ENXTYH 19322 FWL2 - тоңазытқыш HOTPOINT - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз ENXTYH 19322 FWL2 HOTPOINT PDF форматында.
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы ENXTYH 19322 FWL2 HOTPOINT
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз тоңазытқыш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз ENXTYH 19322 FWL2 - HOTPOINT және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. ENXTYH 19322 FWL2 брендінің HOTPOINT.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ ENXTYH 19322 FWL2 HOTPOINT
Пайдалану бойынша нұсқаулық
ЕКІ КАМЕРАЛЫ ТОҢАЗЫТҚЫШ
Мазмұны
Пайдалану бойынша нұсқаулық, 3
Қолдау, 7
Сипаттамасы, 14
Сипаттамасы, 21
Аударып орнатуға болатын есіктер, 22
Орнату, 75
Көшу, 76
Техникалық қызмет және күтіп ұстау, 76
Сақтандыру шаралары, 77
Ақауларын жою, 78
Көмек
Техникалық қызмет көрсету
Техникалық қызмет көрсету орталығына хабарласпас бұрын:
- ақауды өз бетінше жөндеуге болатындығын тексеріп алыңыз («Ақаулар және оларды жою әдістері» бөлімін қараңыз). Модель, сериялық нөмірі
Техникалық қызмет көрсету орталығына
хабарласқанда мыналарды хабарлау қажет:
- ақау типі • бұйым моделі (Мод.) • тех.паспорт нөмірі (сериялық №)
Бұл мәліметтердің бәрін тоңазытқыш камерасының сол жақ бетінде төменде орналасқан техникалық сипаттамалары бар кестеден табасыз.
Уәкілетті емес тұлғалардың қызметін пайдаланбаңыздар. Жөндеу жұмыстарында түпнұсқа бөлшектерді талап етіңіздер.
IT - modello GB - model FR - modèle DE - modell NL - model ES - modelo PT - modelo PL - model RO - model cz - model SK - model HU - modell KZ - модель

IT - numero di serie GB - serial number FR - numéro de série DE - modellnummer NL - serienummer ES - número de serie PT - número de série PL - numer seryjny RO - număr de serie cz - výrobní číslo SK - výrobné číslo HU - sorozatszám KZ - сериялық нөмірі
IT
Құрылғының сипаттамасы. Басқару тақтасы
Өнімді толығымен (тоңазытқыш және мұздатқыш камералары) осы түймешікті 2 секундтай басу арқылы қосуға болады. Сонғы орнатылған мәндер экранда көрсетіледі. Бұл түймешікті өнім өшірілгенге дейін басыңыз. Сигнал дыбысы өнімнің өшірілуін хабарлайды.
2.nt (ТОҢАЗЫТҚЫШ — және + температура реттеулері)
Тоңазытқыштың температурасын өзгерту үшін пайдаланылады; таңдалған температураға тиісті растау дисплейде пайда болады.
3. Тоңазытқыш дисплейі
Тоңазытқыш камерасының орнатылған температурасын көрсетеді.
4. (МҰЗДАТҚЫШ - және + температура реттеулері)
Мұздатқыштың температурасын өзгерту үшін пайдаланылады; таңдалған температураға тиісті растау дисплейде пайда болады.
5. МҰЗДАТҚЫШ дисплейі
Мұздатқыш камерасының орнатылған температурасын көрсетеді.
SPEED COOL функциясын (жылдам салқындату) қосады немесе ажыратады. Тоңазытқыштың дисплейінде ⚡↓ және 'SC' белгілері пайда болады.
Жылдам салқындату функциясы зерделі ауа желдеткішін басқару арқылы тоңазытқыш камерадағы температураны дереу төмендетуге мүмкіндік береді. Сатып алған тағамды тоңазытқышқа қойған сайын, жылдам салқындату функциясы

жылу ауытқуларын мүмкіндігінше азайтады. Камерадағы тағамның және сатып алып келген тағамның дәмі мен иісі өзгермейді. Тағам температурасы онтайлы тоңазыту деңгейіне оралғанда жылдам салқындату функциясы автоматты түрде тоқтайды. Функция жұмыс істеп болғаннан кейін ғана тағамды мұздатқыш камераға салуды жөн санаймыз.
Функция ең көбі 12 сағат жұмыс істейді.
7. QUICK FREEZE (Супер қатыру)
QUICK FREEZE функциясын (жылдам қатыру) қосады немесе ажыратады. Тоңазытқыштың дисплейінде ✉ және 'SF' белгілері пайда болады.
Жылдам мұздату функциясы тағамды жылдамырақ мұздатуға мүмкіндік береді. Сәйтіп, тағам ішіндегі су шағын мұз кристалдарына айналып, пісірілген және піспеген тағамның пайдалы сипаттары өзгермейді. Мұздату процесі аяқталғаннан кейін температура орнатылған деңгейге қайтады.
Функция жұмыс істеп болғаннан кейін ғана тағамды мұздатқыш камераға салуды жөн санаймыз. Функция ең көбі 48 сағат жұмыс істейді.
IT
Осы брошюрадағы нұсқаулық тоңазытқыштың әртүрлі модельдеріне қатысты қолданылады. Суреттер сіз сатып алған модельге сәйкес келе бермеуі де мүмкін. Барынша нақты сипаттаманы келесі беттерден таба аласыз.
1 Түзулеу аяғы 2 Жеміс пен көкөніс жәшігі * 3 Шарап тартпасы* 4 Сөрелер * 5 Food Care Zone 0°C * 6 Мұздатқыш және сақтау камерасы 7 Жылдам мұздату тұтқасы 8 ICE DEVICE 9 Алынбалы бірнеше функциялы сөрелер * 10 Бөтелке сөресі
* әрбір модельде ғана саны және/немесе орналасу орны әртүрлі болады.

Аударып орнатуға болатын есіктер
* әрбір модельде ғана саны және/немесе орналасу орны әртүрлі болады.
Орнату
! Тоңазытқышты токқа қоспас бұрын, алдымен нұсқаулықтармен мұқият танысып алыңыз. Оларда тоңазытқышты пайдалану, орнату және күтіп ұстау жөнінде маңызды ақпараттар болады. ! Бұл нұсқаулықты сақтаңыз, өйткені болашақта пайдалану барысында ол сізге қажет болады.
Орнату және қосу
Орнату
- Тоңазытқышты құрғақ және жақсы желдетілетін бөлмеге орналастырыңыз. 2. Артқы бетінде орналасқан желдеткіш тесіктерді бекітпеңіз: компрессор және конденсатор өзінен жылу бөледі және жақсы қызмет атқару үшін желдетіліп тұруды талап етеді, ол тоңазытқыштың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етеді және электр қуатын тұтынуды азайтады.
- Құрылғының үсті мен одан жоғары орналасқан кез келген жиһаз арасында кем дегенде 10 см, ал бүйірлері мен кез келген жиһаз/қабырғалар арасында кем дегенде 5 см бос орын қалдырыңыз.
- Тоңазытқышты жылу көзінен алысырақ орналастырыңыз (күн сәулесінің тікелей түсуінен сақтаңыз, сонымен қатар электр ас үй пешіне жақын орналастырмаңыз).
- Құрылғы мен қабырға арасында тиісті аралықты сақтау үшін орнату жинағында берілген төсемдерді нұсқауларға сәйкес қойыңыз.
Электр желісіне жалғау
Тоңазытқышты тасымалдағаннан кейін тік күйінде орналастырыңыз және электр тогына қоспас бұрын кем дегенде 3 сағат күтіңіз. Тоңазытқышты электр тогына қоспас бұрын мыналарды тексеріп алыңыз:
• розетка жерге тұйықталып тұруы керек; • розетка тоңазытқыш камерасының ішіндегі төменгі оң жақ бетінде орналасқан ақпараттық кестеде көрсетілген бұйымның максималдық қуатына сәйкес келуі керек (мысалы: 150 Ватт); • тораптың кернеуі астыңғы сол жақ шетінде орналасқан ақпараттық кестеде көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуі керек (мысалы: 220-240 Вольт); • розетка бұйымның вилкасына сәйкес келуі керек. Сәйкес келмеген жағдайда, вилканы білікті маманның көмегімен ауыстыру керек («Қолдау» бөлімін қараңыз); ұзартқыш пен көп көзді токты пайдалануға болмайды.
! Тоңазытқыш үнемі розеткаға оңай қол жеткізе алатындай етіп орналасуы керек.
! Кабель майысқан немесе мыжылған күйде болмауы керек.
! Кабельдің дұрыс орналасуы үнемі тексеріліп тұруы керек, және қажет болған жағдайда тек уәкілетті техник көмегімен ауыстырылуы керек («Қолдау» бөлімін қараңыз).
! Жоғарыда аталған техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтамаған жағдайда өндіруші ешқандай жауапкершілік көтермейді.
Бұйымды пайдалануға іске қосу
! Бұйымды қоспас бұрын барлық нұсқаулықтардың тиісті дәрежеде сақталуын тексеріп алыңыз («Орнату» бөлімін қараңыз). ! Бұйымды электр желісіне қоспас бұрын барлық бөлімшелерін және керек-жарақтарын ас содасы қосылған жылы сумен жуып алыңыздар. ! Тоңазытқыш бақылау қорғаныс жүйесімен жабдықталған, осыған байланысты бұйым іске қосылғаннан кейін компрессор шамамен 8 минут өткеннен кейін ғана қосылады. Компрессор әрқашанда электр энергиясы сөніп қалғанда (энергияны үнемдеу үзілісінде) іске қосылады.
Қатыруға арналған бөлімше
Бұйымды алғаш рет қосқан жағдайда, қажетті температураны орнатқаннан кейін бөлімді барынша жылдам салқындату үшін QUICK FREEZE қызметін іске қосуға кеңес береміз. Азық-түлікті QUICK FREEZE функциясы аяқталғаннан кейін жүктеуге кеңес береміз.
Салқындатуға арналған бөлімше
Бұйымды алғаш рет қосқан жағдайда, қажетті температураны орнатқаннан кейін бөлімді барынша жылдам салқындату үшін SPEED COOL қызметін іске қосуға кеңес береміз. Азық-түлікті SPEED COOL функциясы аяқталғаннан кейін жүктеуге кеңес береміз.
Дисплейді қалай басқаруға болады. Температураны белгілеу:
Егер құрал қосылса, тоңазытқыш пен мұздатқыштың дисплейі осы уақытта белгіленген температураны көрсетіп тұрса, оларды өзгерту үшін тек камерадағы өзіңізге қажетті температураны белгілеп түймені бассаңыз жетіп жатыр. Температураға қатысты түймені басқан сайын температура 1°С градусқа азаяды немесе көбейеді. Тоңазытқыш камерасына қажет болатын температура мағынасы: +12°C, +7°C, +6°C, +5°C, +4°C, +3°C, +2°C; мұздатқыш камерасында қойылатын температура: -18°C, -19°C, -20°C, -21°C, -22°C, -23°C, -24°C, -25°C, -26°C.
Кыраусыз жүйе салқын ауаны үздіксіз айналдырып, ылғалдылықты жинап алады және муз бен қыраудың пайда болуына жол бермейді. Бұл жүйе камерада оңтайлы ылғалдылық деңгейін қамтамасыз ете отырып, тағамның бастапқы сапасын сақтайды, тағамдардың бір-біріне жабысуына жол бермейді және жібітуді еткен шақ ісіне айналдырады. Тоңазытқыштың артқы панеліне тікелей тағам немесе ыдыс тигізіп қойып, ауа ететін ұяшықтарды жауып тастамаңыз.
ЖЕМІС пен КӨКӨНІС жәшігі *
Тоңазытқыш ішіне орнатылған салат ыдыстары жеміс пен көкөністерді бастапқы қалпында сақтау үшін арнайы өзірленген. Тағам сақтау ортасының ылғалдығын төмендету үшін ылғалдық реттегішін (В қалпы) ашыңыз немесе ылғалдықты арттыру үшін жабыңыз (А қалпы).
![graph LR A["Rectangular Unit 1"] -->|A| B["Box with dots"] A -->|A| C["Box with dots"] B --> D["Arrow B"] C --> E["Arrow B"] style A fill:#f9f,stroke:#333 style C fill:#f9f,stroke:#333](/content/2026/05/809996/images/f222bf3b91a0abf6ee6cd29db4dc7a33d88ebbc308c8c261b78149af97fe7f24.jpg)
- Тоңазытқышты және оның толық күшін пайдалану
- Орналастырылатын азық-түліктер сусық немесе жылы болуы керек, бірақ ешқашан олар ыстық болмауы керек («Алдын ала сақтандыру» бөлімін қара).
- Пісірілген азық-түліктер шикілер секілді ұзақ сақталмайды.
- Тоңазытқыш камерасына сұйық құйылған беті жабылмаған ыдыстарды қоймаңыздар, өйткені ылғалдың көбеюіне және конденсаттың пайда болуына әкеледі.
МУЗ ҚҰРЫЛҒЫСЫ
Арнайы муз ыдыстарына су құйғаннан кейін оларды муз құрылғысына қойыңыз. Шамамен 2 сағаттан кейін муз текшелері дайын болады. Муз текшелерін жасау үшін екі түймені оң жаққа бұрсаңыз болғаны. Муз текшелері астыңғы жақтағы науаға түсіп, қолдануға дайын болады.

Қосымша сақтау орны қажет болса, муз жасау құралының жоғарғы жағындағы қадашықты итеру арқылы оны шығарып алуға болады.
Тағамды күтіп ұстау аумағы 0 °C*: Ет пен балықты жас күйде ұстауға арналған бөлік. Бөліктің төмен температурасына байланысты тағамды бір аптаға дейін сақтауға болады. Оны «салқын» тағамдар үшін де қолдануға болады. Жеміс, көкөніс және салаттар үшін қолдануға болмайды.
СӨРЕЛЕР: тормен және торсыз.
Арнайы бағдарлар көмегімен сөрелердің биіктігін алып тастауға және өзгертуге болады (суретті қара), ол ішінде азығы бар үлкен контейнерлерді сақтауға мүмкіндік береді. Биіктігін сөрені толығымен жылжытпай-ақ өзгертуге болады.
БАЛҒЫНДЫҚТЫ САҚТАУҒА арналған КОНТЕЙНЕР *
Бұл жаңа қосымша құрал, ол әртүрлі өнімдерді (мысалы ірімшік және суық ет) балғын күйінде ұзақ сақтауға арналған. Егер ол керек жоқ болса, оны алып тастауға болады. Бетелкеде тұратын өнімдерге арналған сөре болған жағдайда Балғындықты сақтауға
ТЕМПЕРАТУРА индикаторлары *: тоңазытқыштың ең суық жерін көрсетеді.
- Индикаторда «ОК» жазуының көрінуіне көз жеткізіңіз (суретті қараңыз).

- Егер «ОК» жазуы пайда болмаса, бұл температураның тым жоғары екендігін білдіреді: ТОҢАЗЫТҚЫШ ЖҰМЫСЫ тұтқасының күйін оны жоғары қарай бұрай отырып реттеп алыңыз және температура ретке келгенге дейін шамамен 10 сағаттай күтіңіз.
- Индикаторды қайтадан тексеріңіз: қажет болған жағдайда, процесті қайтадан қайталаңыз. Егер азық-түлік көп болатын болса немесе тоңазытқыш есігін жиі ашқан болсаңыз, онда индикатор «ОК» жазуын көрсетпеуі мүмкін. ТОҢАЗЫТҚЫШ ЖҰМЫСЫ тұтқасын тағы жоғары бұрамас бұрын 10 сағаттан кем емес уақыт күте тұрыңыз.
Светодиодтар *
Тоңазытқыштағы лампочканы ауыстыру үшін, оны розеткадан ажыратыңыз. Бұдан кейінгі нұсқаулықтарды ұстаныңыз. Лампочкаға жету үшін, суретте көрсетілгендей қақпақты алып тастаңыз. Оны тура сондай басқасымен алмастырыңыз.

Егер электр қуаты өшірілсе, мұздатқыштың есігін ашпаңыз. Бұл мұздатқыш ішіндегі температураны сақтауға көмектеседі, өнімдердің 9-14 сағат бойы сақталуын қамтамасыз етеді. Мұздатқыш ішіндегі орынды барынша арттыру үшін барлық жәшіктерді орындарынан алып, тамақты бірге берілген тартпаларға/шыны сөрелерге (бар болса) тікелей қоюға болады.
Техникалық қызмет және күтіп ұстау
Тоңазытқышты өшіру
Бұйымды жуар немесе басқа техникалық қызмет көрсету алдында оны электр желісінен ажыратып алыңыз:
- МҰЗДАТҚЫШ ЖҰМЫСЫ тұтқасы ӨШІРУЛІ күйінде
- Бұйымның вилкасын электр желісінен ажыратыңыз.
Жоғарыда аталған іс-әрекеттер тізбегі орындалмаған жағдайда, апаттық дабыл берілуі мүмкін: бұл сигнал бұйымның ақауының бар екендігін білдірмейді. Бұйымның дұрыс жұмыс істеуін қалпына келтіру үшін ON/OFF тұтқасын бұрау жеткілікті. Бұйымды электр қорегін беруден ажырату үшін 1 және 2 тармақтарда көрсетілген процедураларды орындау керек.
Бұйымды тазалау
- Бұйымның ішкі және сыртқы бетін, сонымен қатар каучук тығыздағыштарын тазалау үшін ас содасы немесе бейтарап сабын салынған жылы суға малынған губканы пайдалану керек. Еріткіш заттарды, түрпі, хлор және аммиак қосылған заттарды пайдалануға болмайды.
- Алынатын заттарды сабынды ыстық суға немесе ыдыс жууға арналған құрал құйылған суға жібітіп қою керек. Осыдан кейін оларды шайып, мұқият құрғату керек.
- Тоңазытқыштың артқы қабырғасына шаң тұрып қалуы мүмкін, оны орташа қуатпен жұмыс істейтін шаңсорғыш көмегімен сорып алуға болады. Бұл ретте тоңазытқышты жуар алдында розеткадан ажыратып алу керек.
Сүңгі және жағымсыз иістерді болдырмау бойынша іс-әрекеттер
- Осы бұйым гигиеналық материалдардан жасалған, олардың иісі болмайды. Осы сипаттарды сақтау үшін азық-түліктерді мұқият салып бетін жауып қою керек. Осы процедура арқылы сүңгіні болдырмауға жағдай жасайсыз.
- егер сіз ұзақ уақыт бұйымыңызды өшіріп қойсаңыз, онда бұйымның ішкі бетін тиісті түрде тазалау керек және есіктерін ашық күйде қалдырып кету керек.
Сақтандыру шаралары
! Бұл тоңазытқыш дүниежүзілік техникалық қауіпсіздік ережелеріне сәйкес әзірленген және шығарылған. Төменде келтірілген кеңестер қауіпсіздік техникасын сақтау мақсатында келтірілген және олармен мұқият танысу қажет.

Бұл бұйым Еуропалық Қауымдастықтың келесі
Директиваларына сәйкес шығарылған:
- 73/23/CEE шыққан уақыты 19/02/73 (Төмен кернеу) және оның келесі өзгерістерімен;
- 89/339/ CEE шыққан уақыты 03/05/89 (электромагниттік сәйкестігі) және оның келесі өзгерістерімен;
- 2002/96/CE.
Жалпы қауіпсіздік ережелері
- Бұл бұйым жай ішінде үй шарттарында пайдалануға арналған коммерциялық немесе өндірістік түрғыда пайдалануға болмайды.
• Тоңазытқыш үй жағдайында м
Мұздатылған және салқындатылған тағамдарды осы нұсқаулыққа сәйкес мұздату үшін ересек адамдар ғана пайдалануы қажет.
- Тоңазытқышты көшеге, бастырма астына орнатуға тыйым салынады, өйткені оған жаңбыр мен найзағайдың әсері өте қауіпті болып саналады.
- Бұйымға су қолмен, жалаң аяқпен немесе дымқыл аяқпен жақындамаңыз.
- Тоңазытқыштың ішін суытатын беткейлерін ұстамаңыз, өйткені сізді аяз үсігі шалып немесе зақымдалуыңыз мүмкін.
- Бұйымның вилкасын розеткадан ажырату үшін ешқашан өткізгіштен тартпаңыз.
- Бұйымды тазаламас бұрын вилканы міндетті түрде розеткадан ажырату керек, токпен байланыс болмауы керек. Тоңазытқышты толық өшіру үшін тұтқаны ӨШІРУ (OFF) күйіне бұрау арқылы өшіру жеткіліксіз.
- Ақаулар болған жағдайда, ешқашан механикалық бөлшектерге ақауларды жою мақсатында өз бетінше әрекет етпеңіз. Тәжірибесі жоқ адам жүргізген жөндеу жұмысы арқылы зақымдалу немесе құрал жұмысында күрделі ақаулар орын алуы мүмкін.
- Қатырылған азық-түліктерді сақтауға арналған бөлімше ішіне үшкір және кесетін заттарды, сонымен қатар өндіруші рұқсат бергендерін қоспағанда, электр құралдарын салмаңыздар.
- Мұздатқыштан жаңадан алынған мұз бөліктерін ауызға салмаңыздар. Бұл бұйымды физикалық, сезімталдық немесе ақыл-есінде кемістігі бар (балаларды қоса алғанда), тәжірибесіз тұлғалар немесе тәжірибесіз тұлғалардың бұйымды олардың қауіпсіздіктері үшін немесе бұйымды пайдалануды үйретуге жауапты тұлғаның бақылауынсыз пайдалануына рұқсат берілмейді.
- Балаларға бұйыммен ойнауға рұқсат бермеңіздер. Оларға жәшіктерге отыруға және есіктерге сүйкеніп тұруға рұқсат бермеңіздер.
Қоршаған ортаны қорғау ережелерін сақтау
• Тоңазытқышты салқын, жақсы желдетілетін жайға сақтаңыз, тіке күн сәулелерінің түсуінен сақтаңыздар, сонымен қатар бұйымды жылу шығаратын заттың жанына орналастырмаңыз. - Азық-түліктерді қажет болған жағдайда ғана алуға, салуға тырысыңыздар. - Ыстық тағамдарды қоймаңыздар, өйткені ол камераның ішіндегі температураның артуына әкеледі, ол компрессордың
артық жұмыс істеуін талап етеді, оған электр энергиясы да көп жұмсалады.
- Бұйымды мұз пайда бола салысымен үнемі ерітіп отырыңыздар («Техникалық қызмет көрсету» бөлімін қара); мұздың қалың қабаты азық-түлікке суықтың берілуін қиындатады, сонымен қатар электр энергиясының тұтынылуын арттырады.
Ақауларды жою
Егер тоңазытқышыңыз жұмыс істемей қалса, қолдау қызметіне («Қолдау бөлімін қараңыз») қоңырау шалмас бұрын төмендегілерді тексеріп алыңыз:
Дисплей толық өшіп тұрса.
- Вилка электр розеткасына қосылмаған немесе толық байланыс жоқ, болмаса үйде электр энергиясы жоқ.
Мотор іске қосылмайды.
- Тоңазытқыш мотордың қорғаныс жүйесімен жабдықталған («Қосу» бөлімін қараңыз).
Дисплей қосулы, бірақ дұрыс жанбайды.
- Вилканы шығарыңыз, оны бұраңыз және оны қайтадан розеткаға қойыңыз.
Қауіптілік дабылы естілсе және дисплейде АШЫҚ ЕСІК ДАБЫЛЫ жыпылықтаған болса (ТОҢАЗЫТҚЫШ температурасының орнына “д” жанып тұр).
- Тоңазытқыш есігі 2 минуттан артық ашық. Есік жабылса немесе тоңазытқышты өшіріп қайтадан қосқан кезде қауіптілік дабылы өшеді.
Қауіптілік дабылы естілсе және дисплейде ТЕМПЕРАТУРА ДАБЫЛЫ жыпылықтаған болса (МҰЗДАТҚЫШ температурасының орнына “А1” жанып тұр).
- Мұздатқыш ішіндегі температура тым жоғары. Мұздатқыш ішіндегі азық-түлік қатып қалмас үшін шамамен 0°C температураны ұстап тұрады, ол сізге 24 сағат ішінде оларды тұтынуға немесе қайтадан қатыруға мүмкіндік береді. Зуммерді өшіру үшін, есікті ашыңыз және жабыңыз немесе мұздатқыштың температура реттегішіндегі + және - түймелерін бір уақытта басыңыз. Содан кейін оларды дисплейде сізге қажетті температура мағынасы пайда болу үшін қайтадан басыңыз, ТЕМПЕРАТУРАНЫҢ ДАБЫЛ СВЕТОДИОДЫН өшіріңіз және тоңазытқыштың қалыпты жұмысын қайтадан қалпына келтіріңіз.
Қауіптілік дабылы естілсе және дисплейде ТЕМПЕРАТУРА ДАБЫЛЫ жыпылықтаған болса (МҰЗДАТҚЫШ температурасының орнына "А2" жанып тұр).
- Мұздатқыш ішіндегі температура аса қауіпті жоғары: ішіндегі азық-түлікті жеуге болмайды. Мұздатқыш шамамен -18°C температураны сақтап тұрады. Зуммерді өшіру үшін, есікті ашыңыз және жабыңыз немесе мұздатқыштың температура реттегішіндегі + және - түймелерін бір уақытта басыңыз. Содан кейін оларды дисплейде сізге қажетті температура мағынасы пайда болу үшін қайтадан басыңыз, ТЕМПЕРАТУРАНЫҢ ДАБЫЛ СВЕТОДИОДЫН өшіріңіз және тоңазытқыштың қалыпты жұмысын қайтадан қалпына келтіріңіз.
Тоңазытқыш немесе мұздатқыш суытпайды.
- Есік дұрыс жабылмаған немесе нығыздағыштары зақымдалған. • Есіктер жиі ашылады.
- Аса жоғары температура тапсырылған («Қосу» бөлімін қара). • Тоңазытқыш және мұздатқыш бөлімдері толып тұр.
- Тоңазытқыш айналасындағы температура 14°C төмен.
Тоңазытқыш ішіндегі тағам қатып қалады.
- Аса төмен температура тапсырылған («Қосу» бөлімін қара).
Мотор үнемі жұмыс істеп тұрады.
• СУПЕР ҚАТЫРУ (жылдам қатыру) түймесі басылған: СУПЕР ҚАТЫРУ сары лампасы қосылған немесе жыпылықтап тұр («Сипаты» бөлімін қара). - Есік дұрыс жабылмаған немесе үнемі ашылады.
- Қоршаған орта температурасы өте жоғары.
Тоңазытқыш қатты шулайды.
- Тоңазытқыш вибрация беретін және шу жасайтын шкафтардың ортасына қойылған.
- Ішкі хладагент өшірулі компрессордың өзінде аздап шуылдап тұрады. Бұл қалыпты жағдай.
Тоңазытқыш түбінде су пайда болды.
- Суды ағызу тесігі бітеліп қалған («Техникалық қызмет көрсету» бөлімін қара).