GKS 18V-57-2 GX Professional - Бұранда BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз GKS 18V-57-2 GX Professional BOSCH PDF форматында.
| Өнім түрі | Сымсыз дөңгелек ара |
| Бренд | Bosch |
| Модель | GKS 18V-57-2 GX Professional |
| Номиналды кернеу | 18 В |
| Бос жүріс айналым жиілігі | 5 000 айн/мин |
| Макс. кесу тереңдігі (0°) | 57 мм |
| Макс. кесу тереңдігі (45°) | 42 мм |
| Пышақ диаметрі | 165 мм |
| Пышақ тесігі | 20 мм |
| Салмағы | 4,7 кг (пайдаланылатын аккумуляторға байланысты) |
| Негізгі пластина өлшемдері | 164 x 305 мм |
| Шпиндельді бұғаттау | Иә |
| Жедел тоқтату тежегіші | Кіріктірілген |
| Stop Control функциясы | Кесудің соңында автоматты тоқтату |
| Кері соққыдан қорғау (KickBack Control) | Иә, жыпылықтайтын қызыл көрсеткішпен |
| LED жарықтандыру | Иә, кіріктірілген |
| Жылдамдықты алдын ала таңдау | 3 позиция + ECO режимі |
| Сыйымды аккумулятор | GBA 18V... (≥2,0 А⋅сағ) немесе ProCORE18V... (≥4,0 А⋅сағ) |
| Ұсынылатын зарядтағыш | GAL 18..., GAX 18..., GAL 36... |
| Шу деңгейі (дыбыс қысымы) | 96 дБ(А) |
| Шу деңгейі (дыбыс қуаты) | 104 дБ(А) |
| Діріл (ағаш кесу) | 2,5 м/с² (K=1,5 м/с²) |
| Күтім және тазалау | Желдету саңылауларын және қорғағыш тербелмелі қаптаманы тазалау; қажет болса, пышақты майлау |
| Қауіпсіздік | Аккумулятордың қос құлпы, тербелмелі қорғаныс қаптамасы, кері соққы кезінде тоқтау |
Жиі қойылатын сұрақтар - GKS 18V-57-2 GX Professional BOSCH
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы GKS 18V-57-2 GX Professional BOSCH
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Бұранда PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз GKS 18V-57-2 GX Professional - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. GKS 18V-57-2 GX Professional брендінің BOSCH.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ GKS 18V-57-2 GX Professional BOSCH
Пайдалану нұсқаулығының
ТҮПНҰСҚАСЫ
Еуразия экономикалық одағына (Кеден одағына) мүше мемлекеттер аумағында қолданылады
Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану құжаттарының құрамында пайдалану жөніндегі осы нұсқаулық, сонымен бірге қосымшалар да болуы мүмкін. Сәйкестікті растау жайлы ақпарат қосымшада бар. Өнімді өндірген мемлекет туралы ақпарат өнімнің корпусында және қосымшада көрсетілген. Өндірілген мерзімі Нұсқаулық мұқабасының соңғы бетінде көрсетілген. Импортерге қатысты байланыс ақпарат өнім қаптамасында көрсетілген.
Өнімді пайдалану мерзімі
Өнімнің қызмет ету мерзімі 7 жыл. Өндірілген мерзімнен бастап (өндіру күні зауыт тактайшасында жазылған) істетпей 5 жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз (сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды. Көрсетілген қызмет ету мерзімі тұтынушы аталмыш нұсқаулықтың талаптарын орындаған жағдайда ғана жарамды болады.
Істен шығу себептерінің тізімі
- көп ұшқын шықса, пайдаланбаңыз
- қатты діріл кезінде пайдаланбаңыз – ток сымы бұзылған немесе оқшаулаусыз болса, пайдаланбаңыз – өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз
Пайдаланушының мүмкін қателіктері
- тұтқасы мен корпусы бұзылған болса, өнімді пайдаланбаңыз
- жауын-шашын кезінде сыртта пайдаланбаңыз – корпус ішіне су кірсе құрылғыны қосушы болмаңыз
Шекті күй белгілері
- ток сымының тозуы немесе зақымдануы
- өнім корпусының зақымдалуы
Қызмет көрсету түрі мен жиілігі
- Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.
Сақтау
- құрғақ жерде сақтау керек – жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің әсерінен алыс сақтау керек – сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан қорғау керек
- орамасыз сақтау мүмкін емес
- сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін МЕМСТ 15150-69 (шарт 1) құжатын қараңыз
- +5-ден +40 °C-қа дейін температурасында қоймада өндірушінің қаптамасында сақтаңыз. Салыстырмалы ылғалдылық 80 %-дан аспауы тиіс.
Тасымалдау
- тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады – босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды пайдалануға рұқсат берілмейді
- тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ 15150-69 (5 шарт) құжатын оқыңыз
- Қоршаған орта температурасы -50 °C-тан +50 °C-қа дейін тасымалдау рұқсат етілген. Салыстырмалы ылғалдылық 100 %-дан аспауы тиіс.
Қауіпсіздік нұсқаулары
Электр құралдары үшін жалпы қауіпсіздік нұсқаулары
ЕСКЕРТУ
Осы электр құралының, жинағындағы ескертулерді,
Нұсқауларды, суреттерді және сипаттамаларды оқыңыз. Барлық техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын орындамау ток соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
Болашақ жұмыстар үшін қауіпсіздік нұсқаулықтары мен ескертпелерді сақтап қойыңыз.
Қауіпсіздік нұсқаулықтарында пайдаланылған электр құрал атауының желіден қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі бар) және аккумулятордан қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі жоқ) қатысы бар.
Жұмыс орнының қауіпсіздігі
Жұмыс орнын таза және жарық ұстаңыз. Ластанған және қараңғы жайларда сәтсіз оқиғалар болуы мүмкін. Электр құрылғысын жарылатын атмосферада пайдаланбаңыз, мысалы, жанатын сұйықтық, газ немесе шаң бар болғанда. Электр құралы ұшқындарды жасайды, ал олар шаң немесе буларды жандыруы мүмкін. ▶ Балалар мен бақылаушыларды электр құралынан алыс ұстаңыз. Алаңдаушылықтар бақылауды жоғалтуға алып келуі мүмкін. Жабдық тұрмыстық жағдайларда, коммерциялық аймақтарда және қоғамдық жерлерде, зиянды және қауіпті өндірістік факторлар жоқ кіші электр тұтынуы бар өндірістік аймақтарында жұмыс істеу үшін арналған.
Электр қауіпсіздігі
Электр айырлары розеткаға сай болуы тиіс. Айырды ешқашан ешқандай түрде өзгертпеңіз. Жерге қосылған электр құралдарымен адаптер айырларын пайдаланбаңыз. Өзгертілмеген айырлар мен сәйкес розеткалар электр тұйықталуының қауіпін төмендетеді.
▶ Құбырлар, радиаторлар, плиталар мен тоңазытқыштар сияқты жерге қосылған беттерге тимеңіз. Денеңіз
жерге қосылған болса жоғары ток соғу қауіпі пайда болады.
Электр құралдарын жаңбырда немесе ылғалды қоршауда пайдаланбаңыз. Электр құралына кірген су ток соғу қауіпін жоғарылатады. Кабельді тиісті болмаған ретте пайдаланбаңыз. Кабельді электр құралын тасу, көтеру немесе тоқтан шығару үшін пайдаланбаңыз. Кабельді ыстықтық, май, өткір қырлар және жылжымалы бөлшектерден алыс ұстаңыз. Зақымдалған немесе бытысып кеткен кабель ток соғу қауіпін жоғарылатады. Электр құралын сыртта пайдаланғанда сыртқы жайлар үшін сай кабельді пайдаланыңыз. Сыртта пайдалануға жарамды кабельді пайдалану ток соғу қауіпін төмендетеді. ▶ Егер электр құралын ылғалды жерде пайдалану керек болса, онда қорғайтын өшіру құрылғысы (RCD) арқылы қорғалған ток желісін пайдаланыңыз. RCD пайдалану ток соғу қауіпін төмендетеді.
Жеке қауіпсіздік
Электр құралын пайдалануда абай болыңыз, жұмысыңызды бақылаңыз және парасатты пайдаланыңыз. Электр құралын шаршаған кезде немесе есірткі, алкоголь немесе дәрі әсер еткен кезде пайдаланбаңыз. Электр құралын пайдалану кезінде аңсыздық ауыр жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін. Жеке қорғайтын жабдықтарды пайдаланыңыз. Әрдайым көз қорғанысын тағыңыз. Шаң маскасы, сырғанамайтын қауіпсіздік аяқ киімдері, шлем немесе есту қорғаныштары сияқты қорғағыш жабдықтарды тиісті жағдайларда қолданып, жеке жарақаттануларды кемейтеді. Кездейсоқ іске қосылудың алдын алу. Тоқ көзіне және/немесе батареялар жинағына қосудан алдын, құралды көтеру немесе тасудан алдын өшіргіш өшік күйде болуына көз жеткізіңіз. Электр құралын саусақты өшіргішке қойып тасу немесе қосқышы қосулы электр құралын тоққа қосу сәтсіз оқиғаға алып келуі мүмкін. Электр құралын қосудан алдын келген реттеу сынасын немесе кілтті алып қойыңыз. Электр құралының айналатын бөлігінде қалған кілт немесе сына жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін. Көп күш істетпеңіз. Әрдайым тиісті таяныш пен тең салмақтылықты сақтаңыз. Бұл күтілмеген жағдайларда электр құралының бақылануын сақтайды. ▶ Тиісті киім киіңіз. Бос киім мен әшекейлерді кимеңіз. Шашыңыз бен киімдерді жылжымалы бөлшектерден алыс ұстаңыз. Бос киімдер, әшекейлер немесе ұзын шаш жылжымалы бөлшектер арқылы тартылуы мүмкін. ▶ Егер шаң шығарып жинау жабдықтарына қосу құрылғылары берілген болса, онда олар қосулы
болуына және тиісті ретте қолдануына көз жеткізіңіз. Шаң жинауды пайдалану шаңға байланысты зияндарды кемейтеді.
Аспаптарды жиі пайдаланып жақсы білгеннен соң масайрап кетпей, қауіпсіздік принциптерін елемей отырмаңыз. Абайсыз әрекет секунд ішінде ауыр жарақаттануға алып келуі мүмкін. НАЗАР АУДАРЫНЫЗ! Энергиямен жабдықтаудың толықтай не жекелей тоқтатылуы немесе энергиямен жабдықтауды басқару тізбегінің ақаулануы салдарынан электр құралының жұмысында кідіріс пайда болған жағдайда, бұғатталмағандығына көз жеткізіп (болған жағдайда) барып, ажыратқышты Выкл. (Өшіру) қалпына келтіріңіз. Желілік ашаны розеткадан шығарыңыз немесе алып – салмалы аккумуляторды ажыратыңыз. Осы әрекет арқылы бақыланбайтын қайта іске қосылудың алдын аласыз. Аталмыш пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес білікті қызметкерлер құрамына электр құралын реттеу, монтаждау, қолданысқа енгізу және оған қызмет көрсету әрекеттерімен таныс тұлғалар жатады. Электр құралымен жұмыс істеуге 18 жасқа толған, техникалық сипаттаманы, пайдалану жөніндегі нұсқаулықты және қауіпсіздік ережелерін оқып шыққан тұлғаларға рұқсат етіледі. Дене, сезім немесе ақыл-ой қабілеттері шектеулі немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдар олардың қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаның бақылауында болмаса немесе электр құралын пайдалану бойынша нұсқау алмаған болса, бұйымды пайдаланбауы тиіс.
Электр құралдарын пайдалану және күту
▶ Куралды аса көп жүктемеңіз. Жұмысыңыз үшін жарамды электр құралын пайдаланыңыз. Жарамды электр құралымен керекті жұмыс аймағында дұрыс әрі сенімді жұмыс істейсіз. Ажыратқышы дұрыс емес электр құралын пайдаланбаңыз. Қосуға немесе өшіруге болмайтын электр құралы қауіпті болып, оны жөндеу қажет болады. Жабдықтарды реттеу, бөлшектерін алмастыру немесе электр құралдарын қоймаға қою алдында, ашаны қуат көзінен ажыратыңыз және/немесе аккумуляторы алмалы-салмалы болса, оны электр құралынан алып тастаңыз. Бұл сақтық әрекеті электр құралдың байқаусыз қосылуына жол бермейді. ▶ Пайдаланылмайтын электр құралдарды балалар қолы жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған адамдарға бұл құралды пайдалануға жол бермеңіз. Тәжірибесіз адамдар қолында электр құралдары қауіпті болады. Электр құралдарын мен керек-жарақтарын ұқыпты күтіңіз. Қозғалмалы бөлшектердің кедергісіз істеуіне және кептеліп қалмауына, бөлшектердің
ақаусыз немесе зақымдалмаған болуына, электр құралының зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Зақымдалған бөлшектері бар құралды пайдаланудан алдын жөндеңіз. Электр құралдарының дұрыс күтілмеуі жазатайым оқиғаларға себеп болып жатады.
Кескіш аспаптарды өткір және таза күйде сақтаңыз. Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір кескіш аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай бағытталады. Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай пайдаланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз. Электр құралдарын арналмаған жұмыстарда пайдалану қауіпті. Қолтұтқалар мен қармау беттерін құрғақ, таза және май мен ластан таза ұстаңыз. Сырғанақ қолтұтқалар мен қармау беттері күтілмеген жағдайларда сенімді қолдану мен бақылауға жол бермейді.
Батарея құралын пайдалану және күту
▶ Тек өндіруші сипаттаған зарядтағышпен қайта зарядтаңыз. Батарея жинағының бір түріне сай зарядтағыш басқа батарея жинағымен қолдануда өрт қауіпіне әкелуі мүмкін. Электр құралдарын тек арнайы тағайындалған батарея жинақтарымен пайдаланыңыз. Кез келген басқа батарея жинақтарын пайдалану жарақаттану мен өрт қауіпіне әкеледі. ▶ Егер батарея жинағы қолданылмаса, оны түйреуіш, тиын, кілт, шеге, бұранда немесе басқа кіші металл заттардан алыс ұстаңыз, олар бір терминалдан екіншісіне байланыс жасауы мүмкін. Батарея терминалдарын қосу күйік немесе өртке әкелуі мүмкін. Дұрыс емес пайдалануда батареядан сұйықтық ағуы мүмкін, оған тимеңіз. Егер тиіп қалсаңыз, сумен шайып тастаңыз. Егер сұйықтық көзге тисе, дәрігерге хабарласыңыз. Батареядан шаққан сұйықтық көздің зақымдануына немесе күйіктерге әкелуі мүмкін. Зақымдалған немесе өзгертілген батарея жинақтарын пайдаланбаңыз. Зақымдалған немесе өзгертілген батареялар өртке, жарылуға немесе жарақаттануға әкелуі мүмкін кездейсоқ әрекеттерге әкелуі мүмкін. ▶ Батарея жинағын немесе құралын өртке немесе қатты температураға салдырмаңыз. 130 °C жоғары температураларда жарылыс болуы мүмкін. Барлық зарядтау нұсқауларын орындап, батарея жинағын нұсқауларда белгіленген температура ауқымынан тыс жағдайда зарядтамаңыз. Дұрыс емес зарядтау немесе белгіленген ауқымнан тыс температурада зарядтау батареяны зақымдап, өрт қауіпін жоғарылатуы мүмкін.
Қызмет көрсету
Электр құралына маман жөндеуші тек бірдей қосалқы бөлшектермен қызмет көрсетуі керек. Бұл электр құралының қауіпсіздігінің сақталуын қамтамасыз етеді. Зақымдалған батарея жинақтарын ешқашан пайдаланбаңыз. Батарея жинақтарын тек өндіруші немесе өкілетті қызмет көрсету жабдықтаушысы арқылы жөндетуге болады.
Фрезерлік-кесу станогымен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік
Кесу әдістері
▶ Уақытша: Қолдарыңызды кесу аймағынан және жүзден алыс ұстаңыз. Екінші қолды қосымша тұтқада немесе мотор корпусына қойыңыз. Егер араны екі қолмен ұстасаңыз, олар кесілмейді. ▶ Дайындама астына қолыңызды тигізбеңіз. Қорғағыш сізді дайындама астында жүзден сақтай алмайды. ▶ Кесу тереңдігін дайындама қалыңдығына сәйкестендіріңіз. Дайындама астында ара тістерінің жартысынан кемі көрінуі керек. ▶ Дайындаманы қолмен ұстап немесе аяқпен басып кеспеңіз. Дайындаманы тұрақты платформаға бекітіңіз. Жұмысты дұрыс қолдау денеге әсерді, жүз қажалуын немесе бақылау жоғалтуды минималдау үшін маңызды. Кесетін құралдан жасырын сымдарға тиюі мүмкін әрекеттерді жасаған кезде кесу аспабын оқшауланған ұстау жерінен ұстаңыз. Істеп тұрған сымға тию электр құралының металл бөлшектерін істетіп, пайдаланушыны ток соғуы мүмкін. Кескен кезде әрдайым бағыттауыш планка немесе бұрыштық тіреуішті пайдаланыңыз. Бұл кесіктің дәлдігін жақсартып, жүздің тығылып қалу қаупін кемітеді. - Ілдірік тесіктері дұрыс пішімде (ромб) және өлшемде болатын жүздерді пайдаланыңыз. Араның орнату құралдарына сай болмаған жүздер теңгерімде болмай, бақылау жоғалтуына алып келеді. ▶ Ешқашан зақымдалған немесе дұрыс емес жүз шайбаларын немесе болттарды пайдаланбаңыз. Шайбалар мен болттар араңыз үшін арнайы жасалған, оптималдық жұмыс және пайдалану қауіпсіздігі үшін.
Қайтарым себептері мен тиісті ескертпелер
– қайтару – бұл қысылған, сығылған немесе теңгерімсіз ара дискісінің кездейсоқ реакциясы, ол бақылаусыз араның көтеріліп, дайындамадан шығып, пайдаланушыға қарай ұшып кетуіне себеп болуы мүмкін; – диск жабылатын ойықпен қатты қысылған немесе сығылған болса, диск тоқтап, мотор реакциясы блокты жылдам кері бағытта пайдаланушыға тартады; – егер диск бұралса немесе кесік тең болмаса, дискінің артқы жағындағы тістер ағаш бетіне кіріп, дискінің ойықтан
көтерілуіне және пайдаланушыға секіруіне себеп болуы мүмкін.
Қайтарым араны қате пайдаланудан және/немесе қате пайдалану әдістерінің немесе шарттарының салдарынан болатын жарақаттардың алдын алады.
Араны екі қолмен қатты ұстаңыз және қолдарыңызды қайтарым күштеріне қарсылық көрсететін күйде орналастырыңыз. Денеңізді дискінің бір жағына орналастырыңыз, дискімен бір сызықта емес. Қайтарым араны артқа секіруіне себеп болуы мүмкін, бірақ қайтарым күштерін пайдаланушы бақылай алады, егер шарасын көрсе. ▶ Егер диск қажалса, немесе кесу кез келген себептен тоқтаса, шұрыпты тоқтатып, араны диск толық тоқтағанша материалда жылжытпаңыз. Дискі істеп тұрғанда араны дайындамадан шығармаңыз немесе араны артқа тартпаңыз, әйтпесе қайтарым пайда болуы мүмкін. Дискі қажалуының себебін тауып, оны жоюға әрекет жасаңыз. ▶ Араны дайындама ішінде қайта іске қосуда, ара дискісін тістер материалда болмайтындай етіп ойықта ортаға дәлдеңіз. Егер ара дискісі қажалса, ара қайта іске қосылғанда ол шығып кетуі немесе дайындамадан қайтарым жасауы мүмкін. Үлкен панельдерді тіреп, дискінің қысылуын немесе қайтарым жасауының қауіпін минималдаңыз. Үлкен панельдер өз ауырлығынан иілуі мүмкін. Тіректерді панель астына кесік сызығына жақын және панель шеттеріне жақын жерде орналастыру керек. ▶ Өтпес немесе зақымдалған дискілерді пайдаланбаңыз. Өткірленбеген немесе дұрыс орнатылмаған дискілер жіңішке кесікті жасап, дірілдеуі, дискі қажалуы және қайтаруға алып келуі мүмкін. ▶ Дискі тереңдігін және еңсін реттейтін тұтқыштар кесуден алдын қатты және бекем тұруы тиіс. Егер диск тұтқышы кесу кезінде жылжыса, бұл қажалу және қайтаруға алып келуі мүмкін. Бар қабырға немесе басқа көрінбейтін жайларды аралауда арнайы ретте абалаңыз. Шығып тұрған диск нысандарды кесіп, қайтарымға алып келуі мүмкін.
Төменгі тіреуіш функциясы
▶ Әр пайдаланудан алдын төменгі тіреуіш дұрыс жабылғанын тексеріңіз. Егер төменгі қорғағыш еркін жылжымаса, араны пайдаланбаңыз және дереу жабыңыз. Төменгі қорғағышты ешқашан ашық күйге қайырмаңыз немесе бекітпеңіз. Егер ара кездейсоқ түсіп кетсе, төменгі қорғағыш қисаюы мүмкін. Төменгі қорғағышты кері тұтқамен көтеріп, оны еркін жүретін етіңіз және дискіге немесе басқа бөлшектерге барлық бұрыштарды және кесік тереңдіктерінде тимеңіз. ▶ Төменгі қорғағыш жұмысын тексеріңіз. Егер қорғағыш пен серіппе дұрыс істемесе, оларға
алдын қызмет көрсету керек. Төменгі қорғағыш зақымдалған бөлшектер, жабысқақ қалдықтар немесе сынықтар жиналуы себебінен жақсы істемеуі мүмкін.
Төменгі қорғағышты қолмен ойықты кесіктер және құдікті кесіктер сияқты арнайы кесіктерде қайтару мүмкін. Дискі материалға кіргенде төменгі қорғағышты қайтару тұтқасымен көтеріңіз, төменгі қорғағыш бос тұруы керек. Барлық аралау жұмыстарында төменгі қорғағыш автоматты істеуі тиіс. Әрдайым араны үстелге немесе еденге қоюдан алдын төменгі қорғағыш дискіні қаптауына көз жеткізіңіз. Қорғалмаған, инерциямен істеген диск араны артқа жүріп, жалында барлық заттарды кесуіне себеп болады. Диск үшін өшірілгеннен соң тоқтау уақытын ескеріңіз.
Қосымша қауіпсіздік нұсқаулықтары
▶ Шығарылған жоңқаларды қолмен алмаңыз. Айналатын бөлшектерден жарақат алуыңыз мүмкін. ▶ Араны бастың үстінде ұстап жұмыс істемеңіз. Электр құралды жеткілікті бақылай алмайсыз. ▶ Қажетті іздеу құралдарын пайдаланып жасырылған сымдарды табыңыз немесе жауапты жергілікті ұйым өкілдерін шақырыңыз. Электр сымдарына тию өрт немесе ток соғуына алып келуі мүмкін. Газ құбырын зақымдау жарылысқа алып келуі мүмкін. Су құбырын зақымдау материалдық зиянға алып келуі мүмкін. Электр құралды пайдалануда оны екі қолмен берік ұстап, тұрақты қалыпта тұрыңыз. Электр құралы екі қолмен сенімді басқарылады. ▶ Тұрақты болмаса, электр құралмен жұмыс істемеңіз. Ол аралау үстелінде жұмыс істеуге арналмаған. ▶ Тік емес бұрышпен жүргізілуі мүмкін ендіріп кесу кезінде араның бағыттауыш тақтасын бүйірлік ауытқудан қорғаңыз. Бүйірлік ауытқу тұрып қалуға, осылайша, кері соққыға әкелуі мүмкін. ▶ Дайындаманы бекітіңіз. Қысу құралына немесе қысқышқа орнатылған дайындама қолыңызбен салыстырғанда, берік ұсталады. Электр құралын жерге қоюдан алдын оның тоқтауын күтіңіз. Алмалы-салмалы аспап ілініп электр құрал бақылауының жоғалтуына алып келуі мүмкін. ▶ Тез кесетін болаттан жасалған, төзімділігі жоғары аралау дискілерін пайдаланбаңыз. Мұндай аралау дискілері оңай сынуы мүмкін. ▶ Қара металдарды араламаңыз. Қызған жоңқалар шаңсоруды оталдыруы мүмкін. ▶ Шаңтұтқыш маскасын киіңіз. Аккумулятор зақымдалған немесе дұрыс пайдаланылмаған жағдайда, одан бу шығуы мүмкін. Аккумулятор жанып немесе жарылып қалуы мүмкін. Таза ауа ішке тартыңыз және шағымдар болса, дәрігердің көмегіне жүгініңіз. Бу тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.
▶ Аккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қаупі бар. ▶ Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе сыртқы әсер арқылы аккумулятор зақымдануы мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп, аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе қызып кетуі мүмкін. ▶ Бұл аккумуляторды тек қана осы өндіруші өнімдерінде пайдаланыңыз. Сол арқылы аккумуляторды қауіпті, артық жүктеуден сақтайсыз.


Аккумуляторды, жылудан, сондай-ақ, мысалы, үздіксіз күн жарығынан, оттан, кірден, судан және ылғалдан қорғаңыз.
Жарылыс және қысқа тұйықталу қаупі туындайды.
Өнім және қуат сипаттамасы

Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін ескеріңіз.
Тағайындалу бойынша қолдану
Электр құрал қозғалмайтын тіректе ағашты бойлай және көлденеңінен, бұрышпен кесуге арналған.
Бейнеленген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамды бөлшектердің нөмірлері графикалық беттегі электр құралының көрсетіліміне қатысты болып келеді.
(1) Ажыратқыш (2) Ажыратқышты іске қосудан қорғайтын құлып (3) Кесік тереңдігін алдын ала таңдауға арналған түйме (4) Ілгекке арналған қаптама (5) Қосымша тұтқа (6) Шпиндельді бұғаттау түймесі (7) Жұмыс шамы (8) Тірек тақтасы (9) Еңіс бұрышының шкаласы (10) Еңіс бұрышын алдын ала таңдауға арналған қысқыш ілгек (11) Параллель тірекке арналған құлақты бұранда (алдыңғы) (12) 45° кесік белгісі (13) 0° кесік белгісі (14) Маятниктік қорғаныш қаптаманы реттегіш ілгек
(15) Маятниктік қорғаныш қаптама (16) Еңіс бұрышын алдын ала таңдауға арналған құлақты бұранда (17) Қорғаныш қаптама (18) Жоңқаны шығаруға арналған келте құбыр (19) Аккумулятор a) (20) Параллель тірекке арналған құлақты бұранда (артқы) (21) Кесік тереңдігінің шкаласы (22) Пайдаланушы интерфейсі (23) Тұтқа (беті оқшауланған) (24) Аккумуляторды босату түймесі a) (25) Ара шпинделі (26) Тірек фланеці (27) Дискілі ара төсемі a) (28) Қысқыш фланец (29) Шайбасы бар қысқыш бұранда (30) Алты қырлы деңбек кілт (31) In gek a) (32) Шаң/жоңқа жинағыш қорап 3) (33) Сорғыш шланг a) (34) Bosch және Mafell ұсынған бағыттауыш шина жүйелеріне арналған ойық (35) Festool және Makita ұсынған бағыттауыш шина жүйелеріне арналған ойық (36) Бағыттауыш шина a1 (37) Струбциналар жұбы a) (38) Параллель тірек (39) Еңіс бұрышының шкала белгісі (40) Еңіс бұрышының шкала белгісін дәлден реттеуге арналған бұранда (41) Бағыттауыш шинамен кесуге арналған кесік тереңдігінің шкаласындағы ақ түсті шкала белгісі (42) Бағыттауш шинасыз кесуге арналған кесік тереңдігінің шкаласындағы қызыл түсті шкала белгісі (43) Stop Control қосу/өшіру индикаторы (пайдаланушы интерфейсі) (44) Stop Control қосу/өшіру түймесі (пайдаланушы интерфейсі) (45) Электр құралының күйі индикаторы (пайдаланушы интерфейсі) (46) Айналу жиілігін алдын ала таңдау түймесі (пайдаланушы интерфейсі) (47) Айналу жиілігінің деңгейі/режим индикаторы (пайдаланушы интерфейсі) (48) Температура индикаторы (пайдаланушы интерфейсі) (49) Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы (пайдаланушы интерфейсі)
(50) ЕСО режимінің индикаторы (пайдаланушы интерфейсі)
a) Бейнеленген немесе сипатталған керек-жарақтар стандартты жеткізілім жиынтығымен қамтылмайды. Толық керек-жарақтарды біздің керек-жарақтар бағдарламасынан табасыз.
Техникалық мәліметтер
| Кол дискілі арасы GKS 18V-57-2 GX | ||
| Өнім нөмірі | 3 601 FC1 0.. | |
| Номиналды кернеу В 18 | == | |
| Есептелген бос жүріс күйіндегі айналу жилігі A) | мин -1 | 5000 |
| Макс. кесік терендігі | ||
| – 0° еңіс бұрышында мм 57 | ||
| – 45° еңіс бұрышында мм 42 | ||
| Шпиндель бекіткіші ● | ||
| Тірек тактасының өлшемдері | мм 164 x 305 | |
| Ара төсемінің диаметрі мм 165 | ||
| Тіреуіш дискінің макс. қалындығы | мм 1,8 | |
| Тіреуіш дискінің мин. қалындығы | мм 0,9 | |
| Бекіткіш саңылау мм 20 | ||
| Салмағы B) | кг 4,7 | |
| Зарядтау кезіндегі ұсынылатын қоршаған орта температурасы | °C 0 ... +35 | |
| Жұмыс кезіндегі C) және сақтау кезіндегі рұқсат етілген қоршаған орта температурасы | °C -20 ... +50 | |
| ұсынылатын аккумуляторлар | GBA 18V... ≥ 2,0 AhProCORE18V... ≥ 4,0 Ah | |
| ұсынылатын зарядтағыш құрылғылар | GAL 18...GAX 18...GAL 36... | |
A) 20-25 °C температурасында GBA 18V 5.5Ah аккумуляторымен өлшенеді. B) пайдаланған аккумуляторға байланысты C) <0 °C температураларында қуаты шектелген Мәндер өнімге байланысты өзгешеленуі мүмкін, сондай-ақ пайдалану және қоршаған орта шарттарына бағынуы мүмкін. Қосымша ақпаратты мына мекенжай бойынша қараңыз: www.bosch-professional.com/wac.
Шуыл және діріл туралы ақпарат
EN 62841-2-5 бойынша есептелген шуыл эмиссиясының көрсеткіштері.
Электр құралының амплитуда бойынша есептелген шуыл деңгейі әдетте келесідей болады: дыбыстық қысым
деңгейі 96 дБ(А); дыбыстық қуат деңгейі 104 дБ(А). К дәлсіздігі = 3 дБ.
Құлақ қорғанысын тағыңыз!
Жалпы діріл мәндері ah (үш бағыттың векторлық қосындысы) және К дәлсіздігі, EN 62841-2-5 бойынша есептелген:
Ағаш аралы: ah=2,5 м/с², K=1,5 м/с²
Осы нұсқауларда келтірілген діріл деңгейі және шуыл эмиссиясының көрсеткіші стандартты өлшеу әдісі бойынша өлшенген және оларды электр құралдарын бір-бірімен салыстыру үшін пайдалануға болады. Олармен алдын ала діріл мен шуды бағалауға болады.
Берілген діріл деңгейі мен шуыл шығару мәні электр құралының негізгі жұмыстары үшін берілген. Егер электр құрал басқа жұмыстар үшін, басқа алмалы-салмалы аспаптармен немесе жеткіліксіз күтіммен пайдаланылса, діріл деңгейі мен шуыл шығару мәндері өзгереді. Бұл бүкіл жұмыс уақыты ішінде діріл мен шуды айтарлықтай арттыруы мүмкін.
Діріл деңгейі мен шуыл шығару мәнін нақты есептеу үшін құрал өшірілген және қосылған болып пайдаланылмаған уақыттарды да ескеру қажет. Бұл діріл деңгейі мен жұмыс уақытындағы шуыл шығару мәнін төмендетеді.
Пайдаланушыны діріл әсерінен қорғау үшін қосымша қауіпсіздік шараларын қолдану қажет, мысалы: электр құралды және алмалы-салмалы аспаптарды күту, қолдарды жылы ұстау, жұмыс әдістерін ұйымдастыру.
Аккумулятор
Bosch компаниясы аккумуляторлық электр құралдарын аккумуляторсыз да сатады. Электр құралыңыздың жеткізілім жиынтығында аккумулятордың бар-жоғын қаптамадан біліп алуға болады.
▶ Тек техникалық мәліметтерде көрсетілген зарядтау құралдарын пайдаланыңыз. Тек қана осы зарядтау құралдары сіздің электр құралыңыздың ішіндегі литий-иондық аккумулятормен сәйкес келеді.
Ескертпе: Литий-ионды батареялар халықаралық тасымалдау ережелеріне сәйкес ішінара зарядталған күйде жеткізіледі. Аккумулятордың толық қуатын пайдалану үшін оны алғаш рет пайдаланудан бұрын толық зарядтаңыз.
Зарядталған аккумуляторды аккумулятор бекіткішіне тірелгенше енгізіңіз.
Аккумуляторды шығару
Аккумуляторды шығару үшін аккумуляторды босату түймесін басыңыз және аккумуляторды электр құралынан тартып шығарыңыз. Бұл ретте күш салмаңыз.
Аккумуляторда, аккумуляторды босату түймесі байқаусызда басылып кеткенде, оның түсіп кетуінен қорғайтын 2 құлыптау деңгейі бар. Аккумулятор электр құралына орнатылған болса, оның өз орнында серіппе ұстап тұрады.
Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы
Нұсқау: әр аккумулятор түрінде заряд деңгейінің индикаторы болмайды.
Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторындағы жасыл түсті жарық диодтары аккумулятордың заряд деңгейін көрсетеді. Қауіпсіздік тұрғысынан заряд деңгейін электр құралының жұмыссыз күйінде ғана шақыруға болады.
Заряд деңгейін көрсету үшін заряд деңгейінің индикаторына арналған түймесін басыңыз. Мұны аккумулятор шығарылғанда да орындауға болады.
Заряд деңгейінің индикаторына арналған түймені басқаннан кейін ешқандай жарық диоды жанбаса, бұл аккумулятордың ақаулы және оны ауыстыру керек екендігін білдіреді.
Аккумулятор зарядының деңгейі пайдаланушы интерфейсінде де көрсетіледі (қараңыз „Күй көрсеткіштері“, Бет 204).
| Уздіксіз жарык 3× жасыл 60-100% |
| Уздіксіз жарык 2× жасыл 30-60% |
| Уздіксіз жарык 1× жасыл 5-30% |
| Жыпылыктайтын жарык 1× жасыл 0-5% |
| Уздіксіз жарык 5× жасыл 80-100% |
| Уздіксіз жарык 4× жасыл 60-80% |
| Уздіксіз жарык 3× жасыл 40-60% |
| Уздіксіз жарык 2× жасыл 20-40% |
| Уздіксіз жарык 1× жасыл 5-20% |
| Жыпылықтайтын жарык 1× жасыл 0-5% |
Аккумуляторды оңтайлы пайдалану туралы нұсқаулар
Аккумуляторды сұйықтықтардан және ылғалдан қорғаңыз.
Аккумуляторды тек – 20 °C ... 50 °C температура ауқымында сақтаңыз. Аккумуляторды жазда көлікте қалдырмаңыз.
Аккумулятордың желдету тесігін жұмсақ, таза және құрғақ қылшакпен мұқият тазалаңыз.
Пайдалану мерзімінің айтарлықтай қысқаруы аккумулятордың ескіргенін және ауыстыру керектігін білдіреді.
Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды орындаңыз.
Жинау
▶ Максималды рұқсат етілген жылдамдығы электр құралыңыздың бос айналу моментіне жоғары болған аралау дискілерін пайдаланыңыз.
Ара төсемін орнату/ауыстыру
Аккумуляторды электр құралмен кез келген жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету, т.б.) бастау алдында, сондай-ақ электр құралды тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз. Қосқышқа/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін тудырады. Аралау дискісін орнату кезінде қорғағыш қолғап киіңіз. Аралау дискісіне тигенде жарақат алу қаупі бар. ▶ Тісті шеңберлерді қондырма ретінде пайдаланбаңыз. ▶ Тек осы пайдалану нұсқаулығында және электр құралында берілген деректерге сәйкес және EN 847-1 бойынша тексерілген болып тиісті ретте белгіленген аралау дискілерін пайдаланыңыз.
Аралау дискісін таңдау
Ұсынылатын дискілерге шолуды осы пайдалану нұсқаулығының соңында табуға болады.
Ара дискісін шешу (А суретін қараңыз)
Электр құралды қозғалтқыш корпусының бүйірлік жағына қойыңыз.
- Шпиндельді бұғаттау түймесін (6) басып, ұстап тұрыңыз. ▶ Шпиндельді бұғаттау түймесін (6) ара шпинделі тоқтап тұрған болса ғана басыңыз. Әйтпесе электр құралын зақымдауыңыз мүмкін. – Алты қырлы дөңбек кілтпен (30) қысқыш бұрандаманы (29) ① бағытында бұрап шығарыңыз.
- Маятниктік қорғағыш қаптаманы (15) артқа тартып, берік ұстаңыз. – Қысқыш фланецті (28) және аралау дискісін (27) шпиндельден (25) алыңыз.
Ара дискісін орнату (А суретін қараңыз)
Электр құралды қозғалтқыш корпусының бүйірлік жағына қойыңыз.
– Аралау дискісін (27) және барлық бекіту бөлшектерін тазалаңыз. – Маятниктік қорғағыш қаптаманы (15) артқа тартып, берік ұстаңыз.
- Аралау дискісін (27) тірек фланеціне (26) орнатыңыз. Тістердің кесу бағыты (аралау дискісіндегі көрсеткінің бағыты) және маятниктік қорғағыш қаптамадағы (15) айналу бағытының индикаторы бірдей болуы қажет. – Қысқыш фланецті (28) орнатыңыз және қысқыш винтті (29) ② бағытында бұрап бекітіңіз. Қысқыш фланецтің (28) және тірек фланецтің (26) орнату күйі дұрыс болуын қадағалаңыз.
- Шпиндельді бұғаттау түймесін (6) басып, ұстап тұрыңыз.
- Алты қырлы дөңбек кілтпен (30) қысқыш винтті (29) ② бағытында бұрап бекітіңіз. Тарту моменті 6–9 Нм құрауы керек, қолмен бұрау плюс ¼ айналымға сәйкес келеді.
Ілгекті монтаждау (В-С суреттерін қараңыз)
Қаптаманы (4) саңылаудан бұрауыштың көмегімен бүйірінен ашыңыз. Ілгекті (31) монтаждап, екі бұрандамен бекітіңіз. Бұрандаларды 1,8–2 Нм тарту моментімен бұрап бекітіңіз. Ілгекті (31) қайыруға болады.
Шаңды және жоңқаларды сору
Корғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін. Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы өңделуі мүмкін.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін шаңсорғышты пайдаланыңыз. - Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз. - Р2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын үйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Жоңқаны шығаруға арналған келте құбыр (D суретін қараңыз)
Жоңқаны шығаруға арналған келте құбырды (18) еркін бұрауға болады.
Жоңқаны шығаруға арналған келте құбырға (18) диаметрі 35 мм болатын сорғыш шлангіні немесе шаң/жоңқа жинағыш қорапты (32) жалғауға болады.
Оңтайлы сорылуды қамтамасыз ету үшін жоңқаны шығаруға арналған келте құбырды (18) жүйелі түрде тазалап тұру қажет.
Сыртқы сорғыш
Сору шлангісін (33) шаңсорғышқа қосыңыз (керек-жарақ). Осы нұсқаулықтар соңында түрлі шаңсорғыштарға қосу әдістері көрсетілген. Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет. Денсаулыққа зиян, обыр тудыратын немесе құрғақ шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Пайдалану
Электр құралында кез келген жұмыс өткізбес бұрын (мысалы, техникалық қызмет көрсету, құралды алмастыру және т.б.) аккумуляторды электр құралынан шығарып алыңыз. Ажыратқышты кездейсоқ басқан жағдайда, жарақат алу қаупі туындайды.
Пайдалану түрлері
Кесік тереңдігін реттеу (E-F суреттерін қараңыз)
Аралау тереңдігін дайындаманың қалыңдығына байланысты реттеңіз. Дайындаманы көру мүмкін болуы үшін ол тістің толық биіктігінен азырақ болуы керек.
Кесік тереңдігін алдын ала таңдауға арналған түйменің (3) көмегімен кесік тереңдігін реттеуге болады. Шағын кесік тереңдігі үшін араны тірек тақтасынан (8) ары тартыңыз, ал үлкен тереңдік үшін араны тірек тақтасына (8) қарай итеріңіз. Кесік тереңдігінің шкаласында (21) қажетті өлшемді орнатыңыз. Нұсқау: бағыттауыш шинамен кесу үшін кесік тереңдігінің шкаласындағы (21) ақ түсті шкала белгісін (41) және бағыттауыш шинасыз кесу үшін қызыл түсті шкала белгісін (42) пайдаланыңыз.
Еңіс бұрышын реттеу (G суретін қараңыз)
Электр құралды қорғағыш қаптаманың (17) бүйірлік бөлігіне қойыңыз.
Еңіс бұрышын алдын ала таңдауға арналған қысқыш иінтіректі (10) және құлақты бұранданы (16) босатыңыз. Араны бүйірге қайырыңыз. Қажетті өлшемді шкалада (9) орнатыңыз. Реттегіш иінтіректі (10) және құлақты бұранданы (16) қайтадан бұрап бекітіңіз.
Араны қайтадан бастапқы күйге келтіру үшін еңіс бұрышын алдын ала таңдауға арналған қысқыш иінтіректі (10) және құлақты бұранданы (16) босатыңыз. Араны 0° күйге келтіріп, қысқыш иінтірек пен құлақты бұранданы қысымсыз араға қайта тартыңыз.
Нұсқау: Бұрышпен аралау тереңдігі аралау тереңдігінің шкаласында (21) көрсетілген саннан кем.
Кесік белгілері
0° кесу белгісі (13) тік бұрышпен аралау кезіндегі аралау дискісінің күйін көрсетеді. 45° кесу белгісі (12) 45°-бұрышпен аралау кезіндегі аралау дискісінің күйін көрсетеді. Дұрыс кесік істеу үшін дискілік араны суретте көрсетілгендей
дайындамаға орнатыңыз. Сынақ кесігін жасап көріңіз.
Пайдалануға ендіру
Қосу/өшіру
▶ Қолтұтқаны жібермей қосқыш/өшіргішті басу мүмкіндігіне көз жеткізіңіз.
Электр құралын іске қосу үшін алдымен құлыптау пернесін (2) басып кейін қосқыш/өшіргішті (1) басып ұстап тұрыңыз.
Электр құралын өшіру үшін қосқышты/өшіргішті (1) жіберіңіз.
Нұсқау: Қауіпсіздік себебінен қосқыш/өшіргіш (1) құлыптауға болмайды, ол жұмыс істеу кезінде басылған болуы қажет.
Жарық диодтық жұмыс шырағын қосу
Шам (7) қосу/өшіру ауыстырып-қосқышын (1) сәл немесе толық басқанда жанып, жарықтығы төмен жұмыс аймағын жарықтандыруға мүмкіндік береді.
Жүріс тежегіші
Кіріктірме жүріс тежегіші электр құралы өшкеннен соң ара полотносының тоқтау уақытын қысқартады.
Пайдаланушы интерфейсі (Н суретін қараңыз)
Пайдаланушы интерфейсі (22) айналу жиілігін алдын ала таңдау, Stop Control қауіпсіздік функциясын іске қосу және электр құралының күйін қарап шығу үшін пайдаланылады.
Stop Control
Stop Control функциясы іске қосылған кезде, кесік аяқталған кезде (яғни ара төсемі дайындамадан алынған кезде), ажыратқыш (1) әлі басылған болса да, электр
құралы автоматты түрде тоқтап қалады. Stop Control функциясы әдепкі бойынша өшірулі болады. Функцияны қосу үшін пайдаланушы интерфейсіндегі (22) түймені (44) басыңыз.
Назар аударыңыз: төмен айналу жиілігімен немесе төмен беріліс жылдамдығымен кескен кезде және материал қалыңдығы аз болған жағдайда, функция іске қосылмауы мүмкін.
Кері соққы кезіндегі өшіру жүйесі

Электр құралы кенет кері соқса, мысалы, кесікте сыналану кезінде, қозғалтқышқа қуат беру электрондық жүйе арқылы тоқтатылады. Бұл ретте жұмыс шамы (7) ақ түспен және күй индикаторы (45) қызыл
түспен жыпылықтайды.
Қайта іске қосу үшін ажыратқышты (1) өшірулі күйіне келтіріп, электр құралын қайта қосыңыз.
ECO режимі
Электр құралы қуатты үнемдейтін ECO режимінде пайдаланылғанда, аккумуляторды зарядтау уақыты ең көбі 10%-ға ұзаруы мүмкін.
ECO режимі белсенді болса, айналу жиілігінің деңгейі/режим индикаторында (47) Е белгісі көрсетіледі. Оған қоса ECO режимінің индикаторы (50) жанады.
3 айналу жиілігінің деңгейі және ECO режимі алдын ала реттелген.
Төмендегі кестеде айналу жиілігінің деңгейлері мен оларға қатысты айналу жиіліктері көрсетілген.
| Айналу жилігінің деңгейі | Айналу жилігі [мин -1 ] |
| 1 | 2500 |
| 2 | 3750 |
| 3 | 5000 |
| ECO | 3000 A) |
A) ±25%
Айналу жиілігін алдын ала таңдауға арналған түйменің (46) көмегімен қажетті айналу жиілігін жұмыс істеген кезде де алдын ала таңдауға болады.
Күй көрсеткіштері
| Аккумулятор заряды деңгейнің индикаторы (пайдаланушы интерфейсі) (49) | Магынасы/себебі Шешімі |
жасыл – Аккумулятор зарядталған
сары – Аккумулятор заряды таусылған дерлік. Аккумуляторды дереу алмастыру немесе зарядтау
қызыл – Аккумулятор заряды таусылған. Аккумуляторды алмастыру немесе зарядтау
| Температура индикаторы (48) | Мағынасы/себебі Шешімі | |
| сары Шектік температураға жетті (қозғалтқыш, электроника, аккумулятор) | Электр құралын бос жүріс қүйінде жұмыс істетіп суыту | |
| қызыл Электр құралы қызып кетті және өшеді Электр құралын суыту | ||
| Электр құралының қүйі индикаторы (45) | Магынасы/себебі Шешімі | |
| жасыл ОК қүйі – | ||
| сары Шектік температураға жетті немесе аккумулятор заряды таусылған дерлік | Электр құралын бос жүріс қүйінде жұмыс істету және суыту немесе аккумуляторды дереу алмастыру немесе зарядтау | |
| қызыл Электр құралы қызып кетті немесе аккумулятор заряды таусылған | Электр құралын суыту немесе аккумуляторды алмастыру/зарядтау | |
| қызыл түспен жыпылықтап түр | Кері сокқы кезіндегі өшіру жүйесі іске қосылды | Электр құралын өшіріп қосу, қажет болса, аккумуляторды шығарып қайта орнату. |
Аккумуляторды электр құралмен кез келген жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету, т.б.) бастау алдында, сондай-ақ электр құралды тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Кесік ені пайдаланған ара дискісіне байланысты өзгереді. Аралау дискілерін соқтығысудан және соққыдан қорғаңыз.
Жақсы кесік сапасына қол жеткізу үшін электр құралын біркелкі және жеңіл итеру қозғалысымен кесік бағытымен жүргізіңіз. Тым қатты итеру нәтижесінде алмалы-салмалы аспаптың қызмет ету мерзімі қысқарады және электр құралы зақымдалуы мүмкін.
Аралаудың өнімділігі мен сапасы көбінесе аралау дискісінің күйі мен пішініне байланысты. Сондықтан тек өткір және өңделетін материалға сай келетін аралау дискілерін пайдаланыңыз.
Ағашты аралау
Аралау дискісін дұрыс таңдау ағаштың түрі мен сапасына, сондай-ақ бойлай немесе көлденең аралауға байланысты.
Көлденең аралау кезінде ұзын серіппелі жоңқа пайда болады.
Емен мен шамшат шаңы денсаулыққа өте зиянды, сондықтан тек шаңсорғышпен жұмыс істеңіз.
Бағыттауыш шинаны пайдалану (J суретін қараңыз)
Тірек тақтасына (8) кіріктірілген жіңішке ойықты (34) керек-жарақтар бетінде көрсетілген бағыттауыш шиналар үшін пайдалануға болады.
Бағыттауыш шинамен аралау (K - L суреттерін қараңыз)
Бағыттаушы шина (36) көмегімен тік кесіктерді орындауға болады.
Бағыттаушы шинаның резеңке жиегі ағашты аралау кезінде материалдың шығып кетуін болдырмайды. Ол
үшін ара төсемі тікелей резеңке жиекке тістерімен тұруы керек.
Алғаш рет аралау алдында бағыттауыш шина (36) көмегімен резеңке жиекті пайдаланылатын дискілік арамен туралау керек. Ол үшін бағыттауыш шинаны (36) дайындаманың бүкіл ұзындығына қойыңыз. Шамамен 9 мм аралау тереңдігін орнатыңыз және аралаудың тік бұрышын реттеңіз. Дискілік араны қосыңыз және жайлап басып, аралау бағытында жүргізіңіз.
(34) ойығы Bosch және Mafell ұсынған бағыттауыш шина жүйелеріне арналған.
(35) ойығы Festool және Makita ұсынған бағыттауыш шина жүйелеріне арналған.
Параллель тірекпен аралау (М – О суреттерін қараңыз)
Параллельді тіреуіш (38) дайындама жиегі бойымен дәл аралауларды жүзеге асыруға және өлшемі бірдей жолақтарға кесуге мүмкіндік береді.
Параллель тіректің (38) бағыттауыш штангаларын тірек тақтасындағы бағыттауыштар (8) арқылы өткізіп жылжытыңыз. Қатпарлы бұрандаларды (11) екі жағынан суретте көрсетілгендей орнатып, бірақ қатпарлы бұрандаларды (11) әзірше бұрап бекітпеңіз.
Сәйкес (13) немесе (12) кесік белгісіндегі шкала мәні ретінде қажетті кесік енін орнатыңыз, Аралау бұрышының белгілері. Құлақты бұрандаларды (11) бұрап бекітіңіз.
Нұсқау: тірек тақтасын (8) ұлғайту үшін параллель тіректі (38) 180°-қа бұрап монтаждаңыз (N суретін қараңыз).
Көмек тіреуішпен аралау (Р суретін қараңыз)
Үлкен дайындамаларды өңдеу және түзу жиектерді кесу үшін дайындамада қосымша тірек ретінде тақтаны немесе рейканы бекітуге болады және дискілік тақтаны тірек тақтасымен бірге қосымша тіректің бойымен жүргізуге болады.
Ілгектер (С суретін қараңыз)
Ілгектердің (31) көмегімен электр құралын, мысалы, сатыға ілуге болады. Ол үшін ілгектерді (31) қажетті позицияға қайырыңыз.
Электр құралы ілініп тұрған кезде, ара төсемі көздейсоқ жанасудан қорғалғанына назар аударыңыз. Жарақат алу қаупі бар.
Электр құралымен жұмыс істеу қажет болса, ілгектерді (31) қайтадан жинап қойыңыз.
Еңіс бұрышына арналған шкала белгісін дәлдеп реттеу (І суретін қараңыз)
Электр құралын қарқынды немесе ұзақ уақыт пайдаланғаннан кейін, еңіс бұрышына арналған шкала белгісін (39) дәлдеп реттеу қажет болуы мүмкін. Ол үшін бұранданы (40), ара төсемі тірек тақтасына (8) 90° бұрышта орналасқанша, бұрап босатыңыз немесе бұрап бекітіңіз. Бұранданың (40) көмегімен қызыл түсті шкала белгісін (39) шкаладағы (9) нөлдік нүктемен туралаңыз.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Электр құралында кез келген жұмыс өткізбес бұрын (мысалы, техникалық қызмет көрсету, құралды алмастыру және т.б.) аккумуляторды электр құралынан шығарып алыңыз. Ажыратқышты кездейсоқ басқан жағдайда, жарақат алу қаупі туындайды. Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Маятниктік қорғағыш қаптама әрқашан еркін қозғалуы және өз бетінше жабылуы керек. Сондықтан маятниктік қорғағыш қаптама айналасындағы аумақты әрқашан таза ұстаңыз. Шаң мен жоңқаларды жаққышпен алып тастаңыз.
Жабыны жоқ аралау дискілерін қышқылсыз мұнайдың жұқа қабатымен жауып қорғауға болады. Аралау алдында мұнайды кетіріңіз, өйткені кері жағдайда ағашта дақтар пайда болады.
Жүздегі шайыр немесе желімнің қалдықтары кесу сапасына әсер етеді. Сондықтан пайдаланудан кейін аралау дискілерін тазалаңыз.
Өнімдерді олардың сақтығын қамтамасыз ететін, өнімдерге атмосфералық жауын-шашынның тиюіне және асқын температура көздерінің (температураның шұғыл өзгерісінің), соның ішінде күн сәулелерінің әсер етуіне жол бермейтін дүкендерде, бөлімдерде (секцияларда), павильондар мен киоскілерде сатуға болады.
Сатушы (өндіруші) сатып алушыға өнімдер туралы қажетті және шынайы ақпаратты беріп, өнімдерді тиісінше таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
Өнімдер туралы ақпарат міндетті түрде тізімі Ресей Федерациясының заңнамасымен белгіленген мәліметтерді қамтуы тиіс.
Егер тұтынушы сатып алатын өнімдер әлдеқашан пайдаланылған немесе өнімдерде ақаулық (ақаулықтар) жойылған болса, тұтынушыға бұл туралы ақпарат берілуі тиіс.
Өнімдерді сату процесінің аясында төмендегі қауіпсіздік талаптары орындалуы тиіс:
- Сатушы сатып алушыға ұйымының фирмалық атауы, орналасқан жері (мекенжайы) және жұмыс режимі туралы мәліметтер беруге міндетті; – Сауда бөлмелеріндегі өнімдердің сынамалары сатып алушыға бұйымдардағы жазбалармен танысуға мүмкіндік беруі және визуалды тексерістен басқа бұйымдардың іске қосылуына әкелетін, сатып алушылар өз бетінше орындайтын ешқандай әрекеттерге жол бермеуі тиіс; – Сатушы осы бұйымдардың белгіленген талаптарға сәйкестігінің растамасы, сертификаттардың немесе сәйкестік жөніндегі мәлімдемелердің бар болуы туралы ақпаратты сатып алушыға беруге міндетті;
- Идентификациялық сипаттары жоқ (жоғалған), жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, бұзылу белгілері бар және пайдалану бойынша нұсқаулығы (кітапшасы), міндетті сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік белгісі жоқ өнімдерді сатуға тыйым салынады.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану кеңестері
Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас бөлшектер бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер туралы мәліметтер төмендегі мекенжай бойынша қолжетімді:
www.bosch-pt.com
Bosch қызметтік кеңес беру тобы біздің өнімдер және олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап береді.
Сурақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру кезінде міндетті түрде өнімнің фирмалық тақтайшасындағы 10 таңбалы өнім нөмірін беріңіз.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету барлық мемлекеттер аумағында тек "Роберт Бош" фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.
Қазақстан
Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау орталығы:
"Роберт Бош" (Robert Bosch) ЖШС
Алматы қ.,
Қазақстан Республикасы
050012
Мұратбаев к., 180 үй
"Гермес" БО, 7 қабат
Тел.: +7 (727) 331 31 00
Факс: +7 (727) 233 07 87
E-Mail: ptka@bosch.com
Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау пункттерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті ақпаратты Сіз: www.bosch-professional.kz ресми сайттан ала аласыз
Қызмет көрсету орталықтарының басқа да мекенжайларын мына жерден қараңыз:
Электр құралы кепілді пайдалану мерзімінің ішінде өндірушінің кесірінен істен шыққан жағдайда, өнім иесі төмендегі шарттар орындалғанда кепілдік бойынша тегін жөндеуге құқылы болады:
- механикалық зақымдардың жоқтығы; – пайдалану бойынша нұсқаулық талаптарының бұзылу белгілерінің жоқтығы; – пайдалану бойынша нұсқаулықта сатушының сату туралы белгісінің және сатып алушы қолтаңбасының бар болуы; – электр құралы сериялық нөмірінің және кепілдік талонындағы сериялық нөмірдің сәйкестігі; – біліксіз жөндеу белгілерінің жоқтығы.
Кепілдік төмендегі жағдайларда қолданылмайды:
– форс-мажор жағдайларына байланысты кез келген сынықтар;
– барлық электр құралдарындағыдай электр құралының қалыпты тозуы.
Жалғағыш контактілер, сымдар, қылшақтар және т.б. сияқты құрал бөліктерінің қызмет ету мерзімін қысқартатын қалыпты тозу нәтижесінде қажеттілігі туындаған жөндеу кепілдік аясына кірмейді:
- табиғи тозу (ресурстың толық пайдаланылуы); – қате орнату, рұқсатсыз модификациялау, қате қолдану, қызмет көрсету немесе сақтау ережелерін бұзу нәтижесінде істен шыққан жабдық пен оның бөліктері; – электр құралына артық жүктеме түскеннен орын алған ақаулар. (Құралға артық жүктеме түсудің шартсыз белгілеріне мыналар жатады: құбылу түсінің пайда болуы немесе электр құралы бөліктері мен түйіндерінің деформациясы немесе қорытылуы, жоғары температура әсерінен электр қозғалтқышындағы сымдар оқшаулағышының қараюы немесе көмірленуі.)
Тасымалдау
Ұсынылған литий-иондық аккумуляторлар қауіпті тауарларға қойылатын талаптарға бағынады. Пайдаланушы аккумуляторларды көшеде қосымша құжаттарсыз тасымалдай алады.
Үшінші тараптар (мысалы, әуе немесе жүк тасымалдау компаниясы) орауышқа және таңбаламаға қойылатын арнайы талаптарды сақтауы керек. Жіберілетін жүкті дайындау кезінде қауіпті жүктерді тасымалдау сарапшыларымен хабарласу керек.
Аккумуляторды корпусы зақымдалған болса ғана жіберіңіз. Ашық түйіспелерді желімдеңіз және аккумуляторды орамада қозғалмайтындай ораңыз. Қажет болса, қосымша ұлттық ережелерді сақтаңыз.
Кәдеге жарату

Электр құралдарды, аккумуляторларды, керек-жарақтарды және орау материалдарын экологиялық тұрғыдан дұрыс утилизациялауға тапсыру керек.

Электр құралдарды және аккумуляторларды/батареяларды үй қоқысына тастамаңыз!
Тек қана ЕО елдері үшін:
Ескі электрлік және электрондық құрылғылар туралы 2012/19/EU еуропалық директивасы және оның ұлттық заңнамада қолданылуы бойынша пайдалануға бұдан былай жарамсыз электрлік құралдарды және 2006/66/EC еуропалық директивасы бойынша зақымдалған немесе ескірген аккумуляторларды/батареяларды бөлек жинап, қоршаған орта үшін қауіпсіз жолмен қайта өңдеуге жіберу қажет.
Қате жолмен қадеге жаратылған ескі электрлік және электрондық құрылғылар қауіпті заттардың болу мүмкіндігіне байланысты қоршаған ортаға және адам денсаулығына зиянды әсер тигізуі мүмкін.
Аккумуляторлар/батареялар:
Литий-иондық:
Тасымалдау бөліміндегі нұсқауларды орындаңыз (қараңыз „Тасымалдау“, Бет 207).