ZFV729K - сорғыш ZANUSSI - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз ZFV729K ZANUSSI PDF форматында.
| Өнім түрі | Сорғыш |
| Бренд | Zanussi |
| Модель | ZFV729K |
| Қолдану | Үй ішіндегі |
| Басқару түрі | Сенсорлық |
| Жылдамдықтар саны | 4 (1-ші, 2-ші, 3-ші, максималды) |
| Жарықтандыру | LED |
| Hob²Hood функциясы | Иә (инфрақызыл байланыс пеш үстімен) |
| Сүзгі хабарландыруы | Иә (май және көмір) |
| Май сүзгісі | Ыдыс жуғышта жууға болады (қысқа цикл, төмен температура) немесе қолмен |
| Көмір сүзгісі | Жууға болмайды, 4 ай сайын ауыстырылады |
| Пеш үстіне минималды қашықтық | 65 см |
| Электрмен қоректену | 220-240 V, 50 Hz |
| Ұсынылатын тазалау | Жұмсақ шүберек, жылы су, жұмсақ жуғыш зат |
| Максималды уақытша жылдамдық | 5 минуттан кейін автоматты түрде өшіру, алдыңғы параметрге оралу |
| Шамды ауыстыру | Тек білікті маманмен |
| Негізгі қауіпсіздік ережелері | Сорғыштың астында жалындатпаңыз, тек берілген бұрандаларды пайдаланыңыз |
| Тұрақты күтім | Май сүзгілерін ай сайын тазалаңыз |
Жиі қойылатын сұрақтар - ZFV729K ZANUSSI
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы ZFV729K ZANUSSI
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз сорғыш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз ZFV729K - ZANUSSI және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. ZFV729K брендінің ZANUSSI.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ ZFV729K ZANUSSI
Пештің сорғыш қондырғысы 133 | Қолдану туралы нұсқаулар
Zanussi компаниясына қош келдіңіз! Құрылғымызды таңдағаныңызға рақмет.

Пайдалану туралы ақпаратты, кітапшаларды, ақаулықты жою құралы, қызмет көрсету және жөндеу туралы ақпаратты мына жерден алыңыз: www.zanussi.com/support
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
МАЗМҰНЫ
Құрылғыны орнатып іске қосар алдында бірге жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Дұрыс орнатпау немесе пайдаланбау нәтижесінде орын алған жарақат немесе зақымға өндіруші жауапты емес. Нұсқаулықтарды кейін қарап жүру үшін әрқашан қауіпсіз және қол жетімді жерде сақтаңыз.
1.1 Балалар мен әлсіз адамдардың қауіпсіздігі
Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен дене, сезім не ақыл-ой қабілеттері шектеулі не тәжірибесі аз адамдар өз қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамның қадағалауы не құрылғыны қауіпсіз қолдану бойынша берген нұсқауына сүйеніп, дұрыс қолданбау салдарын түсінсе, онда қолдануына болады. 8 жасқа толмаған балалар мен мүмкіндіктері өте шектеулі мүгедек адамдарды басқалар қадағаламаған жағдайда құрылғыдан алыс ұстау керек.
Балалардың құрылғымен ойнамауын қадағалау керек.
- Барлық орам материалдарын балалардан алыс ұстап, қоқысқа тиісті түрде тастау керек.
- Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда, балалар мен үй жануарларын алыс ұстаңыз.
- Балалар құрылғыны жөндеу және тазалау жұмыстарын бақылаусыз орындамауы керек.
1.2 Жалпы қауіпсіздік
- Бұл құрылғы үйде пештердің, тағам пісіргіштердің және сол тәрізді басқа да пісіру құралдарының үстіне орналастырып қолдануға арналған.
- Бұл құрылғы ішкі ортада бір отбасының тұрмыстық пайдалануына арналған.
- Бұл құрылғыны кеңселерде, қонақүй бөлмелерінде, төсек және таңғы ас қамтамасыз етілетін қонақ бөлмелерінде, ферма үйлерінде және мұндай пайдалану (орташа) тұрмыстық пайдалану деңгейлерінен аспайтын басқа ұқсас тұрғын жайда пайдалануға болады.
- Кандай да бір жөндеу жұмысын орындамас бұрын құрылғыны қуат көзінен ажыратыңыз.
- САҚТЫҚ ЕСКЕРТУ: Алмалы бөлшектерді пісіру құрылғыларымен бірге пайдаланғанда ысып кетуі мүмкін.
- Құрылғымен бірге жеткізілген бекіту бұрандаларын ғана қолданыңыз, егер жеткізілмесе, орнату нұсқауларында ұсынылған бұрандаларды пайдаланыңыз. Құрылғыны орнату талаптарына сәйкес ыңғайлы және қауіпсіз жерге орнатыңыз.
- ЕСКЕРТУ: Бұрандалар немесе бекіту құрылғысы осы нұсқауларға сәйкес орнатылмаса, ток соғу қауіптеріне әкелуі мүмкін.
- Құрылғыны бекіту үшін желімдерді пайдаланбаңыз. • Табалар қойылған пештің беті мен құрылғының төменгі бөлігіне дейінгі ең аз қашықтық, пешке немесе
құрылғыға арналған орнату нұсқауларында өзгеше көрсетілмесе, кем дегенде 65 см болуға тиіс.
- Ауаны шығару жергілікті нормативтік актілердің талаптарына сәйкес келуі керек.
• Газ немесе басқа жанармай қолданатын құрылғылардан, сонымен қатар ашық оттан бөлінетін газдар бөлмеге қайта кірмес үшін, құрылғы орнатылған бөлменің жақсы желдетілуін қамтамасыз етіңіз.
- Желдету саңылауларының бітеліп қалмағанын және құрылғы жинаған ауа басқа құрылғылардан келетін түтін мен буды тартатын жүйеге (орталықтан жылыту жүйелері, термосифондар, су жылытқыштар және т.б.) тасымалданбағанын тексеріңіз.
• Құрылғы басқа құрылғылармен бірге іске қосылғанда, бөлмедегі ең үлкен вакуум 0,04 мбар-дан аспау керек.
- Қосылым кабеліне ешбір зақым келтірмеңіз. Зақымдалған желілік кабельді ауыстыру үшін уәкілетті қызмет көрсету орталығына немесе электр маманына хабарласыңыз.
• Құрылғы қуат көзіне тура қосылған болса, құрылғыны электр желісінің барлық полюстерінен ажыратуға мүмкіндік беретін тұйықтағыш құрылғымен жабдықталуы керек. Тоқтан толық айыру жұмыстарын Ⅲ-ші асқын кернеу санатында көрсетілген жағдайларға сай іске асыру керек. Ажырату құралын сымдарды өткізу ережелеріне сай бекітілген сымдарға біріктіру керек.
- Құрылғының астына фламбе тәсілімен ас пісіруге болмайды.
- Қауіпті немесе жарылғыш материалдарды және буларды пайдаланбаңыз.
- Кұрылғының бетіндегі материалдың сапасы түспес үшін жұмсақ шүберекпен мезгіл-мезгіл тазалаңыз.
- Кұрылғының бетін тазалау үшін бумен тазалау құралын, сулы спрейді, қатты жеміргіш заттарды немесе өткір темір құралдарды пайдаланбаңыз. Бейтарап жуғыш заттарды ғана қолданыңыз.
- Өрт шықпас үшін май жинайтын сүзгілерді (кемінде 2 айда бір рет) және құрылғыға жиналған майларды тазалаңыз. • Кұрылғының ішін шуберекпен тазалаңыз.
2. КАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
2.1 Орнату

ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу, электр қатері, күйіп қалу, өрт қаупі, құрылғыны бүлдіріп алу қаупі бар.
- Осы құрылғыны тек білікті маман ғана орнатуға тиіс.
- Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе іске қоспаңыз.
- Кұрылғымен бірге жеткізілген орнату нұсқауларын орындаңыз.
- Кұрылғы ауыр болғандықтан, орнынан жылжытқан кезде әрқашан абай болыңыз. Әрқашан қауіпсіздік қолғабы мен бітеу аяқ киім киіңіз.
- Кұрылғыны орнатпас бұрын барлық орам материалдарын, жапсырмасын және қорғаныш үлдірін алыңыз.
- Ауа тартқыш құрылғыны, егер қабырға орнатуға арнайы рұқсат берілмесе, онда орнатпаңыз.
2.2 Электр тоғына қосу

ЕСКЕРТУ!
Өрт және электр қатеріне ұшырау қаупі бар.
- Электр тоғына қосу жұмыстарының барлығын білікті электрші ғана іске асыруы керек.
- Техникалық ақпарат тақтасындағы параметрлердің негізгі қуатпен жабдықтау желісіндегі электр параметрлеріне сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
- Егер ( ) белгішесі техникалық ақпарат тақтайшасында жазылмаса, құрылғыны жерге тұйықтау қажет.
- Әрқашан дұрыс орнатылған, соққыға төзімді розетканы қолданыңыз.
- Электр сымдарының оратылуына жол бермеңіз.
- Көп тармақты адаптер мен ұзартқыш сымды қолданбаңыз.
- Егер розетка бекітілмеген болса, ашаны жалғамаңыз.
- Құрылғыны ажырату үшін электр сымынан тартпаңыз. Әрдайым қорек ашаны қолмен тартып шығарыңыз.
- Ток жүріп тұрған және гидроизоляциясы бар бөлшектерді электр қатерінен қорғау үшін құралсыз алынбайтын етіп мықтап орнату керек.
- Құрылғының дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз. Бос әрі дұрыс емес электр желісінің сымы ағытпаны тым ысытып жіберуі мүмкін.
- Құрылғыны орнатқаннан кейін қосыңыз. Орнатып болғаннан кейін электр желісіне қол жеткізуге болатынына көз жеткізіңіз.
2.3 Пайдалану

Жарақат алу, күйіп қалу, электр қатеріне ұшырау қаупі бар.
- Бұл тек тағам пісіруге арналған құрылғы. Құрылғыны басқа мақсатта қолданбаңыз. • Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын өзгертпеңіз. • Құрылғыны дымқыл қолдармен немесе суға тиіп тұрғанда пайдаланбаңыз.
- Тек құрылғымен бірге қамтамасыз етілген аксессуарларды ғана пайдаланыңыз. • Тамақты тонмайға немесе майға пісіріп, қуырғанда қызған заттарды немесе оттың жалынын алыс ұстаңыз.
- Ашық электр грильдерін пайдаланбаңыз.
- Құрылғыны сақтау орны үшін пайдаланбаңыз.
- Құрылғының жарығына тікелей қарау үшін үлкейткіш әйнекті, дүрбіні немесе басқа да оптикалық құралдарды пайдаланбаңыз.
- Егер құрылғы басқа құрылғылармен жұмыс істесе, ең көп түзілетін қысым 4 Па (4x10–5 бар) шамасынан аспауы керек.
2.4 Сервис
• Құрылғыны жөндеу үшін уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Тек қана фирмалық қосалқы бөлшектерді қолданыңыз. - Осы өнімнің ішіндегі шам(дар) мен шамдардың қосалқы бөлшектері жеке сатылады: Бұл шамдар температура, діріл, ылғалдылық сияқты төтенше физикалық жағдайларға тұрмыстық
құрылғылардың қарсы тұруына немесе құрылғының жұмыс жағдайы туралы сигнал беруге арналған. Олар басқа қолданбаларда пайдалануға арналмаған және тұрғын үйлерді жарықтандыруға сәйкес келмейді.
2.5 Қоңысқа тастау

Жарақат алу немесе тұншығып қалу қаупі бар.
- Құрылғыны утилизациялау жолы туралы ақпарат алу үшін муниципалды органға хабарласыңыз. • Құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз.
- Құрылғыға жақын орналасқан электр сымын кесіп, қоқысқа тастаңыз.
3. НҰСҚАУЛЫҚ

ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
3.1 Орнату нұсқаулары

Құрылғыны орнату туралы толық ақпарат алу үшін жеке ұсынылған орнату кітапшасын қараңыз.
Бірінші жылдамдық/Өшірулі Мотор бірінші жылдамдық деңгейіне ауысады. Екінші рет басқан кезде құрылғы өшіріледі.
| Функция Сипаттамасы | |
| 2 | Екінші жылдамдық Мотор екінші жылдамдық деңгейіне ауысады. |
| 3 | Ушінші жылдамдық Мотор үшінші жылдамдық деңгейіне ауысады. |
| 4 | Максималды жылдамдық Мотор максималды жылдамдыққа ауысады. |
| 5 | Сүзгі туралы хабарландыру Көмір сүзгісін ауыстыру не тазалау және май сүзгісін тазалау қажет екенін еске салады. |
| 6 | Шам Шамдарды қосады және өшіреді. |
5. КҮНДЕЛІКТІ ҚОЛДАНУ
Төмендегі кестеге сәйкес ұсынылған жылдамдықты тексеріңіз.
| 0|1 | Тамакты жылытканда, какпақ жабылған ыдысты қолданып пісіргенде. |
| 2 | Бірнеше пісіру аймақтарында немесе оттықтарда қақпағы жабық ыдыста тамақ пісіргенде, баппен құырғанда. |
| 3 | Көп мөлшердегі тағамдарды қақпақсыз қайнатқанда және құырғанда, бірнеше пісіру аймағында немесе оттықтарда пісіргенде. |
| Улкен мөлшердегі тағамдарды қақпақсыз қайнатқанда және құырғанда, ылғалдылық көп. 5 минуттан кейін құрылғы алдыңғы параметрге қайта оралады. |

Тағамды пісіргеннен кейін ауа тартқыш құралды шамамен 15 минут қосып қоюға кеңес беріледі.

Бақылау панелі — сенсорлық өріс. Түтін тартқышты пайдалану үшін, тура ортасындағы таңбаны кемінде 1 секунд бойы түртіңіз.
Ауа тартқыш құралды пайдалану үшін:
- 0|1 таңбасын басу арқылы құрылғыны қосыңыз. Енді функцияларды белсендіре аласыз.
- Функцияны белсендіру үшін таңбаны түртіңіз.

Түтін шығарғыштың шамы басқа түтін шығарғыш функцияларынан тәуелсіз жұмыс істейді. Пісіру бетін жарықтандыру үшін құймесін түртіңіз.
Құрылғыны сөндіру үшін таңбасын қайта басыңыз.
5.2 Hob² Hood функциясы
Бұл пешті ауа тартқыш құралға жалғайтын автоматты функция. Пеш пен ауа тартқыш құрал екеуі де инфрақызыл сигнал коммуникаторымен жабдықталған. Желдеткіштің жылдамдығы режим параметрі мен пештің үстіндегі ең ыстық ыдыстың температурасы бойынша автоматты түрде анықталады. Сондай-ақ
пешті қолмен басқарып ауа тартқышты қоса аласыз. Бұл функцияны пештің панелі арқылы іске қосуға болады.

Функцияны пайдалануға қатысты толық ақпаратты пеш үстінің пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз.
5.3 Қозғалтқыштың ең жоғарғы жылдамдығын іске қосу
Түймесін басқанда, қозғалтқыштың ең жоғарғы жылдамдығы 5 минуттың ішінде жұмыс істей бастайды. Осы уақыттан кейін, құрылғы алдыңғы жылдамдық параметріне оралады.

Функция іске қосылғанда, құймесін қайта түрткен жағдайда ешқандай өзгеріс болмайды.
5.4 Сүзгі туралы хабарландыру
Сүзгінің ескерту сигналы көмір сүзгісін ауыстыру не тазалау және май сүзгісін тазалау қажет екенін еске салады. Май сүзгісін тазалау керек болса, сүзгінің индикаторы түстермен 30 секунд бойы жанады. Көмір сүзгісін ауыстыру не
тазалау қажет болса, сүзгінің индикаторы
түстермен 30 секунд бойы жыпылықтайды.

«Күтім көрсету және тазалау» тарауындағы «Май сүзгісін тазалау» тармағын қараңыз.

Күтім мен тазалау тарауында көмір сүзгісін тазалау немесе ауыстыру туралы қараңыз.
Функцияны қалпына келтіру үшін түймесін 3 секунд бойы түртіңіз.
Функцияны белсендіру немесе ажырату үшін:
- Баскару панелін қосыңыз. Такта қосулы екенін тексеріңіз.
- Функцияны белсендіру үшін түймесін 3 секунд бойы түртіңіз.
Функция белсендірілсе, сүзгі белгішесі түстермен бес рет жыпылықтайды.
- Функцияны ажырату үшін түймесін 3 секунд бойы түртіңіз.
Функция өшірілсе, сүзгі белгішесі ⚫️ секунд бойы түстермен жыпылықтайды.
6.1 Тазалау туралы ескертпелер
Жуғыш заттар
Абразивті жуғыш заттарды және щеткаларды пайдаланбаңыз.
Құрылғының бетін жұмсақ шүберекпен, жылы сумен және жұмсақ жуғыш затпен тазалаңыз.
Әзірлеуден кейін құрылғының кейбір бөліктері қызуы мүмкін. Дақтарды болдырмау үшін құрылғыны салқындатып, таза шүберекпен немесе қағаз сүлгілермен құрғату керек.
Дақтарды жұмсақ жуғыш затпен тазалаңыз.
Түтін шығарғышты таза ұстаңыз
Құрылғыны және май сүзгілерін ай сайын тазалаңыз. Ішіндегі және май сүзгілеріндегі майды мұқият тазалаңыз. Жиналған май немесе басқа қалдық өртке әкелуі мүмкін.
Сүзгі туралы хабарландыру қосулы кезде аксессуарларды тазалау туралы нұсқауларды орындаңыз. «Күнделікті пайдалану» тарауындағы «Сүзгі туралы хабарландыру» бөлімін қараңыз.
Май сүзгілерін ыдыс жуу машинасында жууға болады.
Ыдыс жуғыш машинада төмен температураны және қысқа циклді орнату керек. Май сүзгісінің түсі өзгеруі мүмкін, бұл құрылғының жұмыс істеуіне әсер етпейді.
Көмір сүзгісі
Көмір сүзгісінің толу уақыты тағам пісірудің түрі мен май сүзгісінің қаншалықты жиі тазаланғанына байланысты болады.
6.2 Май сүзгісін тазалау
Екі май сүзгісі бар. Біреуі құрылғының астында және екіншісі алдыңғы жағында орналасқан.
Сүзгілерді орнату үшін қарама-қарсы жақтарында қысқыштар мен қадауштар пайдаланылған.
Сүзгіні тазалау үшін:
- Ашу үшін қақпақты тартыңыз.

- Ауа тартқыш құралдың астындағы сүзгі панеліндегі бекіту қысқышының ұстағышын басыңыз (1).

- Сүзгінің алдыңғы жағын төмен қарай аздап еңкейтіңіз (2), содан кейін тартыңыз.
Барлық сүзгілер үшін алғашқы екі қадамды қайталаңыз.
- Сүзгілерді жеміргіш емес жуғыш заттарды қолданып жөкемен немесе ыдыс жуғыш машинада тазалаңыз.
Ыдыс жуғыш машинада төмен температураны және қысқа циклді орнату керек. Май сүзгісінің түсі өзгеруі мүмкін, бұл құрылғының жұмыс істеуіне әсер етпейді.
- Сүзгіні қайта орнына қою үшін алғашқы екі қадамды керісінше орындаңыз. Қажет болса, барлық сүзгілер үшін қадамдарды қайталаңыз.
6.3 Көмір сүзгісін ауыстыру - міндетті емес

ЕСКЕРТУ!
Көмір сүзгісін жууға болмайды!

Сүзгімен бірге берілген парақшаны қараңыз.
Сүзгіні ауыстыру үшін:
- Май сүзгілерін құрылғыдан шығарып алыңыз. Осы тараудағы «Май сүзгілерін тазалау» бөлімін қараңыз.
- Слоттағы алдыңғы жиекті сүзгінің төменгі бөлігіне қарай басыңыз. Сүзгінің алдыңғы жағын төмен қарай аздап еңкейтіңіз. Екі көмір сүзгісі бар. Біреуі құрылғының астында және екіншісі алдыңғы жағында орналасқан.

- Жаңа сүзгіні орнату үшін осы қадамдарды керісінше орындаңыз. Кез-келген жағдайда сүзгілерді кем дегенде төрт ай сайын ауыстыру керек.
6.4 Шамды ауыстыру
Құрылғы LED шамымен жабдықталған. Бұл бөлікті техник ғана ауыстырады. Ақаулық орын алған жағдайда "Қауіпсіздік нұсқаулары" тарауындағы "Қызмет көрсету" бөлімін қараңыз.
7. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ

ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
Мәселе Ықтимал себебі Шешім
| Құрылғыны белсендіру мүмкін емес. | Құрылғы куат көзіне қосылған жоқ немесе теріс қосылған. | Құрылғының электр жүйесіне дұрыс қосылғанын тексеріңіз. |
| Құрылғыны белсендіру мүмкін емес. | Сақтандырғыш қүйіп кеткен. Ақаулыққа сақтандырғыштың себеп болмағанын тексеріңіз. Сақтандырғыш қайта-қайта қүйіп кете берсе, білікті электр маманына хабарласыңыз. | |
| Шам жұмыс істемей түр. Шамда ақау бар. Шамды ауыстырыңыз. «Қүтіп ұстау және тазалау» тарауын қараңыз. | ||
| Құрылғы буды жеткілікті түрде тартпайды. | Қозғалтқыш жылдамдығы пайда болған буларға сәйкес көлмейді. | Қозғалтқыштың жылдамдығын өзгертіңіз. |
| Сүзгінің ескерту сигналының индикаторы қосулы. | Сүзгінің ескерту сигналы қосулы. Май сүзгісі тазалануы немесе көмір сүзгісі (міндettі емес) ауыстырылуы не тазалануы қажет. | «Қүнделікті пайдалану» тарауындағы «Сүзгі туралы хабарландыру» бөлімін қараңыз. |
Белгі салынған материалдарды қайта өңдеуден өткізуге тапсырыңыз. Орам материалдарын қайта өңдеуден өткізу үшін тиісті контейнерлерге салыңыз. Электрлік және электроникалық құрылғылардың қалдығын қайта өңдеуден өткізу арқылы, қоршаған ортаға және адамның денсаулығына зиян келтіретін
жағдайларға жол бермеуге өз үлесіңізді қосыңыз. Белгі қалынған құрылғыларды тұрмыстық қалдықтармен бірге тастамаңыз. Өнімді жергілікті қайта өңдеу орталығына өткізіңіз немесе жергілікті мекемеге хабарласыңыз.