SJ 4010 AXL0 - тоңазытқыш HOTPOINT - Notice d'utilisation et mode d'emploi gratuit
Retrouvez gratuitement la notice de l'appareil SJ 4010 AXL0 HOTPOINT au format PDF.
Téléchargez la notice de votre тоңазытқыш au format PDF gratuitement ! Retrouvez votre notice SJ 4010 AXL0 - HOTPOINT et reprennez votre appareil électronique en main. Sur cette page sont publiés tous les documents nécessaires à l'utilisation de votre appareil SJ 4010 AXL0 de la marque HOTPOINT.
MODE D'EMPLOI SJ 4010 AXL0 HOTPOINT
PT Instruções de Utilização UA Інструкції з експлуатації KZ Пайдалану нұсқаулығы BG Инструкции за употреба
kz it БӨЛШЕКТЕР МЕН МҮМКІНДІКТЕР 1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8. 9. 10.
Тегеш Елек тұтқышы Елек Шырын шнегі Бункер Резеңке төсем пульпа ыдысы шырын ыдысы Итергіш Тазалау щеткасы
Тұтқа ӨШІРУЛІ — моторды тоқтатады. ҚОСЫЛУ — моторды қосады/шырын жасайды. Барлық бөлшектер дұрыс құрастырылған және қақпақша орнында болған кезде ғана шырынсыққыш жұмыс істейді.
R — моторды қарама-қарсы бағытта айналдырады; мұны тағам тұрып қалған кезде ғана қолдануға болады.
КІРІСПЕ Біздің өнімді сатып алғаныңызға алғыс білдіреміз. Солайша, тиімді әрі өнімділігі жоғары құрылғыны таңдадыңыз. Баяу шырынсыққыш – жемістер мен көкөністерге арналған төмен жылдамдықты, баяу сығу құралының жаңа түрі. Бұл жаңа шырынсыққыш шырын мен пульпаны екі жерден бөлек шығарады. Шырын шығару әдісі түйгіш мен келсапқа ұқсайтын бұранда сияқты шнекпен езу мен сығуға негізделген. Бұл әрекет тағам жасушаларының мембраналарын жыртып, терең орналасқан пайдалы заттары мен энзимдерін шығарады. Сондай-ақ, ол пайдалы фитозаттардың көбірек мөлшерін ыдыратып, дәрумендер мен минералдарын сақтайтын шырынның түсін қанықтырады. Баяу айналу жемістер мен көкөністер жасушаларының құрылымын бұзбай, тотығу мен бөлінуге жол бермейді. Соның арқасында, тіпті бидайық, соя және жапырағы көп шөптердің бағалы энзимдері мен пайдалы заттары табиғи пішініне мүмкін болғанша жақын болады. Бұл құрылғыны дұрыс пайдалануға қатысты нұсқаулар орындалмаса, өндіруші ешбір залалға жауапты болмайды Пайдалану нұсқаулығында әр түрлі үлгілерді сипаттауы мүмкін. Кез келген айырмашылық анық көрсетіледі.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ ЖӘНЕ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ Электр құрылғыларды қолданған кезде, әрқашан негізгі сақтық шараларын сақтау керек, оның ішінде:
Жұмыс істеп тұрған құрылғыны бақылаусыз қалдыруға болмайды. Құрылғыны балалардан аулақ ұстаңыз. Құрылғымен ойнамауы үшін балаларды бақылап отыру керек. Қолданбаған кезде, бөліктерін қоймас немесе алмас бұрын
және тазаламас бұрын құрылғыны өшіріп, розеткадан ағытыңыз. Ажырату үшін құрылғыны өшіріңіз, одан кейін айырдан ұстап, розеткадан ағытыңыз. Кабельді ұстап тартушы болмаңыз. Кабелі я айыры зақымдалған, дұрыс жұмыс істемей қалғаннан кейін немесе кез келген түрде зақымдалғаннан кейін құрылғыны қолдануға болмайды. Құрылғыны өкілеттік қызмет көрсету орнына апарып көрсетіңіз, 49
жөндетіңіз немесе электр я механикалық бөліктерін реттетіңіз. Бұл құрылғыны қауіпсіз түрде қолдану бойынша кеңес не нұсқау берілген және ықтимал қауіп-қатерлерді түсінетін жағдайда, оны 8-ге толған балалар мен дене, сезіну немесе ой қабілеті төмен немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдар қолдана алады. Жабдық үй жағдайында немесе төмендегі ұқсас жағдайда қолдануға арналған: - дүкендердегі, кеңселердегі және басқа жұмыс о р ы н д а р ы н д а ғ ы қызметкерлердің ас бөлмесінде; - ферма үйлерінде; - қонақ үйлері, мотельдер және басқа қонақтар тұратын жерлер; - кіші қонақ үйлері. Жүздер өткір болады. Абайлаңыз. Шабу жүзі мен кесу/турау дискін салған немесе алған кезде, жарақат алмау үшін кеспейтін шеттерін ұстаңыз. Құрылғыны тек номиналды сипаттар тақтасында көрсетілген ақпаратқа сәйкес жалғау және жұмыс істету қажет. Барлық нұсқауларды оқып шығыңыз. Бұл нұсқауларды кейін қолдану үшін сақтаңыз. Ток соғу қаупінен қорғау үшін табанды, кабельді немесе айырды суға я басқа сұйықтыққа салмаңыз. Бұл құрылғы қауіпсіздіктеріне жауапты адам құрылғыларды қолдану бойынша кеңес не нұсқау бермеген жағдайда, дене, сезіну немесе ой қабілеті төмен немесе тәжірибесі
мен білімі жеткіліксіз адамдармен (оның ішінде балалармен) қолданылуға арналмаған. Ток өшсе, құрылғы қосылып тұра береді және ток берілгенде қайта іске қосылады. Қолданбаған кезде, бөліктерін қоймас немесе алмас бұрын және тазаламас бұрын құрылғыны өшіріп, розеткадан ағытыңыз. Ажырату үшін құрылғыны өшіріңіз, одан кейін айырдан ұстап, розеткадан ағытыңыз. Кабельді ұстап тартушы болмаңыз. Қозғалатын бөліктерге тимеңіз және саусақтарыңызды шығару тесіктері мен бункердің тағам салу түтігінен аулақ ұстаңыз. Жарақат алмау үшін зақымдалған кабельді ауыстыру сияқты жөндеу жұмыстарын тек біздің тұтынушыларға қызмет көрсету орталықтарында атқарылуы тиіс. Құрылғы өндірушісі ұсынбайтын немесе сатпайтын қосымша құралдарды қолдану нәтижесінде өрт шығуы, ток соғуы немесе жарақат алуыңыз мүмкін. Кабель үстелдің шетінен салбырап тұрмауы немесе ыстық беттерге тимеуі керек. Бұл құрылғыны жарылғыш және/немесе тұтанғыш түтіндер болған кезде қолдануға болмайды. Қақпақтың құлыптау механизміне кедергі жасауға әрекеттенбеңіз. Ток соғу қаупін азайту үшін астыңғы қақпақты алып тастауға әрекеттенбеңіз. Құрылғы ішінде пайдаланушы жөндей алатын бөлшектер жоқ. Жөндеу жұмыстарын тек өкілеттік мамандар атқаруы тиіс Тағам салмай қолдануға болмайды, әйтпесе сықырлаған дыбыс шығуы мүмкін. Қатты заттарды, үлкен дәндерді (шайналмайтын және жұтылмайтын дәндер), шетенді, мұзды немесе мұздатылған тағамды өңдеуге әрекеттенбеңіз. Тағам салу түтігінде тағам тұрып қалса, ұсынылған итергіштен басқа ешнәрсе қолданушы болмаңыз. Құрылғының ақаусыз екенін және барлық алынбалы бөліктері бекітілгенін әрдайым тексеріп тұру керек. Қуат кабелі мен айыр қиылып қалмағанын немесе зақымдалмағанын анықтау үшін жүйелі түрде тексеріп тұру керек. Тұтқаны қолданбас бұрын қолыңыз толығымен құрғақ екеніне көз жеткізіңіз. 30 минуттан аса қолданбаңыз.
kz it АЛҒАШ РЕТ ПАЙДАЛАНБАС БҰРЫН Құрылғының сыртында жиналып қалған болуы мүмкін шаңды абайлап сүртіп алыңыз. Құрғақ орамалмен құрғатыңыз. Қатты абразивті тазалағыш заттарды қолданбаңыз. Керекжарақтарды сабынды жылы сумен жуып, құрғақ орамалмен құрғатыңыз. Құрылғының ток кабелі немесе моторы орналасқан жағын суға немесе кез келген басқа сұйықтыққа салмаңыз. Құрылғыда ішіне ендірілген сақтандырғыш құлпы бар; бұл мүмкіндік шырынсыққышты мотор бөлігіне дұрыс орнатқан кезде ғана құрылғы қосылатынын қамтамасыз етеді. Дұрыс құрастырылған кезде ендірілген сақтандырғыш құлпы ашылады.
ШЫРЫНСЫҚҚЫШТЫ ҚҰРАСТЫРУ (А) Тегеш астында шырынның тек шүмектен шығуына мүмкіндік беретін резеңке төсем бар. Шырын жасамас бұрын, ешқандай сұйықтық ағып кетпеуі үшін төсем толығымен нығыздалғанына көз жеткізіңіз. Шырынсыққышты құрастырмас бұрын қуат кабелі токтан ағытылғанына көз жеткізіңіз. 1. 2.
Електі елек тұтқышына қойыңыз. Елек тұтқышын шырын тегешіне қойыңыз. Електегі көрсеткіні тегештегі көрсеткіге дәлдеуді ұмытпаңыз. Екі көрсеткі дәлденген кезде елек тегешке құлыпталып, жылжымауы тиіс. Елек тұтқышының төменгі шетіндегі тістер тегеш ішіндегі тегершікке дұрыс бекітілгеніне көз жеткізіңіз. Шырын тегешін негізгі бөліктің үстіне қойыңыз: негізгі корпустағы 3 ілмекті тегештің төменгі жағындағы 3 кетікке келтіру арқылы тегештің орнына қойылғанын тексеріңіз. «Тық» еткен дыбыс естілгенше оны сағат тілі бағытымен сәл бұраңыз. Шырын шнегін елекке қойып, орнына түскенше оны бұраңыз. Бұранда тиісті орнында екеніне көз жеткізу үшін жоғарғы беті елек шетінің деңгейінен төмен екенін тексеріңіз. Бункерді шырын тегешінің үстіне бекітіңіз, одан кейін негізгі корпусқа бұрап бекітіңіз. Пульпа ыдысын шырынсыққыштың сол
жағындағы орнына бекітіңіз. Бункердегі көрсеткіні тегештегі көрсеткіге дәлдеуді ұмытпаңыз. Шырын кесесін шырын шүмегінің астына қойыңыз. Тағам итергішін тағам науасы бойымен сырғытыңыз. Итергіш тек бір жағымен кіреді.
Шырын тегеші мен қақпақша дұрыс орнатылмаған болса, шырынсыққыш жұмыс істемейді. Бұл – қауіпсіздік шарасы.
ШЫРЫНСЫҚҚЫШТЫ ҚОЛДАНУ Баяу шырынсыққыш балдыркөк, саумалдық, сәбіз, алма, банан, қызанақ, қияр, харант момордикасы және шырыны бар барлық жемістер мен көкөністерге арналған, бірақ құрамында крахмал бар жемістер мен көкөністерге жарамайды. 1.
Жеміс пен көкөністерді шырын жасау үшін жақсылап тазалаңыз. 2. Сүйегі немесе қатты дәндері бар жемістен шырын жасау үшін олардың сүйегін немесе дәндерін алыңыз. 3. Жеміс немесе көкөніс бөліктері тым үлкен болса, оларды шырынсыққыштың тағам науасына сыятын бөліктерге тураңыз. 4. Жемістердің шырынын шығару үшін басқару тұтқасын Қосулы күйіне бұраңыз 5. Барлық жеміс немесе көкөніс шырынсыққыш арқылы өткенше тағам итергішін баяу басыңыз. Тағам итергішін тым жылдам баспаңыз, себебі шырынсыққыш тиімді жұмыс істемейді. Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде қолыңызды немесе басқа ешбір затты тағам науасына салушы болмаңыз. 6. 7.
Жеміс және/немесе көкөніс шырыны тікелей шырын кесесіне ағады, ал пульпа себетке жиналады. Шырын жасау аяқталған кезде шырынсыққыштың басқару тұтқасы ӨШІРУЛІ күйіне қойылғанына, розеткадан қуат ажыратылғанына және шырынсыққыш ағытылғанына көз жеткізіңіз. Енді құрылғыны бөлшектеуге болады. Шырын тегеші тұрып қалып, табаннан алынбаса, «R» тұтқасын 3-5 секунд басыңыз. Процесті 2-3 рет қайталаңыз.
kz it Тұтқаны ҚОСУЛЫ күйден R күйіне жылдам бұрмаңыз, ӨШІРУЛІ күйінде бірнеше секунд күтіңіз.
Шырын шығаруды оңтайландыру үшін тағамды кіші бөліктерге тураңыз. Мұз немесе мұздатылған жеміс салмаңыз. Тағамды науаға салыңыз. Күштеп итермеңіз. Тағамды бір қалыпты жылдамдықпен салыңыз, сонда пульпадағы шырынды шығару өнімділігі максималды болады. Жапырағы көп шөптердің немесе бидайықтың шырынын шығарған кезде, оңтайлы нәтижеге қол жеткізу үшін оларды жемістермен немесе басқа қатты көкөністермен араластырған жөн. Шырынды жаңғақтарды тек жібітілген соя бұршағы немесе сұйықтықтар сияқты басқа тағаммен бірге салыңыз. Тегеш бос болғанда құрылғыны қоспаңыз. Қалған шырынды тоңазытқышта сақтау немесе мұздату керек. Шырын жасау үшін жеміс пен көкөністерді таңдаған кезде піскен жемістерді/көкөністерді таңдаңыз. Жаңа піскен жемістер мен көкөністерде піспеген жемістерге/көкөністерге қарағанда дәм мен шырын көбірек болады. Шырынды дайындағаннан кейін бірден ішкен дұрыс, себебі сол кезде оның құрамындағы дәрумен мен минералдар мөлшері ең жоғары болады. Цитрус шырынының дәмі жақсы болуы үшін жемістің ішкі ақ түсті қабығын да алыңыз. Шырын жасамас бұрын сүйегі немесе қатты дәндері бар жемістердің (мысалы, манго, тегіс шабдалы, өрік және жидектер) сүйегін/ дәндерін алып тастау керек. Алма шырынының түсі қоюланбауы үшін алма шырынына аз мөлшерде лимон қосуға болады. Бананнан шырын жасау қиын болуы мүмкін; банан қолданатын болсаңыз, оны бірінші немесе екінші ингредиент ретінде қосыңыз, сонда бананның жұмсағы басқа жемістердің шырынымен араласып, тарайды. Консистенциясы әр түрлі жемістер мен көкөністерден шырын жасаған кезде әр түрлі топтарға бөліп сыққан жөн болуы мүмкін, мысалы, алдымен жұмыс жемісті (мысалы, апельсин), одан кейін қатты жемісті (мысалы, алма) өңдеңіз. Мұндай рет шырын шығару өнімділігін арттырады.
Шөптерді немесе жапырағы көп көкөністерден шырын жасаған кезде, шырынсыққышқа салу үшін оларды бумалаңыз немесе басқа ингредиенттермен баяу жылдамдықта жұмыс істеп біріктіріңіз.
КҮТІМ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ Құрылғыға жүйелі түрде техникалық қызмет көрсету арқасында оның қауіпсіз әрі дұрыс жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі. Қолданбаған кезде немесе тазаламас бұрын құрылғыны розеткадан ағытыңыз. Шырынсыққышты келесі ретпен бөлшектеңіз: 1. 2. 3. 4. 5.
Тағам итергішін шешіп алыңыз. Бункерді алыңыз. Шырын шнегін шығарып алыңыз Елек тұтқышы мен електі шығарып алыңыз. Шырын тегешін шығарып алыңыз
Алынбалы бөліктерін жылы, сабынды суда қолмен жуыңыз, одан кейін шайып, барлық бөлшектерді кептіріңіз. Құрылғының сыртын жүйелі түрде дымқыл шүберекпен сүртіп, құрғақ орамалмен сүртіп тұру керек. Қолданғаннан кейін щеткамен жақсылап тазалаңыз. Тазалау үшін металл губканы немесе қырғыш ұнтақтарды қолданбаңыз. Олар құрылғыны зақымдауы мүмкін. Тазалаған кезде резеңке төсем толығымен шешіп алынғанына көз жеткізіңіз. Тазалағаннан кейін сұйықтықтар ағып кетпеуі үшін мықтап орнына бекітіңіз. Құрылғыны зақымдамау үшін тазалаған кезде ешқандай күшті еріткіштер, сілтілі тазалағыш заттар, абразивті тазалағыш заттар немесе қырғыш заттар қолданушы болмаңыз. Мотор бөлігін немесе қуат кабелін суға салмаңыз.
kz it рецепт кітабы ЛИМОН ШЫРЫНЫ 4 үлеске арналған ингредиенттер: 3 үлкен лимон, 1 алма, сары түсті қант. Лимондарды жуыңыз және ұсақ текше күйінде тураңыз. Алманы жуып, қабығын аршыңыз. Ингредиенттерді өңдеу құрылғысына салып, 1 стақан су құйыңыз. Дайындалған соң, дәм беру үшін тәттілеңіз. 1 шай қасық ұсақталған мұзбен үлестіріңіз.
ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ КОКТЕЙЛІ 4 үлеске арналған ингредиенттер: 1 қарбыз (1 кг), таза насыбайгүл, арақ. Қарбыздың қабығын және дәндерін алып тастаңыз және ұсақ текшелер күйінде тураңыз. 1 бір уыс насыбайгүл жапырағын жұлып алып, жуыңыз. Қарбызды және насыбайгүлді өңдеу құрылғысына салып, шырынын сығыңыз. Шырынды 4 шай қасық арақпен және езілген мұзбен шайқаңыз, 4 стақанға құйып, бірнеше насыбайгүл жапырағымен әшекейлеп үлестіріңіз.
ҚАРАЖИДЕК ДЕСЕРТІ 4 үлеске арналған ингредиенттер: 1 кг қаражидек, 500 г көпіршітілген крем, 70 г қант ұнтағы. Қаражидекті жуып, кептіріңіз, одан кейін шырынын алу үшін өңдеу құрылғысына салыңыз. Көпіршітілген кремді, қаражидек шырынын және 50 г қант ұнтағын қосыңыз да, араласқанға дейін ақырындап бұлғаңыз. Қаражидек қойыртпасын қалған қантпен араластырыңыз және қоспаны 4 стақанға құйыңыз. Үстіне көпіршітілген крем және қаражидек шырыны қоспасын құйып, үлестіруге дайын болғанға дейін тоңазытқышта сақтаңыз.
АЛМА ЖӘНЕ ТӘТТІ АСКӨК ҚОСЫЛҒАН ГАСПАЧО 4 үлеске арналған ингредиенттер: 3 алма, 4 тәтті аскөк, 1 лайм, таңқурай сірке суы, жаңғақ майы, тұз. Лаймды, алманы және тәтті аскөкті жуып, тураңыз. Шырынын сығу үшін оларды өңдеу құрылғысына салыңыз. Шырынды 4 шай қасығы жаңғақ майымен және 1 салым тұзбен бұұлғауышпен араластырыңыз. 4 стақанға құйып үлестіріңіз, бірнеше алма тілімдерімен әшекейлеңіз.
ЖАСЫЛ ШЫРЫН 4 үлеске арналған ингредиенттер: 1 қияр, 2 аскөк, 1 балдыркөк сабы, 2 сәбіз, шағын саумалдық, ақжелкен, 1 алма, 5 г таза жанжабіл. Қиярды, аскөкті, балдыркөкті, сәбіздерді және алманы жуып, қабығын аршып, тураңыз. Жанжабіл тамырын аршыңыз. Жуыңыз және 1 уыс ақжелкен жапырағын және 1 уыс шағын саумалдық алыңыз. Көкөністердің шырынын алу үшін шағын бөліктермен өңдеңіз. Араластырыңыз және дереу үлестіріңіз.
kz it АЛМА ҚОСЫЛҒАН ҚҰЙМАҚТАР 4 үлеске арналған ингредиенттер: 5 алма, 2 жұмыртқа, 100 г ұн, 200 г қаймағы алынған сүт йогурты, дәм қабық ұнтағы, қант, май. Жеңіл және көпіршіген қоспа алғанға дейін бұлғауыштың көмегімен 4 шай қасығы қосылған тостағанға жұмыртқаларды бұлғаңыз. Еленген ұнды, 1 салым дәм қабық ұнтағын қосып, араластырыңыз. Алмаларды жуып, өңдеңіз. Шырынды сусын ретінде қолдану үшін әйнек бөтелкеге сақтап, тоңазытқышқа қоюға болады. Өңделген алманың жұмсағын алып, жұмыртқа, ұн және қант қоспасына ағаш қасықпен араластыруға болады. Йогурт қосып, араластырыңыз. Қоспа жұмсақ болуы және қасықтан оңай түсуі керек. Егер тым қою болса, аздап сүт қосыңыз. 1 кесек майды табаға ерітіңіз және қоспадан бірнеше қасық құйыңыз. Құймақтың екі жағын 2 минуттай пісіріңіз, қалақшамен аударып тұрыңыз. Қант ұнтағын себіңіз және дереу үлестіріңіз.
АЛМА ТҰЗДЫҒЫ Шамамен 300 г тұздық алуға қажетті ингредиенттер: 4 алма, 1 пияз, қараған балы, дәм қабық ұнтағы, қалампыр ұнтағы, құрғақ ақ шарап, май, тұз. Алмаларды және пиязды жуыңыз, қабығын аршыңыз және кішкене текше күйінде тураңыз. Өңдеңіз және шырын мен қойыртпаны табаға құйыңыз. 1 шай қасығы бал қосыңыз және 10 минуттай пісіріңіз. Дәм беру үшін тұз, 1 салым дәм қабық ұнтағын және 1 салым қалампыр ұнтағын қосыңыз. Ыстық қоспаны әйнек ыдысқа құйыңыз және қақпағын жабыңыз, ыдысты төңкеріп қойып, суытыңыз. Ыдыс ауа кірмейтін жабылады. Тұздықты тоңазытқышта шамамен 1 айға дейін сақтауға болады. Оны қуырылған немесе бұқтырылған етпен жеген жөн.
kz it Қызмет көрсету
Біз өз тұтынушыларымызға қызмет көрсетеміз және сервистік қызметті жоғары деңгейде ұсынуға тырысамыз. Сізге құрылғымен оңай және қолайлы жұмыс жасауға мүмкіндік беру үшін өз өнімдерімізді үздіксіз жетілдіріп отыруға тырысамыз.
Электр және электроникалық құралдардың қалдықтарына (WEEE) қатысты 2002/96/EC Еуропа заңнамасына сәйкес үй құрылғылары қалыпты толық қалалық қалдық айналымын пайдаланып жойылмауы тиіс. Қоршаған орта мен халық денсаулығына тиетін зиянның алдын ала отырып, жарамсыз құрылғылар қайта пайдалану мен машина ішіндегі материалдарды өңдеу құнын оңтайландыру мақсатында бөлек жиналуы керек. Барлық өнімдердегі сызылған қоқыс жәшігі өнім иесінің бөлектелген қоқыс жинауға қатысты міндетін еске салады. Жарамсыз үй құрылғыларын дұрыс жоюға қатысты қосымша ақпарат алу үшін өнім иелері тиісті халыққа қызмет көрсету орталығына немесе олардың жергілікті өкілдеріне хабарласа алады.
Құрылғыға күтім көрсету Құрылғыға күтім көрсетуге арналған Hotpoint Ariston ұсынатын құрылғының Professional кәсіби бұйымдарының желісі құрылғының қолданыс мерзімін ұзартады және оның сынып қалу қаупін азайтады. Professional кәсіби бұйымдарының желісі құрылғыңыздың ерекшеліктерін ескере отырып жасалған. Өнімдер сапа, экология және қолдану қауіпсіздігі бойынша Еуропалық жоғары стандарттарды қатаң сақтай отырып Италияда жасалған. Толық ақпаратты www.hotpoint-ariston. ru веб-сайтының “Қызмет көрсету” бөлімінен қараңыз және қалаңыздағы дүкендерден сұраңыз.
Ешбір орама материалы тағамға тимеуі керек.
Уәкілетті қызмет көрсету орталықтары Өз тұтынушыларымызға жақынырақ болу үшін шебер мамандарының жоғары деңгейдегі кәсіби дайындығы мен әділдігімен ерекшеленетін қызмет көрсету желілерін қалыптастырдық. Ақау пайда болған жағдайда Қызмет көрсету орталығына хабарласар алдында, ақаулықты өзіңіз түзетіп көруге тырысыңыз (“Ақаулықтар және оларды түзету жолдары” тарауын қараңыз). Қызмет көрсету орталығына кепілдік құжатында көрсетілген телефон нөмірімен хабарласуға болады. ! Біз уәкілетті қызмет көрсету орталықтарына ғана хабарласуды ұсынамыз ! Жөндеу жұмыстарын іске асырған кезде фирмалық бөлшектерді ғана қолдануын талап етіңіз. Қызмет көрсету орталығына хабарласар алдында келесі мәліметтерді беруге дайын екеніңізді тексеріп алыңыз: • Ақаулық түрін сипаттау; • Кепілдік құжатының нөмірі (қызмет көрсету кітапшасы, қызмет көрсету сертификаты т.с.с.); • Құрылғының ақпарат тақтайшасында немесе кепілдік құжатында көрсетілген құрылғының моделі және сериялық нөмірі (S/N); • Құрылғының сатылған ай-күні Басқа пайдалы ақпарат пен жаңалықтарды www.hotpointariston.ru веб-сайтының «Қызмет көрсету» тарауынан көре аласыз.
Notice Facile