METABO WEPBA 24-230 MVT Quick - шлифовальдық машина

WEPBA 24-230 MVT Quick - шлифовальдық машина METABO - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз WEPBA 24-230 MVT Quick METABO PDF форматында.

📄 184 бет Қазақша KK Жүктеу 💬 ЖИ сұрағы
Notice METABO WEPBA 24-230 MVT Quick - page 122
Pick your language and provide your email: we'll send you a specifically translated version.

Пайдаланушылардың сұрақтары туралы WEPBA 24-230 MVT Quick METABO

0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.

Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою

Электрондық пошта жеке болып қалады: ол тек сіздің сұрағыңызға біреу жауап берген жағдайда хабарлау үшін қолданылады.

Әзірге сұрақтар жоқ. Бірінші болып сұраңыз.

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз шлифовальдық машина PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз WEPBA 24-230 MVT Quick - METABO және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. WEPBA 24-230 MVT Quick брендінің METABO.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ WEPBA 24-230 MVT Quick METABO

kk Пайдалану нускаулығының түпнұсқасы 122

Пайдалану нускаулығының түпнұсқасы

1. Сәйкестік бойынша мәлімдеме

Жеке жауапкершілігімізбен жариялаймыз: түрі мен сериялық нөмірі бойынша сәйкестендірілетін осы бұрыштық ажарлағыш *1) директивалардың *2) және стандарттардың барлық тиісті қаулыларына *3). техникалық құжаттамаларға сәйкес келеді *4) - 3-бетті қараңыз.

2. Максатына сай пайдалану

Аспаптар тупнуска Metabo керек-жарағымен бірге су пайдаланбай ажарлауға, егеукүм қағазымен ажарлауға, сым қылшақтармен жұмыс істеуге және металл, бетон, тас пен ұқсас материалдарды абразивті кесуге арналған.

Максатынан тыс пайдаланудан болған зақымдар үшін пайдаланушыға ғана жауапты болады.

Жалпыға анық қауіпсіздік техникасының ережелерін және белгіленген қауіпсіздік нұсқауларын орындау керек.

3. Қауіпсіздік техникасы бойынша жалпы нұсқаулар

METABO WEPBA 24-230 MVT Quick - Қауіпсіздік техникасы бойынша жалпы нұсқаулар - 1

Жеке басыңызды және электрлік құралыңызды қорғау үшін осы белгі қойылған мәтіндік үзінділерді ұстаныңыз!

METABO WEPBA 24-230 MVT Quick - Қауіпсіздік техникасы бойынша жалпы нұсқаулар - 2

ЕСКЕРТУ – Жаракат алу каупін азайту ўшін пайдалану бойынша нұсқаулықты оқып шығыңыз.

METABO WEPBA 24-230 MVT Quick - Қауіпсіздік техникасы бойынша жалпы нұсқаулар - 3

ЕСКЕРТУ: қауіпсіздік техникасы бойынша барлық нүсқауларды және лы нүсқауларды оқып шығыңыз.

Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқауларды және жалпы нұсқауларды орындамау ток соғу, өрт және/немесе ауыр жаракат алу қаупін тудыруы мүмкін.

Қауіпсіздік техникасы бойынша барлық нұсқауларды және жалпы нұсқауларды болашақта пайдалану үшін сақтап қойыңыз. Электрлік құралыңызды тек қана осы құжаттармен бірге табыстаңыз.

4. Қауіпсіздік техникасы бойынша арнайы нұсқаулар

4.1 Ажарлау, ereукум қағазымен ажарлау, сым қылшақтармен жұмыс істеу және абразивті кесу кезіндегі қауіпсіздік техникасы бойынша жалпы нұсқаулар Қолданыс

а) Аталмыш электрлік құралды ажарлағыш, егеуқұм қағазы ажарлағышы, сым қылшақ

және абразивті кескіш құрылғы ретінде пайдалану керек. Құрылғымен бірге алған барлық қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар, нұскамалар, суреттер мен деректерді ұстаныңыз. Төмендегі нұсқаулар орындалмаған жағдайда, ток соғу, өрт және/ немесе ауыр жаракат алу қауіптері түындауы мүмкін.

э) Аталмыш электрлік құрал жылтырату үшін жарамайды. Электрлік құрал үшін жарамайтын жұмыстарды өткізу қауіпті жағдайлар мен жарақаттануға апарып соғуы мұмкін.
б) Өндіруші осы электрлік күрал үшін арнайы өзірлеген және ұсынған керек-жарактардан басқасын пайдаланбаңыз. Керек-жаракты электрлік күралыңызға бекіту мүмкін болғанда ғана, қауіпсіз қолданыска кепіл беріледі.
в) Алмалы-салмалы құралдың рүқсат етілген айналу жилігі кем дегенде электрлік құралда берілген ең жоғары айналу жилігімен бірдей болуы тиіс. Рүқсат етілгеннен жылдам айналатын керек-жарак сынуы және шашылып кетуі мүмкін.

г) Алмалы-салмалы күралдың сыртқы диаметрі мен қалындығы электрлік күралыңыздың өлшем деректеріне сай келуі тиқ. Қате өлшенген алмалы-салмалы күралды жеткілікті түрде жабу немесе бақылау мүмкін болмайды.

f) Бурандалы ендірмесі бар алмалы- салмалы күралдар ажарлағыш шпиндельдің ирек оймасына дәл сәйкес келуі тиіс. Фланец арқылы монтаждалатын алмалы- салмалы күралдардың саңылау диаметрі фланецтің бекіткіш диаметріне сәйкес келуі тиіс. Электрлік күралға дәл бекітілмеген алмалы-салмалы күралдар ауытқымалы түрде айналады, қатты дірілдейді және бақылау мүмкіндігінен айырылуға апарып соғуы мүмкін.

д) Зақымдалған алмалы-салмалы күралдарды пайдаланбаңыз. Әр пайдалану алдында ажарлағыш дөңгелектер сияқты алмалы-салмалы күралдарда жарықшақтардың және сызаттардың баржоғын, тіреуіш ажарлағыш табақшаларда сызаттар, тозу немесе қатты ескірудің баржоғын және сым қылшақтарда босаған немесе сынған сымдардың бар-жоғын тексеріп шығыңыз. Электрлік күрал немесе алмалы-салмалы күрал күлап түскен жағдайда, оның зақымдалған-зақымдалмағанын тексеріңіз немесе зақымдалмаған алмалы-салмалы күралды пайдаланыңыз. Алмалы-салмалы күралды тексеріп орнатқаннан кейін айналадағы барлық адамдарды айналмалы алмалы-салмалы күрал түргған алаңнан шығарыңыз да, кұрылғыны ең жоғары айналу жилігімен бір минут жұмыс істетіңіз. Зақымдалған алмалы-салмалы күралдар көбінесе осы сынақ мезетінде бұзылады.

e) Жеке қорғаныс жабдығын киіп жүріңіз. Жұмыс түріне қарай толық беттік қорғаныш масканы, көз қорғанысын немесе қорғаныш көзілдірікті пайдаланыңыз. Қажет болса, сіздің ажарлаудан және материалдан қалған шағын бөліктермен жанасуын болдырмайтын шаңнан қорғайтын масканы, есту мүшелерін қорғайтын қулақаспап, қорғаныш қолғап немесе арнайы алжапқыш тағыңыз. Көзді әртурлі жұмыстардың барысында пайда болатын ұшпа бөгде заттардан қорғау керек. Шаңнан немесе тыныс жолдарын қорғайтын маска жұмыс барысында пайда болатын шанды сүзгілеуі тиіс. Сізге ұзақ уақыт бойы шуыл әсер еткен жағдайда, есту қабілетінен айырылуыңыз мүмкін.
ж) Бөгде түлғалардың жұмыс аймағынан қауіпсіз арақашықтықта түрғанына көз жеткізіңіз. Жұмыс аймағына кіретін кез келген адам жеке қорғаныс жабдығын киноі керек. Дайындаманың сынықтары немесе жарылған алмалы-салмалы құрал ұшып кетіп, тікелей жұмыс аймағынан тыс адамдарға да жаракат тигізуі мүмкін.
3) Алмалы-салмалы күрал жасырын куат сымдарына немесе өзінің желілік кабеліне тиюі мүмкін жұмыстар өткізіп түрган кезде электрлік күралды түтқыштың окшауланған бетінен ұстан тұрыңыз. Ток өткізгіш сыммен жанасу кұрылғының металл бөліктерінде кернеудің түзілуіне және электр тогының соғуына әкелуі мүмкін.
и) Желілік кабельді айналып түрган алмалы- салмалы құралдардан алшак ұстаңыз. Құрылғыны бақылау мүмкіндігінен айырылған жағдайда, желілік кабель үзілуі немесе қармалып қалуы мүмкін және қолыңыз не қолыңыздың буыны айналып түрган алмалы- салмалы құралға түсуі мүмкін.
i) Алмалы-салмалы күрал толығымен тоқтамайынша, электрлік күралды ешкашан қалдырушы болмаңыз. Айналып түрган алмалы-салмалы күрал сақтау орнының бетімен жанасып, электрлік күралды бақылау мүмкіндігінен айырылуыңыз мүмкін.
к) Электрлік құралды тасымалдаған кезде, ол өшірулі болуы керек. Киіміңіз айналып түрған алмалы-салмалы құралмен ықтимал жанасуға түсіп, алмалы-салмалы құрал денеңізді тесіп алуы мүмкін.
к) Электрлік құралыңыздың желдету саңылауларын жүйелі түрде тазалап тұрыңыз. Қозғалтқыштың желдеткіші корпусқа шаң тартады және металл шаңының үлкен мөлшерде жиналуы электр тогынан қауіпті жағдайларды тудыруы мүмкін.
л) Электрлік құралды түтанғыш материалдардың жанында пайдаланбаңыз. Үшқын мұндай материалдарды жандыруы мүмкін.
м) Суыту сүйықтығын қажет ететін алмалы- салмалы құралдарды пайдаланбаңыз. Суды немесе басқа суыту сүйықтықтарын пайдалану ток соғу қаупін тудыруы мүмкін.

4.2 Кері соққы және оған қатысты қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар

Кері сокқы ажарлағыш дөңгелек, тіреуіш ажарлағыш табақша, сым қылшақ және т.б. сияқты айналып түрған алмалы-салмалы құралдың қармалып қалуынан немесе бұғатталуынан пайда болатын кенет реакция болып табылады. Қармау немесе бұғаттау айналмалы алмалы-салмалы құралдың кенет тоқтап қалуына апарып соғады. Нәтижесінде бақылаусыз қалған электрлік құрал алмалы-салмалы құралдың айналу бағытына қарсы бұғатталған жерде үдейді.

Мысалы, ажарлағыш дөңгелек дайындамада қармалып қалған немесе бұғатталған жағдайда, дайындамаға батырылған ажарлағыш дөңгелектің жиегі шатасып қалуы және нәтижесінде бұзылуы немесе кері соққы тудыруы мүмкін. Ажарлағыш дөңгелек сонан соң бұғатталған жердегі дөңгелектің айналу бағытына байланысты пайдаланушыға қарай не пайдаланушыдан ары қозғалып кетеді. Бұл ретте ажарлағыш дөңгелектер бұзылуы да мүмкін.

Кері соққы электрлік құралды қате немесе мақсатынан тыс пайдаланудың нәтижесі болып табылады. Оны төменде сипатталғандай арнайы сақтық шараларын қабылдап болдырмауға болады.

а) Электрлік құралды екі қолмен мықтап ұстаңыз және денеңіз бен қолыңызды кері сокқы қүшіне төзімді ететін орнықты қалыпқа қойыңыз. Кері сокқы қүшін немесе жылдамдату кезінде реакция мезетін бақылау мүмкіндігін мүмкіндігінше жоғары деңгейде сақтау үшін, бар болса, әрдайым қосымша түтқышты пайдаланыңыз.
Пайдаланушы арнайы сақтық шараларының көмегімен кері соққы мен реакция күшін бақылауы мүмкін.
э) Ешкашан қолыңызды айналып түрған алмалы-салмалы құралдың жанына апармаңыз. Алмалы-салмалы құрал кері сокқы нәтижесінде қолыңызға жылжып кетуі мүмкін.
б) Денеңізді электрлік құрал кері сокқыдан қозғалып қалуы мүмкін аймақтан алшақ ұстаңыз. Кері сокқы электрлік құралды бұғатталған жердегі ажарлағыш деңгелектің қозғалыс бағытына қарсы жүргізеді.
в) Бұрыштар, өткір жиектер және т.б. аймағында айрықша сақтықпен жұмыс істеңіз. Алмалы-салмалы құралдың дайындамадан ұшып кетуіне және қысылып қалуына жол бермеңіз. Аиналмалы алмалы- салмалы құрал бұрыштарда, өткір жиектерде немесе секіріп қалған жағдайда қысылуға бейім. Бүл бақылау мүмкіндігінен айырылуға немесе кері сокқыға апарып соғады.
г) Шынжырлы немесе тісті ара төсемін пайдаланбаңыз. Мүндай алмалы-салмалы күралдар жиі кері соққыға немесе электрлік күралды бақылау мүмкіндігінен айырылуға апарып соғады.

КАЗАКШАkk

4.3 Ажарлау және абразивті кесу кезіндегі қауіпсіздік техникасы бойынша арнайы нұсқаулар:

a) Тек электрлік күрал үшін мақулданған абразивті күралдарды және тиісті абразивті күралға арналған қорғаныш қалпақты пайдаланыңыз. Электрлік күралға арналмаған абразивті күралдарды жеткілікті түрде жабу мүмкін болмайды және олар қауіпті болып табылады.
э) Иілген ажарлағыш дөңгелектерді ажарлайтын беті қорғаныш қалпақ жиегінің астында болатындай етіп орнату керек.

Корғаныш қалпақ жиегінен жоғары түрған, қате орнатылған ажарлағыш дөңгелектерді тиісінше жабу мүмкін болмайды.

б) Қорғаныш қалпақ электрлік құралға берік орнатылуы және ең жоғары қауіпсіздік мақсатында абразивті құралдың барынша шағын бөлігі пайдаланушыға ашық болып тұратындай етіп реттелуі тиіс. Қорғаныш қалпақ пайдаланушыны сынықтардан, абразивті құралмен кенет жанасудан және киімді түтандыра алатын үшқыннан Қорғауға көмектеседі.

в) Абразивті күралдарды тек ұсынылатын мақсатына сәйкес қолдануға болады. Мысалы: еш жағдайда кескіш дөңгелектің бүйірлік бетімен ажарламаңыз. Кескіш дөңгелектер материалды дөңгелектің жиегімен алуға арналған. Кескіш дөңгелекке бүйірінен күш қолдану оның бұзылуына әкелуі мүмкін.

г) Әрдайым зақымдалмаған қыспа фланецті пайдаланыңыз, оның өлшемі мен пішіні таңдалған ажарлағыш дөңгелекке сәйкес келуі тиіс. Жарамды фланецтер ажарлағыш дөңгелек үшін тірек болып табылады және осылайша оның сынып қалу қаупін азайтады. Ажарлағыш дөңгелектерге арналған фланецтер басқа ажарлағыш дөңгелектерге арналған фланецтерден өзгешеленуі мүмкін.

f) Улкенірек электрлік құралдардың тозған ажарлағыш дөңгелектерін пайдаланбаңыз. Улкенірек электрлік құралдарға арналған ажарлағыш дөңгелектер шағын электрлік құралдардың жоғары айналу жилігіне жобаланбаған және сынуы мүмкін.

4.4 Абразивті кесу кезіндегі қауіпсіздік техникасы бойынша қосымша арнайы нүсқаулар:

a) Кескіш дөңгелектің сыналануына немесе тым жоғары басу қысымына жол берменіз. Тым терең кесік жасамаңыз. Кескіш дөңгелекке артық жуктеменің түсуі оның артық керілісіне және құғаштануға немесе сыналануға әкеліп, абразивті құралдың керіс сокқы немесе сыну мүмкіндігін арттырады.
э) Айналып түрган кескіш дөңгелектің алдында және артында түрмаңыз. Егер кескіш дөңгелекті дайындамамен бірге өзіңізден ары жылжытсаңыз, кері соққы жағдайында электрлік құрал айналып түрган дөңгелекпен бірге тура өзіңізге қарай лақтырылуы мүмкін.

б) Кескіш дөңгелек қысылып қалса немесе жұмысты токтатсаңыз, құрылғыны өшіріңіз де, дөңгелек толық токтағанша қолыңызда ұстай тұрыңыз. Әлі айналып тұрған кескіш дөңгелекті кесіктен шығарып алуға әрекет жасамаңыз, әйтпесе кері сокқы түындауы мүмкін. Қысылу себебін анықтап жойыңыз.
в) Электрлік құрал дайындамада орналасса, оны қайта қоспаңыз. Алдымен кескіш дөңгелекке толық айналу жилігіне жетуге мүмкіндік беріңіз, тек содан кейін кесу әрекетін абайлап жалғастырыңыз. Кері жағдайда дөңгелек ұсталып қалуы, дайындаман секіріп кетуі немесе кері сокқы тудыруы мүмкін.
г) Кескіш дөңгелектің сыналануынан кері сокқы қаупін азайту үшін тақталар мен үлкен дайындамаларды өндеген кезде тіреп қойыңыз. Улкен дайындамалар өз салмағының әсерінен майысып қалуы мүмкін. Дайындаманы дөңгелектің екі жағынан, әсіресе кесік пен жиектің жанында тіреп қою керек.
f) Бар кабырғаларда немесе басқа да көрінбейтін аймақтарда батырып кескен кезде ерекше мұқият болыңыз. Батырылатын кескіш дөңгелек газ немесе су кұбырларын, электрлік сымдарды немесе басқа нысандарды кескен кезде кері сокқы тудыруы мүмкін.

4.5 Егеукум қағазымен ажарлау кезіндегі қауіпсіздік техникасы бойынша арнайы нұсқаулар:

а) Өлшемдері шамадан артық кажақсыдырғыларды пайдаланбаңыз, оның орнына кажақсыдырғы өлшемдері бойынша өндіруші мәліметтеріне назар аударыңыз.

Тіреуіш ажарлағыш табақшалардан шығып тұратын қажақсыдырғылар пайдаланушыға жаракат тигізуі мүмкін және бұғатталуға, қажақсыдырғылардың үзілуіне немесе кері сокқыға апарып соғуы мүмкін.

4.6 Сым қылшақтармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы бойынша арнайы нұсқаулар:

а) Сым кылшақ әдеттегідей пайдаланылған кезде де, оның ішінен сым бөлшектері түсетінін ескеріңіз. Сымдарға тым жоғары басу қысымы арқылы артық жуктеме түсірменіз. ¥шпа сым бөлшектері жуқа киім және/немесе тері арқылы оңай кіріп кетуі мүмкін.
э) Корғаныш қалпақты пайдалануға кеңес берілсе, қорғаныш қалпақ пен сым қылшақтың жанасуына жол бермеңіз.

Тәрелкелі және табақшалы қылшақтардың диаметрі басу қысымы мен ортадан тепкіш күштің әсерінен ұлғаюы мүмкін.

4.7 Kauncişdik texhikacı boblinsha kocbimsha hyskaulap:

METABO WEPBA 24-230 MVT Quick - КАЗАКШАkk - 1

ЕСКЕРТУ – Әрдайым қорғаныш көзілдірікті тағып жүріңіз.

Илгіш төсемелерді ажарлағыш құралмен бірге жеткізілген және талап етілген жағдайда қолданыңыз.

Күрал мен керек-жарак өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз! Дөңгелектерді май мен сокқыдан қорғаңыз!

Ажарлағыш дөңгелектерді өндірушінің нұсқауларына сәйкес ұқыпты сақтау және қолдану керек.

Ешкашан кескіш деңгелектерді ажарлау жұмыстары үшін пайдаланбаңыз! Кескіш деңгелектерге бүйірлік қысым қолдануға болмайды.

Дайындаманы, мысалы, кыскыш курылғылардың көмегімен берік бекіту және жылжып кетуден қорғау керек. Улкен дайындамаларды жеткілікті түрде тіреп қою керек.

Бурандалы өндірмесі бар алмалы-салмалы күралдар пайдаланылған кезде, шпиндель ұшы ажарлағыш күрал саңылауының түбіне тимеуі тиіс. Алмалы-салмалы күрал ирек оймасының ұзындығы шпиндель үшін жеткілікті екендігіне көз жеткізіңіз. Алмалы-салмалы күралдың ирек оймасы шпиндельдің ирек оймасына сәйкес келуі тиіс. Шпиндель ұзындығы мен шпиндель ирек оймасын 3-беттен және «Техникалық деректер» атты 14.-бөлімнен қараңыз.

Стационарлық сорғыш құрылғыны пайдалануға кеңес беріледі. Әрдайым макс. жылыстау тогы 30 мА құрайтын Fl автоматты ажыратқышын (RCD) алдын ала қосыңыз. Бұрыштық ажарлағыш Fl автоматты ажыратқышы арқылы өшірілген жағдайда, аспапты тексеру және тазалау керек. «Тазалау» атты 9.-бөлімді қараңыз.

Зақымдалған, деформацияға ұшыраған немесе дірілдейтін құралдарды пайдалануға тыйым салынады.

Газ немесе су кубырларының, электрлік желілердің және көтергіш кабырғалардың (статика) закымдалуына жол берменіз.

Қандай да бір реттеу, қайта жабдықтау немесе техникалық қызмет көрсету әрекетін орындамас бұрын желілік ашаны розеткадан шығарып алыңыз.

Зақымдалған немесе жарықшақтары бар қосымша түтқышты алмастыру керек. Қосымша түтқышы бұзылған аспапты пайдаланбаныз.

Закымдалған немесе жарықшақтары бар қорғаныш қалпақты алмастыру керек. Қорғаныш қалпағы бұзылған аспапты пайдаланбаңыз.

Бөлшектері немесе қорғаныс құрылғылары жетіспейтін немесе бұзылған аспапты қоспаңыз.

Бірқалыпты іске қосу функциасы бар аспаптар (түр тақтайшасында «WE...» белгісі бар): егер аспап іске қосылған кезде максималды айналу жилігіне дейін өте жылдам үдесе, бұл электрондық блокта ақаулықтың орын алғанын білдіреді. Электрондық блок функцияларына қатысты қауіпсіздік техникасы бойынша басқа нұсқаулар көрсетілмейді. Аспапты дереву жәндетіңіз (12.-бөлімді қараңыз).

Шағын дайындамаларды бекітіңіз. Мысалы, оларды білдек қыскышында қысыңыз.

Шаң жуктемесін азайту:

Oсы аспаппен жумыс істеу барысында пайда болатын бөліктер обыр,

аллергиялық реакциялар, тыныс жолдарының сырқаттануын, туа біткен ауру немесе басқа да жыныстық мүшелердің зақымдарын тудыра алатын материалдарды қамтуы мүмкін. Мүндай материалдардың мысалдары: қорғасын (қорғасын қамтитын бояуларда), минералды шаң (құрылыстық тастан, бетоннан және т.с.с.), ағашты өңдеуге арналған қоспалар (хромат, сүректі қорғайтын құралдар), белгілі бір ағаш түрлері (мысалы, емен немесе шамшат шаңы), металдар, асбест.

Тәуекел пайдаланушыға немесе айналадағы түлғаларға тиетін жүктеме әсерінің ұзақтығына тәуөлді болып келеді.

Бөліктердің денеге енуін болдырмаңыз. Мүндай материалдардың жуктемесін азайту үшін: жұмыс орнында жеткілікті желдетуді қамтамасыз етіңіз және өте ұсақ бөліктерді сүзуге қабілетті респираторлар сияқты арнайы қорғаныс жабдығын тағыңыз.

Материалыңыз, қызметкерлер, жұмыс жағдайы мен жұмыс орны бойынша қолданылатын директиваларды сақтаңыз (мысалы, еңбекті қорғау ережелері, кәдеге жарату).

Пайда болатын бөліктерді дәл сол жерде жинаңыз, қоршаған ортаға түсуіне жол бермеңіз.

Ерекше жұмыстарды өткізу үшін жарамды керек-жарактарды пайдаланыңыз (11.-бөлімді караңыз). Бүл айналаға бөлшектердің бақылаусыз түсуін азайтуға көмектеседі.

Арнайы шансорғышты пайдаланыңыз.

Шаң жүктемесін азайту үшін:

  • пайда болатын бөліктерді және аспаптың ауа ағынын өзіңізге, айналаңыздағы адамдарға немесе жатқан шаңға бағыттамаңыз,
  • сорғыш қондырғыны және/немесе ауа тазалағышты қолданыңыз,
  • жұмыс орнын жақсылап желдетіңіз немесе сору арқылы таза күйде ұстаңыз. Қалықтап жатқан шанды сыпырыңыз немесе ұрлеп шығарыңыз.
  • Корғаныш киімді жуыңыз немесе шаңын сорыңыз. Урлеуге, қағуға немесе қылшақпен тазалауға болмайды.

5. Шолу

2-бетті караңыз.

1 Quick крыспа гайкасы *
2 Тіреуіш фланец *
3 Ш пиндель
4 W .A...: Автобалансирдің тіреуіш фланеці (алынбайды) *
5 Шпиндель бекіткішінің түймесі
6 Электрондык сигналдык индикатор *
7 Кулып (кездейсок қосылудан қорғауға немесе үздіксіз жұмыс режимін қосуға арналған) *

КАЗАКШАkk

8 Батырма ауыстырып қосқыш (қосу/өшіруге арналған)
9 Түйме (негізгі түтқышты бұрап реттеуге арналған)
10 Негізгі түтқыш
11 Косымша түтқыш / дірілді басқыш косымша түтқыш
12 Корғаныш қалпақ
13 Кыспа гайка *
14 Екі саңылаулы кілт *
15 Бісырма (корғаныш қалпақты құралсыз реттеуге арналған)
16 Буранда (ысырманың қысу күшін реттеуге арналған)

* жабдыкталуға байланысты / жеткізілім жиынтығына кірмейді

6. Қолданыска енгізу

Колданыска енгізу алдында фирмалык тақтайшада көрсетілген номиналды көрнеу мен номиналды жилік ток желіңіздің деректеріне сәйкес келетіндігіне көз жеткізіңіз.

Эрдайым макс. жылыстау тогы 30 мА күрайтын FI автоматты ажыраткышын (RCD) алдын ала қосыңыз.

Минималды көлденең кимасы 1,5 мм² күрайтын үзартқыш кабельді ғана пайдаланыңыз. ¥зартқыш кабельдер аспаптың тұтынылатын куатына сәйкес келуі тиіс (техникалық деректерді қараңыз). Кабель барабанын пайдаланған кезде кабельді әрдайым толықтай жазыңыз.

6.1 Косымша туткышты орнату

Орнатылған қосымша түтқышпен (11) ғана жұмыс істеңіз! Қосымша түтқышты сол жақ, ортаңғы немесе оң жақ бұрандалы саңылауға (қажеттілікке қарай) қолмен бұрап кіргізіңіз.

6.2 Корғаныш қалпақты орнату

(ажарлағыш дөңгелектермен жұмыс істеуге арналған)

METABO WEPBA 24-230 MVT Quick - Корғаныш қалпақты орнату - 1

Колданыска енгізу алдында: корғаныш қалпақты орнатыңыз.

Свыра ажарлағыш деңгелектермен жұмыс істеу үшін қауіпсіздік түргысынан қорғаныш қалпақты (12) пайдалану керек.

Кескіш дөңгелектермен жұмыс істеу үшін қауіпсіздік түрғысынан кескіш дөңгелекке арналған қорғаныш қалпақты («Керек-жарақтар» атты 11.-бөлімді қараңыз) пайдалану керек.

2-беттегі F суретін караңыз.

  • Ысырманы (15) ашыңыз. Қорғаныш қалпақты (12) көрсетілген күйде орнатыңыз.
  • Корғаныш қалпақты оның жабық бөлігі пайдаланушыға қарап тұратындай етіп бұраңыз.
  • Ысырманы жауып қойыңыз.

- Кажет болса, ысырманың кысу күшін бұранданы (16) тарту арқылы (ысырма ашық болғанда) арттыруға болады.

METABO WEPBA 24-230 MVT Quick - Корғаныш қалпақты орнату - 2

Корғаныш қалпақтан кем дегенде 3,4 мм шамасына шығып тұратын алмалы- салмалы құралдарды пайдаланыңыз.

6.3 Айналмалы негізгі туткыш

Бекітулі негізгі түтқышпен (10) ғана жұмыс істеңіз!

2-беттегі С суретін караңыз.

  • Туймені (9) басыңыз.
  • Енді негізгі түтқышты (10) екі жаққа да 90°-қа бұрауға және бекітуге болады.
  • Берік орнатылғанын тексеріңіз: негізгі түтқыш (10) бекітіліп тұруы және айналмауы тиіс.

6.4 Электр желісіне қосылым

Желілік розеткалар инерциялық балқығыш сақтандырғыштармен немесе желілік қорғаныш автоматтармен қорғалуы тиіс.

Түр тактайшасында «WE...» белгісі бар аспаптар: (іске қосу тогын автоматты түрде шектегіші (бірқалыпты іске қосу) кіріктірілген) Желілік розеткаларды, сондай-ақ жылдам іске қосылатын балқығыш сақтандырғыштармен немесе желілік қорғаныш автоматтармен қорғауға болады.

7. Ажарлағыш дөңгелекті орнату

Қайта жабдықтау бойынша барлық жұмыстардың алдында: желілік ашаны розеткадан суырыңыз. Аспап қосылып тұруы және шпиндель қозғалмай тұруы тиіс.

Кескіш деңгелектермен жұмыс істеу үшін қауіпсіздік түрғысынан кескіш деңгелекке арналған қорғаныш қалпақты («Керек-жарактар» атты 11.-бөлімді қараңыз) пайдаланыңыз.

Шпиндель бекіткішнің түймесін (5) шпиндель токтап түрганда ғана басыңыз.

- Шпиндель бекіткішінің түймесін (5) басып, шпиндельді (3) бекіткіш түймесі шерту дыбысымен тірелгенше қолмен бураңыз.

7.2 Ажарлағыш дөңгелекті орналастыру

2-беттегі D суретін караңыз.

W 2..., WE 2... белгісі бар аспаптар:

  • Тіреуіш фланецті (2) шпиндельге орнатыңыз. Фланец шпиндельде айналмаған жағдайда дұрыс орнатылған деп есептеледі.
  • Ажарлағыш дөңгелекті D суретінде көрсетілгендей тіреуіш фланецке (2) орналастырыңыз. Ажарлағыш дөңгелек тіреуіш фланецпен біркелкі жанасуы тиіс.

W...A 2... белгісі бар аспаптар:

METABO WEPBA 24-230 MVT Quick - W...A 2... белгісі бар аспаптар: - 1

Автобалансирдің тіреуіш фланеці (4) шпиндельге берік бекітілген. Бүл баска

бурыштык ажарлағыштарға қарағанда қосымша алмалы-салмалы тіреуіш фланец қажет емес екендігін білдіреді.

METABO WEPBA 24-230 MVT Quick - W...A 2... белгісі бар аспаптар: - 2

Автобалансир тіреуіш фланецінің (4), ажарлағыш дөңгелектің және Quick қыспа қасының (1) немесе қыспа гайканың (13)

беттері таза болуы тиіс. Кажет болса, оларды тазалап шығыңыз.

- Ажарлағыш деңгелекті автобалансирдің тіреуіш фланеціне (4) орналастырыңыз. Ажарлағыш деңгелек автобалансирдің тіреуіш фланецімен біркелкі жанасуы тиіс.

7.3 Quick қыспа гайкасын бекіту/босату (жабдықталуға байланысты)

METABO WEPBA 24-230 MVT Quick - Quick қыспа гайкасын бекіту/босату (жабдықталуға байланысты) - 1

Quick крыспа гайкасын (1) бекіту:

METABO WEPBA 24-230 MVT Quick - Quick крыспа гайкасын (1) бекіту: - 1

Егер кысу диапазонындағы алмалы- салмалы куралдың қалынддығы 8 мм

шамасынан артық болса, Quick қыспа гайкасын пайдалануға тыйым салынады! Бүл жағдайда қыспа гайканы (13) екі саңылаулы кілтпен (14) бірге пайдаланыңыз.

METABO WEPBA 24-230 MVT Quick - Quick крыспа гайкасын (1) бекіту: - 2

Тек ақаусыз және зақымдалмаған Quick қыспа гайкасын пайдаланыңыз: көрсеткі

сыртқы сақинадағы ойыққа қарап тұруы тиіс (2- беттегі суретті қараңыз).

  • Шпиндельді бекітіңіз (7.1 бөлімін караңыз).
  • Quick кыспа гайкасын (1) шпиндельге (3) орнатыңыз. 2-беттегі суретті караңыз.
  • Quick қыспа гайкасын сағат тілінің бағытымен қолмен бұрап тартыңыз.
  • Ажарлағыш деңгелекті сағат тілінің бағытымен күштеп бұрау арқылы Quick қыспа гайкасын тартыңыз.

W...В... белгісі бар аспаптарда соңғы 180°-та аскын қарсылық сезілуі тиіс.

Quick крыспа гайкасын (1) босату:

  • Шпиндельді бекітіңіз (7.1 бөлімін қараңыз).
  • Quick қыспа гайкасын (1) сағат тілінің бағытына қарсы бұрап шығарыңыз.

Кыспа гайканың 2 жағы бір-бірінен өзгешеленеді. Кыспа гайканы шпиндельге төмендегідей бұрап орнатыңыз:
2-беттегі Е суретін қараңыз.
- А) Жука ажарлағыш дөңгелектер үшін: Кыспа гайканың (13) буылтығы ажарлағыш дөңгелекті мықтап қысу үшін жоғары қарап түр. Э) Қалың ажарлағыш дөңгелектер үшін: Кыспа гайканың (13) буылтығы қыспа гайканы шпиндельге берік бекіту үшін төмен қарап түр.

- Шпиндельді бекітіңіз. Кыспа гайканы (13) екі саңылаулы кілттің (14) көмегімен сағат тілінің бағытымен бұрап тартыңыз.

W...В... белгісі бар аспаптарда соңғы 180°-та аскын карсылық сезілуі тиіс.

- Шпиндельді бекітіңіз (7.1 бөлімін қараңыз). Кыспа гайканы (13) екі саңылаулы кілттің (14) көмегімен сағат тілінің бағытына қарсы бұрап шығарыңыз.

8. Пайдалану

8.1 Косу/өшіру

METABO WEPBA 24-230 MVT Quick - Косу/өшіру - 1

Аспапты әрдайым екі қолмен ұстап тұрыңыз.

METABO WEPBA 24-230 MVT Quick - Косу/өшіру - 2

Алмалы-салмалы күралды дайындамаға тек қосулы күйінде апарыңыз.

METABO WEPBA 24-230 MVT Quick - Косу/өшіру - 3

Кенет іске қосылуына жол бермеңіз: желілік аша розеткадан суырылған немесе ен жабдықтау үзілген болса, әрдайым пты өшіріңіз.

METABO WEPBA 24-230 MVT Quick - Косу/өшіру - 4

Уздіксіз жұмыс режимінде аспап қолдан түсірілген жағдайда да ары қарай жұмыс іді. Сондықтан әрдайым аспапты екі қолмен йы түтқыштарынан ұстаңыз, тұрақты қпта тұрыңыз және бар назарыңызды қдалатын жұмыска аударыңыз.

METABO WEPBA 24-230 MVT Quick - Косу/өшіру - 5

Аспапка шаң мен жоңқаның құйындауын немесе тартылуын болдырмаңыз. Аспапты геннен кейін қозғалтқыш толықтай ағанша қоймаңыз.

2-беттегі А суретін қараңыз.

Косу: кулыпы (7) көрсеткі бағытымен жылжытып, батырма ауыстырып косқышты (8) басыңыз.

Өшіру: батырма ауыстырып қосқышты (8) жіберіңіз.

Уздіксіз жұмыс режимі (жабдықталуға байланысты):

Косу: кулыпы (7) көрсеткі бағытымен жылжытып, батырма ауыстырып қосқышты (8) басып тұрыңыз. Аспап енді қосылып түр. Енді кулыпы (7) тағы бір рет көрсеткі бағытымен жылжытып, батырма ауыстырып қосқышты (8) бекітіңіз (үздіксіз жұмыс режимі).

Өшіру: батырма ауыстырып қосқышты (8) басып жіберіңіз.

W...В белгісі бар аспаптар: Кыска мерзімге қосу (қауіпсіз токтату функциясымен)

2-беттегі В суретін қараңыз.

Косу: батырма ауыстырып-коскышты (8) алға қарай жылжытыңыз да, содан кейін батырма ауыстырып қоскышты (8) жоғары қарай басыңыз.

Өшіру: батырма ауыстырып қосқышты (8) жіберіңіз.

КАЗАКШАкк

8.2 Жұмыс бойынша нұсқаулар

Ажарлау:

Аспапты орташа кушпен крысып, дайындаманың беті қатты қызбайтындай етіп үстіңгі бет бойынша алға-артқа жылжытыңыз.

Сиыра ажарлау: жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін 30° - 40° орнату бұрышында жұмыс істеңіз.

Абразивті кесу:

METABO WEPBA 24-230 MVT Quick - Абразивті кесу: - 1

Абразивті кесу кезінде өрдайым карама-қарсы бағытпен (суретті қараңыз) жұмыс істеңіз. Кері жағдайда аспап кесіктен кенет секіріп шығуы мүмкін. Орташа,

өнделетін материалға жарамды беріліспен жұмыс істеңіз. Қисайтуға, басуға және теңселтуге болмайды.

Егеукум қағазымен ажарлау:

Аспапты орташа күшпен қысып, дайындаманың беті қатты қызбайтындай етіп үстіңгі бет бойынша алға-артқа жылжытыңыз.

Сым кылшактармен жумыс істеу:

Аспапты орташа күшпен крысыңыз.

9. Тазалау

METABO WEPBA 24-230 MVT Quick - Тазалау - 1

Козгалткышты тазалау: жұмыс барысында электрлік құралдың ішінде материал бөлшектері жиналуы мүмкін.

Бул электрлік құралдың суытылуын нашарлатады. Ток өткізгіш шөгінді электрлік құралдың қорғайтын окшаулағышын бұзып, ток соғу қаупін тудыруы мүмкін.

Электрлік құралдағы кірді барлық алдыңғы мен артқы желдету саңылаулары арқылы жүйелі түрде, жиі және мұқият сорып немесе құрғақ ауамен үрлеп тазартыңыз. Бүл әрекеттің алдында электрлік құралды қуат көзінен ажыратып, қорғаныш көзілдірік пен респираторды киіп алыңыз.

Түтқышты реттеуге арналған түйме (9): қажет болса, түймеден кірді сорып немесе құрғақ ауамен үрлеп тазартыңыз (басылған күйде, негізгі түтқыштың барлық 3 күйінде). Бүл әрекеттің алдында электрлік құралды қуат көзінен ажыратып, қорғаныш көзілдірік пен респираторды киіп алыңыз.

Тур тактайшасында «WE...» белгісі бар аспаптар:

  • Артық жуктемеден қорғаныс: электрондық сигналдық индикатор (6) жанып, жуктеме астындағы айналу жиілігі ҚАТТЫ төмендейді. Қозғалтқыш температурасы тым жоғары! Аспапты суығанша және электрондық сигналдық индикатор сөнгенше бос жүріс күйінде жұмыс істетіңіз.
  • Артық жуктемеден қорғаныс: электрондық сигналдық индикатор (6) жанып, жуктеме астындағы айналу жиілігі АЗФАНТАЙ төмендейді. Аспапка артық жуктеме түсті. Электрондық сигналдық индикатор сөнгенше

жұмысты төмендетілген жүктемемен жалғастырыңыз.

  • Электрондык қауіпсіздік ажыратқышы: электрондык сигналдык индикатор (6) жанып, аспап өздігінен ӨШЕДІ. Токтың артуы тым жылдам болған (мысалы, кенет бұғатталған немесе кері соққы тиген) жағдайда, аспап өшеді. Аспапты батырма ауыстырып-қосқыш (8) арқылы өшіріңіз. Содан кейін қайта қосып, жұмысты әдеттегідей жалғастырыңыз. Кейінгі бұғатталуға жол бермеңіз. 4.2 бөлімін қараңыз.
  • Кайта іске қосылудан қорғаныс: электрондық сигналдық индикатор (6) ЖЫПЫЛЫҚТАП, аспап жұмыс істемейді. Кайта іске қосылудан қорғаныс іске қосылды. Аспаптың қосулы күйінде желілік аша розеткаға салынған немесе электр қуатымен жабдықтау үзілгеннен кейін қалпына келген жағдайда, аспап іске қосылмайды. Аспапты өшіріп қайта қосыңыз.
  • Аспап қосылған кезде максимальды айналу жилігіне дейін өте жылдам үдейді, ягни іске қосу тогын автоматты түрде шектегіш (бірқалыпты іске қосу) қызмет етпейді. Электрондық блокта ақаулық орын алды, электрондық блок функцияларына қатысты қауіпсіздік техникасы бойынша басқа нұсқаулар көрсетілмейді. Аспапты дереу жөндетіңіз (12.-бөлімді қараңыз).

- Косу процестері кернеудің қыска мерзімді төмендеуін тудырады. Жағымсыз желі параметрлерінде басқа құрылғылар істен шығуы мүмкін. Толық желі қарсылығы 0,2 Ом шамасынан кем болғанда, ақаулықтардың ықтималдылығы төмен болады.

11. Керек-жарактар

Тек қана түпнұсқа Metabo керек-жарактарын қолданыңыз.

Тек қана осы пайдалану бойынша нүсқаулықта келтірілген талаптар мен сипаттарға сай келетін керек-жарактарды пайдаланыңыз.

Керек-жарактарды берік бекітіңіз. Аспап ұстағыш ішінде пайдаланылған жағдайда: аспапты берік бекітіңіз. Бақылау мүмкіндігінен айырылсаңыз, жаракат алуыңыз мүмкін.

4-бетті караңыз.

A Сиыра ажарлағыш деңгелек (тек орнатылған қорғаныш қалпақпен пайдалану керек)
В Ламельді тіреуіш ажарлағыш табақша (тек орнатылған қорғаныш қалпақпен пайдалану керек)
С Кескіш дөңгелекке арналған қорғаныш қалпақ
D Кескіш дөңгелек (тек орнатылған кескіш деңгелекке арналған қорғаныш қалпақпен пайдалану керек)
Е Алмасты кескіш дөңгелектер (тек орнатылған қорғаныш қалпақпен немесе

кескіш дөңгелекке арналған қорғаныш қалпакпен пайдалану көрек)

F Ажарлағыш бастиектің қорғаныш қалпағы (аспапқа орнатып, бұрандамен (f) бекіту керек. Ажарлағыш бастиекті 7.-бөлімде сипатталғандай бекіту керек. Қажет болса, иілген екі саңылаулы кілтті пайдаланыңыз. Қорғаныш қалпақты құлақты бұрандалармен бірге ажарлағыш бастиек ең көбі 3 мм шамасына шығып түратындай етіп реттеп шығыңыз.)

G Ажарлағыш бастиектер (ажарлағыш бастиектермен жұмыс істеу үшін қауіпсіздік түрғысынан ажарлағыш бастиекке арналған қорғаныш қалпақты пайдалану керек.)

Н Иілген екі саңылаулы кілт (ажарлағыш бастиектермен ажарлау кезінде қыспа гайканы (13) бекітуге/босатуға арналған)

I Бағыттауыштары бар кескіш дөңгелектің қорғаныш қалпағы (аспапқа орнатып, бұрандамен бекіту керек.) (Тиісті сорғыш құрылғының көмегімен тас такталарды кескен кезде пайда болатын тас шаңын кетіруге арналған келте құбыры бар.)

J Кол қорғанысы (бүйірлік қосымша түтқыштың астына орнатуға арналған.)

К ¥зарткыш элемент (тіреуіш тәрелкелермен жұмыс істеуге арналған. Шпиндель мен тіреуіш тәрелке арасындағы қашықтықты шамамен 35 мм-ге арттырады)

L Талшыкты ажарлағыш дөңгелектерге арналған тіреуіш тәрелке (тек бірге берілген тіреуіш тәрелкенің қыспа гайкасымен орнату керек.) (Орнатылған қол қорғанысымен бірге ғана пайдаланыңыз.)

М Талшыкты ажарлағыш деңгелектер (орнатылған қол қорғанысымен бірге ғана пайдаланыңыз.)

N Болат сым қылшақ (орнатылған қол қорғанысымен бірге ғана пайдаланыңыз.)

О Металды кесуге арналған бағана

Р Кыспа гайка (13)

Q Quick кыспа гайкасы (1)

Керек-жарактардың толық тізімін www.metabo.com сайтында немесе негізгі каталогтен қараңыз.

12. Жөндеу

METABO WEPBA 24-230 MVT Quick - Жөндеу - 1

Электрлік күралда жөндеу жұмыстарын тек қана электрші маман өткізуі тиіс!

Бузылған желілік кабельді тек Metabo қызмет көрсету орталығында сатып алуға болатын арнайы, түпнұсқа Metabo желілік кабелімен ауыстыруға рүқсат етіледі.

W...В... белгісі бар аспаптарда көмір қылшақтар жинағын алмастырған кезде тежегіш қалыптарды да алмастыру керек.

Metabo филиалына жөндеуді қажет ететін Metabo электрлік құралдарымен бірге барыңыз. Мекенжайлары www.metabo.com сайтында берілген.

Косалкы бөлшектердің тізімдерін www.metabo.com сайтында жуктеп алуға болады.

13. Коршаған ортаны корғау

Ажарлаудан пайда болатын шанда зиянды заттектер болуы мүмкін, сондықтан оны тиісінше кәдеге жарату керек.

Пайдаланылған аспаптарды, орауыштарды және керек-жарактарды қоршаған орта үшін қауіпсіз түрде көдеге жарату және қайта өндеу бойынша үлттық ережелерді ұстаныңыз.

METABO WEPBA 24-230 MVT Quick - Коршаған ортаны корғау - 1

Тек қана ЕО елдерінде: электрлік құралды түрмыстық қоқысқа тастамаңыз! Электрлік және электрондық ескі

құрылғылар және үлттық заңға түрлендіру жөніндегі 2012/19/EU өуропалық директивасына сәйкес, пайдаланылған электрлік құралдар бөлек жиналып, қоршаған орта үшін қауіпсіз қайта өндеуге жіберілуі тиіс.

14. Техникалық деректер

3-беттегі мәліметтерге түсініктемелер. Техникалық дамуға қарай өзгеруі мүмкін.

t_max,1 =кыспа гайка (13) пайдаланылған кезде кысу диапазонындағы алмалы- салмалы күралдың макс. рүқсат етілген қалындығы

t_max,2 =Quick крыспа гайкасы (1) пайдаланылған кезде крысу диапазонындағы алмалы-салмалы құралдың макс. рүқсат етілген қалындығы

t_max,3 =сныра ажарлағыш деңгелек/кескіш деңгелек: алмалы-салмалы құралдың макс. руқсат етілген қалындығы

M = шпиндельдің ирек оймасы I = ажарлағыш шпиндельдің ұзындығы n = бос жүріс күйіндегі айналу жилігі (макс. айналу жилігі)

P_1 =номиналды тұтынылатын қуат P_2 =шығыс қуат m =желілік кабельсіз салмағы

Өлшеу мәндері EN 60745 стандартына сай есептеледі.

METABO WEPBA 24-230 MVT Quick - Техникалық деректер - 1

II корғаныс класындағы аспап

\~ Айнымалы ток

Берілген техникалық деректерде үйғарынды ауытқулар болуы мүмкін (жарамды стандарттарға сай).

METABO WEPBA 24-230 MVT Quick - Техникалық деректер - 2

Эмиссиялық көрсеткіштер

Аталмыш көрсеткіштер электрлік

құралдардың эмиссиясын анықтауға және әртүрлі электрлік құралдарды салыстыруға мүмкіндік береді. Пайдалану жағдайына қарай, электрлік құралдың немесе алмалы-салмалы құралдың күйі шынайы жуктемені көтеруі немесе төмендетуі мүмкін. Жұмыстағы үзілістерді және фазаларды анықтау үшін

КАЗАКШАkk

төменірек жуктемені қамтамасыз етіңіз.

Сәйкесінше бейімделген бағаға сай

пайдаланушы үшін қорғаныс шараларын,

мысалы, үйымдастыру шараларын аныктаңыз.

Дірілдің жалпы көрсеткіші (үш бағыттын

векторлық қосындысы) – EN 60745 стандартына сай анықталады:

a_h, DS =дірілдің эмиссиялық көрсеткіші (тіреуіш ажарлағыш табақшамен ажарлау)

K_h,SG/DS = дәлсіздік (діріл)

Улгілі А өлшемді дыбыс деңгейі:

L_pA = дыбыс кысымының деңгейі

L_WA = дыбыс күшінің деңгейі

K_pA, K_WA = дэлсіздік

METABO WEPBA 24-230 MVT Quick - КАЗАКШАkk - 1

Корғаныш күлакқап тағыңыз!

EAC

Сатып алушыға арналған ақпарат:

Сәйкестік сертификаты:

DE.БЛ08.В.00909, жарамдылық мерзімі:

органы берген; Мекенжайы (заңды және нақты

мекенжайы): 153032, Ресей Федерациясы,

көшесі, №1 үй; тел. (4932)77-34-67; факс

(4932)77-34-67; E-mail: ivfs@mail.ru;

24.03.16 ж. Аккредитация бойынша

федералдык қызметпен берілген

Өндіруші ел: Германия

Өндіруші: "Metabowerke GmbH", Metaboallee 1,

D-72622 Nuertingen, Германия

Ресейге импорттаушы:

Ресей, 127273, Мәскеу

Березовая аллея көшесі, № 5 а, 7-құрылыс, 106-кеңсе

тел.: +7 495 980 78 41

Өндірілген күні құралдың тақтайшасында

көрсетілген 10 таңбалық сериялық нөмірінде

шифрланған. 1-сан жылды білдіреді, мысалы,

«4» саны өнім 2014 жылы өндірілгенін білдіреді.

2- және 3-сан өндірілген жылдағы ай санын білдіреді, мысалы, «05» - мамыр айы.

Өнімнің жарамдылық мерзімі 7 жылды кұрайды.

Өндірілген күннен кейін 5 жыл сақтауда түрган жағдайда алдын ала тексерместен пайдалану ұсынылмайды (өндірілген күнін жапсырмадан қараңыз).

шифрленген. 1-сан жылын билдирет, мисалы,

Мазмұны Оған қол жеткізу үшін атауға басыңыз
Нұсқаулық көмекшісі
Anthropic қолдайды
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : METABO

Модель : WEPBA 24-230 MVT Quick

Санат : шлифовальдық машина