HB 0803 UM0 - Ас үй роботы HOTPOINT - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз HB 0803 UM0 HOTPOINT PDF форматында.
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы HB 0803 UM0 HOTPOINT
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Ас үй роботы PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз HB 0803 UM0 - HOTPOINT және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. HB 0803 UM0 брендінің HOTPOINT.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ HB 0803 UM0 HOTPOINT
Instruções de Utilização Інструкції з експлуатації Пайдалану нұсқаулығы BG Инструкции за употреба
Құрылғыны пайдаланбас бұрын, Денсаулық пен қауіпсіздік және Қолдану мен күтім көрсету нұсқаулықтарын мұқият оқып шығыңыз. Бұл нұсқауларды кейін қарап тұру үшін оңай жерде ұстаңыз.
Осы нұсқаулық пен құрылғының өзінде әрқашан орындалуы тиіс маңызды қауіпсіздік ескертулері беріледі
Барлық қауіпсіздік ескертулері ықтимал қауіп-қатерге қатысты ерекше мәліметтерді беріп, құрылғыны дұрыс қолданбау салдарынан болатын жарақат алу, зақым келтіру және ток соғу қаупін азайту жолдарын көрсетеді. Төмендегі нұсқауларды бұлжытпай орындаңыз. Осы нұсқаулар орындалмаған жағдайда қауіп-қатерлер туындауы мүмкін. Осы кеңестер мен сақтық шаралары еленбеген жағдайда, Өндіруші адамдардың я жануарлардың жарақат алуына немесе мүлікке зақым келуіне еш жауапты болмайды.
Ересек адам бақылап тұрмаған кезде, бұл өнімді 8 жасқа толмаған балалар қолданбауы керек. 8 жасқа толған балаларға және дене, сезу немесе ақыл-ой қабілеті төмен, я болмаса тәжірибесі мен білімі жоқ адамдарға осы құрылғыны басқа адам бақылап тұрған кезде ғана қолдануға болады. Бұл адамдарға құрылғыны қауіпсіз түрде қолдану бойынша нұсқама берілген және олар құрылғыны қолдануға қатысты қауіптерді түсінген жағдайда, құрылғыны қолдануға болады. Балаларға құрылғымен ойнауға болмайды. Балаларға бақылаусыз құрылғыны тазалауға және оған қызмет көрсетуге болмайды. Металл жүздер мен диск өте өткір, сондықтан ұстаған, тегешті босатқан және құрылғыны тазалаған кезде аса абай болу керек. Құрылғыны ұстаған немесе тазалаған кезде, жүз қосымшаларының кесетін жақтарын өзіңізден әрі қаратып ұстаңыз. Кез келген қозғалатын бөліктерге тимеңіз. ӨНІМНІҢ ҚОЛДАНУ МАҚСАТЫ
Осы құрылғы тек тұрмыстық жағдайда қолданылуға арналған. Бұл өнім коммерциялық жағдайда қолданылуға арналмаған. Өндіруші басқару элементтерін дұрыс қолданбауға немесе дұрыс орнатпауға жауапты болудан мүлдем бас тартады.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ: Құрылғы сыртқы таймермен немесе бөлек қашықтан басқару жүйесімен басқарылуға арналмаған. Құрылғыны сыртта қолданбаңыз. Құрылғы ішінде немесе жанында жарылғыш я тұтанғыш заттарды, мысалы, аэрозоль баллондарын сақтауға, сондай-ақ бензин я басқа тұтанғыш заттарды қоюға болмайды: құрылғы байқаусызда қосылған жағдайда, өрт шығуы мүмкін.
Жөндеу жұмыстарын өндіруші нұсқаулары мен жергілікті қауіпсіздік ережелеріне сәйкес білікті маман атқаруы тиіс. Пайдаланушы нұсқаулығында ерекше көрсетілмеген болса, құрылғының ешбір бөлігін жөндеуге немесе ауыстыруға болмайды. Орындау жұмыстарын балалар атқармауы тиіс. Құрылғыны орнатқан кезде балаларды аулақ ұстаңыз. Құрылғыны орнатып жатқан кезде және одан кейін қаптама материалдарын (пластик қаптар, полистирол бөліктер, т.б.) балалардан аулақ ұстаңыз. Құрылғыны қаптамадан шығарғаннан кейін, оған тасымалдау кезінде зақым келмегеніне көз жеткізіңіз. Проблемалар болған жағдайда, сатушыға немесе ең жақын жердегі сатудан кейін қолдау көрсету қызметіне хабарласыңыз. Құрылғыны орнатқан кезде балаларды аулақ ұстаңыз. Орнату жұмыстарына кіріспес бұрын құрылғыны токтан ажырату Орнату кезінде құрылғы қуат кабеліне зақым келтірмейтініне көз жеткізіңіз. Құрылғыны орнату процедурасы аяқталғаннан кейін ғана қосыңыз. ТОКҚА ҚАТЫСТЫ ЕСКЕРТУЛЕР
Номиналды сипаттар тақтасындағы кернеу үйіңіздегі кернеуге сәйкес келетініне көз жеткізіңіз. Нормативтік талаптарға сәйкес, құрылғы жерге тұйықталған розеткаға қосылуы керек. Құрылғының айыры бекітілген болса және ол розеткаға дәл келмесе, білікті маманға хабарласыңыз. Ұзартқыш сымдарды, бірнеше розетканы немесе адаптерлерді қолдануға болмайды. Құрылғыны қашықтан басқару мүмкіндігі бар розеткаға жалғауға болмайды.
Корпусына орнатылғаннан кейін қуат кабелінің ұзындығы құрылғыны розеткаға жалғауға жеткілікті болуы тиіс. Қуат кабелінен ұстап тартпаңыз. Қуат кабеліне зақым келсе, оны дәл сондай кабельге ауыстыру керек. Қуат кабелін тек өндіруші нұсқаулары мен жергілікті қауіпсіздік ережелеріне сәйкес білікті маман ауыстыруы тиіс. Уәкілетті қызмет орталығына хабарласыңыз. Қуат кабелі немесе айыры зақымдалған, дұрыс жұмыс істемейтін немесе зақымдалған я құлаған құрылғыны пайдалануға болмайды. Қуат кабелін немесе айырды суға салмаңыз. Кабельді ыстық беттерге тигізбеңіз. Құрылғыға дененің кез келген су бөлігін тигізуге немесе құрылғыны жалаң аяқ пайдалануға болмайды. ЭЛЕКТР ҚОСЫЛЫСТАР Розетка / айыр Бекітілген айыр розеткаға дәл келмесе, сатудан кейін қолдау көрсету қызметіне хабарласып, қосымша нұсқау алыңыз. Айырды өз күшіңізбен ауыстыруға тырыспаңыз. Бұл процедураны өндіруші нұсқаулары мен ағымдағы стандартты қауіпсіздік ережелеріне сәйкес білікті маман орындауы тиіс. ДҰРЫС ҚОЛДАНУ
Құрылғыны пайдаланбас бұрын, барлық бөлшектер мен қақпақтар орындарына мықтап бекітілгеніне көз жеткізіңіз. Бекіткіштер екі қысқыш орнына құлыпталуы тиіс, әйтпесе мотор айналғанда тегеш қақпақшасы да айналып кетуі мүмкін. Қақпақшаның құлыптау механизмін өзгертуге әрекет жасамаңыз. Құрылғыны бөлшектемес бұрын оны өшіріп, жүздері толығымен тоқтағанша күтіңіз. Тегештің ішіндегі кез келген затты төккен кезде жүздер жинағын алып отырыңыз. Қолмен тағам салушы болмаңыз. Әрқашан тағам итергішін қолданыңыз.
Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде оның саңылауына саусақтарыңызды немесе басқа заттарды салмаңыз. Саңылауда тағам тұрып қалса, оны итеріп жіберу үшін тағам итергішін немесе басқа жеміс я көкөністі қолданыңыз. Бұл әдіс нәтиже бермесе, құрылғыны өшіріп, қалған тағамды алып тастау үшін құрылғыны бөлшектеңіз. Ұсақтап шабу қосымшаларын қолданған кезде өте қатты тағам (мысалы, қатты шоколад), мұз немесе мұздатылған тағам салушы Ауыр жарақат алу немесе блендерге зақым келу қаупіне жол бермеу үшін, блендерді пайдаланған кезде қолдарыңыз бен ас құралдарын ыдыстан аулақ ұстаңыз. Құрылғы өшіп тұрғанда қырғыш қолдануға Абай болыңыз, себебі ас үй комбайнына немесе блендерге ыстық сұйықтық құйылғанда, кенет булану салдарынан ол құрылғыдан атқылауы мүмкін. ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Тазалау немесе қызмет көрсету жұмыстарына кіріспес бұрын құрылғыны токтан ажырату керек. Бумен тазалағыш жабдықты қолданушы болмаңыз.
БӨЛШЕКТЕР МЕН МҮМКІНДІКТЕР Бірге берілетін қосымшалар модельге қарай әр түрлі болуы мүмкін
Жылдамдықты реттеу тетігі ҚОСУ/ӨШІРУ түймесі Турбо түймесі Мотор бөлігі Бұлғау қосымшасы Блендер қосымшасы Тағам итергіш Сақтау бөлігі Ас үй комбайнының қақпақшасы Салу түтігі Ас үй комбайнының пышақ жүзі Ас үй комбайнының тегеші Ұсақтап турағыш Ірілеп кесу жүзу Ұсақтап кескіш Ірілеп турағыш Жүздердің тірегі Шапқыш қақпақшасы Шапқыш пышағының жүзі Шапқыш тегеші
Біздің өнімді сатып алғаныңызға алғыс білдіреміз. Солайша, тиімді әрі өнімділігі жоғары құрылғыны таңдадыңыз. Осы пайдалану нұсқаулығы әр түрлі модельдерге арналған. Суреттері бар беттерде әр түрлі модельдерге жасалған шолуды көруге болады. Құрылғыны дұрыс қолдануға қатысты нұсқаулар орындалмаса, өндіруші ешбір залалға жауапты болмайды. Пайдалану нұсқауларында әр түрлі модельдер сипатталуы мүмкін: кез келген айырмашылық анық көрсетіледі.
ПАЙДАЛАНБАС Құрылғының сыртында жиналып қалған болуы мүмкін шаңды абайлап сүртіп алыңыз. Құрғақ шүберекпен сүртіңіз. ӨНІМДІ ҚОЛДАНУ БЛЕНДЕР ҚОСЫМШАСЫ (А) Қолдану ыңғайлы және басқару дәл болуы үшін, құрылғы мотор жұмысын баяу бастатып, одан кейін толық араластыру
ФУНКЦИЯСЫМЕН жабдықталған. Блендер қосымшасы сұйықтықтар мен көкөністерді араластыруға қолайлы.
Блендер қосымшасын мотор бөлігіне орнату үшін, оны ағытпаның сол және оң жағындағы екі шағын түйме сырт етіп орнатылғанша итерсеңіз болғаны. Жемістердің қабын аршып, одан кейін кішігірім қылып тураңыз. Одан кейін жеміс бөліктері мен көкөністерді стақанға салыңыз. Біркелкі айналуды жеңілдету үшін әдетте біраз су қосылады, көбінесе тағам мен су арақатынасы 2:3 болады. Қоспа мөлшері кесенің ең үлкен көлемінен аспауы тиіс. Құрылғыны розеткаға қосыңыз. Қол блендерін тағамға төмендетіп, қажетті жылдамдықты таңдау үшін жылдамдықты реттеу тетігін бұраңыз. ON/OFF түймесін басып тұрыңыз, сонда блендер дереу араластыра бастайды. Жоғары жылдамдықпен араластыру үшін ТУРБО түймесін аз уақыт қолданыңыз. БҰЛҒАУ ҚОСЫМШАСЫ (тек кейбір модельдерде) (В) Бұлғауыш негізінен крем бұлғау, жұмыртқа ақуызын көпірту, ашыған қамыр және дайын қоспадан жасалатын торттарды араластыру үшін қолданылады.
Бұлғау қосымшасын мотор бөлігіне орнату үшін, оны ағытпаның сол және оң жағындағы екі шағын түйме сырт етіп орнатылғанша итерсеңіз болғаны. Тағамды стақанға салыңыз. Құрылғыны розеткаға қосыңыз. Бұлғау қосымшасын тағамға төмендетіп, жылдамдықты
жылдамдықты реттеу тетігін бұраңыз. ҚОСУ/ ӨШІРУ түймесін басып, ұстап тұрыңыз, сонда бұлғау қосымшасы дереу араластыра бастайды. Жоғары жылдамдықпен бұлғау үшін ТУРБО түймесін аз уақыт қолданыңыз. Бұлғауышты тоқтаусыз 2 минуттан астам қолдануға болмайды.
Шапқыш ет, ірімшік, пияз, шөп, сарымсақ, сәбіз, грек жаңғағы, орман жаңғағы, қара өрік, т.б. сияқты қатты тағамдарды шабуға керемет қолайлы. Құрылғы жұмысын жеңілдету үшін біраз су қосу керек. Қоспа мөлшері тегештің көлемінен аспауы тиіс.
Мұз текшелері, жұпар жаңғағы, кофе дәндері және дәнді дақылдар сияқты аса қатты тағамдарды шабуға болмайды.
Пластик қапты жүзден абайлап шешіп алыңыз. Пышақ жүзін тегештегі істікке келтіріп бекітіңіз; пышақ жүзін әрқашан ингредиенттерді қоспас бұрын бекіту керек. Тағамды кіші бөліктерге турап, оларды тегешке салыңыз.
Қақпақшаны жабыңыз. Мотор бөлігін тегеш қақпағына орнату үшін, оны ағытпаның сол және оң жағындағы екі шағын түйме сырт етіп орнатылғанша итерсеңіз болғаны. Құрылғыны розеткаға қосыңыз. жылдамдықты
жылдамдықты реттеу тетігін бұраңыз. ҚОСУ/ ӨШІРУ түймесін басып, ұстап тұрыңыз, сонда қосымша дереу шаба бастайды. Жоғары жылдамдықпен өңдеу үшін ТУРБО түймесін аз уақыт қолданыңыз. Қоспаны төкпес бұрын пышақ жүзін алып тастау керек. Қатты тағамға тоқтаусыз 10 секундтан астам қолдануға болмайды. АС ҮЙ КОМБАЙНЫ ҚОСЫМШАСЫ (тек кейбір модельдерде) (D-E) Ас үй комбайны қосымшасын шапқыш ретінде қолдану үшін мына нұсқауларды орындаңыз:
Алдымен, тайғызбайтын сақина тегештің түбіне бекітілгеніне көз жеткізіңіз. Пышақ жүзін тегештегі істікке келтіріп бекітіңіз; пышақ жүзін әрқашан ингредиенттерді қоспас бұрын бекіту керек. Тағамды кіші бөліктерге турап, оларды тегешке салыңыз.
Қақпақшаны суретте көрсетілгендей орнына бекітілгенше сағат тіліне қарсы бағытпен бұраңыз. 1 Тағам итергіш қақпақтағы корпусына дұрыс бекітілгенін тексеріңіз. Құрылғы жұмысын жеңілдету үшін біраз су қосу керек. Қоспа мөлшері тегештің көлемінен аспауы тиіс.
Мотор бөлігін тегеш қақпағына орнату үшін, оны ағытпаның сол және оң жағындағы екі шағын түйме сырт етіп орнатылғанша итерсеңіз болғаны. Құрылғыны розеткаға қосыңыз. жылдамдықты
жылдамдықты реттеу тетігін бұраңыз. ҚОСУ/ ӨШІРУ түймесін басып, ұстап тұрыңыз, сонда қосымша дереу шаба бастайды. Жоғары жылдамдықпен өңдеу үшін ТУРБО түймесін аз уақыт қолданыңыз. Қоспаны төкпес бұрын пышақ жүзін алып тастау керек. Қатты тағамға тоқтаусыз 10 секундтан астам қолдануға болмайды. Ас үй комбайны қосымшасын турағыш/кескіш жапсырмамен қолдану үшін мына нұсқауларды
1. Алдымен, тайғызбайтын тұғыр тегештің
түбіне бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
2. Қажетті жапсырманы жүздер тірегіне суретте
көрсетілгендей бекітіңіз. 2
3. Тіректі тегештің түбіндегі істікке салыңыз.
4. Қақпақшаны суретте көрсетілгендей орнына
бекітілгенше сағат тіліне қарсы бағытпен бұраңыз. 1 Бекіткіштер
айналғанда тегеш қақпақшасы да айналып кетуі мүмкін.
Мотор бөлігінің астыңғы жағын тегеш қақпағындағы саңылауға салу үшін, оны ағытпаның сол және оң жағындағы екі шағын түйме сырт етіп орнатылғанша итеріңіз. Құрылғыны розеткаға қосыңыз. Тағамды салу түтігіне қойып, тағам итергішпен ақырындап итеріңіз. Күштеп итермеңіз. жылдамдықты
жылдамдықты реттеу тетігін бұраңыз. ҚОСУ/ ӨШІРУ түймесін басып, ұстап тұрыңыз, сонда қосымша дереу шаба бастайды. Жоғары жылдамдықпен өңдеу үшін ТУРБО түймесін аз уақыт қолданыңыз. Үлкен тегеш (1250 мл) (шабу)
500 г 10 с 1–2 см Қолданып болғаннан кейін жүздер тірегін алу үшін, суретте көрсетілгендей екі саусақпен тартыңыз. 3.
10 г Қолданбаған кезде алынбалы өзекті, бұлғау
көрсетілгендей тегеш қақпағында сақтауға болады. 3.
10 г Кестедегі уақыттар мен мөлшерлер
қалауыңызға қарай әр түрлі болуы мүмкін. Үлкен тегеш (1250 мл) (кесу/үгу)
Турау жағын сәбіз, картоп және оған ұқсас тағамдар үшін қолданыңыз. Кесу жағын сәбіз, қырыққабат, қияр, кәді және пияз үшін қолданыңыз. Тұрып қалмаған ингредиенттер қолданыңыз. Тағамды өте ұсақ қылып кеспеңіз. Салу түтігін біркелкі толтырыңыз. Сонда, өңдеу кезінде тағам сыртқа төгілмейді.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ Құрылғыны зақымдамау үшін тазалаған кезде ешқандай күшті еріткіштер не жеміргіш тазалағыш заттар қолданушы болмаңыз. Тазаламас бұрын құрылғыны розеткадан ажырату
Блендер қосымшалары мен қақпақшаларды жеміргіш тазалағыш заттар немесе жуғыш заттар қолданбай су ағынында жуыңыз. Тазалағаннан кейін ішіне кіріп кеткен су ағып кетуі үшін оларды тік қойыңыз.
қақпақшаларды салмаңыз, себебі мойынтіректердегі май уақыт өте шайылып кетуі мүмкін. Қақпақшалар мен мотор бөлігі ыдыс жуу машинасында жууға келмейді
Ыдыстар мен бұлғауышты жылы сабынды суда жуыңыз. Алынатын барлық бөлшектерді жылы сабынды суда жуып, жақсылап шайып, кептіруге болады. Қажет болғанда, кесені тазалау үшін нейлон қылшақты щетка қолданыңыз.
Мотор бөлігін дымқыл шүберекпен сүртіңіз. Тегештің түбіндегі тайғызбайтын тұғырды алып, тазалауға болады. Оны қайтадан
орнатылғанына көз жеткізіңіз. Алынбалы бөлшектерді жақсылап кептіріңіз.
Өңдеу әрекеттерінің арасында тез тазалау үшін шапқыш немесе ас үй комбайны тегешін жартылай суға толтырып, пайдалану туралы бөлімде сипатталғандай шапқыш жүзді тегешке және мотор бөлігін қақпақшаға орнатып, шабу функциясын бірнеше секундқа қосыңыз. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ҚАПТАМА МАТЕРИАЛДАРЫН ТАСТАУ Қаптама материалының 100% қайта өңдеуге болады және ол қайта өңдеу таңбасымен (*) белгіленген. Сондықтан қаптаманың әр түрлі бөліктерін тастағанда жауапкершілік танытып, қоқыс тастауға қатысты жергілікті органдардың ережелерін ұстану қажет.
ТҰРМЫСТЫҚ ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫ ҚОҚЫСҚА Құрылғыны қоқысқа тастаған кезде қуат кабелін қиып, оны қолданылмайтын күйге келтіріңіз, сондай-ақ балалар ішіне кіріп, шыға алмай қалмауы үшін есіктері мен тартпаларын (бар болса) алып тастаңыз. Бұл құрылғы қайта өңдеуге болатын (*) немесе қайта қолдануға болатын материалдардан жасалған. Оны қоқыс тастауға қатысты жергілікті ережелерге сәйкес тастаңыз. Тұрмыстық электр құрылғыларды өңдеу, қалпына келтіру және қайта өңдеу туралы қосымша ақпарат алу үшін, құзырлы жергілікті органға, тұрмыстық қоқысты жинаумен айналысатын қызметке немесе құрылғыны сатқан дүкенге хабарласыңыз.
электрондық құрылғылардың (WEEE) қалдықтарына қатысты 2012/19/EU директивасына белгіленген. Осы өнімнің дұрыс тасталуын қамтамасыз ету арқылы осы өнімнің дұрыс тасталмаған жағдайда қоршаған орта мен адам денсаулығына тигізетін кері әсерінің алдын алуға көмектесесіз. Өнімдегі немесе ілеспе құжаттамадағы (*) таңбасы бұл өнім кәдімгі тұрмыстық қоқыс
электрондық жабдықты қайта өңдеумен айналысатын тиісті жинау орталығына тапсырылуы тиіс екенін білдіреді. Ешбір орама материалы тағамға тимеуі керек. СӘЙКЕСТІК МӘЛІМДЕМЕСІ Бұл құрылғы мына Еуропа директиваларының қауіпсіздік талаптарына сай жобаланған, жасалған және таратылған: Төмен кернеулі жабдық туралы 2006/95/EC директивасы Электрмагниттік үйлесімділік 2004/108/EC директивасы
СӘЙКЕСТІК МӘЛІМДЕМЕСІ Бұл құрылғы мына Еуропа директиваларының қауіпсіздік талаптарына сай жобаланған, жасалған және таратылған: Төмен кернеулі жабдық туралы 2006/95/EC директивасы Электрмагниттік үйлесімділік 2004/108/EC директивасы ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ Біз өз тұтынушыларымызға қызмет көрсетеміз және сервистік қызметті жоғары деңгейде ұсынуға тырысамыз. Сізге құрылғымен оңай және қолайлы жұмыс жасауға мүмкіндік беру үшін өз өнімдерімізді үздіксіз жетілдіріп отыруға тырысамыз. Құрылғыға күтім көрсету Құрылғыға күтім көрсетуге арналған Hotpoint Ariston ұсынатын құрылғының Professional кәсіби бұйымдарының желісі құрылғының қолданыс мерзімін ұзартады және оның сынып қалу қаупін азайтады. Professional кәсіби бұйымдарының желісі құрылғыңыздың ерекшеліктерін ескере отырып жасалған. Өнімдер сапа, экология және қолдану қауіпсіздігі
стандарттарды қатаң сақтай отырып Италияда жасалған. Толық ақпаратты www.hotpoint-ariston. ru веб-сайтының “Қызмет көрсету” бөлімінен
қалаңыздағы дүкендерден
Уәкілетті қызмет көрсету орталықтары Өз тұтынушыларымызға жақынырақ болу үшін шебер мамандарының жоғары деңгейдегі кәсіби дайындығы мен әділдігімен ерекшеленетін қызмет көрсету желілерін қалыптастырдық. Ақау пайда болған жағдайда Қызмет көрсету орталығына хабарласар алдында, ақаулықты өзіңіз түзетіп көруге тырысыңыз (“Ақаулықтар және оларды түзету жолдары” тарауын қараңыз). Қызмет көрсету орталығына кепілдік құжатында көрсетілген телефон нөмірімен хабарласуға болады. ! Біз уәкілетті қызмет көрсету орталықтарына ғана хабарласуды ұсынамыз ! Жөндеу жұмыстарын іске асырған кезде фирмалық бөлшектерді ғана қолдануын талап етіңіз. Қызмет көрсету орталығына хабарласар алдында келесі мәліметтерді беруге дайын екеніңізді тексеріп
Ақаулық түрін сипаттау; Кепілдік құжатының нөмірі (қызмет көрсету кітапшасы, қызмет көрсету сертификаты т.с.с.); Құрылғының ақпарат тақтайшасында немесе кепілдік құжатында көрсетілген құрылғының моделі және сериялық нөмірі (S/N); Құрылғының сатылған ай-күні Басқа пайдалы ақпарат пен жаңалықтарды www.hotpointariston.ru веб-сайтының «Қызмет көрсету» тарауынан көре аласыз.
қол блендері Сауда атауы Өндірушінің сауда белгісі
Indesit company Өндірілген елі ҚХР- да жасалған Ток желісіндегі кернеудің немесе кернеулер ауқымының номиналды
түрі немесе айнымалы токтың номиналды жиілігі 50/60 Hz Электр токтан қорғау сыныбы II қорғау сыныбы Қарастырылудағы құрал бойынша
қосымша ақпарат немесе сәйкестік куәлігінің көшірмесі қажет болса, cert.rus@indesit,com электорндық мекенжайына жіберуіңізге болады. Осы кұралдың өндірілген күнін штрих-кодта көрсетілген сериялық нөмірден табуға болады (S/N XXXXXXXXX * XXXXXXXXXXX),
- Сериялық нөмірдегі 7- сан жылдың соңғы - Сериялық нөмірдегі 8- және 9- сан айдың реттік нөмірін білдіреді. - Сериялық нөмірдегі 10- және 11-сан айтылған ай мен жылдың күнін білдіреді.
Indesit Company S.p.A. Viale A. Merloni 47, 60044 Fabriano (AN), Италия Импорттаушы: ООО Indesit RUS Сұрақтарыңыз
мына мекенжайға хабарасыңыз
Корпус 1, 12 – үй, Двинцев көшесі, 127018 Мәскеу, Ресей
ОңайНұсқаулық