TDI903231H - темір BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз TDI903231H BOSCH PDF форматында.
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз темір PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз TDI903231H - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. TDI903231H брендінің BOSCH.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ TDI903231H BOSCH
16KZ • Пайдалану жөніндегі нұсқаулық
BOSCHҚАЗАҚBosch компаниясының “Sensixx’x Di90 EasyComfort” бу үтігін сатып алғаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз.Аспапты пайдалану нұсқаулықтарын мұқият оқып шығыңыз және алдағы уақытта қолдану үшін сақтап қойыңыз.Бұл нұсқаулықты Bosch компаниясының жергілікті басты беттерінен жүктеп алуға болады. Жалпы қауіпсіздік нұсқаулықтары ❐ лектр қуатының желісіне қосылып тұрған үтікті қараусыз қалдырмаңыз. ❐ Аспапқа су толтырудың алдында немесе оны пайдаланудан кейін қалған суды төгуден бұрын ашалы айырын ұяшықтан шығарыңыз. ❐ Аспапты тұрақты бетте пайдаланып, орналастыру қажет. ❐ Аспапты тұрағына орналастыру кезінде тұрақ орналасқан беттің берік екендігіне көз жеткізіңіз. ❐ Үтік құлаған жағдайда, зақымданудың анық іздері болса немесе одан су аққан жағдайда оны пайдаланбаңыз. Аспапты қайта пайдаланудан бұрын оны өкілетті Техникалық қызмет көрсету орталығы тексеруі тиіс. ❐ Қауіпті жағдайларды болдырмау үшін, құрылғыға қажет болуы мүмкін кез келген жөндеу жұмыстарын, мысалы, ақаулы магистраль сымын ауыстыруды тек Өкілетті техникалық қызмет көрсету орталығының білікті маманы ғана жүргізуі керек. ❐ Қауіпсіз пайдалану туралы алдын ала нұсқама алу және құрылғыны пайдаланумен байланысты қауіпті ұғынған жағдайда немесе жауапты тұлғалардың қарауымен 8 жастан асқан балаларға және дене, сезіну немесе ақыл-ой қабілеттері шектеулі тұлғаларға немесе сәйкесінше тәжірибесі мен білімі жоқ тұлғаларға аталған құрылғыны пайдалануға болады. Балалардың құрылғымен ойнауына жол бермеңіз. Ересектердің қарауынсыз балаларға құрылғыны тазалау мен күтім жасауға жол бермеңіз. ❐ Аспап қосулы тұрғанда немесе пайдаланылғаннан кейін сууға қойылған кезінде, үтік пен оның сымын 8 жастан кіші балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз. ❐ Бұл аспап тек тұрмыстық жағдайда теңіз деңгейінен 2000 м жоғары пайдаланылу үшін жасақталған. ❐ АБАЙ БОЛЫҢЫЗ. Ыстық бет. Қолдану барысында бет қызуы мүмкін. Маңызды ескертпелер
- Бұл құрылғы тек үй шарттарында қалыпты тұрмыстық мақсатпен пайдалану үшін әзірленген.• Бұл құрылғы тек тағайындалуы бойынша, яғни үтік ретінде ғана қолданылуы тиіс. Кез келген басқа жолмен пайдалану дұрыс емес, демек, қауіпті болып саналады. Өндіруші құрылғыны дұрыс немесе тиісті түрде пайдаланбаудан пайда болған кез келген залал үшін жауаркершілік артпайды.• Бұл құрылғыны техникалық сипаттамалары жазылған тақтайшадағы ақпаратқа сәйкес қосу және қолдану қажет.• Бұл құрылғыны жерге тұйықталған ұяшыққа қосу қажет. Ұзартқышты міндетті түрде159 BOSCH
Кәдеге жарату туралы кеңес Біздің тауарларымыздың қаптамасы дұрыс ойластырылған. Бұл негізінен екінші шикізат ретінде қалдықтарды кәдеге жарату бойынша жергілікті қызмет көрсету орталығына жіберілуі тиіс ластамайтын материалдарды қолданудан тұрады. Ескірген құрылғыларды кәдеге жарату туралы ақпаратты жергілікті қала әкімшілігінен алуыңызға болады. Бұл құрылғыда қолданылатын электрлік және электрондық құрылғыларға қатысты 2012/19/EО Еуропалық директивасына сәйкес белгіленген (электрлік және электрондық жабдық қалдықтары
Бұл нұсқаулық ЕО барлық аумағы үшін қолданылатын пайдаланылған құрылғыларды қайтару және қайта өңдеу бойынша жалпы шарттарды анықтайды.
6. Бу соққысының түймесі
7. Су құю саңылауының қақпағы
9. Толудың жоғарғы деңгейінің белгісі
12. Температура көрсеткіші
13. “TempOK” көрсеткіші бар жылу реттегіш
пайдалану қажет болған жағдайда, ол 16А сәйкес және жерге тұйықталу қосылымы бар ұяшықпен жабдықталғанына көз жеткізіңіз.
- Нақты қоршаған орта жағдайларында аталған аспап жұмысында аздаған кідірістер болуы
- Су багын толтыру мақсатында құрылғыны ешқашан су құбыры шүмегінің астына тікелей орналастыруға болмайды.
- Құрылғыны әрбір қолданыстан кейін немесе ақаулық болуы мүмкін жағдайда қуат желісінен ажыратыңыз.
- Үтікті суға немесе басқа сұйықтыққа батырмаңыз.
- Үтікті ашық қалған жерде қалдырмаңыз (жаңбыр, күн, аязды күн,...). Құрылғыны пайдалану
1. Су контейнерін толтыру
Аталған аспап шүмектен алынған кәдімгі суды пайдалануға
Маңызды: Қоспаларды қолданбаңыз! Парфюмер өнім, сірке, крахмал, кептіргіштер не ауа салқындатқыш жүйелерінен конденсациялық суды немесе химиялық заттарды қосу аспапқа зақым келтіреді. Жоғарыда аталған өнімдерді қолданудан туындаған кез келген зақым кепілдеме күшінің жойылуына әкеледі! 1 Ашаны желіден шығарыңыз. 3 Су құю саңылауының қақпағын (7) ашыңыз.
- Үлгісіне байланысты Жайылатын жақтарын ашу160 BOSCH
4 Су багын толтырыңыз. Суды ешқашан толудың жоғарғы деңгейінің белгісінен (9) асыра құймаңыз! 5 Су құю саңылауының қақпағын жабыңыз. Кеңес: Оңтайлы бу функциясының мерзімін ұзарту үшін, құбыр суын дистилденген немесе минералсыздандырылған сумен 1:1 қатынасында араластыруға болады. Егер өңіріңіздегі құбыр суы өте кермек болса, дистилденген немесе минералсыздандырылған сумен 1:2 қатынасында араластырыңыз.
Табаннан (10) кез келген заттаңбалар мен қорғауыш қаптаманы алып тастаңыз. 1 Ашаны розеткаға жалғаңыз. 2 “SensorSteam”функциясы белсендіріледі және индикатор шамы (2) жыпылықтайды. 3 “eco” бу режимі автоматты түрде таңдалады. 4 “TempOK” индикатор шамдары (13) жыпылықтап, үтіктің қызып тұрғанын көрсетеді. Үтік пайдалануға дайын болғанда, индикатор шамы үздіксіз жанып тұрады.
3. Температураны реттеу
Жылу реттегішті (13) үтіктің температураға дейін қызуы немесе сууы уақытында температура реттегішінің температура көрсеткішінің (12) сәйкесінше таңбасына
жібек пен тоқыма мата
Кеңес: Үтіктеуді ең аз температуралық үтіктеу тәртібін қажет ететін киімнен бастаңыз. Үтіктеудің қажетті температурасын бұйымның жарлықшасынан көруге болады. 45º161 BOSCH
“i-Temp” технологиясы Бұл технология үтіктеуге болатын барлық маталар үшін жарамды температура мен будың тиісті тіркесімін орнатады ) белгілері). “i-Temp” технологиясын үтіктеуге болмайтын маталарға қолданылмайды (
Киімнің жарлықшасында келтірілген ұсыныстарға жүгініңіз немесе кигенде көрінбейтін жерді үтіктеп көріңіз. AntiShine “AntiShine” бағдарламасы * Қара және нәзік маталар үшін жарамды. Үтіктеу кезінде жалтыраған іздердің пайда болу қаупін азайтады. Кеңес: Маталарды жуғаннан кейін әлі дымқыл болған кезде үтіктеуге тырысыңыз. Бу үтіктің орнына матаның өзінен шығарылады. Hygienic
3.3 “Hygienic” бағдарламасы *
Бұл жаңартпашыл гигиеналық бумен өңдеу технологиясы микробтардың 99,9 пайызын жояды. Маталардың барлық түрлері үшін жарамды және қалың мен сезімтал бұйымдар үшін аса тиімді болып табылады. Кеңес: “Hygienic” бағдарламасынң барынша жоғары нәтижелілігіне қол жеткізу үшін, бу режимін “max” күйіне орнату ұсынылады (5-бөлімді қараңыз).
4. “SensorSteam” функциясы
Бастапқы қыздырудан кейін, “SensorSteam” функциясы қауіпсіздік пен қуатты үнемдеуді арттыра отырып үтікті қараусыз қалған кезде өшіреді. 1 Тұтқаны ұстаған кезде, үтік қызады. “SensorSteam” индикатор шамы (2) үздіксіз жанып тұрған күйде қалады. 2 Тұтқаны жіберген кезде, “SensorSteam” функциясы белсендіріліп, үтік қызуды тоқтатады. “SensorSteam” индикатор шамы (2) жыпылықтайды.
Бұл үтік кірістірілген мотор арқылы бу құрады. Мотор жұмыс істеп тұрған кезде, су контейнерінің “MotorSteam” индикатор шамдары (14) қосылады. Үтік үтіктеу мен құрылғының қызмет ету мерзімін оңтайландыра отырып, бу мөлшерін жұмыс режиміне бейімдеу үшін датчикпен және электрондық жүйемен жабдықталған.
- Үлгісіне байланысты162 BOSCH
Бу режимін “SET” түймесін (3) бірнеше рет басу арқылы таңдауға болады. Үтік төмендегі циклден өтеді: Бу режимі Индикатор шамы (4)
(үздіксіз бу) “eco” (жасыл түс)
(үздіксіз бу) “max” (қызыл түс) Бусыз үтіктеу (құрғақ үтіктеу)
Бу шығарылымын бумен үтіктеу үшін қажет болғанда ғана қолмен басқаруға болады. Құрғақ үтіктеу режимін таңдап, моторды белсендіру триггерін (1*) басыңыз. shot
6. Бу соққысының функциясы
Бу соққысын үтіктелуі қиын қатпарларды кетіру немесе тік сызықтарды жатқызып, бүрмелерді жазу үшін қолдануға
1 Жылу реттегішті max белгісіне қойыңыз. 2 Бу соққысының түймесін (6) кем дегенде 5 секунд аралығында бірнеше рет басыңыз.
Тік буды ілініп тұрған киімдердегі, перделердегі және т.б. бүктеулерді жазу үшін қолдануға болады. 1 Жылу реттегішті max белгісіне қойыңыз. 2 Киімді ілгішке іліп қойыңыз. 3 Үтікті тік күйде 10 см қашықтықта басқарыңыз және бу соққысы түймесін (6) кем дегенде 5 секунд үзілістермен қайталап басыңыз.
Егер тік күйде үтіктеу кезінде “SensorSteam” индикатор шамы (2) жыпылықтаса, бұл тұтқаның дұрыс ұсталмағанын білдіреді және үтік суып кетеді. Тұтқаны индикатор шамы тұрақты түрде жанып тұратындай етіп дұрыс ұстаңыз.
Бүркуді үтіктелуі қиын қатпарларды кетіру үшін қолдануға
1 Үтіктеу кезінде, бүрку түймесін (5) басыңыз да, су бүрку саңылауынан (8) киімге бүркіп шығады. Кеңес:Бүрку фунциясын жібек маталарға пайдаланбаңыз.
- Үлгісіне байланысты 10 cm163 BOSCHҚАЗАҚ
9. Үтіктегеннен кейін
1 Үтікті желі розеткасынан ажыратыңыз. 2 Су контейнерін босатыңыз. 3 Үтікті суыту үшін тік күйге табанына (15) ары қойыңыз. 4 Қуат кабелін (16) үтік табанының айналасында бос етіп ораңыз. Үтікті тік күйінде сақтаңыз.Кеңес: Үтікті бірден сақтау үшін, “StoreProtect” қосымша құралын пайдалануға болады (“Қосымша құралдар“ бөлімін қараңыз). Тазалау және техникалық қызмет көрсету
Назар аударыңыз! Күйіп қалу қаупі бар! Кез келген тазалау және техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жүргізуден бұрын құрылғының ашасын желілік қуат розеткасынан шығарыңыз. 1 Үтік аздап кірлеп қалған болса, ашаны шығарыңыз және табанның (10) сууына мүмкіндік беріңіз. Үтіктің корпусы мен табанын дымқыл шүберекпен сүртіңіз. 2 Табанның тегістігін сақтау үшін, оның металл заттармен жанасуына жол бермеңіз. Табанды тазалау үшін ешқашан ыдыс жууға арналған қатты ысқыштар мен химиялық заттарды пайдаланбаңыз.AntiCalc Қақты тазалау жүйелері A “self-clean” “self-clean” сүзгісі мотордың бұғатталуын болдырмайды. B “anti-calc” “anti-calc” картриджі бумен үтіктеу кезінде пайда болатын қақтың жиналуын азайту үшін жасақталған. S164 BOSCH
C “Calc'n Clean” функциясы “Calc'n Clean” функциясы бу түзілу камерасындағы ұсақ қақ бөліктерін жоюға көмектеседі. Аймағыңыздағы су өте кермек болған жағдайда, бұл функцияны шамамен әр екі апта сайын қолдануға болады. 1 Үтікті желі розеткасынан ажыратыңыз. Кеңес: Қақты терең тазалау үшін, қақты тазалау сұйықтығын пайдалану ұсынылады (“Қосымша құралдар” бөлімін қараңыз). Бұл процедураны әрбір 3 ай сайын орындау қажет.
Су контейнеріне қақты тазалау сұйықтығының мөлшерін (25 мл) құйыңыз. 2 Су контейнерін толудың жоғарғы деңгейінің белгісіне дейін толтырыңыз. 3 Ашаны розеткаға жалғаңыз . Жылу реттегішті max белгісіне қойыңыз. 4 “TempOK” (13) шамдары үздіксіз жанып тұрғанда, үтікті ажыратыңыз (өте маңызды!). 5 Үтікті бақалшықтың үстінде ұстап тұрыңыз. 6 “clean” түймесін (11) басып, контейнердің су сыйымдылығының үштен бір бөлігіндей буланғанша үтікті көлденең күйінде алға және артқа сілкіңіз. Қақпен түзілістерді қамтуы мүмкін қайнақ су мен бу шыға бастайды. 7 “clean” түймесін босатыңыз және үтікті бірнеше секунд ақырын сілкіңіз. 8 6- мен 7-қадамды қайталаңыз. 9 Су контейнері бос екендігін мұқият тексеріңіз (өте маңызды!). 10 Үтікті желіге қосып, қалған су толығымен буға айналғанша қайта қыздырыңыз. 11 Үтікті розеткадан ажыратып, табанын суытыңыз. Табанды тек дымқыл мақта матамен сүртіңіз. 25ml 45º165 BOSCH
Ақаулықтарды жою Мәселе Мүмкін себебі Шешім Үтік қызбайды. “SensorSteam” функция белсендірілді. Үтік күту режиміне орнатылған. Үтікті қайта қосу үшін оның тұтқасынан ұстаңыз. “shot of steam”
пайдаланған кезде су табаннан ағады. Сіз шерту аралығында 5 секунд күтпестен, бу соққысының түймесін (6) бірнеше мәрте бастыңыз. Бу соққысының түймесін әр басу аралығында 5 секунд күтіңіз. Бу көлденең күйде
Құрғақ үтіктеу режимі
Бу режимін "eco" немесе "max" күйіне орнатыңыз. Судың әдеттен тыс көп ағуы немесе буға
“clean” түймесі (11) дұрыс жабылмайды. Үтікті үтіктеу аймағынан алшақ қойыңыз. “clean” түймесін бірнеше рет басыңыз. Мотор жұмыс
Үтік көлденең күйде орналаспаған. Үтікті көлденең күйде пайдаланыңыз. Алғаш рет қосқан кезде үтіктен түтін
Бұл кейбір ішкі бөлшектердің майлауынан болуы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай және бірнеше минуттан кейін
Судың тұнбалары үтіктің табанындағы (10) тесіктер арқылы
Қақтың іздері бу камерасы арқылы шығып жатыр. Тазалау айналымын орындаңыз (“Calc'n Clean функциясы” бөлімін қараңыз). Үтіктен сорғы жұмысының дыбысы
Бұл қалыпты жағдай. Жоғарыда берілген шешімдердің ешқайсысы көмектеспеген жағдайда, өкілетті техникалық қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Қосымша құралдар Қосымша құралдарды қызмет орталығынан немесе арнайы дүкендерден сатып алуға болады. Қақты тазалау
StoreProtect “TextileProtect” Булы үтіктен қақты терең тазалауға арналған. Құрамдастары: 4 бөтелке x 25 мл Тіпті табаны ыстық күйде болған кезде де үтікті дереу және қауіпсіз сақтауға мүмкіндік береді. Нәзік киімді максималды температура мен максималды бу мөлшерімен зақым келтірусіз бумен үтіктеу үшін пайдаланылады. Қосымша құралдың атауы: TDZ1101 Қосымша құралдың атауы: TDZ1750 Қосымша құралдың атауы: TDZ1550 Қосымша құралдың коды:
Қосымша құралдың коды:
Қосымша құралдың атауы:
Notice-Facile