EBPA510 - Портативті батарея SAMSUNG - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз EBPA510 SAMSUNG PDF форматында.
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Портативті батарея PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз EBPA510 - SAMSUNG және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. EBPA510 брендінің SAMSUNG.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ EBPA510 SAMSUNG
Жұмысты бастамас бұрын
Қауіпсіз әрі дұрыс пайдалану үшін құрылғыны пайдаланбас бұрын осы нұсқаулықты оқып
Суреттердің сыртқы түрі нақты өнімнен ерекшеленуі мүмкін. Мазмұн алдын ала ескертусіз өзгертілуі мүмкін.
Батарея топтаман пайдаланудың алдында, оның құрылғыңызбен үйлесімді екенін тексеріңіз.
Осы нұсқаулықтың мазмұны EB-PA710 үлгісіне негізделген. Нұсқаулық белгішелер Ескерту: өзіңіздің немесе басқалардың жарақат алуына әкелуі мүмкін жағдайлар Абайлаңыз: құрылғыны немесе басқа жабдықты зақымдауы мүмкін жағдайлар Ескерім: ескертулер, пайдалану туралы кеңестер немесе қосымша ақпарат
Жұмысты бастау Орама құрамы Өнім қорабында мына заттар бар екенін тексеріңіз:
Жылдам бастау нұсқаулығы
Құрылғымен бірге берілген элементтер және кез келген қол жетімді қосалқы құралдар аймаққа немесе қызмет көрсетушіге байланысты өзгеріп отыруы мүмкін.
Берілген элементтер тек осы құрылғыға арналған және басқа құрылғылармен үйлесімді болмауы мүмкін.
Сыртқы түрі және сипаттамалар ескертусіз өзгертілуі мүмкін.
Қосымша қосалқы құралдарды жергілікті Samsung сатушысынан сатып алуға болады. Сатып алу алдында олардың құрылғымен үйлесімді екенін тексеріңіз.
Тек Samsung рұқсат еткен қосалқы құралдарды ғана пайдаланыңыз. Бекітілмеген қосалқы құралдарды пайдалану кепілдікте қамтылмаған өнімділік мәселелерін және ақаулықтарды тудыруы мүмкін.
Қосалқы құралдардың қол жетімділігі тек өндіруші компанияларға ғана байланысты болады. Қол жетімді қосалқы құралдар туралы қосымша ақпарат, Samsung веб-сайтында ұсынылған.
Құрылғының сыртқы көрінісі Қуат/батарея деңгейі түймесіИндикатор Зарядтағыш портыUSB зарядтағыш порты
Батарея топтамасын зарядтау Батарея топтамасын бірінші рет пайдалану алдында немесе батарея топтамасы ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаса, батареяны зарядтаңыз.Тек Samsung бекіткен зарядтағыштарды және кабельдерді пайдаланыңыз. Бекітілмеген зарядтағыштар немесе кабельдер батареяның жарылуына немесе батарея топтамасының зақымдалуына әкелуі мүмкін. Батарея топтамасын зарядтағышқа жалғаңыз.Зарядтағышты дұрыс жалғамау батарея топтамасын қатты зақымдауы мүмкін. Дұрыс пайдаланбау тудырған ешбір зақымды кепілдік қамтымайды. Батареялар топтамасын зарядтағышты (бөлек сатылады) пайдаланып зарядтауға болады. Компьютер сияқты зарядтағыштан ерекшеленетін қуат көзін пайдалану, токтың ең төмен жылдамдығы себебінен зарядтау жылдамдығының төмендеуіне әкеліп соқтыруы мүмкін. Батарея топтамасын зарядталып жатқанда пайдалануға болады, бірақ батареяны толық зарядтауға ұзағырақ уақыт кетуі мүмкін. Зарядтау кезінде, батарея топтамасы қызып кетуі мүмкін. Бұл қалыпты жағдай және батарея топтамасының қызмет мерзіміне немесе өнімділігіне әсер етпеуі тиіс. Егер батарея әдеттегіден ыстығырақ болса, зарядтағыш зарядтауды тоқтатуы мүмкін. Нақты сыйымдығы (Вт·сағ) шығыс тогы мен батареяның кернеуі бойынша өлшенеді. Ол, шығыс қуатының шарттарына, жалғанған құрылғы тізбектерінің конфигурациясына және пайдалану шарттарына байланысты, құрылғыда көрсетілген сыйымдықтан (Вт·сағ) ерекшеленуі мүмкін. Батарея топтамасы дұрыс зарядталмай жатса, батарея топтамасы мен зарядтағышты Samsung сервис орталығына апарыңыз.
Зарядтау аяқталғаннан кейін батарея топтамасын зарядтағыштан ажыратыңыз.Қуатты үнемдеу үшін пайдаланылмаған кезде зарядтағышты желіден ажыратыңыз. Зарядтағыштың қуат қосқышы жоқ, сондықтан қуатты ысыраптауды болдырмау үшін пайдаланбаған кезде зарядтағышты электр розетка ұясынан ажырату керек. Зарядтау кезінде зарядтағыш электр розетка ұясына жақын және оңай қол жетімді болуы керек. Қалған батарея қуатын тексеру Батарея деңгейі түймесін басып, қалған батарея қуатын тексеріңіз.Индикатор шамдары сізге қалған батарея қуаты туралы хабарлайды. 100% 0%
Ұялы құрылғыны зарядтау
USB кабелінің соңын батареялар топтамасының USB зарядтау портына жалғаңыз. Содан кейін USB кабелінің екінші соңын мобильді құрылғының көп мақсатты ұяшығына жалғаңыз.Зарядтау үдерісі басталады.
6Батарея топтамасын қолдану
Мобильді құрылғы толығымен зарядталғаннан кейін USB кабелін құрылғылардың екеуінен де ажыратыңыз. Зарядтау үдерісін тоқтату үшін, қуат түймесін шамамен екі секунд бойы басып тұрыңыз. Зарядтау үдерісін қайтадан бастау үшін, қуат түймесін басыңыз. Батарея топтамасы зарядтау барысында қолданылуы мүмкін, алайда бұл батарея зарядының тым төмен деңгейінде мүмкін болмауы ықтимал. Егер ұялы құрылғы батарея топтамасына жалғанғаннан кейін зарядталмаса, қуат түймесін басыңыз. Батарея топтамасы қосалқы сыртқы батарея болып табылады. Ол кейбір ұялы құрылғыларды толық зарядтамауы мүмкін. Егер батарея топтамасы тым ыстық немесе суық температуралар әсер етсе немесе қате орын алса, индикатор шамы жыпылықтайды. Мобильді құрылғыны батарея топтамасынан ажыратып, қайта жалғаңыз. Зарядтау күйін тексеру Индикатор шамы сізге жалғанған ұялы құрылғы зарядының күйі туралы хабарлайды.Күй Индикатор шамыЗарядталуда100% 0%Толығымен зарядталған 100% 0%
7Авторлық құқық Copyright © 2016 Samsung Electronics Бұл нұсқаулық халықаралық авторлық құқықтар туралы заңдармен қорғалған. Samsung Electronics компаниясының алдын ала жазбаша рұқсатынсыз бұл нұсқаулықтың ешбір бөлігін кез келген түрде немесе кез келген әдіс, электрондық немесе механикалық, соның ішінде, фотокөшіру, жазу немесе кез келген ақпараттық қоймада және шығарып алу жүйесінде сақтау арқылы көшіруге, таратуға, аударуға немесе тасымалдауға болмайды. Сауда белгілері
SAMSUNG және SAMSUNG логотипі — Samsung Electronics компаниясының тіркелген сауда белгілері.
Барлық басқа сауда белгілері және авторлық құқықтар сәйкес иелерінің меншігі болып
Notice-Facile