KAS35ZFT - кондиционер GORENJE - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз KAS35ZFT GORENJE PDF форматында.
| Өнім түрі | Сплит-кондиционер |
| Бренд | Gorenje |
| Модель | KAS35ZFT |
| Салқындату қуаты | 3.5 кВт (12,000 БТЕ/сағ) |
| Жылыту қуаты | 3.8 кВт (13,000 БТЕ/сағ) |
| Энергия тиімділік класы (салқындату) | A++ |
| Электрмен жабдықтау | 220-240 В, 50 Гц |
| Ішкі блок өлшемдері (Е x Б x Т) | 800 x 300 x 200 мм |
| Сыртқы блок өлшемдері (Е x Б x Т) | 800 x 550 x 300 мм |
| Ішкі блок салмағы | 10 кг |
| Сыртқы блок салмағы | 30 кг |
| Салқындатқыш түрі | R32 |
| Функциялар | Салқындату, Жылыту, Ылғалсыздандыру, Желдету, Авто режим |
| Басқару | Қашықтан басқару пульті + Қолмен басқару түймелері |
| Таймер | 24 сағаттық қосу/өшіру таймері |
| Авто қайта іске қосу | Иә (электр қуаты үзілгеннен кейін) |
| Ұйқы режимі | Иә |
| Ауа сүзгісі | Жууға болады, 2 апта сайын тазалау |
| Орнату | Кәсіби орнату қажет |
| Қосалқы бөлшектердің қолжетімділігі | Сүзгілер, басқару пульті, ПХД Gorenje қызметінен қолжетімді |
Жиі қойылатын сұрақтар - KAS35ZFT GORENJE
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы KAS35ZFT GORENJE
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз кондиционер PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз KAS35ZFT - GORENJE және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. KAS35ZFT брендінің GORENJE.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ KAS35ZFT GORENJE
- Пайдаланар алдында осы пайдаланушы нұсқауын оқып шығыңыз.
- Нұсқауды болашақта қолдану үшін сенімді жерде сақтаңыз.
| KAM24F0PHH | KAS26ZF | KAS21ZFT | KAS70ZFT |
| KAM26F0PHH | KAS35NF1F | KAS26NFT | |
| KAM26PDAH | KAS35ZF | KAS26ZFT | |
| KAM26PDAHG | KAS53NF1F | KAS35NFT | |
| KAM35PDAHG | KAS53ZF | KAS35ZFT | |
| KAS21NF1F | KAS70NF1F | KAS53NFT | |
| KAS21ZF | KAS70ZF | KAS53ZFT | |
| KAS26NF1F | KAS21NFT | KAS70NFT |
Мазмұны
Қашықтан басқару пультінің техникалық сипаттамалары....3
Жұмыс сипаттамалары....3
Қашықтан басқару пульті түймелерінің қызметтері....3
Дисплейдегі индикаторлар....6
Қашықтан басқару пультін пайдалану....7
Қашықтан басқару пультінің техникалық сипаттамалары
| Улгі | |
| KASxxDCINVF02/3/4 | RG57A3/BGEF;RG57A2/BGEF;RG57B/BGE;RG57D/BGE |
| KASxxFT | RG57A3/BGEF;RG57A2/BGEF;RG57B/BGE;RG57D/BGE |
| KAMxxPHH(PDAH/G) | RG57H(B)/BG(C)E;RG57H1(B)/BG(C)E;RG57H2(B)/BG(C)EF;RG57H3(B)/BG(C)EF;RG57H1(B)/BG(C)E-M;RG57H(B)/BG(C)EU1 |
| Нактылы кернеуі | 3,0 В / күрғақ сілтілік батареялар AAA,LR03 x 2) |
| ОП сәуле шығару сигналының төменгі кернеуі | 2,0 В |
| Сигнал беру қашықтығы | 8 м (3,0 В кернеуде = 11 м) |
| Қоршаған орта | -5–60 °C |
Жұмыстық сипаттамалары
- Жұмыс режимдері: AUTO (АВТО), COOL (САЛҚЫНДАТУ), DRY (ЫЛҒАЛДЫ ЖОЮ), HEAT (ЖЫЛЫТУ) (тек салқындатуға арналған үлгілерінен басқасында) және FAN (ЖЕЛДЕТКІШ ЖҰМЫСЫ).
- Таймердің 24 сағаттық қызметі.
- Бөлме температурасын орнату диапазоны: 17\~30 °C.
- СК-дисплейінің жарық беруі (R57 үлгілері үшін қол жетімді).
KASxxDCINVF02/3/4
Қашықтан басқару пульті түймелерінің қызметтері![graph TD A["1"] --> B["ON/OFF"] C["2"] --> D["MODE"] E["3"] --> F["FAN"] G["15"] --> H["ION"] I["4"] --> J["SLEEP"] K["12"] --> L["SWING"] M["13"] --> N["FOLLOW ME"] O["14"] --> P["LED"] Q["8"] --> R["SHORT CUT"] S["9"] --> T["TIMER ON"] U["10"] --> V["TIMER OFF"] W["11"] --> X["TIMER ON"] Y["TEMP"]…](/content/2026/06/1368779/images/0ebed244da7c1a098c68820908b4cf62fd81ed21047934887ad185f010f753cf.jpg)
KAMxxPHH(PDAH/G)

KASxxDCINVF02/3/4
KASxxFT
- ON/OFF (ҚОСУ/ӨШІРУ) түймесі. Салқындатқышты іске қосу үшін осы түймені басыңыз. Оны өшіру үшін, тағы бір рет басыңыз.
- РЕЖИМ таңдау түймесі. Осы түймені әр басқан сайын жұмыс режимі нұсқар бағытында өзгереді.
- FAN SPEED (ЖЕЛДЕТКІШТІҢ ЖҰМЫС ІСТЕУ ЖЫЛДАМДЫҒЫ) индикаторы. Желдеткіштің қалаған жұмыс істеу жылдамдығын (авто-төмен-орташа-жоғары) таңдау үшін, FAN SPEED (ЖЕЛДЕТКІШТІҢ ЖҰМЫС ІСТЕУ ЖЫЛДАМДЫҒЫ) түймесін басыңыз.
- SLEEP (ҰЙҚЫ) / FRESH (ТАЗА АУА) түймесі. «ҰЙҚЫ» қызметін іске қосу және өшіру.
- FRESH: ионизатор қосу
- TURBO (ТУРБО) / SELF CLEAN (ӨЗІН-ӨЗІ ТАЗАЛАУ) түймесі. TURBO (ТУРБО) қызметін іске қосу және өшіру.
- SELF CLEAN (ӨЗІН-ӨЗІ ТАЗАЛАУ) түймесі. SELF CLEAN (ӨЗІН-ӨЗІ ТАЗАЛАУ) қызметінің іске қосылуы немесе өшуі.
- TEMP (ТЕМПЕРАТУРА) (▼ / -) түймесі. Бөлме температурасының мәнін азайту үшін осы түймені басыңыз. Жоғары қарай нұсқары бар түйме (▲ / +). Бөлме температурасының мәнін көбейту үшін осы түймені басыңыз.
- SHORTCUT түймесі. Ағымдағы баптауларды алдыңғы параметрлерге қалпына келтіру үшін пайдаланылады. Егер сіз түймені бірінші рет бассаңыз, құрылғы AUTO режимінде 26 °C жұмыс істейді, ал желдеткіш жылдамдығы Auto болады. Қашықтан басқару пультінде осы батырманы басқанда (белсендірілген болса), жүйе автоматты түрде температура параметрін, артқы операциялық режимін, оның ішінде алдыңғы параметрлерге желдеткіш жылдамдығы деңгейі мен ұйқы мүмкіндігін қайтарады. Егер 2 секундтан артық басып тұрсаңыз, жүйе автоматты түрде ағымдағы операция параметрлерін қалпына келтіреді.
- TIMER ON (ТАЙМЕРДІ ІСКЕ ҚОСУ) түймесі. Автоматты түрде қосылу режиміне ауысу үшін, осы түймені басыңыз. Әр басқан сайын таймердің мәні 30 минутқа артады. Егер уақыт 10:00-ге қойылған болса, әр басқан сайын ол 60 минутқа артатын болады. Таймер бағдарламасын болдырмау үшін, автоматты іске қосылу уақыты үшін 0:00 мәнін қойыңыз.
- TIMER OFF (ТАЙМЕРДІ ӨШІРУ) түймесі. Автоматты түрде өшіру режиміне ауысу үшін осы түймені басыңыз. Әр басқан сайын таймердің мәні 30 минутқа артады. Егер уақыт 10:00-ге қойылған болса, әр басқан сайын ол 60 минутқа артатын болады. Таймер бағдарламасын болдырмау үшін, автоматты іске қосылу уақыты үшін 0:00 мәнін қойыңыз.
- SWING (АУА АҒЫНЫНЫҢ БАҒЫТЫН ӨЗГЕРТУ) түймесі. Жалюздердің бағытының автоматты түрде өзгеруін іске қосу немесе өшіру үшін осы түймені басыңыз.
- LED (LED-ДИСПЛЕЙ) түймесі. Ішкі блоктағы дисплейді іске қосу немесе өшіру (кейбір үлгілерінде қолжетімді) үшін осы түймені басыңыз.
- FOLLOW ME түймесі. FOLLOW ME қызметінің іске қосылуы немесе өшуі.
- ION: ауаның тозаң және қоспаларды жою үшін көмектесетін белсенді ионизаторды іске қосу.
Дисплейдегі индикаторлар

БЕРУ индикаторы.
Қашықтан басқару пульті ішкі блокқа сигналдарды бергенде, индикатор бір рет жыпылықтайды.
САНДЫҚ ДИСПЛЕЙ аймағы. Бұл аймақта қойылған температура, сонымен қатар егер TIMER (ТАЙМЕР) режимі іске қосылған болса, ON (ҚОСУ) және OFF (ӨШІРУ) параметрлері бейнеленеді.
ON/OFF (ҚОСУ/ӨШІРУ) индикаторы. Бұл символ блоктың қашықтан басқару пультінің көмегімен қосылған кезінде пайда болады, және блок өшкенде жоғалады.
Желдеткіштің жұмыс жылдамдығының дисплейі.
Желдеткіштің таңдап алынған жұмыс жылдамдығының бейнеленуі.
ЖҰМЫС РЕЖИМІ индикаторы. Егер MODE (РЕЖИМ) түймесін басатын болсаңыз, дисплейде ағымдағы жұмыс режимі — AUTO (АВТО), COOL (САЛҚЫНДАТУ), DRY (ЫЛҒАЛДЫ ЖОЮ), HEAT (ЖЫЛЫТУ), FAN (ЖЕЛДЕТКІШТІҢ ЖҰМЫС ІСТЕУІ) бейнеленетін болады.
Режим дисплейі
AUTO ↻
COOL

DRY

HEAT

FAN


Суретте таныстыру мақсатында бірден барлық индикаторлар бейнеленген. Жұмыс істеу кезінде тек тиісті қызметтердің таңбалары бейнеленеді.
Қашықтан басқару пультін пайдалану

Батареяларды салу және ауыстыру
Қашықтан басқару пультінің жұмыс істеуі үшін екі құрғақ сілтілік AAA(LR03 x 2) батареялары керек.
- Батареяларға арналған бөліктің пластикалық қақпағын алу үшін, оны басыңыз, батареяларды + / - белгілеулеріне сәйкес салыңыз және қақпақты орнына бекітіңіз.
- Пайдаланылған батареяларды осыған ұқсас тәсілмен ауыстырыңыз.

ЕСКЕРТУ
- Екі түрлі батареялар қолданбаңыз. Бұл қашықтан басқару пультінің жұмысына әсерін тигізуі мүмкін.
- Егер сіз пультті ұзақ уақыт бойы пайдаланбайтын болсаңыз, одан батареяларды алып қойыңыз. Батареялардың пульттің ішінде ағып кетуі оның бүлінуіне әкеп соғуы мүмкін.
- Батареялардың жұмыс істеуінің орташа ұзақтығы — қалыпты режимде 6 ай пайдалануға дейін.
- Егер қашықтан басқару пультінің түймелерін басқан кезде, сіз ішкі блоктың дыбыстық сигналдарын естімесеңіз, батареяларды ауыстырыңыз.
- Батареяларды арнайы контейнерге тастаңыз.

- Салқындатқышты өшіру үшін, ON/OFF (ҚОСУ/ӨШІРУ) түймесін басыңыз.

AUTO (АВТО) режимі
Қорек көзін іске қосыңыз. Ішкі блок дисплейінде ЖҰМЫС индикаторы жыпылықтай бастайды.
- AUTO (АВТО) режимін таңдау үшін MODE (РЕЖИМ) түймесін пайдаланыңыз.
- Бөлмеде қалаған температураны орнату үшін, ТЕМР (ТЕМПЕРАТУРА) түймесін басыңыз. Температура үшін 17-ден 30 °С-қа дейінгі мәнді қоюға болады.
ЕСКЕРТУ
AUTO (АВТО) режимінде салқындатқыш бөлме температурасы мен қашықтан басқару пультінде қойылған температура арасындағы айырмашылықты анықтайды, содан кейін тиісті режимді таңдайды: COOL (САЛҚЫНДАТУ), FAN (ЖЕЛДЕТКІШ ЖҰМЫСЫ) немесе HEAT (ЖЫЛЫТУ).
AUTO (АВТО) режимінде желдеткіштің жұмыс жылдамдығын өзгертуге болмайды. Ол автоматты түрде бақыланады. Егер сізге AUTO (АВТО) режимі жарамайтын болса, қажетті режимді қолдан таңдауға болады.
COOL (САЛҚЫНДАТУ) / HEAT (ЖЫЛЫТУ) (тек салқындатуға арналған үлгілердің басқасында) және
Блоктың электр желісіне қосылғанына көз жеткізіңіз.
- MODE (РЕЖИМ) түймесін басыңыз және COOL (САЛҚЫНДАТУ), HEAT (ЖЫЛЫТУ) немесе FAN (ЖЕЛДЕТКІШТІҢ ЖҰМЫС ІСТЕУІ) режимін таңдаңыз.
- 17-ден 30 °C-қа дейінгі диапазондағы қажетті температураны қою үшін, жоғары және төмен көрсеткілері бар түймелерді басыңыз.
- АВТО, ЖОҒАРЫ, ОРТАША немесе ТӨМЕН мәнін таңдау үшін, FAN SPEED (ЖЕЛДЕТКІШТІҢ ЖҰМЫС ЖЫЛДАМДЫҒЫ) түймесін басыңыз.
- Салқындатқышты іске қосу үшін, ON/OFF (ҚОСУ/ӨШІРУ) түймесін басыңыз.
ЕСКЕРТУ
FAN (ЖЕЛДЕТКІШТІҢ ЖҰМЫС ІСТЕУІ) режимінде температураны басқаруға болмайды. Бұл режимде тек 1, 3 және 4 қадамдарын орындаңыз.

Блоктың электр желісіне қосылғанына көз жеткізіңіз.
- DRY (ЫЛҒАЛДЫ ЖОЮ) режимін таңдау үшін MODE (РЕЖИМ) түймесін пайдаланыңыз.
- Бөлмеде қалаған 17-ден 30 °С-қа дейінгі диапазондағы температураны орнату үшін, ТЕМР (ТЕМПЕРАТУРА) түймесін басыңыз.
- Салқындатқышты өшіру үшін, ON/OFF (ҚОСУ/ӨШІРУ) түймесін басыңыз.
⚠️ Ескерту
Ылғалды жою режимінде желдеткіштің жұмыс жылдамдығын өзгертуге болмайды. Ол автоматты түрде бақыланады.
ТАЙМЕРДІ ПАЙДАЛАНУ

Автоматты түрде іске қосылу уақытын таңдау үшін, TIMER ON (ТАЙМЕР ҚОС.), немесе автоматты түрде өшірілу уақытын таңдау үшін, TIMER OFF (ТАЙМЕР ӨШІР.) түймесін басыңыз.
- TIMER ON (ТАЙМЕР ҚОС) түймесін басыңыз. Қашықтан басқару пультінің дисплейінде TIMER ON (ТАЙМЕР ҚОС.) мәні, ал САНДЫҚ ДИСПЛЕЙ аймағында - соңғы қойылған жұмыстың басталу уақыты мен «h» символы бейнеленеді. Енді жұмыстың БАСТАЛУ уақытын жоюға болады.
- Қалаған жұмыстың басталу уақытын қою үшін, TIMER ON (ТАЙМЕР ҚОС.) тағы басыңыз.
- TIMER ON (ТАЙМЕР КОС.) параметрін баптаған соң, қашықтан басқару пультінің салқындатқышқа сигнал беруіне дейін жарты секунд өтеді. Шамамен 2 секундтан соң «h» символы жоғалады, ал сандық дисплейде қойылған температура қайтадан пайда болады.
TIMER OFF (ТАЙМЕР ОШИР.).
- TIMER OFF (ТАЙМЕР ӨШІР.) түймесін басыңыз. Қашықтан басқару пультінің дисплейінде TIMER OFF (ТАЙМЕР ӨШІР.) мәні, ал САНДЫҚ ДИСПЛЕЙ аймағында - сонғы қойылған жұмыстың аяқталу уақыты мен «h» символы бейнеленеді. Енді жұмыстың АЯҚТАЛУ уақытын жоюға болады.
- Қалаған жұмыстың аяқталу уақытын қою үшін, TIMER OFF (ТАЙМЕР ӨШІР.) тағы басыңыз. TIMER OFF (ТАЙМЕР ӨШІР.) параметрін баптаған соң, қашықтан басқару пультінің салқындатқышқа сигнал беруіне дейін жарты секунд өтеді. Шамамен 2 секундтан соң «h» символы жоғалады, ал сандық дисплейде қойылған температура қайтадан пайда болады.
⚠️ЕСКЕРТУ. Белгіленген уақыт шамаланған болып табылады. Бұл сіздің бастау уақытын ұзартып қоятыныңызды білдіреді.
Назар аударыңыз!
- Егер перделер немесе басқа заттар қашықтан басқару пультінің ішкі блокқа сигнал беруіне кедергі келтіретін болса, салқындатқыш жұмыс істемейді.
- Қашықтан басқару пультіне сұйықтықтың кіріп кетуінен сақтаныңыз. Қашықтан басқару пультіне тікелей күн сәулесінің түсуін, сонымен қатар жылулық әсер етуді болдырмаңыз.
- Егер ішкі блоктың инфрақызыл сигнал қабылдағышына тікелей күн сәулесі түсетін болса, салқындатқыштың жұмысы бұзылуы мүмкін. Күн сәулесінің қабылдағышқа түсуінен сақтаныңыз.
- Егер басқа электр аспаптары қашықтан басқару пультіне әсер ететін болса, авторландырылған сервис орталығына хабарласыңыз.