TYEP3D10EB - телевизор PANASONIC - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз TYEP3D10EB PANASONIC PDF форматында.
| Өнім түрі | Пассивті 3D көзілдірік |
| Бренд | Panasonic |
| Модель | TY-EP3D10EB |
| Линза түрі | Циркулярлы поляризацияланған сүзгі |
| Өлшемдері (Ұ x Б x Т) | 149,0 мм x 44,0 мм x 171,0 мм |
| Салмағы | Шамамен 18 г |
| Корпус материалы | Шайыр |
| Линза материалы | Шайыр |
| Қуат көзі | Жоқ (пассивті жұмыс) |
| Пайдалану температура аралығы | 0 °C - 40 °C (32 °F - 104 °F) |
| Ұсынылатын көру қашықтығы (50" теледидар) | 1,9 м немесе одан көп |
| Ұсынылатын көру қашықтығы (65" теледидар) | 2,4 м немесе одан көп |
| Үйлесімділік | Пассивті 3D үйлесімді HDTV теледидарлар |
| Қолдану | 3D мазмұнын көру |
| Тазалау | Жұмсақ және құрғақ шүберек; бензин, еріткіш немесе балауыз қолданбаңыз |
| Сақтау | Жоғары ылғалдылық пен жоғары температурадан аулақ болыңыз |
| Қауіпсіздік | Бөлшектемеңіз; жарылған немесе сынған болса қолданбаңыз; шаршаған жағдайда тоқтатыңыз |
| Кепілдік | Panasonic еуропалық кепілдігі (шарттарымен нұсқаулықта танысыңыз) |
| Сертификаттар | 2004/108/EC директивасына сәйкес |
Жиі қойылатын сұрақтар - TYEP3D10EB PANASONIC
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы TYEP3D10EB PANASONIC
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз телевизор PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз TYEP3D10EB - PANASONIC және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. TYEP3D10EB брендінің PANASONIC.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ TYEP3D10EB PANASONIC
Бұл бұйымды күн көзілдірігі ретінде пайдалануға болмайды және пайдаланбау керек.
Panasonic бұйымын сатып алғаныңызға алғыс білдіреміз.
- Бұйымды пайдаланбас бұрын "Қауіпсіздік шаралары" оқуды ұмытпаңыз (1-3 беттер).
- Бұйыммен жұмыс істегенше бұрын, нұсқаулықты зер салып оқыңыз, және де кейінгі пайдалану үшін сақтап қойыңыз.
3D көзілдірігін енжар 3D қолдайтын Panasonic HDTV теледидарлары үшін пайдалануға болады.
Қолданылатын үлгілерге қатысты ең соңғы мәліметтерді алу үшін веб-сайтымызға кіріңіз. http://panasonic.net/
Қауіпсіздік шаралары
Ескерту
■ 3D көзілдірігін бөлшектемеңіз немесе жаңартпаңыз.
Олай жасаған жағдайда жарақаттануға әкелуі не пайдаланушының нашар сезінуіне себеп болуы мүмкін.
Сақ болыңыз
■ Егер сізде жарыққа сезімталдық, жүрек аурулары немесе басқа да медициналық жағдайлар болса, 3D көзілдірігін пайдаланбаңыз.
3D көзілдірігін пайдалану пайдаланушының жағдайы нашарлануының белгілеріне себеп болуы мүмкін.
■ Егер сіз шаршап тұрсаңыз, қолайсыздық немесе басқа да қолайсыз сезімде болсаңыз, дереу 3D көзілдірігін пайдалануды доғарыңыз.
3D көзілдірігін мұндай жағдайларда ұзақ пайдалану денсаулықтың нашарлауына әкелуі мүмкін. Пайдалануды жалғастыру алдында біраз демалып алыңыз.
■ Нұсқаулық бойынша 3D көзілдірігін 5-6 жастан кіші балаларға пайдалануға болмайды.
Шаршағандыққа не қолайсыздыққа қатысты жас балалардың реакциясын білу қиын болғандықтан, олардың кенет нашар сезінуін алдын алу күрделі.
- Бала бұл өнімді пайдаланған кезде, ата-анасы не қамқоршысы бала көзінің талмауына көз жеткізуі керек.
■ 3D көзілдірігін 3D суреттерді қарап отырғанда пайдаланыңыз.
■ 3D көзілдірігін пайдаланғанда, көздеріңіз дерлік көлденең деңгейде болу керек және оның орналасуын қос суреттерді көрмеген жерінде сақтаған жөн.
■ Экранды шынайы экран биіктігінен 3 есе кем қашықтықта қараңыз.
Ұсынылған қашықтық:
50 дюймдік теледидар үшін 1,9 м немесе одан үлкенірек
65 дюймдік теледидар үшін 2,4 м немесе одан үлкенірек
3D көзілдірігін ұсынылған қашықтықтан жақын жерде пайдалану көздің талуына әкелуі мүмкін.
■ Миопия (жақыннан көргіштік), гиперметропия (алыстан көргіштік), астигматизм ауруларынан азап шексеңіз немесе сол-оң жақты ажырата алмасаңыз, 3D көзілдірігін кию алдында арнайы медициналық көзілдірікті немесе көру қабілетіңізді дұрыстайтын басқа әдістерді қолданыңыз. ■ Егер 3D мазмұнын көргенде екі еселенген бейнелерді анық көретін болсаңыз, 3D көзілдірігін пайдалануды тоқтатыңыз. Ұзақ пайдалану көздің талуына әкелуі мүмкін. ■ 3D көзілдірігі сынған не жарылған жағдайда пайдаланбаңыз.
Зақымдалған күйде пайдалансаңыз, жарақаттануға не көздің талуына әкелуі мүмкін.
■ 3D көзілдірігін пайдаланғанда, теледидар экранын немесе басқа адамдарды байқаусызда ұрып қалудан абай болыңыз.
Кескіндер 3D пішімінде болғандықтан, пайдаланушы мен экран арасындағы қашықтық қате болуы мүмкін, сондықтан бұл пайдаланушының экранды байқаусызда ұрып, жарақаттануға әкелуі мүмкін.
■ Егер теріңіз біртүрлі сезінсе, 3D көзілдірігін пайдалануды бірден тоқтатыңыз.
Кейбір жағдайларда, 3D көзілдірігіне пайдаланылған бояу не материалдар аллергиялық реакция тудыруы мүмкін.
■ 3D көзілдірігін 3D кескіндерінен басқа затты қарағанда кимеңіз. ■ 3D көзілдірігін құлатпаңыз, қысым жасамаңыз немесе оны баспаңыз.
Олай жағдайда, бұл әйнекті зақымдап, жарақаттануға әкелуі мүмкін.
■ 3D көзілдірігін кигенде, жақтауының ұшынан және топса бөлігінен абай болыңыз.
Бұл ескертуді орындамау жарақаттануға әкелуі мүмкін.
- Балалар бұл бұйымды пайдаланған уақытта ерекше көңіл бөліңіз.
Сақтау және Тазалау
- Жұмсақ, құрғақ шүберекті пайдаланып тазартыңыз.
- 3D көзілдірігін шаңды не кір шүберекпен сүрту көзілдірікті тырнауы мүмкін. Пайдаланбас бұрын шүберектен бар шаңды қағыңыз.
- 3D көзілдірігіне бензол, еріткіш немесе балауызды пайдаланбаңыз, олай істеу бояудың алынып қалуына әкелуі мүмкін.
- Тазалаған кезде 3D көзілдірігін су сияқты сұйықтыққа батырмаңыз.
- 3D көзілдірігін сақтағанда жоғары ылғал және жоғары температуралы жерден сақтаныңыз.
Ақаулықтарды түзету/Сұрақ-жауап
Алдымен келесілерді тексеріңіз.
Бейнелер 3D емес.
▶ Теледидар бұл 3D көзілдірігін қолдай ма?
3D көзілдірігін үйлесімді теледидарлармен пайдаланыңыз. (1-6 бет)
▶ Бейне параметрлері 3D бейнелеріне ауысқан ба?
Теледидарды пайдалану жөніндегі нұсқаулықты қараңыз.
Сипаттамалар
Линза түрі
Циркулярлық-поляризацияланған сүзгі
| Ені 149,0 мм | |
| Биіктігі 44,0 мм | |
| Жалпы ұзындығы 171,0 мм | |
| Салмағы Шамамен 18 г | |
ΚΑЗАК
Өнімнің мәліметтері
Қызмет көрсету мерзімі 1 (бір) жыл
Қытайда жасалған
Өндіруші:
Panasonic Corporation
Дайындаушы мекенжайы:
Осака, Жапония
Үлгі:
КАЗАҚСТАН
Panasonic ақпараттық орталығы
Қазақстан мен Орта Азиядан қоңырау шалу үшін.
(сатып алынған күні)
сатып алу күні, data procurării, alınma tarixi, quiuui shiuwphup, yozzob oboo, olingan sana, сатып алу күні, таърихи харид, сатып алу күні
Сериялық нөмір
Қазақстанның кепілдік шарттары
Panasonic Corporation компаниясы Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстанда сатылатын барлық тауарларына өндірушінің 3 (үш) жылдық кепілдігін береді; төменде көрсетілген тауарлардан басқа: 1. Мини-АТС; 2. Көшірме құрылғылары; 3. Ноутбуктер; 4. Ауа кондиционерлері; 5. Бейне проекторлар; 6. Электр құрал-саймандар. Бұл кепілдік өнім шығарушылар тарапынан, тұтынушылардың конституциялық және өзге де құқықтарына толықтыру түрінде берілетіндігіне қарамастан, оларды қандай жағдайда болсын, шектей алмайды. Аталған кепілдік, тауар дұрыс болып шықпаған немесе оны жинағанда мынадай шарттарды қадағаламаған жағдайда, күшіне енеді:
- Тауар тек қана мына елдер: Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Қырғызстан аумағынан сатылып алынған болса және техникалық стандарттар мен қауіпсіздік талаптарына міндетті түрде жауап берерлік дәрежедегі, пайдалануға беру нұсқауларына сай пайдаланылса. Модельдің кепілдік мерзімі http://service.panasonic.ru Интернет-бетінде орналасқан.
- Аталып отырған кепілдік, ондағы ақаулар өрттен, найзағайдан немесе басқа да табиғи құбылыстардың әсерінен болса; дұрыс пайдаланылмаған жағдайда, сондай-ақ, пайдалануға берердегі нұсқауларда қосуға болмайтындығы ескертілген ток көздеріне қосылса; шектен тыс зорланып жұмыс істеу нәтижесінде істен шықса; тозығы жетсе; бөгде нәрселер мен насекомдар кіріп кетуін қосқанда, бұйым тым салақ қаралып сақталса; қолында мұндай заттарды жөндей алатындығын растайтын сертификаты жоқ адам жөндесе, сонымен қатар, истапляциялану, бейімделу, модификациялану немесе пайдалануға берілу сәттерінде техникалық шарттарды немесе қауіпсіздік талаптары орындалмаса, онда күшін жояды.
- Егер кепілдік берілген мерзім аралығында, тауардың бір бөлігі не басқа бір бөлшектері тауарды шығарушы ұсынбаған бөлек қосалқы бөлшектермен ауыстырылған болса, сондай-ақ, бұл жұмыс қанағаттанғысыз түрде жасалса, не олар тауарға сәйкес келмесе, онда тұтынушы бұл кепілдік бойынша төлем алу құқығынан, басқа да артықшылықтарды пайдалану құқығынан айрылады.
- Аталып отырған кепілдік, қажетті бөлшектер мен темірлермен, лампымен, батареямен және аккумулятормен, дыбыс шығарушы инемен, антеннамен және байланыстырғыш кабельдермен, қорғаныш экрандарымен, қоқыс жинағыштарға, тор мен пышаққа, фильтрлерге, щеткелерге, картридждер мен өзге де пайдалану мерзімі шектеулі бөлшектермен қамтамасыз етуде жарамсыз деп танылады.
Қондыру және қосу
Сіз сатып алған жабдықты қондыру үшін техникалық қалыпты пайдалануы мақсатында барлық қажетті жұмыстарды атқаратын қызмет көрсету орталығы мамандарының ақылы қызметін пайдалана аласыз.
Осы кепілдеме бойынша міндеттер, 1-бөлімшеде аталған елдер аумағындағы, тізімін +7 (727) 298-09-09 телефоны бойынша немесе http://service.panasonic.ru Интернет-бетінде орналасқан, Panasonic Ақпараттық Орталығынан алуға болатын, өкілетті ұйымдар мен қызмет көрсету орталықтарында жүзеге асырылады. Аксессуарлар мен шығын материалдары жайлы ақпарат http://panasoniceplaza.ru Жөндеу жұмыстарының барысы туралы ақпарат «Жөндеу Ақпараттық Жүйесі» http://service.panasonic.ru/RepairSystem - да бар.
RQA0247
Panasonic Corporation
Веб-сайт: http://panasonic.net/