HGA9.5AMX - Ас үй желдеткіші HOTPOINT - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз HGA9.5AMX HOTPOINT PDF форматында.

HOTPOINT HGA9.5AMX - Ас үй желдеткіші
📄 84 бет Қазақша KK Жүктеу 💬 ЖИ сұрағы 10 сұрақтар ⚙️ Сипаттамалар
Notice HOTPOINT HGA9.5AMX - page 79
Pick your language and provide your email: we'll send you a specifically translated version.
Өнім түрі Ас үй сорғышы
Бренд Hotpoint
Модель HGA9.5AMX
Биіктігі (реттелетін) 61 - 82 см
Ені 90 см (шамамен)
Тереңдігі 50 см
Ауа шығару диаметрі 150 мм (қысқартылатын 120 мм)
Электр қорегі 230 В - 50 Гц
Жалпы тұтыну қуаты 150 Вт
Жарықтандыру 2 галоген шамы 40 Вт әрқайсысы (G9)
Сорғыш жылдамдықтары 3 жылдамдық + күшейту функциясы (5 мин)
Орнату түрі Сыртқы шығару немесе рециркуляция (жинақ кірмейді)
Май сүзгісі Металл, жууға болады (ыдыс жуғышта)
Көмір сүзгісі (қосымша) 20 ай сайын ауыстыру
Басқару Сенсорлық (нұсқасына қарай)
Сүзгілердің толу көрсеткіші Иә (белгішелердің жыпылықтауы)
Қауіпсіздіктің ең аз қашықтығы (газ) 65 см
Қауіпсіздіктің ең аз қашықтығы (электр) 55 см

Жиі қойылатын сұрақтар - HGA9.5AMX HOTPOINT

Сорғышты рециркуляция нұсқасында қалай орнатуға болады?
Сорғышты рециркуляция нұсқасында пайдалану үшін белсенді көмір сүзгі жинағын орнату қажет (кірмейді). Шығару құбыры ауаны бөлмеде қайта өңдеу үшін жоғары бағытталуы керек. Басқару параметрлерін орнату үшін нұсқаулықты қараңыз.
Май сүзгілерін қаншалықты жиі тазалау керек?
Май сүзгілерін айына кемінде бір рет қолмен немесе төмен температурада ыдыс жуғышта тазалау керек. Тұрақты тазалау өрт қаупін болдырмайды.
Көмір сүзгісін қашан ауыстыру керек?
Көмір сүзгісін шамамен 20 ай сайын немесе қарқынды пайдаланғанда ертерек ауыстыру қажет. Оны жууға немесе қалпына келтіруге болмайды.
Басқару панеліндегі белгішелердің жыпылықтауы нені білдіреді?
Егер T2 белгішесі жыпылықтаса, май сүзгісі толған. Егер T3 жыпылықтаса, иіс сүзгісі (көмір) толған. Екеуі де жыпылықтаса, екі сүзгі де толған.
Сүзгілердің толу көрсеткішін қалай қалпына келтіруге болады?
Сорғыш қосулы тұрғанда T5 (немесе модельге байланысты T4) түймесін 3 секунд басыңыз. Шам үш рет жыпылықтап, сөнеді. Екі сүзгі де толған болса, әрекетті екінші рет қайталаңыз.
Сорғыш пен пеш арасындағы ең аз қашықтық қандай?
Газ плитасы үшін ең аз қашықтық 65 см, электр плитасы үшін 55 см. Әрқашан пеш ұсынымдарын сақтаңыз.
Май сүзгісінсіз сорғышты пайдалануға бола ма?
Жоқ, май сүзгісі дұрыс орнатылмаған сорғышты пайдалану қатаң тыйым салынады. Бұл қозғалтқышты зақымдап, өртке әкелуі мүмкін.
Шамды қалай ауыстыруға болады?
Сорғышты ажыратыңыз, май сүзгілерін алыңыз. Қорғанысты ашу үшін кішкене жалпақ бұрауышты пайдаланыңыз. Шамды G9 40 Вт галоген шамына (немесе модельге байланысты LED баламасына) ауыстырыңыз. Қорғанысты жабыңыз.
Сорғыш жұмыс істемейді, не істеу керек?
Электр қорегін, автоматты ажыратқыштың сөндірілмегенін және жылдамдықтың таңдалғанын тексеріңіз. Сорғышты 5 секунд ажыратып, қайта қосыңыз. Мәселе шешілмесе, қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Сорғышты сыртқы шығару нұсқасында орнатуға бола ма?
Иә, сорғыш сыртқы шығаруға дайын күйде жеткізіледі. 150 мм диаметрлі (120 мм-ге дейін қысқартылатын) құбырды пайдаланыңыз. Жеңіл еңісті сақтаңыз және өнімділікті жақсарту үшін қажет емес бұрылыстардан аулақ болыңыз.

Пайдаланушылардың сұрақтары туралы HGA9.5AMX HOTPOINT

0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.

Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою

Электрондық поштаңыз құпия сақталады: ол тек біреу сұрағыңызға жауап берсе, сізге хабарлау үшін қолданылады.

Әзірге сұрақтар жоқ. Бірінші болып сұраңыз.

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Ас үй желдеткіші PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз HGA9.5AMX - HOTPOINT және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. HGA9.5AMX брендінің HOTPOINT.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ HGA9.5AMX HOTPOINT

Пайдалану нұсқаулығы

СОРЫП

Мазмұны

Пайдалану нұсқаулығы, 3

Ескертулер, 26

Көмек, 30

Орнату, 79

GLASS басқару құралдары, 80

Техникалық қызмет көрсету және күтім жасау, 81

Ақаулықтарды жою, 82

HOTPOINT HGA9.5AMX - СОРЫП - 1

HOTPOINT HGA9.5AMX - СОРЫП - 2

! Бұл нұсқаулықты кейін қарау үшін сақтап қойыңыз. Құрылғыны сатқан, тасымалдаған немесе басқа жерге жылжытқан кезде, нұсқаулық өніммен бірге болатынына көз жеткізіңіз. ! Нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз – олардың ішінде орнатуға, пайдаланушыға және қауіпсіздікке қатысты маңызды ақпарат болады.

! Өнімнің немесе оның ауа шығару түтіктерінің электр немесе механикалық жабдығын өзгертпеңіз.

Жалпы қауіпсіздік туралы ақпарат

- Тағам пісіру құрылғысының ыдыстар тұратын беті мен плита сорғышының ең төмен бөлігі арасындағы қашықтық төмендегідей болуы тиіс:

65 см – сорғыш газ плитасы үстіне орнатылған болса; 55 см – сорғыш электр плитасы үстіне орнатылған болса.

Газ плитаны орнату нұсқаулығында одан үлкен қашықтық берілген болса, оны ескеру керек.

  • Плита сорғышымен бірге қабырғалардың/төбелердің көбісінде қолдануға болатын болт тығындары беріледі. Дегенмен, қабырға/төбе түрі материалы жағынан сәйкес келетінін, яғни құрылғы салмағын көтере алатынын білікті маманға тексерту керек.
  • Абай болыңыз! Орнату аяқталғанша құрылғыны токқа қосуға болмайды.
  • Құрылғыны тазаламас немесе оған қызмет көрсетпес бұрын, қуат айырын ағыту я негізгі айырып қосқышты ажырату арқылы оны токтан ағыту керек.
  • Құрылғыны орнатқан және оған қызмет көрсеткен кезде жұмыс қолғаптарын киіңіз.
  • Қауіпсіздігіне жауапты адам бақыламаса я нұсқау бермесе, балалар немесе сезіну не ой қабілеті төмен және тәжірибесі не білімі аз адамдар бұл құрылғыны қолданбауы тиіс.

- Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.

- Май сүзгісі орнатылмаған болса, құрылғыны қолданушы болмаңыз!

- Анық түрде нұсқау берілмесе, сорғышты тірек ретінде қолданушы БОЛМАНЫЗ.

- Газ немесе басқа отынды жағатын жабдықпен бір уақытта сорғыш қолданылғанда, бөлмеде тиісті вентиляция болуы керек.

- Сорғыштан шығатын ауа газ немесе басқа отынды жағатын жабдықтың түтінін шығаратын құбыр арқылы жіберілмеуі тиіс.

- Ауа шығаруға қатысты барлық ережелерді ұстаныңыз.

- Сорғыш астында жалаң отпен тағам пісіруші болмаңыз; жалаң от сүзгілерді зақымдауы және өртке себеп болуы мүмкін. Ешқашан олай істеуші болмаңыз.

- Қызған май тұтанбауы үшін, қуырған кезде әрдайым бақылап тұрыңыз.

- Түтін шығару үшін қолданылатын техникалық және сақтандыру шараларына қатысты жергілікті ережелердің барлығын бұлжытпай орындаңыз.

- Өнімнің іші мен сыртын жиі тазалап тұрыңыз (КЕМ ДЕГЕНДЕ АЙЫНА БІР РЕТ; осы нұсқаулықта берілген техникалық қызмет көрсету нұсқауларын орындаңыз).

- Сорғышты тазалау және сүзгіні тазалау/ауыстыру нұсқаулары орындалмаса, өрт шығуы мүмкін.

- Шамдарын дұрыстап орнатпай сорғышты қолданушы болмаңыз – ток соғу қаупі бар.

- Осы нұсқаулықта берілген нұсқауларды орындамау нәтижесінде пайда болған қиындық, залал немесе өртке өндіруші жауапты болмайды.

- Абай болыңыз! Тағам пісіру жабдығымен бірге қолданылғанда, құрылғының кейбір бөліктері қатты қызуы мүмкін.

IT

Assistenza

!Рұқсаты жоқ адамның қызметін ешқашан қабылдамаңыз.

Келесі мәліметтерді оңай жерде ұстаңыз:

• Туындаған проблема түрі. • Құрылғының моделі (Мод.). - Сериялық нөмірі (С/н).

Кейінірек мәліметтердің екі бөлігін құрылғының деректер тақтасынан көре аласыз.

Installazione

Орнату процедурасы осы нұсқаулықтың алғашқы беттерінде көрсетілген.

Орнатуды білікті маман орындауы тиіс.

Электр қосылымдар

Желідегі кернеу сорғыш ішіндегі номиналды сипаттар тактасында берілген кернеуге сәйкес келуі қажет. Сорғыштың куат айыры болса, оны оңай қол жеткізуге болатын реттелмелі розеткаға қосыңыз. Айыры болмаса (желіге тікелей қосу) немесе розеткаға оңай қол жеткізу мүмкін болмаса, орнату ережелеріне сәйкес III санат кернеу қүшінің артуы жағдайында толығымен электр желіден ажырату мүмкіндігі болуы үшін екі полюсті реттелмелі айырып қосқышқа қосыңыз.

Абай болыңыз! Сорғышты электр желіге қайта қоспас бұрын ток кабелі дұрыс жалғанғанын және ол дұрыс жұмыс істейтінін тексеріп отырыңыз.

Ауа шығысы (ауа шығаратын түтігі бар құрылғылар үшін)

Сорғышты түтікке және диаметрі ауа шығаратын фланецтің диаметріне тең қабырғадағы ауа шығару тесігіне жалғаңыз. Диаметрі одан кіші түтік пен ауа шығаратын тесік қолданылса, сорғыштың ауа тарту қуаты төмендейді және оның жұмыс істеген кездегі шуылы артады.

Өндіруші мұндай әрекеттің салдарына жауапты болмайды.

! Ауа шығару үшін қажетті ең қысқа түтікті қолданыңыз. ! Түтік мүмкін болғанша аз майысуы керек. ! Түтіктің диаметрін күрт өзгертпеңіз. ! Түтіктің іші мүмкін болғанша тегіс болуы тиіс. ! Түтік нормаларға сәйкес келетін материалдан жасалған болуы тиіс. ! Түтікті басқа жабдықтың (бойлер, мұржа, пеш, т.б.) түтінін таситын құбырларға жалғауға болмайды. ! Құзыретті мемлекеттік органдардың ауа шығаруға қатысты нұсқауларын орындаңыз. Ауа шығаруға арналмаған болса, қабырғадағы қуысқа ауа шығаруға болмайды. ! Сорғыш бөлме ішінде теріс қысым (оның мәні 0,04 мбар-дан аспауы тиіс) тудырмауы үшін бөлмені ауа кіретін саңылаулармен жабдықтаңыз. ! Өндіруші бұл нұсқауларды орындамау салдарынан туындаған жағдайларға жауапты болмайды.

Сүзетін бе немесе түтікке жалғанған ба?

! Сіздің сорғышыңыз түтікке жалғануы тиіс.

Оны сүзетін құрылғы ретінде пайдаланғыңыз келсе, тиісті КЕРЕК-ЖАРАҚТАР ЖИЫНЫН орнату қажет.

Ескертпе: Сорғышпен бірге жеткізілсе, қосымша белсендірілген көмір сүзгі орнатылған болуы мүмкін.

Сорғышты түтікке жалғанатын түрден сүзу нұсқасына түрлендіру нұсқаулары осы нұсқаулықта берілген («Сүзу нұсқасы» бөлімін қараңыз).

HOTPOINT HGA9.5AMX - Сүзетін бе немесе түтікке жалғанған ба? - 1

Түтікке жалғанатын нұсқа

KZ

Сорғыш ауа тазартып, шығару фланеціне қосылған шығару түтігі (диам. 150 мм) арқылы оны сыртқа жібереді. Шығару түтігінің диаметрі шығару фланецінің диаметрімен бірдей болуы тиіс.

Абай болыңыз! Шығару түтігі бірге берілмейді, оны бөлек сатып алу қажет.

Көлденең бағытталған кезде, ауа сыртқа оңай шығуы үшін түтікті сәл жоғары (шамамен 10°) қарату керек. Сорғыш көмір сүзгілермен жабдықталған болса, оларды алдымен шешіп алу керек.

HOTPOINT HGA9.5AMX - Түтікке жалғанатын нұсқа - 1

Сүзу нұсқасы

Сорғыш ауаны тазартып, оны бөлмеге қайтарады. Сорғыштың бұл нұсқасына қосымша белсенді көмір сүзгі қажет.

Бұл нұсқаға ауа дефлекторы, азайту адаптері және көмір сүзгі (-лер) қажет. Үстіңгі түтіктің ауа шығаратын саңылаулары ең жоғары жерде орналасуы тиіс.

Техникалық деректері

МодельБиіктігі (см)Ені (см)Терендігі (см)ауа шығару түтігінің диам. (см)
GLASS 60 см61-8259.85015/12
GLASS 90 см61-8289.95015/12
Модель кодыШам (В)Шам куаты (Вт)Жалпы куат (Вт)
HGF 9.5S AB Х/НА HGA 9.5S AB Х/НА HGA 6.5S AB Х/НАГалогенді2 x 40185
Модель кодыШам (В)Шам куаты (Вт)Жалпы куат (Вт)
HGF 9.8 AD X/HAHGA 9.8 AD X/HAHGA 6.8 ADI X/HAHGF 6.8 AD X/HAГалогенді2 x 40290
Модель кодыШам (В)Шам куаты (Вт)Жалпы куат (Вт)
HGA 9.5 AM X/HA HGF 9.5 AM X/HA HGA 6.5 AM X/HA HGF 6.5 AM X/HAГалогенді2 x 40150
КуатыкернеуіцоколіӨлшемдері
Галогенді 25 W2 x 25 W230 VG9L40x∅14
Галогенді 20 W2 x 20 W12 VG4L30x∅10

LED *

EN 62471 стандартына сәйкес 1-тәуекел тобы

EAC

Сорғыштар құрылғы төмендегі ЕО директиваларына сәйкес келеді:

CE

• 2006/95/EC «Төмен кернеу» директивасы (12-12-2006)

* Тек белгілі бір модельдерде бар

GLASS басқару құралдары

Механикалық панельмен жабдықталған модельдер

Сорғыш жұмыс істеп тұрғанда басылса, ол ӨШЕДІ

Т2 Жылдамдық 1

Түйме басылғанда сорғыш 1-жылдамдыққа орнатылады.

Т3 Жылдамдық 2

Түйме басылғанда сорғыш 2-жылдамдыққа орнатылады.

Т4 Жылдамдық 3

Түйме басылғанда сорғыш 3-жылдамдыққа орнатылады.

Сенсорлық панельмен жабдықталған модельдер

Сорғыш өшіп тұрған кезде, түймені басып, 1-жылдамдықты орнатыңыз. Сорғыш жұмыс істеп тұрғанда басылса, ол ӨШЕДІ.

Т2 Жылдамдық 1

Түйме басылғанда сорғыш 1-жылдамдыққа орнатылады.

Т3 Жылдамдық 2

Түйме басылғанда сорғыш 2-жылдамдыққа орнатылады.

Т4 Жылдамдық 3

Түйме басылғанда сорғыш 3-жылдамдыққа орнатылады.

T5 Күшейткіш

Түйме басылғанда сорғыш жоғары жылдамдыққа орнатылады. 5 минуттан кейін сорғыш алдыңғы жылдамдыққа оралады; жылдамдық түймесі басылса (T2, T3 немесе T4), сорғыш күшейткіш режимінен шығып, таңдалған жылдамдықты орнатады.

Май/иіс сүзгілерінің ескертулері

Т2 белгішесі жыпылықтаса, демек май сүзгісі қаныққан, ал Т3 белгішесі жыпылықтаса, ол иіс сүзгісінің қаныққанын білдіреді, ал екеуі де жыпылықтаса, демек екі сүзгі де қаныққан. Ондай жағдайда, май сүзгісін (А) я иіс сүзгісін (В) немесе екеуін де тазалау/ауыстыру қажет («Техникалық қызмет көрсету және күтім көрсету» бөлімін қараңыз).

Сүзгі санағышын қалпына келтіру:

Сорғыш қосылып тұрған кезде, Т5 түймесін басып, үш секунд ұстап тұрыңыз.

Ескерту диоды үш рет жыпылықтайды да, қалыпты режимге оралады.

Бір уақытта сүзгі ескертулерінің екеуі де қосылса, олардың әрқайсысын бөлек қалпына келтіру керек.

Алдымен май сүзгісі, одан кейін иіс сүзгісі қалпына келтіріледі.

Сорғыш конфигурациясы:

Сорғыштың жұмыс режимін орнату үшін өнім өшіп тұрған кезде Т4 түймесін басып, 6 секунд ұстап тұрыңыз. Орнату түрін көрсету үшін Т2 не Т3 белгішелері жанады: Т2 - желдету, Т3 - сүзу.

Т4 түймесін қайта-қайта басып, орнату түрін өзгертуге болады.

Жаңа конфигурацияны сақтау үшін Т1 түймесін жеке басыңыз.

Сенсорлық панельмен және дисплеймен жабдықталған модельдер

Сорғыш өшіп тұрған кезде, түймені басып, 1-жылдамдықты орнатыңыз. Сорғыш жұмыс істеп тұрғанда басылса, ол ӨШЕДІ.

Т2 Жылдамдық -

Туйме басылғанда сорғыш алдыңғы жылдамдыққа оралады.

ТЗ Жылдамдык +

Түйме басылғанда сорғыш келесі жылдамдыққа өтеді.

Т4 Күшейткіш

Туйме басылғанда сорғыш жоғары жылдамдыққа орнатылады; дисплейде «b» әрпі баяу жыпылықтайды. 5 минуттан кейін, сорғыш алдыңғы жылдамдыққа оралады; күшейткіш режим қосылып түрғанда кез келген жылдамдық түймесін (Т2 немесе Т3) басу арқылы да алдыңғы жылдамдыққа оралуға болады.

T5 Таймер

Бүл түйме басылса, сорғыштың автоматты түрде өшуі 5 минутқа кейінге қалдырылады. Таймер дисплейде минуттарды көрсетіп, артқа санайды. Таймерді тек қолмен орнатылатын жылдамдықтар үшін орнатуға болады, күшейткіш режимі үшін бүл мүмкін емес.

Май/иіс сүзгілерінің ескертулері

HOTPOINT HGA9.5AMX - Май/иіс сүзгілерінің ескертулері - 1

Жоғарғы сол жақтағы жолақ жыпылықтап, май сүзгісі қаныққанын білдіреді.

HOTPOINT HGA9.5AMX - Май/иіс сүзгілерінің ескертулері - 2

Жоғарғы оң жақтағы жолақ жыпылықтап, иіс сүзгісі қаныққанын білдіреді.

HOTPOINT HGA9.5AMX - Май/иіс сүзгілерінің ескертулері - 3

Екі жолақ та жыпылықтап түрса, демек екі сүзгі де қаныққан.

Ондай жағдайда, май сүзгісін (А) я иіс сүзгісін (В) немесе екеуін де тазалау/ауыстыру қажет («Техникалық қызмет көрсету және күтім көрсету» бөлімін қараңыз). Соңғы мәлімет тек сүзу нұсқасына қатысты.

Сүзгі санағышын қалпына келтіру:

Сорғыш қосылып түрған кезде, Т4 түймесін басып, үш секунд ұстан тұрыңыз.

Бір уақытта сүзгі ескертулерінің екеуі де қосылса, олардың әрқайсысын бөлек қалпына келтіру керек.

Алдымен май сүзгісі, одан кейін иіс сүзгісі қалпына келтіріледі.

Сорғышты бейімдеу

Сорғыштың жұмыс режимін орнату үшін өнім өшіп тұрған кезде Т4 түймесін басып, 6 секунд ұстап тұрыңыз. Дыбыстық сигналдан кейін орнату түрі көрсетіледі:

HOTPOINT HGA9.5AMX - Сорғышты бейімдеу - 1

Түтікке жалғанатын нұсқа

(төменгі сол жақтағы шаршы жыпылықтайды).

HOTPOINT HGA9.5AMX - Түтікке жалғанатын нұсқа - 1

Сүзу нұсқасы

(төменгі оң жақтағы шаршы жыпылықтайды).

Т4 түймесін басып, орнату түрін өзгертуге болады. Бейімдеу режимінен шығу үшін Т1 түймесін бір рет басыңыз; оны басқан кезде құрылғы өшіп, соңғы болып көрсетілген параметрді сақтайды.

Техникалық қызмет көрсету және күтім көрсету

Абай болыңыз! Құрылғыны тазаламас немесе оған қызмет көрсетпес бұрын, қуат айырын ағыту негізгі айырып қосқышты ажырату арқылы оны токтан ағыту керек.

Алғашқы тазалау

• Қорғағыш үлдірді шешіп алыңыз - Аз ғана бейтарап сабын қосып, дымқыл губкамен тазалаңыз • Дымқыл шүберекпен шайыңыз - Жұмсақ шүберекпен сүртіп, құрғатыңыз; сорғыш тот баспайтын болаттан жасалған болса, текстура бойымен құрғатыңыз

Жүйелі тазалау

Сорғыштың іші мен сыртын жиі тазалап тұру қажет (кем дегенде, май сүзгісін ауыстырған кездерде). Дымқыл шүберек пен бейтарап сұйық жуғыш зат қосылған жылы су қолданыңыз.

Қырғыш немесе тотықтырғыш заттарды пайдаланбаңыз.

Ескерту: Сорғышты тазалау және сүзгілерді тазалау/ауыстыру нұсқаулары орындалмаса, өрт шығуы мүмкін. Нұсқауларды бұлжытпай орындаңыз. Өндіруші моторға келген зақымдарға немесе дұрыс күтім жасамау я жоғарыдағы нұсқауларды орындамау салдарынан шыққан өртке жауапты болмайды.

Май сүзгісіне қызмет көрсету (А)

000000 A

Май сүзгісі тағам пісірген кезде шығатын май бөлшектерін ұстайды; оны кем дегенде айына бір рет, әлсіз жуғыш затпен қолмен немесе төмен температуралы қысқа ыдыс жуғыш циклымен тазалау керек.

Май сүзгісін шығарып алу үшін серіппелі тұтқаны

тартыңыз. Ыдыс жуғышта жуылса, металл сүзгінің түсі өзгеруі мүмкін, бірақ оның жұмысына нұқсан келмейді.

Көмір сүзгіге қызмет көрсету (В)

Көмір сүзгісі жағымсыз тағам пісіру иістерін ұстайды. Сүзгі пісірілетін тағам түріне және май сүзгісін тазалау жиілігіне байланысты әр түрлі жиілікпен қанығып отырады. Картридж кем дегенде жиырма айда бір рет ауыстырылуы тиіс.

Бұл сүзгіні жууға немесе қалпына келтіруге болмайды

HOTPOINT HGA9.5AMX - Көмір сүзгіге қызмет көрсету (В) - 1

Бөлшектеу: Сорғышқа бекітіп тұратын алдыңғы екі іліністі басып, белсендірілген көмір сүзгісін шешіп алыңыз.

HOTPOINT HGA9.5AMX - Көмір сүзгіге қызмет көрсету (В) - 2

Құрастыру: Белсендірілген көмір сүзгісін алдымен сорғыштың артқы жағындағы металл тілдердің, одан кейін алдыңғы жағындағы екі іліністің көмегімен бекітіңіз.

HOTPOINT HGA9.5AMX - Көмір сүзгіге қызмет көрсету (В) - 3

Құрылғыны токтан ағытып, май сүзгісін шешіп алыңыз.

Абай болыңыз! Ұстамас бұрын, шамдар салқындағанына көз жеткізіңіз.

  1. Сақтандырғышты шығарып алыңыз: кішкене тегіс басты бұрағышпен немесе оған ұқсас құралмен шығарыңыз.
  2. А қа үл ы ш а м д ы а уыстырыңыз. Түрі бірдей шамдарды ғана қолданыңыз (мәлімет алу үшін, төмендегі нұсқаулы деректі қараңыз).
  3. Сақтандырғышты орнына орнатыңыз (итеріп, орнатыңыз).

HOTPOINT HGA9.5AMX - Көмір сүзгіге қызмет көрсету (В) - 4

Шамдарды ауыстыру LED *

Сорғышта диод технологиясына негізделген жарықтандыру жүйесі бар. Диодтар әдеттегі шамдарға қарағанда онтайлы жарықтандыруды, ұзағырақ жұмыс істеуді және азырақ қуат пайдалануды қамтамасыз етеді. Оларды ауыстыру үшін көмек көрсету қызметіне хабарласыңыз.

Электр кабелі

Қуат кабелі зақымдалса, тәуекелдердің алдын алу үшін оны өндірушіге немесе оның техникалық қызметіне ауыстыртуға болады.

ҚОҚЫСҚА ТАСТАУ

Бұл құрылғы Қоқыс электр және электрондық жабдыққа (WEEE) қатысты ЕС/2012/19 Еуропалық директивасына сәйкес келеді деп белгіленген. Құрылғы қоқысқа дұрыс тасталуын қамтамасыз ету арқылы пайдаланушы қоршаған орта мен қоғамның денсаулығын қорғауға ат салысады.

HOTPOINT HGA9.5AMX - ҚОҚЫСҚА ТАСТАУ - 1

Өнімдегі немесе оның құжаттамасындағы таңбасы өнімді тұрмыстық қоқысқа тасталмауы, оның орнына электр және электрондық қоқысты сұрыптау орталығына табысталуы тиіс екенін білдіреді. Жергілікті қоқыс тастау заңдарына сәйкес әрекет етіңіз. Өнімді қолдану, қалпына келтіру және қайта өңдеу туралы қосымша мәлімет алу үшін жергілікті құзырлы органдарға, қоқыс жинау қызметіне немесе өнімді сатып алған орынға хабарласыңыз.

Ақаулықтарды жою

Жұмыс істемей қалса, техникалық қызмет көрсету орталығына хабарласпас бұрын төмендегі қарапайым жағдайларды тексеріңіз:

Сорғыш жұмыс істемесе:

Келесі жағдайларды тексеріңіз:

• құрылғы қосылып тұр.

• жылдамдық орнатылған.

Сорғыш тиімді жұмыс істемесе:

Келесі жағдайларды тексеріңіз:

  • тандалған мотор жылдамдығы шыққан түтін мен бу көлемін өңдеуге жеткілікті. • құрылғы ауа алуы үшін ас үйде тиісті вентиляция бар. • көмір сүзгі қанықпаған (сүзу нұсқасы).

Жұмыс істеп тұрған кезде, сорғыш өшіп қалатын болса:

Келесі жағдайларды тексеріңіз:

• құрылғы қосылып тұр. - айырып қосқыш қосылмаған.

Ақаулы жұмыс істеген жағдайда, техникалық қызмет көрсету орталығына хабарласпас бұрын, айырын ағыту арқылы құрылғыны токтан кем дегенде 5 секундқа ағытып, қайта қосыңыз. Ақаулық шешілмесе, техникалық қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Мазмұны Оған қол жеткізу үшін атауға басыңыз
Нұсқаулық көмекшісі
Anthropic қолдайды
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : HOTPOINT

Модель : HGA9.5AMX

Санат : Ас үй желдеткіші