SKM7489 - Бала мониторы PHILIPS - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз SKM7489 PHILIPS PDF форматында.
| Өнім түрі | Бала мониторы |
| Бренд | Philips |
| Модель | SKM7489 |
| Өлшемдер (ата-ана блогы) | Шамамен 10,5 x 6,0 x 3,5 см |
| Өлшемдер (бала блогы) | Шамамен 11,0 x 9,0 x 7,5 см |
| Салмағы (ата-ана блогы) | Шамамен 120 г |
| Салмағы (бала блогы) | Шамамен 180 г |
| Қуат көзі (ата-ана блогы) | Қайта зарядталатын Li-ion батарея (3,7В, 800 мАч) немесе AC адаптері |
| Қуат көзі (бала блогы) | AC адаптері (100-240В) |
| Қашықтық (үй ішінде) | 50 метрге дейін |
| Қашықтық (сыртта) | 300 метрге дейін |
| Жиілік диапазоны | 2,4 ГГц |
| Байланыс түрі | Сандық, FHSS (жиілік секіру спектрінің таралуы) |
| Аудио / Бейне | Тек аудио |
| Дыбыстық іске қосу (VOX) | Иә, реттелетін сезімталдықпен |
| Түнгі жарық | Иә, бала блогында (реттелетін) |
| Бесік жыры | Иә, бірнеше кірістірілген |
| Температура сенсоры | Иә, бала блогында (ата-ана блогында көрсетіледі) |
| Екі жақты сөйлесу | Иә |
| Диапазоннан тыс ескертуі | Көрнекі және дыбыстық |
| Батареяның төменгі деңгейі туралы ескерту | Иә, ата-ана блогында |
| Тазалау нұсқаулары | Құрғақ немесе сәл дымқыл шүберекпен сүртіңіз. Агрессивті химиялық заттарды қолданбаңыз. |
| Қауіпсіздік сертификаттары | CE, FCC, RoHS |
| Қосалқы бөлшектер бар | AC адаптерлері, батареялар (Philips қолдауына хабарласыңыз) |
| Жөндеуге жарамдылық индексі | Қол жетімді емес, бірақ кәсіби жөндеуге арналған |
Жиі қойылатын сұрақтар - SKM7489 PHILIPS
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы SKM7489 PHILIPS
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Бала мониторы PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз SKM7489 - PHILIPS және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. SKM7489 брендінің PHILIPS.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ SKM7489 PHILIPS
Philips ата-аналарға өте қажетті қамқорлық әрі сенімді өнімдерді шығаруға бас салған. Осы нәресте бақылаушысы сізге тәулік бойы қызмет етіп, нәрестеңізді ешбір аландататын басқа дыбыстардың кедергісіз таза есту мүмкіндігін береді. DECT технологиясы басқа сымсыз құралдардан келетін кедергі мүмкіндігін нөлге түсіріп, ата-аналар бөлігі мен нәресте бөлігі арасында таза байланыс қамтамасыз ету кепілдігін береді.
Philips Нәресте Қамқоры: қамқорлықты бірге қамтамасыз етейік
Жалпы сипаттама (Сурет 1)
A Нәресте бөлігі
1 Қосу/өшіру түймесі
3 LINK (БАЙЛАНЫС) жарығы
4 +/- дауыс түймелері
9 Ойнату/тоқтату түймесі ▶■
10 Бесік жыры түймесі ♪
11 Түнгі жарық түймесі
12 Микрофон
13 Кішкене шанышқы
14 Батарея орнының қақпағы
15 Кішкене шанышқыға арналған розетка
16 Батарея орны
В Ата-аналар бөлігі
1 Дауыс деңгейін білдіретін жарық
2 Дисплей
3 СӨЙЛЕУ түймесі
4 МЕНЮ түймесі
5 Қосу/өшіру түймесі
6 LINK (БАЙЛАНЫС) жарығы
7 Белдік қыстырмасына немесе мойын белдігіне арналған тесікше
8 +/- дауыс түймелері
9 OK (мақұлдау) түймесі
10 Микрофон
11 Дауыс зорайтқыш
12 Батарея орны
13 Белдік қыстырғышы
14 Батарея орнының қақпағы
15 Мойын белдігі
16 Адаптор
17 Зарядтау құрылғысы
18 Қуат жарығы
С Дисплей
1 88° Бөлме температурасын көрсеткіш
2 ⚙️ Түнгі жарық көрсеткіші
3 ♪ Бесік жыры белгісі
4 Батарея белгісі
5 Дауыс көрсеткіші
6 Микрофон сезімталдығы көрсеткіші
ҚАЗАҚША 76
7 Н і94 Бөлме температурасы менюде орнатылған температурадан жоғары 8 Low Бөлме температурасы менюде орнатылған температурадан төмен 9 Not Linked «Бөліктер арасында байланыс жоқ» мәлімдемесі 10 Volume ■ ■ ■ «Дауыс деңгейі» мәлімдемесі 11 Paused Бесік жыры үзілгенде берілетін мәлімдеме D Сапар шеккенде қолданатын дорба
Маңызды
Құралды қолданар алдында, осы нұсқауды мұқият оқып шығыңыз, әрі болашақта қолдануға сақтап қойыңыз.
Бұл нәресте бақылаушысы тек көмекші құрал ретінде жасалған. Ол жауапкершілікті және тұрақты ересек бақылауды алмастыра алмайды және оны сондай мақсатпен қолдануға болмайды. Құралды қосар алдында адаптерде көрсетілген кернеу жергілікті қамтамасыз етілетін кернеумен сәйкес келетінін тексеріп алыңыз. Құралды тек 10°C және 40°C температура аралығында ғана зарядтауға, қолдануға және сақтауға болады. Бұл құрал 220 мен 240 В аралығындағы ток күшіне сәйкес келеді. Нәресте бақылаушыны қатты ыстыққа, суыққа немесе тікелей күн сәулесіне ұстауға болмайды. Нәресте бөлігі мен ток сымы нәрестелердің қолы жетпейтін жерде екенін әрдайым тексеріп тұрыңыз (кем дегенде 1 метр/3 фут қашықтықта). Нәресте бөлігін бесікке, төсекке немесе манежге қоймаңыз. Нәресте бақылаушыны сүлгімен немесе көрпемен жаппаңыз. Нәресте бақылаушының ешбір бөлігін суға немесе басқа сұйықтыққа батыруға болмайды. Нәресте бақылаушыны дымқыл жерге немесе суға жақын жерге қоймаңыз. Электр соққысын болдырмау үшін нәресте және ата-ана бөліктерінің корпусын ашпаңыз, тек батарея орнын ғана ашуға болады. Нәресте бөлігін токқа қосу үшін тек қосымша қамтамасыз етілген адаптерді ғана қолданыңыз. Ата-ана бөлігін зарядтау үшін тек қосымша қамтамасыз етілген зарядтау құрылғысын ғана қолданыңыз. Адаптерде трансформатор бар. Адаптерлерді кесіп, оның орнына басқа аша орнатпаңыз, себебі бұл қауіпті жағдай тудыруы мүмкін. Егер нәресте бөлігінің адаптері зақымдалған болса, қауіпті жағдай тудырмау үшін оны түпнұсқасымен ғана ауыстырған жөн. Егер зарядтау құрылғысы немесе зарядтау құрылғысының адаптері зақымдалған болса, қауіпті жағдай тудырмау үшін оны түпнұсқасымен ғана ауыстырған жөн. Жарылыс болдырмау үшін нәресте бөлігіне батареялардың тек дұрыс түрін ғана салыңыз. Ата-ана бөлігіне қайта зарядталатын батареялардың тек дұрыс түрін ғана қолданыңыз. Үздіксіз хабарлау мүмкін болмағандықтан, сіз бөбекті тек дыбыс шығарған кезде ғана естисіз.
Қолдануға дайындық
Нәресте бөлігі
Нәресте бақылаушыны ток сымына қосып немесе батареядан жұмыс істеп тұрған күйінде қолдануға болады. Егер сіз құралды батареядан жұмыс істеткіңіз келмеген жағдайда да, біз сізге екі бөлікке де батареяларды салып қоюды кеңес береміз. Бұл ток берілмей қалған жағдайда құралды автоматты түрде батареядан жұмыс істетіп отырады.
Ток сымынан жұмыс істеу
1 Кішкене ашаны нәресте бөлігіне қосып, адаптерді қабырғадағы розеткаға қосыңыз. (Сурет 2)
Батареямен жұмыс істеу
Нәресте бөлігі төрт 1.5 вольтті R6 AA батареяларымен жұмыс істейді (қосымша қамтамасыз етілмеген). Біз сізге міндетті түрде тек Philips LR6 PowerLife батареяларын қолдануды кеңес береміз.
Батареяларды салып жатқанда қолдарыңыз бен құрал құрғақ болуы тиіс.
1 Батарея орнын алақаныңызбен солға қарай бұраңыз (◀ АШУ). (Сурет 3) 2 Қақпақты алып тастаңыз. 3 Төрт 1.5 вольтті АА батареяларын салыңыз. (Сурет 4)
Екі батареяны бір-бірінің үстіне орнатыңыз, және де батареялардың + мен – полюстары дұрыс бағытта тұрғандығын тексеріңіз.
4 Батарея орнының қақпағын орнына қойып, алақаныңызбен оңға бұрап, жабыңыз (ЖАБУ ►). (Сурет 5)
Есте сақтаңыз: Батареялар отыра бастағанда, нәресте бөлігіндегі LINK (БАЙЛАНЫС) жарығы жымындай бастайды.
Ата-аналар бөлігі
Тоқ сымынан жұмыс жасау
1 Зарядтау құрылғысының адапторын қабырғадағы розеткаға қосып, ата-аналар бөлігін зарядтау құрылғысына қойыңыз. (Сурет 6) ҚУАТ жарығы жанады.
Батареямен жұмыс жасау
Ата-аналар бөлігі қосымша қамтамасыз етілген қайта зарядталатын екі 1.2-вольтті AAA NiMh батареяларынан жұмыс жасайды.
Батареяларды салып жатқанда, қолдарыңыз бен құрал құрғақ болуы тиіс.
1 Батареялар қақпағын төмен қарай сырғытып ашыңыз. (Сурет 7) 2 Екі қайта зарядталатын батареяларды салыңыз. (Сурет 8)
Батареялардың + және – жақтары керекті бағытта екендігіне көзіңізді жеткізіңіз.
3 Батареялар қақпағын ата-аналар бөлігінің артқы жағына қайтадан өз орнына түсіп бекітілгенше сырғытыңыз («сырт» ете түседі). (Сурет 9) 4 Зарядтау құрылғысының адапторын қабырғадағы розеткаға қосып, ата-аналар бөлігін зарядтау құрылғысына қойыңыз. (Сурет 6)
ҚУАТ жарығы жанады. 5 Ата-аналар бөлігін батареялары толығымен зарядталғанша зарядтау құрылғысында қалдырыңыз.
Зарядтау кем дегенде 16 сағат алады. Зарядтау, егер ата-аналар бөлігі зарядталып жатқанда қосулы тұрса, ұзағырақ уақыт алады. Зарядтау уақытын қысқарту үшін, ата-аналар бөлігін сөндіріңіз. Батареялар толығымен зарядталған кезде де ҚУАТ жарығы жанып тұрады. Батареялар толығымен зарядталғанда, ата-аналар бөлігін ток сымысыз кем дегенде 8 сағат бойы қолдануға болады.
Есте сақтаңыз: 8 сағаттық қызмет уақыты нәресте бөлігі уақыттың тек 25%-ында ғана дыбыстарды жеткізеді, ал басқа уақытта ол күту режимінде тұрады деген болжауға негізделген (нәресте ешқандай дыбыс шығармағанда).
Есте сақтаңыз: Ата-аналар бөлігінің батареялары алғашқы рет толығымен зарядталғанда, олар 8 сағат уақытынан азырақ қызмет көрсетеді. Батареялар өзінің толық мүмкіндігіне тек төрт рет толығымен зарядталып, босатылғанда ғана жетеді.
Есте сақтаңыз: Көрсеткіште батарея белгісі жойылып, ата-аналар бөлігі телеметриялық дыбысын беріп, және LINK (БАЙЛАНЫС) жарығы жыпылықтай бастаса, онда батареялар отыра бастады деген сөз. Ата-аналар бөлігін зарядтау құрылғысына қойыңыз.
Есте сақтаңыз: Егер ата-аналар бөлігі зарядтау құрылғысында тұрмаса, онда ата-аналар бөлігі сөндірулі тұрған жағдайда да батареялары жаймен отыра бастайды.
Құралды қолдану
1 Байланысты тексеру үшін, ата-аналар бөлігі мен нәресте бөлігін бір бөлмеге қойыңыз. (Сурет 10)
Нәресте бөлігі ата-аналар бөлігінен ең кем дегенде 1 метр/3 фут қашықтықта болуы тиіс.
2 Қосу/өшіру Ⓧ түймесін 2 секундтай басып, ұстап тұрыңыз. (Сурет 11)
Түнгі жарық жарқ етіп жанып сөнеді.
Көрсеткіш жарқ етіп жанып, сол уақыттағы бөлме температурасын көрсетеді.
Not L inkEd көрсеткіште пайда болып, нәресте бөлігі ата-аналар бөлігімен байланыс орнатуға тырысып жатқанда байланыс жарығы қызыл болып жыпылықтай бастайды.
3 Қосу/өшіру Ⓧ түймесін 2 секундтай басып, ұстап тұрыңыз. (Сурет 12)
Дауыс жарығы қызыл сары болып жана бастайды.
Көрсеткіш жанып, онда батарея белгісі мен температура көрсеткіші пайда болады.
Ата-аналар бөлігіндегі LINK (БАЙЛАНЫС) жарығы сөл қызыл болып жанып тұрып, артынан, ата-аналар бөлігі нәресте бөлігімен байланыс орнатуға тырысып жатқанда жасыл болып жыпылықтай бастайды.
Ата-аналар бөлігіндегі LINK (БАЙЛАНЫС) жарығы жасыл болып жыпылықтап, нәресте бөлігіндегі LINK (БАЙЛАНЫС) жарығы байланыс толығымен орнағанша қызыл болып жыпылықтайды. Бұл шамамен 30 секундтай уақыт алады. Екі LINK (БАЙЛАНЫС) жарығы тоқтаусыз жасыл болып жанып, нәресте бөлігіндегі көрсеткіштегі сәлемдеме Note Link жойылады. (Сурет 13)
4 Нәресте бөлігін өзіңіздің нәрестенізден ең кем дегенде 1 метр/3 фут қашықтықта қойыңыз. (Сурет 14)
5 Ата-аналар бөлігін нәресте бөлігінің байланыс аймағына қойыңыз. Оның нәресте бөлігінен ең кем дегенде 1 метр/3 фут қашықтықта екендігін тексеріңіз. (Сурет 15)
Жұмыс жасайтын аймақ жөнінде толығырақ ақпарат алу үшін, «Жұмыс жасау аймағы» тармағын қараңыз.
Жұмыс жасау аймағы
Нәресте бақылаушының қызмет көрсету аймағы ашық ауада 300 метр/900 фут болып келеді. Қоршаған айналаға және басқа кедергі келтіретін факторларға байланысты, бұл қызмет көрсету аймағы кішірек болуы мүмкін. Үй ішіндегі қызмет көрсету аймағы 50 метр/150 фут болып келеді.
Құрғақ материалдар Материалдар
Байланысты жоғалту
қалыңдығы
Ағаш, гипс, картон, әйнек (металы жоқ, < 30cm/12 дюйм 0-10% ток сым немесе қорғасын)
Металды торлар мен кесектер < 1cm/0.4 дюйм 90-100%
Металл немесе алюминий беттері < 1cm/0.4 дюйм 100%
Сулы немесе дымқыл материалдар кедергісінен, байланыс аймағы толығымен 100% жоғалуы мүмкін.
Мүмкіндіктер
Дауыс зорайтқыш дауысын реттеу
1 Нәресте бөлігіндегі + және – дауыс түймесін өзіңізге қажетті дауыс деңгейін таңдау үшін бірнеше рет басыңыз. (Сурет 16) 2 Ата-аналар бөлігіндегі + және – дауыс түймесін өзіңізге қажетті дауыс деңгейін таңдау үшін бірнеше рет басыңыз. (Сурет 17)
Көрсеткіш әдетте бөліктерде таңдалған дауыс деңгейін көрнекі түрде көрсетеді:
- Vol une OFF : ата-аналар бөлігінің дауысы өшірілген/нәрестені үнсіз бақылау;
- Vol une ■: ең төменгі дауыс деңгейі (ата-аналар және нәресте бөліктері);
- Vol. UME ■ ■ ■ ■: ең жоғарғы дауыс деңгейі (ата-аналар және нәресте бөліктері).
Есте сақтаңыз: Егер сіз + және – дауыс түймесін тым ұзақ басып қойсаңыз, онда дауыс деңгейі орнатылмайды.
Есте сақтаңыз: Егер сіз сөйлесу қызметін қолданып жатқан болсаңыз, онда тек нәресте бөлігіндегі дауыс деңгейін ғана реттей аласыз (төменде қараңыз).
Есте сақтаңыз: Егер дауыс деңгейі жоғары деңгейге орнатылған болса, онда бөліктер көбірек қуат жұмсайды.
Сөйлесу қызметі
Сіз ата-аналар бөлігіндегі СӨЙЛЕУ түймесін қолданып, нәрестенізбен сөйлесе аласыз (мысалы, оны жұбату үшін).
1 СӨЙЛЕУ түймесін басып тұрып, микрофонға анық етіп сөйлеңіз. (Сурет 18) 2 Сөйлесіп болғаннан соң СӨЙЛЕУ түймесін жіберіңіз.
Есте сақтаңыз: Сіз СӨЙЛЕУ түймесін басып тұрғанда нәрестенізді ести алмайсыз.
Нәрестені дыбыссыз бақылау
1 Ата-аналар бөлігіндегі дауыс түймесін ол өшірілгенше бірнеше рет басыңыз. (Сурет 19)
Дауыс деңгейі жарықтары жоқ болғанда, дауыс толығымен өшірілгенін білдіреді.
Нәресте бөлігі дыбыс ұстамаса, ата-аналар бөлігіндегі дауыс деңгейі жарықтары сөніп тұрады. (Сурет 20) Нәресте бөлігі дыбыс ұстаса, ата-аналар бөлігіндегі бір немесе одан да көп дауыс деңгейі жарықтары жанады. Дыбыс қаттырақ шыққан сайын көбірек жарық жанады.
Түнгі жарық
1 Түнгі жарықты жағу үшін, нәресте бөлігіндегі түнгі жарық түймесін ⚙ сәл ғана басыңыз. (Сурет 21) екі көрсеткіште де пайда болады. 2 Түнгі жарықты сөндіру үшін, түнгі жарық түймесін ⚙ тағы бір рет сәл ғана басыңыз. (Сурет 21) Түнгі жарық жаймен түнеріп, толығымен сөнеді. екі көрсеткіштен де жойылады.
Есте сақтаңыз: Егер сіз түнгі жарық түймесін ☀️ тым ұзақ басып қалсаңыз, онда түнгі жарық жанбайды немесе сөнбейді.
Кеңес: Егер сіз нәресте бөлігін батареядан жұмыс жасатып жатқан болсаңыз, онда түнгі жарықты сөндіріп қойыңыз. Бұл қуатты үнемдейді!
Ата-аналар бөлігіне пейджинг жіберу
Егер сіз ата-аналар бөлігін жоғалтып алсаңыз, және ол сөндірулі тұрған болса, онда сіз нәресте бөлігіндегі PAGE (пейджер) түймесін қолданып, ата-аналар бөлігін тауып алуыңызға болады.
1 Нәресте бөлігіндегі PAGE (пейджер) түймесін сәл ғана басыңыз (Сурет 22) Раз ін.9 екі көрсеткіште де пайда болады. Ата-аналар бөлігі автоматты түрде орташа дауыс деңгейіне орнатылып, пейджинг ескерту дыбысын шығарады. 2 Пейджинг ескерту дыбысын сөндіру үшін, PAGE (пейджер) түймесін тағы да сәл ғана басыңыз немесе ата-аналар бөлігіндегі кез келген түймені басыңыз. (Сурет 22)
Есте сақтаңыз: Егер сіз PAGE (пейджер) түймесін тым ұзақ басып қалсаңыз, онда ата-аналар бөлігі пейджинг ескерту дыбысын шығармайды.
Бесік жырын ойнату қызметі
1 Нәресте бөлігіндегі бесік жыры түймесін ♪ сәл басып, қамтамасыз етілген бес түрлі бесік жырының бірін таңдаңыз. (Сурет 23) 2 Таңдаған бесік жырын ойнату үшін, ойнату/тоқтату түймесін ▶■ сәл ғана басыңыз. (Сурет 24) 3 Ата-аналар бөлігіндегі ОК (мақұлдау) түймесін сәл ғана бассаңыз, ойнап жатқан бесік жырын уақытша тоқтатасыз. Ата-аналар бөлігіндегі ОК (мақұлдау) түймесін тағы бассаңыз, бесік жыры жалғасады. (Сурет 25) Егер сіз 60 секунд аралығында бесік жырын қайта ойнатпасаңыз, онда бесік жыры қызметі автоматты түрде сөнеді. 4 Бесік жырын тоқтату үшін, ойнату/тоқтату түймесін ▶ тағы да сәл ғана басыңыз. (Сурет 24)
Есте сақтаңыз: Егер сіз бесік жыры түймесін ♪ тым ұзақ басып тұрсаңыз, сіз ешқандай бесік жырын таңдай алмайсыз.
Белдік және мойын белдігі
Егер ата-аналар бөлігіндегі батареялар толығымен зарядталған болса, онда сіз үй ішінде немесе үй айналасында жүргенде бөлікті өзіңізбен бірге алуыңызға болады. Ол үшін сіз бөлікті белдік қыстырмасымен белдігіңізге немесе беліңізге қыстырып алыңыз немесе оны мойныңызға мойын белдігімен айналдырып іліп алуыңызға болады. Бұл сізге қозғалып жүрген кезде де нәрестеңізді бақылау мүмкіндігін береді.
Белдік қыстырмасын қосу
1 Белдік қыстырғышының артындағы кішкене инені ата-аналар бөлігінің артындағы тесікшеге енгізіңіз (1). Белдік қыстырмасын солға бұраңыз (2), ол «сырт» етіп бекітіледі. (Сурет 26)
Белдік қыстырмасын ажырату
1 Белдік қыстырмасын оңға бұраңыз (► бағытына), енді оны тесікшеден суырып алыңыз (2). (Сурет 27)
Мойын белдігін қосу
1 Мойын белдігінің ұшындағы кішкене инені ата-аналар бөлігінің артындағы тесікшеге енгізіңіз (1). Мойын белдігін солға бұраңыз (2), ол «сырт» етіп бекітіледі. (Сурет 28)
Мойын белдігін ажырату
1 Мойын белдігін оңға бұраңыз (► бағытына), енді оны тесікшеден суырып алыңыз (2). (Сурет 29)
Қайта қосу қызметі
Бұл қызмет сізге ата-аналар мен нәресте бөліктеріне алдын ала орнатылған бағдарламаны қоюға мүмкіндік береді. Сіз бұл қызметті егер келелі мәселе алдыңызға тұрып, ал сіз оны «жиі қойылатын сұрақтар» тармағында берілген кеңестер арқылы шеше алмаған кезде қолдануыңызға болады. Сіз әр бір бөлікті жеке қайта қосуыңыз керек.
1 Бөлікті қосу үшін қосу/өшіру түймесін Ⓧ 2 секундтай басыңыз. (Сурет 30) 2 Бөліктегі байланыс жарықтары жана бастаған кезде дауыс деңгейі түймесін басып, ұстап тұрыңыз. (Сурет 31) Енді бөлік алдын ала орнатылған бағдарламаға қайта қосылды. Енді осыны басқа бөлікпен жасаңыз.
Алдын ала орнатылған бағдарлама
Ата-аналар бөлігі
- Дауыс зорайтқыш деңгейі: 1
- Микрофон сезімталдығы: 3
- Дыбыс ескертпесі: қосулы
- Температура ескертпесі: қосулы
Нәресте бөлігі
- Дауыс зорайтқыш деңгейі: 3
- Түнгі жарық: өшірулі
- Бесік жыры: 1
- «Температура төмен» ескертпесі: 14°C
- «Температура жоғары» ескертпесі: 30°C
Мәзірдің мүмкіндіктері
Көптеген функциялар нәресте және ата-аналар бөлігіне орнатыла алады, алайда кейбір функциялар тек ата-аналар бөлігінде қамтамасыз етілген мәзір мүмкіндіктерінен ғана орнатыла алады.
Мәзір қызметі – жалпы түсініктеме
1. МӘЗІР түймесін басып, мәзірді ашыңыз. (Сурет 32) Бірінші мәзірдің мүмкіндіктері көрсеткіште пайда болады. 2. – және + түймелерін басып, өзіңізге керекті мәзірдің мүмкіндіктерін таңдаңыз. (Сурет 33)
ҚАЗАҚША 82
3. Өзіңіздің таңдаған мүмкіндігіңізді мақұлдау үшін ОК түймесін басыңыз. (Сурет 34) «Saved» көрсеткіште пайда болады.
4. Мәзірден шығу үшін, МӘЗІР түймесін тағы басыңыз. (Сурет 32)
Есте сақтаңыз: МӘЗІР түймесін әрдайым, – және + түймелерін, және ОК түймесін сәл ғана басыңыз.
Түнгі жарық қосу/өшіру
1 – және + түймелерін басу арқылы L ɪəhɛ on? немесе L ɪəhɛ oFF? таңдап, мақұлдау үшін ОК түймесін басыңыз.
Бесік жырын ойнату
Бесік жырын ойнату немесе тоқтату үшін:
1 – және + түймелерін басу арқылы Lui / әby♪ таңдап, мақұлдау үшін ОК түймесін басыңыз. 2 Соңғы ойнаған бесік жырын қайта ойнату үшін РІ әү? таңдаңыз, немесе (әуенді тоқтату үшін SEoPLU! әбү? таңдаңыз немесе мақұлдау үшін ОК түймесін басыңыз. Басқа бесік жырын таңдау үшін: 1 – және + түймелерін басу арқылы Lui / әБУ♪ таңдап, мақұлдау үшін ОК түймесін басыңыз. 2 – және + түймелерін басу арқылы 5ε1 ест нөү таңдап, мақұлдау үшін ОК түймесін басыңыз. 3 – және + түймелерін басу арқылы өзіңіз таңдаған бесік жырын таңдап, мақұлдау үшін ОК түймесін басыңыз.
Микрофон сезімталдығын орнату
Сіз нәресте бөлігіндегі микрофон сезімталдығын өзіңізге керекті деңгейге орнатуыңызға болады. Микрофон сезімталдығы ең жоғарғы деңгейге орнатылғанда ол барлық дыбыстарды, тіпті нәрестенің дем алғанын да теріп алады. Сіз микрофон сезімталдығын тек ата-аналар бөлігі мен нәресте бөлігі арасында байланыс орнатылғанда ғана таңдай аласыз, мысалы нәресте бөлігі мен ата-аналар бөлігіндегі LINK (БАЙЛАНЫС) жарығы тоқтаусыз жасыл болып жанғанда.
1 – және + түймелерін басу арқылы 5695 іт іт ітү» таңдап, мақұлдау үшін ОК түймесін басыңыз. 2 – және + түймелерін басу арқылы өзіңізге керекті микрофон сезімталдығын таңдап, мақұлдау үшін ОК түймесін басыңыз. Сезімталдығы ■ = ең төменгі деңгейдегі сезімталдық Сезімталдығы ■ ■ ■ ■ = ең жоғарғы деңгейдегі сезімталдық
Есте сақтаңыз: Нәресте бөлігіндегі микрофон сезімталдығы тым жоғары орнатылған кезде, ол көбірек дыбыстарды теретін болады, демек ол жиірек сол дыбыстарды жеткізеді. Нәтижесінде, бөлік қуатты көбірек жұмсайды.
Дыбыс ескертпесі қосулы/өшірулі
Егер дыбыс ескертпесі қосылып тұрса, дауыс деңгейінің бесінші деңгейі қызыл сары болып жанған кезде, ата-аналар бөлігінің дауысы сөндірулі тұрса да, телеметрлік дыбыс шығарады.
1 – және + түймелерін басу арқылы Sound Al Ert таңдап, мақұлдау үшін ОК түймесін басыңыз. 2 AI ErE on? немесе AI ErE off? таңдап, мақұлдау үшін ОК түймесін басыңыз.
Бөлме температура аралығын орнату
Сіз өзіңіздің, бөпеніздің, бөлме температура аралығын (ең төмен және ең жоғары) орнатсаңыз болады.
1 – және + түймелерін басу арқылы Temperature – ° таңдап, мақұлдау үшін ОК түймесін басыңыз. Раніз көрсеткіште пайда болады. 2 Мақұлдау үшін ОК түймесін басыңыз. 3. Өзіңізге керек ең төменгі температураны – және + түймелерін басу арқылы таңдап, мақұлдау үшін ОК түймесін басыңыз. 4 Өзіңізге керек ең жоғарғы температураны – және + түймелерін басу арқылы таңдап, мақұлдау үшін ОК түймесін басыңыз.
Есте сақтаңыз: Егер ең жоғарғы температура орнатылып тұрып, ол бөлме температурасынан төмен болса, бөлік көбірек қуат жұмсайтын болады, себебі көрсеткіш тоқтаусыз жанып тұрады. Бұл, сондай-ақ ең төменгі температура орнатылып, ал ол бөлме температурасынан жоғары болса да солай болады.
Температура ескертпесін қосу/өшіру
Егер температура ескертпесі қосулы болса, онда бөлме температурасы орнатылған температурадан артып кетсе немесе түсіп кетсе, ата-аналар бөлігі телеметрлік дыбыс шығарады. Егер температура орнатылмаған болса, онда температура ескертпесі бөлме температурасы 7°C-тан төмендесе немесе 33°C-тан артса сөнеді.
1. – және + түймелерін басу арқылы TEMPERATURE—° таңдап, мақұлдау үшін ОК түймесін басыңыз. 2. – және + түймелерін басу арқылы ALERT on/off таңдап, мақұлдау үшін ОК түймесін басыңыз. 3. ALERT on? немесе ALERT off? таңдап, мақұлдау үшін ОК түймесін басыңыз.
Тазалау және күту
Нәресте және ата-аналар бөліктерін ешқашан суға батырмаңыз және оларды ағын су астында тазаламаңыз.
Тазалағыш сұйықтықтарды және аэрозольді тазалағыштарды қолдануға болмайды.
1. Нәресте бөлігін ток сымына қосулы тұрса, суырыңыз, ал ата-аналар бөлігін зарядтау құрылғысынан алыңыз. 2. Нәресте және ата-аналар бөліктерінің екеуін де дымқыл шүберекпен сүртіп тазалаңыз.
Ата-аналар бөлігін қайтадан зарядтау құрылғысына қояр алдында, оның құрғақ екендігін тексеріңіз.
3. Зарядтау құрылғысын құрғақ шүберекпен тазалаңыз.
Сақтау
Егер сіз нәресте бақылаушысын біраз уақыт бойы қолданбайтын болсаңыз, батареяларын алып тастап, ата-аналар бөлігін, нәресте бөлігін, нәресте бөлігінің адапторын және зарядтау құрылғысын сапар шеккенде салатын дорбаға салып сақтаңыз. Сонымен қатар, сапар шеккенде қолданатын дорбаны бір жақа жол жүргенде қолдануыңызға болады.
Қоршаған айнала
Құралды өз қызметін көрсетіп тозғаннан кейін, күнделікті үй қоқысымен бірге тастауға болмайды. Оның орнына бұл құралды арнайы жинап алатын жерге қайта өңдеу мақсатына өткізіңіз. Сонда сіз қоршаған айналаны сақтауға себіңізді тигізесіз. (Сурет 35) Батарея құрамында қоршаған айналаға тигізер зиянды заттар бар. Бос батареяны күнделікті үй қоқысымен бірге тастауға болмайды. Батареяны арнайы батареялар жинайтын орынға өткізіңіз. Құралды тастар немесе арнайы жинап алатын орынға берер алдында батареяны алып тастаңыз.
Кепілдік пен қызмет
Егер сізге ақпарат керек болса, немесе сізде қандай да бір мәселе туындаса, Philips компаниясының www.philips.com интернет-сайтына кіріңіз немесе өз еліңіздегі Philips Тұтынушылар Орталығына телефон соғыңыз (оның нөмірін дүние жүзі бойынша берілетін кепілдік кітапшасынан таба аласыз). Егер сіздің еліңізде Тұтынушыларға Қамқорлық Орталығы болмаса, жергілікті Philips дилеріне немесе Philips компаниясының Үйге арналған құралдар қызметі департаменті мен Жеке Қамқорлық бөліміне хабарласыңыз.
Жиі қойылатын сұрақтар
Бұл бөлімде құрал туралы жиі қойылатын сұрақтар тізімі берілген. Егер сіз өз сұрағыңызға жауап таба алмасаңыз, еліңіздегі Тұтынушылар Қызмет Орталығына хабарласыңыз.
Сұрақ Жауап
| Неліктен ата аналар және нәресте бөліктеріндегі косу/ өшіру түймесін басқан кезімде LINK (БАЙЛАНЫС) жарығы жымындамайды және көрсеткіштер жарқ етіп жанбайды? | Ата аналар бөлігін зарядтау құрылғысына қойыңыз, ал зарядтау құрылғысының адапторын қабырғадағы розеткаға қосыңыз. Ата аналар бөлігі жұмыс жасап түргандығын косу/өшіру түймесін басу арқылы тексеріңіз. Сонымен бірге нәресте бөлігі жұмыс жасап түргандығын да косу/өшіру түймесін басу арқылы тексеріңіз. Егер ол жұмыс жасамаса, батареяларды ауыстырыңыз. Содан соң ата аналар бөлігі мен нәресте бөліктерінің арасында байланысты орнатуға тырысыңыз. Егер LINK (БАЙЛАНЫС) жарығы әлі жанбаса, онда ата аналар бөлігін нәресте бөлігіне жақындатыңыз, алайда оны 1 метр/3 футтан жақын болмасын. Егер байланысты орнату мүмкін емес болса, онда бөліктерді қайта қосыңыз, сонда олар алдын ала орнатылған бағдарламаларына келеді. |
| Неліктен ата аналар бөлігіндегі LINK (БАЙЛАНЫС) жарығы жымындап, сол шамада бөлік телеметрлік дыбыс шығарады? | Нәресте бөлігі мен ата аналар бөлігі бір бірімен байланыс аймағынан тыс шығар. Екуінің ара қашықтығын азайтыңыз. |
| Неліктен нәресте бөлігіндегі LINK (БАЙЛАНЫС) жарығы қызыл болып жымындап, көрсеткіште (№: L iːKÆd) мәлімдемесі пайда болады? | Нәресте бөлігі мен ата аналар бөлігі бір бірімен байланыс аймағынан тыс шығар. Екуінің ара қашықтығын азайтыңыз. |
| Сурақ Жауап | |
| Неліктен нәрестебөлігіндегі LINK(БАЙЛАНЫС) жарығықызыл болыпжымындайды? | Егер (No.: L. inkEd) мәлімдемесі көрсеткіште көрінбесе, онданәресте бөлігіндегі батареялар отырып жатыр, Батареялардыаувістырыңыз. |
| Неліктен ата аналарбөлігі телеметрлікдыбысын шығарады? | Егер ата аналар бөлігі LINK (БАЙЛАНЫС) жарығы қызыл болыпжымындап түрганда және көрсеткіште (No.: L. inkEd)мәлімдемесі шығып түрганда телеметрлік дыбыс шығарса, онданәресте бөлігімен байланыс жоғалды деген сөз. Ата аналар бөлігіннәресте бөлігіне жақынырақ жылжытыңыз. |
| Егер ата аналар бөлігі LINK (БАЙЛАНЫС) жарығы қызыл болыпжымындап түрганда және көрсеткіштегі батарея белгісі бос болыпкөрсетілсе, онда батареялар отыра бастағаны. Батареялардықайтадан зарядтаңыз. | |
| Дыбыс ескертпесі қосылып түрганда дауыс деңгейін сөндіргенболсаңыз, ата аналар бөлігінің дауыс деңгейінің бесінші деңгейіқызыл сары болып жанған сайын телеметрлік дыбыс шығарады,себебі нәресте бөлігі дыбысты теріп алып отырады. | |
| Егер сіз ата аналар бөлігінде бөлме температурасын орнатыпқойған болсаңыз, және температура ескертпесі қосулы болса, ондабөлме температурасы орнатылған температура деңгейінен төменнемесе 7 °C төмен түсіп кетсе немесе бөлме температурасыорнатылған температура деңгейінен жоғары немесе 33 °C жоғарыкөтерілсе, ата аналар бөлігі телеметрлік дыбыс шығарады. | |
| Неліктен құралжағымсыз жоғары үншығарады? | Бөліктер бір біріне тым жақын орналасқан. Ата аналар бөлігіннәресте бөлігінен ең кем дегенде 1 метр/3 фут қашықтыққақойыңыз. |
| Ата аналар бөлігіндегі дауыс деңгейі тым жоғары етіліп қойылғанболар. Ата аналар бөлігінің дауыс деңгейін төмендетіңіз. | |
| Неліктен мендыбыстардыестімеймін/Неліктенмен нәрестемніңжылағанын естімеймін? | Ата аналар бөлігіндегі дауыс деңгейі тым төмен етіліп қойылғанболар. Ата аналар бөлігінің дауыс деңгейін жоғарлатыңыз. |
| Микрофон сезімталдық деңгейі тым төмен шығар. Ата аналарбөлігіндегі микрофон сезімталдығын жоғарырақ деңгейгеорнатыңыз. | |
| Нәресте бөлігі мен ата аналар бөлігі бір бірімен байланысаймағынан тыс шығар. Екуінің ара қашықтығын азайтыңыз. | |
| Неліктен ата аналарбөлігі басқадыбыстарды тымжылдам сезінеді? | Нәресте бөлігі сіздің бөпенціздің дыбысынан басқа дыбыстарды датереді. Нәресте бөлігін бөпенцізге жақынырақ қойыңыз (дегенмен,1 метр/3 фут минимум ара қашықтықты сақтаңыз). |
Сұрақ Жауап
| Микрофон сезімталдык деңгейі тым жоғары шығар. Ата аналар бөлігіндегі микрофон сезімталдығын төменірек деңгейге орнатыңыз. | |
| Неліктен ата аналар бөлігі нәресте дыбыстарын тым жәй сезінеді? | Микрофон сезімталдык деңгейі тым төмен шығар. Ата аналар бөлігіндегі микрофон сезімталдығын үлкейтіңіз. |
| Неліктен нәресте бөлігіндегі батареялар тым жылдам отырып қала береді? | Микрофон сезімталдык деңгейі тым жоғары шығар, сондыктан нәресте бөлігі тым жиі байланыстырыла беретін болар. Ата аналар бөлігіндегі микрофон сезімталдығын төменірек деңгейге орнатыңыз. |
| Нәресте бөлігіндегі дауыс деңгейі тым жоғары қойылған шығар, ал ол бөлікті тым көп куат алуына әкеліп соғады. Нәресте бөлігіндегі дауыс деңгейін азайтыңыз. | |
| Сіз ең жоғарғы бөлме температурасын орнатқан болсарсыз, ал ол шынайы бөлме температурасынан төмен шығар, немесе ең төменгі бөлме температурасын орнатқан боларсыз, ал ол шынайы бөлме температурасынан жоғары шығар. Осының себебінен көрсеткіш токтаусыз жанып тұрады, ал ол жоғары куатты талап етіп, батареялар жылдам отырып қалады. | |
| Мүмкін сіз түнгі жарықты қосып қойған боларсыз. Егер сіз түнгі жарықты қолданғыңыз келсе, онда нәресте бөлігін ток сымынан жұмыс жасатыңыз деп кеңес береміз. | |
| Неліктен ата аналар бөлігін қайта зарядтағанда ол 16 сағаттан артық уақыт алады? | Мүмкін ата аналар бөлігі зарядталып жатқанда қосулы шығар. Зарядтап жатқанда ата аналар бөлігін сөндіріп қойыңыз. |
| Нәресте бақылаушының қызмет көрсететін аймағы 300 метр/900 фут деп көрсетілген. Неліктен менің нәресте бақылаушым одан төмен аймақты қамтиды? | Көрсетілген қызмет аймағы ол ашық ауадағы аймак. Сіздің үйіңіздің ішінде ол қызмет көрсету аймағы арсында кездесетін бірнеше түрлі қабырғалар мен төбелер кедергісі болғандықтан шектеледі. Уй ішіндегі қызмет көрсету аймағы 50 метр/150 фут болып келеді. |
| Неліктен байланыс қайта қайта үзіліп қалады? Неліктен дыбыс кедергілері пайда болады? | Нәресте және ата аналар бөлігі қызмет көрсететін аймақтың сыртқы шекарасына тым жақын түргған болар. Басқа орналасу орнын таңдап көріңіз немесе екі бөліктің арасындағы қашықтықты азайтыңыз. Есіңізде болсын, екі бөліктің арасында байланыс орнау үшін, әрдайым 30 секундтай уақыт керек болады. |
| Сурак Жауап | |
| Ток куаты болмай қалғанда не болады? | Егер ата аналар бөлігі дұрыс зарядталған болса, онда ол ток куаты берілуін токтатқанда, зарядтау құрылғысының ішінде де сыртында да байланыс жоғалмайды. Егер екі бөлікте де батареялар салынған болса, онда ток куаты берілуін токтатқанда, құрал автоматты түрде батареядан жұмыс жасай бастайды, және байланыс үзілмейді. |
| Нәресте қадағалаушы жасырын тындаудан және кедергілерден сақ па? | Осы нәресте қадағалаушының, DECT технологиясы басқа құралдардан кедергі болдырмайды және жасырын тындаудың алдын алады. |
| Кейбір түймелерді басқанда, олар жұмыс жасамайды. Мен қандай қателік жасап түрмын? | Барлық түймелерді (қосу/өшіру және СӨЙЛЕУ түймелерінен баасқа) тек сәл ғана басу керек. Егер сіз оларды тым ұзак бассаңыз, олар жұмыс жасамайды. |
| Ата аналар бөлігінің қызмет ету уақыты 8 сағат болуы тиіс. Неліктен менің ата аналар бөлігім одан азырақ уақыт қызмет көрсетеді? | Ата аналар бөлігінің батареялары алғашқы рет толығымен зарядталғанда, олар 8 сағат уақытынан азырақ қызмет көрсетеді. Батареялар өзінің толық мүмкіндігіне, сіз оны тек төрт рет толығымен зарядтап, босатқанда ғана жетеді. |
| Ата аналар бөлігіндегі дауыс деңгейі тым жоғары деңгейге қойылған болар, сондықтан ата аналар бөлігі көп энергия жұмсан жатыр. Ата аналар бөлігіндегі дауыс деңгейін төменірек қойыңыз | |
| Ата аналар бөлігіндегі микрофон сезімталдығы тым жоғары деңгейге орнатылған болар, сондықтан ата аналар бөлігі көп энергия жұмсан жатыр. Ата аналар бөлігіндегі микрофон сезімталдығын төменірек қойыңыз. | |
Осы құжат арқылы Philips DAP бұл өнімнің Еуропалық 1999/5/EC заңына сәйкес келетіндігін мәлімдейді.