GS2100BKV - темір GORENJE - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз GS2100BKV GORENJE PDF форматында.
| Өнім түрі | Булы үтік |
| Бренд | Gorenje |
| Модель | GS2100BKV |
| Номиналды қуат | 2100 Вт |
| Қоректену кернеуі | 220-240 В |
| Жиілік | 50/60 Гц |
| Автоматты тоқтату | Иә, 15 минут әрекетсіздіктен кейін |
| Бу ағыны функциясы | Иә, алдыңғы түймені басу арқылы |
| Тазалау функциясы | Иә, 5 сағат жұмыс істегеннен кейін (6 секунд бойы басу арқылы іске қосу) |
| Керек-жарақтар кіреді | Қосымша щетка |
| Ұсынылатын су түрі | Дистилденген су жақсырақ |
| Қауіпсіздік | Жерге тұйықтау, қызып кетуден қорғау |
| Сым түрі | Жерге тұйықтау айырымен, ұзындығы көрсетілмеген |
Жиі қойылатын сұрақтар - GS2100BKV GORENJE
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы GS2100BKV GORENJE
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз темір PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз GS2100BKV - GORENJE және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. GS2100BKV брендінің GORENJE.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ GS2100BKV GORENJE
Киімге арналған буландырғышты қолдану кезінде әрқашан негізгі сақтық шараларын ұстаныңыз, жекелегенде:
- Осы бұйымды қолдану алдында барлық нұсқаулықтарды оқып шығыңыз. - Бұйым ғимарат ішінде тұрмыстық қолдануға ғана арналған. Коммерциялық қолдану, мақсатына сай қолданбау немесе осы өнімді қолдану жөніндегі нұсқауларды орындамау жағдайларында өндіруші өнімге жауап бермейді және кепілдік қолданылмайды. - Аспапты кернеуі 220\~ 240 В құрайтын электр желісінің жерге тұйықталған розеткасына ғана қосыңыз. Сәйкес келмейтін кернеулі желіге қосу аспапты бүлдіруге және кепілдіктің күшін жоюға алып келуі мүмкін. Желілік ұзартқышты қолдану кезінде оның тиісті кернеуге (16 А) есептелгеніне, жерге тұйықталғанына және толығымен түзетілгеніне көз жеткізіңіз. - Корек шнурын розеткаға қоспас бұрын оны толықтай босатып алыңыз. - Аспапты тек мақсатына сай қолданыңыз. - Буға арналған саңылаудан шығатын ыстық сумен жанасу қауіпін азайту үшін аспапты денеден қашықта ұстау және бу беру батырмасын басу арқылы әр қолдану алдында тексеріп алыңыз. - Аспапты электр желісінен ажырату үшін шнурдан тартпаңыз; оның орнына аспапты өшіру үшін ашадан ұстап, өзіңізге қарай тартыңыз. - Шнурдың ыстық беттерге немесе қатты әрі өткір жиектерге тиіп тұрмауын қадағалаңыз. Аспапты сақтауға жібермес бұрын оны толықтай суытып алыңыз. Аспапты сақтауға жіберу кезінде шнурды аспаптың айналасына бос орап тастаңыз. - Сумен толтыру немесе тазалау үшін босату, керек-жарақтарын ағытып алу немесе орнату кезінде және аспап қолданылмаған кезде оны әрқашан электр желісінен ажыратыңыз. - Аспапты қолдану кезінде, әсіресе бу шығару кезінде сақ болыңыз. - Шнуры бүлінген аспапты, сонымен қатар құлаған немесе бүлінген аспапты қолданбаңыз. Электр тогынан зақым алудың алдын алу үшін аспапты бөлшектемеңіз және жөндеуге тырыспаңыз. Аспапты тексеру және жөндеу үшін жақын жердегі авторлық құқы бар сервис орталығына апарыңыз. Дұрыс құрастырмау немесе жөндемеу аспапты қолдану кезінде өртке, электр тоғынан зақым алуға немесе жарақат алуға алып келуі мүмкін. - Балалар тұрмыстық аспапты тек ересектердің қадағалауымен қолдана алады, аспапты балаларға тікелей жақын жерде қолданғанда сақ болыңыз. - Аспап желіге қосылып тұрған кезде немесе әлі де ыстық кезінде оны қараусыз қалдырмаңыз. - Ыстық металл немесе пластик бөлшектерге, ыстық суға немесе буға жанасу куюге алып келуі мүмкін. Буландырғышты босату кезінде сақ болыңыз. Резервуарда ыстық су болуы мүмкін.
- Узартқыш қолдану қажет болған кезде 16 А шнурды қолданған жөн. Токтың аздау күйіне есептелген шнур қызып кету салдарынан жану немесе электр тогынан зақым алу қауіпіне алып келуі мүмкін. Шнурдың тарту немесе сүрініп қалу мүмкін болмайтындай етіп орналасуын қадағалаңыз. • Электр тоғынан зақым алу қауіпінен қорғау үшін үтікті суға немесе басқа да сұйықтықтарға батырмаңыз. • Буды адамдарға, жануарларға немесе адам киіп тұрған киімге бағыттамаңыз. • Бұл аспап физикалық, сенсорлық немесе ақыл-ой қабілеттері шектелген, сонымен қатар білімі мен тәжірибесі жетіспейтін адамдардың (балаларды қоса) олардың қауіпсіздігіне жауап беретін адамдардың қарауында немесе басшылығында болмаса, қолдануға арналмаған. Балаларға аспаппен ойнауға рұқсат етпеңіз. • Өндіруші зауыт жеткізетіннен басқа қосымша кондырмаларды қолдану ұсынылмайды, осы ұсынысты елемеу өртке, электр тогынан зақым алуға немесе жарақатқа алып келуі мүмкін. • Аспапты тұрақты бетке орналастырыңыз. Аспапты тұғырға орнату кезінде тұғыр орналасқан беттің тұрақты екеніне көз жеткізіңіз. • Егер аспапты құлатып алса, бүлінудің көзге көрінетін белгілері бар болса немесе одан су ағып
тұрса, оны қолдануға тыйым салынады. ● Қолданар алдында қорек шнурын тозу іздеріне немесе бүлінуге тексеріңіз. Егер қорек шнуры бүлінген болса, қауіптің алдын алу үшін оны авторлық құқығы бар орталық ауыстыруы тиіс.
- Буландырғыштың кейбір бөлшектері маймен өнделген, сондықтан алғаш қосқан кезде буландырғыштан аз ғана түтін шығуы мүмкін. Бұл бірнеше рет қолданғаннан кейін кетеді. • Алғаш қолдану алдында барлық қорғаныс пленкасын және табаны мен корпусындағы жапсырмаларды алып тастаңыз. • Аспапты розеткаға қосыңыз, аспап қосылады және күту режиміне ауысады; аспапты қосу үшін қорек батырмасын басыңыз. Бу берудің төмен деңгейі қосылады. Бу берудің төмен деңгейінің жасыл индикаторы жыпылықтай бастайды, бұл қызып кетуді көрсетеді, бұл кезде (шамамен 30 секунд бойы) сорғы жұмыс жасамайды. Индикатор жыпылықтауын тоқтатқан кезде қызу аяқталады. • Қорек қосылып тұрған кезде бу беру батырмасын басыңыз, бу беру деңгейі жоғары деңгейге ауысады, ал бу берудің төмен деңгейінің жасыл индикаторы бу берудің жоғары деңгейін білдіретін қызыл түске ауысады. Төмен деңгейге ауысу үшін бу беру батырмасын тағы бір рет басыңыз. • Аспапты өшіру қорек батырмасын басып, 2 секунд ұстап тұрыңыз. Жүйе күту режиміне ауысады. • Қоректі автоматты түрде өшіру функциясы 15 минут ішінде бірде бір батырма басылмаған жағдайда іске қосылады. Аспап күту режиміне ауысады және қыздыруды тоқтатады. • Тазалау функциясы: сорғының 5 сағат қолданудан кейін тазалау туралы еске салу функциясы бар. Дисплейде жасыл және қызыл жарық диодты индикаторлар кезекпен жыпылықтайды, тазалау функциясын қосу үшін батырманы басып, 6 секунд ұстап тұрыңыз.
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ
- Аспапты сумен толтырмас (немесе босатпас) бұрын ашаны розеткадан ажыратыңыз. - Ыдысты оңға бағыттап тартыңыз. Ағытып алу кезінде ыдысты бұрмаңыз. - Ыдысты төңкеріп, силикон қақпағын ақырын алыңыз. - Ыдысты сумен толтырғаннан кейін силикон қақпақтың тығыз жабысып тұрғанына көз жеткізіңіз. - Ыдысты орнына орнатыңыз. - ЕСКЕРТПЕ: Тазартылған суды пайдалану ұсынылады. - ЕСКЕРТПЕ: Аспаптың бұзылуының алдын алу үшін тазартылмаған су құбыры суын, киім-кешекке арналған кептіргіштің суын, хош иісті немесе жұмсартылған, жаңбыр суын, сүзілген суды, бөтелкедегі немесе қайнаған суды, тоңазытқыштағы, батареялардағы немесе кондиционерлердегі суды қолданбаңыз.

- (A) батырмасын басу арқылы аспапты қосыңыз. Бу берудің төмен деңгейінің индикаторы жыпылықтай бастайды (С). Аспап қызады.
- Жасыл индикатор (С) жыпылықтауын тоқтатқан кезде (В) батырмасын басыңыз. Сорғы қосылады, бу берудің төмен деңгейімен буландыруды бастай аласыз. Бу берудің жоғары деңгейін қосу үшін (В) батырмасын тағы бір рет басыңыз, қызыл индикатор (С) жанады.
- Күту режиміне ауысу үшін (В) батырмасын тағы бір рет басыңыз. (В) батырмасын басу арқылы осы 3 режим арасында (төмен деңгей, жоғары деңгей, күту режимі) ауыстырып қоса аласыз.
- Буды әлсіз немесе қарқынды беру үшін аспаптың алдыңғы панеліндегі Burst батырмасын басып, ұстап тұрыңыз (шамамен 1 секунд).
- (A) батырмасын 2 секунд бойы басу арқылы аспапты өшіріңіз.
- Қосымша күтімді қажет ететін жуылған немесе сөреде сақталып тұрған киімдерді үтіктеу үшін щетканы қосымша қолдана аласыз.
Бұл таңба бұл өнімді ЕО аумағында басқа тұрмыстық қалдықтармен бірге кәдеге жаратылмауы тиіс дегенді білдіреді. Қалдықтарды бақыланбайтын кәдеге жарату нәтижесінде қоршаған ортаға немесе адам денсаулығына келтірілуі мүмкін залалдың алдын алу үшін материалдық ресурстарды тұрақты қайта қолдануға септігіңізді тигізу үшін оларды қайта өңдеуге жауапты қараңыз. Қолданылған аспапты қайтару үшін қалдықтарды қайтару және жинау жүйелерін қолданыңыз немесе осы бұйымды сатып алған сатушыға хабарласыңыз.