IC-BLE - Электр құралдарына арналған аксессуарлар HILTI - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз IC-BLE HILTI PDF форматында.
| Өнім түрі | Bluetooth байланыс модулі |
| Бренд | Hilti |
| Модель | IC-BLE |
| Өлшемдері (Ұ x Е x Б) | 50 x 30 x 15 мм |
| Салмағы | 30 г |
| Қуат көзі | CR2032 батарейка (кірістірілген) |
| Батарейканың қызмет ету мерзімі | Қалыпты пайдалану кезінде шамамен 1 жыл |
| Bluetooth ауқымы | Ашық кеңістікте 30 м-ге дейін |
| Bluetooth нұсқасы | Bluetooth Low Energy 5.0 |
| Жұмыс температурасы | -10 °C-тан 50 °C-қа дейін |
| Рұқсат етілген салыстырмалы ылғалдылық | 0 %-дан 95 %-ға дейін (конденсациясыз) |
| Негізгі функциялары | Hilti құралдарымен сымсыз байланыс, қолданба арқылы микробағдарламаны жаңарту, құралдарды қадағалау |
| Күтім және тазалау | Құрғақ, түксіз шүберекпен тазалау |
| Қауіпсіздік | Судың немесе экстремалды температураның әсеріне ұшыратпау |
| Қосалқы бөлшектер және жөндеу мүмкіндігі | Қолданушы алмастыра алатын батарейка |
| Кепілдік | 2 жыл |
| Өндіріс елі | Германия |
Жиі қойылатын сұрақтар - IC-BLE HILTI
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы IC-BLE HILTI
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Электр құралдарына арналған аксессуарлар PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз IC-BLE - HILTI және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. IC-BLE брендінің HILTI.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ IC-BLE HILTI
Түпнұсқа пайдалану бойынша нұсқаулық
1 Пайдалану бойынша нұсқаулық туралы мәліметтер
1.1 Осы пайдалану бойынша нұсқаулық туралы
EAC
Импорттаушы және өндірушінің өкілетті ұйымы
• (RU) Ресей Федерациясы "Хилти Дистрибьюшн ЛТД" АҚ, 141402, Мәскеу облысы, Химки қ., Ленинградская к-сі, 25-бет, 15.26-құрылымы • (BY) Беларусь Республикасы "Хилти БиУай" ЖШС, 222750, Минск облысы, Дзержин ауданы, Р-1, 18 км, 2 (Слободка ауылының жанында), 1-34 құрылымы • (KZ) Қазақстан Республикасы "Хилти Қазақстан" ЖШС, 050057, Алматы қ., Бостандық ауданы, Тимирязев к-сі, 42/15 үй, литер 012 (15 корпус) • (KG) Қырғыз Республикасы "T AND T" ЖШК, 720021, Қырғызстан, Бішкек қ., Ибраимов көш., 29 А үйі • (AM) Армения Республикасы "ЭЙЧ-КОН" ЖШК, 0070, Ереван қ., Ерманда Кочар к-сі, 19/28
Өндірілген елі: жабдықтағы белгілеу тақтайшасын қараңыз.
Өндірілген күні: жабдықтағы белгілеу тақтайшасын қараңыз.
Тиісті сертификатты мына мекенжай бойынша табуға болады: www.hilti.ru
Сақтау, тасымалдау және пайдалану шарттарына пайдалану бойынша нұсқаулықта белгіленгеннен басқа арнайы талаптар қойылмайды.
Өнімнің қызмет ету мерзімі 5 жыл.
- Ескерту! Өнімді пайдаланбас бұрын өніммен бірге берілген пайдалану бойынша нұсқаулықты, соның ішінде нұсқаулар, қауіпсіздік және ескерту нұсқаулары, суреттер мен спецификацияларды міндетті түрде оқып шығыңыз және түсініп алыңыз. Барлық нұсқаулар, қауіпсіздік және ескерту нұсқаулары, суреттер, спецификациялар, сондай-ақ құрамдас бөлшектер және функциялармен танысып шығыңыз. Бұл нұсқау орындалмаған жағдайда, ток соғу, өрт және/немесе ауыр жарақат алу
қаупі туындайды. Пайдалану бойынша нұсқаулықты, соның ішінде барлық нұсқауларды, қауіпсіздік және ескерту нұсқауларын кейін пайдалану үшін сақтап қойыңыз.
- Өнімдер кешені пайдаланушыларға арналған және оларды тек қана өкілетті, білікті қызметкерлер пайдалануы, күтім және техникалық қызмет көрсетуі тиіс. Қызметкерлер қауіпсіздік техникасы бойынша арнайы нұсқау алуы керек. Өнім мен оның қосалқы құралдарын басқа мақсатта қолдану немесе олардың оқытылмаған қызметкерлердің тарапынан пайдаланылуы қауіпті.
- Берілген пайдалану бойынша нұсқаулық басып шығарылған мезетте техниканың ағымдағы жағдайына сәйкес келеді. Ағымдағы нұсқа әрдайым Hilti өнімдерінің веб-сайтында қолжетімді. Ол үшін осы пайдалану бойынша нұсқаулықтағы деп белгіленген сілтемеге өтіңіз немесе QR кодын сканерлеңіз.
- Өнімді басқа тұлғаларға тек осы пайдалану бойынша нұсқаулықпен бірге беріңіз.
1.2 Шартты белгілердің анықтамасы
1.2.1 Ескерту
Ескертулер өнімді қолдану барысындағы қауіптер туралы ескертеді. Төмендегі сигналдық сөздер пайдаланылады:

ҚАУІПТІ
ҚАУІПТІ!
▶ Ауыр жарақаттарға әкелетін немесе өмірге қауіп төндіретін тікелей қауіпті жағдайдың жалпы белгіленуі.

ЕСКЕРТУ
ЕСКЕРТУ!
- Ауыр жарақаттарға әкелуі немесе өмірге қауіп төндіруі мүмкін ықтимал қауіпті жағдайдың жалпы белгіленуі.

АБАЙЛАҢЫЗ
АБАЙЛАҢЫЗ!
Жарақат алуға немесе мүліктің зақымдалуына әкелуі мүмкін ықтимал қауіпті жағдайдың жалпы белгіленуі.
1.2.2 Пайдалану бойынша нұсқаулықтағы белгілер
Бұл пайдалану бойынша нұсқаулықта төмендегі белгілер пайдаланылады:

Аспапты пайдалану бойынша нұсқаулар және басқа пайдалы ақпарат

Қайта пайдалануға болатын материалдармен жұмыс істеу

Электр аспаптарды және аккумуляторларды тұрмыстық қоқысқа тастамаңыз
1.2.3 Суреттердегі белгілер
Суреттерде төмендегі белгілер қолданылады:
| 2 | Бүл сандар осы пайдалану бойынша нүсқаулықтың басындағы тиісті суретке сәйкес келеді. |
| 3 | Нөмірлеу суреттегі жұмыс қадамдарының реттілігін білдіреді және мәтіндегі жұмыс қадамдарынан өзгешеленуі мұмкін. |
| 11 | Позиция нөмірлері Шолу суретінде қолданылады және Өнімге шолу мақаласындағы шартты белгілердің нөмірлеріне сілтейді. |
| ! | Аталмыш белгілер өнімді қолдану барысында айрықша назарыңызды аудартады. |
1.3 Өнімге қатысты белгілер
1.3.1 Өнімдегі белгілер
Өнімде төмендегі белгілер пайдаланылуы мүмкін:


Құрылғы iOS және Android платформаларымен үйлесімді NFC технологиясын қолдайды.
Өнім бар болған жағдайда, өнім АҚШ пен Канадалық нарықтар үшін осы сертификаттау органдарында қолданыстағы стандарттарға сәйкес сертификатталады.
1.4 Өнім туралы ақпарат
HILTI өнімдері кәсіби пайдаланушыларға арналған және оларды тек қана өкілетті, білікті қызметкерлер пайдалануы, күтім және техникалық қызмет көрсетуі тиіс. Қызметкерлер қауіпсіздік техникасы бойынша арнайы нұсқау алуы керек. Өнім мен оның қосалқы құралдарын басқа мақсатта қолдану немесе олардың оқытылмаған қызметкерлердің тарапынан пайдаланылуы қауіпті. Түр сипаттамасы мен сериялық нөмір фирмалық тақтайшада берілген.
Сериялық нөмірді төмендегі кестеге көшіріп қойыңыз. Өнім туралы мәліметтерді өкілдігімізге немесе қызмет көрсету бөлімімізге сұрау беру арқылы алуға болады.
Өнім туралы мәліметтер
| Bluetooth модулі Жын: IC-BLE | Қабылдағыш модуль: IC-RCҚашықтан басқару пульті: IC-RM |
| Буын | 01 |
| Сериялық нөмір |
1.5 Сәйкестілік декларациясы
Өндіруші осы нұсқаулықта сипатталған өнімнің қолданыстағы заңнамаға және қолданыстағы стандарттарға сәйкес екендігін толық жауапкершілікпен жариялайды. Сәйкестілік декларациясының көшірмесі осы құжаттаманың соңында орналасқан.
Техникалық құжаттама мына жерде сақталады:
2.1 Қауіпсіздік бойынша жалпы нұсқаулар
Қауіпсіздік техникасы бойынша барлық нұсқауларды және жалпы нұсқауларды оқып шығыңыз. Қауіпсіздік бойынша барлық нұсқауларды және жалпы нұсқауларды келесі пайдаланушы үшін сақтап қойыңыз.
Сақ болыңыз, не істеп жатқаныңызды қадағалаңыз және аспаппен жұмыс істегенде ақылды пайдаланыңыз. Өнімді шаршап тұрған күйде немесе есірткі, алкоголь немесе дәрі әсерінде болған кезде пайдаланбаңыз. Өніммен жұмыс істегендегі бір сәт зейінсіздік ауыр жарақат алуға әкелуі мүмкін. Электр құралдары мен керек-жарақтарға ұқыпты қараңыз. Айналмалы бөліктердің мүлтіксіз қызмет ететінін, олардың жүрісінің жеңілдігін, барлық бөліктердің тұтастығын және электр құралының жұмысына теріс әсер етуі мүмкін зақымдардың жоқтығын тексеріңіз. Аспаптың зақымдалған бөліктерін оны қолдану алдында жөндеуге өткізіңіз. Электр құралына техникалық қызмет көрсету ережелерін сақтамау көп сәтсіз жағдайлардың себебі болып табылады. - Өнімді жаңбырдан немесе ылғал әсерінен қорғаңыз. Электр құралға су кіруінің нәтижесінде электр тогының соғу қаупі артады. - Өнімді жөндеу жұмысын тек түпнұсқа қосалқы бөлшектерді қолданатын білікті қызметкерлерге сеніп тапсырыңыз. Осылайша модуль қауіпсіздігінің сақталуын қамтамасыз етесіз. ▶ Өнімді балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
2.2 Өнімге тән қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар
Қаптама ішіндегісінің бүтіндігі мен толықтығын тексеріп шығыңыз. Егер кемшіліктер немесе өнімнің жұмысқа дайын болуына әсер ететін ақаулар байқалса, оларды білікті қызметкерлер жоюы тиіс.
▶ Өнімнің тиісінше монтаждалуын және бекітілуін қамтамасыз етіңіз.
2.3 Қауіпсіздік техникасы бойынша қосымша ережелер
Электр құралына орнатқан кезде тұтқалар мен басқа да қолмен ұстайтын беттер бұғатталмағанына және электр құралын ары қарай берік ұстап тұру мүмкін болғанына көз жеткізіңіз. - Қашықтан басқару пультін электр құралдарының айналмалы бөліктеріне және қол немесе иық сияқты дене мүшелеріне бекітпеңіз. - Өнім қолданыстағы директивалардың қатал талаптарына сәйкес келсе де, Hilti компаниясы өнімде қатты электрмагниттік сәулеленуден туындайтын кедергілердің пайда болуын толықтай есептен шығара алмайды. Бұл пайдаланудағы қателіктерді тудыруы мүмкін. Сонымен қатар Hilti компаниясы басқа электр аспаптармен (мысалы, ұшақтың навигациялық аспаптары) өзара әрекеттесу мүмкіндігін де есептен шығара алмайды.
2.4 Түймелі элементтерге күтіммен қарау және оларды дұрыс пайдалану
Түймелі элементтерді ешқашан жұтпаңыз. Түймелі элемент жұтылған жағдайда, 2 сағат ішінде ауыр химиялық күйіктер пайда болып, жұтқан адам қаза табуы мүмкін. Түймелі элементтердің балалардың қолына түспеуін қадағалаңыз. Түймелі элементтің жұтылғанына немесе денеге басқа жолмен кіргеніне күмәніңіз бар болса, жергілікті токсикологиялық орталыққа қоңырау шалып, емделу туралы ақпарат алыңыз. - Тек осы пайдалану бойынша нұсқаулықта келтірілген түймелі элементтерді пайдаланыңыз. Ешқандай басқа түймелі элементтерді немесе басқа қуат көзін пайдаланбаңыз. - Қайта зарядталмайтын түймелі элементтерді қайта зарядтауға тыйым салынады. Түймелі элементтің саңылаусыздығы бұзылуы, ол жарылуы, өртенуі және адамдарға жарақат тигізуі мүмкін. - Түймелі элементтің зарядын шығаруға, оны зарядтауға, бөлшектеуге немесе өртеуге тыйым салынады. Түймелі элементті өндіруші белгілеген максималды температурадан жоғары қыздыруға тыйым салынады. Әйтпесе газ шығуынан, жылыстаудан немесе жарылыстан жарақат алу қаупі пайда болып, адам химиялық әсерден күйіп қалуы мүмкін. Пайдаланылған түймелі элементтерді шығарып алыңыз да, жергілікті ережелерге сәйкес дереу қайта өңдеуге беріңіз немесе кәдеге жаратыңыз. Түймелі элементтерді балалардан алшақ ұстаңыз. Түймелі элементтерді тұрмыстық қоқысқа тастауға және өртеуге ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ. Заряды таусылған түймелі элементтердің саңылаусыздығы бұзылуы және олар өнімге зақым келтіруі немесе адамдарға жарақат тигізуі мүмкін. ▶ Пайдаланылған түймелі элементтер де ауыр жарақат алуға немесе өлімге әкелуі мүмкін. Пайдаланылған түймелі элементтерге жаңаларымен бірдей қараңыз. Зақымдалған түймелі элементке су тигізбеңіз. Шыққан литий мен су байланысының нәтижесінде сутек пайда болып, бұл өртке, жарылысқа немесе адамдардың жарақаттануына әкелуі мүмкін.
3.1 Өнімге шолу 1

Қабылдағыш модуль (IC-RC)
① Бекіткіш бұрандаға арналған саңылау
③ Bluetooth басқару түймесі
④ ҚОСУ/ӨШІРУ басқару түймесі
⑦ Жапқыш резеңке (сорғыш шлангіге немесе электр құралына монтаждау)
3.2 Мақсатына сай қолдану
Сипатталған өнім Hilti сорғыштарын қосалқы жабдықтау үшін пайдалануға болатын қашықтан басқару пульті бар Bluetooth қабылдағыш модулі болып табылады. Ол сорғышты сымсыз қосып өшіруге арналған.
▶ Қашықтан басқару пульті сорғыш шлангіге монтаждауға арналған.
3.3 Жеткізілім жинағы
Қашықтан басқару радио пульті, қабылдағыш модуль, бекіткіш бұранда (2 дана), жапқыш резеңке, пайдалану бойынша нұсқаулық

Оған қоса өніміңіз үшін рұқсат етілген жүйелік өнімдерді Hilti Store дүкенінде немесе мына веб-сайттан табуға болады: www.hilti.group
3.4 Bluetooth®
Bluetooth® сөз белгісі және кескін белгілері (логотиптер) Bluetooth SIG, Inc. корпорациясының тіркелген сауда белгілері және жеке меншігі болып табылады. Аталмыш сөз белгісінің/кескін белгілерінің Hilti акционерлік қоғамының тарапынан кез келген жолмен пайдаланылуы лицензия бойынша жүзеге асады.
Bluetooth сымсыз дерек таратуға мүмкіндік береді, Bluetooth функциясына қолдау көрсететін екі өнім қысқа арақашықтықта бір-бірімен дерек алмаса алады.
Hilti Bluetooth модулі зауытта бірге берілген қашықтан басқару пультімен жұптастырылған және қолданысқа енгізу кезінде автоматты түрде байланыстырылады.
3.5 BLE-Mute функциясы
BLE-Mute функциясы қашықтан басқару пульті мен сорғыштағы қабылдағыш модуль арасындағы радио байланысты уақытша үзеді. Бұл режимді, мысалы, ұшақтарда тасымалдау кезінде немесе, мысалы, ауруханаларда жұмыс істеген кезде іске қосыңыз.
→ BLE-Mute функциясын іске қосу: ҚОСУ/ӨШІРУ басқару түймесін 10 секунд басып тұрыңыз.
→ BLE-Mute функциясын ажырату: ҚОСУ/ӨШІРУ басқару түймесін 3 секунд басып тұрыңыз.

BLE-Mute функциясын ажыратқан кезде, қашықтан басқару пульті мен қабылдағыш модуль арасындағы жұптасуды қалпына келтіру үшін, автоматты түрде жұптастыру режимі іске қосылады.
3.6 Жарық диодты индикатордың жарық сигналы
Қашықтан басқару пульті мен қабылдағыш модульде әртүрлі жұмыс күйлерін көрсете алатын жарық диодты индикаторлар бар.

Қашықтан басқару пультіндегі жарық диоды, ҚОСУ/ӨШІРУ басқару түймесі басылғанда жанады.
Төмендегі жарық диодты сигналдар іске қосылуы мүмкін:
| Жарық, диодты сигнал Сипаттамасы | |
| Қашықтан басқару пульті немесе қабылдағыш модуль:Жарық, диоды жанбайды | А опциясы: BLE-Mute функциясы іске қосылған.В опциясы: Түймелі элементтің заряд деңгейі тым төмен немесе қабылдағыш модуль сорғышқа тиісінше қондырылмаған. |
| Қабылдағыш модуль:Жарық, диоды жылтылдайды (шамамен 2 секундық, аралықта) | Қашықтан басқару пульті мен қабылдағыш модуль жұптастырылған және тиісінше жұмыс істеп түр.Бүл күй қалыпыты жұмыс режимі болып табылады. |
| Қашықтан басқару пульті немесе қабылдағыш модуль:Жарық, диоды жылдам жыпылықтайды | Жұптастыру режимі белсенді.Қашықтан басқару пульті мен қабылдағыш модуль зауыпта бір-бірімен жұптастырылған. Алғаш рет қолданыскқа енгізген кезде, қалыпыты жұмыс режимінің индикаторы тікелей пайда болады. |
4 Техникалық сипаттамалар
4.1 Өнім сипаттары

Тек IEC 62368-1 стандартына сәйкес шектеулі қуатқа (ES1 PS1) ие электр қуаты көздерін пайдаланыңыз.
| IC-RC IC-RM | ||
| Номиналды кернеу | 3,3 В 3,3 В | |
| Номиналды ток | 50 мА 20 мА | |
| Батарея | •/• CR2032 | |
| Габаритті өлшемдері (¥×Ε×Б) | 62 мм × 43 мм × 14 мм | 40 мм × 37 мм × 21 мм |
| Жұмыс температурасы | -15 °C ... 50 °C | -15 °C ... 50 °C |
| Сақтау температурасы | -20 °C ... 70 °C | -20 °C ... 70 °C |
| Сигналдың алыстығы (сыртқы шарттарға қарай қатты өзгешеленуі мүмкін) | 30 м | 30 м |
4.2 Bluetooth
| Байланыс стандарты | Bluetooth® 5 |
| Жилік | 2404 ГГц ... 2480 ГГц |
| Максималды сәулелену күші | 4 дБм |
5 Қызмет көрсету
5.1 Қабылдағыш модульді монтаждау

Бекіткіш бұрандаларды тарту және босату үшін әрдайым бұрауышты пайдаланыңыз. Бекіткіш бұрандаларды барынша мықтап тартыңыз. Бұрандаларды бұрап кіргізбес бұрын, бұранда ирек ойманың бағыты бойынша тура кіргенше, сағат тілінің бағытына қарсы жартылай бұраңыз. Осылайша бұранда бастиегі мен бұранда қалпағының тозуына жол бермейсіз.
- Сорғыш жапқышының 2 бекіткіш бұрандасын босатыңыз.
- Жапқышты алып тастаңыз.
- Ашаны уяға салыңыз.
▶ Штепсельдік қосылымның кодталуына назар аударыңыз. ▶ Аша тіреледі.
- Қабылдағыш модульді бекіткішке салыңыз.
- Қабылдағыш модульді 2 бекіткіш бұрандамен бекітіңіз.
- Қашықтан басқару пультін сорғыш шлангіге орнатыңыз.
- Қашықтан басқару пультін жапқыш резеңкенің көмегімен қысыңыз.
5.2 Қашықтан басқару пульті мен қабылдағыш модульді жұптастыру
Бір жиынтықтағы қашықтан басқару пульті мен қабылдағыш модуль зауытта бір-бірімен жұптастырылған. Мысалы, екі компоненттің бірін ауыстырған немесе қайта жабдықтаған кезде екі өнімді қолмен жұптастыруға болады. Жұптастыру режимі, сондай-ақ BLE-Mute режимін ажыратқан кезде іске қосылады.
- Жұптастырылатын өнімдердегі (қашықтан басқару пульті мен қабылдағыш модуль) басқару түймелерін 3 секунд басып тұрыңыз.
Жарық диодты индикатор жыпылықтайды (қашықтан басқару пульті мен қабылдағыш модуль).

Өнімдер жұптасуға жарамды серіктесті ең көбі 30 секунд іздейді. Егер жұптасуға жарамды серіктес қол жеткізуге болатын шеңберде болса, жұптастыру режимі аяқталады.
- Жұптастыру әрекеті аяқталғанша күтіңіз.
Жарық диодты индикатор жылтылдағаннан кейін (қабылдағыш модуль), жұптастыру әрекеті аяқталады.
Қашықтан басқару пультінің көмегімен сорғышты қашықтан қосып өшіруге болады. Қашықтан басқару пультін сорғыш шлангіге немесе электр құралына жапқыш резенкенің көмегімен бекітуге болады. Айтылған беттер немесе сақтандырғыш құрылғылардың бұғатталмағанын қадағалаңыз.
- Сорғышты Bluetooth жұмыс режиміне орнатыңыз.
▶ Сорғыштың пайдалану бойынша нұсқаулығындағы нұсқауларды орындаңыз.
- Қосу немесе өшіру үшін ҚОСУ/ӨШІРУ басқару түймесін басыңыз.
- Батарея бөлімінің қақпағын арнайы құралдың (мысалы, тиын) көмегімен ашыңыз.
- Заряды таусылған батареяны шығарыңыз.
- Жаңа батареяны, + полюсін жоғары қаратып, батарея бөліміне салыңыз.
▶ Батарея түрі: Түймелі элемент CR2032
- Батарея бөлімін қақпақпен жабыңыз.
6 Күтім және техникалық қызмет көрсету
ЕСКЕРТУ
Ток соғу қаупі бар! Желілік аша енгізіліп тұрған кезде күтім және техникалық қызмет көрсету ауыр жарақаттарға және өртке апарып соғуы мүмкін.
▶ Кез келген күтім және техникалық қызмет көрсету жұмысын орындамас бұрын желілік ашаны әрдайым суырып алыңыз!
Аспапты күту
- Қатты жабысқан кірді мұқият кетіріңіз.
- Желдету ойықтарын құрғақ қылшақпен жайлап тазалаңыз.
- Корпусты тек сәл суланған шүберекпен тазалаңыз. Ешқандай силикон қамтитын күтім құралдарын пайдаланбаңыз, өйткені олар пластмасса бөлшектерін зақымдауы мүмкін.
Техникалық қызмет көрсету

ЕСКЕРТУ
Ток соғу қаупі! Электрлік құрамдас бөлшектерді қате жөндеу ауыр жарақаттану мен өртке апарып соғуы мүмкін.
- Аспаптың электр бөлігін жөндеуді тек маман-электрикке тапсырыңыз.
- Барлық кезекерінетін бөлшектерде зақымдардың бар-жоғын және басқару элементтерінің ақаусыз жұмысын жиі тексеріп тұрыңыз.
- Өнім зақымдалған және/немесе ақаулы болған жағдайда оны пайдаланушы болмаңыз. Бірден Hilti қызмет көрсету орталығына жөндетіңіз.
- Күтім және техникалық қызмет көрсету жұмыстарынан кейін барлық қорғауыш құрылғыларды орнатып, жұмысын тексеріңіз.

Қауіпсіз қолдану үшін тек түпнұсқа қосалқы бөлшектер мен жұмсалатын материалдарды қолданыңыз. Біз рұқсат еткен қосалқы бөлшектер, шығын материалдары мен өнімге арналған керек-жарақтар Hilti Store дүкенінде немесе келесі веб-сайтта қолжетімді: www.hilti.group.
7 Тасымалдау және сақтау
Тасымалдау
▶ Аталмыш өнімді енгізілген құралмен бірге тасымалдамаңыз. ▶ Тасымалдау кезінде өнімнің берік бекітілгеніне көз жеткізіңіз. ▶ Әр тасымалдағаннан кейін көзге көрінетін барлық бөліктерде зақымдардың бар-жоғын және басқару элементтерінің ақаусыз жұмысын тексеріп тұрыңыз.
Сақтау
▶ Аталмыш өнімді әрдайым желілік ашасын ажыратып сақтаңыз. Аталмыш өнімді құрғақ күйінде және балалар мен рұқсаты жоқ адамдардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз. ▶ Ұзақ уақыт сақтағаннан кейін көзге көрінетін барлық бөліктерде зақымдардың бар-жоғын және басқару элементтерінің ақаусыз жұмысын тексеріп шығыңыз.
8 Ақаулықтардағы көмек
Сорғышта ақаудың орын алу ықтималдылығын тексеріңіз және сорғыштың пайдалану бойынша нұсқаулығындағы ақауларды жою туралы нұсқауларды оқып шығыңыз.
Бұл кестеде келтірілмеген немесе өзіңіз түзете алмайтын ақаулар орын алғанда, Hilti қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
| Ақаулық ықтимал себеп | Шешім | |
| Басқару түймесі басылғанда, жарық диоды жанбайды | Түймелі элемент заряды таусылған | ▸Қашықтан басқару пультінің батареясын алмастырыңыз.180 |
| Қашықтан басқару пульті ақаулы | ▸Hilti қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. | |
| Жарық диоды жанбайды (аспап ажыратқышы AUTO күйінде) | Қабылдағыш модульдің кабелі сорғышқа дұрыс салынбаған | ▸Штепсельдік қосылым мен кабельдің тиісінше монтаждалғанын немесе оларда ақаулардың бар-жоғын тексеріңіз. |
| Қабылдағыш модуль дұрыс монтаждалмаған | ▸Қабылдағыш модульді сорғышқа монтажданыз.179 | |
| Қабылдағыш модуль ақаулы | ▸Hilti қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. | |
| Сорғыш жұмыс істемей түр және/немесе қашықтан басқару пультіндегі енгізілімдерге жауап қайтармайды | Түймелі элемент заряды таусылған | ▸Қашықтан басқару пультінің батареясын алмастырыңыз.180 |
| Ақаулық branchingимал себеп | Шешім | |
| Сорғыш жұмыс істемей түр және/немесе қашықтан басқару пультіндегі енгізілімдерге жауап қайтармайды | Қабылдағыш модуль мен қашықтан басқару пультінің арасында байланыс жоқ | ▸ Қашықтан басқару пульті мен қабылдағыш модуль жұптастырылғанына көз жеткізіңіз. |
| ▸ Қашықтан басқару пультін қабылдағыш модульмен қайтадан жұптастырыңыз.180 | ||
| Жұптастыру әрекеті догарылды немесе сәтсіз аяқталды | ▸ Жұптастыру әрекетін қайталаныз 180. | |
| Сорғышта ақау көзі бар ▶ Сорғыштың пайдалану бойынша нұсқаулығындағы ақауларды жою туралы нұсқауларды оқып шығыңыз. | ||
9 Кәдеге жарату
Hilti аспаптары қайта өңдеу үшін жарамды көптеген материалдардың санын қамтиды. Кәдеге жарату алдында материалдарды мұқият сұрыптау керек. Көптеген елдерде Hilti компаниясы ескі аспабыңызды қайта өңдеу үшін қайта қабылдайды. Hilti қызмет көрсету орталығынан немесе дилеріңізден сұраңыз.

Электр құралдарды, электрондық құрылғылар мен аккумуляторларды тұрмыстық қоқыспен бірге тастамаңыз!
10 Өндіруші кепілдігі
▶ Кепілдік шарттары туралы сұрақтарыңыз болса, жергілікті Hilti серіктесіне жолығыңыз.
11 Қосымша ақпарат
Кужаттаманың соңында Bluetooth функциясы бойынша елге тән рұқсат белгілері келтірілген.
12 FCC нұсқауы (АҚШ-та жарамды) / IC нұсқауы (Канадада жарамды)

Аталмыш аспап АҚШ Федералдық байланыс комиссиясы (FCC) ережелерінің 15-тарауында бекітілген А класты сандық құрылғыларға арналған шектік мәндердің сынағынан сәтті өтті. Бұл шектік мәндер, коммерциялық аймақтарда жұмыс істеген кезде, электрмагниттік кедергілерден тиісті қорғанысты қамтамасыз етуі тиіс. Бұл түрге жататын құрылғылар жоғары жиіліктерді жасайды және қолданады және олар сәуле таратуы мүмкін. Сондықтан оларды орнату және пайдалану нұсқауларға сай орындалмаса, олар радиобағдарламаларды қабылдауға кедергілер тудыруы мүмкін. Аталмыш аспаптың тұрғын аймақтарда қолданылуы түзету үшін пайдаланушы жауапты болатын ақаулықтарды тудыруы мүмкін.
Аталмыш құрылғы FCC ережелерінің 15-тармағына және ISED ұйымның RSS-210 спецификацияларына сәйкес келеді.
Іске қосу төмендегі екі шарттарға сәй болуы керек:
- Осы аспап ешқандай зиянды сәулелерді шығаруы мүмкін емес.
- Аспап барлық сәулелерді, соның ішінде қажетсіз әрекеттерге әсер ететін сәулелерді қабылдауы керек.

Hilti компаниясы рұқсат етпеген өзгертулер немесе модификациялар пайдаланушының аспапты пайдалану құқықтарын шектеуі мүмкін.