MM 060 DSL0 - микротолқынды пеш HOTPOINT - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз MM 060 DSL0 HOTPOINT PDF форматында.
| Марка | HOTPOINT |
| Модель | MM 060 DSL0 |
| Өнім түрі | Еттартқыш |
| Қуат | 1600 Вт |
| Кернеу | 220-240 В ~ 50/60 Гц |
| Сыйымдылық | Көрсетілмеген |
| Функциялар | Ет ұнтақтау, шұжық жасау |
| Тесікті табақтар | 3 өлшем: кішкентай, орташа, үлкен тесік |
| Шұжық саптамалары | 2 өлшем: жұқа және қалың |
| Құлыптау жүйесі | Басын бекітуге арналған құлыптау түймесі |
| Кері айналу | Айналу бағытын өзгерту түймесі |
| Қауіпсіздік құрылғысы | Үздіксіз жұмыс істегеннен кейін 15 минуттан соң автоматты түрде тоқтау |
| Қозғалтқыш блогының материалы | Пластик (шамамен) |
| Пышақтар мен табақтардың материалы | Тот баспайтын болат (шамамен) |
| Жинақтағы керек-жарақтар | Шұқыма, итергіш, пышақ қаптамасы, кілт, тазалау дискі, саптама ұстағышы, шұқыма қақпағы |
| Күтім | Алынбалы бөлшектерді сумен жууға болады; қозғалтқыш блогын дымқыл шүберекпен сүрту |
| Өлшемдер | Көрсетілмеген |
| Салмақ | Көрсетілмеген |
| Түс | Көрсетілмеген |
| Қолдану | Тек тұрмыстық қолданысқа |
| Жөндеу мүмкіндігі | Түпнұсқа қосалқы бөлшектерді уәкілетті сатудан кейінгі қызмет көрсету орталығынан алуға болады |
Жиі қойылатын сұрақтар - MM 060 DSL0 HOTPOINT
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы MM 060 DSL0 HOTPOINT
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз микротолқынды пеш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз MM 060 DSL0 - HOTPOINT және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. MM 060 DSL0 брендінің HOTPOINT.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ MM 060 DSL0 HOTPOINT
KZ Пайдалану нұсқаулығы
- Құйбыш
- Еттартқыш басы
- Құлыптау түймесі
- ҚОСУ/ӨШІРУ түймесі
- КЕРІ ҚАЙТАРУ түймесі
- Мотор құрылғысы
- Майдалау бұрандасы
- Пышақ
- Негіз науасы (үлкен саңылау)
- Пышақ жапқышы
- Сомын кілті
- Пышақ тазалау дискі
- Негіз науасы (кіші саңылау)
- Негіз науасы (орташа саңылау)
- Шұжық пісіргіш тіркеуіш
- Күйғыш жапқышы
- Шұжық пісіргіштің күпшегі (ұсақ)
- Шұжық пісіргіштің күпшегі (ірі)
- Тағам ысырғыш
НҰСҚАУ
Біздің өнімімізді сатып алғаныңыз үшін рахмет. Сонымен бірге нәтижелі жоғары өнімділікке ие аспапты таңдадыңыз.
Осы аспапты дұрыс пайдалану туралы нұсқаулар орындалмаса, өндіруші келген зақымға жауапты болмайды.
Пайдалану нұсқаулары әртүрлі модельдер үшін әрқилы болуы мүмкін: барлық өзгешеліктер дәл көрсетілген.
МАҢЫЗДЫ ШАРАЛАРЫ
ҚАУІПСІЗДІК
- Электр аспабын пайдалану кезінде төмендегі негізгі қауіпсіздік шаралары орындалуы керек:
- Барлық нұсқауларды оқыңыз.
- Араластырғыштың мотор құрылғысын суға салмаңыз, себебі бұл электр тогінің соғуына себеп болады.
MEH
- Оны пайдаланудан бұрын розетканың кернеуі жапсырмада көрсетілген кернеуге сәйкес келетінін тексеріңіз.
- Сымы / айыры зақымдалған болса, ешбір аспапты пайдаланбаңыз. Аспапта ақаулық болса немесе кез келген тәрізде зақымдалған болса, тексеру, жәндеу немесе электр / механикалық реттеулерді орындау үшін аспапты ең жақын өкілетті қызмет көрсету бөлімшесіне апарыңыз.
- Пайдаланбайтын кезде, кез келген бөлшегін орнату / алып тастаудан бұрын және тазалаудан бұрын розетканы суырыңыз.
- Тағамды ешқашан қолмен салмаңыз. Әрқашан тағам итергішті пайдаланыңыз.
- Металл пышақтар мен диск өте өткір: ұстағанда абай болыңыз. Құрылғыны ұстағанда және тазалау кезінде пышақ тіркемелерін кесу қырларына жақындатпаңыз.
- Аспап өндірушісі тарапынан ұсынылмаған тіркемелерді пайдалану жарақатқа немесе зақымға себеп болуы мүмкін.
- Аспапты қатты және/немесе құрғақ нәрселерді ұнтақтау үшін пайдалануға болмайды, әйтпесе пышағының жүзі топасталуы мүмкін.
- Сымды үстелдің шетіне / прилавкаға ілмеңіз немесе ыстық беттерге тигізбеніз.
- Аспапты пайдалану кезінде тағамды шығару саңылауынан қырып алу үшін саусақтарыңызды пайдаланбаңыз. Саусақтарыңызды кесіп алуыңыз мүмкін.
- Пайдалану барысында жұмысты тікелей тоқтату үшін розетканы суырып алмаңыз. Алдымен ҚОСУ/ӨШІРУ түймесі өшірулі күйде тұрғандығына көз жеткізіп, розетканы
ажыратыңыз.
- Пышак пен пышак науасын орнатқаннан кейін аспапты бос күйінде іске қоспаңыз. Әйтпесе пышак және пышак науасы қатты тозуы мүмкін және құрылғыны пайдалану мерзімін азайтуы мүмкін.
- Бұл аспап қауіпсіздік үшін жауапты тұлға тарапынан аспапты пайдалану нұсқаулары үйретілмесе, физикалық, сезу органдары немесе ақыл-ой қабілеттері шектеулі немесе тиісті тәжірибе мен білімге ие емес тұлғалар (балаларды қосқанда) пайдалануға арналмаған.
- Балалар аспаппен ойнамауы үшін бақылауда болуы керек.
- Сыртта пайдаланбаңыз.
- Бұл аспап тек үйде пайдалануға арналған.
- Бұл нұсқауларды сақтаңыз
ПАЙДАЛАНУ НҰСҚАУЛАРЫ

Ескертпе: Алғаш рет пайдаланудан бұрын тағам ысырғыш, құйғыш, еттурағыш
басы, пышак науасы (үлкен саңылаулы, орташа саңылаулы, кіші саңылаулы), пышак жапқышы, пышак, ірі бөлшектеу шұңқыры, ірі пішімдегіш т.б. сияқты барлық алынбалы
бөлшектерді толық тазалаңыз.

Пышак өткір, абайлап ұстаңыз.
ПАЙДАЛАНУ Майдалау
- Ұнтақтаудан бұрын ұнтақтау тұғырын, пышақты, пышақ науасын және пышақ жапқышын суретте (1-сур. қараңыз) көрсетілген тәртіпте жинақтаңыз. Қалауыңызға сәйкес тиісті еттартқыш сым тартатын тақтасын (кіші, орташа немесе ірі саңылаулы) таңдаңыз. Кішірек саңылаулар тураған етті жіңішкерек және көп өлшемді етеді.

Ескертпе: Таңдалған сым тартатын тақтадағы орналасу саңылауын істікке
туралаңыз; пышақтың артқы бетінде "В" әрібі бар, біріктіру кезінде "В" тарапы ұнтақтау бұрандасына қарап тұруы керек (1-сур. қараңыз).
- Еттартқыш басын мотор құрылғысының ішіне орнатыңыз. Бір қолыңызбен құлыптау түймесін басып (2-сур. 1 көрсеткісін қараңыз), еттартқыш басын басқа қолыңызбен ұстап тұрыңыз, оны құрылғының ішіне енгізіп, оны жылжымағанша сағат бағытына қарсы бұраңыз (2-сур. 2 көрсеткісін қараңыз). Құлыптау түймесін жіберіңіз және еттартқыш
басы мотор құрылғысына орнатылды: барлық элементтер өз орнында бекем тұруын қамтамасыз ету үшін сомын кілтімен пышақ жапқышын бекемдеңіз (3-сур. қараңыз).

Назар аударыңыз: Жинақтау кезінде аспап қуат көзінен ажыратылғандығын тексеріңіз.
- Құйғышты еттартқыш басына орнатыңыз.
- ҚОСУ/ӨШІРУ түймесі босатылғандығын тексеріп, қуат көзіне жалғаңыз.
- ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін басу: аспап дұрыс жұмыс істегенде ұнтақтау пышағы сағат бағытына қарсы айналады; құйғышқа ет бөлігін салып, тағам ысырғышпен басыңыз.

Назар аударыңыз: Тураудан бұрын еттен сүйектер және тері алынғандығын әрқашан тексеріңіз.

Ескертпе: Бұл құрылғы кешіктіріп іске қосу жүйесімен
жабдықталған: ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін басқаннан кейін құрылғы шамамен 2–3 секундқа кешігіп іске қосылады.

Ескертпе: Сыр етін өндеген кезде токтаусыз жұмыс істеу уақыты 15 минуттан аспауы керек.
- Аспаптың шығысындағы етті қабылдау үшін құйғыш жапқышын пышақ жапқышының астына қойыңыз.
- Ұнтақтау барысында кедергілер болса, ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін басып,

қайта босатып, КЕРІ түймесін басыңыз және құрылғыны сағат бағытымен айналдырыңыз,
кейін дереу босатып, ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін дереу қайта басыңыз; Кедергілер жойылмаса, кедергілер жойылғанша осы әрекеттерді қайталаңыз.
- Ұнтақтауды аяқтаған кезде ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін басып, қуат көзінен ажыратыңыз.
- Еттартқыш басын ажырату: құлыптау түймесін бір қолыңызбен дұрыс басып (4-сур. 1 көрсеткіні қараңыз), басқа қолыңызбен еттартқыш басын сағат бағытымен бұраңыз және шығарып алыңыз (4-сур. 2 көрсеткіні қараңыз).

Назар аударыңыз: Бөлшектеу кезінде мотор құрылғысы ажыратылғанын тексеріңіз.
Шұжықтар жасау
- Еттартқыш басын, ұнтақтау бұрандасын, шұжық пісегі күпшегін тіреуішті, шұжық пісегінің күпшегін (қалауыңызға байланысты қалыңын немесе жіңішкесін таңдаңыз) және пышақ жапқышын 5-суретте көрсетілгендей жинақтаңыз.
Ескертпе: Шұжықтар жасау кезінде пышақ пен еттартқыш сым тартатын тақталарын жинақтамаңыз және етті майдалау кезінде шұжық пісегінің күпшегі мен тиісті тіреуішті жинақтамаңыз.
- Еттартқыш басын мотор құрылғысының ішіне орнатыңыз. Бір қолыңызбен құлыптау түймесін басып (2-сур. 1 көрсеткісін қараңыз), еттартқыш басын басқа қолыңызбен ұстап тұрыңыз, оны құрылғының ішіне енгізіп, оны жылжымағанша сағат бағытына қарсы бұраңыз (2-сур. 2 көрсеткісін қараңыз). Құлыптау түймесін жіберіңіз және еттартқыш басы мотор құрылғысына орнатылды: барлық элементтер өз орнында бекем тұруын қамтамасыз ету үшін сомын кілтімен пышақ жапқышын бекемдеңіз.
- Шұжық тірегіне таза кіші ішекті 6-суретте көрсетілгендей орнатып, туралған етті құйғышқа салыңыз.
- ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін басыңыз, аспап сағатқа қарсы бағытпен айналады және туралған ет ішектің ішіне барады; шұжықты тиісті ұзындықта жасау үшін ішектің кез келген жерінен жіппен байлауыңызға болады.
- Тазалаудан бұрын қуат сымын ажыратыңыз.
- Барлық бөлшектерді еттартқыш басынан ажыратып, еттартқыш басымен бірге барлық бөлшектерді тазалау үшін суға салыңыз.
Назар аударыңыз: Пышақ өткір, сондықтан тазалау кезінде абайлап ұстаңыз. Ескертпе: Қажет болса, майдалау бұрандасын тазалау үшін 7-суретте көрсетілгендей ажыратуға болады. 3. Мотор құрылғысының сыртқы бетін ылғал шуберекпен, кейін құрғақ шуберекпен сүртіңіз. Ескертпе: Мотор құрылғысын тазалау үшін ешқашан суға салмаңыз.
- Барлық аксессуарларды тазалағаннан кейін оларды толық кептіріп, 8-суретте (8-сур.) көрсетілгендей тағам ысырғыштың ішінде жинақтаңыз.
ТАЗАЛАУ КЕҢЕСІ:
Кіші және орташа еттартқыш сым тартатын тақталарында тығылып қалған етті алып тастау үшін сым тартатын тақта саңылауларын пышақтарды тазалау дискісімен туралаңыз және пышақтарды тазалау дискісін сым тартатын тақтаның ішіне 9-суретте көрсетілгендей итеріңіз. Сым тартатын тақтада тығылып қалған барлық еттер ысырып шығарылады. Пышақ науасында қалған ет жұмсақ ысқышпен және ыстық сабынды сумен жуылуы керек.
Сым тартатын тақтадан (үлкен саңылаулы) тағамдарды жою үшін саңылаулардан етті күшпен шығару мақсатында оны салқын, ағын сумен шайыңыз, пышақ науасында қалған ет жұмсақ ысқышпен және ыстық сабынды сумен жуылуы керек.
Сақтаудан бұрын барлық тіркемелер және дискілер тиісті түрде кептірілгендігін тексеріңіз. Науалар кеппеген болса, науалар тоттануы мүмкін.
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Біз өз тұтынушыларымызға қызмет көрсетеміз және сервистік қызметті жоғары деңгейде ұсынуға тырысамыз. Сізге құрылғымен оңай және қолайлы жұмыс жасауға мүмкіндік беру үшін өз өнімдерімізді үздіксіз жетілдіріп отыруға тырысамыз.
Құрылғыға күтім көрсету
Құрылғыға күтім көрсетуге арналған Hotpoint Ariston ұсынатын құрылғының Professional кәсіби бұйымдарының желісі құрылғының қолданыс мерзімін ұзартады және оның сынып қалу қаупін азайтады.
Professional кәсіби бұйымдарының желісі құрылғыңыздың ерекшеліктерін ескере отырып жасалған. Өнімдер сапа, экология және қолдану қауіпсіздігі бойынша Еуропалық жоғары стандарттарды қатаң сақтай отырып Италияда жасалған. Толық ақпаратты www.hotpoint-ariston. ги веб-сайтының "Қызмет көрсету" бөлімінен қараңыз және қалаңыздағы дүкендерден сұраңыз.
Уәкілетті қызмет көрсету орталықтары
Өз тұтынушыларымызға жақынырақ болу үшін шебер мамандарының жоғары деңгейдегі кәсіби дайындығы мен әділдігімен ерекшеленетін қызмет көрсету желілерін қалыптастырдық.
Ақау пайда болған жағдайда
Қызмет көрсету орталығына хабарласар алдында, ақаулықты өзіңіз түзетіп көруге тырысыңыз ("Ақаулықтар және оларды түзету жолдары" тарауын қараңыз).
Қызмет көрсету орталығына кепілдік құжатында көрсетілген телефон нөмірімен хабарласуға болады.
! Біз уәкілетті қызмет көрсету орталықтарына ғана хабарласуды ұсынамыз
! Жөндеу жұмыстарын іске асырған кезде фирмалық бөлшектерді ғана қолдануын талап етіңіз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласар алдында келесі мәліметтерді беруге дайын екеніңізді тексеріп алыңыз:
• Ақаулық түрін сипаттау; - Кепілдік құжатының нөмірі (қызмет көрсету кітапшасы, қызмет көрсету сертификаты т.с.с.); - Құрылғының ақпарат тақтайшасында немесе кепілдік құжатында көрсетілген құрылғының моделі және сериялық нөмірі (S/N); • Құрылғының сатылған ай-күні
Басқа пайдалы ақпарат пен жаңалықтарды www.hotpoint-ariston.ru веб-сайтының «Қызмет көрсету» тарауынан көре аласыз.
ҚОҚЫСҚА ТАСТАУ

Электр және электроникалық құралдардың қалдықтарына (WEEE) қатысты 2012/19/EU Еуропа заңнамасына сәйкес үй құрылғылары қалыпты толық қалалық қалдық айналымын пайдаланып жойылмауы тиіс.
Қоршаған орта мен халық денсаулығына тиетін зиянның алдын ала отырып, жарамсыз құрылғылар қайта пайдалану мен машина ішіндегі материалдарды өңдеу құнын оңтайландыру мақсатында бөлек жиналуы керек.
СЕ Барлық өнімдердегі сызылған қоқыс жәшігі өнім иесінің бөлектелген қоқыс жинауға қатысты міндетін еске салады. Жарамсыз үй
құрылғыларын дұрыс жоюға қатысты қосымша ақпарат алу үшін өнім иелері тиісті халыққа қызмет көрсету орталығына немесе олардың жергілікті өкілдеріне хабарласа алады.

| Курал: |
| Сауда атауы |
| Өндірушінің сауда белгісі |
| Улгі |
| Дайындаған |
| Өндірілген елі |
| Ток желісіндегі кернеудің немесе кернеулер аукымының номиналды мәні |
| Куаттандыр |
| Электр токтың стандартты түрі немесе айнымалы токтың номиналды жилігі |
| Электр токтан қорғау сыныбы |
| Қарастырылудағы құрал бойынша сәйкестік қуәліктері туралы қосымша акпарат немесе сәйкестік қуәлігінің көшірмесі қажет болса, cert.rus@indesit.com электорндық пошта мекенжайына сұрау жіберуіңізге болады. |
| Осы құралдың өндірілген күнін штрих-кодта қөрсетілген сериялық нөмірден табуға болады (S/N XXXXXXXXX * XXXXXXXXXXXX), ягни: |
| ет тарткыш |
| HotpointARISTON |
| MM 060 EU |
| Indesit company |
| KXP- да жасалған |
| 220-240 B |
| 600W |
| 50/60 Hz |
| II қорғау сыныбы |
| - Сериялық нөмірдегі 7- сан жылдың соңғы білдіреді.- Сериялық нөмірдегі 8- және 9- сан айдың реттік нөмірін білдіреді.- Сериялық нөмірдегі 10- және 11-сан айтылған ай мен жылдың күнін білдіреді. |
| Өндіруші: |
| Импорттаушы: |
| Сурактарыңыз бар болса, мына мекенжайға хабарасыңыз (Ресейде): |
| Indesit Company S.p.A. Viale A. Merloni 47, 60044 Fabriano (AN), Италия |
| OOO Indesit RUS |
| Корпус 1, 12 – үй, Двинцев көшесі, 127018 Мәскеу, Ресей |