MMC1500SCX - Ас үй роботы GORENJE - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз MMC1500SCX GORENJE PDF форматында.
| Өнім түрі | Араластырғыш, блендер, еттартқыш және азық-түлік процессоры қондырмалары бар азық-түлік процессоры |
| Модель | MMC1500SCX |
| Бренд | Gorenje |
| Қуат көзі | 220-240 В, 50/60 Гц (жерге тұйықталған аша қажет) |
| Жылдамдық параметрлері | 12 айнымалы жылдамдық (01-ден 12-ге дейін) және импульстік (P) |
| Ыдыс сыйымдылығы | Тот баспайтын болаттан жасалған ыдыс, 4,5 л (шамамен) |
| Максималды жұмыс уақыты | 30 минут үздіксіз; пайдаланғаннан кейін 15 минут үзіліс |
| Шу деңгейі | 78 дБ(А) |
| Салмағы | Шамамен 6,5 кг |
| Өлшемдері (Ен х Тереңд x Биік) | Шамамен 25 x 35 x 38 см |
| Негізгі функциялар | Араластыру, шайқау, илеу, блендерлеу, турау, кесу, үккіштеу, ұсақтау, шұжық жасау |
| Жеткізілетін қондырмалар | Қамыр ілмегі, шайқағыш, араластырғыш пышақ, блендер банкасы, дискілері бар азық-түлік процессоры ыдысы, пластиналары бар еттартқыш, шұжық мүйізшесі, итергіш |
| Дисплей | Жылдамдық және уақыт көрсеткіштері, таразы функциясы бар сандық сенсорлы дисплей |
| Таразы функциясы | Кіріктірілген таразы, Tare және ON/OFF функцияларымен, сыйымдылығы 2 кг-ға дейін |
| Қызып кетуден қорғау | Қозғалтқыш қызып кеткенде автоматты түрде өшіп, салқындағаннан кейін қайта іске қосылады |
| Қауіпсіздік мүмкіндіктері | Басты көтеру түймешігі қозғалтқышты автоматты түрде тоқтатады; балалар қауіпсіздік құлпы; тайғанамайтын аяқтар |
| Материалдар | Тот баспайтын болаттан жасалған ыдыс, шыны блендер банкасы, құйылған металл негізі бар пластмасса корпус |
| Күту және тазалау | Алынатын бөліктерді ыдыс жуғышта жууға болады (жоғарғы сөре); қозғалтқыш блогын тек дымқыл шүберекпен сүртіңіз |
| Кепілдік | 2 жыл (ЕО), шарттарға сәйкес |
| Жөндеу мүмкіндігі | Қосалқы бөлшектер Gorenje қызмет көрсету орталықтары арқылы қолжетімді; пайдаланушы ауыстыра алатын керек-жарақтар |
Жиі қойылатын сұрақтар - MMC1500SCX GORENJE
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы MMC1500SCX GORENJE
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Ас үй роботы PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз MMC1500SCX - GORENJE және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. MMC1500SCX брендінің GORENJE.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ MMC1500SCX GORENJE
- Жоғарғы қақпақ (асхана комбайны)
- Жоғарғы қақпақ (блендер)
- Асхана комбайнының байланыстыру бөлшегі
- Блендердің байланыстыратын бөлшегі
- Корпус
- Жылдамдықтарды ауыстырып қосқыш (бұралатын)
- "START/STOP" (ІСКЕ ҚОСУ/ТОҚТАТУ) батырмасы
- Көп функциялы блокты блоктан шығару батырмасы
- Таразы таблосы
- Ет тартқышты блоктан шығару батырмасы
- Ет тартқыш жетегіне арналған алмалы- салмалы қақпақ
- Тағамдарға арналған жүктеу саңылауы (түссіз қақпақ)
- Тот баспайтын болаттан жасалған тостаған
- Бұлғауыш
- Миксер кондырмасы
- Камырға арналған ілмек
ЖИЫНТЫҚТАРЫ:
Ет тартқыш:
- Қысқыш гайка
- Тор (ұсақ)
- Тор (орташа)
- Пышақ
- Иірлік
- Ет тартқыш корпусы
- Жүктеу тартпасы
- Итергіш
- Шұжыққа арналған қондырма
- Куббе котлеттерін дайындауға арналған қондырма
- Блендер
- Үккішке арналған итергіш
- Уккіш какпағы
- Усактауға / турауға арналған диск
- Фри картобын турауға арналған диск
- Усактауға арналған кондырма
- Козғалтқыш білігі (ось)
- Усактағыш тостағаны
Асхана комбайны:
Kayintri
Электрлік козгалткыш блогын суга батыруга немесе ағып сумен жууға тыйым салынады.
Ескертулер
- Аспапты алғаш колданар алдында осы нұсқаулықты мұқият окып шығыңыз.
- Кондырмаларды ауыстырмас бұрын аспапты әркашан өшіріңіз.
- Аспаптың козғалып түрған бөліктеріне және кондырмалардағы саңылауларға қолыңызды тигізбеніз.
- Аспап тек түрмыста колдануға ғана арналған. Өндіруші аспапты мақсатына сай қолданбаған және пайдалану жөніндегі нұсқауларды сақтамаған жағдайда жауапкершілік көтермейді.
- Аспаптың номиналды кернеуінің электр желісінің номиналды кернеуіне сэйкес келетініне көз жеткізіңіз.
- Аспапты дұрыс жалғамаған жағдайда кепілдіктің күші жойылады.
- Аспапты тек жерге тұйықталған розеткаға ғана жалғаңыз.
- Ұзартқышты қолдану қажет болған кезде ұзартқыш жерге тұйықталуы тиіс, бұл ретте шнурға сүрініп қалмау үшін тиісті шараларды қабылдаңыз.
- Жұмыс аяқталған соң және оны тазалау алдында оны әрқашан электр желісінен ажыратыңыз.
- Қондырма және/немесе аспап бүлінген жағдайда оны қолданбаңыз. Авторлық құқығы бар сервис орталығына хабарласыңыз.
- Әдеттегі күтім мен тазалаудан басқа өндіруші жүзеге асыратын аспапқа қызмет көрсету бойынша кез келген жұмыстарды авторлық құқығы бар сервис орталығы орындауы тиіс.
- Аспапты, желілік шнурды немесе ашаны суға немесе басқа да сұйықтыққа батырмаңыз.
- Желілік шнурдың балалардың қолы жететін аймақта үстел жиегінен салбырап тұрмауын, аспаптың ыстық беттеріне немесе басқа да жылу көздеріне, сонымен қатар қандай да бір заттардың өткір жиектеріне тиіп тұрмауын қадағалаңыз.
- Қондырмаларды ауыстырмас бұрын немесе аспаптың айналып тұратын бөлшектеріне қол тигізу алдында аспапты өшіріңіз және оны қорек көзінен ажыратыңыз.
- Аспап жұмыс жасап тұрған кезде бұлғауышқа, миксер қондырмасына немесе қамырға арналған ілмекке қолыңызды тигізбеңіз.
- Бірнеше қондырманы бір уақытта қолданбаңыз.
- Аспаптың үздіксіз жұмыс жасауының максимальды ұзақтығы 24 минутты құрайды. Аспапты қолдануды жалғастырмас бұрын 15 минут күтіңіз.
- Аспапты физикалық, қозғалу және психикалық қабілеттері шектелген адамдарға, сонымен қатар оны қолдану үшін жеткілікті тәжірибесі мен білімі жоқ адамдарға тек тәжірибесі бар адамның қадағалауымен немесе егер олар аспапты қолдануға үйретілген болса және аспапты дұрыс пайдаланбауға байланысты туындауы ықтимал қауіпті түсінген жағдайда ғана осы аспапты қолдануға рұқсат етіледі.
- Балалардың аспаппен ойнамауын қадағалаңыз!
- Жазатайым жағдайлардың алдын алу үшін бүлінген желілік кабельді ауыстыруды тек өндіруші, авторлық құқығы бар сервис орталығы немесе білікті маман ғана орындай алады.
- Балаларға аспапты қолдануға рұқсат етпеңіз. Аспапты және оның шнурын балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
- Аспапты балалар ойынына қолдануға болмайды.
- Балалар аспапты үлкендердің қадағалауымен ғана тазалай және стандартты қызмет көрсете алады.
- Бұйым тұрмыста және оған ұқсас жағдайларда қолдануға арналған.
- Мақсатына сай қолданбаған жағдайда жарақат алу қаупі туындайды. Аспапты аса сақтықпен қолданыңыз.
- Ингредиенттерді тостағаннан алу кезінде, сонымен қатар кесетін бөліктерді қолдану және тазалау кезінде сақ болыңыз, олардың жиектері өте өткір.
- Ыстық бумен күйіп қалудың алдын алу үшін блендерге ыстық су құю кезінде аса сақ болыңыз.
- Жұмыс аяқталған соң, қондырмаларды ауыстыру және тазалау алдында аспапты розеткадан өшіріңіз.
- Әр жұмыс циклінен кейін аспапты бөлме температурасына дейін салқындатып алыңыз.
- Шу деңгейі: 78 дБ(А)
- Араластыру кезінде қырғышты немесе тостағандағы тағамдарды араластыруға арналған басқа да құралдарды қолданбаңыз, бұл зақымдауға немесе жарақат алуға алып келуі мүмкін.
- Қондырмаларды ауыстыру немесе тазалау алдында жарақат алудың алдын алу үшін құрылғының өшірілгеніне және желіден ажыратылғанына көз жеткізу үшін таблоны басуды ұмытпаңыз.
- Аспаптың электрлік қозғалтқышы қызып кетуден қорғаныспен жабдықталған; аспап қызып кеткен кезде ол аспап жұмысты жалғастыру үшін жеткілікті дәрежеге дейін суығанша жұмысты автоматты түрде тоқтатады.
- Аспап жетектерінің бірін қолдану кезінде аспаптың басқа жетектеріне жалғанған құрылғылардың немесе компоненттердің жоқтығына, сонымен қатар қорғаныс қақпағының өз орнында тұрғанына көз жеткізіңіз.
- Егер бір жерге шығып келу қажет болса, аспапты қараусыз қалдырмаңыз, аспапты өшіріңіз немесе оны желіден ажыратыңыз.
- Қажетті қондырманы орнатпай, аспапты қорек көзіне жалғамаңыз.
- Шектен тыс жүктеу қаупі! Қондырмалар мен араластыру функциясын бір уақытта қолданбаңыз.
Аспап электрлік және электронды жабдықтардың қалдықтары туралы 2012/19/EU еуропалық директивасына сәйкес таңбаланған (WEEE). Бұл басшылықта жарамсыз электрлік және электрондық жабдықтарды қайтару мен қайта өңдеудің жалпы еуропалық жүйесінің негізін қалайтын принциптер көрсетілген.
Маңызды
Аспапты тегіс, тұрақты бетке орналастырыңыз. Цитрустарға арналған шырын сыққыштың үздіксіз жұмыс жасауының максималды ұзақтығы 24 минутты құрайды.
Аспап тек тұрмыста қолдануға ғана арналған. Егер Gorenje компаниясы басқасын көрсетпеген болса, тек түпнұсқа қосалқы бөлшектерді ғана қолданыңыз. Түпнұсқа емес жиынтықтарды қолданған жағдайда кепілдіктің күші жойылады.
Қолдану алдында
Аспапты алғаш қолданар алдында барлық алмалы-салмалы бөлшектерді мұқият жуыңыз («Тазалау» бөлімін қараңыз).
Аспапты электр желісіне жалғамас бұрын оның дұрыс құрастырылғанына көз жеткізіңіз («Аспап сипаттамасы» бөлімін қараңыз).
Ашаны розеткаға салыңыз.
Аспапты қолдану
Бұл аспаптың стандартты жиынтықтары - қамырға арналған ілмек, бұлғауыш, миксер қондырмасы және тот баспайтын болаттан жасалған тостаған.

Орнату (А суретін қараңыз):
- Көп функциялы блокты блоктан шығару батырмасын басыңыз, блок автоматты түрде көтеріледі, аспапқа қорек берілмейді, 1-суретті қараңыз.
- Тот баспайтын болаттан жасалған тостағанды ұяшығына орнатып, 2-суретте көрсетілгендей сағат тілі бағытында тірелгенге дейін бұраңыз.
- Тостағанның түссіз қақпағын блокқа орнатыңыз, содан соң оны 3-суретте көрсетілгендей сағат тілі бағытында тірелгенге дейін бұраңыз.
- Ойығы бар кондырманың жоғарғы ұшын жетекті білікке салыңыз, содан соң кондырманы жоғары бағыттап басыңыз және 4-суретте көрсетілгендей оны сағат тіліне қарсы бағытта тірелгенге дейін бұраңыз.
- Жоғарыда аталған бөлшектерді орнатқаннан кейін блок батырмасын қайта басыңыз. Жұмысты бастау үшін 5-6-суреттерде көрсетілгендей блокты бастапқы күйіне ақырын түсіріңіз.
Бөлшектеу (В суретін қараңыз)

- Көп функциялы блокты блоктан шығару батырмасын басыңыз, блок 1-суретте көрсетілгендей автоматты түрде көтеріледі, содан соң кондырманы жоғары бағытта басыңыз және оны жетекті білік тірелгенге дейін сағат тілі бағытында бұраңыз, содан соң 2-суретте көрсетілгендей кондырманы алыңыз.
- Түссіз қақпақты тірелгенге дейін сағат тіліне қарсы бағытта бұраңыз, содан соң 3-суретте көрсетілгендей қақпақты ағытып алыңыз.
- Қоректі қосу кезінде таблицадағы жылдамдық мәні - «00», ал уақыт мәні - «PUSH». Жылдамдық және уақыт индикаторлары жыпылықтайды.
- Аспапты іске қосу үшін таблоны басыңыз, іске қосу кезінде жылдамдықтың әдепкі қалпы бойынша мәні - 1. Бұл ретте уақытты санау бастайды; жылдамдықты ауыстырып қосқышты айналдыру арқылы жылдамдықты таңдауға болады. Аспапты қолдану кезінде, тіпті жылдамдықты өзгерту кезінде уақытты есептеу табло басылғанға дейін жалғаса береді, немесе жылдамдық мәні қайтадан «00» мәніне орнатылады, бұл жағдайда аспап жұмысын тоқтатады.
- Жылдамдықты ауыстырып қосқышты бұраңыз, қажетті жылдамдықты орнатыңыз, содан соң таблоны басыңыз, аспап жұмысты орнатылған жылдамдыққа сәйкес бастайды.
- Жылдамдықты ауыстырып қосқыш 360 градусқа айнала алады, жылдамдықтың таңдауға болатын мәндері - «01», «02», «03», «04», «05», «06», «07», «08», «09», «10», «11», «12». «12» - ең жоғары жылдамдық, «01» - ең төмен жылдамдық.
- Көп функциялы блокты блоктан шығару батырмасын басқан кезде блок автоматты түрде көтеріледі, таблоға «Е1» қате коды шығарылады.
Бұл жағдайда блоктан шығару батырмасын қайта басу қажет болады, блокты төмен бағыттап басыңыз, содан соң біраз уақыт бойы басу арқылы таблоны басыңыз, аспап жұмысты қалыпты режимде жалғастырады.
Сондай-ақ «Е1» қатесі аспапқа өте көп тағам салынған жағдайда туындауы мүмкін, бұл қозғалтқышты блоктауға алып келеді. Бұл жағдайда ингредиенттердің біраз мөлшерін алып тастау қажет болады, содан соң таблоны біраз уақыт ұстап тұру арқылы басыңыз, аспап жұмысын қалыпты режимде жалғастырады. Өнім жұмысының максималды уақыты 30 минут, 30 минут өткен соң аспап автоматты түрде өшеді.
ТАРАЗЫ ТАБЛОСЫНЫҢ ФУНКЦИЯСЫ

- Коректі қосқаннан кейін «ҚОСУ/ӨШІРУ» батырмасын басыңыз, таразы таблосы жанады, тағамдарды өлшеу функциясы қосылады.
- Тостағанды негізге орналастырыңыз, «Tare» (ыдыс) батырмасын басыңыз, бұл ретте масса мәні нөлге келтіріледі, содан соң тағамды өлшеуге арналған тостағанға салыңыз.
- Аспапты қауіпсіз, тұрақты, таза әрі құрғақ бетке орнатыңыз.
- Аспаптың жоғарғы бөлігін бір қолмен ұстап тұрып, көп функциялы блокты блоктан шығару батырмасын басыңыз, блок автоматты түрде көтеріледі, бұл ретте блоктың максималды күйге көтерілуі үшін оған қолмен көмектесе аласыз, содан соң түссіз қақпақты орнатыңыз.
- Араластыратын қондырмаларды қажетті күйге орнату үшін қондырманы орнатудың жоғарыда аталған тәсілін орындаңыз.
- Тот баспайтын болаттан жасалған тостағанды дұрыс күйге орнатыңыз және оны сағат тілі бағытында бекітіңіз.
- Араластыру қажет тағамдарды салыңыз - аспапты асыра толтырмаңыз, аспапты жүктеудің максимальды массасын ұсынылған кестеден қараңыз.
- Дайын болған кезде көп функциялы блокты блоктау және блокты горизонталь күйге қайтару үшін басыңыз (блокты блоктан шығару батырмасы автоматты түрде жылжиды).
- Ауыстырып қосқышты бұраңыз, қажетті жылдамдықты орнатыңыз және START / STOP батырмасын басыңыз.
- Қажет болған кезде жылдамдықты ауыстырып қосқышпен реттеңіз.
- Қажетті консистенцияға жеткен кезде аспапты өшіру үшін таблоны басыңыз және оны электр желісінен ажыратыңыз.
- Тот баспайтын болаттан жасалған тостағанды сағат тіліне қарсы бағытта бұраңыз және оны аспаптан алыңыз.
- Қоспаны тостағаннан алыңыз.
- Бөлшектерді тазалау үшін «Тазалау және техникалық қызмет көрсету» бөлімінде сипатталған тәсілді қолданыңыз.
| Жиынтыктары | Тағамөнімдері | Максималдымөлшері | Аспаптың жұмысжасау уакыты | Жылдамдық | Дайындау |
| Бүлғауыш | Кілегей(майллығы38%) | 500 мл | 10 минут | 5–6 | / |
| Жұмыртканыңакуызы | 12 дана | 3 минут | 5-6 | / | |
| Қамырғаарналғанілмек | Үн | 1500 г | 1 минут 30 секундМИНИМАЛДЫ жылдамдықпен,содан сон 3 минут 1-жылдамдықпен. Аспапты 5минуттан артық колданбаңыз. | / | |
| Түз | 10 г | ||||
| Ашытқы | 20 г | ||||
| Қант | 10 г | ||||
| Су (43°C) | 750 мл | ||||
| Асхана майы | 30 г | ||||
| Миксеркондырмасы | Үн | 200 г | 5 минут | 3-4 | / |
| Қант үнтағы | 200 г | ||||
| Маргарин | 200 г | ||||
| Жұмыртка | 4 дана | ||||
| Кесуге /ұсактауғаарналғандисктер | Сәбіз | 400 г | 15 секунд | 4 | / |
| Картоп | 400 г | 15 секунд | 4 | / | |
| Басты пияз | 400 г | 15 секунд | 4 | / | |
Тартылған ет дайындау - кеңестер мен ескертулер
- Пышактың кескіш жиектерінің сыртқа бағытталғанына көз жеткізіңіз.
- Торлардың жиектерінің ет тартқыш корпусының ойығымен сәйкес келгеніне көз жеткізіңіз.
- Ешқашан мұздатылған етті қолданбаңыз!
- Ет тартқыш корпусына еттің өте көп мөлшерін салу арқылы аспапқа шектен тыс күш түсірмеңіз.
- Етті ұзындығы 10 см және ені 2 см жолақтарға тураңыз.
- Мүмкіндігінше сүйегінен, шеміршегінен және сіңірінен ажыратыңыз.
- Дайын етті тағамдарды беруге арналған тартпаға салыңыз.
- Аспапты қосу үшін қосу/өшіру батырмасын басыңыз.
- Итергіш көмегімен етті ет тартқыш корпусына ақырын итеріңіз.
Шұжық етін дайындау үшін етті орташа өлшемді тор арқылы екі рет ұсақтап алыңыз.

Шұжық дайындау - кеңестер мен ескертулер
Алдымен тартылған етті дайындап алыңыз.
Шұжыққа арналған қабықты жылы суға 10 минутқа салып қойыңыз. Содан соң дымқыл қабықты шұжыққа арналған қондырмаға кигізіңіз. Ауа шығаруға арналған қондырма саңылауларын бітемеңіз.
- Дайын тартылған етті тағамдарды беруге арналған тартпаға салыңыз. Аспапты іске қосу үшін жылдамдықты ауыстырып қосқышты басыңыз.
- Егер қабық шұжыққа арналған қондырмаға жабысып қалса, оны аз ғана мөлшердегі сумен сулап жіберіңіз.

- Көп функциялы блокты горизонталь күйге түсіріңіз, бұл ретте блоктан шығару батырмасы автоматты түрде жылжып, блокты бекітеді.
Жоғарғы қақпақты ашыңыз.
- Контейнерді тұтқасынан ұстап, оны аспаптағы ұяшығына орнатыңыз және сағат тілі бағытында тірелгенше бұраңыз.
Аспаптан алынған қамырды табаға салыңыз. Содан соң бөліктерге немесе жолақтарға бөліп, пісіру үшін оларды табаға жайыңыз.
Жемістерді ұсақтап тураңыз, араластыруға арналған контейнерге салыңыз, судың, сүттің немесе басқа да сұйықтықтың қажетті мөлшерін құйыңыз және қақпағын жабыңыз.


Қақпақты басыңыз.
Контейнерді ұяшыққа орнатыңыз.


Кеңестер: Аспап жұмыс жасап тұрған кезде ингредиенттер қосу қажет болған кезде:
I. Ішкі қақпақты сағат тіліне қарсы бағытта бұраңыз.

П. Какпактағы саңылау арқылы контейнерге ингредиенттерді салыңыз.
Жұмысты аяқтағаннан кейін «START/STOP» батырмасын басыңыз, аспапты желіден ажыратыңыз және контейнерді босатыңыз.
Назар аударыңыз:
- Шырынға арналған стаканды орнатпас бұрын бұйымның қорек көзінен ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
- Р-жылдамдықты ұзақ уақыт қолдануға болмайды, қажет болған кезде процедураны бірнеше рет қайталаңыз.
- Бос жүріс уақытының 30 секундтан аспауын қадағалаңыз.
- Контейнерді асыра толтырмаңыз.
- Шырынға арналған контейнер шыныдан жасалған, оған 40°C-ден жоғары температураның әсер етуіне жол бермеңіз.
Асхана комбайны




Тостағанға жоғарғы жетекті элементті, содан соң ұсақтауға арналған қажетті қондырманы орнатыңыз (алдыңғы және жоғарғы бөліктері сәйкесінше ұсақтау және турау үшін қолданылады, сақ болыңыз, пышақтардың жүздері өте өткір), одан әрі тостаған қақпағын сағат тілі бағытында бұрау арқылы оны орнатыңыз және итергішті салыңыз.




- Аспапты тегіс әрі таза жұмыс бетіне орнатыңыз.
- Аспаптың астында асхана комбайнын орнатуға арналған ұяшығы бар сол жақ жоғарғы қақпағын ағытып алыңыз.
- Асхана комбайнын төменгі ұяшыққа орнатыңыз және сағат тілі бағытында бұраңыз (жоғарыдағы суретті қараңыз).
- Ингредиенттерді бөліктерге бөліңіз және араластыруға арналған тостағанға біркелкі етіп салыңыз.
- Аспапты өшіріңіз және тиісті жылдамдықты таңдаңыз, ингредиенттерді қозған жіберу қажет болған кезде итергішті қолданыңыз.
- Қажетті нәтижеге жеткен кезде аспап жұмысын тоқтату үшін ауыстырып қосқышты басыңыз. Қоректі өшіріңіз.
- Асхана комбайнын қолдану алдында нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз және оны одан әрі қолдану үшін сақтап қойыңыз.
- Пышақ жүзі өткір, қолыңызды кесіп алмау үшін пышақты және дискілерді алу кезінде сақ болыңыз. (Бөлшектеу және тазалау кезінде тек жоғарғы тұтқадан ұстаңыз, пышаққа қолыңызды тигізбеңіз.)
- Араластыруға арналған тостағаннан тағамдарды алмас бұрын, міндетті түрде пышақты ағытып алыңыз.
- Пышақты алу немесе пышақтағы тағамдарды тазалау кезінде сақ болыңыз.
- Ет тартқыштың Т тәрізді корпусының көмегімен етті ұсақтау үшін асхана комбайнын қолдануға немесе сонымен бір уақытта қамырды ілмек қондырмамен араластыруға қатаң тыйым салынады.
- Тағамдарды асхана комбайнына саусағыңызбен итермеңіз. Үлкен немесе кішкене итергішті қолданыңыз.
- Келесі жағдайларда аспапты қоректен ажыратыңыз:
- Асхана комбайнын немесе басқа да бөлшектерді орнату немесе ағытып алу кезінде. -Қолданып болған соң
- Пышақтары бар қондырмалар толығымен тоқтағанға дейін асхана комбайнының жоғарғы қақпағын алмаңыз.
- Блендер тостағанын қолдану кезінде тостағанға тағамдарды толтырып салмаңыз, қажет болған жағдайда тағамдардың бір бөлігін алып тастаңыз
және жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін қайта араластырыңыз.
- Блендер тостағанын қолдану кезінде тағамдар массасының ең жақсы нәтижеге арналған максимальды рұқсат етілген массадан аспайтынына көз жеткізіңіз.
- Аспаптың қозғалып тұрған бөлшектеріне қолыңызды тигізбеңіз.
- Тағамды асхана комбайнына итеру үшін күш салмаңыз.
- Бұл асхана комбайнын бүлдіріп алмау үшін оны мұзды (қатты заттарды) үнтақтау үшін қолданбаған жөн (егер мұзды үнтақтау қажет болса, шырынға арналған шыны контейнерді қолдана аласыз).
- Қолдану кезінде асхана комбайнының жоғарғы қақпағын ашпаңыз (егер асхана комбайнының жоғарғы қақпағын ашу қажет болса, аспапты тоқтату үшін аспап өшіргішін басыңыз немесе қоректі өшіріңіз).
- Балаларға немесе жұмысқа жарамсыз тұлғаларға аспапты қолдануға рұқсат етпеңіз.
- Асхана комбайнын дұрыс қолданбау аспапты немесе комбайнды бүлдіруге алып келуі мүмкін.
- Егер асхана комбайны бүлінген болса, оны қолдануды тоқтатыңыз, жөндеңіз немесе оны тиісті орында ауыстырыңыз.
Тазалау
Құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз.
Электрлік қозғалтқыш блогын суға батыруға немесе ағын сумен жууға тыйым салынады. Аспапты жұмсақ құрғақ немесе сәл ғана дымқыл матамен сүртіңіз.
Қондырмалар мен жынтықтарды қолданып болған соң тазалаңыз. Қондырманы толығымен ағытып алыңыз. Қондырманы аса сақтықпен қолданыңыз, өйткені жүздері өте өткір.
Егер аспап бөлшектерін қолданылған тағам өнімдері (сәбіз, апельсин және т.б.) бояп тастаса, оларды өсімдік майына малынған асхана сүлгісімен мұқият сүртіңіз, содан соң аспапты әдеттегі тәсілмен тазалаңыз.
Қоршаған орта
Бұл затбелгі ЕО аумағында аспапты басқа тұрмыстық қалдықтармен бірге жоюға болмайтынын көрсетеді. Қалдықтарды бақыланбайтын кәдеге жарату нәтижесінде қоршаған ортаға немесе адам денсаулығына келтірілуі мүмкін залалдың алдын алу мақсатында материалдық ресурстарды ұтымды қайта қолдануға септігіңізді тигізу үшін қалдықтарды қайта өңдеуге жауапты қараңыз. Қолданысы тоқтатылған аспапты қайтару үшін қайтару және жинау жүйелерін қолданыңыз немесе осы бұйымды сатып алған сатушыға хабарласыңыз. Олар өнімді экологиялық қауіпсіз қайта өңдеуге қабылдайды.

Кепілдік және қызмет көрсету
Қосымша ақпарат алу үшін немесе қандай да бір мәселелер туындаған жағдайда өз еліңіздегі Gorenje компаниясының тұтынушыларды қолдау орталығына хабарласыңыз (телефон нөмірлері халықаралық кепілдік талонында көрсетілген). Егер еліңізде мұндай орталық болмаса, Gorenje компаниясының жергілікті өкіліне немесе Gorenje компаниясының ұсақ тұрмыстық техникаларға қызмет көрсету жөніндегі бөлімге хабарласыңыз.
Тек жеке қолдануға арналған!
GORENJE АСПАПТЫ ҚОЛДАНУ ЖАҒЫМДЫ БОЛУЫН ТІЛЕМЕЙМІЗ.
Біздің кез келген өзгерістерді енгізуге құқығымыз бар.