Authentic+ XP384E - Кофе машинасы KRUPS - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз Authentic+ XP384E KRUPS PDF форматында.
| Өнім түрі | Түйіршіктері бар автоматты кофе машинасы |
| Бренд | Krups |
| Модель | Authentic+ XP384E |
| Түсі | Қара және күміс |
| Өлшемдері (Ұ x Е x Б) | 43 x 30 x 38 см |
| Салмағы | 10 кг |
| Қуат көзі | 220-240 В, 50-60 Гц |
| Қуаты | 1450 Вт |
| Су ыдысының сыйымдылығы | 1,8 л |
| Дән ыдысының сыйымдылығы | 250 г |
| Максималды қысым | 15 бар |
| Негізгі функциялары | Эспрессо, лунго, бу, ыстық су |
| Бағдарламаланады | Иә (судың кермектігі, температура, мөлшер) |
| Сүт көбіктегіш | Кіріктірілген, бағытталатын |
| Қайнату тобы алынбалы | Иә, сумен жууға болады |
| Кетіру көрсеткіші | Иә |
| Автоматты тоқтату | Иә |
| Күтім және тазалау | Автоматты тазалау, бағытталған кетіру |
| Қауіпсіздік | Қысымды бұғаттау, автоматты тоқтату |
| Қосалқы бөлшектер | Қол жетімді (су сүзгісі, тығыздағыштар, қайнату тобы) |
| Жөндеу мүмкіндігі | Жөндеу индексі: 7.5/10 (бағалау) |
| Қаптаманың мазмұны | Машина, нұсқаулық, өлшеуіш, су сүзгісі, май құбыры |
| Өндіруші кепілдігі | 2 жыл |
Жиі қойылатын сұрақтар - Authentic+ XP384E KRUPS
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы Authentic+ XP384E KRUPS
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Кофе машинасы PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз Authentic+ XP384E - KRUPS және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. Authentic+ XP384E брендінің KRUPS.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ Authentic+ XP384E KRUPS
A Алынбалы 2 л су ыдысы B Шыныаяқ ұстағыш науа C Қосу/Өшіру түймесі D Басқару панелі
D1.1 Кофе мен ыстық суды (тек XP384 моделінде) таңдау түймесі D1.2 Кофе индикатор шамы D2.1 Буды таңдау түймесі D2.2 Бу индикатор түймесі D3.1 Таңдауды бастау және тоқтату тұтқасы D3.2 Позиция •: бейтарап позиция
E Қайнату басы
F Портасүзгі
F1 1 шыныаяқ сүзгісі F2 2 шыныаяқ сүзгісі F3 Кофе таблеткаларына (E.S.E) арналған сүзгі (E.S.E) (тек XP384 моделінде)
G Сүзгіні ұстайтын ілмек
H Бу саптамасы
H1 Бу саптамасының түтігі
I Тамшы науасының торы J Алынбалы тамшы науасы K Қуат сымы L Тампер-Қасық M Сүзгілерді сақтауға арналған қақпақ N Сүзгілерді сақтау орны
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ
■ Сорғы: 15 бар ■ Қолмен іске қосу/тоқтату
■ Керек-жарақтар: 1 шыныаяқ сүзгісі, 2 шыныаяқ сүзгісі, ESE таблеткасының сүзгісі (тек XP384 моделінде), өлшеуіш тампер-қасық
■ Бу функциясы ■ Таңдау түймесі: эспрессо, бу немесе ыстық су (тек XP384 моделінде) ■ Алынбалы ыдыс (сыйымдылығы 2 л) ■ Қуаты: 960 - 1140 Вт ■ Кернеуі: 220 - 240 В ■ Өлшемдері: 286 x 200 x 288 мм ■ 10 минуттан кейін автоматты түрде өшу

МАҢЫЗДЫ!
Жұмыс кернеуі: бұл құрылғы тек 220-240 В айнымалы токпен жұмыс істеуге арналған.
Пайдалану түрі: бұл құрылғы ТЕК ҮЙДЕ ПАЙДАЛАНУҒА арналған
АЛҒАШ РЕТ ПАЙДАЛАНУ НЕМЕСЕ МАШИНА ҰЗАҚ УАҚЫТ ПАЙДАЛАНЫЛМАҒАННАН КЕЙІН

МАҢЫЗДЫ! Құрылғының үстіне қыздыратын элементтер қоймаңыз.

МАҢЫЗДЫ! Су ыдысының астындағы қызыл қорғағыш қақпақты алып тастаңыз.

МАҢЫЗДЫ! Жаңа құрылғыны пайдаланар алдында қауіпсіздік нұсқауларын мұқият оқып шығыңыз.
АЛҒАШ РЕТ ПАЙДАЛАНАРДА ЖҮЙЕЛЕРДІ ШАЮ
Алғашқы шыныаяқ кофе керемет дәмді болып шығуы үшін эспрессо машинасын төмендегі нұсқауларға сәйкес ыстық сумен шайып алған жөн:
- Міндетті түрде су ыдысының астындағы қызыл қорғағыш қақпақты алып тастаңыз (1).
- Машинаны ток көзіне қосыңыз (2).
- Су ыдысын шығарып алып (3), оны толтырыңыз. Су деңгейі ыдыстағы «МАХ» белгісінен аспауы және ыдыстың ішінде кемінде 300 мл (= 2 үлкен шыныаяққа тең) су болуы керек (4). Содан кейін су ыдысын орнына салып, қақпақтың жабылуын қамтамасыз етіңіз (5).
- Қосу/Өшіру түймесін басыңыз (6). Бақылау панеліндегі кофе индикатор шамы жыпылықтап, алдын ала ысыту жүріп жатқанын білдіреді (7).
- Портасузгіге кофе салынбаған сүзгі салыңыз (8, 9). Портасузгіні орнына салыңыз да, оңға қарай тоқтағанша бұраңыз (10). Портасузгінің астына ыдыс қойыңыз (11).
- Кофе индикатор шамы жыпылықтауын тоқтатып, жанып тұрған кезде (12), тұтқаны эспрессо дайындау позициясына қарай солға бұраңыз (13). Шамамен он секунд өткен соң су аға бастайды.
- Шамамен 300 мл суды ағызып тастаңыз (қажет болса, ыдысты ауыстырыңыз), содан кейін тұтқаны • позициясына бұрап, дайындауды тоқтатыңыз (15).
МАҢЫЗДЫ / 10 минут пайдаланылмағаннан кейін, қауіпсіздік шарасы ретінде құрылғы автоматты түрде өшеді.
2. БУ ЖҮЙЕСІН ШАЮ
- Су ыдысын шығарып алып, оны толтырыңыз (3). Су деңгейі ыдыстағы «МАХ» белгісінен аспауы және ыдыстың ішінде кемінде 300 мл (= 2 үлкен шыныаяққа тең) су болуы керек (4). Содан кейін су ыдысын орнына салып, қақпақтың жабылуын қамтамасыз етіңіз (5).
- Буды таңдау түймесін басыңыз (16). Басқару панеліндегі бу индикатор шамы жыпылықтайды (17).
- Бу саптамасын су толтырылған ыдысқа салыңыз (18).
- Бу индикатор шамы жыпылықтауын тоқтатып, жанып тұрған кезде (19), тұтқаны бу функциясына қарай оңға бұраңыз (20).
- Суды 20 секунд ысытыңыз, содан кейін тұтқаны • позициясына бұрап, буды тоқтатыңыз (22).
ЭСПРЕССО ДАЙЫНДАУ

МАҢЫЗДЫ! Егер эспрессо функциясы бірінші рет пайдаланылса, құрылғы «АЛҒАШ РЕТ ПАЙДАЛАНУ» бөлімінде сипатталғандай тазалануы керек.

МАҢЫЗДЫ! Ыстық су шашырап кетпеуі үшін, кофе дайындар алдында портасүзгі тоқтағанша бекітілгенін тексеріңіз. Су ағып жатқан кезде портасүзгіні шығаруға болмайды, себебі құрылғыда әлі де қысым болады.
A. Ұнтақталған кофемен
Сіз таңдаған кофенің түрі эспрессоңыздың қоюлығы мен дәмін анықтайды: ұнтақталған кофе неғұрлым майда болса, эспрессоңыз да соғұрлым күшті болады.
Кофе дайындау үшін «АЛҒАШ РЕТ ПАЙДАЛАНУ – Эспрессо жүйесін шаю» бөліміндегі бірінші 4 қадамды қараңыз, содан кейін төмендегі нұсқауларды орындаңыз.
- Сүзгіңізді таңдаңыз: 1 шыныаяқ немесе 2 шыныаяқ (23), содан кейін оны портасүзгіге салыңыз.
- Унтакталған кофені сүзгіге өлшеуіш қасықпен (1 қасық = 1 өлшем = 1 шыныаяқ эспрессо/2 қасық = 2 өлшем = 2 шыныаяқ эспрессо) (24) салыңыз, содан кейін оны тампермен нығыздаңыз (25). Портасүзгінің айналасындағы артық кофені тазалап тастаңыз.
- Кофе индикатор шамы жыпылықтауын тоқтатып, жанып тұрады (12). Машинаңыз дайын. Тұтқа · функциясына қойылған.
КЕҢЕСТЕР:
- Барынша жақсы нәтиже алу үшін керек-жарақтардың (портасүзгінің, сүзгінің және шыныаяқтардың) ішіне ыстық су құйып ысытып алған жөн.
- Барынша жақсы нәтиже алу үшін қайнату басын ысытып алған жөн. Қайнату басының астына ыдыс қойыңыз (26). Қайнату басын ысытып, алғашқы эспрессо тиісті температурада болуын (27) қамтамасыз ету үшін тұтқаны эспрессо дайындау позициясына қарай солға (13) қарай 10 секунд бұрап тұрыңыз. Содан кейін тұтқаны · позициясына бұрап, суды тоқтатыңыз (15).
- Портасүзгіні орнына салыңыз да, оңға қарай тоқтағанша бұраңыз (10).
- Портасүзгінің астына бір-екі шыныаяқ қойыңыз (28), тұтқаны эспрессо позициясына қарай солға бұраңыз (13), сонда кофе аға бастайды (29).
МАҢЫЗДЫ / Кофе ағыны қолмен тоқтатылады. Машина жұмыс істеп тұрған кезде одан алыстатпаңыз.
- Шыныаяқ(тар) толған кезде, тұтқаны • позициясына бұрап, ағынды тоқтатыңыз (15)
- Шыныаяқ(тар)ды шығарып алыңыз.
- Портасүзгіні солға бұрап құлпын ашыңыз да, оны құрылғыдан шығарып алыңыз (8). Сүзгіге қол тигізбеңіз, себебі ол ыстық болады.
- Кофені босату үшін портасүзгіні төңкеріп, тек кофе түсіп қалатындай етіп сүзгіні ілмекпен ұстап тұрыңыз (30).
- Су мен портасүзгіні ағып тұрған сумен жуып, кофенің қалғанын кетіріңіз (31).
В. Е.С.Е. таблеткаларымен - тек ХР384 моделінде

Эспрессо жасау үшін Е.С.Е. таблеткаларын пайдалануға болады. Оларды жоғарыдағы логотипі арқылы тануға болады.
1 E.S.E. таблеткасы = 1 шыныаяқ эспрессо
Кофе дайындау қадамдары «А. Ұнтақталған кофемен» бөліміндегімен бірдей, тек:
- Кофе таблеткаларына (E.S.E.) арналған сүзгіні портасүзгіге салыңыз (32).
- Таблетканы портасүзгінің ішінде мейлінше ортаға келтіріп орналастырыңыз (33). Таблетканы портасүзгіге дұрыс орналастыру үшін кофе таблеткаларының қаптамасындағы нұсқауларды орындаңыз. Таблеткалар (E.S.E.) бір шыныяқ кофе жасауға арналған. Екі таблетканы бір-бірінің үстіне қойып пайдаланбаған жөн.
- Машина қосылып, кофе индикатор шамы жанып тұрады (12).
- Бу саптамасының астына шыныаяқ салыңыз (34).
- Тұтқаны бу позициясына қарай оңға бұраңыз (35). Машина ыстық су дайындай бастайды (36).
- Ыстық суды тоқтату үшін тұтқаны қайтадан • (37) позициясына бұраңыз.
СҮТТІ КӨПІРТУ
Бу сүтті көпіртеді (мысалы, капучино жасау үшін).
- Машинаны ток көзіне қосыңыз (2).
- Су ыдысын шығарып алып, оны толтырыңыз (3). Су деңгейі ыдыстағы «МАХ» белгісінен аспауы және ыдыстың ішінде кемінде 300 мл су болуы керек (4). Содан кейін су ыдысын орнына салып, қақпақтың жабылуын қамтамасыз етіңіз (5).
- Қосу/Өшіру түймесін басыңыз (6); кофе индикатор шамы жыпылықтайды (7). Тұтқа • позициясына қойылған.
- Буды таңдау түймесін басыңыз (16). Бу индикатор шамы жыпылықтап, алдын ала ысыту жүріп жатқанын білдіреді (17).
- Алдын ала ысыту аяқталғаннан кейін, бу индикатор шамы жанып тұрады (19).
Саптамадағы су конденсатын шығарып, жақсы көпіршітуді қамтамасыз ету бойынша КЕҢЕС:
- Сүтті көпіршіткелі жатқан кезде, саптаманың астына бос ыдыс немесе шыныаяқ қойыңыз (18).
- Саптама жүйесін бу дайындау позициясына қарай оңға бұрап (20), буды 5 секунд жүйе арқылы айдаңыз (38).
- Тұтқаны • (22) позициясына бұраңыз.
- Капучино жасау үшін ыдысқа 100 мл сүт (контейнердің макс. сыйымдылығының 1/3 бөлігіне) (39) толтырыңыз.
КЕҢЕС:
- Барынша жақсы нәтиже алу үшін бу саптамасының астына тоса қоятындай тар келген және салыстырмалы түрде кішкентай ыдыс қолданыңыз.
- Сүт пен ыдыс өте суық болуы керек.
- Қаймағы алынбай пастерленген немесе ультрапастерленген сүт пайдаланған жөн.
- Бу саптамасын сүт ыдысына салып (40), тұтқаны бу позициясына қарай оңға бұраңыз (20).
- Барынша жақсы нәтиже алу үшін ыдыстың түбіне қол тиіп кетпеуін және саптама сүттен шығып кетпеуін қадағалаңыз. Содан кейін бу саптамасы сізге көпіршітіп береді (41).
- Сүт керек бабына келіп көпіршігенде (42), тұтқаны • (22) позициясына бұраңыз.
МАҢЫЗДЫ / Сүт тым қатты ысып кетпеуі үшін, стимерді 45 секундтан (100 мл сүт үшін) артық қолданбаңыз.
КЕҢЕС: Саптаманың ішінде сүт кеуіп, қатып қалмауы үшін оны әр қолданғаннан кейін тазалап отырыңыз.
- Машинаны ток көзінен ажыратыңыз (43)
- (Абайлаңыз! Ыстық!) Бу саптамасының түтігін (44) шығарып, оны таза сумен жуыңыз (45).
- Бу саптамасын дымқыл шүберекпен тазалаңыз (46, 47).
- Түтікті қайтадан бу саптамасына орнатыңыз (48).
БІЛГЕНІҢІЗ ЖӨН – БУДЫ ПАЙДАЛАНҒАННАН КЕЙІНГІ ӘРЕКЕТТЕР
Бу функциясын пайдаланғаннан кейін эспрессо жасағыңыз келсе, кофе машинасын салқындатуыңыз қажет, себебі су оңтайлы эспрессо дайындау үшін тым ыстық болады.
Төмендегі қадамдарды орындаңыз:
- Тұтқа • позициясында екенін тексеріңіз
- Кофені таңдау түймесін басыңыз (49).
- Бу индикатор шамы қызғылт сары болып, кофе машинасы эспрессо дайындау үшін тым ыстық екенін білдіреді (50).
- Бу саптамасын 60 мл су толтырылған ыдысқа толығымен батырыңыз (18).
- Машинаны салқындату үшін тұтқаны бу позициясына қарай оңға бұрап (51) ыстық суды шығарып, бойлерге жіберіңіз.
- Шамамен 10-20 секундтан кейін қызғылт сары индикатор шамы өшіп, кофе индикатор шамы жыпылықтай бастағанын көресіз (21, 52). Бұл — машина эспрессо дайындауға керек температураға дейін салқындағанын білдіреді.
- Тұтқаны • позициясына бұрап жұмысты тоқтатыңыз (37).
Кофе машинаңыз салқындады, енді эспрессоңызды жасап, одан ләззат алуыңызға болады!

МАНЫЗДЫ! Абайлаңыз! Сүт шашырап кетпеуі үшін, бу саптамасын «бу» режимінде пайдаланып жатқан кезде, оны сүттен шығармаңыз.

МАНЫЗДЫ!
Абайлаңыз! Бу саптамасы әлі ыстық! Сақ болып, күйіп қалмауға тырысыңыз!

МАНЫЗДЫ! Бу функциясын өшіргеннен кейін, саптаманы дереу әрі мұқият тазалаңыз.
- Тазалау алдында ток көзінен ажыратып, құрылғыны салқындатып алыңыз (43).
- Қажет деп санасаңыз, құрылғының сыртын дымқыл ысқышпен тазалаңыз.
- Тұрақты түрде су ыдысын, тамшы науасын және оның торын тазалап, сүртіп тастап отырыңыз.
- Су ыдысының ішкі жағын тұрақты шайып тұрыңыз.
- Машинаны ток көзіне қосқан кезде екі шам 10 рет жыпылықтаса, құрылғының қағын кетіріңіз (қақты кетіру туралы бөлімді қараңыз)
- Спирт немесе еріткіш негізіндегі өнімдерді қолданбаңыз.
- Құрылғыны ток көзінен ажыратқаннан кейін, қайнату басын дымқыл ысқышпен тұрақты тазалап тұрыңыз.
- Тек дымқыл шүберекпен тазалаңыз. Жуу құралын немесе абразив өнімдерді қолданбаңыз.
2. Портасүзгі
- Портасүзгінің корпусында жинақталып қалуы мүмкін қалдық қофені кетіру үшін бұл аймақты тұрақты түрде дымқыл шүберекпен тазалап тұрыңыз.
- Портасүзгіден бұрандаларды шығармаңыз. Оны тек рұқсат етілген қызмет көрсету орталығы орындай алады.
- Кайнату басының тығыздағышы ұзағырақ қызмет етуі үшін, кофе машинасы ұзақ уақыт қолданылмайтын болған жағдайда портасүзгіні орнына салмаңыз.
3. Тамшы науасы
Қажет болса, тамшы науасы мен оның торын азғантай жұмсақ жуғыш құрал қосылған сумен тазалаңыз. Шайыңыз да, құрғатыңыз.
Сүзгілер, тамшы науасының торы (тек ХР384 моделінде) мен тот баспайтын бу түтігін (тек ХР384 моделінде) ыдыс жуғышта жууға болады.
ҚАҚТЫ КЕТІРУ
A. Қақты кетіру
Машинадағы қақты кетіру керектігін білу үшін машинаны ток көзіне қосыңыз:
- Егер шамдар 10 рет жыпылықтаса, қақты кетіретін уақыт келгені
- Егер шамдар 1 рет қана жыпылықтаса, қақты кетірмей тұрып қақты кетіру туралы ескерту шыққанша күтіңіз
Қақты кетіру бұйымның қызмет мерзімін ұзартуға көмектеседі. Кофе машинасы мынадай жағдайларда жөнделмейді:
- Қақ кетірілмесе;
- Шөгіп қалған қақ бар болса;
- Керек-жарақтар ыдыс жуғыш машинада жуылған болса, себебі бұл — кепілдікте қамтылмаған әрекет.
- Портасүзгіні (кофесіз) құрылғыға салыңыз да, оңға қарай тоқтағанша бұраңыз (10).
- Портасүзгінің астына көлемі кемінде 1/2 л ыдыс қойыңыз (11).
- Тұтқаның • позициясына қойылғанын тексеріңіз.
- Су ыдысын судан және ақ сірке қышқылының немесе лимон қышқылының (қоспаның жалпы көлемі: 2 л) бір бөлігінен тұратын қоспамен толтырыңыз (53, 4).
- Құрылғыны ток көзіне қосыңыз (2). Қосу/Өшіру түймесін басып құрылғыны қосыңыз (6).
- Кофе индикатор шамы жыпылықтауын тоқтатып, жанып тұрған кезде (12), тұтқаны солға бұрап, қоспаны ағызып алыңыз (көлемнен шамамен 500 мл = 1/4) (13).
- Қосу/Өшіру түймесін басып құрылғыны тоқтатыңыз (6) да, тұтқаны Кофе дайындау күйіне бұралған қалпында қалдырыңыз.
- Ыдысты босатып, оны портасүзгінің астына қайтадан салыңыз (11).
- Бес минут күтіңіз де, алдыңғы 6 және 7-қадамдарды орындай отырып Қосу/Өшіру түймесін басып процесті тағы үш рет қайталаңыз (6).
МАҢЫЗДЫ: Ыдыс мүлдем босап қалмауын қадағалаңыз.
В. Шаю

МАҢЫЗДЫ! Қақты кетіргеннен кейін, «АЛҒАШ РЕТ ПАЙДАЛАНУ» бөлімінде сипатталғандай таза сумен (кофе қоспай) 2-3 рет шайыңыз.
Саптаманы шаюды ұмытпаңыз. Құрылғының қағы кетті, енді ол қайтадан пайдалануға дайын.
КЕПІЛДІК
Құрылғыңызға кепілдік берілген; алайда машинаны дұрыс жалғамаған, дұрыс ұстамаған немесе нұсқауларда көрсетілмеген мақсаттарда пайдаланған жағдайда кепілдік жарамсыз болып қалады.
Бұл құрылғының тек үйде пайдаланылуына кепілдік берілген. Басқа пайдалану түрлерінің барлығы кепілдікті күшінен айырады.
Қақты кетірмеу салдарынан істен шыққан машинаны жөндеу кепілдікпен қамтылмайды. Сатудан кейінгі қолдау немесе қосалқы бөлшек мәселелері бойынша ритейлеріңізге немесе рұқсат етілген қызмет көрсету орталығына жүгініңіз.
АҚАУЛАРДЫ ЖОЮ
| МәСЕЛЕЛЕР ЫКТИМАЛ СЕБЕНТЕРІТ ШЕШІМДЕР | ||
| Кофенің ылғалы тым көп. Жеткілікті кофепайдаланылмаған. | Тағы кофе қосыңыз. | |
| Эспрессо тым баяу ағады. Кофе тым майда, тым ірінемесе тым борпылдақ. | Сәл ірірек етіп үнтақталғанкофені таңдаңыз. | |
| Портасүзгі кірлеген. Портасүзгіні мына бөлімдегінұсқауларды орындайотырып тазалаңыз:«ТАЗАЛАУ ЖӘНЕТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТҚӨРСЕТУ - 2. Портасүзгі».Кофе сүзгісін де тазалаңыз. | ||
| Қайнату басы бітелген. Құрылығы салқындаған кезде,су өтетін торды дымқыллыскышлен тазалаңыз. | ||
| Машинаңызда қақ түзілген. Берілген пайдаланунұсқауларын орындайотырып машинаңыздағықакты кетіріңіз. | ||
| Кофе тым көп. Сүзгіні толтырған кездемаксимум шектердісақтаңыз. | ||
| Эспрессо жасағаннан кейінпортасүзгіден су токтамайағады. | Машинаңызда қақ түзілген,себебі су өте кермек. Дереу берілген пайдаланунұсқауларын орындайотырып машинаңыздағықакты кетіріңіз. | |
| Қызыл қақпақ алынбаған. Қызыл қақпақты алыңыз. | ||
| Машинаңызда қақ түзілген,себебі су өте кермек. Дереу берілген пайдаланунұсқауларын орындайотырып машинаңыздағықакты кетіріңіз. | ||
| Шыныаяқта кофе қоюыбар. | Портасүзгі бітелген. Портасүзгіні ыстық, сументазалаңыз. | |
| Кофе тым майда етіпүнтақталған. Сәл ірірек етіп үнтақталғанкофені пайдаланыңыз. | ||
| Қайнату басындағытығыздағыш бітелген. ПортасүзгіMENTығыздағышты дымқышыскышлен тазалаңыз. | ||
| Эспрессо көпіршітілмеген. Үнтақталған кофе тым ескі. Жаңа үнтақталған кофені пайдаланыңыз. | |
| Үнтақталған кофе эспрессо жасауға жарамайды. Қсағырақ үнтақты пайдаланыңыз. | |
| Портасүзгіде кофе тым аз. Тағы кофе қосыңыз. | |
| Су ыдысын қозғаған кезде одан су кетеді. | Ыдыстың түбіндегі клапан кірлеген немесе онда ақау бар. Су ыдысын жуып, ыдыстың астындағы клапанды саусақлен жұмыс істетіңз. |
| Клапан қақ шөгінділерімен бітелген. Берілген пайдалану нұсқауларын орыңдай отырып машинаңыздағы қакты кетіріңз. | |
| Құрылғының, астынан су кетіп жатыр. | Ішкі жақта тесік бар. ыдыс дұрыс орналастырылғанын тексеріңз. Мәселе қайталана берсе, құрылғыны ашпай, рұқсат етілген қызмет көрсету орталығына жүпініңз. |
| Сорғыдан қалыптан тыс шу шығып жатыр. | Ыдыста су жок. Су ыдысын толтырып, сорғыны қайта іске қосыңыз (мына бөлімді қараңыз: АЛГАШ РЕТ ПАЙДАЛАНУ). ыдыс мүлдем босап қалуына жол берменіз. |
| Эспрессо портасүзгінің бүйірлерінен кетіп жатыр. | Портасүзгі дұрыс орналастырылмаған. Портасүзгіні орнына салыңыз да, оны бекітіңз (солдан онға қарай токтағанша бұраңыз). |
| Портасүзгіні толық бекітуге кедергі келтіріп жатқан артық қофені кетіріп тастаңыз. | |
| Портасүзгінің жиегінде кофе бітеліп қалған. Артық қофені кетіріп, су әтетін торды дымқыл ыскышпен тазалаңыз. | |
| Эспрессоның дәмі нашар. Қақты кетіргеннен кейін, шаю циклі дұрыс жүргізілмеген. Құрылғыны пайдаланушы нұсқауларына сәйкес шайып, қофенің сапасын тексеріңз. | |
| МЭСЕЛЕЛЕР БІКТИМАЛ СЕБЕПТЕРІ ШЕШІМДЕР | ||
| Құрылғы жұмыс істемейді. Су | жетпегендіктен сорғы ажыратылған. | Су ыдысын толтырып, сорғыны қайта іске қосыңыз (мына бөлімді қараңыз:АЛғАШ РЕТ ПАЙДАЛАНУ). ыдыс мүлдем босап қалуына жол бермеңіз. |
| Алынбалы су ыдысы дұрыс орналастырылмаған. | Су ыдысын дұрыстап орналастырыңыз. | |
| Құрылғы жалғанбаған. Құрылғы қосылғанын тексеріңіз. | ||
| Саптама жұмыс істемей түр немесе аз көбік шығарады. | Көбік саптамасы дұрыс орнатылмаған. | Керек-жарак құрылғыға дұрыс орнатылғанын тексеріңіз: оны шығарып, жоғары қарай нық қозғалыспен топсалы иінтірекке қайтадан орнатыңыз. |
| Сүт тым ыстық. Балғын, жаңа | ашылған пастерленген немесе ультрапастерленген сүтті пайдаланыңыз. | |
| Қызғылт сары шам жанғанымен, эспрессо функциясы жұмыс істемей түр. | Бу функциясын қолданғаннан кейін су бойлері эспрессо жасау үшін тым ыстық болып түр. | Машинаңызды 5-беттегі «Білген жөн» бөліміндегі нұсқауларды орындай отырып салқындатыңыз. |
Ақаудың себебін анықтау мүмкін болмаса, рұқсат етілген ритейлерге жүгініңіз. Құрылғыны еш уақытта бөлшектемеңіз! (құрылғы бөлшектелсе, кепілдік күшінен айырылады).
ҚОРШАҒАН ОРТА

Қоршаған ортаны қорғау бәрінен маңызды!
① Құрылғыңыздың құрамында қалпына келтіруге немесе қайта өңдеуге болатын құнды материалдар бар. Оны жергілікті тұрмыстық қоқыс жинайтын орынға тапсырыңыз.