Moto Watch FIT - ақылды сағат MOTOROLA - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз Moto Watch FIT MOTOROLA PDF форматында.
| Өнім түрі | Смарт сағат (smartwatch) |
| Бренд | Motorola |
| Модель | Moto Watch FIT (XT2541-1) |
| Қуат көзі | USB-C кабелі арқылы магниттік зарядтау (2,5 Вт мин, 5,5 Вт макс) |
| Үйлесімділік | Android 12 және одан жоғары |
| Негізгі функциялар | Белсенділікті бақылау, хабарландырулар, Bluetooth, GNSS, жүрек соғу жиілігінің сенсоры |
| Білезік | Бекіткіш түймесі бар алынбалы білезік, қосымша қысқыш адаптерлері |
| Күтім және тазалау | Зарядтау контактілерін тазалап, құрғатыңыз; -10°C төмен немесе 45°C жоғары температурадан аулақ болыңыз; өткір заттарды салмаңыз |
| Қауіпсіздік | Ескерту: медициналық емес; кардиостимуляторларды бұзуы мүмкін; тұншығу қаупі; бөлшектемеңіз; отқа тастамаңыз |
| Қосалқы бөлшектер және жөндеу мүмкіндігі | Ауыстырылатын білезік; пайдаланушы батареяны ала алмайды; Motorola уәкілетті орталығында жөндеу |
| Жалпы ақпарат | Motorola шектеулі кепілдігі; тұтынушыларға қызмет көрсету: motorola.com/support; қайта өңдеу: motorola.com/recycling |
Жиі қойылатын сұрақтар - Moto Watch FIT MOTOROLA
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы Moto Watch FIT MOTOROLA
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз ақылды сағат PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз Moto Watch FIT - MOTOROLA және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. Moto Watch FIT брендінің MOTOROLA.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ Moto Watch FIT MOTOROLA
Құрылғыны пайдаланбай тұрып, осы нұсқаулықта қамтылған құқықтық, нормативтік және қауіпсіздік туралы ақпаратты оқып шығыңыз. Өнім кескіндері тек көрсетілім мақсатында берілген және сіз сатып алған шынайы өнімдерден өзгешеленуі мүмкін.

Құрылғыны зарядтау
Құрылғыны жинақпен бірге берілген магниттік зарядтау кабелімен зарядтаңыз. Кабельдегі істіктерді құрылғының артқы жағындағы зарядтау түйіспелерімен туралаңыз, содан кейін зарядтау кабелін USB-C қуат көзіне жалғаңыз.
Ескерту: зарядтау істіктері мен зарядтау түйіспелерінің таза және құрғақ екеніне көз жеткізіңіз.

Құрылғыны қосу және өшіру
• Құрылғыны қосу үшін қуат түймесін басып тұрыңыз. - Экранда Power off жазуы көрсетілгенше, қуат түймесін басып тұрыңыз. Құрылғыны өшіру үшін Power off түймесін түртіңіз.
Телефоныңызға көмекші қолданбаны орнатқаннан кейін бұл құрылғыны Android 12 немесе одан кейінгі нұсқасы бар телефондармен жұптастыруға болады.
1 Телефоныңызға көмекші қолданбаны жүктеп алу және орнату үшін ҚҰРЫЛҒЫНЫЗДЫ ҚОСЫП, ЭКРАНДАҒЫ НҰСҚАУЛАРДЫ ОРЫНДАҢЫЗ. Сондай-ақ осы нұсқаулықтың «Қосымша ақпарат» бөліміндегі QR кодын сканерлеу арқылы қолданбаны жүктеп алуға болады. 2 Телефоныңыздағы көмекші қолданбаны ашып, жұптастыруды аяқтау үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Шарлау
Құрылғыда Settings > System > Quick tour тармағына өтіп, шарлау бойынша нұсқаулықты қараңыз.
Циферблаттан төмен сырғытып, жылдам параметрлерге қол жеткізіңіз
Циферблаттан оңға
сырғытып,
қолданбалар тізімін
және келесіні ашыңыз:
Параметрлер

жоғары қарай сырғытып, функциялар
панельдерін ашыңыз
Циферблаттан жоғары қарай сырғытып, хабарландыруларды қараңыз
Бауды босату
Бауды босату үшін бауды босату түймесін/түймелерін басыңыз.
Кеңес: бауды ауыстыру үшін бау адаптерлерін (қорапта болуы мүмкін) пайдалануға болады. Бауды ауыстыру туралы нұсқауларды motorola.com/mymotowatch сайтындағы пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз.
Қосымша мүмкіндіктер
Көмекші қолданбаны, толық пайдаланушы нұсқаулықтарын және т.б. алу үшін motorola.com/mymotowatch сайтына кіріңіз немесе Camera қолданбасы арқылы QR кодын сканерлеңіз.

Құқықтық, нормативтік және қауіпсіздік туралы ақпарат
Бұл нұсқаулықта құрылғыны пайдаланбай тұрып, оқуыңыз қажет маңызды құқықтық, нормативтік және қауіпсіздік туралы ақпарат берілген. Толық ақпарат алу үшін мына мекенжай бойынша өтіңіз: motorola.com/accessory-legal.
Ескерту: бұл медициналық құрылғы емес және қандай да бір медициналық жағдайды диагностикалауға немесе бақылауға арналмаған.
Қауіпсіздік туралы ақпарат

- Көлікті жауапкершілікпен және қауіпсіз жүргізу — көлік жүргізіп келе жатқандағы сіздің басты міндетіңіз. Жергілікті заңдар мен ережелерді сақтаңыз.
- Құрылғыда магниттер бар және ол кардиостимуляторлар мен басқа медициналық құрылғыларға кедергі келтіруі мүмкін. Бұл құрылғыны пайдалану алдында денсаулық сақтау маманымен кеңесіп, медициналық құрылғы өндірушісінің нұсқауларымен танысыңыз.
- Колданыстағы ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін қуат көздері қауіпті болуы, өлім немесе жарақат алу қаупін тудыруы және өнімге зақым келтіруі мүмкін. Қуат көзі (бөлек сатылуы мүмкін) жеткізетін қуат радио жабдық талаптары бойынша ең кемі 2,5 Вт және ең жылдам зарядтау жылдамдығына қол жеткізу үшін ең көбі 5,5 Вт арасында болуы керек.
- Құрылғыңыздағы батареяның жарамдылық мерзімі өнімнің қызмет ету мерзіміне тең етіп жобаланған. Ықтимал күйіп қалу және жарақат алу қаупіне жол бермеу үшін құрылғыңыздың қызмет ету мерзімі аяқталғанда, құрылғыдағы батарея Motorola компаниясы мақұлдаған қызмет көрсету орталығында немесе қайта өңдеу компаниясының тарапынан шығарылуы керек. Батареяны немесе құрылғыны отқа тастамаңыз.
- Құрылғыны өз бетіңізше бөлшектеуге, жөндеуге немесе өзгертуге әрекеттенбеген жөн. Құрылғы зақымдалуы және қауіпті жағдай туындауы мүмкін.
- Жүрек соғу жиілігін өлшеу датчигіне тікелей қарамаңыз, себебі бұл жайсыздық тудыруы немесе көру қабілетінің уақытша нашарлауына себеп болуы мүмкін.
- Ұзақ пайдалану жайсыздық тудыруы мүмкін. Бұл құрылғыда жыпылықтайтын кескіндер көрсетілуі мүмкін. Жыпылықтайтын кескіндер бұлшықеттің құрысуына немесе естен тануға себеп болуы мүмкін. Бұл белгілер пайда болған жағдайда, құрылғыны пайдалануды тоқтатып, дәрігермен кеңесіңіз.
- Өніміңізде шағын бөліктер бар және олар тұншығу қаупін тудыруы немесе кішкентай балалардың және жануарлардың өзге жарақат алуына әкелуі мүмкін. Өнімді кішкентай балалар мен жануарлардан алшақ ұстаңыз.
- Құрылғының кейбір бөлшектері, мысалы, экран әйнектен жасалған болуы мүмкін. Әйнек сынған, жарылған немесе жарықшақтар пайда болған жағдайда, оны ұстауға немесе алып тастауға әрекеттенбеңіз. Құрылғы жөнделгенше, оны пайдалануды тоқтатыңыз.
- Теріңіз тітіркенген жағдайда, құрылғыны пайдалануды тоқтатып, дәрігерге қаралыңыз.
Пайдалану және күтім көрсету
- Құрылғыны -10°C (14°F) шамасынан төмен немесе 45°C (113°F) шамасынан жоғары температурада пайдаланбаңыз. Құрылғыны -20°C (-4°F) шамасынан төмен немесе 60°C (140°F) шамасынан жоғары температурада сақтамаңыз немесе тасымалдамаңыз.
- Құрылғыға үшкір заттарды салмаңыз. Ішкі құрамдастар зақымдалуы және суға төзімділігі бұзылуы мүмкін. Құрылғының шаң мен суға төзімділігі туралы қосымша ақпарат және күтім көрсету бойынша кеңестер алу үшін келесі мекенжайдағы пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз: motorola.com/mymotowatch.
- Құрылғыны лақтыруға, тесуге, сындыруға немесе отқа тастауға тыйым салынады.
Спецификациялар
| Жұмыс режимі Жиіліктер ауқымы, МГц/жолақ | Максималды номиналды тарату қуаты |
| Bluetooth 2400-2483,5 15 дБм | |
| GNSS 1559-1610 Тек N/A-RX |
Нормативтік ақпарат (эл. жапсырма). Осы құрылғыға арналған нормативтік ақпаратты көру үшін Settings > About > Regulation information тармағына өтіңіз немесе motorola.com/accessory-legal сайтына кіріңіз.
Радиожиілік энергиясының әсері мен құрылғы жұмысы. Бұл құрылғыда радиожиілік энергиясының таратқышы мен қабылдағышы бар. Құрылғыны басыңызға тағып қалыпты пайдаланғанда немесе тағып не тасып жүргенде,

ол қолданыстағы мемлекеттік немесе халықаралық радиожиілік сәулелерінің әсері жөніндегі нұсқаулыққа (SAR нұсқаулығы) сай болады. SAR нұсқаулығы жасына және денсаулық жағдайына қарамастан, барлық адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қажетті елеулі сенімділік коэффициентін қамтиды. Құрылғыңызға арналған SAR мәндерін көру үшін Settings > About > Regulation information тармағына өтіңіз немесе www.motorola.com/sar сайтына кіріңіз. Қосымша ақпаратты көру үшін www.motorola.com/rfhealth веб-мекенжайы бойынша өтіңіз.
ЕО талаптарына сәйкестік (СЕ). Төмендегі ақпарат СЕ белгісі бар өнімдерге қолданылады. Байланыс орны: Regulatory Compliance, Motorola Mobility UK Ltd., 25 Templer Avenue, Farnborough, Hampshire, GU14 6FE, Ұлыбритания.
Осымен Motorola Mobility LLC компаниясы CE белгісі бар осы өніммен бірге берілген осы нұсқаулықта (және қорап затбелгісінде) белгіленген радиожабдық үлгісінің 2014/53/EU директивасына сай екенін мәлімдейді.
Толық сәйкестік декларациясын www.motorola.com/red мекенжайы бойынша табуға болады.
Еуразиялық Экономикалық Одақтың талаптарына сәйкестік. Бұл өнім (ХТ2541-1 үлгісі) Еуразиялық Экономикалық (Кедендік) Одақтың техникалық ережелерінің талаптарына сәйкес келеді. Сәйкестік белгісі:
Мақсаты: смартфондармен пайдалануға арналған смарт сағат.
Өндірушінің атауы және мекенжайы: Motorola Mobility LLC, 222 W. Merchandise Mart Plaza, Chicago, IL 60654, АҚШ.
Қытайда жасалған.
Өнімнің шығарылған күні: өнім қаптамасының жапсырмасындағы* күн өрісін (жыл-ай-күн) қараңыз.
Импорттаушының аты: өнім қаптамасының затбелгісін* қараңыз.
Өнімнің қызмет ету мерзімі: 2 жыл.
Ақау анықталған жағдайда, мына әрекеттердің кез келгенін орындаңыз:
• Жабдықты өшіріңіз, • Жабдықты қуат көзінен ажыратыңыз, - Кеңес алу немесе жабдықты жөндеу үшін қызмет көрсету орталығына немесе уәкілетті дилерге хабарласыңыз.
*ГОСТ 2.601-2019 стандарттары: «Жобалау құжаттамасының бірыңғай жүйесі. Пайдалану құжаттары», 5.1 тармағының 5.1.2 тармақшасына сәйкес затбелгі пайдалану құжаттарының бір түрі болып табылады.
Кәдеге жарату және қайта өңдеу. Батареяны немесе құрылғыны тұрмыстық қоқыспен бірге тастамаңыз. Өнімдер мен қаптаманы жауапкершілікпен қайта өңдеу бойынша анықтама алу үшін мына мекенжай бойынша өтіңіз: www.motorola.com/recycling.

Кепілдік. Бұл өнім Motorola компаниясының шектеулі кепілдігінде қамтылған. Кепілдікті қарап шығу үшін мына мекенжайға өтіңіз: motorola.com/accessory-legal. Сондай-ақ мына мекенжай бойынша Motorola компаниясына хабарласу арқылы кепілдіктің көшірмесін алуға болады: Motorola Mobility LLC, Attention Customer Service—Warranty Request, 222 West Merchandise Mart Plaza, Chicago, IL 60654.
Төрелік сот және бас тарту. Заңмен тыйым салынған жағдайлардан басқа, Motorola өніміне байланысты кез келген наразылық, сіз бас тартпаған жағдайда, соттың орнына төрелікте қаралады. Бас тарту үшін сатып алғаннан кейін 30 күн ішінде атыңыз, мекенжайыңыз, телефон нөміріңіз және сериялық нөмір (құрылғы артында көрсетілген немесе Settings > About тармағына өтіңіз), осы төрелік ескертпесін қабылдамағаныңызды растайтын жазбаша хабарламаны мына мекенжайға жіберуіңіз керек: Motorola Mobility LLC, 222 West Merchandise Mart Plaza, Attn: Arbitration Provision Opt-Out, Chicago, IL 60654 немесе arbitrat@motorola.com.
Қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары. Сұрақтарыңыз бар болса немесе көмек керек болса, www.motorola.com/support мекенжайы бойынша өтіңіз.
Құқықтық ескертпелер. Бұл нұсқаулықтағы өнім спецификациясы мен басқа ақпарат оны басып шығарған немесе жариялаған уақытта дұрыс болып саналады. Motorola компаниясы кез келген ақпаратты ескертусіз түзетуге немесе өзгертуге құқылы.
Өнім идентификаторы: moto watch fit (XT2541-1 үлгісі)