ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ Serie 4 BGS21CAR BOSCH
Пайдаланушы нұсқаулықтар 63
Қосымша ақпарат пен түсініктемелерді интернеттен таба аласыз. Титулдық беттегі QR кодын сканерлеңіз.
■ Бұл нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз. ■ Нұсқаулықты және өнім мәліметтерін келешекте пайдалану үшін сақтап қойыңыз. ■ Құрылғыны тасымалдау зақымдары болғанда қоспаңыз.
Құрылғыны тек төмендегідей пайдаланыңыз:
■ түпнұсқа бөлшектермен және керек-жарақтармен бірге. Кепілдік бөгде өнімдерді пайдаланудан туындаған зақымдарды қамтымайды. ■ үстіңгі беттерді тазалау үшін. ■ жеке үй-жайларда және үйдегі жабық бөлмелерде бөлме температурасында. ■ теңіз деңгейінен 2000 м биіктікке дейін.
Құрылғыны мына әрекеттер үшін пайдаланбаңыз:
■ адамдардан немесе жануарлардан шаң сору үшін. ■ денсаулыққа зиянды, өткір қырлы, ыстық немесе қызып тұрған заттектерді сору үшін. ■ ылғалды немесе сұйық заттектерді сору үшін. ■ оңай жанып кететін немесе жарылғыш заттектер мен газдарды сору үшін. ■ пештерден және орталық жылыту жүйелерінен күл мен күйені соруға арналған. ■ принтерлер және көшіргіштерден тонер шаңын сору үшін. ■ құрылыс қоқысын сору үшін.
Құрылғыны мына жағдайларда қуат көзінен ажыратыңыз:
■ құрылғыны тазалау кезінде.
Бұл құрылғыны жасы 8-дегі және одан үлкен балалардың, сонымен қатар қозғалу, сезу және ойлану мүмкіндіктері шектелген және/немесе жеткілікті білімі жоқ тұлғалардың пайдалануына тек оларды біреу қадағалаған жағдайда немесе осы құрылғыны қауіпсіз пайдалану нұсқауларымен таныс болса және дұрыс пайдаланбау салдарынан қандай қауіптердің орын алатынын түсінетін болса ғана пайдалануларына болады.
Балаларға осы құрылғымен ойнауға рұқсат етпеңіз.
Балаларға ересектер қадағалауынсыз тазалау және алдын алу қызметі үшін орындалатын әрекеттерді орындауға рұқсат етпеңіз.
▶ Құрылғыдағы жөндеу жұмыстарын тек білікті мамандар орындай алады. ▶ Құрылғыны жөндеу үшін тек түпнұсқа бөлшектері ғана пайдаланылуы мүмкін.
Қауіпсіздік
▶ Осы бұйымның желі кабелі бұзылып зақымданған күйде болса, қауіптердің пайда болуын болдырмау үшін, оның шығарушы немесе техникалық қызмет көрсету орталығының маманы арқылы, немесе осыларға ұқсас арнайы білімі бар адам тарабынан ауыстырылуы қажет.
▶ Тек қана зақымдалған құрылғыны пайдаланыңыз.
▶ Құрылғыны ешқашан сызылған немесе бұзылған беттермен пайдаланбаңыз.
▶ Құрылғыны электр желісінен ажырату үшін желілік кабельден тартуға тыйым салынады. Желіге қосу кабелінің ашасынан тартыңыз.
▶ Құрылғыны желілік кабельден тартуға немесе тасымалдауға тыйым салынады.
▶ Құрылғы немесе желілік кабель зақымданған жағдайда, желі кабелінің ашасын розеткадан дереу шығарып алыңыз немесе сақтандырғыш блогындағы сақтандырғышты өшіріңіз.
▶ Қолдау көрсету қызметіне хабарласыңыз. → 66-бет
▶ Құрылғыны тек жабық бөлмелерде пайдаланыңыз.
▶ Құрылғыға қатты жылудың немесе ылғалдың тиюіне жол бермеңіз.
▶ Құрылғыны тазалау үшін булап тазартқыш немесе жоғары қысымды булап тазартқышты пайдаланбаңыз.
▶ Еш жағдайда желі кабелін ыстық құрылғы бөліктеріне немесе жылу көздеріне тигізбеңіз.
▶ Желі кабелін өткір ұштарға немесе шеттерге тигізбеңіз.
▶ Желі кабелін бүкпеңіз, баспаңыз немесе өзгертпеңіз.
▶ Бұйымды тек қана бұйым тақташасында көрсетілген мәліметтер бойынша іске қосып қолданыңыз.
▶ Тұтанғыш немесе құрамында спирт бар заттарды сүзгіге қолданбаңыз.
▶ Құрылғыны тазалаған кезде жанғыш немесе спиртті заттарды қолданбаңыз.
▶ Киім, шаш, саусақ және басқа дене мүшелерін құрылғыдағы саңылаулардан және жылжымалы бөліктерден алшақ ұстаңыз.
▶ Еш жағдайда құбырды немесе саптамаларды көзге, шашқа, құлаққа немесе ауызға бағыттамаңыз.
▶ Сатыда тұрып шаң сорған кезде, құрылғы астында адамдардың жоқтығына көз жеткізіңіз.
Жұмыста үзіліс жасаған кезде құрылғыны өшіріп, желілік ашаны суырып алыңыз.
Желілік кабельді ішке тартыңыз. Кабель автоматты түрде тартылғанда, желілік аша адамдарға, дене мүшелеріне, жануарларға немесе заттарға лақтырылмағанына көз жеткізіңіз. ▶ Орама материалды балалардан алыс ұстаңыз. ▶ Балаларға орам материалдарымен ойнауға рұқсат етпеңіз.
Материалдық залалдың алдын алу
▶ Құрылғыны еш жағдайда шлангісінен ұстап тасымалдамаңыз. Табандарда тозған жерлердің бар-жоғын жүйелі түрде тексеріп тұрыңыз. ▶ Тозған саптамаларды алмастырыңыз. ▶ Еш жағдайда құрылғыны қозғалтқыштың қорғаныш сүзгісінсіз пайдаланбаңыз. ▶ Еш жағдайда құрылғыны үрлеп шығару сүзгісінсіз пайдаланбаңыз.
Жеткізілім жиынтығы
Жеткізіп алған соң барлық бөлшектерді тасымалдау зақымдарын және жинақ толығына тексеріңіз.
→Cyp. 1
A Жылжымалы манжетасы бар телескоптық құбыр 1 B Тұтқа C Шланг D Ауыстырып қосуға болатын еден саптамасы 1 E Қатты еден саптамалары 1 F Турбосаптама 1 G Құрама саптама H Шланг ұстағышы 1 I Матрас саптамасы 1
Шолу
→Cyp. 2
1 Ауыстырып қосуға болатын еден саптамасы 1
2 Жылжымалы манжетасы бар телескоптық құбыр 1 3 Тұтқа 1 4 Желілік кабель 5 Тасымалдау тұтқасы 6 Қуат реттегіші және ажыратқыш 7 Шланг ұстағышы 1 8 Орналастыру көмекші құралы 9 Шланг 10 Артқы қақпақ 11 Шаң контейнері 1
Құрылғыны басқару
Графикалық нұсқауды орындаңыз.
Құрылғыны монтаждау және бөлшектеу
→Cyp. 3 - 7
Құрылғыны басқару
→Cyp. 8 - 13
Тазалау және күтім көрсету
Графикалық нұсқауды орындаңыз.
Ескертпе: Шаң контейнерінің сүзгісін контейнерді босатқан сайын тазалау ұсынылады (бірақ айына кемінде бір рет тазалау керек).
Шаң контейнерінің сүзгісін тазалау
→Cyp. 17 - 22
Шаң контейнерін тазалау
→Cyp. 23 - 28
Үрлеп шығару сүзгісін тазалау
→Cyp. 29 - 36
Урлеп шығару сүзгісінің төсемін тазалау
→Cyp. 29 - 35
Ақауларды жою
▶ Құрылғыдағы жөндеу жұмыстарын тек білікті мамандар орындай алады. ▶ Құрылғыны жөндеу үшін тек түпнұсқа бөлшектері ғана пайдаланылуы мүмкін. Осы бұйымның желі кабелі бұзылып зақымданған күйде болса, қауіптердің пайда болуын болдырмау үшін, оның шығарушы немесе техникалық қызмет көрсету орталығының маманы арқылы, немесе осыларға ұқсас арнайы білімі бар адам тарапынан ауыстырылуы қажет.
Ақаулық, ақаулардың себебі және оларды жою
| Сініру куаттылығы азаяды. | Саптама, телескопиялық түтік немесе түтік бітеліп қалған.1. Құрылғыны бөлшектеңіз.2. Кептелісті тазалаңыз. |
| Шаң контейнері толық1. Шаң контейнерінің толтыру деңгейін тексеріңіз.2. Қажет болса, шаң контейнерін босатыңыз. |
| Лас шаң контейнерінің сүзгісі.1. Құралды өшіріңіз.2. Шаң контейнерінің сүзгісін тазалаңыз. |
| Урлеу сүзгісі ластанған.► Урлеу сүзгісін тазалаңыз. |
| Турбо саптама щеткасы айналмайды. | Қылқалам ролик лас.► Қылқалам роликті тазалаңыз. |
| Сору куаты тым кем.► Қуат реттегішін максималды сору куатына бұраңыз. |
Ескі құрылғыны кәдеге жарату
Құрылғыны қоршаған ортаны сақтайтын жолмен кәдеге жаратыңыз. Ағымдағы кәдеге жарату жолдары туралы мәліметтерді мамандандырылған дүкеннен және қоғамдық немесе қалалық әкімшіліктен біліп алыңыз.

Бұл тоңазытқыш Электр және электроникалық құралдардың қалдықтарына (WEEE) қатысты 2012/19/EU (ЕО) Еуропа заңнамасына сәйкес келетін таңбасымен белгіленген. Бұл заңнама Еуропада құралдардың қалдықтарын қайтып алуын және қоршаған ортаны қорғап кәдеге жаратуын реттейді.
Сервистік қызмет көрсету
Еліңіздегі кепілдік мерзімі мен кепілдік шарттары туралы толық ақпарат алу үшін қоса берілген қызмет көрсету контактісі мен кепілдік шарттары құжатындағы QR кодын пайдаланыңыз, тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына, елдегі сатушыларға хабарласыңыз немесе веб-сайтымызға кіріңіз.
Тұтынушыларға қызмет көрсету орталығының байланыс мәліметтерін QR кодын пайдалану арқылы қоса берілген тұтынушыларға қызмет көрсету контактілері мен кепілдік шарттары құжатында немесе веб-сайтта табуға болады.
Импорттаушы/ Сапа шағымдарын қабылдайтын ұйым: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Қажы Мұқан көш, 22/5, 7 қабат
Құрылғының қызмет ету мерзімі – 7 жыл.
Ақаулық анықталған жағдайда,
Қазақстан Республикасы аумағында
5454 сервистік байланыс орталығына қоңырау шалыңыз (тек ұялы телефондар үшін).