GNA 3 5 Professional - Бұранда BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз GNA 3 5 Professional BOSCH PDF форматында.

BOSCH GNA 3 5 Professional - Бұранда
📄 145 бет Қазақша KK Жүктеу 💬 ЖИ сұрағы 10 сұрақтар ⚙️ Сипаттамалар
Notice BOSCH GNA 3 5 Professional - page 89
Pick your language and provide your email: we'll send you a specifically translated version.
МаркаBosch
МоделіGNA 3.5 Professional
Өнім түріКескіш (nibbler)
Негізгі қолданылуыМеталл қаңылтырлар мен пластиналарды кесу
Қоректену220-240 В, 50-60 Гц (желі)
Тұтынылатын қуат550 Вт
Максималды кесу қабілеті (болат)3.5 мм
Пышақтың жүрісі5 мм
Бос жүріс жылдамдығы2000-2200 мин⁻¹
Салмағы1.5 кг
Өлшемдері (Ұ x Е x Б)300 x 80 x 150 мм
Кабель ұзындығы2.5 м
Қорғау класыII (қос оқшаулау)
Акустикалық қысым деңгейі85 дБ(A)
Акустикалық қуат деңгейі96 дБ(A)
Діріл (қол-иық)7.5 м/с²
Негізгі функцияларДәл кесу, деформациясыз, оңай бағыттау, фрезаны жылдам ауыстыру
Күтім және тазалауЖелдету саңылауларын үнемі тазалау, кесу басын майлау
ҚауіпсіздікҚолғап пен қорғаныс көзілдірігін кию, қызмет көрсетер алдында ажырату
Қосалқы бөлшектер және жөндеу мүмкіндігіАуыстырылатын фреза (3.5 мм), фреза ұстағышы, Bosch қызметінен қолжетімді
Қаптаманың мазмұныМашина, кесу фрезасы, алтыбұрышты кілт, пайдалану нұсқаулығы

Жиі қойылатын сұрақтар - GNA 3 5 Professional BOSCH

Bosch GNA 3.5 Professional кесу фрезасын қалай ауыстыруға болады?
Машинаны ажыратыңыз. Жеткізілген алтыбұрышты кілтті пайдаланып, фрезаны бекітетін бұранданы бұрап алыңыз. Ескі фрезаны алып, жаңасын салыңыз, содан кейін бұранданы қатайтыңыз. Ұсынылған бұрау моменті үшін нұсқаулықты қараңыз.
GNA 3.5 қандай қаңылтыр қалыңдығын кесе алады?
GNA 3.5 қалыңдығы 3.5 мм-ге дейінгі болат қаңылтырларды және алюминийде 4 мм-ге дейінгі қалыңырақ қаңылтырларды кесе алады. Оңтайлы нәтиже үшін материалға сәйкес фрезаны қолданыңыз.
Бұл кескішпен қисық пішіндерді кесуге бола ма?
Иә, GNA 3.5 радиусы шамамен 50 мм болатын қисық сызықтарды кесуге мүмкіндік береді. Тығызырақ қисықтар үшін жіңішке фрезаны пайдаланып, баяу жылжытыңыз.
Ұсынылатын кесу жылдамдығы қандай?
Бос жүріс жылдамдығы шамамен 2000-2200 мин⁻¹. Болат үшін орташа жылдамдықты қолданыңыз. Алюминий үшін жоғары жылдамдық мүмкін. Қызып кетуді болдырмау үшін беруді реттеңіз.
GNA 3.5 бағыттағышын қалай күту керек?
Бағыттағышты құрғақ шүберекпен үнемі тазалаңыз. Айына бір рет немесе 20 сағат пайдаланудан кейін электр құралына арналған арнайы майдың жұқа қабатын жағыңыз.
Машина қызып кетті, не істеу керек?
Желдету саңылауларының бітеліп қалмағанын тексеріңіз. Машинаны 15 минут салқындатыңыз. Мәселе сақталса, щеткалардың жағдайын тексеріңіз (тозған болса ауыстырыңыз) немесе Bosch қызметіне хабарласыңыз.
Тот баспайтын болат үшін қандай фреза түрін қолдану керек?
Тот баспайтын болатқа арналған карбидті фрезаны қолданыңыз. Стандартты фрезалар тез тозады. Сәйкес анықтама үшін Bosch каталогын қараңыз (мысалы, 2 608 630 011).
GNA 3.5-ті ағашта қолдануға бола ма?
Жоқ, бұл машина тек металға арналған. Ағаш үшін сәйкес лобзик немесе дөңгелек араны қолданыңыз.
Толық пайдалану нұсқаулығын қайдан табуға болады?
Нұсқаулықты notice-facile.com сайтынан тегін жүктеп алуға болады. Bosch тұтынушылар қызметінен қағаз нұсқасын да сұрай аласыз.
Қозғалтқыш щеткаларын қалай ауыстыруға болады?
Машинаны ажыратыңыз. Бүйір қақпақтарды бұрауышпен алыңыз. Ескі щеткаларды шығарып, жаңаларын бағытын сақтай отырып салыңыз. Қақпақтарды орнына қойыңыз. Алғашқы пайдалану 5 минуттық үйкелісті қажет етуі мүмкін.

Пайдаланушылардың сұрақтары туралы GNA 3 5 Professional BOSCH

0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.

Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою

Электрондық поштаңыз құпия сақталады: ол тек біреу сұрағыңызға жауап берсе, сізге хабарлау үшін қолданылады.

Әзірге сұрақтар жоқ. Бірінші болып сұраңыз.

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Бұранда PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз GNA 3 5 Professional - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. GNA 3 5 Professional брендінің BOSCH.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ GNA 3 5 Professional BOSCH

Еуразия экономикалық одағына (Кеден одағына) мүше мемлекеттер аумағында қолданылады

Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану құжаттарының құрамында пайдалану жөніндегі осы нұсқаулық, сонымен бірге қосымшалар да болуы мүмкін. Сәйкестікті растау жайлы ақпарат қосымшада бар. Өнімді өндірген мемлекет туралы ақпарат өнімнің корпусында және қосымшада көрсетілген. Өндірілген мерзімі Нұсқаулық мұқабасының соңғы бетінде көрсетілген. Импортерге қатысты байланыс ақпарат өнім қаптамасында көрсетілген.

Өнімді пайдалану мерзімі

Өнімнің қызмет ету мерзімі 7 жыл. Өндірілген мерзімнен бастап (өндіру күні зауыт тактайшасында жазылған) істетпей 5 жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз (сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды. Көрсетілген қызмет ету мерзімі тұтынушы аталмыш нұсқаулықтың талаптарын орындаған жағдайда ғана жарамды болады.

Істен шығу себептерінің тізімі

  • көп ұшқын шықса, пайдаланбаңыз
  • қатты діріл кезінде пайдаланбаңыз
  • ток сымы бұзылған немесе оқшаулаусыз болса, пайдаланбаңыз
  • өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз

Пайдаланушының мүмкін қателіктері

– тұтқасы мен корпусы бұзылған болса, өнімді пайдаланбаңыз - жауын-шашын кезінде сыртта пайдаланбаңыз - корпус ішіне су кірсе құрылғыны қосушы болмаңыз

Шекті күй белгілері

  • ток сымының тозуы немесе зақымдануы
  • өнім корпусының зақымдалуы

Қызмет көрсету түрі мен жиілігі

- Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.

Сақтау

  • құрғақ жерде сақтау керек – жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің әсерінен алыс сақтау керек – сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан қорғау керек
  • орамасыз сақтау мүмкін емес
  • сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін МЕМСТ 15150-69 (шарт 1) құжатын қараңыз

- +5-ден +40 °C-қа дейін температурасында қоймада өндірушінің қаптамасында сақтаңыз. Салыстырмалы ылғалдылық 80 %-дан аспауы тиіс.

Тасымалдау

  • тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады – босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды пайдалануға рұқсат берілмейді
  • тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ 15150-69 (5 шарт) құжатын оқыңыз
  • Қоршаған орта температурасы -50 °C-тан +50 °C-қа дейін тасымалдау рұқсат етілген. Салыстырмалы ылғалдылық 100 %-дан аспауы тиіс.

Қауіпсіздік нұсқаулары

Электр құралдары үшін жалпы қауіпсіздік нұсқаулары

ЕСКЕРТУ

Осы электр құралының жинағындағы ескертулерді,

нұсқауларды, суреттерді және сипаттамаларды оқыңыз. Барлық техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын орындамау токтың соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін.

Болашақ жұмыстар үшін қауіпсіздік нұсқаулықтары мен ескертпелерді сақтап қойыңыз.

Қауіпсіздік нұсқаулықтарында пайдаланылған электр құрал атауының желіден қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі бар) және аккумулятордан қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі жоқ) қатысы бар.

Жұмыс орнының қауіпсіздігі

Жұмыс орнын таза және жарық ұстаңыз. Ластанған және қараңғы жайларда сәтсіз оқиғалар болуы мүмкін. Электр құрылғысын жарылатын атмосферада пайдаланбаңыз, мысалы, жанатын сұйықтық, газ немесе шаң бар болғанда. Электр құралы ұшқындарды жасайды, ал олар шаң немесе буларды жандыруы мүмкін. Балалар мен бақылаушыларды электр құралынан алыс ұстаңыз. Алаңдаушылық бақылауды жоғалтуға алып келуі мүмкін. Жабдық тұрмыстық жағдайларда, коммерциялық аймақтарда және қоғамдық жерлерде, зиянды және қауіпті өндірістік факторлар жоқ кіші электр тұтынуы бар өндірістік аймақтарда жұмыс істеу үшін арналған.

Электр қауіпсіздігі

Электр айырлары розеткаға сай болуы тиіс. Айырды ешқашан ешқандай түрде өзгертпеңіз. Жерге қосылған электр құралдарымен адаптер айырларын пайдаланбаңыз. Өзгертілмеген айырлар мен сәйкес розеткалар электр тұйықталуының қауіпін төмендетеді.

▶ Құбырлар, радиаторлар, плиталар мен суытқыштар сияқты жерге қосылған беттерге тимеңіз. Денеңіз

90 | Қазақ

жерге қосылған болса жоғары ток соғу қауіпі пайда болады.

Электр құралдарды жаңбырда немесе ылғалды қоршауда пайдаланбаңыз. Электр құралына кірген су ток соғу қауіпін жоғарылатады. Кабельді тиісті болмаған ретте пайдаланбаңыз. Кабельді электр құралын тасу, көтеру немесе токтан шығару үшін пайдаланбаңыз. Кабельді ыстықтық, май, өткір қырлар және жылжымалы бөлшектерден алыс ұстаңыз. Зақымдалған немесе бытысып кеткен кабель ток соғу қауіпін жоғарылатады. Электр құралын сыртта пайдаланғанда сыртқы жайлар үшін сай кабельді пайдаланыңыз. Сыртта пайдалануға жарамды кабельді пайдалану ток соғу қауіпін төмендетеді. ▶ Егер электр құралын ылғалды жерде пайдалану керек болса, онда қорғайтын өшіру құрылғысы (RCD) арқылы қорғалған ток желісін пайдаланыңыз. RCD пайдалану ток соғу қауіпін төмендетеді.

Жеке қауіпсіздік

Электр құралын пайдалануда абай болыңыз, жұмысыңызды бақылаңыз және парасатты пайдаланыңыз. Электр құралын шаршаған кезде немесе есірткі, алкоголь немесе дәрі әсер еткен кезде пайдаланбаңыз. Электр құралын пайдалану кезінде аңсыздық ауыр жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін. Жеке қорғайтын жабдықтарды пайдаланыңыз. Әрдайым көз қорғанысын тағыңыз. Шаң маскасы, сырғанамайтын қауіпсіздік аяқ киімдері, шлем немесе есту қорғаныштары сияқты қорғағыш жабдықтарды тиісті жағдайларда қолданып, жеке жарақаттануларды кемітеді. Кездейсоқ іске қосылудың алдын алу. Тоқ көзіне және/немесе батареялар жинағына қосудан алдын, құралды көтеру немесе тасудан алдын өшіргіш өшік күйде болуына көз жеткізіңіз. Электр құралын саусақты өшіргішке қойып тасу немесе қосқышы қосулы электр құралын тоққа қосу сәтсіз оқиғаға алып келуі мүмкін. Электр құралын қосудан алдын келген реттеу сынасын немесе кілтті алып қойыңыз. Электр құралының айналатын бөлігінде қалған кілт немесе сына жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін. Көп күш істетпеңіз. Әрдайым тиісті таяныш пен тең салмақтылықты сақтаңыз. Бұл күтілмеген жағдайларда электр құралдың бақылануын сақтайды. ▶ Тиісті киім киіңіз. Бос киім мен әшекейлерді кимеңіз. Шашыңыз бен киімдерді жылжымалы бөлшектерден алыс ұстаңыз. Бос киімдер, әшекейлер немесе ұзын шаш жылжымалы бөлшектер арқылы тартылуы мүмкін. ▶ Егер шаң шығарып жинау жабдықтарына қосу құрылғылары берілген болса, онда олар қосулы

болуына және тиісті ретте қолдануына көз жеткізіңіз. Шаң жинауды пайдалану шаңға байланысты зияндарды кемітеді.

Аспаптарды жиі пайдаланып жақсы білгеннен соң масайрап кетпей, қауіпсіздік принциптерін елемей отырмаңыз. Абайсыз әрекет секунд ішінде ауыр жарақаттануға алып келуі мүмкін. НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Энергиямен жабдықтаудың толықтай не жекелей тоқтатылуы немесе энергиямен жабдықтауды басқару тізбегінің ақаулануы салдарынан электр құралының жұмысында кідіріс пайда болған жағдайда, бұғатталмағандығына көз жеткізіп (болған жағдайда) барып, ажыратқышты Выкл. (Өшіру) қалпына келтіріңіз. Желілік ашаны розеткадан шығарыңыз немесе алып – салмалы аккумуляторды ажыратыңыз. Осы әрекет арқылы бақыланбайтын қайта іске қосылудың алдын аласыз. Аталмыш пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес білікті қызметкерлер құрамына электр құралын реттеу, монтаждау, қолданысқа енгізу және оған қызмет көрсету әрекеттерімен таныс тұлғалар жатады. Электр құралымен жұмыс істеуге 18 жасқа толған, техникалық сипаттаманы, пайдалану жөніндегі нұсқаулықты және қауіпсіздік ережелерін оқып шыққан тұлғаларға рұқсат етіледі. Дене, сезім немесе ақыл-ой қабілеттері шектеулі немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдар олардың қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаның бақылауында болмаса немесе электр құралын пайдалану бойынша нұсқау алмаған болса, бұйымды пайдаланбауы тиіс.

Электр құралдарын пайдалану және күту

▶ Куралды аса көп жүктемеңіз. Жұмысыңыз үшін жарамды электр құралын пайдаланыңыз. Жарамды электр құралымен керекті жұмыс аймағында дұрыс әрі сенімді жұмыс істейсіз. Ажыратқышы дұрыс емес электр құралын пайдаланбаңыз. Қосуға немесе өшіруге болмайтын электр құралы қауіпті болып, оны жөндеу қажет болады. Жабдықтарды реттеу, бөлшектерін алмастыру немесе электр құралдарын қоймаға қою алдында, ашаны қуат көзінен ажыратыңыз және/немесе аккумуляторы алмалы-салмалы болса, оны электр құралынан алып тастаңыз. Бұл сақтық әрекеті электр құралдың байқаусыз қосылуына жол бермейді. ▶ Пайдаланылмайтын электр құралдарды балалар қолы жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған адамдарға бұл құралды пайдалануға жол бермеңіз. Тәжірибесіз адамдар қолында электр құралдары қауіпті болады. Электр құралдарын және керек-жарақтарын ұқыпты күтіңіз. Қозғалмалы бөлшектердің кедергісіз істеуіне және кептеліп қалмауына, бөлшектердің

ақаусыз немесе зақымдалмаған болуына, электр құралының зақымдалмағанына көз жеткізіңіз.

Зақымдалған бөлшектері бар құралды пайдаланудан алдын жөндеңіз. Электр құралдарының дұрыс күтілмеуі жазатайым оқиғаларға себеп болып жатады.

Кескіш аспаптарды өткір және таза күйде сақтаңыз. Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір кескіш аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай бағытталады. Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай пайдаланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз. Электр құралдарын арналмаған жұмыстарда пайдалану қауіпті. Қолтұтқалар мен қармау беттерін құрғақ, таза және май мен ластан таза ұстаңыз. Сырғанақ қолтұтқалар мен қармау беттері күтілмеген жағдайларда сенімді қолдану мен бақылауға жол бермейді.

Қызмет көрсету

Электр құралына маман жөндеуші тек бірдей қосалқы бөлшектермен қызмет көрсетуі керек. Бұл электр құралының қауіпсіздігін сақталуын қамтамасыз етеді.

Қашау қайшысы үшін қауіпсіздік нұсқаулары

Кесетін керек-жарақтан жасырын сымдар немесе өз сымына тиюі мүмкін әрекеттерді жасаған кезде электр құралын оқшауланған ұстау жайынан ұстаңыз. Егер кесуші аспап істеп тұрған сымға тисе, электр құралының метал бөлшектерін істетіп, пайдаланушыны ток соғуы мүмкін. Электр құралы тұрақты пайдалануға арналмаған. Оны, мысалы, қысқыш немесе верстакке бекіту мүмкін емес. Жұмыс істеген кезде қорғауыш қолғапты киіп, арнайы ретте желі кабеліне абай болыңыз. Кесілген табақта өткір қыр пайда болып, жарақаттануыңыз мүмкін немесе желі кабелін зақымдауыңыз мүмкін. Электр құралды пайдалануда оны екі қолмен берік ұстап, тұрақты қалыпта тұрыңыз. Электр құралы екі қолмен сенімді басқарылады.

Өнім және қуат сипаттамасы

BOSCH GNA 3 5 Professional - Өнім және қуат сипаттамасы - 1

Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді сақтамау токтың соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін.

Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін ескеріңіз.

Тағайындалу бойынша қолдану

Электр құралы табақ металды материал пішінін өзгертпей ажыратуға арналған және тік кесіктер, ойықтар және тар қисық кесіктер жасау үшін жарамды.

Көрсетілген құрамды бөлшектер

Көрсетілген құрамды бөлшектердің нөмірлері графикалық беттегі электр құралының көрсетіліміне қатысты болып келеді.

(1) Тұтқа ұстағышының бұрандасы (2) Тұтқа ұстағышы (3) Қосымша тұтқа (4) Алты қырлы дөңбек кілт (5) Ажыратқыш (6) Қосымша тұтқа ирек оймасы (7) Штемпельді бекітуге арналған бұранда (8) Қалып ұстағышына арналған саңылау (9) Қалып бұрандасы

(10) Штемпель

(11) Бағыттауыш пластина

(12) Қысқыш

(13) Қысқыш ұстағышы

(14) Қалып

(15) Қалып ұстағышы

(16) Штемпельді орналастыру құралы

(17) Тұтқа (беті оқшауланған)

Техникалық мәліметтер

Қашау қайшысы GNA 3,5
Өнім нөмірі0 601 533 1..
Номиналды тұтынылатын куатВт 620
Шығыс куат Вт 340
Бос жүріс саны n0 мин -1 1000
Жуктеме астындағы жүріс санымин -1 670
Максималды кесілетін табақ қалындығы 1 мм 3,5
Кесік ізінің ені мм 6
Қисық сызықтың ең кішкентай радиусымм 70
Салмағы 3 кг 3,5
Қорғаныс класы☐/II

A) 400 H/mm 2 шамасына дейінгі болат табақтарына қатысты

В) Желілік қуат сымынсыз және қуат ашасынсыз салмағы Мәліметтер [U] 230 В кесімді кернеуге арналған. Басқа кернеу және елде қабылданған заңдар бұл мәліметтерді өзгертуі мүмкін.

Мәндер өнімге байланысты өзгешеленуі мүмкін, сондай-ақ пайдалану және қоршаған орта шарттарына бағынуы мүмкін. Қосымша ақпаратты мына мекенжай бойынша қараңыз: www.bosch-professional.com/wac.

Шуыл және діріл туралы ақпарат

EN 62841-2-8 бойынша есептелген шуыл эмиссиясының көрсеткіштері.

Электр құралының амплитуда бойынша есептелген шуыл деңгейі әдетте келесідей болады: дыбыстық қысым деңгейі 88 дБ(А); дыбыстық қуат деңгейі 96 дБ(А). К дәлсіздігі = 3 дБ.

Құлақ қорғанысын тағыңыз!

Жалпы діріл мәндері an (үш бағыттың векторлық қосындысы) және К дәлсіздігі, EN 62841-2-8 бойынша есептелген:

a _ n = 7 M / c ^ 2, K = 1, 5 M / c ^ 2.

Осы нұсқауларда келтірілген діріл деңгейі және шуыл эмиссиясының көрсеткіші заңды өлшеу әдісі бойынша өлшенген және оларды электр құралдарын бір-бірімен салыстыру үшін пайдалануға болады. Олармен алдыңғы тербелу және шу шығаруды бағалауға болады.

Берілген тербелу деңгейі мен шуыл шығару мәні электр құралының негізгі жұмыстары үшін берілген. Егер электр құрал басқа жұмыстар үшін басқа алмалы-салмалы аспаптармен немесе жетімсіз күтумен пайдаланылса, дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәндері өзгереді. Бұл бүкіл жұмыс уақыты үшін тербелу және шуыл шығаруды қатты көтеруі мүмкін.

Дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәнін нақты есептеу үшін құрал өшірілген және қосылған болып пайдаланылмаған уақыттарды да ескеру қажет. Бұл дірілдеу деңгейі және жұмыс уақытындағы шуыл шығару мәнін төмендетеді.

Пайдаланушыны дірілдеу әсерінен сақтау үшін қосымша қауіпсіздік шараларын қолдану қажет, мысалы: электр құралды және алмалы-салмалы аспаптарды күту, қолдарды жылы ұстау, жұмыс әдістерін ұйымдастыру.

Жинау

Қосымша тұтқа

Қосымша тұтқаны (3) корпустың оң немесе сол жағына, ирек ойманың (6) ішіне бұрап кіргізіңіз.

Тұтқа ұстағышының (2) көмегімен қосымша тұтқаны қауіпсіз және шаршатпайтын жұмыс күйіне қол жеткізу үшін ұзартуға және кез келген күйге қайыруға болады. Қосымша тұтқа әлдеқашан орнатылған болса, оны ирек оймадан (6) бұрап шығарыңыз. Тұтқа ұстағышын (2) бұранданың (1) көмегімен қажетті бұрышта корпустың оң немесе сол жағындағы ирек оймаға бұрап бекітіңіз. Қосымша тұтқаны тұтқа ұстағышының тар ұшына сәйкесінше оңға немесе солға қарай бұрап бекітіңіз. Егер тұтқа ұстағышын корпустың сол жағына бекітсеңіз, ажыратқыштың (5) жабылмағанына көз жеткізіңіз.

Пайдалану

Пайдалануға ендіру

Желі куатына назар аударыңыз! Ток көзінің куаты электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы мәліметтеріне сай болуы қажет.

Қысқышты реттеу

Дірілсіз жұмыс істеу үшін қысқыш ұстағышы (12) үшін тиісті табақ қалыңдығын реттеу керек.

Электр құралын қалып (14) өңделетін табақтың астыңғы жағымен жанасатындай етіп ұстаңыз. Бұрандаларды (13) қысқыш ұстағышынан босатыңыз. Қысқыш ұстағышын (12) азғантай бос орынмен (шамамен 0,3 мм) табаққа жылжытыңыз. Қысқыш ұстағышының тік жылжытылғанына және қисаймағанына көз жеткізіңіз. Бұрандаларды (13) қайтадан бұрап бекітіңіз.

Қосу/өшіру

Электр құралын қосу үшін ажыратқышты (5) ауыстырып-қосқышта Ⅰ көрсетілетіндей алға жылжытыңыз.

Ажыратқышты (5) бұғаттау үшін ауыстырып-қосқыштың алдыңғы жағын қосымша басыңыз.

Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (5) жіберіңіз. Ажыратқыш бұғатталған кезде, ауыстырып-қосқыштың артқы жағын басып, содан кейін жіберіңіз.

Барлық жұмыстардан алдын электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз. Электр құралы тұрақты пайдалануға арналмаған. Оны, мысалы, қысқыш немесе верстакке бекіту мүмкін емес. Жұмыс істеген кезде қорғауыш қолғапты киіп, арнайы ретте желі кабеліне абай болыңыз. Кесілген табақта өткір қыр пайда болып, жарақаттануыңыз мүмкін немесе желі кабелін зақымдауыңыз мүмкін. ▶ Кесік жоңқасымен жұмыс істегенде сақ болыңыз. Жоңқаның қырлары өткір болып, сізге жарақат тигізуі мүмкін.

Электр құралын дайындамаға тек қосулы күйде апарыңыз. Электр құралын әрдайым табақ бетіне тігінен ұстаңыз, оны қисайтпаңыз.

Кесу штемпельді төмен қарай жылжыту арқылы орындалады. Электр құралын кесу бағытымен біркелкі және азғантай қысыммен жүргізіңіз. Тым қатты қысым алмалы-салмалы аспаптың қызмет ету мерзімін айтарлықтай қысқартады және электр құралын зақымдауы мүмкін.

Электр құралы кесу кезінде сәл көтерілсе, баяу жұмыс істейді. Штемпель кесу кезінде қысылып қалса, электр құралын өшіріп, штемпельді майлаңыз да, табақты босатыңыз. Күш салмаңыз, әйтпесе штемпель мен қалып зақымдалады.

Кесілетін табақтың максималды қалыңдығы

Кесілетін табақтың максимальды қалыңдығы d max өңделетін материалдың беріктігіне байланысты болады.

Электр құралымен ең көбі мына қалыңдыққа ие табақтарды кесуге болады:

Материал макс. берiktiri (H/mm2) dmax (мм)
Болат 4003,5
6002,4
8001,6
Алюминий 2004,0

Штемпельдің (10) қызмет ету мерзімін ұзарту үшін жақсы салқындататын майлағыш құралды (мысалы, кескіш құралға арналған майды) пайдалану керек.

Табақтың жоғарғы жағына жоспарланған кесік сызығының бойымен майлағыш құралды жағыңыз.

Ұзақ жұмыстар немесе қатты тозуға әкелетін жұмыстарда (мысалы, алюминийді кескенде) алмалы-салмалы аспапты жүйелі түрде майлағыш құрал контейнеріне батыру керек.

Кертілген таңба немесе үлгі бойынша кесу

Қысқыш ұстағышының (12) шығыңқы жерін кертілген таңба бойынша кесу кезінде кесік белгісі ретінде пайдалануға болады.

Электр құралы сызғыш бойынша бағыттау кезінде тік кесіктер оңай орындалады.

Электр құралын үлгі бойымен бағыттау арқылы контурларды кесуге болады.

Ішкі кесіктер жасау үшін 41 мм диаметріндегі саңылауды алдын ала бұрғылау қажет.

Техникалық күтім және қызмет

Қызмет көрсету және тазалау

▶ Барлық жұмыстардан алдын электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз.

Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.

Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса, қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермеу үшін осы жұмыс тек Bosch компаниясы немесе Bosch электр құралдары бойынша өкілетті қызмет көрсету орталықтарында жүргізілуі тиіс.

Штемпельді (10), қалыпты (14) және бағыттауыш пластинаны (11) әр 3 жұмыс сағаты сайын тазалап майлаңыз.

Штемпель, қалып пен бағыттауыш пластинаны тозған жағдайда дер кезінде алмастырыңыз, себебі тек өткір құралдар жақсы кесу өнімділігіне қол жеткізіп, электр құралын сақтайды.

Өнімдерді олардың сақтығын қамтамасыз ететін, өнімдерге атмосфералық жауын-шашынның тиюіне және асқын температура кездерінің (температураның шұғыл өзгерісінің), соның ішінде күн сәулелерінің әсер етуіне жол бермейтін дүкендерде, бөлімдерде (секцияларда), павильондар мен киоскілерде сатуға болады.

Сатушы (өндіруші) сатып алушыға өнімдер туралы қажетті және шынайы ақпаратты беріп, өнімдерді тиісінше таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті. Өнімдер туралы ақпарат міндетті түрде тізімі Ресей Федерациясының заңнамасымен белгіленген мәліметтерді қамтуы тиіс.

Егер тұтынушы сатып алатын өнімдер әлдеқашан пайдаланылған немесе өнімдерде ақаулық (ақаулықтар) жойылған болса, тұтынушыға бұл туралы ақпарат берілуі тиіс.

Өнімдерді сату процесінің аясында төмендегі қауіпсіздік талаптары орындалуы тиіс:

  • Сатушы сатып алушыға ұйымының фирмалық атауы, орналасқан жері (мекенжайы) және жұмыс режимі туралы мәліметтер беруге міндетті; – Сауда бөлмелеріндегі өнімдердің сынамалары сатып алушыға бұйымдардағы жазбалармен танысуға мүмкіндік беруі және визуалды тексерістен басқа бұйымдардың іске қосылуына әкелетін, сатып алушылар өз бетінше орындайтын ешқандай әрекеттерге жол бермеуі тиіс; – Сатушы осы бұйымдардың белгіленген талаптарға сәйкестігінің растамасы, сертификаттардың немесе сәйкестік жөніндегі мәлімдемелердің бар болуы туралы ақпаратты сатып алушыға беруге міндетті; – Идентификациялық сипаттары жоқ (жоғалған), жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, бұзылу белгілері бар және пайдалану бойынша нұсқаулығы (кітапшасы), міндетті сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік белгісі жоқ өнімдерді сатуға тыйым салынады.

Қалыпты алмастыру

Бұрандалардың (9) екеуін де босатып шығарыңыз. Жаңа қалыпты (14) салып, бұрандалармен берік бұрап бекітіңіз.

Тозған қалыпты қосымша өткірлеуге болмайды.

Бағыттауыш пластинаны алмастыру

Бағыттауыш пластина (11) қалып ұстағышын (15) қорғауға арналған.

Бағыттауыш пластинаны (11) алмастыру үшін қалыпты (14) жоғарыда сипатталғандай шығарып алыңыз. Содан кейін қысқыш ұстағышындағы бұрандаларды (13) босатып шығарыңыз. Қысқыш ұстағышын (12) және бағыттауыш пластинаны алып тастаңыз.

Жаңа бағыттауыш пластинаны (11) орнатыңыз. Қалыпты (14) бұрандалардың (9) көмегімен және қалып ұстағышын (12) бұрандалардың (13) көмегімен бекітіңіз. Барлық бұрандаларды берік бұрап бекітіңіз.

Алты қырлы дөңбек кілті (4) штемпельді орналастыру құралының (16) бұранда бастиегіне енгізіңіз. Штемпельді орналастыру құралын штемпельді бекітуге арналған бұранда (7) қалып ұстағышындағы саңылаудың (8) дәл

94 | Казак

ортасында тұрғанша бұраңыз. Алты қырлы дөңгелек кілт штемпельді орналастыру құралынан шығарып алыңыз.

Қалыпты (14), сондай-ақ қысқыш ұстағышын (12) және бағыттауыш пластинаны (11) жоғарыда сипатталғандай шығарып алыңыз.

Штемпельді бекітуге арналған бұранданы (7) босатып, штемпельді (10) төмен қарай тартып шығарыңыз. Жаңа немесе қосымша өткірленген штемпельді жақсылап майлаңыз да, астыңғы жақтан енгізіңіз. Штемпельді бекітуге арналған бұранданы (7) қайтадан бұрап бекітіңіз.

Бағыттауыш пластинаны (11) және қысқыш ұстағышын (12), сондай-ақ қалыпты (14) жоғарыда сипатталғандай бекітіңіз.

Штемпельді қосымша өткірлеу

Дер кезінде қосымша өткірлеу (мысалы, алмасты ажыратқыш дискімен) көп жағдайда штемпельдің (10) сынып қалуына жол бермейді. Қатты зақымдалған штемпельдерді қосымша өткірлеуге болмайды.

Штемпельді екі көбі 1 мм шамасына қосымша өткірлеуге болады. Өткірлеу тек кесік аймағында және ортаңғы оське дәл 90° шамасына орындалуы қажет.

Штемпельдің кескіш қырларын шағын жануышпен сәл тазартыңыз.

Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану кеңестері

Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және орган техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас бөлшектер бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер туралы мәліметтер төмендегі мекенжай бойынша қолжетімді:

www.bosch-pt.com

Bosch қызметтік кеңес беру тобы біздің өнімдер және олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап береді.

Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру кезінде міндетті түрде өнімнің фирмалық тақтайшасындағы 10 таңбалы өнім нөмірін беріңіз.

Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету барлық мемлекеттер аумағында тек "Роберт Бош" фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.

Қазақстан

Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау орталығы:

"Роберт Бош" (Robert Bosch) ЖШС

Алматы қ.,

Қазақстан Республикасы

050012

Мұратбаев к., 180 үй

"Гермес" БО, 7 қабат

Тел.: +7 (727) 331 31 00

Факс: +7 (727) 233 07 87

E-Mail: ptka@bosch.com

Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау пункттерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті

ақпаратты Сіз: www.bosch-professional.kz ресми сайттан ала аласыз

Қызмет көрсету орталықтарының басқа да мекенжайларын мына жерден қараңыз:

Электр құралы кепілді пайдалану мерзімінің ішінде өндірушінің кесірінен істен шыққан жағдайда, өнім иесі төмендегі шарттар орындалғанда кепілдік бойынша тегін жөндеуге құқылы болады:

– механикалық зақымдардың жоқтығы;

– пайдалану бойынша нұсқаулық талаптарының бұзылу белгілерінің жоқтығы;

– пайдалану бойынша нұсқаулықта сатушының сату туралы белгісінің және сатып алушы қолтаңбасының бар болуы;

– электр құралы сериялық нөмірінің және кепілдік талонындағы сериялық нөмірдің сәйкестігі;

– біліксіз жөндеу белгілерінің жоқтығы.

Кепілдік төмендегі жағдайларда қолданылмайды:

– форс-мажор жағдайларына байланысты кез келген сынықтар;

– барлық электр құралдарындағыдай электр құралының қалыпты тозуы.

Жалғағыш контактілер, сымдар, қылшақтар және т.б. сияқты құрал бөліктерінің қызмет ету мерзімін қысқартатын қалыпты тозу нәтижесінде қажеттілігі туындаған жөндеу кепілдік аясына кірмейді:

– табиғи тозу (ресурстың толық пайдаланылуы);

– қате орнату, рұқсатсыз модификациялау, қате қолдану, қызмет көрсету немесе сақтау ережелерін бұзу нәтижесінде істен шыққан жабдық пен оның бөліктері;

– электр құралына артық жүктеме түскеннен орын алған ақаулар. (Құралға артық жүктеме түсудің шартсыз белгілеріне мыналар жатады: құбылу түсінің пайда болуы немесе электр құралы бөліктері мен түйіндерінің деформациясы немесе қорытылуы, жоғары температура әсерінен электр қозғалтқышындағы сымдар оқшаулағышының қараюы немесе көмірленуі.)

Кәдеге жарату

Электр құралдар, жабдықтар және бумаларын айналаны қорғайтын кәдеге жаратуға апару қажет.

BOSCH GNA 3 5 Professional - Кәдеге жарату - 1

Электр құралдарды үй қоңсына тастамаңыз!

Тек қана ЕО елдері үшін:

Әрі қарай пайдалануға жарамайтын электр құралдарын бөлек кәдеге жарату керек. Арнайы қоқыс жинау жүйелерін пайдаланыңыз.

Қате жолмен кәдеге жаратылған ескі электрлік және электрондық құрылғылар қауіпті заттардың болу мүмкіндігіне байланысты қоршаған ортаға және адам денсаулығына зиянды әсер тигізуі мүмкін.

Мазмұны Оған қол жеткізу үшін атауға басыңыз
Нұсқаулық көмекшісі
Anthropic қолдайды
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : BOSCH

Модель : GNA 3 5 Professional

Санат : Бұранда