Performer FC9179 - Шаңсорғыш PHILIPS - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз Performer FC9179 PHILIPS PDF форматында.
| Өнім түрі | Шаңсорғыш |
| Бренд | Philips |
| Модель | Performer FC9179 |
| Номиналды қуат | 1800 Вт |
| Шаң қапшығының сыйымдылығы | 4 л |
| Салмақ | 5.9 кг |
| Өлшемдер (Ұ x Е x Б) | 440 x 290 x 220 мм |
| Қуат сымының ұзындығы | 7 м |
| Жұмыс радиусы | 9 м |
| Сүзу түрі | HEPA 13 жуылатын сүзгі |
| Шу деңгейі | 78 дБ(А) |
| Жинақтағы керек-жарақтар | Комбинациялық саптама, саңылауға арналған құрал, шаң кетіретін щетка, паркет щеткасы |
| Қапшық индикаторы | Иә |
| Айнымалы қуатты басқару | Тұтқадағы электронды |
| Тұрақ және сақтау жүйесі | Тік тұрақ және көлденең сақтау |
| Ауыстыру қапшығының түрі | Philips s-bag (классикалық HyperClean) |
| Сертификаттар | CE, RoHS |
| Кепілдік | 2 жыл |
Жиі қойылатын сұрақтар - Performer FC9179 PHILIPS
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы Performer FC9179 PHILIPS
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Шаңсорғыш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз Performer FC9179 - PHILIPS және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. Performer FC9179 брендінің PHILIPS.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ Performer FC9179 PHILIPS
Өнімді сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош келдіңіз! Philips компаниясы ұсынатын қолдауды толығымен пайдалану үшін өніміңізді www.philips.com/welcome веб-бетіне тіркеңіз. Philips компаниясы материалды пайдаланумен қатар қуатты үнемдеу негізінде қоршаған ортаға кері әсер етпейтін өнімдер жасау сияқты технологияның соңғы жетістіктерін ұсынады. Бұл өнім жартылай биопластиктер мен қайта қолданылатын пластиктерден жасалған. Биопластиктен жасалған бөлшектері қоршаған ортаға кері әсер етпейді, себебі олар алмастырылатын биомасса негізінде жасалған. Кейбір бөлшектер әдеттегі пластиктерден жасалуы қажет, алайда Philips компаниясы бұл бөлшектерді мүмкіндігінше қайта қолданылатын пластиктерден жасауға тырысты. Дәстүрлі әдіске қарағанда бұл өндіру әдісінің нәтижесінде аз қалдық қалады. Бұл туралы және өнімнің қоршаған ортаға басқа әсерлері туралы ақпарат алу үшін www.asimpleswitch.com веб-торабына кіріңіз. Green Performer электр моторы аз қуат жұмсап, жоғары дәрежеде жұмыс істейді.
Жалпы сипаттама (Сурет 1)
1 Ток сымын жинайтын түйме 2 Сору қуатын таңдау дөңгелегі (тек ерекше түрлері ғана) 3 Қосу/өшіру түймесі 4 Шаң дорбасы толды дегенді білдіретін көрсеткіш 5 Шлангіні қосатын аузы 6 Топсалы шланг 7 Қақпақты босату ілмегі 8 Электрқозғалтқыш қорғаушы фильтрін ұстағыш 9 Алуға болатын лента (тек ерекше түрлерінде ғана) 10 Қайта қолдануға болатын шаң дорбалары (тек ерекше түрлері ғана) 11 Шаң дорбасын ұстағыш 12 Шаң дорбасы 13 Артқы дөңгелектер 14 Эргономикалық PostureProtect сабы (тек кейбір түрлерінде ғана) 15 Құбырды босататын түйме 16 Құбырды босататын түйме 17 Қосымша бөлшектер ұстағышты босату ілмегі 18 Қосымша бөлшек ретінде берілген қыстырғыш 19 Бұрауыш жапқыш лента 20 Шланг 21 Құбылмалы шланг біріктіргіш 22 Эргономикалық ComfortControl сабы (тек ерекше түрлері ғана) 23 Инфрақызыл қашықтықтағы бақылау (тек ерекше түрлері ғана) 24 PostureProtect сабы жоқ жиналмалы түтік (тек кейбір түрлерінде ғана) 25 PostureProtect сабы бар жиналмалы түтік (тек кейбір түрлерінде ғана) 26 Үш белсенділікті қондырғы 27 Кілем/қатты еден бағдарламаларына ауыстыратын ықтырмалы қосу түймесі 28 Жиектердегі щетка 29 Уақытша қою/сақтап қою қалың жиегі
30 Кішкене қондырғы 31 Жарықшақты аспап кішкене қондырғы 32 Тазалағыш саптама 33 Топсалы бекітпесі бар үстіңгі тұтқа 34 Бу шығару торы 35 Уақытша қоюға арналған орын 36 Ток шанышқысы 37 НЕРА 13 жууға болатын фильтр 38 Сақтап қоятын сап 39 Шарнирмен байланыстырылған дөңгелек 40 Сақтап қою тесікшесі 41 Ерекше табан
Маңызды
Құралды қолданбас бұрын осы пайдаланушы нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз да, оны келешекте қарау үшін сақтап қойыңыз.
Қауіпті
- Суды немесе басқа сұйықтықты соруға болмайды. Жануы жеңіл заттарды соруға болмайды, ал күлді сору үшін, оның суығанын күтіңіз.
Ескерту
- Құралды қосар алдында, құралда көрсетілген вольтаж, жергілікті қамтамасыз етілетін вольтажбен сәйкес келетіндігін тексеріп алыңыз.
- Егер құралдың шанышқысы, сымы немесе құралдың өзге бөлшегіне зақым тиген болса, құралмен қолданбаңыз.
- Егер ток сымы зақымдалған болса, қауіпті жағдай туғызбас үшін, оны тек Philips немесе Philips әкімшілік берген қызмет орталығында немесе соған тәріздес деңгейі бар маман ғана ауыстыруы тиіс.
- Бұл құрылғы физикалық, сезімталдық немесе ақыл-ой қабілеттері төмен адамдардың (оның ішінде балалар), тәжірибесі және білімі жоқ адамдардың қолдануына арналмаған, олардың қауіпсіздігіне жауап беретін адам оларға жетекшілік етіп, құрылғыны қалай қолдану керектігін түсіндіруі тиіс.
- Балаларды бақылап, олардың құралмен ойнамауын қадағалаңыз.
- Шаң сорғыш қосулы кезінде, шлангіні, құбырды немесе басқа қосымша бөлшектерді көзіңізге, құлақтарыңызға бағыттамаңыз және оларды аузыңызға салмаңыз.
Абайлаңыз
- Сіз шаң сорғышты күлді, ұсақ құмды, әкті, цемент шаңын және осы тәріздес заттарды сору үшін қолданған кезде, шаңмен шаң дорба тесікшелері бітіп қалады. Осының нәтижесінде, шаң дорбасы толып кетті деген көрсеткіш шаң дорбасы толды деп ескертеді. Бір рет қана қолданылатын шаң дорбасын алмастырыңыз, ал қайта қолданылатын шаң дорбасын босатыңыз, тіпті ол әлі де болса толы емес болса да («Шаң дорбасын алмастыру/босату» тармағын қараңыз).
- Бұл құралды мотор қорғауыш фильтрсіз қолдануға болмайды. Бұл моторға зақым келтіріп, құралдың қызмет ететін өмірін қысқартуы мүмкін.
- Тек қосымша берілген Philips s-дорбаларын ™ синтетикалық шаң дорбаларын немесе қайта қолданылатын шаң дорбаларын ғана қолданыңыз (кей елдерде ғана).
- Шу деңгейі: Lc = 78 dB(A)
Philips компаниясы шығарған бұл құралы электромагниттік өрістерге (ЭМӨ) қатысты барлық стандарттарға сай келеді. Дұрыс әрі осы пайдаланушы нұсқаулығындағы нұсқауларға сәйкес қолданылса, қазіргі кезде белгілі ғылыми дәлелдерге негізделе отырып құралды қолдану қауіпсіз деуге болады.
Бірінші қолданудан бұрын
1 Құрылғы мен оның керек-жарақтарын қораптан шығарып алыңыз. 2 Кез келген стикерлер, қорғауыш фольганы немесе пластикті құрылғыдан алып тастаңыз.
Батареяларды орнату (тек ерекше түрлерінде ғана)

Қашықтықтан бақылау пультіне арналған батареялар құралмен қоса беріледі. Батареяларды құралды қолданбастан бұрын эргономикалық саптағы батареялар қойылатын орынға салыңыз. Батареялар кем дегенде 2 жылға жарамды.
1 Бұрауышты қолданып, батарея қойылатын орын қақпағының бұрандаларын босатыңыз (1), содан кейін батарея қойылатын орынның қақпағын алып тастаңыз (2).

2 Саптың ішіндегі батареялар қойылатын орынға екі AAA 1,5 вольттық сілтілік батареялар салыңыз.
Ескертпе: Батареялардың + және – жақтары керекті бағытта екеніне көзіңізді жеткізіңіз.

3 Батарея орнының қақпағын қайтадан орнына қойыңыз (1), содан соң бұрауыштарын бұрап қатайтыңыз (2).
Қолдануға дайындау
Эргономика кеңесі

ComfortControl сабы (тек кейбір түрлерінде ғана)
- Ерекше ComfortControl сабы шаңсорғышты қолданғанда қолайлы болу үшін эргономикалық жобамен жасалған.
- Осы саптың көмегімен жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін бос қолыңызбен түтіктен ұстамаңыз. Түтіктен ұстасаңыз, еңкейіп жүргендіктен, беліңізді ауыртып алуыңыз мүмкін.

PostureProtect сабы (тек кейбір түрлерінде ғана)
- Ерекше PostureProtect (ТұлғаҚорғаныс) сабы сізге құбырдың төменгі жағына қолыңызды қоймас үшін, 2 сапты етіліп, арнайы эргономикалы етіліп жобаланған. Біз сізге ТұлғаҚорғаныс сабын қолданып, өзіңіздің арқаңызды иіп ақ қойыңыз деп кеңес береміз, дегенмен, егер сіз оны қолдану үшін ыңғайсыз деп тапсаңыз, сіз оны алып тастай аласыз. Бұл жағдайда, «Келел мәселені шешу» тармағындағы ТұлғаҚорғаныс сабын алып тастау» бөлігін қараңыз. - Бос қолыңызбен түтіктен ұстамаңыз. Түтіктен ұстасаңыз, еңкейіп жүргендіктен, беліңізді ауыртып алуыңыз мүмкін. - Біздің эргономист кеңесшілеріміздің айтуынша, сізге құбыр биіктігін оның қолсабын сіздің жамбасыңыздың деңгейіне келтіріп сәйкестендіргеніңіз дұрыс.
Сапты жалғау

1 Сапты телескопты құбырға жалғаңыз («тық» ете түседі).

2 Сапты құбырдан ажырату үшін сапты бір қолыңызбен ұстаңыз. Екінші қолыңызбен телескопты құбырды ұстап тұрып, құбырды босату түймесін (1) басыңыз да, құбырды саптан (2) шығарып алыңыз.
Ескертпе: Бұл шаңсорғыш сабының ұшында қуыстар бар. Осы қуыстар шаңсорғышты түтіксіз немесе қосымша бөлшексіз пайдаланғанда заттардың тұрып қалуын және зақымдануын болдырмайды.
Шланг

1 Шлангты қондыру үшін, оны құралға қатты итеріңіз («сырт»).

2 Шлангты ажырату үшін, түймелерді басыңыз (1), содан соң шлангты құралдан суырып алыңыз (2).
Телескоптық (бақылауға болатын) құбыр

1 Құбырдың ұзындығын иілмелі шланг жалғауы жамылғыңыздың деңгейінде болатындай етіп реттеңіз.

2 Түтікті стандартты сап жамбас деңгейінде болатындай етіп ұстаңыз.

3 Құбырды саптамаға байланыстыру үшін, құбырдағы серіппелі бекіту түймесін басып, құбырды саптамаға енгізіңіз. Серіппелі бекіту түймесін саптамадағы тесікшеге келтіріп, енгізіңіз («сырт» ете түседі).
- Саптаманы түтіктен ажырату үшін серіппелі бекіту түймесін басып, оны түтіктен суырып алыңыз.
Қосымша бөлшек ретінде берілген қыстырғыш (тек ерекше түрлері ғана)

1 Қосымша бөлшектер ұстағышын сапқа сырғытып енгізіңіз («тық» ете түседі).

2 Қосымша бөлшектер ұстағышын қолсабынан ажырату үшін, босату иінін біріктіріп қысыңыз (1), содан соң қосымша бөлшектер ұстағышын қолсабынан сырғытып суырып алыңыз (2).
Жарықшақты аспап және кішкене қондырғы.

1 Саңылауды тазалау құралын (1) немесе қылшықты үшпен не онсыз (3) кішкене саптаманы (2) түтікке, не болмаса, тікелей сапқа жалғаңыз.

Қосымша щетка (тек ерекше түрлерінде ғана)

1 Қылшақты қосымша бөлшекті жинақтау үшін, оны кішкене саптаманың астына сырғытып енгізіңіз («сырт» ете түседі).

2 Қылшақты қосымша бөлшекті ажырату үшін, оны кішкене саптаманың астынан сырғытып суырып алыңыз.
Үш белсенділікті қондырғы (тек ерекше түрлері ғана)

Үш белсенділікті қондырғы — кілем мен қатты едендерге арналған көп мақсатты қондырғы.
- Жанындағы щетка қосымша шаң мен кірді жинауға көмек көрсете отырып, жиһаздар мен басқа тосқауылдар арасын жақсырақ тазалауға мүмкіндік береді.

- Қондырғының алдындағы ашық саңлау ірі қоқыстарды жинауға мүмкіндік береді.

1 Қатты едендерді тазалау үшін қатты едендер бағдарламасын таңдаңыз (мәселен, черепица, паркет, ламинат және линолеум төселген едендер): саптама үстіндегі тербелме қосқышын табаныңызбен басып, қылшықты лентаны орнынан шығарыңыз. Сол мезетте, дөңгелектері көтеріледі, демек, сырып кетуден сақ етіп және маневр жасауға ыңғайлы болады.

2 Кілемдерді тазалау үшін кілем бағдарламасын таңдаңыз: саптама үстіндегі тербелме қосқышын табаныңызбен тағы басып, қылшықты лентаны орнына кіргізіңіз. Дөңгелектері автоматты түрде төмендетіледі.
Басқару пультімен жұмыс істеу (тек ерекше түрлері ғана)

- Басқару тетігінде үш түйме бар, солардың көмегімен шаңсорғышты басқаруға болады. «+» және «-» түймелері арқылы шаңды сору қуаты реттеледі, ал күту режимінің түймесін басу арқылы құрылғы күту режиміне ауыстырылады.
Ескертпе: Құрылғы қосу/өшіру түймешігі арқылы қосылғаннан кейін ғана басқару функциялары жұмыс істейді.
Ескертпе: Түймелерді басқанда «инфрақызыл белсенділік жарығы» жанбаса, батареяларды ауыстырыңыз. Батареяларды ауыстыру үшін «Алмастыру» тарауын қараңыз.
Құрылғыны қолдану

1 Ток сымын құралдан тартып шығарып, шанышқысын қабырғадағы розеткаға кіргізіңіз. 2 Құрылғыны қосу үшін оның бетіндегі қосу/өшіру түймесін басыңыз.
Кеңес: Еңкеймес үшін қосу/өшіру түймесін аяғыңызбен басыңыз.
3 Құрылғыны ажырату үшін оның бетіндегі қосу/өшіру түймесін басыңыз.
Сору қуатын бейімдеу

Құрылғыда (тек ерекше түрлерінде ғана)
1. Шаң сору барысында құрылғының төбесіндегі дөңгелектің көмегімен сору қуатын реттей аласыз.
- Өте кір кілемдер мен қатты едендерді шаңсорғышпен тазалау үшін ең жоғарғы сору қуатын қолданыңыз.
- Перделер, дастархан және т.б. үшін ең төменгі сору қуат деңгейін таңдаңыз.
Бақылау пультінде (тек ерекше түрлерінде ғана)

1. Шаң сору барысында сору қуатының деңгейін бақылау пультіндегі «—» және «+» түймелері арқылы реттей аласыз.
- Өте кір кілемдер мен қатты едендерді тазалау үшін максималды сору қуатын таңдаңыз.

- Перделер, дастархан және т.б. үшін ең төменгі сору қуат деңгейін таңдаңыз.
1. Аз уақытқа шаңсорғышты тоқтата тұру үшін басқару тетігіндегі күту режимінің түймесін басыңыз (тек кейбір түрлерінде ғана). Егер құрылғыда басқару тетігі болмаса, құрылғыны өшіру үшін қосу/өшіру түймешігін басыңыз.

2. Құбырды ыңғайлы ұстанымда тұрғызып қою үшін, саптамадағы ілмекті тұрғызып қоятын тесікке іліңіз. 3. Телескопты құбырды тұрақты етіп тұрғызу үшін құбырды ең қысқа ұзындығына реттеңіз. 4. Шаң соруды жалғастыру үшін жай ғана басқару тетігіндегі күту режимінің түймесін тағы бір рет басыңыз (тек кейбір түрлерінде ғана).
Егер құрылғыда басқару тетігі болмаса, құрылғыны өшіру үшін қосу/өшіру түймешігін басыңыз.
Сақтау

1. Құралды сөндіріп, оны токтан суырыңыз. 2. Тоқ сымын жинап қою үшін, тоқ сымын жинау түймесін басыңыз.

3. Құралды тігінен қойыңыз. Құралға саптамасын орнату үшін, саптама ілмегін сақтап қоятын қармаққа енгізіңіз.
- Телескопты құбырды тұрақты етіп тұрғызу үшін құбырды ең қысқа ұзындығына реттеңіз.
4 Тек ерекше түрлерінде ғана: Шаң сорғышты жинап қойғанда әрдайым үш деңгейде белсенді қондырғыны кілем бағдарламасына қойыңыз. Сондай-ақ, щетка таспаларын қайырылып кетуден сақтаңыз.
Шаң дорбасын босату/алмастыру
Бір рет қолданылатын шаң дорбасын тастар алдында немесе қайта қолданатын шаң дорбасын алмастырар алдында құралды сөндіріңіз.
Бір рет қолданылатын шаң дорбасын алмастыру

- Шаң жинағыш дорбаны дорба толық деген көрсеткіш түсі тұрақты болып өзгергенде алмастыру керек, мәселен, қондырғы еденге тигізілмеген кезде де.

1 Оны ашу үшін, жапқышын жоғары қарай тартыңыз.

2 Шаң жинағыш дорбаны ұстағышынан жоғары қарай тартып шығарып алыңыз.
Шаң сорғыш дорбаны құралдан алып жатқанда оны тік ұстағаныңыз жөн.

3 Ұстағыштан толған шаң дорбасын алу үшін, картон биркасынан тартыңыз.
Сіз осылай жасағанда, дорба автоматты түрде жабылады.

4 Жаңа шаң жинағыш дорбаның алдындағы картонын дорба ұстағыштағы екі кершікке барынша терең етіп кіргізіңіз.

5 Шаң дорбасы ұстағышын қайтадан шаң сорғышқа салыңыз.
Ескертпе: Егер шаң дорбасы салынбаған болса, сіз жапқышын жаба алмайсыз.
6 Қақпақты төмен қарай бұрып, оны жабыңыз.
Қайта қолданылатын шаң дорбасын босату (тек кей елдерде ғана).
Кей елдерде, шаңсорғышпен қоса қайта қолданылатын шаң дорбалары да беріледі, оларды босатып, қайта қолдануға болады. Қайта қолдануға болатын шаң дорбаларын бір рет қана қолдануға болатын шаң дорбаларының орнына қолдануға болады.
Қайта қолдануға болатын шаң дорбаларын босату үшін, тек қана «Бір рет қолдануға болатын шаң дорбаларын алмастыру» бөлігінде берілген нұсқауды орындаңыз.
Қайта қолданатын шаң жинағыш дорбаны босату:
1 Шаң дорбасының екі жағындағы сырғымасын сырғытыңыз.
2 Ішіндегі қоқысты қоқыс шелегіне сілкіп түсіріңіз.
3 Шаң дорбасын жабу үшін, сырғыманы шаң дорбасының астыңғы жиегіне дейін қайтадан сырғытыңыз.
Фильтрлерді тазалау және күту
Фильтрлерді тазалар немесе алмастырар алдында құралды міндетті түрде токтан суырыңыз.
Моторды қорғауға арналған тұрақты фильтр
Қайта қолдануға болатын шаң дорбасын босатқан кезде немесе бір рет қолданылатын шаң дорбасын ауыстырған кезде әрдайым моторды қорғауға арналған тұрақты фильтрді тазалап отырыңыз.
1 Шаң жинағыш дорба ұстағышын дорбамен бірге суырып алыңыз.

2 Босату үшін моторды қорғайтын фильтр ұстағышының жоғарғы жағындағы құлақшаны төмен қарай басыңыз (1). Фильтр ұстағышын шаң дорбасы орналасқан жерден шығарып алыңыз (2). 3 Фильтрді тазалау үшін, оны қоқыс шелегі үстінен сілкіңіз. 4 Таза фильтрді фильтр қорабына қайтадан салыңыз. 5 Фильтр қорабының екі шошағын түптегі төмпешіктің артына сыйдырыңыз, сол кезде қорап үстіңгі жақта дұрыс сияды (1). Содан кейін, фильтр қорабын орнына салыңыз («тық» ете түседі) (2). 6 Шаң дорбасы бар шаң дорба ұстағышын қайтадан құрылғыға салып, қақпақты жабыңыз.
НЕРА 13 жууға болатын фильтр
НЕРА 13 жуылатын фильтр ауа шығатын жерден 0.0003 мм мөлшерлі бөлшектердің 99,95% ұстап қалады. Ол тек қана үй ішіндегі қоқыс бөлшектерін ғана емес, сонымен қатар дем алу аллергияларының себебі болып келетін шаң кенелері мен олардың нәжістері тәрізді зиянды микроскопты паразиттерді ұстап қалады.
Ескертпе: Шаңсорғышыңыз тиімді түрде шаң жинап, жоғарғы сапалы қызмет көрсетуіне кепілдік алу үшін, НЕРА фильтрін тек түп нұсқалы Philips фильтрінің ұрыс түрімен ғана алмастырыңыз («Қосымша бөлшектерге тапсырыс беру» тармағын қараңыз).
Жуылатын НЕРА 13 фильтрін 6 айда бір рет тазалап тұрыңыз. Жуылатын НЕРА 13 фильтрін ең көп дегенде 4 рет тазалауыңызға болады. Фильтрді 4 рет тазалағаннан кейін, оны алмастырыңыз.

Ескертпе: НЕРА 13 фильтрін кір жуатын машинаға салмаңыз, оның орнына төмендегі іс ретін орындаңыз.
1. Фильтр қақпағын ашып, оны алып тастау үшін НЕРА фильтрінің босату құлақшасынан ұстаңыз.

2. Жууға болатын НЕРА 13 фильтрін алыңыз.
3. HEPA 13 фильтрінің бүктелмелі жағын жәймен ағып тұрған ыстық ағын су астында шәйіңіз.

- Фильтрді бүктелген жағын жоғары қаратып ұстап, суды бүктелмесіне параллельді етіп ағызыңыз. Фильтрдің ішінде жиналып қалған кірді су ағызып жіберетіндей бұрышпен ұстаңыз.

- Фильтрді 180° бұрап, суды керісінше ағызып жіберіңіз. - Осы әрекетті фильтр толығымен таза болғанша қайталай беріңіз.

Жууға болатын фильтрді қылшақпен тазалауға болмайды.
Ескертпе: Тазалау әрекеті фильтрдің түп нұсқалы түсін жоймайды, алайда ол оның фильтрлеу қуатын жаяды.
4. Абайлап фильтр бетіндегі суды сілкіп жіберіңіз. Фильтрді қайтадан шаңсорғышқа салмас бұрын, кем дегенде 2 сағат кептіріп алыңыз.

5. Құрғақ фильтр ұстағышын қайтадан құралға салыңыз.
6. Фильтр қақпағының төбесін қайтадан салып (1), оны жабыңыз («сырт» ете түседі) (2).
Құрал саймандарға тапсырыс беру
Осы құрылғы үшін шаң дорбаларын, фильтрлерді немесе басқа керек-жарақтарды сатып алу үшін www.philips.com торабына кіріңіз, дүниежүзілік кепілдік кітапшасын оқыңыз немесе еліңіздегі Philips Тұтынушылар Орталығына хабарласыңыз.
Шаң жинағыш дорбаларға тапсырыс беру
- Классикалық Philips s-дорба™ қағаз шаң жинағыш дорбалары FC8021 нөмірлі түрлеріне қамтамасыз етіледі.
- Клиникалық Philips s-дорба™ жоғары фильтрациялы шаң жинағыш дорбалары FC8022 нөмірлі түрлерінде ғана болады.
- Philips жағымсыз иіске қарсы s-дорба™ қағаз шаң жинағыш дорбалары FC8023 нөмірлі түрлеріне қамтамасыз етіледі.
- Қайта қолдануға болатын шаң дорбаларын (тек кейбір елдерде) 4322 004 93290 код нөмірімен табуға болады.
Ескертпе: s-дорбалары туралы қосымша ақпарат алу үшін www.s-bag.com торабына кіріңіз.
- HEPA 13 жуылатын сүзгілерін 4322 004 93350 кодтық нөмірімен табуға болады.
Қоршаған орта

- Құрылғыны өз қызметін көрсетіп тозғаннан кейін, күнделікті үй қоқысымен бірге тастауға болмайды. Оның орнына бұл құрылғыны арнайы жинап алатын жерге қайта өңдеу мақсатына өткізіңіз. Сонда сіз қоршаған ортаны қорғауға себіңізді тигізесіз.

Тек кейбір түрлерінде ғана
- Батарея құрамында қоршаған айналаға тигізер зиянды заттар бар. Бос батареяны күнделікті үй қоқысымен бірге тастауға болмайды. Батареяны арнайы батареялар жинайтын орынға өткізіңіз.
Алмастыру
Баскару пультінің батареялары (тек ерекше түрлері ғана).

1 Түймелерді басқанда «инфрақызыл белсенділік жарығы» жанбаса, батареяларды ауыстырыңыз. 2 Бұрауышты қолданып, батарея орнының қақпағының бұрауыштарын босатыңыз (1) содан соң, батарея орнының қақпағын алыңыз (2).

3 Батарея ұстағыш орнына екі AAA 1.5-вольтті сілті батареяларын салыңыз.
Ескертпе: Батареялардың + және – жақтары керекті бағытта екендігіне көзіңізді жеткізіңіз.

4 Батарея орнының қақпағын қайтадан орнына қойыңыз (1), содан соң бұрауыштарды бұрап қатайтыңыз (2).
Кепілдік және қызмет көрсету
Егер сізге көмек, ақпарат алу керек болса немесе сізде шешілмеген мәселе болса, Philips компаниясының интернет бетіндегі www.philips.com веб-сайтына кіріңіз, не болмаса өз еліңіздегі Philips тұтынушылар орталығына телефон шалсаңыз болады (ол нөмірді сіз дүние жүзі бойынша берілетін кепілдік кітапшасынан табасыз). Сіздің елде тұтынушылар орталығы жоқ болған жағдайда жергілікті Philips дилеріне хабарласыңыз.
Ақаулықтарды шешу
Бұл тарауда құрылғыда пайда болуы мүмкін ең көп кездесетін ақаулықтар жинақталған. Егер төменде берілген ақпараттың көмегімен ақаулықты шеше алмасаңыз, еліңіздегі Тұтынушы орталығына хабарласыңыз.
| Сору куаты элсіз. Сіз тым төмен сору куаты бағдарламасын тандаған боларсыз. | Жоғарырақ сору куат бағдарламасын тандаңыз. |
| Моторды қорғайтын фильтр лас. | Моторды қорғайтын фильтрді тазалау |
| НЕРА 13 фильтрі лас. НЕРА 13 фильтрін тазалаңыз немесе оны алмастырыңыз. | |
| Шланг, саптама, немесе кұбыр бітіп қалған болар. | Тұрып қалған заттарды алып тастау үшін бітеліп қалған бөлікті ажыратып, оны екінші жағымен керісінше (мүмкіндігінше такап) қосыңыз. Шансорғышты қосып, тұрып қалған затты кері бағытта үрлеу арқылы шығарып аласыз. |
| Инфрақызыл жүйелі басқару пульті (Тек ерекше түрлері ғана) жұмыс жасамайды. | Сіз батареяларды дұрыстап салмаған боларсыз немесе батареялар таусылған болар. Батареяларды дұрыстап салыңыз, немесе оларды алмастырыңыз («Алмастыру» тармағын қараңыз). |
Тұлғаны сақтайтын қолсапты алу (тек ерекше түрлері ғана)
Егер сізге PostureProtect (ТұлғаҚорғаныс) қолсабы қолдануға ыңғайсыз болса, сіз оны алып тастай аласыз.

1 PostureProtect (ТұлғаҚорғаныс) қолсабындағы бұрауыштарды жабатын лентаны алыңыз.

2 PostureProtect сабындағы бұрандаларды бұрауышпен босатыңыз. 3 PostureProtect (ТұлғаҚорғаныс) қолсабын құбырдан суырыңыз.