LX1750 - Проектор Christie - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз LX1750 Christie PDF форматында.

📄 754 бет Қазақша KK 💬 ЖИ сұрағы
Notice Christie LX1750 - page 648
Нұсқаулықты қарау : Français FR Deutsch DE English EN Español ES Italiano IT Қазақша KK Русский RU 中文 ZH
Нұсқаулық көмекшісі
ChatGPT арқылы жұмыс істейді
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : Christie

Модель : LX1750

Санат : Проектор

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Проектор PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз LX1750 - Christie және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. LX1750 брендінің Christie.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ LX1750 Christie

LX1750 Руководство пользователя020-000638-01 Rev.1 (11-2013) Маңызды қауіпсіздік ескертпесі Үлгі № LX1750 Өнім атауы СКД Проектор Номиналды кернеу Номиналды ток Номиналды жиілік 220-240В 11.0A (LX1750) 50/60Гц Өндіруші ел Жапония Өндіруші Панасоник Корпорэйшн Өндірушінің мекенжайы Кадома, Осака Жапония EAC белгісі Импорттаушы аты LLC Video Service Импорттаушының

119 234 Москва, РОССИЙСКАЯ ФЕДЕРАЦИЯ Ленинские горы, владение 1, здание 75Д Научный парк МГУ Қызмет мерзімі 20,000 сағат ЕСКЕРТУ: ОСЫ АППАРАТТЫ ЖЕРГЕ ҚОСУ ҚАЖЕТ. ЕСКЕРТУ: Өрт немесе ток соғу қаупі нәтижесінде болатын зақымдарды болдырмас үшін бұл құрылғыны жаңбырда немесе ылғалда қалдырмаңыз. Құрылғы шуы туралы ақпарат 3-қаулы GSGV, 18 қаңтар, 1991: ISO 7779 стандартына сәйкес оператор орнындағы дыбыс қысымының деңгейі - 70 дБ (A).

1. Бұл құрылғы ұзақ уақыт бойы қолданылмаған жағдайда штепсельді қуат көзінен ажыратыңыз.2. Электр тогының соғуын болдырмау үшін қақпақты ашпаңыз. Ішінде пайдаланушы өзі жөндей алатын бөлшектер жоқ. Білікті маманға көрсеткен жөн.

3. Қуат ашасындағы жерге қосу ашасын алып тастамаңыз. Бұл аппарат үш контактілі жерге қосу түріндегі қуат ашасымен

жабдықталған. Бұл аша тек жерге қосу түріндегі қуат розеткасына сәйкес келеді. Бұл - қауіпсіздік мүмкіндігі. Ашаны розеткаға сала алмасаңыз, электр маманына хабарласыңыз. Жерге қосу ашасының мақсатын бұзбаңыз.

Бұл - A класты өнім. Үйде қолданылғанда бұл өнім пайдаланушыдан тиісті шараларды қолдануды қажет ететін радио кедергілер тудыруы мүмкін. САҚТЫҚ: Тұрақты сәйкестікті қамтамасыз ету үшін тіркелген орнату нұсқауларын орындаңыз, оның ішінде компьютерге немесе сыртқы құрылғыға жалғаған кезде пайдаланатын қуат сымы және қорғалған интерфейс кабельдерді пайдалану нұсқаулығы бар. Проекторды сыртқы басқару үшін компьютерді жалғауға сериялық портты пайдалансаңыз, феррит өзегі бар қосымша RS-232C сериялық интерфейс кабелін пайдалану қажет. Осы құрылғыға рұқсатсыз жасалған өзгертулер немесе жаңартулар пайдаланушының құрылғыны пайдалану құқығын жарамсыз етуі мүмкін.

LX1750 Руководство пользователя 020-000638-01 Rev.1 (11-2013) ЕСКЕРТУ: ТОК СОҒУ ҚАУПІ БАР, АШПАҢЫЗ. Тең бүйірлі үшбұрыш ішіндегі ішке бағытталған найзағай бар белгі өнімнің корпусы ішінде ток соғу қаупі жеткілікті деңгейде изоляцияланбаған «қауіпті кернеу» бар екендігін пайдаланушыға ескертуге арналған. Тең бүйірлі үшбұрыш ішіндегі леп белгісі өніммен берілген құжатта маңызды пайдалану және күту (қызмет көрсету) нұсқаулары бар екендігін пайдаланушыға ескертуге арналған.Важные замечания по безопасности

LX1750 Руководство пользователя020-000638-01 Rev.1 (11-2013) ҚАУІПСІЗДІК ҮШІН МЫНА МӘТІНДІ МҰҚИЯТ ОҚЫҢЫЗ. Осы құрылғы сіздің қауіпсіздігіңіз бен жайлылығыңыз үшін үш контактілі ашамен жабдықталған. Осы ашада 13 амперлік сақтандырғыш бар. Сақтандырғышты ауыстыру қажет болса, ауыстырылатын сақтандырғыш 13 амперлі және BS1362 үшін ASTA немесе BSI стандарттары бойынша расталғанын тексеріңіз. Сақтандырғышта ASTA немесе BSI таңбасы бар екенін тексеріңіз. Ашада сақтандырғыштың алынбалы қақпағы болса, сақтандырғышты ауыстырғанда оның қайта салынғанына көз жеткізіңіз. Сақтандырғыш қақпағын жоғалтып алсаңыз, қақпақ алынғанға дейін ашаны пайдаланбау керек. Ауыстырылатын сақтандырғыш қақпағын өкілетті қызмет көрсету орталығынан сатып алуға болады. Бекітілген аша үйіңіздегі розеткаға сәйкес келмесе, сақтандырғышты алып, ашаны қиып алыңыз да, қауіпсіз жолмен тастаңыз. Қиып алынған аша 13 амперлік розеткаға салынса, қатты ток соғу

Жаңа аша салынатын болса, төменде берілген жалғау кодын қараңыз. Күмәніңіз болса, білікті электр маманына хабарласыңыз. ЕСКЕРТУ: ОСЫ ҚҰРЫЛҒЫНЫ ЖЕРГЕ ҚОСУ ҚАЖЕТ. МАҢЫЗДЫ: Желідегі сымдар мына кодқа сай түспен боялған: Жасыл - және -

Осы құрылғының желісіндегі сымның түстері ашаның кірістерін білдіретін түсті таңбалармен сәйкес болмаған жағдайда келесі жолмен жалғастырыңыз. ЖАСЫЛ - ЖӘНЕ - САРЫ түсті сым не Е әріпімен, не «Earth» (Жер) таңбасымен

ЖАСЫЛ, не ЖАСЫЛ - ЖӘНЕ - САРЫ түспен боялған аша кірісіне жалғануы керек. КӨК түспен боялған сым N әрпімен немесе ҚАРА түспен боялған ашадағы кіріске жалғануы керек. ҚОҢЫР түспен боялған сым L әрпімен немесе ҚЫЗЫЛ түспен боялған ашадағы кіріске жалғануы керек. Сақтандырғышты ауыстыру жолы: Сақтандырғыш бөлігін бұрағышпен ашып, сақтандырғышты ауыстырыңыз.

Розетка немесе ажыратқыш құрылғының жанында орнатылуы және ақаулық болған кезде қол оңай жетуі тиіс. Егер төмендегі мәселе пайда болса, қуат көзін дереу ажыратыңыз. Проекторды бұл жағдайларда үзіліссіз пайдалану өртке немесе электр тогының соғуына себеп болады.

Егер проектордың ішіне бөгде заттар немесе су кірсе, қуатты дереу ажыратыңыз.

Егер проекторды түсіріп алсаңыз немесе корпусы сынған болса, қуат көзін дереу ажыратыңыз.

Егер проектордан түтін, әдеттен тыс иіс немесе шуыл байқасаңыз, қуат көзін дереу ажыратыңыз. Жөндеу үшін өкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз және өнімді өз бетіңізбен жөндеуге әрекеттенбеңіз. Найзағай болған кезде, проекторды немесе кабельді ұстамаңыз. Электр тогының соғуы мүмкін. Қуат сымын немесе қуат ашасын зақымдауы мүмкін еш нәрсе жасамаңыз. Егер қуат сымы зақымдалған кезде пайдаланылса, электр тогының соғуы, қысқа тұйықталу немесе өрт шығуы мүмкін.

Қуат сымын зақымдамаңыз, оны жаңартпаңыз, ыстық заттардың жанына қоймаңыз, қатты бүкпеңіз, айналдырмаңыз, тартпаңыз, үстіне ауыр заттар қоймаңыз немесе түйіндемеңіз. Қуат сымын жөндеу қажет болса, өкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Қуат ашасын розеткаға және қуат қосқышын проектордың терминалына толығымен салыңыз. Егер аша дұрыс салынбаған болса, электр тогы соғуы немесе қызып кетуі мүмкін.

Зақымдалған ашаларды немесе қабырғадан босап қалған розеткаларды пайдаланбаңыз. Берілген қуат сымынан басқа ешнәрсе пайдаланбаңыз. Бұл талапты орындамау өртке немесе электр тогының соғуына себеп болуы мүмкін. Қуат ашасын шаң басып қалмауы үшін үнемі тазалап тұрыңыз. Мұны орындамау өртке себеп болуы мүмкін.

Егер қуат ашасына шаң жиналып қалса, нәтижесінде болатын ылғалдылық оқшаулауды зақымдауы

Егер проекторды ұзақ уақыт бойы пайдаланбасаңыз, қуат ашасын розеткадан ажыратыңыз. Қуат ашасын розеткадан суырып алып, оны құрғақ шүберекпен үнемі тазалаңыз. Қуат ашасын дымқыл қолмен ұстамаңыз. Бұл шараны орындамау электр тогының соғуына себеп болуы мүмкін. Розетканы шамадан тыс жүктемеңіз. Егер қуат көзі шамадан тыс жүктелсе (мысалы, тым көп адаптер пайдаланылса), қызып кетуі және өрт шығуына себеп болуы мүмкін.

ПАЙДАЛАНУ/ОРНАТУ Проекторды кілемдер немесе алаша сияқты жұмсақ материалдардың үстіне қоймаңыз. Бұл проектордың қызып кетуіне, нәтижесінде күйіп қалу, өрт немесе проекторды зақымдауы мүмкін. Проекторды ылғалды немесе шаңды жерлерге немесе жуынатын бөлме сияқты майлы түтінмен немесе бумен жанасатын жерлерге орнатпаңыз. Проекторды осындай жағдайларда пайдалану өртке, электр тогының соғуына немесе құрамдас бөліктердің бүлінуіне себеп болады. Құрамдас бөліктердің (төбеге орнату кронштейні) бүлінуі төбеге орнатылған проектордың құлауына себеп болуы мүмкін. Проекторды оның салмағын толық көтере алмайтын орындарға немесе еңкейтілген не тұрақсыз беттерге орнатпаңыз. Осы сақтық шарасын орындамау проектордың құлауына немесе төңкерілуіне себеп болады, нәтижесінде қатты жарақат алу немесе зақымдануыңыз мүмкін.Важные замечания по безопасности

Ауа кіретін/шығатын порттарды жаппаңыз немесе 1 м (39”) айналасына ешқандай зат қоймаңыз. Бұл проектордың қызып кетуіне әкеліп, нәтижесінде өрт немесе проекторды зақымдауы мүмкін.

Проекторды тар, нашар желдетілген жерге орнатпаңыз.

Проекторды шүберекке немесе қағазға қоймаңыз, бұл материалдар ауа кіретін портқа кіруі мүмкін. Қолыңызды немесе басқа заттарды ауа шығатын портқа қоймаңыз. Бұл күйіп қалуға немесе қолыңызды не басқа затты зақымдауы мүмкін.

Ауа шығатын порттан ыстық ауа шығады. Қолыңызды, бетіңізды немесе ыстыққа төзбейтін басқа заттарды осы портқа жақындатпаңыз. Проектор жұмыс істеп тұрған кезде объективтен шыққан жарыққа қарамаңыз және денеңізді

Бұл күйіп қалуға немесе көрмей қалуыңызға себеп болуы мүмкін.

Проектордың объективінен қатты жарық шығады. Осы жарыққа тікелей қарамаңыз немесе қолдарыңызды қоймаңыз.

Кішкентай балалардың объективтің ішіне қарауына жол бермеңіз. Оған қоса, проектордың жанында болмасаңыз, қуатын өшіріңіз және қуат ашасын розеткадан суырып тастаңыз. Проекторды қайта құруға немесе бөлшектеуге әрекеттенбеңіз. Жоғары кернеу өртке немесе электр тогының соғуына себеп болуы мүмкін.

Қандай да бір тексеру, реттеу және жөндеу жұмыстары үшін өкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Суретті объектив қақпағы тағылған күйде үлкейтіп қарамаңыз. Солай жасау өртке себеп болуы мүмкін. Проектордың ішіне металл заттардың, тез тұтанатын заттардың немесе сұйықтықтардың кіруіне жол бермеңіз. Проектордың дымқыл болуына жол бермеңіз. Бұл қысқа тұйықтауға немесе қызып кетуге және нәтижесінде өртке, электр тогының соғуына немесе проектордың жұмыс істемей қалуына себеп болуы мүмкін.

Сұйықтық контейнерлерін немесе металл заттарды проектордың жанына қоймаңыз.

Егер проекторге сұйық зат кіріп кетсе, сатушыға хабарласыңыз.

Балаларға тиісті назар аудару керек. Берілген бөліктен басқаларына тиіспеңіз немесе компоненттерді алып тастамаңыз. Бұл өнімділікті немесе қауіпсіздікті төмендетуі мүмкін. Christie ұсынған төбеге орнату кронштейнін пайдаланыңыз. Басқа төбеге орнату кронштейнін пайдалану проектордың құлауына себеп болуы мүмкін.

Проектор құлап кетпеуі үшін төбеге орнату кронштейніне берілген қауіпсіздік кабелін бекітіңіз. Орнату жұмысын (төбеге орнату кронштейні сияқты) білікті маман орындауы тиіс. Егер орнату дұрыс орындалмаса немесе бекітілмесе, электр тогының соғуы сияқты жарақатқа себеп болуы мүмкін.

Рұқсат етілген төбеге орнату кронштейнінен басқасын пайдаланбаңыз.

Проектордың құлап кетуіне жол бермеу үшін берілген керек-жарақ сымын қосымша қауіпсіздік шарасы ретінде құлақшасы бар бұрандамен бірге пайдаланыңыз (Төбеге орнату кронштейнін басқа орынға орнату.) Объективті бекіту немесе алып тастау кезінде арнайы дүкендегі техникалық немесе қызмет көрсету маманымен кеңесіңіз. Объктивті қате жолмен орналастыру өнімді зақымдауы мүмкін. Объективті бекіту немесе алып тастау кезінде дұрыс орындау үшін сәйкес процедураларды орындаңыз.Важные замечания по безопасности PУССКИЙ - 15

КЕРЕК-ЖАРАҚТАР Батареяларды дұрыс пайдаланыңыз, төмендегіні қараңыз. Бұл сақтық шараны орындамау батареяның ағуына, қызып кетуіне, жарылуына немесе өртке себеп болуы мүмкін.

Нақты көрсетілмеген батареяларды пайдаланбаңыз.

Қайта зарядталатын батарея емес, марганец немесе сілтілі батареяларды пайдаланыңыз.

Құрғақ электр батареяларын бөлшектемеңіз.

Батареяларды қыздырмаңыз немесе суға не отқа салмаңыз.

Батареялардың + және – терминалдарын алқа немесе шаш түйреуіштер сияқты металл заттарға тигізбеңіз.

Батареяларды металл заттармен бірге сақтамаңыз немесе тасымаңыз.

Батареяларды пластикалық қапта сақтаңыз және оларды металл заттардан алыс ұстаңыз.

Батареяларды салған кезде (+ және –) полюстері дұрыс салынғанына көз жеткізіңіз.

Жаңа және ескі батареяларды бірге пайдаланбаңыз немесе әртүрлі батареяларды пайдаланбаңыз.

Қабығы ашылған немесе алынған батареяларды пайдаланбаңыз. Балалардың батареяларға жақындауына жол бермеңіз (AAA/R03/LR03).

Жұтып қойған жағдайда батареяның жарақаттау қаупі бар.

Жұтып қойған жағдайда тез арада дәрігер кеңесін алыңыз. Егер батарея сұйықтығы ақса, оны жалаң қолыңызбен ұстамаңыз, қажет болса, келесі шараларды қолданыңыз.

Теріге немесе киімге тиген батарея сұйықтығы терінің қабынуына немесе жарақатқа себеп болады. Таза сумен шайыңыз және дереу дәрігерге қаралыңыз.

Батарея сұйықтығы көзіңізге тисе, көрмей қалуыңыз мүмкін. Бұл жағдайда көзіңізді уқаламаңыз. Таза сумен шайыңыз және дереу дәрігерге қаралыңыз. Шам құрылғысын бөлшектемеңіз. Егер шам сынып қалса, жарақат алуға себеп болуы мүмкін. Шамды ауыстыру Шамның жоғары ішкі қысымы бар. Егер дұрыс қолданылмаса, жарылуға, қатты жарақатқа немесе апаттарға себеп болуы мүмкін.

Шам қатты затқа тисе немесе түсіп кетсе, оңай жарылады.

Шамды ауыстырудан бұрын қуат ашасын розеткадан ажыратқаныңызға көз жеткізіңіз. Егер бұл шаралар сақталмаса, электр тогының соғуына немесе жарылысқа себеп болуы мүмкін.

Шамды ауыстырған кезде қуатты өшіріңіз және шамды ұстаудан бұрын оны кем дегенде 60 минут суытып алыңыз, басқа жағдайда күйіп қалуыңыз мүмкін. Сәбилерге немесе үй жануарларына қашықтан басқару құралына жанасуға рұқсат етпеңіз.

Пайдаланып болған соң қашықтан басқару құралын сәбилер мен үй жануарлары жетпейтін орында

Берілген қуат сымын осы проектордан басқа құрылғылармен пайдаланбаңыз.

Берілген қуат сымын осы проектордан басқа құрылғылармен пайдалану қысқа тұйықталуға, қызып кетуге, ток соғуына немесе өртке себеп болуы мүмкін. Таусылған батареяларды қашықтан басқару пультінен алып тастаңыз.

Батареяларды құрылғыда қалдыру сұйықтығының ағуына, қызып кетуіне немесе жарылуына себеп болады.Важные замечания по безопасности

Қуат сымын ажыратқан кезде, қуат ашасын және қуат қосқышын ұстағаныңызға көз жеткізіңіз. Егер қуат сымы өздігінен ажыратылып қалса, сым зақымдалады, өрт, қысқа тұйықталу немесе электр тогының соғуы мүмкін. Проекторды ұзақ уақыт бойы пайдаланбаған кезде қуат ашасын розеткадан ажыратып, батареяларды қашықтан басқару құралынан алып тастаңыз. Құрылғыны тазалау және бөлшектерін ауыстырудан бұрын қуат ашасын розеткадан ажыратыңыз. Егер бұл шаралар сақталмаса, электр тогының соғуы мүмкін.

ПАЙДАЛАНУ/ОРНАТУ Проектордың үстіне ауыр заттар қоймаңыз. Басқа жағдайда проектордың орнықсыз болуы және құлауы мүмкін, нәтижесінде зақымға немесе жарақатқа себеп болады. Проектор зақымдалады немесе бүлінеді. Проекторға салмақ салмаңыз. Құлап кетіп, проекторды зақымдайсыз, нәтижесінде жарақат алуыңыз мүмкін.

Кішкентай балалардың бұл проектордың үстіне тұруына немесе отыруына жол бермеңіз. Проекторды тым қатты ыстық жерге орнатпаңыз. Солай жасау сыртқы корпусының немесе ішкі құрамдас бөліктерінің тозып, өртке себеп болуы мүмкін.

Тікелей күн сәулесі түсетін орындарда немесе пештердің жанында аса мұқият болыңыз. Объективті жылжытудан бұрын оптикалық объективтің жанындағы саңылауларға қолыңызды

Мұны орындамау жарақатқа себеп болуы мүмкін. Проекторды көтеру немесе тасымалдау кезінде бленданы және объективтерді ұстамаңыз. Бұл проекторды зақымдауы мүмкін. Проекторды жылжытудан бұрын әрдайым барлық кабельдерді ажыратыңыз. Кабельдері жалғаулы проекторды жылжыту салдарынан кабельдер зақымдалады, бұл өрт немесе электр тогының соғуына себеп болады. Christie ұсынған объективтерді пайдаланыңыз. Ұсынылғаннан басқа объективтерді пайдаланудан ақаулар пайда болады.

Объективтерді бекітпес бұрын проектор үлгісінің нөмірін және қосымша объектив үлгісінің нөмірін тексеріңіз және проекторға сәйкес келетін объектив пайдаланыңыз.

Мәліметтер алу үшін сатушыңызбен кеңесіңіз.

КЕРЕК-ЖАРАҚТАР Ескі шам құрылғысын пайдаланбаңыз. Егер пайдаланылса, шамның жарылуы мүмкін. Егер шам сынса, бөлмені дереу желдетіңіз. Сынған бөліктерге қол тигізбеңіз немесе бетіңізді жақындатпаңыз. Басқа жағдайда пайдаланушының шам сынған кезде шыққан газды ішіне тартуы мүмкін, оның құрамында флуоресцентті шамдарындағыдай бірдей мөлшерде сынап бар, ал сынған бөліктерден жарақат алуыңыз мүмкін.

Егер газды ішке тартып алсаңыз немесе газ көзіңізге не аузыңызға кірсе, дереу дәрігерге қаралыңыз.

Шам құрылғысын ауыстыру туралы сатушыдан сұраңыз және проектордың ішін тексеріңіз. Ауа сүзгісі құралын қайта пайдаланбаңыз. Бұл ақау пайда болуына себеп болуы мүмкін. Ауа сүзгісі құралын сумен тазаламаңыз. Бұл ақау пайда болуына себеп болуы мүмкін.

Ауа сүзгісі құралына ылғал тигізбеңіз. Проектордың ішкі жағын жылына бір рет тазалау туралы сатушыдан сұраңыз. Ішіне шаң жиналған проекторды ұзақ пайдалану өртке себеп болуы мүмкін.

LX1750 Руководство пользователя020-000638-01 Rev.1 (11-2013) Батареяны алу Қашықтан басқару батареясы

1. Бағыттауышты көтеріп, қақпағын