы электр құралын тоққа қосу сәтсіз оқиғаға алып келуі мүмкін. Электр құралын қосудан алдын келген реттеу сынасын немесе кілтті алып қойыңыз. Электр құралының айналатын бөлігінде қалған кілт немесе сына жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін. Көп күш істетпеңіз. Әрдайым тиісті таяныш пен тең салмақтылықты сақтаңыз. Бұл күтілмеген жағдайларда электр құралдың бақылануын сақтайды. ▶ Тиісті киім киіңіз. Бос киім мен әшекейлерді кимеңіз. Шашыңыз бен киімдерді жылжымалы бөлшектерден алыс ұстаңыз. Бос киімдер, әшекейлер немесе ұзын шаш жылжымалы бөлшектер арқылы тартылуы мүмкін. ▶ Егер шаң шығарып жинау жабдықтарына қосу құрылғылары берілген болса, онда олар қосулы

болуына және тиісті ретте қолдануына көз жеткізіңіз. Шаң жинауды пайдалану шаңға байланысты зияндарды кемейтеді.

Аспаптарды жиі пайдаланып жақсы білгеннен соң масайрап кетпей қауіпсіздік принциптерін елемей отырмаңыз. Абайсыз әрекет секунд ішінде ауыр жарақаттануға алып келуі мүмкін. НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Энергиямен жабдықтаудың толықтай не жекелей тоқтатылуы немесе энергиямен жабдықтауды басқару тізбегінің ақаулануы салдарынан электр құралының жұмысында кідіріс пайда болған жағдайда, бұғатталмағандығына көз жеткізіп (болған жағдайда) барып, ажыратқышты Выкл. (Өшіру) қалпына келтіріңіз. Желілік ашаны розеткадан шығарыңыз немесе алып – салмалы аккумуляторды ажыратыңыз. Осы әрекет арқылы бақыланбайтын қайта іске қосылудың алдын аласыз. Аталмыш пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес білікті қызметкерлер құрамына электр құралын реттеу, монтаждау, қолданысқа енгізу және оған қызмет көрсету әрекеттерімен таныс тұлғалар жатады. Электр құралымен жұмыс істеуге 18 жасқа толған, техникалық сипаттаманы, пайдалану жөніндегі нұсқаулықты және қауіпсіздік ережелерін оқып шыққан тұлғаларға рұқсат етіледі. Дене, сезім немесе ақыл-ой қабілеттері шектеулі немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдар олардың қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаның бақылауында болмаса немесе электр құралын пайдалану бойынша нұсқау алмаған болса, бұйымды пайдаланбауы тиіс.

Электр құралдарын пайдалану және күту

▶ Куралды аса көп жүктемеңіз. Жұмысыңыз үшін жарамды электр құралын пайдаланыңыз. Жарамды электр құралымен керекті жұмыс аймағында дұрыс әрі сенімді жұмыс істейсіз. Ажыратқышы дұрыс емес электр құралын пайдаланбаңыз. Қосуға немесе өшіруге болмайтын электр құралы қауіпті болып, оны жөндеу қажет болады. Жабдықтарды реттеу, бөлшектерін алмастыру немесе электр құралдарын қоймаға қою алдында, ашаны қуат көзінен ажыратыңыз және/немесе аккумуляторы алмалы-салмалы болса, оны электр құралынан алып тастаңыз. Бұл сақтық әрекеті электр құралдың байқаусыз қосылуына жол бермейді. ▶ Пайдаланылмайтын электр құралдарды балалар қолы жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған адамдарға бұл құралды пайдалануға жол бермеңіз. Тәжірибесіз адамдар қолында электр құралдары қауіпті болады. Электр құралдарын мен керек-жарақтарын ұқыпты күтіңіз. Қозғалмалы бөлшектердің кедергісіз істеуіне және кептеліп қалмауына, бөлшектердің

ақаусыз немесе зақымдалмаған болуына, электр құралының зақымдалмағанына көз жеткізіңіз.

Зақымдалған бөлшектері бар құралды пайдаланудан алдын жөндеңіз. Электр құралдарының дұрыс күтілмеуі жазатайым оқиғаларға себеп болып жатады.

Кескіш аспаптарды өткір және таза күйде сақтаңыз. Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір кескіш аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай бағытталады. Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай пайдаланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз. Электр құралдарын арналмаған жұмыстарда пайдалану қауіпті. ▶ Қолтұтқалар мен қармау беттерін құрғақ, таза және май мен ластан таза ұстаңыз. Сырғанақ қолтұтқалар мен қармау беттері күтілмеген жағдайларда сенімді қолдану мен бақылауға жол бермейді.

Қызмет көрсету

Электр құралына маманды жөндеуші тек бірдей қосалқы бөлшектермен қызмет көрсетуі керек. Бұл электр құралының қауіпсіздігін сақталуын қамтамасыз етеді.

Тегістеу білтегінің қауіпсіздік нұсқаулары

Зақымдалған керек-жарақтарды пайдаланбаңыз. Әр пайдаланудан алдын абразивті дискі сияқты керек-жарақтарды сынық пен жарықтарға тексеріңіз. Керек-жарақтарды тексеріп орнатудан соң, өзіңізді және басқа адамдарды айналып тұрған керек-жарақтар аймағынан алыстатып, электр құралын максималды жүктеусіз жылдамдықпен бір минут айналдырыңыз.

Зақымдалған керек-жарақтар әдетте сынақ уақытында сынады.

Жұмыс құралы айналымдарының үйғарынды саны электр құралында көрсетілген максимальды айналымдар санына тең болуы керек. Есептелген жылдамдығынан тезірек істеп тұрған керек-жарақтар сынуы, ұшып кетуі мүмкін. Ажарлау дискісінің бүйірлік жақтарымен ажарламаңыз. Жанымен ажарлау дискіні сындыруы немесе лақтыруы мүмкін.

Қорғаныш көзілдірікті киіңіз.BOSCH GBG 6020 Professional - Тегістеу білтегінің қауіпсіздік нұсқаулары - 1

▶ Құрал толық тоқтағаныша оны ешқашан қалдырмаңыз. Әлі айналып тұрған алмалы-салмалы аспаптар жарақаттануларға алып келуі мүмкін. Пайдаланылмайтын электр құралы мен керек-жарақтарды сенімді жерде сақтаңыз. Сақтау орны құрғақ болуы және жабылуы тиіс. Осылайша электр құралының сақтау кезінде зақымдалуына немесе

тәжірибесіз адамдардың тарапынан пайдаланылуына жол бермейсіз.

Кабельді жүйелі түрде тексеріп, зақымдалған кабельді тек Bosch электр құралдарының өкілетті сервистік қызметіне жөндетіңіз. Зақымдалған ұзартқыш кабелін алмастырыңыз. Сол арқылы электр құралының қауіпсіздігін сақтайсыз. Электр құралын тиісті тәртіппен жерге қосылған ток желісіне жалғаңыз. Розетка мен ұзартқыш кабельде ақаусыз қорғаныш сымы болуы қажет. Жұмыс орнын таза ұстаңыз. Материал қоспалары өте қауіпті. Жеңіл металл шаңы жанып жарылуы мүмкін. ▶ Ажарлау құралын соққы, қағылу мен майдан қорғаңыз.

Белгілер

Төмендегі белгілер электр құралды пайдалануда маңызды болуы мүмкін. Белгілер мен олардың мағыналарын жаттап алыңыз. Белгілерді дұрыс түсіну сізге электр құралын дұрыс әрі сенімді пайдалануға көмектеседі.

Белгілер мен олардың мағынасы

BOSCH GBG 6020 Professional - Белгілер мен олардың мағынасы - 1

Электр құралы айналып тұрғанда, ажарлағыш дискінің аймағына қол сұқпаңыз. Ажарлағыш дискіге тию нәтижесінде жарақат алу қаупі туындайды.

BOSCH GBG 6020 Professional - Белгілер мен олардың мағынасы - 2

Құлақ қорғанысын тағыңыз. Шуыл әсерінен есту қабілетіңіз зақымдалуы мүмкін.

BOSCH GBG 6020 Professional - Белгілер мен олардың мағынасы - 3

Қорғаныш көзілдірікті киіңіз.

BOSCH GBG 6020 Professional - Белгілер мен олардың мағынасы - 4

Шаңнан қорғайтын масканы киіңіз.

BOSCH GBG 6020 Professional - Белгілер мен олардың мағынасы - 5

Қорғаныш қолғапты киіңіз.

Өнім және қуат сипаттамасы

BOSCH GBG 6020 Professional - Өнім және қуат сипаттамасы - 1

Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға алып

келуі мүмкін.

102|Қазақ

Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін ескеріңіз.

Максаты бойынша колдану

Электр құралы саймандарды өткірлеуге және металды ажарлау мен тазартуға арналған. Электр құралын тек қысқа мерзімді жұмыста (ең көбі 60 мин) пайдалануға болады.

Көрсетілген құрамды бөлшектер

Көрсетілген құрамдастар нөмірленген суреттері бар беттегі электр құралының сипаттамасына сай.

(1) Қаптама (2) Қысқыш гайка (3) Қысқыш фланец (4) Тірек фланеці (5) Ажарлау шпинделі (6) Қорғаныш қаптама (7) Монтаждық саңылаулар (8) Ажыратқыш (9) Айыр тәрізді кілт 4 (10) Ұшқыннан қорғаныс ұстағышы (11) Ұшқыннан қорғаныс (12) Дайындама тіреуіші

A) Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты жеткізу көлемімен қамтылмайды. Толық жабдықтарды біздің жабдықтар бағдарламамыздан табасыз.

Техникалық мәліметтер

Кос ажарлау білдегі GBG 60-20
Өнім нөмірі3 601 B7A 4..
Номиналды тұтынылатын куаты P1 Вт 600
Шығыс куаты P2
– 50 Гц Вт 420
– 60 Гц Вт 430
Жұмыс режимі A) S2 (60 мин)
Бос жүріс күйіндегі айналу жиілігі
– 50 Гц мин -1 3000
– 60 Гц мин -1 3600
Ажарлау шпинделінің ирек оймасыM12
Ажарлағыш дискілер
– Диаметрі мм 200
– Ені мм 25
– Бекіткіш саңылау мм 32
– Түйіршіктілік 24/60
Тірек фланеці
– Бекіткіш саңылау мм 15
– мин. саңылау мм 1,5

Қос ажарлау білдегі GBG 60-20

Салмағы EPTA-Procedure01:2014 кужатына сайкг 16,5
Корғаныс класы /I

A) S2 (60 мин) жұмыс режимі 60 минуттық максимальды жұмыс ұзақтығымен қысқа мерзімді жұмыс режимін білдіреді. Осы уақыттан кейін электр құралын өшіріп суытыңыз. Мәліметтер [U] 230 В кесімді кернеуге арналған. Басқа кернеу және елде қабылданған заңдар бұл мәліметтерді өзгертуі мүмкін.

Шуыл бойынша ақпарат

EN 62841-3-4 бойынша есептелген шуыл эмиссиясының көрсеткіштері.

Электр құралының амплитуда бойынша есептелген шуыл деңгейі әдетте келесідей болады: дыбыстық қысым деңгейі 93 дБ(А); дыбыстық қуат деңгейі 99 дБ(А). К дәлсіздігі = 3 дБ.

Құлақ қорғанысын тағыңыз!

Осы ескертпелерде берілген шуыл шығару мәні нормалық өлшеу әдісі бойынша есептелген болып электр құралдарды бір-бірімен салыстыру үшін пайдаланылуы мүмкін. Ол шуыл шығару мәнін шамалап өлшеу үшін де жарамды.

Берілген шуыл шығару мәні электр құралының негізгі жұмыстары үшін берілген. Егер электр құрал басқа жұмыстар үшін басқа алмалы-салмалы аспаптармен немесе жетімсіз күтумен пайдаланылса шуыл шығару мәндері өзгереді. Бұл жұмыс барысындағы шуыл шығару мәнін арттырады.

Шуыл шығару мәнін нақты есептеу үшін құрал өшірілген және қосылған болып пайдаланылмаған уақыттарды да ескеру қажет. Бұл жұмыс уақытындағы шуыл шығару мәнін төмендетеді.

Монтаждау

Барлық жұмыстардан алдын электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз. Электр құралын тиісті төрт саңылауға (7) верстак/жұмыс тактасындағы жарамды бұрандалармен бекітіңіз.

Ұшқыннан қорғанысты/дайындама тіреуішін монтаждау (A–D суреттерін қараңыз)

  • Ұшқыннан қорғаныс ұстағышын (10) екі бұрандамен монтаждаңыз. – Ұшқыннан қорғанысты (11) ұшқыннан қорғаныс ұстағышына (10) бұрап бекітіңіз. – Дайындама тіреуішін (12) суретте көрсетілгендей монтаждаңыз. ▶ Дайындама тіреуіші (12) немесе ұшқыннан қорғаныстың (11) ұстағышы және ажарлағыш диск арасындағы қашықтықты жүйелі түрде тексеріп тұрыңыз және қажет болғанда реттеңіз.

Ажарлағыш дискіге дейінгі арақашықтық 2 мм шамасынан артық болмауы керек. Арақашықтық үлкен болса, ұшпа ұшқыннан жеткілікті қорғаныс

болмайды. Дайындама ажарлағыш дискінің айналу әрекеті арқылы тартылып, жарақат алуға әкелуі мүмкін.

Электр құралын тек ұшқыннан қорғаныспен (11) бірге пайдаланыңыз және оны барынша төмен қайырыңыз. Пайда болатын ұшқын көзді зақымдауы немесе айналаны өртеуі мүмкін. Электр құралын тек дайындама тіреуішімен пайдаланыңыз. Оң мен сол жақ дайындама тіреуіштерін (12) ауыстырмаңыз. Әйтпесе дайындама тіреуіші (12) мен ажарлағыш дискінің арасындағы қашықтық тым үлкен болады. Арақашықтық үлкен болса, ұшпа ұшқыннан жеткілікті қорғаныс болмайды. Дайындама ажарлағыш дискінің айналу әрекеті арқылы тартылып, жарақат алуға әкелуі мүмкін.

Ажарлағыш дискіні алмастыру

Жұмыс құралы айналымдарының ұйғарынды саны электр құралында көрсетілген максимальды айналымдар санына тең болуы керек. Есептелген жылдамдығынан тезірек істеп тұрған керек-жарақтар сынуы, ұшып кетуі мүмкін. ▶ Диаметрі электр құралында жазылған мәліметтерден артық болған ажарлағыш дискілерді пайдалануға рұқсат етілмейді. Электр құралын тек екі шпиндельге орнатылған алмалы-салмалы аспаптармен бірге пайдаланыңыз. Осылайша айналып тұрған шпиндельмен жанасуға жол берілмейді.

Ұшқыннан қорғаныс ұстағышынан (10) ажарлағыш дискіге дейінгі ең көбі 2 мм шамасындағы қажетті арақашықтық бұдан былай реттелмесе, ажарлағыш дискіні алмастырыңыз.

– Қаптамадағы (1) үш бұранданы босатып, қаптаманы шешіңіз. Ажарлау шпинделін (5) айыр тәрізді кілтпен (9) ұстан тұрып, қысқыш гайканы (2) ажарлау шпинделінен (5) бұрап шығарыңыз.

Нұсқау: электр құралының сол жағынан шығатын ажарлау шпинделі (5) сол жақ ирек оймаға ие.

– Қысқыш фланецті (3) және ажарлағыш дискіні ажарлау шпинделінен (5) алып тастаңыз. – Жаңа ажарлағыш диск кері реттілік бойынша монтаждалады. Қаптаманы (1) қатты басып қайта орнатыңыз да, үш бұрандамен бұрап бекітіңіз.

Пайдаланылған және домалақ емес ажарлағыш дискілерді одан әрі пайдаланбас бұрын өткірлейтін таспен (керек-жарақ) өткірлеңіз.

Барлық жұмыстардан алдың электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз.

Шаңды және жоңқаларды сору

Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және металдар бар кейбір материалдардың шаңы денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы

адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.

Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандармен өңделуі керек.

– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз. – P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану ұсынылады.

Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын үйғарымдарды пайдаланыңыз.

Жұмыс орнында шаңның жиналмауын қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.

Пайдалану

Іске қосу

Желі кернеуіне назар аударыңыз! Ток көзінің кернеуі электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен белгіленген электр құралдармен 220 В жұмыс істеуге болады. ▶ Пайдаланудан алдын ажарлау құралдарын қайта тексеріңіз. Ажарлау құралы берік орнатылып, еш кедергісіз айналуы қажет. 1 минут ішінде сынау жұмысын жүктемесіз орындаңыз. Ақауы бар, домалақ емес және дірілдейтін ажарлау құралдарын пайдаланбаңыз. Бұзылған ажарлау құралдары жарылып, зақымдарға алып келуі мүмкін.

Қосу/өшіру

  • Электр құралын іске қосу үшін ажыратқышты (8) "І" күйіне жылжытыңыз.
  • Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (8) "0" күйіне жылжытыңыз.

Пайдалану бойынша нұсқаулар

Дайындаманы тек қосулы электр құралына апарып, электр құралын тек дайындаманы көтеріп алғаннан кейін өшіріңіз. Дайындама абайсыздан жылжуы мүмкін. Ешқашан электр құралының айналып тұрған ажарлағыш дискісін ұстамаңыз. Бұл ауыр жарақат алуға әкелуі мүмкін. Жұмыс белдемшесін киіңіз. Адамдарға ұшқындардың қауіп тигізбейтіндігіне көз жеткізіңіз. Жанатын материалдарды алыстатыңыз.

Қатты металл дайындамаларды өңдеу үшін кремний карбидті С ажарлағыш дискілерін (керек-жарақ) пайдаланыңыз.

– Ажарланатын дайындаманы дайындама тіреуішіне (12) қойып, ажарлағыш дискіге қарай басыңыз. Оңтайлы ажарлау нәтижелеріне қол жеткізу үшін

104 | Қазақ

дайындаманы аздап ары-бері жылжытыңыз. Осылайша ажарлағыш диск бірқалыпты тозады.

– Дайындаманы жүйелі түрде суға салып суытыңыз.

Тасымалдау

– Электр құралына берік монтаждау мүмкін болмайтын барлық керек-жарақтарды шығарып алыңыз. – Желілік кабельді толықтай орап, байлап қойыңыз. – Электр құралын көтеру немесе тасымалдау үшін төменгі жағынан екі қорғаныш қаптамасынан (6) ұстаңыз. Монтаждық саңылаулардың (7) аймағында электр құралын тіреуге болады. Электр құралын тасымалдау кезінде ешқашан ұшқыннан қорғанысты (11) немесе дайындама тіреуішін (12) пайдаланбаңыз.

Техникалық күтім және қызмет

Қызмет көрсету және тазалау

▶ Барлық жұмыстардан алдын электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз. Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.

Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса, қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермеу үшін осы жұмыс тек Bosch компаниясы немесе Bosch электр құралдары бойынша өкілетті қызмет көрсету орталықтарында жүргізілуі тиіс.

Өнімдерді олардың сақтығын қамтамасыз ететін, өнімдерге атмосфералық жауын-шашынның тиюіне және асқын температура көздерінің (температураның шұғыл өзгерісінің), соның ішінде күн сәулелерінің әсер етуіне жол бермейтін дүкендерде, бөлімдерде (секцияларда), павильондар мен киоскілерде сатуға болады.

Сатушы (өндіруші) сатып алушыға өнімдер туралы қажетті және шынайы ақпаратты беріп, өнімдерді тиісінше таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.

Өнімдер туралы ақпарат міндетті түрде тізімі Ресей Федерациясының заңнамасымен белгіленген мәліметтерді қамтуы тиіс.

Егер тұтынушы сатып алатын өнімдер бұрын пайдаланылған болса немесе өнімдерде ақаулық (ақаулықтар) жойылған болса, тұтынушыға бұл туралы ақпарат берілуі тиіс.

Өнімдерді сату процесінің барысында төмендегі қауіпсіздік талаптары орындалуы тиіс:

– Сатушы сатып алушыға ұйымының фирмалық атауы, орналасқан жері (мекенжайы) және жұмыс режимі туралы мәліметтер беруге міндетті; – Сауда бөлмелеріндегі өнімдердің сынамалары сатып алушыға бұйымдардағы жазбалармен танысуға мүмкіндік беруі және визуалды тексерістен басқа бұйымдардың іске қосылуына әкелетін, сатып алушылар өз бетінше орындайтын ешқандай әрекеттерге жол бермеуі тиіс;

– Сатушы осы бұйымдардың белгіленген талаптарға сәйкестігінің растамасы, сертификаттардың немесе сәйкестік жөніндегі мәлімдемелердің бар болуы туралы ақпаратты сатып алушыға беруге міндетті; – Идентификациялық сипаттары жоқ (жоғалған), жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, бұзылу белгілері бар және пайдалану бойынша нұсқаулығы (кітапшасы), міндетті сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік белгісі жоқ өнімдерді сатуға тыйым салынады.

Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану кеңестері

Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас бөлшектер бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер туралы мәліметтер төмендегі мекенжай бойынша қолжетімді: www.bosch-pt.com

Bosch қызметтік кеңес беру тобы біздің өнімдер және олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап береді.

Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру кезінде міндетті түрде өнімнің фирмалық тақтайшасындағы 10 таңбалы өнім нөмірін беріңіз.

Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету барлық мемлекеттер аумағында тек "Роберт Бош" фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.

Қазақстан

Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау орталығы:

"Роберт Бош" (Robert Bosch) ЖШС

Алматы қ.,

Қазақстан Республикасы 050012

Мұратбаев к., 180 үй

"Гермес" БО, 7 қабат

Тел.: +7 (727) 331 31 00

Факс: +7 (727) 233 07 87

E-Mail: ptka@bosch.com

Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау пункттерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті ақпаратты Сіз: www.bosch-professional.kz ресми сайттан ала аласыз

Қызмет көрсету орталықтарының басқа да мекенжайларын мына жерден қараңыз:

Электр құралы кепілді пайдалану мерзімінің ішінде өндірушінің кесірінен істен шыққан жағдайда, өнім иесі төмендегі шарттар орындалғанда кепілдік бойынша тегін жөндеуге құқылы болады:

– механикалық зақымдардың жоқтығы;

  • – пайдалану бойынша нұсқаулық талаптарының бұзылу белгілерінің жоқтығы; – пайдалану бойынша нұсқаулықта сатушының сату туралы белгісінің және сатып алушы қолтаңбасының бар болуы; – электр құралы сериялық нөмірінің және кепілдік талонындағы сериялық нөмірдің сәйкестігі; – біліксіз жөндеу белгілерінің жоқтығы.

Кепілдік төмендегі жағдайларда қолданылмайды:

– форс-мажор жағдайларына байланысты кез келген сынықтар; – барлық электр құралдарындағыдай электр құралының қалыпты тозуы.

Жалғағыш контактілер, сымдар, қылшақтар және т.б. сияқты құрал бөліктерінің қызмет ету мерзімін қысқартатын қалыпты тозу нәтижесінде қажеттілігі туындаған жөндеу кепілдік аясына кірмейді:

  • табиғи тозу (ресурстың толық пайдаланылуы); – қате орнату, рұқсатсыз модификациялау, қате қолдану, қызмет көрсету немесе сақтау ережелерін бұзу нәтижесінде істен шыққан жабдық пен оның бөліктері; – электр құралына артық жүктеме түскеннен орын алған ақаулар. (Құралға артық жүктеме түсудің шартсыз белгілеріне мыналар жатады: құбылу түсінің пайда болуы немесе электр құралы бөліктері мен түйіндерінің деформациясы немесе қорытылуы, жоғары температура әсерінен электр қозғалтқышындағы сымдар оқшаулағышының қараюы немесе көмірленуі.)

Кәдеге жарату

Электр құралдар, жабдықтар және бумаларын айналаны қорғайтын кәдеге жаратуға апару қажет.

BOSCH GBG 6020 Professional - Кәдеге жарату - 1

Электр құралдарын үй қоқысына тастамаңыз!

Тек қана ЕО елдері үшін:

Электр және электрондық ескі құралдар бойынша Еуропа 2012/19/EU ережесі және ұлттық заңдарға сәйкес пайдалануға жарамсыз электр құралдары бөлек жиналып, кәдеге жаратылуы керек.

Мазмұны Оған қол жеткізу үшін атауға басыңыз
Нұсқаулық көмекшісі
Anthropic қолдайды
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : BOSCH

Модель : GBG 6020 Professional

Санат : жонғыш