WE 24180 MVT - ұнтақтағыш METABO - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз WE 24180 MVT METABO PDF форматында.
Жиі қойылатын сұрақтар - WE 24180 MVT METABO
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз ұнтақтағыш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз WE 24180 MVT - METABO және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. WE 24180 MVT брендінің METABO.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ WE 24180 MVT METABO
Пайдалану нұсқаулығының түпнұсқасы Жеке жауапкершілігімізбен жариялаймыз: түрі мен сериялық нөмірі бойынша сәйкестендірілетін осы бұрыштық ажарлағыш *1) директивалардың *2) және стандарттардың барлық тиісті қаулыларына *3). техникалық құжаттамаларға сәйкес келеді *4) - 3-бетті
Аспаптар түпнұсқа Metabo керек-жарағымен бірге су пайдаланбай ажарлауға, егеуқұм қағазымен ажарлауға, сым қылшақтармен жұмыс істеуге және металл, бетон, тас пен ұқсас материалдарды абразивті кесуге
Мақсатынан тыс пайдаланудан болған зақымдар үшін пайдаланушыға ғана жауапты
Жалпыға анық қауіпсіздік техникасының ережелерін және белгіленген қауіпсіздік нұсқауларын орындау керек. Жеке басыңызды және электрлік құралыңызды қорғау үшін осы белгі қойылған мәтіндік үзінділерді
ЕСКЕРТУ – Жарақат алу қаупін азайту үшін пайдалану бойынша нұсқаулықты оқып шығыңыз. ЕСКЕРТУ – Аталмыш электрлік құралмен бірге берілген барлық қауіпсіздік бойынша нұсқаулар, жалпы нұсқаулар, суреттер мен техникалық деректерді оқып шығыңыз.
нұсқауларды орындамау ток соғу, өрт және/ немесе ауыр жарақаттануға алып келуі мүмкін. Қауіпсіздік техникасы бойынша барлық нұсқауларды және жалпы нұсқауларды болашақта пайдалану үшін сақтап қойыңыз. Электрлік құралыңызды тек қана осы құжаттармен бірге табыстаңыз.
4.1 Ажарлау, егеуқұм қағазымен ажарлау,
сым қылшақтармен жұмыс істеу немесе абразивті кесу кезіндегі қауіпсіздік техникасы бойынша жалпы
а) Аталмыш электрлік құралды ажарлағыш, егеуқұм қағазы ажарлағышы, сым қылшақ, саңылау кескіш немесе абразивті кескіш құрылғы ретінде пайдалану керек. Құрылғымен бірге алған барлық қауіпсіздік техникасының нұсқауларын, нұсқамаларды, суреттер мен деректерді оқып шығыңыз. Төмендегі нұсқаулардың барлығы орындалмаған жағдайда, ток соғу, өрт және/ немесе ауыр жарақат алу қаупі туындауы
ә) Аталмыш электрлік құрал жылтырату үшін жарамайды. Электрлік құрал үшін жарамайтын жұмыстарды өткізу қауіпті жағдайлар мен жарақаттануға апарып соғуы
б) Электрлік құралды оның конструкциясы жарамды болмайтын және өндіруші қарастырмаған функцияны атқару үшін пайдаланбаңыз. Мұндай түрлендіру бақылау мүмкіндігінен айырылуға және ауыр жарақат алуға әкелуі мүмкін. в) Өндіруші осы электрлік құрал үшін арнайы әзірлеген және ұсынған алмалы- салмалы құралдан басқасын пайдаланбаңыз. Керек-жарақты электрлік құралыңызға бекіту мүмкін болғанда ғана, қауіпсіз қолданысқа кепіл беріледі. г) Алмалы-салмалы құралдың рұқсат етілген айналу жиілігі кем дегенде электрлік құралда берілген ең жоғары айналу жиілігімен бірдей болуы тиіс. Рұқсат етілгеннен жылдам айналатын алмалы- салмалы құрал сынуы және шашылып кетуі
ғ) Алмалы-салмалы құралдың сыртқы диаметрі мен қалыңдығы электрлік құралыңыздың өлшем деректеріне сәйкес келуі тиіс. Қате өлшенген алмалы-салмалы құралды жеткілікті түрде жабу немесе бақылау мүмкін болмайды. д) Алмалы-салмалы құралды бекітуге арналған өлшем электрлік құрал бекіткішінің өлшемдеріне сәйкес келуі тиіс. Электрлік құралға дәл бекітілмеген алмалы-салмалы құралдар ауытқымалы түрде айналады, қатты дірілдейді және бақылау мүмкіндігінен айырылуға апарып соғуы мүмкін. е) Зақымдалған алмалы-салмалы құралдарды пайдаланбаңыз. Әр пайдалану алдында ажарлағыш дөңгелектер сияқты алмалы-салмалы құралдарда жарықшақтардың және сызаттардың бар- жоғын, тіреуіш ажарлағыш табақшаларда сызаттар, тозу немесе қатты ескірудің бар- жоғын және сым қылшақтарда босаған немесе сынған сымдардың бар-жоғын тексеріп шығыңыз. Электрлік құрал немесе алмалы-салмалы құрал құлап түскен жағдайда, оның зақымдалған- зақымдалмағанын тексеріңіз немесе зақымдалмаған алмалы-салмалы құралды пайдаланыңыз. Алмалы-салмалы құралды тексеріп орнатқаннан кейін айналадағы барлық адамдарды айналмалы алмалы-
1. Сәйкестік бойынша
2. Мақсатына сай пайдалану
3. Қауіпсіздік техникасы
бойынша жалпы нұсқаулар
4. Қауіпсіздік техникасы
бойынша арнайы нұсқауларҚАЗАҚША kk
салмалы құрал тұрған алаңнан шығарыңыз да, құрылғыны ең жоғары айналу жиілігімен бір минут жұмыс істетіңіз. Зақымдалған алмалы-салмалы құралдар әдетте осы сынақ мезетінде бұзылады. ж) Жеке қорғаныс жабдығын киіп жүріңіз. Жұмыс түріне қарай толық беттік қорғаныш масканы, көз қорғанысын немесе қорғаныш көзілдірікті пайдаланыңыз. Қажет болса, ажарлаудан және материалдан қалған шағын бөліктермен жанасуды болдырмайтын шаңнан қорғайтын масканы, құлақ қорғанысын, қорғаныш қолғапты немесе арнайы алжапқышты киіп жүріңіз. Көзді әртүрлі жұмыстардың барысында пайда болатын ұшпа бөгде заттардан қорғау керек. Шаңнан немесе тыныс жолдарын қорғайтын маска жұмыс барысында пайда болатын шаңды сүзгілеуі тиіс. Сізге ұзақ уақыт бойы шуыл әсер еткен жағдайда, есту қабілетінен айырылуыңыз
з) Бөгде тұлғалардың жұмыс аймағынан қауіпсіз арақашықтықта тұрғанына көз жеткізіңіз. Жұмыс аймағына кіретін кез келген адам жеке қорғаныс жабдығын киюі керек. Дайындаманың сынықтары немесе жарылған алмалы-салмалы құрал ұшып кетіп, тікелей жұмыс аймағынан тыс адамдарға да жарақат тигізуі мүмкін. и) Алмалы-салмалы құрал жасырын қуат сымдарына немесе өзінің желілік кабеліне тиюі мүмкін жұмыстар өткізіп тұрған кезде электрлік құралды тұтқыштың оқшауланған бетінен ұстап тұрыңыз. Кернеу астындағы сыммен жанасу құрылғының металл бөліктерінде кернеудің түзілуіне және электр тогының соғуына әкелуі мүмкін. к) Желілік кабельді айналып тұрған жұмыс құралдарынан алшақ ұстаңыз. Құрылғыны бақылау мүмкіндігінен айырылған жағдайда, желілік кабель үзілуі немесе қармалып қалуы мүмкін және қолыңыз не қолыңыздың буыны айналып тұрған алмалы-салмалы құралға түсуі
қ) Алмалы-салмалы құрал толығымен тоқтамайынша, электрлік құралды ешқашан қалдырушы болмаңыз. Айналып тұрған алмалы-салмалы құрал сақтау орнының бетімен жанасып, электрлік құралды бақылау мүмкіндігінен айырылуыңыз мүмкін. л) Электрлік құралды тасымалдаған кезде, ол өшірулі болуы керек. Киіміңіз айналып тұрған алмалы-салмалы құралмен ықтимал жанасуға түсіп, алмалы-салмалы құрал денеңізді тесіп алуы мүмкін. м) Электрлік құралыңыздың желдету саңылауларын жүйелі түрде тазалап тұрыңыз. Қозғалтқыштың желдеткіші корпусқа шаң тартады және металл шаңының үлкен мөлшерде жиналуы электр тогынан қауіпті жағдайларды тудыруы мүмкін. н) Электрлік құралды жанғыш материалдардың жанында пайдаланбаңыз. Ұшқын мұндай материалдарды жандыруы
ң) Суыту сұйықтығын қажет ететін алмалы- салмалы құралдарды пайдаланбаңыз. Суды немесе басқа суыту сұйықтықтарын пайдалану ток соғу қаупін тудыруы мүмкін.
4.2 Кері соққы және оған қатысты
қауіпсіздік техникасы бойынша
Кері соққы ажарлағыш дөңгелек, тіреуіш ажарлағыш табақша, сым қылшақ және т.б. сияқты айналып тұрған алмалы-салмалы құралдың бұғатталуынан немесе қармалып қалуынан пайда болатын кенет реакция болып табылады. Қармау немесе бұғаттау айналмалы алмалы-салмалы құралдың кенет тоқтап қалуына апарып соғады. Нәтижесінде бақылаусыз қалған электрлік құрал алмалы- салмалы құралдың айналу бағытына қарсы бұғатталған жерде үдейді. Мысалы, ажарлағыш дөңгелек дайындамада қармалып қалған немесе бұғатталған жағдайда, дайындамаға батырылған ажарлағыш дөңгелектің жиегі шатасып қалуы және нәтижесінде бұзылуы немесе кері соққы тудыруы мүмкін. Ажарлағыш дөңгелек сонан соң бұғатталған жердегі дөңгелектің айналу бағытына байланысты пайдаланушыға қарай не пайдаланушыдан ары қозғалып кетеді. Бұл ретте ажарлағыш дөңгелектер бұзылуы да
Кері соққы электрлік құралды қате пайдаланудың және/немесе жарамсыз жұмыс шарттарының нәтижесі болып табылады. Оны төменде сипатталғандай арнайы сақтық шараларын қабылдап болдырмауға болады. а) Электрлік құралды екі қолмен мықтап ұстаңыз және денеңіз бен қолыңызды кері соққы күшіне төзімді ететін орнықты қалыпқа қойыңыз. Кері соққы күшін немесе жылдамдату кезінде реакция мезетін бақылау мүмкіндігін мүмкіндігінше жоғары деңгейде сақтау үшін, бар болса, әрдайым қосымша тұтқышты пайдаланыңыз. Пайдаланушы арнайы сақтық шараларының көмегімен кері соққы мен реакция күшін бақылауы мүмкін. ә) Ешқашан қолыңызды айналып тұрған алмалы-салмалы құралдың жанына апармаңыз. Жұмыс құралы кері соққы нәтижесінде қолыңызға жылжып кетуі мүмкін. б) Денеңізді электрлік құрал кері соққыдан қозғалып қалуы мүмкін аймақтан алшақ ұстаңыз. Кері соққы электрлік құралды бұғатталған жердегі ажарлағыш дөңгелектің қозғалыс бағытына қарсы жүргізеді. в) Бұрыштар, өткір жиектер және т.б. аймағында айрықша сақтықпен жұмыс істеңіз. Алмалы-салмалы құралдардың дайындамаға қарай ұшып кетуіне және ілініп қалуына жол бермеңіз. Айналмалы алмалы- салмалы құрал бұрыштарда, өткір жиектерде немесе секіріп қалған жағдайда ілінуге бейім. Бұл бақылау мүмкіндігінен айырылуға немесе кері соққыға апарып соғады.ҚАЗАҚШАkk
e) Ағаш кесуге арналған шынжырлы ара төсемін, сегменттер аралығы 10 мм-ден асатын сегменттелген алмасты кескіш дөңгелекті және тісті ара төсемін пайдаланбаңыз. Мұндай алмалы-салмалы құралдар жиі кері соққыға және бақылау мүмкіндігінен айырылуға апарып соғады.
4.3 Ажарлау және абразивті кесу кезіндегі
қауіпсіздік техникасы бойынша арнайы нұсқаулар: а) Тек электрлік құрал үшін мақұлданған абразивті құралдарды және тиісті абразивті құралға арналған қорғаныш қалпақты пайдаланыңыз. Электрлік құралға арналмаған абразивті құралдарды жеткілікті түрде жабу мүмкін болмайды және олар қауіпті болып
ә) Иілген ажарлағыш дөңгелектерді олардың ажарлайтын беті қорғаныш қалпақ жиегінің жазықтығы үстінде болмайтындай етіп орнату керек. Қорғаныш қалпақ жиегінің жазықтығынан жоғары шығып тұрған, қате орнатылған ажарлағыш дөңгелекті жеткілікті жабу мүмкін болмайды. б) Қорғаныш қалпақ электрлік құралға берік орнатылуы және ең жоғары қауіпсіздік мақсатында абразивті құралдың барынша шағын бөлігі пайдаланушыға ашық болып тұратындай етіп реттелуі тиіс. Қорғаныш қалпақ пайдаланушыны сынықтардан, абразивті құралмен кенет жанасудан және киімді тұтандыра алатын ұшқыннан қорғауға көмектеседі. в) Абразивті құралдарды тек ұсынылатын мақсатына сәйкес қолдануға болады. Мысалы: еш жағдайда кескіш дөңгелектің бүйір бетімен ажарламаңыз. Кескіш дөңгелектер материалды дөңгелектің жиегімен алуға арналған. Кескіш дөңгелекке бүйірінен күш қолдану оның бұзылуына әкелуі мүмкін. г) Әрдайым зақымдалмаған қыспа фланецті пайдаланыңыз, оның өлшемі мен пішіні таңдалған ажарлағыш дөңгелекке сәйкес келуі тиіс. Жарамды фланецтер ажарлағыш дөңгелек үшін тірек болып табылады және осылайша оның сынып қалу қаупін азайтады. Ажарлағыш дөңгелектерге арналған фланецтер басқа ажарлағыш дөңгелектерге арналған фланецтерден өзгешеленуі мүмкін. ғ) Үлкенірек электрлік құралдардың тозған ажарлағыш дөңгелектерін пайдаланбаңыз. Үлкенірек электрлік құралдарға арналған ажарлағыш дөңгелектер шағын электрлік құралдардың жоғары айналу жиілігіне жобаланбаған және сынуы мүмкін. д) Екі мақсатты дөңгелектерді қолданған кезде әрдайым орындалатын жұмыс үшін жарамды қорғаныш қалпақты пайдаланыңыз. Дұрыс қорғаныш қалпақ пайдаланылмаса, қалаулы қорғаныс қамтамасыз етілмей, бұл ауыр жарақат алуға әкелуі мүмкін.
4.4 Абразивті кесу кезіндегі қауіпсіздік
техникасы бойынша қосымша арнайы
а) Кескіш дөңгелектің сыналануына немесе тым жоғары басу қысымына жол бермеңіз. Тым терең кесік жасамаңыз. Кескіш дөңгелекке артық жүктеменің түсуі оның артық керілісіне және қиғаштануға немесе сыналануға әкеліп, абразивті құралдың керіс соққы немесе сыну мүмкіндігін арттырады. ә) Айналып тұрған кескіш дөңгелектің алдында және артында тұрмаңыз. Егер кескіш дөңгелекті дайындамамен бірге өзіңізден ары жылжытсаңыз, кері соққы жағдайында электрлік құрал айналып тұрған дөңгелекпен бірге тура өзіңізге қарай лақтырылуы мүмкін. б) Кескіш дөңгелек қысылып қалса немесе жұмысты тоқтатсаңыз, электрлік құралды өшіріңіз де, дөңгелек толық тоқтағанша қолыңызда ұстай тұрыңыз. Әлі айналып тұрған кескіш дөңгелекті кесіктен шығарып алуға әрекет жасамаңыз, әйтпесе кері соққы туындауы мүмкін. Қысылу себебін анықтап
в) Электрлік құрал дайындамада орналасса, оны қайта қоспаңыз. Алдымен кескіш дөңгелекке толық айналу жиілігіне жетуге мүмкіндік беріңіз, тек содан кейін кесу әрекетін абайлап жалғастырыңыз. Кері жағдайда дөңгелек ұсталып қалуы, дайындамадан секіріп кетуі немесе кері соққы тудыруы мүмкін. г) Кескіш дөңгелектің сыналануынан кері соққы қаупін азайту үшін тақталар мен үлкен дайындамаларды өңдеген кезде тіреп қойыңыз. Үлкен дайындамалар өз салмағының әсерінен майысып қалуы мүмкін. Дайындаманы дөңгелектің екі жағынан, әсіресе кесік сызығының жанында және жиек үстінде тіреп қою керек. ғ) Бар қабырғаларда немесе басқа да көрінбейтін аймақтарда батырып кескен кезде ерекше мұқият болыңыз. Батырылатын кескіш дөңгелек газ немесе су құбырларын, электрлік сымдарды немесе басқа нысандарды кескен кезде кері соққы тудыруы мүмкін. д) Қиғаш кесіктер жасамаңыз. Кескіш дөңгелекке артық жүктеменің түсуі оның артық керілісіне және қиғаштануға немесе сыналануға әкеліп, абразивті құралдың керіс соққы немесе сыну мүмкіндігін арттырады. Бұл ауыр жарақат алуға әкелуі мүмкін.
4.5 Егеуқұм қағазымен ажарлау кезіндегі
қауіпсіздік техникасы бойынша арнайы нұсқаулар: а) Дұрыс өлшемді қажақсыдырғыларды пайдаланыңыз және қажақсыдырғыны таңдау бойынша өндіруші мәліметтеріне назар аударыңыз. Тіреуіш ажарлағыш табақшалардан шығып тұратын қажақсыдырғылар пайдаланушыға жарақат тигізуі мүмкін және ілінуге, қажақсыдырғылардың үзілуіне немесе кері соққыға апарып соғуы мүмкін.ҚАЗАҚША kk
4.6 Сым қылшақтармен жұмыс істеу
кезіндегі қауіпсіздік техникасы бойынша арнайы нұсқаулар: а) Сым қылшақ әдеттегідей пайдаланылған кезде де, оның ішінен сым бөлшектері түсетінін ескеріңіз. Сымдарға тым жоғары басу қысымы арқылы артық жүктеме түсірмеңіз. Ұшпа сым бөлшектері жұқа киім және/немесе тері арқылы оңай кіріп кетуі
ә) Қорғаныш қалпақты пайдалануға кеңес берілсе, қорғаныш қалпақ пен сым қылшақтың жанасуына жол бермеңіз. Тәрелкелі және табақшалы қылшақтардың диаметрі басу қысымы мен ортадан тепкіш күштің әсерінен ұлғаюы мүмкін.
4.7 Қауіпсіздік техникасы бойынша
қосымша нұсқаулар: ЕСКЕРТУ – Әрдайым қорғаныш көзілдірікті тағып жүріңіз. Құлақ қорғанысын киіп жүріңіз. ЕСКЕРТУ – электрлік құралды әрдайым екі қолмен пайдаланыңыз. Ажарлағыш дөңгелекке арналған қорғаныш қалпақты абразивті кесу жұмыстары үшін пайдаланбаңыз. Кескіш дөңгелектермен жұмыс істеу үшін қауіпсіздік тұрғысынан кескіш дөңгелекке арналған қорғаныш қалпақты пайдаланыңыз. Сегменттер аралығы 10 мм-ден асатын сегменттелген алмасты кескіш дөңгелектерді пайдаланбаңыз. Тек теріс сегменттік кесу бұрыштарына рұқсат етіледі. Байланыстырылған кескіш дөңгелектерді, олар нығайтылған болса ғана пайдаланыңыз. Иілгіш төсемелерді ажарлағыш құралмен бірге жеткізілген және талап етілген жағдайда қолданыңыз. Құрал мен керек-жарақ өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз! Дөңгелектерді май мен соққыдан қорғаңыз! Алмалы-салмалы құралдарды өндірушінің нұсқауларына сәйкес ұқыпты сақтау және қолдану керек. Ешқашан кескіш дөңгелектерді сиыра ажарлау немесе тегістеу жұмыстары үшін пайдаланбаңыз! Кескіш дөңгелектерге бүйірлік қысым қолдануға тыйым салынады. Дайындаманы, мысалы, қысқыш құрылғылардың көмегімен берік бекіту және жылжып кетуден қорғау керек. Үлкен дайындамаларды жеткілікті түрде тіреп қою
Бұрандалы ендірмесі бар алмалы-салмалы құралдар пайдаланылған кезде, шпиндель ұшы ажарлағыш құрал саңылауының түбіне тимеуі тиіс. Алмалы-салмалы құрал ирек оймасының ұзындығы шпиндель үшін жеткілікті екендігіне көз жеткізіңіз. Алмалы-салмалы құралдың ирек оймасы шпиндельдің ирек оймасына сәйкес келуі тиіс. Шпиндель ұзындығы мен шпиндель ирек оймасын 3-беттен және «Техникалық деректер» атты 14.-бөлімнен қараңыз. Жарамды стационарлық сорғыш құрылғыны пайдалануға кеңес беріледі. Әрдайым макс. жылыстау тогы 30 мА құрайтын FI автоматты ажыратқышын (RCD) алдын ала қосыңыз. Бұрыштық ажарлағыш FI автоматты ажыратқышы арқылы өшірілген жағдайда, аспапты тексеру және тазалау керек. «Тазалау» атты 9.-бөлімді қараңыз. Зақымдалған, деформацияға ұшыраған немесе дірілдейтін құралдарды пайдалануға тыйым
Газ немесе су құбырларының, электрлік желілердің және көтергіш қабырғалардың (статика) зақымдалуына жол бермеңіз. Қандай да бір реттеу, қайта жабдықтау немесе техникалық қызмет көрсету әрекетін орындамас бұрын желілік ашаны розеткадан шығарып
Зақымдалған немесе жарықшақтары бар қосымша тұтқышты алмастыру керек. Қосымша тұтқышы бұзылған аспапты пайдаланбаңыз. Зақымдалған немесе жарықшақтары бар қорғаныш қалпақты алмастыру керек. Қорғаныш қалпағы бұзылған аспапты пайдаланбаңыз. Бөлшектері немесе қорғаныс құрылғылары жетіспейтін немесе бұзылған аспапты қоспаңыз. Бірқалыпты іске қосу функциясы бар аспаптар (түр тақтайшасында «WE...» белгісі бар): егер аспап іске қосылған кезде максималды айналу жиілігіне дейін өте жылдам үдесе, бұл электрондық блокта ақаулықтың орын алғанын білдіреді. Электрондық блок функцияларына қатысты қауіпсіздік техникасы бойынша басқа нұсқаулар көрсетілмейді. Аспапты дереу жөндетіңіз (12.-бөлімді қараңыз). Шағын дайындамаларды бекітіңіз. Мысалы, оларды білдек қысқышында қысыңыз. Фланец орнатылған екі мақсатты дөңгелектер (құрама ажарлағыш және абразивті кескіш дөңгелектер) пайдаланылған жағдайда, тек келесі қорғаныш қалпақ түрлерін пайдалануға болады: A түрі, C түрі. 11.-бөлімді қараңыз Дұрыс қорғаныш қалпақты пайдалану: Қате қорғаныш қалпақ бақылау мүмкіндігінен айырылуға және ауыр жарақат алуға әкелуі мүмкін. Қате пайдалану мысалдары: - A түріндегі қорғаныш қалпақ бүйірінен ажарлау мақсатында пайдаланылғанда, қорғаныш қалпақ пен дайындама бір-біріне кедергі келтіріп, жеткіліксіз бақылауға әкелуі
- B түріндегі қорғаныш қалпақ байланыстырылған кескіш дөңгелектермен абразивті кесу мақсатында пайдаланылғанда, ажарлағыш дөңгелек сынып қалған жағдайда, пайда болған ұшқын мен ажарлау бөліктерінің,ҚАЗАҚШАkk
сондай-ақ ажарлағыш дөңгелек сынықтарының тию қаупі артады. - A, B, C түріндегі қорғаныш қалпақ бетон немесе кірпіш қалау бойынша бүйірінен ажарлау мақсатында пайдаланылғанда, шаңның шығуынан немесе бақылау мүмкіндігінен айырылудан кері соққының артқан қаупі туындайды. - A, B, C түріндегі қорғаныш қалпақ рұқсат етілген шамадан қалың болған дискілі қылшақпен бірге пайдаланылғанда, сымдар қорғаныш қалпаққа тиюі және бұл сымдардың сынуына әкелуі мүмкін. Әрдайым алмалы-салмалы құралға жарамды қорғаныш қалпақты пайдаланыңыз. 11.-бөлімді
Шаң жүктемесін азайту: ЕСКЕРТУ - Егеуқұм қағазымен ажарлау, аралау, ажарлау, бұрғылау және басқа да жұмыстарды өткізген кезде пайда болатын шаңның кейбір түрлері обырды, туа біткен кемістіктерді немесе көбею жүйесінің басқа да зақымдарын тудыратыны белгілі химиялық заттарды қамтиды. Мұндай химиялық заттардың бірнеше мысалы: - қорғасын қамтитын бояу ішіндегі қорғасын, - құрылыс кірпіші, цемент пен басқа кірпіш қалау заттектерінен пайда болатын минералды шаң
- химиялық жолмен өңделген сүректегі күшәла
Тәуекел дәрежесі мұндай жұмыстардың түрі қаншалықты жиі орындалатындығына тәуелді. Мұндай химиялық заттардың әсерін азайту үшін: жеткілікті түрде желдетілген жайларда жұмыс істеңіз және жұмыс барысында микроскопиялық бөлшектерді сүзгілеу үшін арнайы әзірленген респиратор сияқты жеке қорғаныс жабдығын қолданыңыз. Бұл ереже басқа материалдардан, мысалы, сүректің белгілі бір түрлерінен (емен немесе шамшат сүрегінің шаңы), металдан, асбесттен пайда болатын шаңға да қатысты болып келеді. Басқа белгілі сырқаттарға, мысалы, аллергиялық реакциялар және тыныс алу жолдарының сырқаттары жатады. Шаңның денеге енуін болдырмаңыз. Материалыңыз, қызметкерлер, жұмыс жағдайы мен жұмыс орны бойынша қолданылатын директиваларды және ұлттық нұсқамаларды сақтаңыз (мысалы, еңбекті қорғау ережелері, кәдеге жарату). Пайда болатын бөліктерді дәл сол жерде жинаңыз, қоршаған ортаға түсуіне жол
Арнайы жұмыстар үшін жарамды керек- жарақтарды пайдаланыңыз. Осылайша қоршаған ортаға бақылаусыз түсетін бөліктердің мөлшері азайтылады. Арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз. Шаң жүктемесін азайту үшін: - пайда болатын бөліктерді және аспаптың ауа ағынын өзіңізге, айналаңыздағы адамдарға немесе жатқан шаңға бағыттамаңыз, - сорғыш қондырғыны және/немесе ауа тазалағышты қолданыңыз, - жұмыс орнын жақсылап желдетіңіз және сору арқылы таза күйде ұстаңыз. Қалықтап жатқан шаңды сыпырыңыз немесе үрлеп шығарыңыз. - Қорғаныш киімді жуыңыз немесе шаңын сорыңыз. Үрлеуге, қағуға немесе қылшақпен тазалауға болмайды. 2-бетті қараңыз. 1 Quick қыспа гайкасы * 2 Тіреуіш фланец * 3Шпиндель 4W...
...: Автобалансирдің тіреуіш фланеці (алынбайды) * 5 Шпиндель бекіткішінің түймесі 6 Электрондық сигналдық индикатор * 7Тұтқыш 8 Құлып (кездейсоқ қосылудан қорғауға немесе үздіксіз жұмыс режимін қосуға арналған) * 9 Батырма ауыстырып қосқыш (қосу/өшіруге
10 Түйме (негізгі тұтқышты бұрап реттеуге
11 Негізгі тұтқыш 12 Қосымша тұтқыш / дірілді басқыш қосымша
13 Қорғаныш қалпақ 14 Қыспа гайка * 15 Екі саңылаулы кілт * 16 Ысырма (қорғаныш қалпақты құралсыз реттеуге арналған) 17 Бұранда (ысырманың қысу күшін реттеуге
- жабдықталуға байланысты / жеткізілім жиынтығына кірмейді Қолданысқа енгізу алдында фирмалық тақтайшада көрсетілген номиналды кернеу мен номиналды жиілік ток желіңіздің деректеріне сәйкес келетіндігіне көз жеткізіңіз. Әрдайым макс. жылыстау тогы 30 мА құрайтын FI автоматты ажыратқышын (RCD) алдын ала қосыңыз. Минималды көлденең қимасы 1,5 мм
ұзартқыш кабельді ғана пайдаланыңыз. Ұзартқыш кабельдер аспаптың тұтынылатын қуатына сәйкес келуі тиіс (техникалық деректерді қараңыз). Кабель барабанын пайдаланған кезде кабельді әрдайым толықтай
6.1 Қосымша тұтқышты орнату
Орнатылған қосымша тұтқышпен (12) ғана жұмыс істеңіз! Қосымша тұтқышты сол жақ, ортаңғы немесе оң жақ бұрандалы саңылауға (қажеттілікке қарай) қолмен бұрап кіргізіңіз.
6. Қолданысқа енгізуҚАЗАҚША kk
6.2 Қорғаныш қалпақты орнату
Қолданысқа енгізу алдында: қорғаныш қалпақты
Қауіпсіздік тұрғысынан тек тиісті алмалы- салмалы құралға арналған қорғаныш қалпақты пайдаланыңыз! Қате қорғаныш қалпақ бақылау мүмкіндігінен айырылуға және ауыр жарақат алуға әкелуі мүмкін. Сондай-ақ «Керек- жарақтар» атты 11.-бөлімді қараңыз! 2-беттегі F суретін қараңыз. - Ысырманы (16) ашыңыз. Қорғаныш қалпақты (13) көрсетілген күйде орнатыңыз. - Қорғаныш қалпақты оның жабық бөлігі пайдаланушыға қарап тұратындай етіп
- Ысырманы жауып қойыңыз. - Қажет болса, ысырманың қысу күшін бұранданы (17) тарту арқылы (ысырма ашық болғанда) арттыруға болады. Қорғаныш қалпақтан кем дегенде 3,4 мм шамасына шығып тұратын алмалы- салмалы құралдарды пайдаланыңыз.
6.3 Айналмалы негізгі тұтқыш
Бекітулі негізгі тұтқышпен (11) ғана жұмыс
2-беттегі C суретін қараңыз. - Түймені (10) басыңыз. - Енді негізгі тұтқышты (11) екі жаққа да 90°-қа бұрауға және бекітуге болады. - Берік орнатылғанын тексеріңіз: негізгі тұтқыш (11) бекітіліп тұруы және айналмауы тиіс.
6.4 Электр желісіне қосылым
Желілік розеткалар инерциялық балқығыш сақтандырғыштармен немесе желілік қорғаныш автоматтармен қорғалуы тиіс. Түр тақтайшасында «WE...» белгісі бар
(іске қосу тогын автоматты түрде шектегіші (бірқалыпты іске қосу) кіріктірілген) Желілік розеткаларды, сондай-ақ жылдам іске қосылатын балқығыш сақтандырғыштармен немесе желілік қорғаныш автоматтармен қорғауға болады. Қайта жабдықтау бойынша барлық жұмыстардың алдында: желілік ашаны розеткадан суырыңыз. Аспап қосылып тұруы және шпиндель қозғалмай тұруы тиіс. Кескіш дөңгелектермен жұмыс істеу үшін қауіпсіздік тұрғысынан кескіш дөңгелекке арналған қорғаныш қалпақты («Керек- жарақтар» атты 11.-бөлімді қараңыз) пайдаланыңыз.
7.1 Шпиндельді бекіту
Шпиндель бекіткішінің түймесін (5) шпиндель тоқтап тұрғанда ғана басыңыз. - Шпиндель бекіткішінің түймесін (5) басып, шпиндельді (3) бекіткіш түймесі шерту дыбысымен тірелгенше қолмен бұраңыз.
7.2 Ажарлағыш дөңгелекті орналастыру
2-беттегі D суретін қараңыз. W 2..., WE 2... белгісі бар аспаптар: - Тіреуіш фланецті (2) шпиндельге орнатыңыз. Фланец шпиндельде айналмаған жағдайда дұрыс орнатылған деп есептеледі. - Ажарлағыш дөңгелекті D суретінде көрсетілгендей тіреуіш фланецке (2) орналастырыңыз. Ажарлағыш дөңгелек тіреуіш фланецпен біркелкі жанасуы тиіс. W...A 2... белгісі бар аспаптар: Автобалансирдің тіреуіш фланеці (4) шпиндельге берік бекітілген. Бұл басқа бұрыштық ажарлағыштарға қарағанда қосымша алмалы-салмалы тіреуіш фланец қажет емес екендігін білдіреді. Автобалансир тіреуіш фланецінің (4), ажарлағыш дөңгелектің және Quick қыспа гайкасының (1) немесе қыспа гайканың (14) беттері таза болуы тиіс. Қажет болса, оларды тазалап шығыңыз. - Ажарлағыш дөңгелекті автобалансирдің тіреуіш фланеціне (4) орналастырыңыз. Ажарлағыш дөңгелек автобалансирдің тіреуіш фланецімен біркелкі жанасуы тиіс.
7.3 Quick қыспа гайкасын бекіту/босату
(жабдықталуға байланысты) Quick қыспа гайкасын (1) бекіту: Егер қысу диапазонындағы алмалы- салмалы құралдың қалыңдығы 8 мм шамасынан артық болса, Quick қыспа гайкасын пайдалануға тыйым салынады! Бұл жағдайда қыспа гайканы (14) екі саңылаулы кілтпен (15) бірге пайдаланыңыз. Тек ақаусыз және зақымдалмаған Quick қыспа гайкасын пайдаланыңыз: көрсеткі сыртқы сақинадағы ойыққа қарап тұруы тиіс (2- беттегі суретті қараңыз). - Шпиндельді бекітіңіз (7.1 бөлімін қараңыз). - Quick қыспа гайкасын (1) шпиндельге (3) орнатыңыз. 2-беттегі суретті қараңыз. - Quick қыспа гайкасын сағат тілінің бағытымен қолмен бұрап тартыңыз. - Ажарлағыш дөңгелекті сағат тілінің бағытымен күштеп бұрау арқылы Quick қыспа гайкасын тартыңыз. W...B... белгісі бар аспаптарда соңғы 180°-та асқын қарсылық сезілуі тиіс. Quick қыспа гайкасын (1) босату: - Шпиндельді бекітіңіз (7.1 бөлімін қараңыз).
7. Ажарлағыш дөңгелекті
- Quick қыспа гайкасын (1) сағат тілінің бағытына қарсы бұрап шығарыңыз.
7.4 Қыспа гайканы бекіту/босату
(жабдықталуға байланысты) Қыспа гайканы (14) бекіту: Қыспа гайканың 2 жағы бір-бірінен өзгешеленеді. Қыспа гайканы шпиндельге төмендегідей бұрап орнатыңыз: 2-беттегі E суретін қараңыз. - А) Жұқа ажарлағыш дөңгелектер үшін: Қыспа гайканың (14) буылтығы ажарлағыш дөңгелекті мықтап қысу үшін жоғары қарап
Ә) Қалың ажарлағыш дөңгелектер үшін: Қыспа гайканың (14) буылтығы қыспа гайканы шпиндельге берік бекіту үшін төмен қарап тұр. - Шпиндельді бекітіңіз. Қыспа гайканы (14) екі саңылаулы кілттің (15) көмегімен сағат тілінің бағытымен бұрап тартыңыз. W...B... белгісі бар аспаптарда соңғы 180°-та асқын қарсылық сезілуі тиіс. Қыспа гайканы босату: - Шпиндельді бекітіңіз (7.1 бөлімін қараңыз). Қыспа гайканы (14) екі саңылаулы кілттің (15) көмегімен сағат тілінің бағытына қарсы бұрап
Аспапты әрдайым екі қолмен ұстап
Алмалы-салмалы құралды дайындамаға тек қосулы күйінде апарыңыз. Кенет іске қосылуына жол бермеңіз: желілік аша розеткадан суырылған немесе токпен жабдықтау үзілген болса, әрдайым аспапты өшіріңіз. Үздіксіз жұмыс режимінде аспап қолдан түсірілген жағдайда да ары қарай жұмыс істейді. Сондықтан әрдайым аспапты екі қолмен арнайы тұтқыштарынан ұстаңыз, тұрақты қалыпта тұрыңыз және бар назарыңызды орындалатын жұмысқа аударыңыз. Аспапқа шаң мен жоңқаның құйындауын немесе тартылуын болдырмаңыз. Аспапты өшіргеннен кейін қозғалтқыш толықтай тоқтағанша қоймаңыз. 2-беттегі A суретін қараңыз. Қысқа мерзімге қосу:
құлыпты (8) көрсеткі бағытымен жылжытып, батырма ауыстырып қосқышты (9) басыңыз. Өшіру: батырма ауыстырып қосқышты (9)
Үздіксіз жұмыс режимі (жабдықталуға байланысты):
құлыпты (8) көрсеткі бағытымен жылжытып, батырма ауыстырып қосқышты (9) басып тұрыңыз. Аспап енді қосылып тұр. Енді құлыпты (8) тағы бір рет көрсеткі бағытымен жылжытып, батырма ауыстырып қосқышты (9) бекітіңіз (үздіксіз жұмыс режимі).
батырма ауыстырып қосқышты (9) басып
W...B белгісі бар аспаптар: Қысқа мерзімге қосу (қауіпсіз тоқтату функциясымен) 2-беттегі B суретін қараңыз. Қосу: батырма ауыстырып-қосқышты (9) алға қарай жылжытыңыз да, содан кейін батырма ауыстырып қосқышты (9) жоғары қарай басыңыз. Өшіру: батырма ауыстырып қосқышты (9)
8.2 Жұмыс бойынша нұсқаулар
Аспапты орташа күшпен қысып, дайындаманың беті қатты қызбайтындай етіп үстіңгі бет бойынша алға-артқа жылжытыңыз. Сиыра ажарлау: жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін 30° - 40° орнату бұрышында жұмыс істеңіз. Абразивті кесу: Абразивті кесу кезінде әрдайым қарама-қарсы бағытпен (суретті қараңыз) жұмыс істеңіз. Кері жағдайда аспап кесіктен кенет секіріп шығуы мүмкін. Орташа, өңделетін материалға жарамды беріліспен жұмыс істеңіз. Қисайтуға, басуға және теңселтуге болмайды. Егеуқұм қағазымен ажарлау: Аспапты орташа күшпен қысып, дайындаманың беті қатты қызбайтындай етіп үстіңгі бет бойынша алға-артқа жылжытыңыз. Сым қылшақтармен жұмыс істеу: Аспапты орташа күшпен қысыңыз. Жұмыс барысында электрлік құралдың ішінде материал бөлшектері жиналуы мүмкін. Бұл электрлік құралдың суытылуын нашарлатады. Ток өткізгіш шөгінді электрлік құралдың қорғайтын оқшаулағышын бұзып, ток соғу қаупін тудыруы мүмкін. Электрлік құралдағы кірді барлық алдыңғы мен артқы желдету саңылаулары арқылы жүйелі түрде, жиі және мұқият сорып немесе құрғақ ауамен үрлеп тазартыңыз. Бұл әрекеттің алдында электрлік құралды қуат көзінен ажыратып, қорғаныш көзілдірік пен жарамды респираторды киіп алыңыз. Үрлеп тазарту кезінде жеткілікті ауа тартқыш желдету қамтамасыз етілуі тиіс.
9. ТазалауҚАЗАҚША kk
Тұтқышты реттеуге арналған түйме (10): қажет болса, түймеден кірді сорып немесе құрғақ ауамен үрлеп тазартыңыз (басылған күйде, негізгі тұтқыштың барлық 3 күйінде). Бұл әрекеттің алдында электрлік құралды қуат көзінен ажыратып, қорғаныш көзілдірік пен респираторды киіп алыңыз. Түр тақтайшасында «WE...» белгісі бар
- Артық жүктемеден қорғаныс: электрондық сигналдық индикатор (6) жанып, жүктеме астындағы айналу жиілігі ҚАТТЫ төмендейді. Қозғалтқыш температурасы тым жоғары! Аспапты суығанша және электрондық сигналдық индикатор сөнгенше бос жүріс күйінде жұмыс істетіңіз. - Артық жүктемеден қорғаныс: электрондық сигналдық индикатор (6) жанып, жүктеме астындағы айналу жиілігі АЗҒАНТАЙ төмендейді. Аспапқа артық жүктеме түсті. Электрондық сигналдық индикатор сөнгенше жұмысты төмендетілген жүктемемен жалғастырыңыз. - Электрондық қауіпсіздік ажыратқышы: электрондық сигналдық индикатор (6) жанып, аспап өздігінен ӨШЕДІ. Токтың артуы тым жылдам болған (мысалы, кенет бұғатталған немесе кері соққы тиген) жағдайда, аспап өшеді. Аспапты батырма ауыстырып-қосқыш (9) арқылы өшіріңіз. Содан кейін қайта қосып, жұмысты әдеттегідей жалғастырыңыз. Кейінгі бұғатталуға жол бермеңіз. 4.2 бөлімін қараңыз. - Қайта іске қосылудан қорғаныс: электрондық сигналдық индикатор (6) ЖЫПЫЛЫҚТАП, аспап жұмыс істемейді. Қайта іске қосылудан қорғаныс іске қосылды. Аспаптың қосулы күйінде желілік аша розеткаға салынған немесе электр қуатымен жабдықтау үзілгеннен кейін қалпына келген жағдайда, аспап іске қосылмайды. Аспапты өшіріп қайта қосыңыз. - Аспап қосылған кезде максималды айналу жиілігіне дейін өте жылдам үдейді, яғни іске қосу тогын автоматты түрде шектегіш (бірқалыпты іске қосу) қызмет етпейді. Электрондық блокта ақаулық орын алды, электрондық блок функцияларына қатысты қауіпсіздік техникасы бойынша басқа нұсқаулар көрсетілмейді. Аспапты дереу жөндетіңіз (12.-бөлімді қараңыз). W 22-180 MVT, W 22-230 MVT, W 24-180 MVT, W 24-230 MVT, W 26-180 MVT, W 26-230 MVT: - Қосу процестері кернеудің қысқа мерзімді төмендеуін тудырады. Жағымсыз желі параметрлерінде басқа құрылғылар істен шығуы мүмкін. Толық желі қарсылығы 0,2 Ом шамасынан кем болғанда, ақаулықтардың ықтималдылығы төмен болады. Тек қана түпнұсқа Metabo керек-жарақтарын қолданыңыз. Тек қана осы пайдалану бойынша нұсқаулықта келтірілген талаптар мен сипаттарға сай келетін керек-жарақтарды пайдаланыңыз. Керек-жарақтарды берік бекітіңіз. Аспап ұстағыш ішінде пайдаланылған жағдайда: аспапты берік бекітіңіз. Бақылау мүмкіндігінен айырылсаңыз, жарақат алуыңыз мүмкін. 4-бетті қараңыз. Әрдайым тек өндірістік тапсырмаға жарамды алмалы-салмалы құралды және белгіленген қорғаныш қалпақты пайдаланыңыз. 5-бетті қараңыз. (Суреттер мысал ретінде
Өндірістік тапсырма: 1 = үстіңгі бетімен ажарлау 2 = абразивті кесу 3 = саңылау бұрғылау 4 = сым қылшақтармен жұмыс істеу 5 = егеуқұм қағазымен ажарлау Алмалы-салмалы құралдар:
1.1 = сиыра ажарлағыш дөңгелек
1.2 = ажарлағыш бастиек (керамикалық)
2.1 = «металл» кескіш дөңгелегі
2.2 = «кірпіш қалау/бетон» кескіш дөңгелегі
2.3 = «кірпіш қалау/бетон» алмасты кескіш
2.4 = екі мақсатты кескіш дөңгелектер (құрама
ажарлағыш және абразивті кескіш дөңгелектер)
3.1 = алмасты бұрғылау коронкалары
4.1 = домалақ қылшақ
4.2 = табақшалы қылшақ
5.1 = ламельді тіреуіш ажарлағыш табақшалар
5.2 = қажақсыдырғыларға арналған тіреуіш
ажарлағыш табақшалар белгіленген қорғаныш қалпақ: A түрі = кескіш дөңгелекке арналған қорғаныш
B түрі = ажарлауға арналған қорғаныш қалпақ C түрі = ажарлауға және абразивті кесуге арналған қорғаныш қалпақ (қисындасу) D түрі = ажарлағыш бастиекке арналған қорғаныш қалпақ F түрі = абразивті кесуге арналған ауа тартатын қорғаныш қалпақ Қосымша керек-жарақтар: (www.metabo.com веб-сайтын да қараңыз) A Металды кесуге арналған бағана B Қыспа гайка (14) C Quick қыспа гайкасы (1) Керек-жарақтардың толық тізімін www.metabo.com сайтында немесе негізгі каталогтен қараңыз. Электрлік құралда жөндеу жұмыстарын тек қана электрші маман өткізуі тиіс!
10. Ақаулықтарды жою
Бұзылған желілік кабельді тек Metabo қызмет көрсету орталығында сатып алуға болатын арнайы, түпнұсқа Metabo желілік кабелімен ауыстыруға рұқсат етіледі. W...B... белгісі бар аспаптарда көмір қылшақтар жинағын алмастырған кезде тежегіш қалыптарды да алмастыру керек. Metabo филиалына жөндеуді қажет ететін Metabo электрлік құралдарымен бірге барыңыз. Мекенжайлары www.metabo.com сайтында
Қосалқы бөлшектердің тізімдерін www.metabo.com сайтында жүктеп алуға
Ажарлаудан пайда болатын шаңда зиянды заттектер болуы мүмкін, сондықтан оны тиісінше кәдеге жарату керек. Пайдаланылған аспаптарды, орауыштарды және керек-жарақтарды қоршаған орта үшін қауіпсіз түрде кәдеге жарату және қайта өңдеу бойынша ұлттық ережелерді ұстаныңыз. Тек қана ЕО елдерінде: электрлік құралды тұрмыстық қоқысқа тастамаңыз! Электрлік және электрондық ескі құрылғылар және ұлттық заңға түрлендіру жөніндегі 2012/19/EU еуропалық директивасына сәйкес, пайдаланылған электрлік құралдар бөлек жиналып, қоршаған орта үшін қауіпсіз қайта өңдеуге жіберілуі тиіс. 3-беттегі мәліметтерге түсініктемелер. Техникалық дамуға қарай өзгеруі мүмкін.
max =алмалы-салмалы құралдың макс.
max,1 =қыспа гайка (14) пайдаланылған кезде қысу диапазонындағы алмалы- салмалы құралдың макс. рұқсат етілген қалыңдығы
max,2 =Quick қыспа гайкасы (1) пайдаланылған кезде қысу диапазонындағы алмалы-салмалы құралдың макс. рұқсат етілген
max,3 =сиыра ажарлағыш дөңгелек/кескіш
алмалы-салмалы құралдың макс. рұқсат етілген қалыңдығы
max,4 =дискілі қылшақтардың макс. рұқсат етілген қалыңдығы M =шпиндельдің ирек оймасы l =ажарлағыш шпиндельдің ұзындығы
=бос жүріс күйіндегі айналу жиілігі (макс. айналу жиілігі)
=номиналды тұтынылатын қуат
=шығыс қуат m =желілік кабельсіз салмағы Өлшеу мәндері EN 60745 стандартына сай есептеледі. II қорғаныс класындағы аспап ~ Айнымалы ток Берілген техникалық деректерде ұйғарынды ауытқулар болуы мүмкін (жарамды стандарттарға сай). Эмиссиялық көрсеткіштер Аталмыш көрсеткіштер электрлік құралдардың эмиссиясын анықтауға және әртүрлі электрлік құралдарды салыстыруға мүмкіндік береді. Пайдалану жағдайына қарай, электрлік құралдың немесе алмалы-салмалы құралдың күйі шынайы жүктемені көтеруі немесе төмендетуі мүмкін. Жұмыстағы үзілістерді және фазаларды анықтау үшін төменірек жүктемені қамтамасыз етіңіз. Сәйкесінше бейімделген бағаға сай пайдаланушы үшін қорғаныс шараларын, мысалы, ұйымдастыру шараларын анықтаңыз. Жұқа табақ металды немесе үстіңгі беті үлкен басқа оңай дірілдейтін дайындамаларды ажарлау көрсетілген шуыл эмиссиясының көрсеткіштерінен айтарлықтай жоғары жалпы шуыл эмиссиясын (15 дБ шамасына дейін) тудыруы мүмкін. Мұндай дайындамалардан туындайтын шуылды ауыр, икемді діріл басқыш кілемшелерді орнату сияқты арнайы шаралар арқылы болдырмауға болады. Асқын шуыл эмиссиясын, сондай-ақ шуыл жүктемесінің қаупін бағалаған және жарамды құлақ қорғанысын таңдаған кезде ескеру қажет. Дірілдің жалпы көрсеткіші (үш бағыттың векторлық қосындысы) – EN 60745 стандартына сай анықталады:
h, SG =дірілдің эмиссиялық көрсеткіші (үстіңгі беттерді ажарлау)
h, DS =дірілдің эмиссиялық көрсеткіші (тіреуіш ажарлағыш табақшамен
h,SG/DS = дәлсіздік (діріл) Үлгілі A өлшемді дыбыс деңгейі
= дыбыс қысымының деңгейі
= дыбыс күшінің деңгейі
= дәлсіздік Қорғаныш құлаққап тағыңыз! EAC-Text Сатып алушыға арналған ақпарат: Сәйкестік сертификаты: Сәйкестік сертификаты: № ТС RU C- DE.БЛ08.В.00909, жарамдылық мерзімі:
26.10.2017 ж. - 25.10.2022 ж., «Ивановский Фонд
Сертификации» ЖШҚ, «ИВАНОВО- СЕРТИФИКАТ» өнімдерді сертификаттау органы берген; Мекенжайы (заңды және нақты мекенжайы): 153032, Ресей Федерациясы, Ивановская обл., Иваново қ, Станкостроитель көшесі, №1 үй; тел. (4932)77-34-67; факс (4932)77-34-67; E-mail: ivfs@mail.ru; Аккредитация аттестаты № RA.RU.11БЛ08,
13. Қоршаған ортаны қорғау
14. Техникалық деректерҚАЗАҚША kk
24.03.16 ж. Аккредитация бойынша
федералдық қызметпен берілген Өндіруші ел: Германия Өндіруші: "Metabowerke GmbH", Metaboallee 1, D-72622 Nuertingen, Германия Ресейге импорттаушы: ЖШҚ «Метабо Евразия» Ресей, 127273, Мәскеу Березовая аллея көшесі, № 5 а, 7-құрылыс, 106-
тел.: +7 495 980 78 41 Өндірілген күні құралдың тақтайшасында көрсетілген 10 таңбалық сериялық нөмірінде шифрланған. 1-сан жылды білдіреді, мысалы, «4» саны өнім 2014 жылы өндірілгенін білдіреді.
2- және 3-сан өндірілген жылдағы ай санын
білдіреді, мысалы, «05» - мамыр айы. Өнімнің жарамдылық мерзімі 7 жылды құрайды. Өндірілген күннен кейін 5 жыл сақтауда тұрған жағдайда алдын ала тексерместен пайдалану ұсынылмайды (өндірілген күнін жапсырмадан қараңыз).КЫРГЫЗЧАky
Notice-Facile