BOSCH

GKS 55+ G Professional - Ара BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз GKS 55+ G Professional BOSCH PDF форматында.

📄 263 бет PDF ⬇️ Қазақша KK 💬 ЖИ сұрағы 🖨️ Басып шығару
Notice BOSCH GKS 55+ G Professional - page 155
Нұсқаулық көмекшісі
ChatGPT арқылы жұмыс істейді
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : BOSCH

Модель : GKS 55+ G Professional

Санат : Ара

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Ара PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз GKS 55+ G Professional - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. GKS 55+ G Professional брендінің BOSCH.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ GKS 55+ G Professional BOSCH

Еуразия экономикалық одағына (Кеден одағына) мүше мемлекеттер аумағында қолданылады Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану құжаттарының құрамында пайдалану жөніндегі осы нұсқаулық, сонымен бірге қосымшалар да болуы мүмкін. Сəйкестікті растау жайлы ақпарат қосымшада бар. Өнімді өндірген мемлекет туралы ақпарат өнімнің корпусында жəне қосымшада көрсетілген. Өндірілген мерзімі Нұсқаулық мұқабасының соңғы бетінде көрсетілген. Импортерге қатысты байланыс ақпарат өнім қаптамасында көрсетілген. Өнімді пайдалану мерзімі Өнімнің қызмет ету мерзімі 7жыл. Өндірілген мерзімнен бастап (өндіру күні зауыт тақтайшасында жазылған) істетпей 5жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз (сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды. Көрсетілген қызмет ету мерзімі тұтынушы аталмыш нұсқаулықтың талаптарын орындаған жағдайда ғана жарамды болады. Iстен шығу себептерінің тізімі – қөп үшқын шықса, пайдаланбаңыз – қатты діріл кезінде пайдаланбаңыз – тоқ сымы бұзылған немесе оқшаулаусыз болса, пайдаланбаңыз – өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз Пайдаланушының мүмкін қателіктері – тұтқасы мен корпусы бұзылған болса, өнімді пайдаланбаңыз – жауын –шашын кезінде сыртта пайдаланбаңыз – корпус ішіне су кірсе құрылғыны қосушы болмаңыз Шекті күй белгілері – тоқ сымының тозуы немесе зақымдануы – өнім корпусының зақымдалуы Қызмет көрсету түрі мен жиілігі – Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.

– құрғақ жерде сақтау керек – жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің әсерінен алыс сақтау керек – сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан қорғау керек – орамасыз сақтау мүмкін емес – сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін МЕМСТ15150-69 (шарт1) құжатын қараңыз – +5-ден +40°C-қа дейін температурасында қоймада өндірушінің қаптамасында сақтаңыз. Салыстырмалы ылғалдылық 80% -дан аспауы тиіс.

– тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады – босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды пайдалануға рұқсат берілмейді – тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ15150-69 (5шарт) құжатын оқыңыз – Қоршаған орта температурасы −50°С-тан +50°С-қа дейін тасымалдау рұқсат етілген. Салыстырмалы ылғалдылық 100%-дан аспауы тиіс. Қауіпсіздік нұсқаулары Электр құралдары үшін жалпы қауіпсіздік

Осы электр құралының жинағындағы ескертулерді, нұсқауларды, суреттерді және сипаттамаларды оқыңыз. Барлық техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын орындамау тоқтың соғуына, өрт және/ немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін. Болашақ жұмыстар үшін қауіпсіздік нұсқаулықтары мен ескертпелерді сақтап қойыңыз. Қауіпсіздік нұсқаулықтарында пайдаланылған Электр құрал атауының желіден қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі менен) және аккумуляторден қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі жоқ) қатысы бар. Жұмыс орнының қауіпсіздігі u Жұмыс орнын таза және жарық ұстаңыз. Ластанған және қараңғы жайларда сәтсіз оқиғалар болуы мүмкін. u Электр құрылғысын жарылатын атмосферада пайдаланбаңыз, мысалы, жанатын сұйықтық, газ немесе шаң бар болғанда. Электр құрал ұшқындарды жасайды, ал олар шаң немесе буларды жандыруы

u Балалар мен бақылаушыларды электр құралынан алыс ұстаңыз. Алданулар бақылау жоғалуына алып келуі мүмкін. u Жабдық тұрмыстық жағдайларда, коммерциялық аймақтарда және қоғамдық жерлерде, зиянды және Bosch Power Tools 1 609 92A 7SY | (17.05.2022)156 | Қазақ қауіпті өндірістік факторлар жоқ кіші электр тұтынуы бар өндірістік аймақтарында жұмыс істеу үшін

Электр қауіпсіздігі u Электр айырлары розеткаға сай боулы тиіс. Айырды ешқашан ешқандай тәрізде өзгертпеңіз. Жерге косылған электр құралдарымен адаптер айырларын пайдаланбаңыз. Өзгертілмеген айырлар мен сәйкес розеткалар электр тұйықталуының қауіпін төмендетеді. u Құбырлар, радиаторлар, плиталар мен суытқыштар сияқты жерге қосылған беттерге тимеңіз. Денеңіз жерге қосылған болса жоғары тоқ соғу қауіпі пайда

u Электр құралдарды жаңбырда немесе ылғалды қоршауда пайдаланбаңыз. Электр құралына кірген су тоқ соғу қауіпін жоғарылатады. u Кабельді тиісті болмаған ретте пайдаланбаңыз. Кабельді электр құралын тасу, көтеру немесе тоқтан шығару үшін пайдаланбаңыз. Кабельді ыстықтық, май, өткір қырлар және жылжымалы бөлшектерден алыс ұстамаңыз. Зақымдалған немесе бытысып кеткен кабель тоқ соғу қауіпін жоғарылатады. u Электр құралын сыртта пайдаланғанда сыртқы жайлар үшін сай кабельді пайдаланыңыз. Сыртта пайдалануға жарамды кабельді пайдалану тоқ соғу қауіпін төмендейді. u Егер электр құралын ылғалды жерде пайдалану керек болса, онда қорғайтын өшіру құрылғысы (RCD) арқылы қорғалған тоқ желісін пайдаланыңыз. RCD пайдалану тоқ соғу қауіпін төмендетеді. Жеке қауіпсіздік u Электр құралды пайдалануда абай болыңыз, жұмысыңызды бақылаңыз және парасатты пайдаланыңыз. Электр құралды шаршаған кезде немесе есірткі, алкоголь немесе дәрі әсер еткен кезде пайдаланбаңыз. Электр құралын пайдалану кезінде аңсыздық ауыр жеке жарақаттануға алып келуі

u Жеке қорғайтын жабдықтарды пайдаланыңыз. Әрдайым көз қорғанысын тағыңыз. Шаң маскасы, сырғанбайтын қауіпсіздік аяқ киімдері, шлем немесе есту қорғаныштары сияқты қорғағыш жабдықтары тиісті жағдайларда қолданып жеке жарақаттануларды

u Кездейсоқ іске қосылудың алдын алу. Тоқ көзіне және/немесе батареялар жинағына қосудан алдын, құралды көтеру немесе тасудан алдын өшіргіш өшік күйде болуына көз жеткізіңіз. Электр құралын саусақты өшіргішке қойып тасу немесе қосқышы қосулы электр құралын тоққа қосу сәтсіз оқиғаға алып келуі мүмкін. u Электр құралын қосудан алдын келген реттеу сынасын немесе кілтті алып қойыңыз. Электр құралының айналатын бөлігінде қалған кілт немесе сына жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін. u Көп күш істетпеңіз. Әрдайым тиісті таяныш пен тең салмақытылқты сақтаңыз. Бұл күтілмеген жағдайларда электр құралдың бақылануын сақтайды. u Тиісті киім киіңіз. Бос киім мен әшекейлерді киймеңіз. Шашыңыз бен киімдерді жылжымалы бөлшектерден алыс ұстаңыз. Бос киімдер, әшекейлер немесе ұзын шаш жылжымалы бөлшектер арқылы тартылуы мүмкін. u Егер шаң шығарып жинау жабдықтарына қосу құрылғылары берліген болса, онда олар қосулы болуына және тиісті ретте қолдануына көз жеткізіңіз. Шаң жинауды пайдалану шаңға байланысты зияндарды кемейтеді. u Аспаптарды жиі пайдаланып жақсы білгеннен соң масайрап кетпей қауіпсіздік принциптерін елемей отырмаңыз. Абайсыз әрекет секунд ішінде ауыр жарақаттануға алып келуі мүмкін. u НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Энергиямен жабдықтаудың толықтай не жекелей тоқтатылуы немесе энергиямен жабдықтауды басқару тізбегінің ақаулануы салдарынан электр құралының жұмысында кідіріс пайда болған жағдайда, бұғатталмағандығына көз жеткізіп (болған жағдайда) барып, ажыратқышты Выкл. (Өшіру) қалпына келтіріңіз. Желілік ашаны розеткадан шығарыңыз немесе алып – салмалы аккумуляторды ажыратыңыз. Осы әрекет арқылы бақыланбайтын қайта іске қосылудың алдын аласыз. u Аталмыш пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес білікті қызметкерлер құрамына электр құралын реттеу, монтаждау, қолданысқа енгізу және оған қызмет көрсету әрекеттерімен таныс тұлғалар жатады. u Электр құралымен жұмыс істеуге 18 жасқа толған, техникалық сипаттаманы, пайдалану жөніндегі нұсқаулықты және қауіпсіздік ережелерін оқып шыққан тұлғаларға рұқсат етіледі. u Дене, сезім немесе ақыл-ой қабілеттері шектеулі немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдар олардың қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаның бақылауында болмаса немесе электр құралын пайдалану бойынша нұсқау алмаған болса, бұйымды пайдаланбауы тиіс. Электр құралдарын пайдалану және күту u Құралды аса көп жүктемеңіз. Жұмысыңыз үшін жарамды электр құралын пайдаланыңыз. Жарамды электр құралымен керекті жұмыс аймағында дұрыс әрі сенімді жұмыс істейсіз. u Ажыратқышы дұрыс емес электр құралын пайдаланбаңыз. Қосуға немесе өшіруге болмайтын электр құралы қауіпті болып, оны жөндеу қажет

u Жабдықтарды реттеу, бөлшектерін алмастыру немесе электр құралдарын қоймаға қою алдында, ашаны қуат көзінен ажыратыңыз және/немесе 1 609 92A 7SY | (17.05.2022) Bosch Power ToolsҚазақ | 157 аккумуляторы алмалы-салмалы болса, оны электр құралынан алып тастаңыз. Бұл сақтық әрекеті электр құралдың байқаусыз қосылуына жол бермейді. u Пайдаланылмайтын электр құралдарды балалар қолы жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған адамдарға бұл құралды пайдалануға жол бермеңіз. Тәжірібесіз адамдар қолында электр құралдары қауіпті

u Электр құралдарын мен керек-жарақтарын ұқыпты күтіңіз. Қозғалмалы бөлшектердің кедергісіз істеуіне және кептеліп қалмауына, бөлшектердің ақаусыз немесе зақымдалмаған болуына, электр құралының зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Зақымдалған бөлшектері бар құралды пайдаланудан алдын жөндеңіз. Электр құралдарының дұрыс күтілмеуі жазатайым оқиғаларға себеп болып жатады. u Кескіш аспаптарды өткір және таза күйде сақтаңыз. Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір кескіш аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай бағытталады. u Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай пайдаланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз. Электр құралдарын арналмаған жұмыстарда пайдалану

u Қолтұтқалар мен қармау беттерін құрғақ, таза және май мен ластан таза ұстаңыз. Сырғанақ қолтұтқалар мен қармау беттері күтілмеген жағдайларда сенімді қолдану мен бақылауға жол бермейді. Қызмет көрсету u Электр құралына маманды жөндеуші тек бірдей қосалқы бөлшектермен қызмет көрсетуі керек. Бұл электр құралының қауіпсіздігін сақталуын қамтамасыз

Фрезерлік-кесу станогымен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік Кесу әдістері u Қауіпті: Қолдарыңызды кесу аймағы мен жүзден алыс ұстаңыз. Екінші қолды қосымша тұтқада немесе мотор корпусына қойыңыз. Егер екі қолмен араны ұстасаңыз, олар кесілмейді. u Дайындама астына тимеңіз. Қорғағыш сізді дайындама астында жүзден сақтай алмайды. u Кесу тереңдігін дайындама қалыңдығына сәйкестендіріңіз. Дайындама астында ара тістерінің жартысынан кемі көрінісі керек. u Дайындаманы қолмен ұстап немесе аяқтан өткізіп кеспеңіз. Дайындаманы тұрақты платформаға бекітіңіз. Жұмысты дұрыс қолдау денеге әсерді, жүз қажалуын немесе бақылау жоғалтуды минималдау үшін маңызды болады. u Кесетін керек-жарақтан жасырын сымдар немесе өз сымына тиюі мүмкін әрекеттерді жасаған кезде кесу аспабын тек оқшауланған ұстау жайынан ұстаңыз. Істеп тұрған сымға тию электр шығып тұрған құралының метал бөлшектерін істетіп пайдаланушыны тоқ соғуы мүмкін. u Кескен кезде әрдайым бағыттауыш планка немесе бұрыштық тіреуішті пайдаланыңыз. Бұл кесіктің дәлдігін жақсартып жүз тығылып қалуының қауібін

u Ілдірік тесіктері дұрыс пішімде (ромб) және өлшемде болатын жүздерді пайдаланыңыз. Араның орнату құралдарына сай болмаған жүздер теңерімде болмай, бақылау жоғалтуына алып келеді. u Ешқашан зақымдалған немесе дұрыс емес жүз шайбаларын немесе болттарды пайдаланбаңыз. Шайбалар мен болттар араңыз үшін арнайы жасалған, оптималдық жұмыс және пайдалану қауіптігі үшін. Қайтарым себептері мен тиісті ескертпелер –қайтару бұл қысылған, сығылған немесе теңерімсіз ара дискісінің кездейсоқ реакциясы, ол бақылаусыз араның көтеріліп дайындамадан шығып пайдаланушыға шығып кетуіне себеп болуы мүмкін; –диск жабылатын ойықпен қатты қысылған немесе сығылған болса, диск тоқтап мотор реакийсы блокты жылдам кері бағытта пайдаланушыға тартады; –егер диск бұралса немесе кесігі тең болмаса, дискінің арқасындағы тістер ағаш бетіне кіріп дискінің ойықтан көтерілуіне және пайдаланушыға секреуіне себеп болуы

Қайтарым араны қате пайдаланудан және/немесе қате пайдалану әдістерінің немесе шарттарының салдарынан болатын жарақаттардың алды алады. u Араны екі қолмен қатты ұстаңыз және қолдарыңызды қайтарым күштеріне қарсылық көрсететін күйде орналастырыңыз. Денеңізді дискінің бір жағына орналастырыңыз, дискімен бір сызықта емес. Қайтарым араны арқаға секіруіне себеп болуы мүмкін, бірақ қайтарым күштерін пайдаланушы бақылауы мүмкін, егер шарасын көрсе. u Егер диск қажалса, немесе кесу кез келген себептен тоқталса, шүріппені тоқтатып араны диск толық тоқтағаныша материалда жылжытпаңыз. Дискі істеп тұрғанда араны дайындамадан шығармаңыз немесе араны арқаға тартпаңыз, әйтпесе қайтарым пайда болуы мүмкін. Дискі қажалуының себебін табып оны жоюға әрекет

u Араны дайындама ішінде қайта іске қосуда, ара дискісін тістер материалда болмайтын етіп ойықта ортаға дәлдеңіз. Егер ара дискісін қажалса, ара қайта іске қосылғанда ол шығып кетуі немесе дайындамадан қайтарым жасауы мүмкін. u Үлкен панельдерді тіретіп дискінің қысылуын немесе қайтарым жасауының қауіпін минималдаңыз. Үлкен панельдер өз ауырлығынан Bosch Power Tools 1 609 92A 7SY | (17.05.2022)158 | Қазақ иілуі мүмкін. Тіректерді панель астына кесік сызығына жақын және панель шеттеріне жақын жерде орналастыру керек. u Өтпес немесе зақымдалған дискілерді пайдаланбаңыз. Өткірленбеген немесе дұрыс орнатылмаған дискілер жіңішке кесікті жасап дірілдеуі, дискі қажалау және қайтаруға алып келіңіз. u Дискі тереңдігін және еңісін реттейтін тұтқыштар кесуден алдын қатты және бекем тұруы тиіс. Егер диск тұтқышы кесу кезінде жылжыса, бұл қажалу және қайтаруға алып келуі мүмкін. u Бар қабырға немесе басқа көрінбейтін жайларды аралауда арнайы ретте абалаңыз. Шығып тұрған дискі нысандарды кесіп қайтарымға алып келуі

Төменгі тіреуіш функциясы u Әр пайдаланудан алдын төменгі тіреуіш дұрыс жабылғанын тексеріңіз. Егер төменгі қорғағыш еркін жылжымаса араны пайдаланбаңыз және дереу жабыңыз. Төменгі қорғағышты ешқашан ашық күйге қайырмаңыз немесе бекітпеңіз. Егер ара кездейсоқ түсіп кетсе, төменгі қорғағыш қисаю мүмкін. Төменгі қорғағышты кері тұтқамен көтеріп оны еркін жүретін етіңіз және дискіге немесе басқа бөлшектерге барлық бұрыштарды және кесік тереңдіктерінде тимеңіз. u Төменгі қорғағыш жұмысын тексеріңіз. Егер қорғағыш пен серіппе дұрыс істемесе, оларға алдын қызмет көрсету керек. Төменгі қорғағыш зақымдалған бөлшектер, жабысқақ қалдықтар немесе сынықтар жиналуы себебінен жақсы істемеуі мүмкін. u Төменгі қорғағышты қолмен ойықты кесіктер және күдікті кесіктер сияқты арнайы кесіктерде қайтару мүмкін. Дискі материалға кіргенде төменгі қорғағышты қайтару тұтқасымен көтеріңіз, төменгі қорғағыш бос тұруы керек. Барлық аралау жұмыстарында төменгі қорғағыш автоматты істеуі тиіс. u Әрдайым араны үстелге немесе еденге қоюдан алдын төменгі қорғағыш дискіні қаптауына көз жеткізіңіз. Қорғалмаған, инерциямен істеген диск араны арқаға жүріп жалында барлық заттарды кесуіне себеп болады. Диск үшін өшірілгеннен соң тоқтау уақытын ескеріңіз. Қосымша қауіпсіздік нұсқаулықтары u Шығарылған жоңқаларды қолмен алмаңыз. Айналатын бөлшектерден жарақат алуыңыз мүмкін. u Араны бастың үстінде ұстап жұмыс істемеңіз. Электр құралды жеткілікті бақылай алмайсыз. u Қажетті іздеу құралдарын пайдаланып жасырылған сымдарды табыңыз немесе жауапты жергілікті ұйым өкілдерін шақырыңыз. Электр сымдарына тию өрт немесе тоқ соғуына алып келуі мүмкін. Газ құбырын зақымдау жарылысқа алып келуі мүмкін. Су құбырын зақымдау материалдық зиянға немесе тоқ соғуына алып келуі мүмкін. u Электр құралды пайдалануда оны екі қолмен берік ұстап, тұрақты қалыпта тұрыңыз. Электр құралы екі қолмен сенімді басқарылады. u Тұрақты болмаса, электр құралмен жұмыс істемеңіз. Ол аралау үстелінде жұмыс істеуге арналмаған. u Тік емес бұрышпен жүргізілуі мүмкін ендіріп кесу кезінде араның бағыттауыш тақтасын бүйірлік ауытқудан қорғаңыз. Бүйірлік ауытқу тұрып қалуға, осылайша, кері соққыға әкелуі мүмкін. u Дайындаманы бекітіңіз. Қысу құралына немесе қысқышқа орнатылған дайындама қолыңызбен салыстырғанда, берік ұсталады. u Электр құралын жерге қоюдан алдын оның тоқтауын күтіңіз. Алмалы-салмалы аспап ілініп электр құрал бақылауының жоғалтуына алып келуі мүмкін. u Тез кесетін болаттан жасалған, төзімділігі жоғары аралау дискілерін пайдаланбаңыз. Мұндай аралау дискілері оңай сынуы мүмкін. u Қара металдарды араламаңыз. Қызған жоңқалар шаңсоруды оталдыруы мүмкін. u Шаңтұтқыш маскасын киіңіз. Өнім және қуат сипаттамасы Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін. Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін

Тағайындалу бойынша қолдану Электр құрал қозғалмайтын тіректе ағашты бойлай және көлденеңінен, бұрышпен кесуге арналған. Сәйкес аралау дискілерінің көмегімен профильдер сияқты түсті металдардан жасалған жұқа заттарды аралауға болады. Қара металдарды өңдеуге болмайды. Бейнеленген құрамды бөлшектер Көрсетілген құрамдастар нөмірленген суреттері бар беттегі электр құралының сипаттамасына сай. (1) Айналу жиілігін алдын ала таңдауға арналған реттегіш дөңгелек (GKS 55+ GCE) (2)

(3) Ажыратқышты іске қосылудан қорғайтын құлып (4) Алты қырлы гайка кілті (5) Шпиндельді бекіту түймесі (6) Еңіс бұрышы шкаласы (7) Параллельді тірекке арналған құлақты бұранда (8) Еңкейту бұрышын реттеуге арналған құлақты

1 609 92A 7SY | (17.05.2022) Bosch Power ToolsҚазақ | 159 (9) Кесік белгісі 45° (10) Кесік белгісі 0° (11) Параллельді тірек

(12) Маятниктік қорғағыш қаптама (13) Маятниктік қорғағыш қаптаманы реттеуге арналған

(14) Тірек платформасы (15) Еңкейту бұрышын реттеуге арналған құлақты бұранда (GKS 55+ G/GKS 55+ GCE) (16) Жоңқаны шығаруға арналған келте құбыр (17) Қорғаныш қаптама (18) Тұтқа (беті оқшауланған) (19) Қосымша тұтқа (беті оқшауланған) (20) Шайбасы бар қысқыш бұранда (21) Қысқыш фланец (22) Дискілік ара төсемі

(23) Тірек фланеці (24) Ара шпинделі (25) Сору адаптерінің бекіткіш бұрандасы

(27) Кесу тереңдігін реттеуге арналған қысқыш иінтірек (28) Аралау бұрышының шкаласы (29) Струбциналар жұбы

(30) Бағыттауыш шина

(32) Жалғайтын бөлшек

Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты жеткізу көлемімен қамтылмайды. Толық жабдықтарды біздің жабдықтар бағдарламамыздан табасыз.

стандартты (жинақта қамтылмайды) Техникалық мәліметтер Қол дискілік арасы GKS 165 GKS 55+ G GKS 55+ GCE Өнім нөмірі 3601F761.. 3601F820.. 3601F821.. Номиналды тұтынылатын қуат Вт 1100 1200 1350 Бос жүріс күйіндегі айналу жиілігі мин

4900 4900 2100–4700 Макс. кесік тереңдігі – 0° еңіс бұрышында мм 66 63 63 – 45° еңіс бұрышында мм 47 47,5 47,5 Шпиндель бекіткіші ● ● ● Айналу жиілігін алдын ала таңдау – – ● Тұрақты электроника – – ● Іске қосу тогының шектеулері – – ● Жүріс тежегіші – ● ● Тірек тақтасының өлшемдері мм 235×138×8 252×194×8,5 252×194×8,5 Ара дискісінің диаметрі мм 165 165 165 Бекіткіш саңылау мм 20 20 20 Салмағы EPTA-Procedure 01:2014 құжатына сай кг 3,6 3,8 3,8 Қорғаныс класы / II / II / II Мәліметтер [U] 230В кесімді кернеуге арналған. Басқа кернеу және елде қабылданған заңдар бұл мәліметтерді өзгертуі

Шуыл және діріл туралы ақпарат

GKS 165 GKS 55+ G GKS 55+ GCE

3601F761.. 3601F820.. 3601F821.. EN62841-2-5 бойынша есептелген шуыл эмиссиясының көрсеткіштері. Электр құралының амплитуда бойынша есептелген шуыл деңгейі әдетте келесідей болады: Дыбыстық қысым деңгейі дБ(A)

Дыбыстық қуат деңгейі дБ(A)

Құлақ қорғанысын тағыңыз! Bosch Power Tools 1 609 92A 7SY | (17.05.2022)160 | Қазақ

GKS 165 GKS 55+ G GKS 55+ GCE

Жалпы діріл мәндері a

(үш бағыттың векторлық қосындысы) және K дәлсіздігі,EN62841-2-5 бойынша есептелген: Ағашты аралау:

1,5 1,5 1,5 Осы нұсқауларда келтірілген діріл деңгейі және шуыл эмиссиясының көрсеткіші заңды өлшеу әдісі бойынша өлшенген және оларды электр құралдарын бір-бірімен салыстыру үшін пайдалануға болады. Олармен алдыңғы тербелу және шу шығаруды бағалауға болады. Берілген тербелу деңгейі мен шуыл шығару мәні электр құралының негізгі жұмыстары үшін берілген. Егер электр құрал басқа жұмыстар үшін басқа алмалы-салмалы аспаптар менен немесе жетімсіз күтумен пайдаланылса дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәндері өзгереді. Бұл бүкіл жұмыс уақыты үшін тербелу және шуыл шығаруды қатты көтеруі мүмкін. Дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәнін нақты есептеу үшін құрал өшірілген және қосылған болып пайдаланылмаған уақыттарды да ескеру қажет. Бұл дірілдеу деңгейі және жұмыс уақытындағы шуыл шығару мәнін төмендетеді. Пайдаланушыны дірілдеу әсерінен сақтау үшін қосымша қауіпсіздік шараларын қолдану қажет, мысалы: электр құралды және алмалы-салмалы аспаптарды күту, қолдарды ыстық ұстау, жұмыс әдістерін ұйымдыстыру.

u Максималды рұқсат етілген жылдамдығы электр құралыңыздың бос айналу моментіне жоғары болған аралау дискілерін пайдаланыңыз. Ара төсемін орнату/ауыстыру u Барлық жұмыстардан алдын электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз. u Аралау дискісін орнату кезінде қорғағыш қолғап киіңіз. Аралау дискісіне тигенде жарақат алу қаупі

u Тегістеу шеңберлерін қондырма ретінде пайдаланбаңыз. u Тек осы пайдалану нұсқаулығында және электр құралында берілген деректерге сәй және EN847-1 бойынша тексерілген болып тиісті ретте белгіленген аралау дискілерін пайдаланыңыз. Аралау дискісін таңдау Ұсынылатын дискілерге шолуды осы пайдалану нұсқаулығының соңында табуға болады. Ара дискін шешу (A суретін қараңыз) Электр құралды қозғалтқыш корпусының бүйірлік жағына

– Шпиндельді бұғаттау түймесін (5) басып, ұстап

u Шпиндельді бұғаттау түймесін (5) ара шпинделі тоқтап тұрған болса ғана басыңыз. Әйтпесе электр құралын зақымдауыңыз мүмкін. – Алты қырлы дөңбек кілтпен (4) қысқыш бұрандаманы (20) ➊ бағытында бұрап шығарыңыз. – Маятниктік қорғағыш қаптаманы (12) артқа тартып, берік ұстаңыз. – Қысқыш фланецті (21) және аралау дискісін (22) шпиндельден (24) алыңыз. Ара дискін орнату (A суретін қараңыз) Электр құралды қозғалтқыш корпусының бүйірлік жағына

– Аралау дискісін (22) және барлық бекіту бөлшектерін

– Маятниктік қорғағыш қаптаманы (12) артқа тартып, берік ұстаңыз. – Аралау дискісін (22) тірек фланеціне (23) орнатыңыз. Тістің кесу бағыты (ара дискісіндегі көрсеткі бағыты) мен қорғайтын қорғаныс қаптамасындағы (12) айналдыру көрсеткісінің бағыты бірдей болуы тиіс. – Қысқыш фланец (21) пен бұранданы қысқыш бұрандаға (20) айналдыру бағыты ➋ бойынша салыңыз. Қысқыш фланецтің (23) және тірек фланецтің (21) орнату күйі дұрыс болуын қадағалаңыз. – Шпиндельді бұғаттау түймесін (5) басып, ұстап

– Қысқыш бұранданы алты қырлы кілт (4) арқылы айналдыру бағыты бойынша (20) ➋ бекітіңіз. Тарту моменті 6–9Нм құрауы керек, қолмен бұрау плюс ¼ айналымға сәйкес келеді. Шаңды және жоңқаларды сору Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін. 1 609 92A 7SY | (17.05.2022) Bosch Power ToolsҚазақ | 161 Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы өңделуі мүмкін. – Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін шаңсорғышты пайдаланыңыз. – Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз. – P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану

Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын ұйғарымдарды пайдаланыңыз. u Жұмыс орнында шаңның жиналмауын қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін. Сору адаптерін орнату (B суретін қараңыз) Сору адаптерін (26) жоңқаны шығаруға арналған келте құбырға (16) тірелгенше салыңыз. Сору адаптерін (26) қосымша бұрандамен (25) бекітіңіз. Сору адаптеріне (26) диаметрі 35 мм сору шлангын жалғауға болады. u Сору адаптерін сору құрылғысын жалғамай қосуға болмайды. Әйтпесе сору арнасы бітеліп қалуы

u Сору адаптеріне шаң жинау қабын кигізуге болмайды. Әйтпесе сору жүйесі бітеліп қалуы мүмкін. Оңтайлы соруды қамтамасыз ету үшін сору адаптерін (26) жүйелі түрде тазалап тұру керек. Сыртқы сорғыш Сорғыш шлангты шаңсорғышқа қосыңыз (керек- жарақтар). Осы нұсқаулықтар соңында түрлі шаңсорғыштарға қосу әдістері көрсетілген. Электр құралды қашықтан іске қосу құрылғысы бар Bosch фирмасының әмбебап шаңсорғышының штепсельдік розеткасына бірден қосуға болады. Ол электр құрал қосылғанда автоматты түрде іске қосылады. Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет. Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.

u Барлық жұмыстардан алдын электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз. Пайдалану түрлері Кесік тереңдігін реттеу (C суретін қараңыз) u Аралау тереңдігін дайындаманың қалыңдығына байланысты реттеңіз. Дайындаманы көру мүмкін болуы үшін ол тістің толық биіктігінен азырақ болуы

Қысқыш тұтқышты (27) босату. Шағын аралау тереңдігі үшін араны тірек тақтадан (14) ары тартыңыз, үлкен тереңдік үшін араны тірек тақтаға (14) басыңыз. Аралау тереңдігінің шкаласы бойынша қажет өлшемді орнатыңыз. Цангалық қысқышты (27) берік бекемдеңіз. Цангалық қысқышты (27) жібергеннен кейін аралау тереңдігін толығымен орнату мүмкін болмаса, онда цангалық қысқышты (27) арадан тартыңыз және төмен қарай бұрыңыз. Цангалық қысқышты (27) жіберіңіз. Осы әрекетті қажет аралау тереңдігін орнатқанша қайталаңыз. Қысқыш тұтқыштың (27) қысу күшін реттеуге болады. Ол үшін (27) қысқыш тұтқышты шешіп кемінде сағат тіліне қарсы 30°-ке жылжытып қайта бекітіңіз. Цангалық қысқышты (27) бекемдегеннен кейін аралау тереңдігін жеткілікті бекіте алмасаңыз, цангалық қысқышты (27) арадан ары тартыңыз және жоғары қарай бұрыңыз. Цангалық қысқышты (27) жіберіңіз. Бұл әрекетті қажет кесу тереңдігін орнатқанша қайталаңыз Еңіс бұрышын реттеу (GKS55+G/GKS55+GCE) Электр құралды қорғағыш қаптаманың (17) бүйірлік бөлігіне қойыңыз. Қатпарлы бұрандамаларды (15) және (8) босатыңыз. Араны бұраңыз. Қажетті өлшемді (6) шкаласында орнатыңыз. (15) мен (8) қатпарлы бұрандаларын қайта

Нұсқау: Бұрышпен аралау тереңдігі аралау тереңдігінің шкаласында (28) көрсетілген саннан кем. Еңіс бұрышын реттеу (GKS165) Электр құралды қорғағыш қаптаманың (17) бүйірлік бөлігіне қойыңыз. Қатпарлы бұранданы(8) босатыңыз. Араны бүйірге қайырыңыз. Қажетті өлшемді шкалада(6) орнатыңыз. Қатпарлы бұранданы(8) қайтадан бұрап бекітіңіз. Нұсқау: Бұрышпен аралау тереңдігі аралау тереңдігінің шкаласында (28) көрсетілген саннан кем. Аралау бұрышының белгілері

0° кесу белгісі (10) тік бұрышпен аралау кезіндегі аралау дискісінің күйін көрсетеді. 45° кесу белгісі (9) 45°- бұрышпен аралау кезіндегі аралау дискісінің күйін

Дұрыс кесік істеу үшін дискілік араны суретте көрсетілгендей дайындамаға орнатыңыз. Сынақ кесігін жасап көріңіз. Пайдалануға ендіру u Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы мәліметтеріне сай болуы қажет. 230В белгісімен белгіленген электр құралдармен 220В жұмыс істеуге болады. Bosch Power Tools 1 609 92A 7SY | (17.05.2022)162 | Қазақ

u Қолтұтқаны жібермей қосқыш/өшіргішті басу мүмкіндігіне көз жеткізіңіз. Электр құралын іске қосу үшін алдымен құлыптау пернесін (3) басып кейін қосқыш/өшіргішті (2) басып ұстап тұрыңыз. Электр құралды өшіру үшін қосқышты/өшіргішті (2)

Нұсқау: Қауіпсіздік себебінен қосқыш/өшіргішті (2) құлыптауға болмайды, ол жұмыс істеу кезінде басылған болуы қажет. Айналу жиілігін алдын ала таңдау (GKS 55+ GCE) Айналу жиілігін алдын ала таңдауға арналған реттегіш дөңгелектің (1) көмегімен қажетті айналу жиілігін жұмыс барысында да алдын ала таңдауға болады. Қажет айналу жиілігі пайдаланылатын ара төсеміне байланысты (пайдалану нұсқаулығының соңындағы ара төсемдеріне шолу бөлімін қараңыз). Бұл аралау кезінде ара тістерінің қызып кетуіне жол бермейді. Жүріс тежегіші (GKS55+G/GKS55+GCE) Кіріктірме жүріс тежегіші электр құралы өшкеннен соң ара полотносын тоқтау уақытын қысқартады. Іске қосу тогын шектегіш (GKS55+GCE) Іске қосу тогын шектеудің электрондық жүйесі электр құралды қосу кезіндегі қуатты шектейді және 16 А розеткадан жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Тұрақты электроника (GKS55+GCE) Тұрақты электроника бос жүрісте және жүктеме кезінде айналымдар санын тұрақты дерлік деңгейде сақтайды және жұмыстың біркелкі өнімділігін қамтамасыз етеді. Пайдалану нұсқаулары u Барлық жұмыстардан алдын электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз. Кесік ені пайдаланған ара дискісіне байланысты өзгереді. Аралау дискілерін соқтығысудан және соққыдан

Электр құралды біркелкі және кесу бағытында азғантай қысыммен жүргізіңіз. Тым қатты қысым қондырманың қызмет көрсету мерзімін айтарлықтай қысқартады және электр құралды зақымдауы мүмкін. Аралаудың өнімділігі және сапасы көбінесе аралау дискісінің күйі мен пішініне байланысты. Сондықтан тек өткір және өңделіп жатқан материалға жарайтын аралау дискілерін пайдаланыңыз. Ағашты аралау Аралау дискісін дұрыс таңдау ағаштың түріне және сапасына, сосын бойлай немесе көлденеңінен аралауға байланысты. Көлденеңінен аралау кезінде ұзын серіппелі жоңқа пайда

Емен мен шамшат шаңы денсаулыққа өте зиянды, сондықтан тек шаңсорғышпен жұмыс істеңіз. Түсті металдарды аралау Нұсқау: Түсті металдарға арналған аралау дискісін пайдаланыңыз. Бұл таза аралауды қамтамасыз етеді және аралау дискісінің сыналануын болдырмайды. Электр құралды қосылған күйде бөлшекке жүргізіңіз және оны жайлап аралаңыз. Шағын берумен, үзіліссіз жұмыс істеңіз. Профильдерде аралауды әрқашан жұқа жағында бастаңыз, U тәрізді профильдерде аралауды ешқашан ашық жағынан бастамаңыз. Аралау дискісінің сыналануын болдырмау және электр құралдың кері соққысын болдырмау үшін ұзын профильдерді тіреңіз. Параллельді тіреуішпен аралау (D суретін қараңыз) Параллельді тіреуіш (11) дайындама жиегі бойымен дәл аралауларды жүзеге асыруға және өлшемі бірдей жолақтарға кесуге мүмкіндік береді. Қатпарлы бұрандаманы (7) босатып параллельді тірек (11) шкаласын тіреу тақтасының (14) бағыттауышында жылжытыңыз. Керекті кесу енін тиісті (10) немесе (9) кесу белгісінде шкалалық мән ретінде орнатыңыз, "Аралау бұрышының белгілері" тарауын қараңыз. Қатпарлы бұрандаманы (7) қайтадан берік бекітіңіз. Көмек тіреуішпен аралау (E суретін қараңыз) Үлкен дайындамаларды өңдеу және түзу жиектерді кесу үшін дайындамада қосымша тірек ретінде тақтаны немесе рейканы бекітуге боалды және дискілік тақтаны тірек тақтасымен бірге қосымша тіректің бойымен жүргізуге болады. Бағыттауыш шинамен бірге аралау (GKS55+G/ GKS55+GCE) (F суретін қараңыз) Бағыттауыш шина (30) көмегімен тік кесіктерді орындауға болады. Бағыттауыш шинаның резеңке жиегі ағашты аралау кезінде материалдың шығып кетуін болдырмайды. Ол үшін ара төсемі тікелей резеңке жиекке тістерімен тақалып тұруы керек. Алғаш рет аралау алдында бағыттауыш шина (30) көмегімен резеңке жиекті пайдаланылатын дискілік арамен туралау керек. Ол үшін бағыттауыш шинаны (30) дайындаманың бүкіл ұзындығына қойыңыз. Шамамен 9мм аралау тереңдігін орнатыңыз және аралаудың тік бұрышын реттеңіз. Дискілік араны қосыңыз және жайлап басып, аралау бағытында жүргізіңіз. Жалғағыш бөліктің (32) көмегімен екі бағыттауыш шинаны байланыстыруға болады. Бекіту жалғау бөлшегінде орналасқан төрт винт көмегімен жүзеге

Техникалық күтім және қызмет Қызмет көрсету және тазалау u Барлық жұмыстардан алдын электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз. u Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз. 1 609 92A 7SY | (17.05.2022) Bosch Power ToolsҚазақ | 163 Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса, қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермеу үшін осы жұмыс тек Bosch компаниясы немесе Bosch электр құралдары бойынша өкілетті қызмет көрсету орталықтарында жүргізілуі тиіс. Маятниктік қорғағыш қаптама әрқашан еркін қозғалуы және өз бетінше жабылуы керек. Сондықтан маятниктік қорғағыш қаптама айналасындағы аумақты әрқашан таза ұстаңыз. Шаң мен жоңқаларды жаққышпен алып

Жабыны жоқ аралау дискілерін қышқылсыз мұнайдың жұқа қабатымен жауып қорғауға болады. Аралау алдында мұнайды кетіріңіз, өйткені кері жағдайда ағашта дақтар пайда болады. Жүздегі шайыр немесе желімнің қалдықтары кесу сапасына әсер етеді. Сондықтан пайдаланудан кейін аралау дискілерін тазалаңыз. Өнімдерді олардың сақтығын қамтамасыз ететін, өнімдерге атмосфералық жауын-шашынның тиюіне және асқын температура көздерінің (температураның шұғыл өзгерісінің), соның ішінде күн сәулелерінің әсер етуіне жол бермейтін дүкендерде, бөлімдерде (секцияларда), павильондар мен киоскілерде сатуға болады. Сатушы (өндіруші) сатып алушыға өнімдер туралы қажетті және шынайы ақпаратты беріп, өнімдерді тиісінше таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті. Өнімдер туралы ақпарат міндетті түрде тізімі Ресей Федерациясының заңнамасымен белгіленген мәліметтерді қамтуы тиіс. Егер тұтынушы сатып алатын өнімдер әлдеқашан пайдаланылған немесе өнімдерде ақаулық (ақаулықтар) жойылған болса, тұтынушыға бұл туралы ақпарат берілуі

Өнімдерді сату процесінің аясында төмендегі қауіпсіздік талаптары орындалуы тиіс: – Сатушы сатып алушыға ұйымының фирмалық атауы, орналасқан жері (мекенжайы) және жұмыс режимі туралы мәліметтер беруге міндетті; – Сауда бөлмелеріндегі өнімдердің сынамалары сатып алушыға бұйымдардағы жазбалармен танысуға мүмкіндік беруі және визуалды тексерістен басқа бұйымдардың іске қосылуына әкелетін, сатып алушылар өз бетінше орындайтын ешқандай әрекеттерге жол бермеуі тиіс; – Сатушы осы бұйымдардың белгіленген талаптарға сәйкестігінің растамасы, сертификаттардың немесе сәйкестік жөніндегі мәлімдемелердің бар болуы туралы ақпаратты сатып алушыға беруге міндетті; – Идентификациялық сипаттары жоқ (жоғалған), жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, бұзылу белгілері бар және пайдалану бойынша нұсқаулығы (кітапшасы), міндетті сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік белгісі жоқ өнімдерді сатуға тыйым салынады. Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану

Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас бөлшектер бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер туралы мәліметтер төмендегі мекенжай бойынша қолжетімді: www.bosch-pt.com Bosch қызметтік кеңес беру тобы біздің өнімдер және олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап

Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру кезінде міндетті түрде өнімнің фирмалық тақтайшасындағы 10 таңбалы өнім нөмірін беріңіз. Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету барлық мемлекеттер аумағында тек “Роберт Бош” фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.

Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау

Қазақстан Республикасы

Муратбаев к., 180 үй “Гермес” БО, 7 қабат Тел.: +7 (727) 331 31 00 Факс: +7 (727) 233 07 87 E-Mail: ptka@bosch.com Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау пунктерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті ақпаратты Сіз: www.bosch-professional.kz ресми сайттан

Қызмет көрсету орталықтарының басқа да мекенжайларын мына жерден қараңыз: www.bosch-pt.com/serviceaddresses Электр құралы кепілді пайдалану мерзімінің ішінде өндірушінің кесірінен істен шыққан жағдайда, өнім иесі төмендегі шарттар орындалғанда кепілдік бойынша тегін жөндеуге құқылы болады: – механикалық зақымдардың жоқтығы; – пайдалану бойынша нұсқаулық талаптарының бұзылу белгілерінің жоқтығы; – пайдалану бойынша нұсқаулықта сатушының сату туралы белгісінің және сатып алушы қолтаңбасының

– электр құралы сериялық нөмірінің және кепілдік талонындағы сериялық нөмірдің сәйкестігі; – біліксіз жөндеу белгілерінің жоқтығы. Bosch Power Tools 1 609 92A 7SY | (17.05.2022)164 | Română Кепілдік төмендегі жағдайларда қолданылмайды: – форс-мажор жағдайларына байланысты кез келген

– барлық электр құралдарындағыдай электр құралының қалыпты тозуы. Жалғағыш контактілер, сымдар, қылшақтар және т.б. сияқты құрал бөліктерінің қызмет ету мерзімін қысқартатын қалыпты тозу нәтижесінде қажеттілігі туындаған жөндеу кепілдік аясына кірмейді: – табиғи тозу (ресурстың толық пайдаланылуы); – қате орнату, рұқсатсыз модификациялау, қате қолдану, қызмет көрсету немесе сақтау ережелерін бұзу нәтижесінде істен шыққан жабдық пен оның

ЕО сәйкестік мағлұмдамасы Өз жауапкершілікпен біз аталған өнімдер төменде жзылған директикалар мен жарлықтардың тиісті қағидаларына сәйкестігін және төмендегі нормаларға сай екенін білдіреміз. Техникалық құжаттар: * Қол дискілік