AKR 037 GBL - Ас үй желдеткіші WHIRLPOOL - Notice d'utilisation et mode d'emploi gratuit
Retrouvez gratuitement la notice de l'appareil AKR 037 GBL WHIRLPOOL au format PDF.
Téléchargez la notice de votre Ас үй желдеткіші au format PDF gratuitement ! Retrouvez votre notice AKR 037 GBL - WHIRLPOOL et reprennez votre appareil électronique en main. Sur cette page sont publiés tous les documents nécessaires à l'utilisation de votre appareil AKR 037 GBL de la marque WHIRLPOOL.
MODE D'EMPLOI AKR 037 GBL WHIRLPOOL
МАҢЫЗДЫ ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ Бұл нұсқаулар келесі веб-сайттан да қолжетімді: www.whirlpool.eu. ӨЗІҢІЗДІҢ ЖƏНЕ БАСҚАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ӨТЕ МАҢЫЗДЫ. Бұл нұсқаулықта жəне құрылғыда жабдықталған маңызды қауіпсіздік нұқсауларын оқып, мұқият орындау қажет. Бұл назар аудару қажет екенін білдіретін таңба, пайдаланушылардың өздері мен басқаларға төнетін потенциалды қауіп-қатер туралы ескертеді. Барлық қауіпсіздік ескертулерінің алдында қауіп белгісі мен келесі шарттар беріледі:
қауіпті жағдай, алдын алмаса, ауыр жарақатқа себеп болады.
алдын алмаса қатты жарақатқа себеп болуы мүмкін қауіп-қатерді білдіреді.
Қауіпсіздікке қатысты барлық ескертулер белгілі бір қауіп-қатерге қатысты болады жəне құралды қате қолдану нəтижесінде орын алатын жарақат алу, зақым келтіру жəне ток соғу қауіптерін азайту жолдарын көрсетеді. Келесі нұсқауларды орындаңыз: • Орнату жəне техникалық қызмет көрсету жұмыстарын өндіруші нұсқаулары мен жергілікті қауіпсіздік ережелеріне сай білікті техник орындауы қажет. Құрылғыны ешбір бөлігін жөндеуге немесе ауыстыруға болмайды, егер пайдаланушы нұсқаулығында солай деп жазылмаса. • Орнату жұмыстарын орындағанда, құрылғыны қуат көзінен ажырату қажет. • Құрылғыны жерге тұйықтау міндетті шара. (Техникалық сипаттамалар жапсырмасында белгісі бар II санатты сорғылар үшін қажет емес). • Қуат сымының ұзындығы құрылғыны розеткаға жалғау үшін жеткілікті болуы тиіс. • Құрылғыны қуат көзінен ажырату үшін кабельді тартуға болмайды. • Орнатылған құрылғының электрлік бөлшектері пайдаланушыға қол жетімсіз болуы тиіс. • Құрылғыны денеңіз су болса ұстамаңыз жəне жалаңаяқ болсаңыз, қоспаңыз. • Бұл құрылғыны жасы 8 төмен балаларға жəне физикалық, есту жəне ойлау қабілеті төмен адамдарға немесе тиісті білімі мен тəжірибесі жоқ адамдарға жанында қадағалайтын адам болса жəне құрылғыны қауіпсіз қолдану жолдары үйретілсе жəне қауіп-қатерден хабары болған жағдайда ғана қолдануға болады. Балаларға бұл құралмен ойнауға болмайды. Егер жанында бақылайтын ересектер болмаса, тазалау жəне жөндеу жұмыстарын балаларға орындауға болмайды. • Құрылғыны ешбір бөлігін жөндеуге немесе ауыстыруға болмайды, егер пайдаланушы нұсқаулығында солай деп жазылмаса. Бүлінген бөлшектерін түпнұсқа қосалқы бөлшектермен ауыстыру қажет. Жөндеу жұмыстарын білікті техник маман орындауы тиіс. • Балаларға бұл өніммен ойнауға болмайтынын түсіндіріп айту керек. • Қабырға немесе төбені бұрғылап тескенде электр сымдарын жəне/немесе түтіктерін бүлдіріп алмаңыз. • Желдеткіш арналары əрқашан сыртқа шығуы тиіс. • Шығатын ауа құрылғы тұтынатын газдың түтінін шығаратын мұржа арқылы желдетілмеуі тиіс, бөлек саңылауы болуы тиіс. Түтін шығаруға қатысты барлық жергілікті ережелер орындалуы тиіс. • Сорғы газ жəне жанарғылардың өзге түрлерін қолданатын басқа құрылғылармен бірге қолданылса, бөлмедегі теріс қысымы 4 Па (4 x 10-5 бар) шамасынан аспауы тиіс. Осыған байланысты, бөлменің дұрыс желдетілуін қадағалаңыз. • Өндіруші қате қолданыс немесе басқару тетіктерін қате реттеу жағдайларына жауап бермейді. • Жүйелі тазалау жəне күтім жұмыстары құрылғының жұмысы дұрыс болуы жəне сапалы болуы үшін өте маңызды. Май жиналып қалмас үшін, ластанған беткейлерді жиі тазалап отырыңыз. Сүзгілерді жиі тазалап, ауыстырып отырыңыз. • Құрылғы астында тамақты жалынмен (flambé) пісіруге болмайды. Жалынды қолдану өртке себеп болуы мүмкін. • Қуырғанда, табаларды бақылаусыз қалдыруға болмайды, май жалындауы мүмкін. • Сорғыны тазалау жəне сүзгілерді ауыстыру нұсқауларын орындамау өртке себеп болуы мүмкін. • Түтін соратын сорғыны май сүзгілерін орнатпай ашуға болмайды жəне əрқашан бақылауда болуы тиіс. • Газ құрылғыларын сорғы астында табамен бірге ғана қолдану қажет. • Үш газ жанарғысынан артық жанарғы қолданылғанда, сорғының тарту деңгейі 2 немесе одан жоғары болуы тиіс. Бұл құрылғыда жылудың жиналып қалуынан қорғайды. • Шамды суығанша ұстауға болмайды. • Сорғының шамын дұрыс орнатпай қолдануға немесе бақылаусыз қалдыруға болмайды - ток соғу қаупі туындайды. • Орнату жəне күтім жұмыстары үшін жұмыс қолғаптарын киію қажет. • Бұл өнімді далада қолдануға болмайды. • Сорғы қосылып тұрғанда, сорғының қол жететін бөліктері ыстық болуы мүмкін. БҰЛ КІТАПШАНЫ БОЛАШАҚТА ҚОЛДАНУ ҮШІН САҚТАП ҚОЙЫҢЫЗ. KK85
Сəйкестік декларациясы • Бұл құрылғы келесі ережелерге сай өндірілген: - “төмен кернеу” 2006/95/EC директивасының (73/23/EEC жəне оған енгізілген өзгерістердің орнына қолданылады) қауіпсіздік шарттары; - n. 65/2014 жəне n. 66/2014 Еуропа ережелерінің экодизайн талаптары EN 61591 Еуропа стандарттарына сай - “EMC” 2004/108/EC директивасының қорғау талаптары. Құрылғының электр қауіпсіздігіне тиісті жолмен жерге тұйықталған жүйеге қосылғанда ғана кепілдік беріледі. Қуат үнемдеу кеңестері • Пісіре бастағанда сорғыны төмен жылдамдықпен қосыңыз жəне аяқтаған соң бірнеше минут қосулы күйінде қалдырыңыз. • Жылдамдығын түтін немес бу үлкен мөлшерде болса ғана арттырыңыз жəне еселенген жылдамдықты төтенше жағдайда ғана қолданыңыз. • Көмір сүзгілерін иісті тиімді азайту қажеттілігі туындағанда ғана ауыстырыңыз. • Май сүзгілерін май сүзгісінің тиімділігі азайғанда ғана ауыстырыңыз. • Тиімділігін арттырып, шуылын азайту үшін, осы нұсқаулықта көрсетілген желдету жүйесінің максималды диаметрін қолданыңыз.
ОРНАТУ Құрылғыны ашқан соң, тасымалдау кезінде бүлінбегенін тексеріңіз. Ақаулық орын алса, дилерге немесе маңайдағы тұтынушыға қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Бүліну мүмкіндігінің алдын алу үшін, құрылғыны пенопласт негізінен орнату кезінде ғана алыңыз. ОРНАТУҒА ƏЗІРЛЕУ
бұл өнім ауыр; сорғыны екі немесе одан көп адам көтеруі тиіс.
Пештің үстіндегі табалар мен сорғының түбінің арасындағы минималды қашықтық электр пештері үшін 55 cм кем болмауы тиіс жəне газ пештері үшін 70 cм болуы тиіс. Орнату алдында пештің нұсқаулығында жазылған минималды ара қашықтықты да тексеру қажет. Егер пештің орнату нұсқаулығы пеш пен сорғы арасындағы қашықтықтың үлкендеу болуын талап етсе, бұл талапты орындау қажет. ЭЛЕКТР ҚОСЫЛЫМЫ Құрылғы тақтайшасында көрсетілген кернеу розетканың кернеумен бірдей болуы тиіс. Бұл ақпарат сорғының ішінде, май сүзгісінің астында орналасқан. Қуат сымын ауыстыру (H05 VV-F 3 x 0,75 мм² түір) жұмысын білікті маман орындауы тиіс. Қызмет көрсету орталығына хабарласаңыз. Сорғыда қуат ашасы болса, орнатылғаннан кейін оңтайлы жерде орналасқан, ағмыдағы қуат талаптарына сай розеткаға жалғаңыз. Егер аша жабдықталмаса (розеткаға тікелей жалғау) немесе розетка оңтайлы жерде орналаспаса, стандартты, қос жақты қуат қосқышын орнатыңыз, бұл III санатты кернеу тасу жағдайы орын алса, талаптарған сай розеткадан толығымен ажырату мүмкіндігін береді. ЖАЛПЫ КЕҢЕСТЕР Қолданар алдында Жабдықтардың қағаз қорабын, қорғау материалдарын, үлдір жəне жабысқақ жапсырмаларын алыңыз. Құрылғының тасымалдау кезінде бүлінбегенін тексеріңіз. Қолданыс кезінде Бүлінуден қорғау үшін, құрылғыға ауыр зат қоймаңыз. Құрылғының атмосфералық агенттермен қатынасуына жол бермеңіз.
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ Орам материалдарын тастау Орам материалдарын 100% қайта қолдануға болады жəне қайта қолдану таңбасымен белгіленген. Əртүрлі орам материалдарын немқұрайды тастай салмаңыз, жауапкершілікпен, қоқысты тастауға қатысты жергілікті ережелерге сай тастаңыз. Өнімді қоқысқа тастау Бұл құрылғыда 2012/19/EU Еуропаның электр жəне электрондық құрылғыларды қоқысқа тастау (WEEE) директивасына сəйкестік белгісі бар. Бұл өнімді дұрыс тастау арқылы қоршаған орта мен адам денсаулығына кері əсер ететін қауіп-қатер мүмкіндігінің алдын алуға көмектесесіз. -
Құрылғыдағы таңбасы немесе бірге жабдықталған құжаттама бұл өнімді сұрыпталмаған қалыпты қоқысқа тастауға болмайды, электрондық өнімдері жинайтын арнайы қызмет орталығына өткізу керек дегенді білдіреді.
Үй құрылғыларын тазалау • Бұл өнім қайта пайдалануға болатын материалдардан жасалған. Жергілікті қоқыс тастау ережелеріне сай тастаңыз. Тастауға дейін, қуат сымын ажыратыңыз. • Үй құрылғыларын өңдеу, қалпына келтіру жəне қайта қолдану туралы қосымша ақпарат қажет болса, жергілікті құзырлы мекемеге, үй қоқыстарын жинау қызметіне немесе өнімді сатып алған дүкенге хабарласыңыз. KK86
АҚАУЛЫҚ ЖОЮ НҰСҚАУЛЫҒЫ Құрылғы жұмыс істемейді: • Розеткаға қуат берілісін жəне құрылғының қуат көзіне жалғанғанын тексеріңіз; • Құрылғыны өшіріп, қайта қосып, ақаулықтың жоғалғанын тексеріңіз. Сорғының сору күші жеткіліксіз: • Сору жылдамдығын тексеріп, қажет болса, қажетті деңгейге қойыңыз; • Сүзгілердің таза болуын тексеріңіз; • Ауа желдеткіштерінің бөгелмегенін тексеріңіз. Шамы жанбайды: • Шырағын тексеріп, қажет болса, ауыстырыңыз; • Шамның шырағы дұрыс салынғанын тексеріңіз.
ТҰТЫНУШЫҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ Тұтынушыға қызмет көрсету орталығына хабарласуға дейін 1. “Ақаулықтарды жою” бөлімінде берілген кеңестерді пайдаланып, ақаулықтарды өзіңіз жойып көріңіз. 2. Құрылғыны өшіріп, қайта қосып, ақаулықтың жойылғанын тексеріңіз. Бұл тексерулерден кейін ақаулық əлі жойылмаса, маңайдағы тұтынушыға қызмет көресут орталығына хабарласыңыз. Əрқашан мына ақпаратты беріңіз: • • • • •
Ақаулықтың қысқаша сипаттамасы; Құрылғының нақты түрі жəне үлгісі; Құрылғының ішінде орналасқан қызмет нөмірі (бағалау тақтасындағы Service сөзінен кейінгі сандар). Қызмет нөмірі кепілдік кітапшасында да көрсетілген. Толық мекенжайыңыз; Телефон нөміріңіз.
Жөндеу жұмыстары үшін, рұқсаты бар тұтынушыға қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз (түпнұсқа бөлшектер қолданылуы жəне жөндеулер дұрыс орындалуы үшін).
- Бумен тазалау құралын қолданбаңыз. - Құрылғыны қуат көзінен ажыратыңыз.
МАҢЫЗДЫ: улы немесе ысқыш жуғыштарды қолданбаңыз. Егер бұл өнімдердің бірі абайсызда құрылғыға тисе, дымқыл шүберекпен сүртіп алыңыз. • Беткейлерді дымқыл шүберекпен сүртіңіз. Лас болса, суға бірнеше тамшы жуғыш зат қосыңыз. Құрғақ шүберекпен сүртіңіз. МАҢЫЗДЫ: ысқыш спонждар немесе металл ысқыштарды қолданбаңыз. Уақыт өте, эмальданған беткейіне зақым келтіруі мүмкін. •
Құрылғыны тазалауға арналған жуғыштарды ғана қолданыңыз жəне өндірушінің нұсқауларын орындаңыз.
МАҢЫЗДЫ: май қалдықтарын алу үшін, сүзгілерді айына бір рет тазалау қажет.
- қорғайтын қолғаптар кию қажет. - құрылғыны қуат көзінен ажыратыңыз.
МАЙ СҮЗГІЛЕРІ Металдан жасалған май сүзгісінің қолданыс мерзімі шектелмеген жəне айына бір рет қолмен немесе ыдыс жуатын машинамен төмен температурада жəне қысқа айналымды бағдарламаны қолданып жуу қажет. Ыдыс жуатын машинада жуу май сүзгісінің оңып кетуіне себеп болуы мүмкін, бірақ сүзгінің тиімділігіне əсер етпейді. Сорғы панельді ашыңыз (жоғары қарай бұраңыз). Ескеріңіз: панельді алу қажет емес. Сүзгіні алу үшін, тұтқасын шығарыңыз. Сүзгіні жуып, кептіріңіз, қайта салу үшін қадамдарды кері орындаңыз.
КӨМІРТЕКТІ СҮЗГІСІ (сүзгісі бар сорғылар ғана) Тамақ пісіргенде пайда болатын жағымсыз иісті сорып алады. Көміртек сүзгісін 4 айда бір рет ауыстырыңыз Көміртек сүзгісін салу жəне алу 1. 2. 3. 4.
Құрылғыны қуат көзінен ажыратыңыз. Сорғы панельді ашып, алыңыз. Май сүзгілерін алыңыз. Мотор айналмасының қос қорғау торларын жабатындай қылып, əр жағына бір көміртек сүзгісін салыңыз. Сүзгілерді сағат тілімен бұрап, ортаңғы істіктерге бекітіңіз.
Алу үшін қадамдарды кері орындаңыз. Май сүзгілері мен сорғы панельді қайта орнына салыңыз.
ҚОСАЛҚЫ ШАМДАР Сорғының жарық беру жүйесі жарық диодты технологияға негізделген. Жарық диодты технология сапасы жоғары жарықтандыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді, олардың қолданыс мерзімі қалыпты шамдардан он есе ұзақ болады жəне қуат тұтынысы 90% кем болады. Ауыстыру үшін, техникалық қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
ЖАБДЫҚТАЛҒАН МАТЕРИАЛ Орамнан барлық бөлшектерін шығарыңыз. Бөлшектерінің барлығының болуын тексеріңіз. • Моторы бар сорғы, шамдар жəне орнатылған май сүзгілері (үлгісінен қарай, 1 немесе 2 май сүзгілері болады). • Жинау жəне қолдану нұсқаулары • 1 жинақ үлгісі • 6 қабырға розеткасы Ø 8мм • 6 бұранда Ø 5x45 • 2 бұранда Ø 3,5x7 • 2 жуғыш Ø 16x2 • 1 ауа тартқыш тор • 1 мұржа бекіткіш
ОРНАТУ - АЛҒАШҚЫ РЕТ ЖИНАУ НҰСҚАУЛАРЫ Сорғы орнатуды қажет етеді жəне “сорғыш нұсқасы” немесе “сүзгі нұсқасы” болады. Сорғыш нұсқасы Түтін сорғының тартқыш түтік қосқышына тағылған арнайы түтік (жабдықталмған) арқылы тартылып, сыртқа шығарылады. Сатып алынған тартқыш түтіктің түріне қарай, тартқыш түтік қосқышына қажетті бекітпені салыңыз. МАҢЫЗДЫ: Егер орнатылған болса, көміртек сүзгісін/лерін алыңыз. Сүзгі нұсқасы Ауа көміртек сүзгісі арқылы сүзіліп, қоршаған ауаға қайта жіберіледі. МАҢЫЗДЫ: ауаны қайта қолдану оңтайлы болуын қадағалаңыз. Егер сорғыда көміртек сүзгілері болмаса, тапсырыс беріп, алдырып, қолдануға дейін салыңыз.
Маңайдағы қабырға құрылғылары 70 cм (газ немесе комби пештер) 55 cм (электр пештер)
Маңайдағы қабырға құрылғылары
орталық сызығы пеш беткейі
ОРНАТУ - ЖИНАУ НҰСҚАУЛАРЫ Төмендегі нұсқаулар көрсетілген тəртіппен орындалады, осы нұсқаулықтың соңында берілген суреттерді де қолданыңыз (ретіне қарай). МАҢЫЗДЫ: сізге жеткізілген өнім суреттегіден аздап өзгеше болуы мүмкін, бірақ орнату нұсқаулары барлығына бірдей болады. Көміртек сүзгісі ЖАБДЫҚТАЛМАҒАН жəне оны бөлек сатып алу қажет 1. Қабырғадан тік сызық белгілеңіз. 2. Бұрғылау диаграммасын қабырғаға орналастырып (скотчпен жапсырыңыз): бұрғылау диаграммасындағы орталық тік сызық қабырғадағы сызыққа шақ болуы тиіс. Ескеріңіз: бұрғылау диаграммасының төменгі жиегі сорғының төменгі жиегіне дəл келуі тиіс. МАҢЫЗДЫ: Бұрғылау диаграммасының төменгі жиегі кем дегенде 55 cм қашық болуы тиіс (электр пештері үшін) немесе 70 cм (газ пештері үшін). 3. Суретте көрсетілгендей, 4 тесік жасаңыз. 4. Бұрғылау диаграммасын қабырғадан алып, 2 ашаны кіргізіп, 5 мм тесіңіз; үшінші жəне төртінші ашаны төменгі тесіктерге кіргізіңіз. 5. Түтікті нұсқасы үшін ғана: мұржа бекітпесін төбеге орнатыңыз. Қабырға ашаларын суретте көрсетілгендей бұрғылап, кіргізіңіз. Бекітпені мықтап бекітіңіз. 6. Артқы жағына шығаратын түтікті нұсқасы үшін ғана: артындағы қабырғадан тартқыш түтікке жүретін жол ашу үшін тесік жасаңыз. 7. Төбеден шығаратын түтікті нұсқасы үшін ғана: Тартқыш түтікке шығатын жол ашу үшін төбеден тесік жасаңыз. 8. Үйдегі қуат көзіне жалғау үшін əзірлеңіз. 9. Алдыңғы панельді жоғары қарай бұраңыз. 10. Май сүзгілерін алыңыз. 11. Ауаны қайта қолданатын нұсқасы үшін ғана: Моторға көміртек сүзгісін суретте көрсетілгенедй орнатыңыз. Сүзгілерді бұрап, ортаңғы істіктерге бекітіңіз. 12. Сорғыны артындағы тиісті тесіктерінен бұрандаларға іліңіз. Жуғыштар мен бұрандаларды төменгі қауіпсіздік тесіктеріне кіргізіңіз. Сорғыны қабырғаға екі бекітпе бұрандамен қабырғаға бекітіңіз. 13a.Түтікті нұсқасы үшін ғана: Шлангыны сорғының түтін шығарғышы мен ауа шығысына жалғаңыз. 13b.Ауаны қайта қолданатын нұсқасы үшін ғана: Сорғының ауа шығысының тесігіне пластик торды орнатыңыз. 14. Түтікті нұсқасы үшін ғана: түтік сыртқа бағытталады (артына немесе төбеге қарай тартады). 15. Түтікті нұсқасы үшін ғана: Мұржаны сорғының үстіндегі орнынан кіргізіп, газ шағытаны түтігін жабыңыз. Жоғарғы мұржаны 2 бұрандамен бекітпеге мықтап бекітіңіз. Сорғы жұмысын сорғы сипаттамасы мен қолданысы туралы ақпарат берілген тараудағы нұсқауларды орындап, тексеріңіз.
СОРҒЫ СИПАТТАМАСЫ ЖƏНЕ ҚОЛДАНЫСЫ
1. Басқару панелі. 2. Сорғы панелі. 3. Май сүзгілері. 4. Жарық диодты шамдар.
Басқару панелі a - Жарықты ҚОСУ/ӨШІРУ b - MOTOР ҚОСУ/ЖЫЛДАМДЫҚ 1 с - MOTOР ҚОСУ/ЖЫЛДАМДЫҚ 2 d - MOTOР ҚОСУ/ЖЫЛДАМДЫҚ 3
Notice Facile