GTA 560 Professional - Ара BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз GTA 560 Professional BOSCH PDF форматында.
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Ара PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз GTA 560 Professional - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. GTA 560 Professional брендінің BOSCH.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ GTA 560 Professional BOSCH
Қауіпсіздік нұсқаулары u Құрылғыда реттеу жұмыстарын орындаудан немесе керек-жарақтарды алмастырудан бұрын ашаны розеткадан шығарыңыз және/немесе аккумуляторды электр құралынан шығарып алыңыз. Электр құралының кездейсоқ іске қосылуы кебір сәтсіз оқиғалардың себебі болады. u Электр құралын орнатудан алдын жұмыс үстелін дұрыс құрыңыз. Бұзылу қауіпін болдырмау үшін ақаусыз жинақтау маңызды болып табылады. u Электр құралын пайдаланудан бұрын жұмыс үстеліне берік бекітіңіз. Электр құралының жұмыс үстелінде сырғып кетуі бақылауды жоғалтуға алып келуі мүмкін. u Жұмыс үстелін тұрақты, тегіс және көлденең бетке қойыңыз. Егер жұмыс үстелі сырғитын немесе тербелетін болса, дайындаманы бір қалыпты және сенімді басқару мүмкін болмайды. u Жұмыс үстеліне қатты жүктеме түсірмеңіз және оны саты немесе тірек ретінде пайдалабаңыз. Жұмыс үстеліне қатты жүктеме түсіру немесе үстінде тұру жұмыс үстелінің салмақ орталығы артып, аударылуына алып келуі мүмкін. u Дайындаманы ара төсеміне күшпен қыстырмаңыз. Электр құралын пайдалану кезінде тым көп қысым қолданылса, жұмыс үстелі аударылып қалуы мүмкін. u Жұмыс кезінде бүкіл бұрандалар мен қосылым элементтері нық тартылғанына көз жеткізіңіз. Бос қоспалар тұрақсыздық және тура емес аралау әдістеріне алып келуі мүмкін. u Ұзын және ауыр дайындамалардың жұмыс үстелін тең салмақтылықтан шығармағанына көз жеткізіңіз. Ұзын және ауыр дайындамалар бос басында басылып тірелуі керек. u Жұмыс үстелін жинау немесе ажырату кезінде саусақтарыңызды топсаларға жақын әкелмеңіз. Саусақтар жаншылуы мүмкін. Еуразия экономикалық одағына (Кеден одағына) мүше мемлекеттер аумағында қолданылады
Bosch Power Tools 1 609 92A 4PC | (22.01.2019)42 | Қазақ – тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады – босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды пайдалануға рұқсат берілмейді. – тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ 15150 (5шарт) құжатын оқыңыз.
– құрғақ жерде сақтау керек – жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің әсерінен алыс сақтау керек – сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан қорғау керек – сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін МЕМСТ 15150 (Шарт 1) құжатын қараңыз Импортерге қатысты байланыс ақпарат өнім қаптамасында көрсетілген.
Төмендегі белгілер жұмыс үстелін пайдалануда маңызды болуы мүмкін. Белгілер мен олардың мағыналарын жаттап алыңыз. Белгілерді дұрыс түсіну сізге жұмыс үстелін дұрыс әрі сенімді пайдалануға көмектеседі. Белгі Мағынасы Жұмыс үстелінің максималды жүк көтергіштігі (электр құралы + дайындама) 60 кг болады. Өнім және қуат сипаттамасы Мақсаты бойынша қолдану Жұмыс үстелі төмендегі Bosch стационарлық араларын орнатуға арналған (тірек 2019.01): – GTS635-216 (3601M420..) Электр құралымен бірге жұмыс үстелі тақталар мен профильдерді асуға арналған. Көрсетілген құрамды бөлшектер Суреттегі құрамдастар нөмірлері нұсқаулық басындағы графикалық беттердегі кескіндерге негізделген. (1)
(2) Қапсырма құлпы (3) Негізгі жақтау (4) Жұмыс үстелінің аяғы (5) Биіктігі реттелетін аяқ (6) Қатпарлы гайка (7) Бекіту жинағы (8) Электр құралының корпус жақтауы Техникалық мәліметтер Жұмыс үстелі GTA 560 Өнім нөмірі 3 601 M22 700 Жұмыс үстелінің биіктігі мм 564 Макс. көтергіштігі (электр құралы + дайындама)
Жеткізілім жиынтығы Жұмыс үстелін орнатудан бұрын төменде келтірілген барлық бөліктердің жинақта болғанын тексеріңіз: – Негізгі жақтау (3) – Жұмыс үстелінің аяғы (4) (2 жұп; 1 аяқтың биіктігі
– Бекіту жинағының (7) құрамында: Ішкі алты қырлы бұрандалар, M8 x 30 (4 дана) Бекіткіш гайкалар, M8 (4 дана) Жеткізілім жиынтығынан тыс қажетті құралдар: – Алты қырлы дөңбек кілт (5 мм) – Гайка кілті (13 мм) Жұмыс үстелін монтаждау (A1 − A2 суреттерін қараңыз) – Жинақтағы барлық бөліктерді абайлап орауыштан
– Барлық орауыш материалдарын алып тастаңыз. – Қапсырма құлпын (2) ашып, негізгі жақтауларды (3) бір-бірінен тартып алыңыз. – Жұмыс үстелінің аяқтарын (4) негізгі жақтаудың (3) төрт қырлы құбырларына монтаждық саңылаулар бір сызықта тұрғанша енгізіңіз. – Жұмыс үстелінің аяқтарын және негізгі жақтауларды бекіту жинағындағы (7) бұрандалармен және гайкалармен бұрап бекітіңіз. Электр құралын бекіту (B1 − B2 суреттерін
– Жұмыс үстелін тұрақты, тегіс және көлденең бетке қойыңыз. Биіктігі реттелетін аяқ (5) жұмыс үстелін туралауға көмектеседі. Қатпарлы гайканы (6) босатып, аяқты (5) жұмыс үстелі тегіс тұрғанша бұрап кіргізіңіз немесе шығарыңыз. Қатпарлы гайканы қайтадан мықтап тартыңыз. – Электр құралын негізгі жақтаудың ортасына орнатыңыз. Бұл ретте тіреуіштер (1) қолданылады. – Қапсырма құлыптарының (2) екеуінің де қапсырмаларын корпус жақтауының (8) үстінен тіркеп, электр құралын бекіту үшін қапсырма құлпының иінтірегін төмен қайырыңыз. 1 609 92A 4PC | (22.01.2019) Bosch Power ToolsRomână | 43
Пайдалану нұсқаулары Жүмыс үстелін артық жүктемеңіз. Жұмыс үстелінің максималды жүк көтерімділігін ескеріңіз. Дайындаманы, оның ұзын, ауыр бөлігін әрдайым қатты ұстаңыз. Дайындаманы ажыратқан соң салмақ орталығы өзгеріп, жұмыс үстелі аударылуы мүмкін. Тасымалдау (C1 − C3 суреттерін қараңыз) u Жұмыс үстелін жинау немесе ажырату алдында электр құралы жұмыс үстеліне орнатылып тұрмауы тиіс. Тасымалдау үшін жұмыс үстелін жинауға болады. – Қапсырма құлпын (2) ашып, электр құралын шығарып
– Жұмыс үстелін жинаңыз. – Қапсырма құлыптарының (2) қапсырмаларын негізгі жақтаудың (3) басқа жағының үстінен тіркеп, иінтіректі бекіту үшін қапсырма құлпын төмен қайырыңыз. Техникалық күтім және қызмет Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
Қызмет көрсету шеберханасы өнімді жөндеу және күту, сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Жарылу сызбалары мен қосалқы бөлшектер туралы мәліметтерді төмендегі мекенжайда табасыз: www.bosch-pt.com Bosch бағдарламасы кеңес тобы біздің өнімдер және олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру кезінде міндетті түрде өнімдің зауыттық тақтайшасындағы 10-санды өнім нөмірін жазыңыз. Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету барлық мемлекеттер аумағында тек “Роберт Бош” фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.
Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау
Қазақстан Республикасы
Муратбаев к., 180 үй “Гермес” БО, 7 қабат Тел.: +7 (727) 331 31 00 Факс: +7 (727) 233 07 87 E-Mail: ptka@bosch.com Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау пунктерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті ақпаратты Сіз: www.bosch-professional.kz ресми сайттан
Notice-Facile