Tasciugo AriaDry Multi DEX214RF DEXD214RF - Ылғал тартқыш DELONGHI - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз Tasciugo AriaDry Multi DEX214RF DEXD214RF DELONGHI PDF форматында.
| Өнім түрі | Конденсациялық ылғалдылық кетіргіш |
| Бренд | DeLonghi |
| Модель | Tasciugo AriaDry Multi DEX214RF / DEXD214RF |
| Су алу сыйымдылығы | 14 л/тәу (30°C, 80% RH) |
| Ұсынылатын көлем | 100 м² дейін |
| Су резервуары | 4,5 л, алынбалы |
| Электрмен жабдықтау | 220-240 В ~ 50 Гц |
| Тұтынатын қуат | 220 Вт (макс) |
| Салқындату газы | R290 (пропан), жанғыш |
| Өлшемдері (Ұ x T x Б) | 35,8 x 24,8 x 58,4 см |
| Салмағы | 13,5 кг |
| Дыбыс деңгейі | 38-42 дБ(A) |
| Негізгі функциялар | Ылғалдылықты кетіру, кір кептіру, ауаны тазарту (қосымша), түн режимі, таймер, ылғалдылықты бақылау |
| Күтім және тазалау | Ауа сүзгісін әр 15 күн сайын тазалаңыз (шаңсорғыш немесе жылы су); резервуарды үнемі тазалаңыз |
| Қауіпсіздік | Резервуар толған кезде автоматты өшіру, аяздан қорғау, салқындатқыштың ағып кетуін анықтау |
| Қосалқы бөлшектер және жөндеуге жарамдылық | Сүзгілер, резервуар, дөңгелектер қолжетімді; уәкілетті маманмен жөндеу |
| Жалпы ақпарат | Нұсқаулықта жанғыш газға қатысты қауіпсіздік нұсқаулары бар; www.delonghi.com сайтында қолжетімді |
Жиі қойылатын сұрақтар - Tasciugo AriaDry Multi DEX214RF DEXD214RF DELONGHI
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы Tasciugo AriaDry Multi DEX214RF DEXD214RF DELONGHI
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Ылғал тартқыш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз Tasciugo AriaDry Multi DEX214RF DEXD214RF - DELONGHI және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. Tasciugo AriaDry Multi DEX214RF DEXD214RF брендінің DELONGHI.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ Tasciugo AriaDry Multi DEX214RF DEXD214RF DELONGHI
Құрылғыларды дайындау туралы нұсқаулар








1.1 Аймақта жасалатын тексерулер
Тұтанғыш салқындату агентін қамтитын жүйелерде жұмыс істеуді бастамас бұрын, тұтану қаупі төмен екеніне көз жеткізу үшін қауіпсіздік тексерулерін жүргізу қажет. Тоңазыту жүйесін жөндеу үшін, жүйеде жұмысты бастамас бұрын төмендегі алдын алу шаралары орындалуы керек.
1.2 Жұмыс процедурасы
Жұмыс істеліп жатқан кезде тұтанғыш газ немесе бу болу қаупін азайту мақсатында бақыланатын процедура бойынша алдын алу жұмыстары орындалады.
1.3 Жалпы жұмыс аймағы
Барлық техникалық күтім жасау қызметкерлері мен жергілікті аймақтағы басқа да жұмысшыларға орындалатын жұмыстың табиғатына қарай нұсқау беріледі. Шектеулі аймақтарда жұмыс істеуге жол берілмейді. Жұмыс істеу кеңістігінің айналасындағы аймақ оқшауланады. Осы аймақтағы жағдайлардың тұтанғыш материалдардан қорғалғанына көз жеткізіңіз.
1.4 Салқындату агентінің бар-жоғын тексеру
Жұмыс істеу алдында және барысында аймақ тиісті салқындатқыш агент анықтайтын құралмен тексеріледі, осылайша техникалық қызметкер тұтануы мүмкін аймақтарды біліп отырады. Пайдаланылып жатқан газ қашып тұрған жерді анықтау құрылғысы тұтанғыш салқындату агенттері үшін пайдалануға арналған, яғни, олар от жарқылын шығармайды, дұрыс тығыздалып қапталған нағыз қауіпсіз құрылғы болып табылады.
1.5 Өрт сөндіргіштің болуы
Салқындату құрылғысымен немесе оған байланысты кез келген бөлшекпен ыстық нәрсемен жұмыс орындалуы қажет болса, талаптарға сәйкес өрт сөндіру жабдықтары қол астында болуы керек. Құрғақ ұнтақ немесе CO² өрт сөндіргіші жұмыс істейтін аймақтан алыс болмауы керек.
1.6 Тұтану көздерінің болмауы
Құрамында тұтанғыш газы бар немесе болған кез келген түтікпен жұмыс істеуге тура келетін салқындату жүйесіне қатысты орындалатын жұмысты орындаушы кез келген қызметкер тұтандыру көзін өртенуге немесе жарылуға себеп болатындай жолмен пайдаланбайды. Шылым тарту сияқты ықтимал тұтандыру көздері құрылғыны орнату, жөндеу, шығарып тастау кезінде жеткілікті қашықтықта алшақ жерде болуы керек, ондай кезде тұтанғыш салқындату газы шығып, қоршаған ортаға таралуы мүмкін. Жұмысты орындамас бұрын, құрылғының айналасындағы аймақта өртену немесе тұтану қауіп-қатерін тұғызатын нәрселердің бар-жоғына көз жеткізу үшін тексерілуі керек. «Шылым тартуға болмайды» деген ескерту белгілерін іліп қою керек.
1.7 Желдетілетін аймақ
Жүйені ашпас немесе кез келген ыстық болуы мүмкін жұмысты орындамас бұрын аймақтың ашық жерде немесе оның дұрыс желдетілетініне көз жеткізіп алу керек. Жұмыс істелу барысында желдету деңгейі сақталуы керек. Желдету жүйесі кез келген шығатын салқындатқыш газды қауіпсіз жолмен таратып, сыртқы атмосфераға араластырып жібергені жөн.
1.8 Салқындату құрылғысын тексеру жұмыстары
Электрлік құрамдас бөлшектер ауыстырылып жатқан жерде оларды қажетті
мақсатқа сай және дұрыс техникалық сипаттамадағыларын орнату керек. Барлық уақыттарда өнім жасаушысының техникалық күтім және қызмет көрсету нұсқаулары орындалуы керек. Егер күдіктенсеңіз, өнім жасаушысының техникалық бөлімшесінен көмек сұраңыз. Тұтанғыш салқындату газын пайдаланып орнатылатын құрылғыларға мына тексеру жұмыстары жүргізілуі керек: – салқындату құрылғысы қамтитын бөлшектер орнатылып жатқан бөлме көлемі мен толтыру мөлшері сай болуы керек;
– желдету құрылғысы мен саңылаулары дұрыс жұмыс істеп жатуы және оларға кедергі келмеуі керек; – егер тікелей емес салқындату түтіктері пайдаланылып жатса, қосымша айналым түтіктерінде салқындату газының бар-жоғы тексерілуі керек; - құрылғыдағы белгілер көрінетін және айқын болуы керек. Айқын емес белгілер мен таңбалар қалпына келтірілуі керек; - салқындату түтігі немесе құрамдас бөлшектер салқындату газы бар бөлшектерді шірітетін нәрсеге шықпайтын жерге орнатылуы (сол құрамдас бөлшектер шіруден қорғайтын заттармен қапталмаған және шіруден дұрыс қорғалмаған жағдайда) керек.
1.9 Электрлік құрылғыларды тексеру жұмыстары
Электрлік құрамдастарға жасалатын жөндеу және техникалық қызмет көрсету жұмыстарына ішкі қауіпсіздікті тексеру және құрамдас бөлшекті тексеру процедуралары да кіруі керек. Қауіпсіздікке нұқсан келтіретін ақаулық болса, ол жойылмайынша құрылғыға ешбір электр тогы берілмеуі керек. Егер ақаулық дереу түзетілмесе, бірақ жұмыс істетуді жалғастыру қажет болса, тиісті уақытша шешім қолданылады. Бұл құрылғының иесіне хабарлануы және барлық тараптар бір-бірлерімен кеңесулері керек.
Ішкі тексеруге мыналар жатады:
- конденсаторлар босатылған: бұл жарқыл шығудың алдын алу үшін
ерекше әдіспен орындалады; - толтыру, қайта толтыру немесе жүйені үрлеу барысында тогы бар құрамдас бөлшектер мен желілер болмауы керек; - жерге қосу желісі дұрыс болуы керек.
2 ТЫҒЫЗДАЛҒАН ҚҰРАМДАС БӨЛШЕКТЕРДІ ЖӨНДЕУ
2.1 Тығыздалған құрамдас бөлшектерге жасалатын жөндеу жұмыстары барысында тығыздалған қақпақты кез келген алу және т.б. бұрын барлық берілетін электр қуаттары жұмыс істелетін құрылғыдан ажыратылады. Қызмет көрсету барысында құрылғыға электр қуатын беру расында қажет болса, қауіпті жағдай туындатуы мүмкін ең маңызды жерге газ қашатын жерді анықтауға арналған құрылғы уақытша орнатылуы керек.
2.2 Электрлік құрамдас бөлшектермен жұмыс істеу арқылы корпустың қорғау деңгейі төмендейтіндей етіп зақымданбағанын тексеру мақсатында төмендегі нәрселерге ерекше назар аудару керек. Мұндай зақымдануға кабельдердің зақымдануы, жалғанған кабельдердің тым көптігі, бастапқы техникалық сипаттамаға сәйкес келмейтін терминалдар, тығыздауыштардың зақымдануы, темірлердің дұрыс орнатылмауы және т.б. жатады.
Құрылғының мықты орнатылғанын тексеріңіз. Тығыздауыштар мен тығыздауыш материалдарының тозбағанына көз жеткізіңіз, олар тұтанғыш заттардың атмосфераға шығуына жол бермейтін қасиетін жоғалтпауы керек. Қосалқы бөлшектер өнім жасаушысының ұсыныстарына сай болуы керек.
ЕСКЕРТПЕ: силикон тығыздауыш пайдаланылса, кейбір шыққан газды анықтау құрылғыларының жұмысы тиімсіз болуы мүмкін. Негізінде қауіпсіз құрамдас бөлшектерді олар жұмыс істегенге дейін окшаулауға болмайды.
Рұқсат етілген кернеуден аспайтынына және қолданылып жатқан құрылғының ток күшінен аспайтынына көз жеткізе отырып, кез келген тұрақты индукциялық немесе ауқымды ток күшін қолданбаңыз. Нағыз қауіпсіз құрамдас бөлшектер тұтанғыш газды қамтитын атмосферада пайдалана беруге болатын түрдегі бөлшектер болып табылады. Тексеру аппараты дұрыс номиналда болуы керек. Құрамдастарды тек өнім жасаушысы көрсеткен бөлшектермен ғана ауыстырыңыз. Басқа бөлшектер ауаға таралған салқындатқыш газдың тұтануына себеп болуы мүмкін.
4 КАБЕЛЬДЕР
Кабельдер жүйесінің тозбағанын, шірімегенін, оларға шамадан тыс қысым түсіп тұрмағанын, дірілдейтін, өткір немесе кез келген қажайтын нәрсеге тиіп тұрмағанын тексеріңіз. Тексеру кезінде уақыт өтудің әсерлері немесе компрессорлар немесе желдеткіштер сияқты үздіксіз дірілдейтін нәрселер әсерінің бар-жоғы да ескерілуі керек.
Салқындатқыш газдың шыққанын тексеру үшін ешқашан тұтануға себеп болуы мүмкін нәрсені пайдаланбаңыз. Галогенді шамды (немесе кез келген жалаң от пайдаланылатын анықтағыш құралды) пайдалануға болмайды.
Тұтанғыш салқындату газдарын қамтитын жүйелер үшін төмендегідей газдың шығуын анықтау әдістері жарамсыз деп есептеледі.
Тұтанғыш салқындатқыш газдарды анықтау үшін электрондық құрылғылар пайдаланылады, бірақ олардың сезгіштігі сәйкес емес немесе оларды қайта реттеу қажет болуы мүмкін. (Анықтау құрылғысы салқындатқыш газ таралмаған аймақта реттеледі.) Анықтағыштың тұтануға себеп болатын нәрсе емес екеніне және оның салқындатқыш газды анықтауға жарайтынына көз жеткізіңіз. Газдың шыққанын анықтайтын құрылғы салқындатқыш газдың тұтану шегінің пайыздық мөлшеріне орнатылады және белгілі бір газ түріне реттеледі және газдың тиісті пайыздық мөлшері (25% – ең көбі) расталады. Газдың шыққанын анықтайтын сұйықтықтар салқындатқыш газдардың көбісін анықтауға жарамды, бірақ құрамында хлоры бар сұйық затты пайдалануға жол берілмейді, себебі хлор салқындатқыш газбен реакцияға түсіп, мыстан жасалған түтіктерді шірітуі мүмкін.
Егер газ шығып тұр деп күдіктенсеңіз, барлық жалаң от көздерін алып тастау/өшіру қажет.
Егер табылған газ шығып тұрған жерді дәнекерлеу қажет болса, салқындатқыш газдың барлығы жүйеден шығарылады (жабу клапандарының көмегімен) немесе шығып тұрған жерден алысырақ жүйенің бір бөлігіне оқшауландырады. Одан кейін, дәнекерлеу барысында және одан бұрын құрамында оттегі жоқ азот (OFN) жүйе бойымен үрленеді.
Салқындатқыш газ түтіктерін жөндеу үшін немесе кез келген мақсатпен ашқан кезде, шарттық процедуралар пайдаланылады. Дегенмен, ең жақсы тәжірибені ескеру керек, себебі тұтану деген нағыз қауіпті фактор болып табылады. Мына процедуралар орындалады:
- салқындатқыш газды шығарыңыз;
- айналым түтігін инертті газбен үрлеңіз;
- толығымен босатыңыз;
- инертті газбен айналым түтігін қайтадан үрлеңіз;
- түтікті кесу немесе дәнекерлеу арқылы ашыңыз.
Салқындатқыш газ тиісті баллондарға құйылады. Құрылғыны толық қауіпсіз ету
үшін жүйе оттегісіз азотпен «шайылады». Осы процесті бірнеше рет қайталау қажет болады. Осы тапсырма үшін сығылған ауа немесе оттегі пайдаланылмайды. Шаю үшін жүйедегі вакуумды бұзып, оған оттегісіз азотты жұмыс істеу қысымына дейін тоқтатпай толтырыңыз, одан кейін барлығын ауаға шығарып жіберіңіз және соңында вакуумды қалпына келтіріңіз. Бұл процесс жүйеде салқындатқыш газ қалмағанша қайталана береді. Соңғы оттегінсіз азот мөлшері пайдаланылған кезде, жұмыс істеуге мүмкіндік беру үшін жүйедегі вакуум атмосфера қысымына дейін төмендетіледі. Түтіктерді дәнекерлеу қажет болса, осы әрекеттерді орындау өмірлік қауіптің алдын алатын маңызды нәрсе болып табылады. Вакуум сорғысының шығу тесігі тұтану көздерінен алыс екеніне және бөлмеде желдету жүйесі жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізіңіз.
8 ТОЛТЫРУ ПРОЦЕДУРАЛАРЫ
Шартты толтыру процедураларымен қоса, төмендегі талаптар да орындалуы керек.
- Газ толтыру құрылғысын пайдаланған кезде әр түрлі салқындатқыш газдардың бүлінбегенін тексеріңіз. Шлангілер мен түтіктердің ішіндегі газ мөлшері аз болуы үшін оларды неғұрлым қысқа етіңіз.
- Баллондар тігінен қойылады.
- Салқындату жүйесін салқындатқыш газбен толтырмас бұрын жерге дұрыстап қосып алыңыз.
- Толтыру аяқталған кезде (егер әлі толмаған болса), жүйеге белгі жабыстырып қойыңыз.
- Салкындату жүйесін шамадан тыс толтырып алмас үшін аса мұқияттылық қажет болады.
Жүйені қайта толтырмас бұрын оның қысымы оттегінсіз азотпен тексеріледі. Толтырылған соң, жүйеден газдың шықпай тұрғаны тексеріледі, бірақ бұл пайдалануға берілмес бұрын орындалады. Аймақтан кетпес бұрын соңғы рет газдың еш жерден шықпай тұрғаны тексеріледі.
9 ҚОЛДАНЫСТАН ШЫҒАРУ
Осы процедураны орындамас бұрын, техникалық маманның осы құрылғымен және оның барлық егжей-тегжейлерімен таныс болуы өте маңызды болып табылады. Барлық салқындату газдарын қауіпсіз әдіспен қайта толтыру үшін жақсы тәжірибені пайдалану ұсынылады. Орындалатын тапсырманы бастамас бұрын, қайта пайдаланылатын салқындату газын қайта пайдалану алдында май және салқындату газының үлгісі талдауға алынады. Тапсырманы жалғастырмас бұрын электр қуатының болғаны – өте маңызды.
a) Құрылғымен және оның жұмысымен танысыңыз. b) Электр жүйесін жақсылап оқшаулаңыз. c) Жалғастырмас бұрын мыналарға көз жеткізіңіз: қажет болса, салқындату газының баллондарын пайдалануға арналған механикалық қолдану жабдықтары қол жетімді болуы керек; барлық жеке басты қорғау жабдықтары қолжетімді және дұрыс пайдаланылып жатыр; қайта толтыру процесін білікті маман барлық уақытта бақылайды; қайта толтыру жабдығы мен баллондары тиісті стандарттарға сай. d) Қажет болса, салқындату газы жүйесін сорғымен тартыңыз. e) Егер вакуум жасау мүмкін болмаса, коллектор жасаңыз, сол кезде салқындату газы жүйенің әр түрлі бөліктерінен шығады. f) Қайта толтырмас бұрын баллонды міндетті түрде таразыға қойып өлшеп алыңыз. g) Қайта толтыру құрылғысын өнім жасаушысының нұсқауларына сай іске қосыңыз. h) Баллондарды шамадан тыс толтырмаңыз. (Сұйық күйінде 80 % мөлшерінен аспасын). i) Баллонның ең жоғарғы жұмыс істеу қысымын тіпті уақытша да асырмаңыз. j) Баллондар дұрыс толтырылған соң және процесс аяқталған соң,
баллондар мен құрылғының аймақтан дұрыс алыстатылғанына көз жеткізіңіз және құрылғыдағы барлық оқшаулау клапандарының жабылғанын тексеріңіз.
k) Қайта толтырылған салқындату газын басқа салқындату жүйесіне алдымен тазаланбайынша және тексерілмейінше құя салуға болмайды.
10 ЖАПСЫРМАМЕН БЕЛГІЛЕУ
Құрылғыға оның қолданыстан шығарылғаны және салқындату газынан босатылғаны туралы мәлімдеме жазылған жапсырма жабыстырылады. Жапсырмада күн мен қолтаңба болады. Құрылғыда тұтанғыш газ бар екені жазылған жапсырманың бар жоғын тексеріңіз.
11 ҚАЙТА ТОЛТЫРУ
Қызмет көрсеткенде де, қолданыстан шығарғанда да салқындату газын жүйеден шығарып жатқан кезде, барлық салқындату газын қауіпсіз жолмен шығарып алу үшін жақсы тәжірибені пайдалану ұсынылады. Салқындату газын баллондарға тасымалдау кезінде тек тиісті салқындату газын қайта толтыруға арналған баллондарды пайдаланыңыз. Жүйедегі газ мөлшері сыятын баллондар санының бар екеніне көз жеткізіңіз. Пайдаланылатын барлық баллондар қайта құйылатын салқындату газына арналған болуы және оларда сол салқындату газына қатысты мәлімет жапсырмасы болуы қажет (яғни, қайта толтырылатын салқындату газына арналған арнайы баллондар). Баллондар қысым шығару клапанымен және қатысты жабу клапандарымен мұқият ретпен толтырылады. Қайта толтыру қажет болған жағдайда қайта толтыруға арналған бос баллондар толығымен босатылады және, қажет болса, салқындатылады. Қайта толтыру жабдығы жұмысқа жарамды жақсы күйде болуы және құрылғыға қатысты нұсқаулар жиынтығы қол астында болуы және түтанғыш салқындату газдары туралы болуы керек.
Сонымен қатар, калибрленген өлшеу таразылары жұмысқа жарамды қалпында қол астында болуы керек. Шлангілер газ шығармайтын ажырату жұптарымен және жарамды күйде болуы керек. Қайта толтыру құрылғысын пайдаланбас бұрын оның жұмысқа жарамды екеніне, оған дұрыс техникалық күтім жасалғанына және салқындату газы шыққан жағдайда оның сыртқа шығуына жол бермеу үшін қатысты электрлік құрамдас бөлшектерінің дұрыс тығыздалғанына көз жеткізіңіз. Күдігіңіз болса, өнім жасаушысымен хабарласыңыз. Қалпына келтірілген салқындату газы салқындату газын берушіге тиісті қайта толтыру баллонына құйылған күйде және жақсы ұйымдастырылған түрде қоқысты тасымалдау туралы ескертпеге сай қайтарылады. Салқындату газдарын қайта толтыру құрылғыларының ішінде, әсіресе баллондардың ішіне араластырмаңыз. Егер компрессорларды немесе компрессор майларын алу керек болса, түтанғыш салқындату газы жағармай құрамында қалмағанына көз жеткізу мақсатында майды қолайлы деңгейге дейін босатыңыз. Босату процесі компрессорды жабдықтаушыға жеткізбес бұрын орындалады. Осы процесті тек компрессордың корпусына электрлік қызуды қолдану арқылы тездетуге болады. Жүйеден майды шығаратын кезде, оны абайлап шығару керек.
Оларды кез келген келесі пайдаланушыға жіберіңіз.
Бұл нұсқаулықты PDF форматында да мына жерден алуға болады:
www.delonghi.com
