Vertical Edge HFS50D22 - Жылу DELONGHI - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз Vertical Edge HFS50D22 DELONGHI PDF форматында.

DELONGHI Vertical Edge HFS50D22 - Жылу
📄 90 бет Қазақша KK Жүктеу 💬 ЖИ сұрағы 10 сұрақтар ⚙️ Сипаттамалар
Notice DELONGHI Vertical Edge HFS50D22 - page 31
Pick your language and provide your email: we'll send you a specifically translated version.
Өнім түрі Тік желдеткішті жылытқыш
Бренд DeLonghi
Модель Vertical Edge HFS50D22
Санат Қосымша жылыту
Жылыту қуаты 2000 Вт (2 реттеу: 1000 Вт / 2000 Вт)
Қоректену 220-240 В ~ 50/60 Гц
Өлшемдері (Ұ x Е x Биіктік) 26,5 x 22,5 x 74,5 см
Салмақ 3,5 кг
Жылыту түрі Электр кедергісі бар желдеткіш
Термостат Реттелетін термостат
Қуат деңгейлері 2 деңгей + тек желдету режимі (суық ауа)
Қатты қызып кетуден қорғау Қатты қызып кеткенде құрылғыны өшіретін қауіпсіздік құрылғысы
Құлаудан қорғау Құлаған кезде құрылғыны ажырататын қауіпсіздік ажыратқышы
Аяздан қорғау Мұздануға қарсы функция (ең төменгі температураны сақтайды)
Желдету Ыстық немесе суық ауаны таратуға арналған кіріктірілген желдеткіш
Жарық индикаторы Жұмыс көрсеткіші
Материал Жылуға төзімді пластик
Түс Қара / Күміс
Кабель ұзындығы 1,8 м
Ұсынылатын жылыту аймағы 25 м²-ге дейін
Қолдану Тек ішкі кеңістікте, тұрақты көлденең бетте
Күтім Жұмсақ және құрғақ шүберекпен тазалау; суға батырмаңыз
Сақтау Құрғақ және шаңнан қорғалған жерде
Қашықтан басқару пультінің батареялары 2 AAA батареясы (жеткізілмейді) – қашықтан басқару пульті бар үлгі

Жиі қойылатын сұрақтар - Vertical Edge HFS50D22 DELONGHI

DeLonghi Vertical Edge тік желдеткішті жылытқышын қалай тазалауға болады?
Құрылғыны ажыратып, суытыңыз. Сыртқы беттерді тазалау үшін жұмсақ және құрғақ шүберек қолданыңыз. Ешқашан суды, еріткіштерді немесе абразивті заттарды пайдаланбаңыз. Торларды тазалау үшін жұмсақ щеткасы бар шаңсорғышты қолдануға болады.
Құрылғы өздігінен өшіп қалса не істеу керек?
Бұл әдетте қатты қызып кетуден қорғау құрылғысына байланысты. Құрылғыны ажыратып, бірнеше минут күтіңіз, ауа кіру және шығу торларының бітелмегенін тексеріңіз, содан кейін қайта қосыңыз. Егер мәселе сақталса, DeLonghi сатудан кейінгі қызметіне хабарласыңыз.
Осы жылытқышпен ұзартқышты пайдалануға бола ма?
Ұзартқышты пайдалану ұсынылмайды. Қажет болса, жақсы күйдегі, жеткілікті көлденең қимасы (кемінде 1,5 мм²) бар және көрсетілген максималды қуаттан аспайтын ұзартқышты пайдаланыңыз. Қызып кетуді болдырмау үшін ұзартқыштың толығымен тарқатылғанына көз жеткізіңіз.
Құрылғы балалар бөлмесінде қолдануға қауіпсіз бе?
Иә, бірақ бақылаумен. 3 жасқа дейінгі балалар қараусыз жақындамауы керек. 3 пен 8 жас аралығындағы балалар құрылғыны дұрыс орнатқан және ересек адамның бақылауымен қосу/өшіруге болады. Назар аударыңыз: кейбір бөліктер өте ыстық болады.
Мұздануға қарсы функцияны қалай қосуға болады?
Мұздануға қарсы функция әдетте термостатты ең төменгі күйге бұру арқылы таңдалады (көбінесе қар ұшқыны белгісі). Содан кейін құрылғы аяздан қорғау үшін шамамен 5°C температураны сақтайды.
Жылытуды өшіргеннен кейін желдеткіш айнала береді, бұл қалыпты ма?
Иә, бұл қалыпты. Кейбір үлгілерде ішкі компоненттерді қорғау және қалдық жылуды кетіру үшін желдеткіштің тоқтауын бірнеше секундқа кешіктіретін құрылғы бар.
Құрылғының айналасында қандай қауіпсіздік қашықтығын сақтау керек?
Жылу шығару торынан 1 метр қашықтықта мата, перде немесе жанғыш материалдарды қоймаңыз. Құрылғыны электр розеткасының астына тікелей орнатпаңыз.
Құрылғыны жуынатын бөлме сияқты кішкентай бөлмеде пайдалануға бола ма?
Жоқ, душ, ванна, қолжуғыш немесе бассейндердің жанында құрылғыны пайдалануға тыйым салынады. Сондай-ақ, бөлмеден өздігінен шыға алмайтын адамдар болса, 4 м²-ден кіші бөлмеде пайдаланбаңыз.
Жылыту маусымынан кейін жылытқышты қалай сақтау керек?
Құрылғының өшірілгеніне және ажыратылғанына көз жеткізіңіз. Толық суытыңыз. Құрғақ шүберекпен тазалаңыз. Құрғақ және шаңнан қорғалған жерде сақтаңыз. Құрылғының үстіне ештеңе қоймаңыз.
Қашықтан басқару пульті жұмыс істемей қалса не істеу керек?
Алдымен батареяларды тексеріңіз: оларды жаңа AAA түріндегі батареялармен ауыстырыңыз. Қашықтан басқару пультінің құрылғының қабылдағышына бағытталғанына және сигналды ешқандай кедергі бөгемейтініне көз жеткізіңіз. Егер мәселе сақталса, тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Пайдаланушылардың сұрақтары туралы Vertical Edge HFS50D22 DELONGHI

0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.

Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою

Электрондық поштаңыз құпия сақталады: ол тек біреу сұрағыңызға жауап берсе, сізге хабарлау үшін қолданылады.

Әзірге сұрақтар жоқ. Бірінші болып сұраңыз.

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Жылу PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз Vertical Edge HFS50D22 - DELONGHI және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. Vertical Edge HFS50D22 брендінің DELONGHI.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ Vertical Edge HFS50D22 DELONGHI

Қауіпсіздік шаралары

DELONGHI Vertical Edge HFS50D22 - 1

Назар аударыңыз!

Мұндай ескертуді елемеу электр тогына түсу салдарынан өмірге қауіп төндіретін жарақатқа себеп болуы мүмкін.

  • Бұл құрылғыны бекітілген қабырға розеткасының дәл қасына қоймау керек.
  • Бұл құрылғыны душтың, ваннаның, раковинаның, бассейннің және т.б. жанында пайдаланбаңыз.
  • Егер қуат кабелі зақымданса, барлық қауіп-қатерлерді жою үшін оны өнім жасаушысы немесе рұқсаты бар техникалық қызмет орталығы ауыстыруы керек.

DELONGHI Vertical Edge HFS50D22 - Назар аударыңыз! - 1

Маңызды!

Мұндай ескертуді елемеу жарақаттануға немесе құрылғыны зақымдауға себеп болуы мүмкін.

  • Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балаларға, қозғалу, сезу немесе ойлану мүмкіндіктері шектелген адамдарға немесе осы құрылғыға қатысты тәжірибесі немесе білімі жоқ адамдарға тек оларға ықтимал қауіп-қатерлер мен құрылғыны қауіпсіз жолмен пайдалану туралы нұсқау берілгенде және олар бақыланғанда ғана пайдалануға болады. Балалардың құрылғымен ойнамауы керек. Тазалауды және пайдаланушы орындайтын техникалық күтімді балаларға

бақылаусыз орындатпау керек.

- 3 жасқа толмаған балаларды үздіксіз бақылау болмаған кезде аулақ ұстаңыз.

- 3 жастан асқан және 8 жасқа толмаған балалар құрылғыны тек қалыпты жұмыс істейтін орынға орналастырғанда немесе орнатқанда және олар бақылауда болғанда немесе құрылғыны қауіпсіз жолмен пайдалану туралы нұсқау берілгенде және болуы мүмкін қауіп-қатер туралы ақпарат берілгенде ғана іске қосуы/ажыратуы керек. 3 жастан асқан және 8 жасқа толмаған балалар құрылғыны розеткаға қоспайды, реттемейді, тазаламайды немесе техникалық күтім көрсетпейді.

ЕСКЕРТУ — Осы өнімнің бөліктері өте ыстық болуы және күйіп қалуға себеп болуы мүмкін. Балалар және мүмкіндіктері шектелген адамдар бар жерде оларға өте мұқият назар аудару керек.

- ЕСКЕРТУ: қауіпсіздік жүйесін байқамай қайта орнатудан туындайтын кез келген қауіп-қатердің алдын алу үшін, бұл құрылғыны таймер сияқты сыртқы таймермен іске қосу керек немесе қуат бергіш қосып-ажыратып тұратын желіге жалғанған болуы

керек.

- ЕСКЕРТУ: бұл қыздырғышты тұрақты бақылаушының көмегінсіз бөлмеден өздері шыға алмайтын адамдар отырған бөлмелерде қолданбаңыз.

DELONGHI Vertical Edge HFS50D22 - Маңызды! - 1

Күйіп қалу қаупі бар!!

Мұндай ескертуді елемеу күйіп қалуға әкеп соқтырады.

- ЕСКЕРТУ: Қызып кетудің

алдын алу үшін ешбір жағдайда

DELONGHI Vertical Edge HFS50D22 - Маңызды! - 2

құрылғыларды пайдалану кезінде оның бетін бүркемеңіз, себебі бұл қауіпті қызып кетуге себеп болуы мүмкін.

- ЕСКЕРТУ: өрт қаупін азайту үшін маталар, перделер немесе басқа кез келген тұтанғыш материал ауа шығатын саңылаудан кемінде 1 м қашықтықта болуы тиіс.

Қауіпсіздік функциялары

- Қауіпсіздік құрылғысы: бұл құрылғы шамадан тыс қызған жағдайда (мысалы, ауа кіру тесігі мен шығу торларының бітелуінен, мотор жай айналғанда немесе мүлдем айналмай қалғанда) оны ажырататын қауіпсіздік құрылғысымен жабдықталған.

Ондай жағдайдан кейін құрылғыны қалыпты күйге келтіру үшін, ашаны қуат

розеткасынан бірнеше минутқа суырып қойыңыз, шамадан тыс қызу себебін жойыңыз да, розеткаға қайта жалғаңыз. Егер бұл құрылғы жұмыс істемесе, De'Longhi тұтынушыларға қызмет көрсету орталығымен хабарласыңыз.

- Құлау қауіпсіздігі құрылғысы: Кейбір құрылғылар құрылғы құлаған кезде оны өшіретін қосқышпен жабдықталған. Құрылғыны қайта іске қосу үшін, оны қайтадан тігінен қойыңыз.

DELONGHI Vertical Edge HFS50D22 - Қауіпсіздік функциялары - 1

Ескеріңіз:

Бұл таңба пайдаланушыға арналған ұсыныстарды және маңызды ақпаратты білдіреді.

  • Бұл қыздырғышты көлденең және тұрақты бетке қойыңыз.
  • Құрылғыны әрқашан тік бағытта пайдаланыңыз.
  • Егер қыздырғыш құласа, оны пайдаланбаңыз.
  • Қыздырғышта көзге көрінетін зақым болса, оны қолданбаңыз.
  • Ұзартқыш сымдарды пайдалану ұсынылмайды. Дегенмен, оларды пайдаланудан бас тарту мүмкін болмаса, ұзарту сымымен берілген нұсқауларды орындаңыз және ұзартқышта белгіленген қуат шегінен ешқашан асырмаңыз.
  • Бұл құрылғыны қабырғаларға, жиһазға,

перделерге және т.б. жақын жерде пайдаланбаңыз.

Бұл құрылғыны еден ауданы 4 м² кем болатын бөлмелерде пайдаланбаңыз.

Құрылғыны сақтап қоймас бұрын, оның толық ажыратылғанына және розеткадан толығымен суырылғанына көз жеткізіңіз.

Оны шаңды орталарға сақтамаңыз.

Құрылғының үстіне ешнәрсе қоймаңыз.

Құрылғы ілініп тұрмауы керек.

Кейбір үлгілер желдеткіштің өшірілуін бірнеше секундқа кешіктіретін құрылғымен жабдықталған.

Бұл құрылғыны жуылған киімдерді кептіру үшін пайдаланбаңыз. Ауа кіру және шығу аймақтарына кедергі келтірмеңіз (қызып кету қаупі болады).

Тек киім кептіргіштер үшін:

Бұл құрылғы тек суда жуылған маталарды кептіруге арналған.

Маңызды!

- ЕСКЕРТУ: БАТАРЕЯЛАРДЫ БАЛАЛАРДЫҢ ҚОЛЫ ЖЕТПЕЙТІН ЖЕРДЕ САҚТАҢЫЗ.

- Жұтып қою 2 сағаттың ішінде туындайтын химиялық күйіктер мен ас қорыту жолдарының тесілуінен ауыр

жарақат алуға немесе өлімге себеп болуы мүмкін.

- Құрылғыларды тексеріп, батарея бөлігінің дұрыс жабылғанына көз жеткізіңіз. Егер батарея салынатын бөлік дұрыс жабылмаса, құрылғыны пайдаланбаңыз.

- Пайдаланылған түйме батареяларды дереу және қауіпсіз түрде тастаңыз. Отырған батареялар әлі де қауіпті болуы мүмкін.

Негізгі қауіпсіздік туралы ескертулер

Құрметті тұтынушы, пайдалану барысында құрылғыдағы аша қызады. Бұл – қалыпты нәрсе. Осы ЖОҒАРЫ ҚУАТТЫ ҚЫЗДЫРУ ҚҰРЫЛҒЫСЫ біздің әдеттегі жоғарғы стандарттарымызға сай. Дегенмен, күтпеген жерден шамадан тыс қызудың алдын алу үшін розетканың жақсы күйде екеніне және құрылғыдағы ашаның розеткаға дұрыс қосылғанына көз жеткізіңіз. Егер құрылғы ұзақ уақыт бойы пайдаланылса, онда біз аша мен розетканы тұрақты түрде тексеруді ұсынамыз. Күдікті болсаңыз, электршімен кеңесіңіз.

ЕО-тан тыс елдер үшін:

Бұл құрылғыны қозғалу, сезу немесе ақыл-ой мүмкіндіктері шектелген, сондай-ақ, осы

құрылғы туралы білімі мен тәжірибесі аз адамдар (сонымен қатар, балалар) олардың қауіпсіздігіне жауапты адамның қадағалауынсыз немесе нұсқауынсыз пайдаланбауы тиіс.

Бүйым түрі:өнімdegі таңбалауға қараңыз
Улгі:
Кернеу:
Жиілік:
Қуаты:

Қытайда:

De'Longhi Appliances s.r.l. via L.Seitz, 47 - 31100 Treviso Italy Де'Лонги Апплайансиз с.р.л. Виа Л. Зейц, 47 31100 Тревизо Италия үшін жасалған.

Кедендік одақтар территориясында тұтынушыларға тасымалдау үшін жауапкершілікті және импортер:

"Делонги" ЖШК 127055 Ресей, Мәскеу қ., Сущёвская көшесі, 27-үй, 3-ғимарат Тел.: +7 (495) 781-26-76 Бұл құрылғы пайдалану нұсқаулығында көрсетілгендей жолмен пайдаланылады. Өнімнің мерзімі сатып алынған күннен бастан 2 жылға созылады.

Сактау шарттары:

Ылғалдылық ауқымы < 80% және температура ауқымы + 5°C және + 45°C аралығындағы бөлмелер.

Бүйым шығарылған күнін бүйым корпусында жазылған сериялық нөмір бойынша анықтау мүмкін. (Сериялық нөмірі: ASSCC, бүл жерде А – өнім жасалған жылдың соңғы саны, SS – өнім жасалған апта, CC – басып шығару күні, 1992 жылдан бастан автоматты түрде есептеледі. Мысалы: Сер.№ 30411, өнім жасалған жыл – 2003, өнім жасалған апта – 4)

DELONGHI Vertical Edge HFS50D22 - Сактау шарттары: - 1

Нұсқаулық көмекшісі
Anthropic қолдайды
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : DELONGHI

Модель : Vertical Edge HFS50D22

Санат : Жылу