EOIC500 - смартфон SAMSUNG - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз EOIC500 SAMSUNG PDF форматында.

📄 326 бет PDF ⬇️ Қазақша KK 💬 ЖИ сұрағы 🖨️ Басып шығару
Notice SAMSUNG EOIC500 - page 264
Нұсқаулық көмекшісі
ChatGPT арқылы жұмыс істейді
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : SAMSUNG

Модель : EOIC500

Санат : смартфон

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз смартфон PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз EOIC500 - SAMSUNG және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. EOIC500 брендінің SAMSUNG.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ EOIC500 SAMSUNG

Маңызды кіріспе Қауіпсіз және дұрыс пайдалануды қамтамасыз ету үшін құрылғыны пайдаланудан бұрын осы нұсқауды оқыңыз.

Кескіндер шынайы өнімнен өзгешелеу болуы мүмкін. Мазмұн ескертусіз өзгертілуі

Құрылғыны пайдаланбас бұрын қосылғыңыз келген мобильді құрылғының осы құрылғымен үйлесімді екендігіне көз жеткізіңіз. Қауіпсіздік ақпараты Қауіпсіз және дұрыс пайдалануды қамтамасыз ету үшін құрылғыны пайдаланудан бұрын осы барлық қауіпсіздік ақпаратын оқыңыз. Толық қауіпсіздік ақпаратын көру үшін, Samsung веб- сайтына кіріңіз. Өнім жасаушысы мақұлдаған батареяларды, зарядтағыштарды, қосымша құралдарды және жабдықтарды пайдаланыңыз. Құрылғыны су қолмен ұстамаңыз. Зарядтағышты немесе құрылғыны түсіріп не соғып алмаңыз. Құрылғыны қоршаған орта температурасы 0°C - 35°C аралығында болатын жерлерде пайдалануға болады. Құрылғыны -20°C - 50°C аралығындағы қоршаған орта температурасында сақтауға болады. Құрылғыны ұсынылған температура ауқымдарынан тыс пайдалану немесе сақтау құрылғыға зақым келтіруі немесе батареяның қызмет ету мерзімін қысқартуы мүмкін. Кішкентай балалардың немесе жануарлардың құрылғыны аузына салуға немесе соруына жол бермеңіз. Құрылғыны өз бетіңізше бөлшектемеңіз, түрін өзгертпеңіз және жөндемеңіз. Құлақаспапты көлік жүргізу не атпен жүру кезінде пайдаланбаңыз. Ол көңіліңізді алаң еткізіп, апатқа апарып соғуы мүмкін немесе аймағыңызға байланысты заңсыз болуы мүмкін. Құлақаспапты серуендеу, көлік жүргізу не велосипед жүргізу кезінде пайдаланбаңыз. Бұлай істеу апатқа әкелуі мүмкін. Егер қоршаған орта шуын естімесеңіз, оны қауіпті жерлерде пайдаланбаңыз. Құлақаспапты пайдалану кезінде есту қабілетінің зақымдалуын болдырмау үшін, жоғары деңгейдегі дыбысты ұзақ мерзім ішінде тыңдамаңыз.2

Нұсқаушы белгішелер Абайлаңыз: өзіңізге немесе басқаларға жарақат келтіретін жағдайлар Абайлаңыз: құрылғыға немесе басқа жабдықтарға нұқсан келтіретін жағдайлар Хабарлама: жазбалар, пайдалану туралы кеңестер немесе қосымша мәліметтер3

Жұмысты бастау Қораптың ішіндегісі Өнімнің қорабында келесі элементтер бар екенін тексеріңіз:

Жылдам бастау нұсқаулығы

Құрылғымен берілетін элементтер және кез келген қолжетімді керек-жарақтар аймаққа немесе қызмет провайдеріне байланысты әртүрлі болуы мүмкін.

Сыртқы түрлері мен техникалық сипаттамалары ескертусіз өзгертілуі мүмкін.

Жергілікті Samsung сатушысынан қосымша керек-жарақтар сатып алуыңызға болады. Сатып алмас бұрын олардың құрылғымен үйлесімді екендігіне көз жеткізіңіз.

Samsung құптаған керек-жарақтары ғана пайдаланыңыз. Құпталмаған керек- жарақтарды пайдалану нәтижесінде кепілдікпен қамтылмайтын өнімділік мәселелері мен ақаулықтар орын алуы мүмкін.

Барлық аксессуарлардың қолжетімділігі толықтай өндіруші компанияларға байланысты өзгешеленуі мүмкін. Қолжетімді керек-жарақтар туралы қосымша ақпаратты Samsung веб-сайтынан қараңыз.4

Құрылғының құрылымы Құлақ тығыны Қанат тәрізді

Белсенді шу басу (ANC) микрофоны Оң жақ құлаққап Белсенді шу басу (ANC) индикаторы Белсенді шу басу (ANC) түймесі Белсенді шу басу (ANC) микрофоны Сол жақ құлаққап Type-C кабелі Функция түймесі

Құлаққап алдын ала орнатылған құлақ тығындары мен қанат тәрізді бекіткіштерімен бірге жеткізіледі.

Оңтайлы дыбыс шығару мен белсенді шу басу (ANC) мүмкіндігінің өнімділігі үшін, құлақ тығындары мен қанат тәрізді бекіткіштердің дұрыс өлшемін таңдау маңызды. Құлақ тығындары мен қанат тәрізді бекіткіштерді құлақтарыңызға ыңғайлы болатын өлшемдегілерге ауыстыруға болады.5

Құрылғыны пайдалану Тағу жолыҚұрылғыны пайдалану

Әдепкі құлақ тығынын/қанат тәрізді бекіткішті алыңыз: құлақ тығынын тартып шығарыңыз. Содан кейін қанат тәрізді бекіткішті де бірдей бағытта тартып шығарыңыз. (

Сәйкес келетін құлақ тығынын/қанат тәрізді бекіткішті бекітіңіз: қанат тәрізді бекіткішті құлағыңыздың ішіне салыңыз. Содан кейін құлақ тығынын салыңыз. ( , )

Құлаққапты құлағыңызға мықтап орнатыңыз: құлаққапты құлағыңызға салғаннан кейін құлағыңызға жақын ұстау үшін оны сәл бұрыңыз. ( , ) Мобильді құрылғыға қосу

Өнімнің Type-C кабелін мобильді құрылғының көп мақсатты ұясына (USB Type-C)

Құлаққапты мобильді құрылғының көп мақсатты ұясына (USB Type-C) жалғағаннан кейін, белсенді шу басу (ANC) мүмкіндігі автоматты түрде қосылып, белсенді шу басу (ANC) индикаторы көк түспен жанады.

Кейде құлаққапты көп мақсатты ұяға (USB Type-C) жалғаған кезде, шу пайда болуы

Бұл өнім мобильді құрылғының қуатын пайдаланады.

Осы өнім мобильді құрылғыға жалғанып тұрған кезде, мобильді құрылғының батарея қуаты жылдам төмендеуі мүмкін. Пайдаланбаған кезде өнімді алып

Қолданбаны жүктеп алу үшін, Google Play Store

Galaxy Store бағдарламалар дүкенінен Samsung Type-C қолданбасын іздеңіз.Құрылғыны пайдалану

Белсенді шу басу (ANC) мүмкіндігін іске

Белсенді шу басу (ANC) мүмкіндігін іске қосу немесе өшіру үшін белсенді шу басу (ANC) түймесін басыңыз. Белсенді шу басу (ANC) индикаторы көк түспен жанып, музыка тыңдау кезінде, белсенді шу басу (ANC) мүмкіндігі шуды жояды.

Егер жалғанған мобильді құрылғының батарея қуаты толығымен таусылса, музыка тыңдау немесе белсенді шу басу (ANC) түймесін пайдалану мүмкін болмайды.

Белсенді шу басу (ANC) режимінің әсерлерін қоршаған ортаға байланысты автоматты түрде реттеуге болады.

Белсенді шу басу (ANC) режимінің әсерлері байқалмауы мүмкін және өте тыныш қоршаған ортада шу пайда болуы мүмкін. Функция түймесін пайдалану Өнімді пайдаланған кезде функция түймесін басу арқылы төмендегі мүмкіндіктерді пайдалануға болады.

Қоңырауды қабылдау/аяқтау

Қоңырауды қабылдамау (басып тұрыңыз)

Дыбыс деңгейін реттеңіз8

Ақаулықтарды жою Samsung қызмет көрсету орталығына хабарласпас бұрын, келесі қадамдарды орындаңыз. Кейбір жағдайлар құрылғыңызға қолданылмауы мүмкін. Құрылғы жұмыс істемейді Құрылғыны мобильді құрылғыдан ажыратып, қайта қосып көріңіз.9

Авторлық құқық Авторлық құқық © 2019 Samsung Electronics Бұл нұсқаулық халықаралық авторлық құқық туралы заңдар бойынша қорғалған. Бұл нұсқаулықтың ешбір бөлігін кез келген түрде немесе кез келген әдіспен (электрондық не механикалық), соның ішінде, фотокөшіру, жазу немесе кез келген ақпараттық қоймада және шығарып алу жүйесінде сақтау арқылы көшіруге, таратуға, аударуға немесе тасымалдауға

SAMSUNG және SAMSUNG логотипі — Samsung Electronics корпорациясының тіркелген сауда белгілері.

Барлық басқа сауда белгілері мен авторлық құқықтар олардың тиісті иелерінің меншігі болып табылады.1