NK36M5070BM - NK36M5070BS - Ас үй желдеткіші SAMSUNG - Notice d'utilisation et mode d'emploi gratuit

Retrouvez gratuitement la notice de l'appareil NK36M5070BM - NK36M5070BS SAMSUNG au format PDF.

Page 70
Assistant notice
Powered by ChatGPT
En attente de votre message
Informations produit

Marque : SAMSUNG

Modèle : NK36M5070BM - NK36M5070BS

Catégorie : Ас үй желдеткіші

Téléchargez la notice de votre Ас үй желдеткіші au format PDF gratuitement ! Retrouvez votre notice NK36M5070BM - NK36M5070BS - SAMSUNG et reprennez votre appareil électronique en main. Sur cette page sont publiés tous les documents nécessaires à l'utilisation de votre appareil NK36M5070BM - NK36M5070BS de la marque SAMSUNG.

MODE D'EMPLOI NK36M5070BM - NK36M5070BS SAMSUNG

Түтін тартқыштың функцияларын таңдау үшін мына басқару элементтерін түртсеңіз болғаны: T1. Сору моторын ҚОСУ/ӨШІРУ түймесі T2. Төменгі сору жылдамдығын (қуатын) таңдау түймесі Май сүзгісінің толғанын көрсететін индикатор Жыпылықтаған кезде май сүзгісіне техникалық күтім көрсетіңіз; сосын жыпылықтайды тоқтату үшін T1 түймесін ұзақ басып тұрыңыз (түтін тартқыш ҚОСУЛЫ кезде). T3. Орташа сору жылдамдығын (қуатын) таңдау түймесі Көмір сүзгісінің толғанын көрсететін индикатор Жыпылықтаған кезде көмір сүзгісіне (орнатылған болса) техникалық күтім көрсетіңіз; сосын жыпылықтайды тоқтату үшін T1 түймесін ұзақ басып тұрыңыз (түтін тартқыш ҚОСУЛЫ кезде). T4. Жоғарғы және "Тездету" сору жылдамдығын (қуатын) таңдау түймесі Жоғарғы сору жылдамдығын (қуатын) таңдау үшін бір рет басыңыз (ЖШД қосулы); "Тездету" сору жылдамдығын (қуатын) таңдау үшін тағы басыңыз (ЖШД жыпылықтайды). Ескертпе: Тездетіп сору жылдамдығы (қуаты) шамамен 5 минутқа созылып, одан кейін жоғарғы сору жылдамдығы (қуаты) автоматты түрде орнатылады. T5. Автоматты түрде өшіру түймесі (Таймер): Қосулы сору жылдамдығын (қуатын) автоматты түрде өшіруді орнату үшін осы т үймені басыңыз: Төменгі сору жылдамдығы (қуаты): 20 минут Орташа сору жылдамдығы (қуаты): 15 минут Жоғарғы сору жылдамдығы (қуаты): 10 минут T6. Шамды ҚОСУ/ӨШІРУ түймесі Көмір сүзгісінің толғанын көрсететін индикаторды іске қосу Бұл индикатор әдетте өшірулі болады. Оны іске қосу үшін бағдарламалау үшін, мыналарды орындаңыз: Түтін тартқыш өшірулі болған кезде T2 және T3 түймелерін бірге басып тұрыңыз: T2+T3 қосқышы ҚОСЫЛАДЫ, түтін тартқыш "БИП" деген сигнал шығарып, көмір сүзгісінің толғанын көрсететін индикатор қосылады Көмір сүзгісінің толғанын көрсететін ЖШД индикаторын өшіру: жоғарыда сипатталған әрекетті қайталаңыз;T2+T3 жыпылықтайды, (сосын тек T2), түтін тартқыштан "БИП" деген сигнал шығады, көмір сүзгісінің толғанын көрсететін индикатор өшеді.

KK - Монтаждау мен пайдалану нұсқауы Осы нұсқаулықта пайдаланылған белгілер ЕСКЕРТУ Ауыр адам жарақатына немесе өлімге әкеп соқтыратын қауіптер немесе қауіпсіз тәжірибелер.

АБАЙЛАҢЫЗ Электр тогына түсуге, адам жарақатына немесе мүлік зақымына әкеп соқтыратын қауіптер немесе қауіпсіз тәжірибелер.

ЕСКЕРТПЕ Пайдалы кеңестер мен нұсқаулар Осы ескерту белгішелері мен таңбалары өзіңіздің және басқалардың жарақаттануының алдын алу үшін берілген. Оларды бұлжытпай орындаңыз. Осы бөлімді оқыған соң, оны болашақта анықтама ретінде пайдалану үшін қауіпсіз жерге сақтап қойыңыз. Дайындаушы аспапты пайдалану барысында бұл нұсқауда белгіленген қолдану шарттарын сақтамағанның кесірінен болған олқылық өрт пен зақым үшін жауап бермейді. Сорғыш тек қана үйде пайдалануға болатындай етіп жобаланған. Қақпақ осы кітапшада көрсетілген суреттерден өзгеше болып көрінуі мүмкін. Дегенмен, қолдану, техникалық қызмет көрсету және орнату нұсқаулары бірдей болады. • Кезкелген уақытта бұл нұсқаумен пайдалану үшін ақтаған маңызды. Бұйым сатылған,тапсырған немесе жойылған кезде ол онымен бірге қалғанына көз жеткізіңіз. • Нұсқауды мұқият оқыңыз: онда бұйамды қондыру, пайдалану және қауыпсіздік жөнінде маңызды мәлімет бар. • Бұйымның электрондық немесе механикалық конструкциясында немесе сорғыш вентиляциялық каналдарында ешқандай да өзгерістер жасамаңыз. • Орнатуды орындамас бұрын берілген барлық құрамдастардың зақымдалмағанын тексеріңіз немесе орнатуды жалғастырмас бұрын делдалға хабарласыңыз.

• Кез келген тазалау немесе техникалық қызмет көрсету жұмыстарын орындамас бұрын ашаны шығару немесе желілік қуат көзін ажырату арқылы сорғышты электр желісінен ажыратыңыз. • Орнату және техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жүргізген кезде әрдайым жұмыс қолғабын киіңіз. • Бұл құрылғыны 8 жастағы және одан үлкен балалар, дене, сезу немесе ақыл-ой қабілеттері шектеулі тұлғалар немесе тәжірибесі мен білімі жоқ тұлғалар оны қауіпсіз жолмен пайдалануға қатысты нұсқау алып, ықтимал қауіптерді ұғынған жағдайда және бақылауда болғанда пайдалана алады. Балалардың басқару элементтерін өзгертуіне және құрылғымен ойнауына жол бермеу керек. • Тазалау және өз бетінше техникалық қызмет көрсету жұмыстарын балалардың бақылаусыз жүргізуіне болмайды. • Асүй сорғышы басқа газ жағу құрылғыларымен немесе басқа отындармен пайдаланылған кезде, құрылғы орнатылған

бөлме жеткілікті түрде желдетілуі қажет. • Сорғышты ішінен де, сыртынан да жүйелі түрде (КЕМ ДЕГЕНДЕ АЙЫНА БІР РЕТ) тазалау керек, әрдайым техникалық қызмет көрсету нұсқаулығында берілген нұсқауларды орындаңыз. • Сорғыштың тазалау стандарттарын және сүзгілерді алмастыру және тазалау бойынша ережелерді • ұстанбау нәтижесінде өрт туындауы мүмкін.Тамақты тікелей сорғыш астында жандыруға қатаң тыйым салынады. • Шамды ауыстыру үшін тек осы нұсқаулықтың «Техникалық қызмет көрсету/Шамдарды ауыстыру» бөлімінде көрсетілген шам түрін пайдаланыңыз. Ашық жалынды пайдалану сүзгілер үшін зиян және өрт қаупін туындатуы мүмкін, сондықтан оған ешқашан жол бермеу керек. Майдың шамадан тыс қызып немесе жанып кетпеуін қамтамасыз ету үшін, тамақты абайлап қуыру қажет. САҚ БОЛЫҢЫЗ: Сорғыштың қолжетімді бөліктері тамақ дайындау құрылғылары пайдаланылған кезде қызып кетуі мүмкін. • Орнату толық аяқталмайынша құрылғыны электр желісіне қоспаңыз. • Будың шығуына қарсы қолданылатын техникалық және қауіпсіздік шараларын ескере отырып, жергілікті билік органдары бекіткен ережелерді мұқият орындау маңызды. • Осы құрылғының түтік арқылы бағыттау жүйесін газ немесе басқа отынды жағатын құрылғылардан шыққан буларды шығару сияқты басқа да мақсаттарда пайдаланылатын кез келген қолданыстағы желдету жүйесіне жалғау қажет. Электр тогының соғу қаупіне байланысты шамы дұрыс бекітілмеген сорғышты пайдаланбаңыз және қалдырмаңыз. ЕСКЕРТУ! Бұрандаларды немесе бекіту құрылғысын осы нұсқауларға сәйкес орнатпау электрлік қауіптерге әкелуі мүмкін. • Торлары тиісті түрде бекітілмеген сорғышты ешқашан пайдаланбаңыз. • Арнайы көрсетілмейінше, сорғышты ЕШҚАШАН тірек беті ретінде пайдаланбаңыз. • Тек орнату үшін өніммен бірге берілген бекіту бұрандаларын пайдаланыңыз, егер берілмесе, бұранданың тиісті түрін сатып алыңыз. • Бұрандалардың орнату нұсқаулығында көрсетілген дұрыс ұзындығын пайдаланыңыз.

• Күмәндансаңыз, өкілетті қызмет көрсету бойынша жәрдем көрсету орталығына немесе тиісті маманданған тұлғаға хабарласыңыз. ЕСКЕРТУ! Бағдарламалаушымен, таймермен, бөлек қашықтан басқару жүйесімен немесе автоматты түрде қосылатын кез келген басқа құрылғымен қолданбаңыз.

ЕСКЕРТУ! Сорғыш құбыры сорғыш жинақтамасымен жеткізілмейді, оны бөлек сатып алу керек. Сорғышты қабырғадағы сорғыш құбырлары мен ауа шығаратын тесіктердей, сол диаметрдегі тесіктерге қосыңыз (біріктіруші фланец). Қабырғадағы сорғыш құбырлары мен кемдеу диаметрдегі тесікті пайдалану, сору қуатын нашарлатып, гүрілдеуін күшейтеді. ! Қажетті минималды ұзындықтағы түтікті қолданыңыз. ! Барынша көп иілімі бар түтікті қолданыңыз (иілімнің максималды бұрышы: 90°). ! Түтіктің көлденең қимасында түбегейлі өзгерістерді болдырмаңыз.

Электрлік және электрондық аспаптарды қайта пайдаға асыру жөніндегі 2012/19/EC - UK SI 2013 No.3113 Европалық директивке (WEEE) сәйкес берілген өнім таңбаланды. Берілген өнімді дұрыс қайта пайдаға асыруды қамтамассыз етумен, Сіз қоршаған ортаға және адам денсаулығына кері әсерін тигізу ді болдырмауға көмектесесіз.

Аспаптағы немесе жолдама құжаттағы таңбасы берілген аспапты қайта пайдаға асыруда әдеттегі тұрмыстық қалдық ретінде игеруге болмайтынын көрсетеді. Оның орнына электрлік және электрондық аспаптарды қайта пайдаға асыруға арналған қабылдау пунктіне тапсыру керек. Бұзуға тапсыру аспапты қайта пайдаға асыру жөніндегі жергілікті ережелерге сәйкес шығарылуы тиіс. Бұндай өнімдерді пайдалану, қайта пайдаға асыру ережелері жөнінде толық ақпаратты жергілікті әкімшілік орындарынан, қалдықтарды қайта пайдаға асыру қызметінен немесе берілген өнімді Сіз сатып алған дүкенен ала аласыз. Құрылғы келесілерге сай жобаланған, сыналған және жасап шығарылған: • Қауіпсіздік: EN/IEC 60335-1; EN/IEC 60335-2-31, EN/IEC 62233. • Өнімділік: EN/IEC 61591; ISO 5167-1; ISO 5167-3; ISO 5168; EN/IEC 60704-1; EN/IEC 60704-2-13; EN/IEC 60704-3; ISO 3741; EN 50564; IEC 62301. • EMC: EN 55014-1; CISPR 14-1; EN 55014-2; CISPR 14-2; EN/IEC 61000-3-2; EN/IEC 61000-3-3. Қоршаған ортаға әсерді азайту үшін дұрыс пайдалану туралы нұсқаулар: Әзірлеуді бастағанда қақпақты ең аз жылдамдықпен қосыңыз және әзірлеу аяқталғаннан кейін біраз минут бойы жұмыс істетіңіз. Жылдамдықта тек түтіннің және будың үлкен мөлшері жағдайында арттырыңыз және күшейту жылдамдығын(қтарын) тек шекті жағдайларда пайдаланыңыз. Жақсы жағымсыз иісті азайту тиімділігін сақтау үшін қажет болғанда көмір сүзгісін(лерін) ауыстырыңыз. Жақсы май сүзгісі тиімділігін сақтау үшін қажет болғанда май сүзгісін(лерін) ауыстырыңыз. Тиімділікті оңтайландыру және шуды барынша азайту үшін осы нұсқаулықта көрсетілген өткізу жүйесінің ең үлкен диаметрін пайдаланыңыз.

Сорғыш тамақ әзірлегенде пайда болатын түтін мен буды сорып алуға және тек тұрмыстық мақсатта қолдануға арналған. Сорғыш сыртқа ауа бұрғышы бар тарту желдеткіш ретінде, немесе iшкi қайта айналу сүзгiші ретінде пайдалануға арналған.

Сору нұсқасы Бу сыртқа біріктіруші фланецке қосылған сорғыш құбыр арқылы шығарылады.

ЕСКЕРТУ! Сорғыш құбырдың диаметрі біріктіруші сақинаның диаметрімен теңдес болу керек.

Ол үшін бір көмір сүгісі қажет, оны әдеттегі сатушылардан алуға болады. Сүзгі шығарылған ауаны жоғарғы шығыс торы арқылы бөлмеге қайта жіберу алдыда оны май мен иістерден тазартады.

• Сорғыштың төменгі қыры мен ыдыс астындағы тіреуіш жазықтығының ара қашықтығы электр плитасы үшін 50cm, ал газ немесе біріктірілген плиталар үшін 65cm ден кем болмауы тиіс. Егер нұсқауда газ плитасын орнатуға артығырақ ара қашықтық белгіленген болса, оны ескеріңіз. Электр қосулары

Желінің кернеуі аспаптың ішінде орналасқан тақтайшада белгіленген техникалық деректердей кернеуге сәйкес келуі керек. Егер сорғыш вилкамен жабдықталған болса, орнатылғаннан кейін де істеуге болатын, қол жетерлік жерде болуы тиіс, істеп тұрған ережелерге сәйкес алмалы-салмалы штепсельге сорғышты қосыңыз. Егер сорғыш вилкамен жабдықталмаған болса (желіге тура қосылу), немесе алмалы-салмалы штепсель орнатылғаннан кейін де қол жетерлік жерде болмаса, онда орнату нұсқауына сәйкес 3-дәрежедегі асқын кернеуді болдырмайтын және желінің толық ашылуын қамтамассыз ететін тиісті екіполюстік ажыратқышты пайдаланыңыз. ЕСКЕРТУ! қорек желісіне сорғыштың электрлік жүйесін қосу алдында қорек кабелі дұрыс монтаждалғанына көз жеткізіңіз. Суыру қалпағы арнайы нәр беруші сымжелімен жабдықталған. Сымжелі бұзылған жағдайда оны ауыстыру үшін тиісті қызмет көрсету орталықтарына барыңыз. Бекіту Орнатуды бастау алдында: • Өнімнің өлшемі орнату орны үшін дұрыс екенін тексеріңіз. • Белсенді көмір сүзгісін(лерін) (қамтылған болса) (басқа жерді қараңыз) алыңыз. Қақпақтың сүзгі нұсқасын пайдаланғыңыз келсе, оны/оларды алу керек. • Ішінде бұрандалар, кепілдік картасы, т.б. сияқты бар сөмкелер сияқты қақпақ ішіндегі қосалқы құралдарды (сонда оңай тасымалдау үшін орналастырылған) тексеріңіз. Оларды алып, қауіпсіз орында сақтаңыз. Сүзгі көптеген бекіткіштермен

қабырға/төбе түрлеріне сәйкес келетін (фиксаторлармен) қамтамасыздандырылған.

Алайда, материалдар берілген қабырға/төбе түріне сәйкестігіне көз жеткізу үшін білікті маманға жолығыңыз. Сүзгі салмағын көтере алатындай қабырға/төбе жеткілікті мықты болуы керек. Ескертпе: "(*)" таңбасы бар бөліктер тек кейбір үлгілермен берілетін (басқа жағдайларда берілмейтін), бірақ сатып алуға болатын қосымша аксессуарлар болып табылады.

Техникалық қызмет көрсету Тазалау Тазалау үшін ТЕК бейтарап жуғыш затпен суланған арнайы шүберекті пайдаланыңыз. ҚҰРЫЛҒЫНЫ НЕМЕСЕ ТАЗАЛАУ ҚҰРАЛЫН ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ! Абразиялық қоспасы бар затты пайдаланбаңыз. СПИРТТІ ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ! Барлық күтім көрсету жұмыстары кезінде әрқашан жұмыс қолғаптарын киіңіз.

Майды ұстап қалу сүзгіші 11-28 сурет Ас дайындаудағы май бөлшектерін ұстап қалады. Фильтрді ай сайын агрессивті емес жуғыш заттармен, қолмен немесе ыдысжуғыш машинада, төмен температурада, үнемді тазалау тәртібінде жуу керек. Ыдысжуғыш машинада жуылған май ұстайтын фильтр түссізденуі мүмкін, бірақ одан оның сүзгіш қасиеті мүлде өзгеріссіз қалады. Май сүзгісін алып тастау үшін серіппелі босату тұтқасын тартыңыз

Көмір сүзгіш (тек сүзгіш-сорғыш түрінде)

27-сурет Ас пісірген кезде жарамсыз иісті ұстап қалады. Көмір фильтрінің қанығуы, асүйдің түрі мен көмір фильтрінің жүйелі тазаланылуына байланысты ұзақ уақыт қолданғаннан кейін болады. Қандай жағдай болмасын, картриджді кемінде 4 ай сайын ауыстырып тұру қажет (немесе фильтрдің қанығу индикатор жүйесі, егер сіздің моделіңізге орнатылған болса, ауыстырудың қажет екенін көрсеткен жағдайда). Жууға немесе қалпына келтіруге БОЛМАЙДЫ. Құрастыру Көмір сүзгісін қақпақтың алдымен металл дөңес жерінің артына, одан кейін алдына екі түймемен іліңіз. Бөлшектеу Көмір сүзгісін қақпаққа 90° бұрышында ұстайтын тұтқаларды бұру арқылы алып тастаңыз. Көмір сүзгілерін сатып алу Көмір сүзгілерін Samsung қызметтік вебсайтынан және қызмет көрсету орталығынан сатып алуға болады. Осы нұсқаулықтың соңғы бетін қараңыз.

Шамдарды және/немесе басқару механизмін ауыстыру Корпус жарық диод технологиясына негізделген жарық жүйесімен жабдықталған. Жарық диодтары оңтайлы жарықты, әдеттегі шамдардан 10 есе артық ұзақтықты қамтамасыз етеді және 90% электр энергиясын сақтауға мүмкіндік береді. Ауыстыру үшін техникалық қызмет көрсету бөліміне хабарласыңыз.

T4. Жоғарғы және "Тездету" сору жылдамдығын (қуатын) таңдау түймесі Жоғарғы сору жылдамдығын (қуатын) таңдау үшін бір рет басыңыз (ЖШД қосулы); "Тездету" сору жылдамдығын (қуатын) таңдау үшін тағы басыңыз (ЖШД жыпылықтайды). Ескертпе: Тездетіп сору жылдамдығы (қуаты) шамамен 5 минутқа созылып, одан кейін жоғарғы сору жылдамдығы (қуаты) автоматты түрде орнатылады. T5. Автоматты түрде өшіру түймесі (Таймер): Қосулы сору жылдамдығын (қуатын) автоматты түрде өшіруді орнату үшін осы т үймені басыңыз: Төменгі сору жылдамдығы (қуаты): 20 минут Орташа сору жылдамдығы (қуаты): 15 минут Жоғарғы сору жылдамдығы (қуаты): 10 минут T6. Шамды ҚОСУ/ӨШІРУ түймесі Көмір сүзгісінің толғанын көрсететін индикаторды іске қосу Бұл индикатор әдетте өшірулі болады. Оны іске қосу үшін бағдарламалау үшін, мыналарды орындаңыз: Түтін тартқыш өшірулі болған кезде T2 және T3 түймелерін бірге басып тұрыңыз: T2+T3 қосқышы ҚОСЫЛАДЫ, түтін тартқыш "БИП" деген сигнал шығарып, көмір сүзгісінің толғанын көрсететін индикатор қосылады Көмір сүзгісінің толғанын көрсететін ЖШД индикаторын өшіру: жоғарыда сипатталған әрекетті қайталаңыз;T2+T3 жыпылықтайды, (сосын тек T2), түтін тартқыштан "БИП" деген сигнал шығады, көмір сүзгісінің толғанын көрсететін индикатор өшеді.

Өндіруші туралы ақпарат

Өндіруші / Производитель: Samsung Electronics Co., Ltd. / Самсунг Электроникс Ко., Лтд. Өндіруші мекенжайы: (Маетан-донг) 129, Самсунг-ро, Йонгтонг-гу, Сувон-си, Гйонгги-до, Корея, 16677 Зауыттың мекен-жайы / Адрес завода: 1) Орналасқан орны Монтироне 60030 МЕРГО (АНКОНА) ИТАЛИЯ 2) Инжинерска көш., 3, 55221 ЕЛЬЧӨндірілген мемлекет / Страна производства : Италия, Польша ЛЯСКОВИЦЕ – ПОЛЬША Қазақстан Республикасында шағымдар мен ұсыныстар қабылдайтын мекеме / Адрес для жалоб и предложений в Казахстане: Қазақстан Республикасы, 050059, Алматы қ., Медеу ауданы, Әл-Фараби д-лы, 36-үй, 3, 4-қабат / Республика Казахстан, 050059, г. Алматы, Медеуский район, пр. Аль-Фараби, д. 36, 3, 4 этажи

Түтін тартқыштың функцияларын таңдау үшін мына басқару элементтерін түртсеңіз болғаны: T1. Сору моторын ҚОСУ/ӨШІРУ түймесі T2. Төменгі сору жылдамдығын (қуатын) таңдау түймесі Май сүзгісінің толғанын көрсететін индикатор Жыпылықтаған кезде май сүзгісіне техникалық күтім көрсетіңіз; сосын жыпылықтайды тоқтату үшін T1 түймесін ұзақ басып тұрыңыз (түтін тартқыш ҚОСУЛЫ кезде). T3. Орташа сору жылдамдығын (қуатын) таңдау түймесі Көмір сүзгісінің толғанын көрсететін индикатор Жыпылықтаған кезде көмір сүзгісіне (орнатылған болса) техникалық күтім көрсетіңіз; сосын жыпылықтайды тоқтату үшін T1 түймесін ұзақ басып тұрыңыз (түтін тартқыш ҚОСУЛЫ кезде).