ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ CareStyle Compact Pro IS 2565 BRAUN
Демо-бейнелер үшін келесі QR кодын сканерлеңіз
Осы аспапты пайдаланардан бұрын нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз.
Абай болыңыз: Осы аспаптың қуаты өте жоғары болғандықтан, үйдегі электр қуатының жеткілікті екеніне көз жеткізіңіз. Электр желісінің импедансының 0,404 Ом мәнінен жоғары емес екеніне көз жеткізу үшін электр қуатымен жабдықтайтын жергілікті компанияға хабарласыңыз.
Сипаттамасы
3 iCare режимінің индикаторы 4 Турбо режимінің индикаторы 5 Тігінен жаңалау режимінің индикаторы 6 Тазалау түймесі/Тазалау жүйесінің жарық, диод шамы 7 Бу түймесі 8 Бекіту жүйесі 9 Қосарлы сым/Сақтау орны 10 Қуат сымы/Сақтау орны 11 Алмалы су сауыты 12 Үтік қойғыш 13 Тұғыр 14 Сауытты тазалау
Қолданылу мақсаты
Бұл аспап күтіп ұстау заттаңбасына сәйкес үтіктеуге жарайтын киім-кешекті ғана үтіктеу үшін пайдаланылуға тиіс. Сонымен қатар аспапты киімді жаңалау үшін пайдалануға болады. Киіп жүрген киімді ешқашан үтіктеуге немесе булауға болмайды.
Аспаптың розеткадан суырылғанына көз жеткізіңіз. Пайдалану барысында кез келген уақытта су сауытына су құюға болады. Бұл аспап құбыр суымен пайдаланылатын етіп жасалған. Дегенмен, егер сіз тұратын аймақтағы су кермек болса, не тазартылған суды не болмаса минералсыздандырылған суды пайдаланған дұрыс. Кір кептіретін машинада жиналған суды қолданбаңыз.
(B) Іске қосу
(Толық мәліметті В-суреттен қараңыз)
Үтіктеуге кіріспес бұрын киімді күтіп ұстау бойынша нұсқауларды зейін қойып оқыңыз.
☒ деген таңбасы бар маталарды үтіктеуге болмайды.
Үтіктеу нәтижесі барынша жақсы болуы үшін бумен үтіктегеннен кейін соңғы бірнеше рет үтікпен бусыз басыңыз.
Бірінші рет қолданар алдында
(Толық мәліметті В-суреттен қараңыз)
Бірінші рет бу дайын болғанда, киімді үтіктің зауыттан қалып қойған қалдықтары былғамас үшін бірнеше минут бойы үтіктеуді ұсынамыз.
(C) Параметрлер
Аспап токқа қосылған кезде iCare режимі автоматты түрде таңдалады.
Жүн, полистер және мақтадан жасалған заттарды үтіктеуге қолайлы.
Режим түймесін (1) басу арқылы басқа 3 параметр мына ретпен көрінеді:
turbo + (ең көп бу)
Мақта/зығыр және джинси сияқты күшті буды қажет ететін материалдардан жасалған заттарды үтіктеуге қолайлы.
Тігінен жаңалау

Перделер мен ілулі киім-кешекті жылдам жаңалау үшін аса қолайлы. Үтіктеуге арналған тақтайсыз-ақ тез әрі оңай жаңалап шығады.
Ескертпе: Тігінен жаңалау режимі таңдалған сайын сорғыдан болмашы дыңғырлаған дыбыс шығады. Бұл қалыпты жағдай.
eco eco
Синтетика, жібек және аралас материалдар сияқты нәзік заттарды үтіктеуге қолайлы. Бұл режимде қуат үнемдеу мүмкіндігі бар.
(D) Автоматты түрде өшу функциясы
(Толық мәліметті D-суреттен қараңыз)
Егер 10 минуттан кейін бу шықпаса, осы функция іске қосылады.
- Үтік автоматты өшіру режимінде тұрғанда, таңдалған параметрге қатысты белгіше жыпылықтай бастайды.
- Қуат тұтыну көлемін азайту үшін үтік өшеді.
- Үтіктеуді жалғастыру үшін режим, тазалау немесе бу түймесін басыңыз.
Қайтадан үтіктеуге кіріспес бұрын параметрге қатысты белгіше үздіксіз жанғанша күтіңіз.
(E) Әкті кетіру
(Толық мәліметті E-суреттен қараңыз)
Қандай судың пайдаланылатынына қарамастан, жүйе оны үнемі қақтан тазартып отыру керектігін есіңізге салады. Жүйе тарапынан көрсетілмесе де, қақтан тазартуды керек болғанда кез келген уақытта іске асыруға болады.
Егер үтіктеу барысында тазалау шамы (6) және дыбыстық белгі іске қосылса, үтіктеуді жалғастыруға болады. Тазалауды дереу іске асыру қажет емес. Тазалау процедурасын үтіктеуді аяқтағаннан кейін немесе аспапты келесі жолы токқа қосқан кезде іске асыруға болады.
Егер тазалауды іске асырмастан аспапты токтан суырып қойса, оны келесі жолы токқа қосқан кезде, тазалау шамы мен дыбыстық белгі қайтадан іске қосылады. Егер үтіктен бу шықпаса және мынадай шарттар болған кезде: тазалау жарық диоды «іске қосулы» болса, температура реттегіш жарық диод «жыпылықтап» тұрса және дыбыстық сигнал «естіліп» тұрса, үтіктеуді жалғастыру үшін міндетті түрде тазалау процесін іске асыру қажет.
Абай болыңыз: Қақтан тазарту барысында аспапты назардан тыс қалдыруға болмайды.
Қақтан тазартуды әрқашан да тазалау сауытының (14) көмегімен іске асыру керек. Үтікті тазалау сауытынан жоғары көтеру арқылы тазалауды үзіп тастауға болмайды, себебі үтіктің табанынан ыстық су мен бу шығуы мүмкін.
Абай болыңыз: Тазалау сауыты ыстық болуы мүмкін және онда ыстық су болады, оны қозғаған және босатқан кезде сақ болыңыз.
(F) Үтіктегеннен кейін
(Толық мәліметті F-суреттен қараңыз)
Күтіп ұстау және тазалау
Тазалар алдында үнемі құрылғының өшіріліп, куат кезінен ажыратылып, толық суығанына кез жеткізіп алыңыз.
Бекіту жүйесі
Тасымалдау ыңғайлы әрі сақтауға оңай болуы үшін аспап бекіткіш жүйемен (8) жарақталған. Аспапты бекітілген үтіктің тұтқасынан ұстап көтеруге немесе алып жүруге болмайды.
ЕСКЕРТПЕ: Тасымалдаудан бұрын үтіктің дұрыс бекітілгеніне және әбден суығанына көз жеткізіңіз.
Сақтауға қою
Токтан суырыңыз да, сымды сақтауға қою үшін ораудан (9, 10) бұрын аспап суығанша күтіңіз (үтіктің табаны ыстық болады).
Кепілдік және қызмет көрсету
Егжей-тегжейлі ақпаратты бөлек кепілдік және қызмет көрсету парақшасында қараңыз немесе www.braunhousehold.com сайтына кіріңіз.
Шығарылған жылы
Шығарылған жылын белгілеу үшін бұйым тақташасындағы 5-сандық шығарушы кодын қараңыз. Шығарушы кодының бірінші саны шығарған жылдың соңғы санын білдіреді. Келесі 2 сандар шығарылған жылдың күнтізбелік апта санын білдіреді. Ал соңғы 2 сандар 1992 жылдан бастап автоматты түрде есептелген басып шығару мерзімін білдіреді. Мысалы: 30421 – Бұйым 2013 жылының 4 аптасында шығарылған.

| Улгі | IS 2561, IS 2565, IS 2577 |
| Кернеу 220 – | 240 В |
| Герц 50-60 Гц | |
| Ватт | 2400 Вт |
| Сақтаушарттары: | температура:+5 °C және +45 °Сылғалдылық: < 80% |
Қытайда жасалған
Германия Заңды өндіруші:
Бұйымды іске пайдалану нұсқаулығына сәйкес өз мақсатында пайдалану керек. Бұйымның қызмет мерзімі тұтынушыға сатылған күннен бастап 2 жылды құрайды.
Импортер:
«Делонги» ААҚ, Ресей, 127055,
Москва қаласы, Сущёвская көшесі,
27/3-үй (27-үй, 3-құрылым)
Сақталу мерзімі: Шектелмеген
Арылу жағдайлары: Қоршаған ортаны қорғау талаптарына сәйкес
Тасымалдау жағдайлары: Тасымалдау кезінде құлатып алуға немесе шамадан тыс шайқалтуға болмайды.
Сату жағдайлары: Сату жағдайларын өндіруші көрсетпеген, бірақ олар жергілікті, мемлекеттік және халықаралық ережелер мен стандарттарға сай болуға тиіс
Өндіруші зауыт:
De'Longhi Braun Household GmbH, Carl-Ulrich-Strasse 4, 63263 Neu Isenburg, Germany
| АҚАУЛЫҚ smokeлғыл СЕБЕБІ ШЕШІМІ |
| Аспаптан бу шықпайды | Утіктеу сеансын бастаған кезде бу түймесі жеткілікті уақытқа басылмаған | Бу түймесін бу шыққанша басып ұстан тұрыңыз. Бу шыққанша 30 секундқа дейін уақыт кетуі мүмкін |
| Су сауытындағы судың мөлшері жеткіліксіз | Су сауытына су кую |
| Егер тазалау жүйесінің шамы жанса, бу функциясы тазалау іске асырылмай тұрып өшірілген | Тазалау процедурасын іске асыру (арнайы тарауды қараңыз) |
| Утік қызып кетеді | Таңдалған режиминдикаторышамы жыпылықтаптүрғанкездеүтікқызады; осыкездебуфункциясыажыратулыб олады. Шамы үздіксіз жанғанша күтіңіз. |
| Бу шығып жатқан кезде жүйеден дірілге байланысты сораптаған дыбыс шығады | Егер су сауыты толы болса – бүл қалыпты жұмыс күйі | Ештеңе істеудің керегі жоқ |
| Су сауыты босап қалған | Жүйенің тоғын өшіріп, розеткадан суырыңыз да, су сауытына су құйыңыз. Бу шыққанша бу түймесін басып тұрыңыз. |
| Утік табанынан су тамшылары шығады | Буды алғаш рет пайдалана бастағанда немесе оны үзак ұакыт бойы қолданбағанда, құбыршекте жиналған бу суға айналады | Бүл қалыпты жағдай. Утікті киімнен алыс ұстан тұрып, бу түймесін басыңыз. Утік табанынан судың орнына бу шыққанша күте тұруі |
| Су сауыты босап қалған | Жүйенің тоғын өшіріп, розеткадан суырыңыз да, су сауытына су құйыңыз. |
| Утіктеу барысында үтіктің табанынан ақ түйіршіктер мен қоксық шығады | Құбырдан ағатын су тым кермек | Егер құбыр суы кермек болса, не тазартылған суды не болмаса минералсыздандырылған суды пайдалануды ұсынамыз |
| Судағы химиялық заттектердің қоксығы бу шығатын тесіктерге және (немесе) үтіктің табанына шөгеді | Жүйе тарапынан талап етілмесе де, тазалау процедурасын үнемі іске асыру |
| Утік табанынан су шашырайды | Тазалау функциясы кездейсок іске қосылып кеткен | Аспапты өшіріп, розеткадан ашасын суырыңыз. Утікті тазалау сауытына қойыңыз да, токқа қосып, тазалау процедурасын толық іске асыру (арнайы тарауды қараңыз) |
| Аспапты алғаш рет токқа жалғаған кезде, түтін / иіс шыққаны байқалады | Утіктің кейбір бөлшектері тығыздағыш материалдармен/ майлармен өнделген, сондықтан үтік бірінші рет қосылғанда сол заттар буланып шығады | Бүл қалыпты жағдай және үтік бірнеше рет қолданылғаннан кейін тоқтайды. Егер аспап өшіріліп, суығаннан кейін де түтін/иіс шықса, Braun түтынушыларға қызметі көрсету орталығына хабарласу |
| Шамдардың барлығы жыпылықтап түр | Жүйе қателігі. | Утікті тоқтан суырыңыз да, токқа қайта қосыңыз. Егер бүл мәселе әлі де шешілмесе, аспапты дерев өшіріп, Braun Тутынушыларды қолдау орталығына хабарласу |