PerfectCare 8000 Series PSG8140 - темір PHILIPS - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз PerfectCare 8000 Series PSG8140 PHILIPS PDF форматында.
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз темір PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз PerfectCare 8000 Series PSG8140 - PHILIPS және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. PerfectCare 8000 Series PSG8140 брендінің PHILIPS.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ PerfectCare 8000 Series PSG8140 PHILIPS
Осы затты сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош келдіңіз! Philips ұсынатын қолдауды толық пайдалану үшін өнімді www.philips.com/welcome веб- сайтында тіркеңіз. Маңызды ақпарат Қосымша пайдалану құжаттамасын Құрылғыны пайдалану алдында бөлек маңызды ақпарат парақшасын және осы пайдаланушы нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз. Құжаттардың екеуін де болашақта анықтама алу үшін сақтап қойыңыз. Бұл құрылғы тек үйде пайдалануға арналған. Кез келген коммерциялық қолданыс, дұрыс пайдаланбау немесе нұсқауларды орындамау жағдайында өндіруші ешқандай жауапкершілікті қабылдамайды және кепілдік қолданылмайды. Қауіпті жағдайлар
- Ешқашан үтікті немесе бу шығарушыны суға батырмаңыз.
- Құралды қосар алдында, құралда көрсетілген вольтаж, жергілікті қамтамасыз етілетін вольтажға сәйкес келетіндігін тексеріп алыңыз.
- Егер құралдың шанышқысы, сымы, буы қосыла берілетін шлангы немесе құралдың өзі көзге көрінетін зақым алған болса, немесеқұралды түсіріп алған болсаңыз, құралмен қолданбаңыз.
- Егер сым немесе буы қосыла берілетін шланг сынған болса, қауіпті жағдай туғызбас үшін, оны тек Philips немесе Philips әкімшілігі берген қызмет орталығында немесе сондай деңгейі бар маман ғана оларды алмастыруы тиіс.
- Құрал токқа қосылып тұрғанда, оны бақылаусыз қалдыруға болмайды.
- Құралды қауіпсіз түрде пайдалану жөнінде нұсқау алған, біреудің қадағалауымен қауіпсіз пайдаланған жағдайда және құралды пайдалануға қатысты қауіп- қатерлер түсіндірілген жағдайда, осы құралды 8 жасқа толған және одан үлкен балалар, сондай-ақ мүмкіндігі мен ойлау қабілеті шектеулі, білімі мен тәжірибесі аз адамдар пайдалана алады.
- Балалардың құралмен ойнауына жол
- Тығын тек техникалық сипаттамалары ұқсас розеткаға қосылуы керек.
- Розеткаға жалғамас бұрын, қуат сымын толығымен тарқатып алыңыз.
- Үтіктің түпқоймасы және астыңғы табаны өте ыстық болуы мүмкін, сондықтан оны қолмен ұстағанда, күйдіруі мүмкін. Егер бу генераторын жылжыту керек болса, түпқойманы ұстамаңыз.
- Үтіктеп болғанда, үтікті тазалағанда, бу генераторын толтырып немесе босатып жатқанда, сондай-ақ үтікті тіпті қысқа уақытқа болса да қараусыз қалдырғанда, үтікті түпқоймасына қойыңыз, өшіріңіз және қуат сымын қабырғадағы розеткадан ажыратыңыз.
- Құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз да, күйік шалмас үшін кемінде екі сағат бойы суытыңыз. «Тазалау және техникалық қызмет көрсету» тарауындағы нұсқауларға сәйкес бу генераторын қақтан тазалап немесе Calc-Clean рәсімін тұрыңыз.
- Хош иісті суды, кептіргіштен алынған суды, сірке суын, крахмалды, қақ түсіру заттарын, үтіктеу заттарын, химиялық түрде қағы түсірілген суды немесе басқа химикаттарды пайдаланбаңыз, өйткені олар судың шашырауына, қоңыр дақтарға әкелуі не құрылғыны зақымдауы мүмкін.
- Бұл құрал тек үйде қолдануға жасалған. Электромагниттік өрістер (ЭМӨ) Осы Philips құрылғысы электромагниттік өрістерге қатысты барлық қолданыстағы стандарттар мен ережелерге сәйкес келеді.
- Бұл таңба осы өнімнің қалыпты тұрмыстық қоқыспен бірге утилизацияланбауы қажет екенін білдіреді (2012/19/EU). - Электр және электрондық өнімдердің қалдықтарын бөлек жинау жөніндегі еліңіздің ережелерін сақтаңыз. Қоқысқа дұрыс тастау қоршаған ортаға және адам денсаулығына тиетін зиянды әсердің алдын алуға көмектеседі. Кепілдік және қолдау Егер сізге ақпарат немесе қолдау қажет болса, www.philips.com/support сайтына кіріңіз немесе бөлек дүниежүзілік кепілдік парақшасын оқыңыз.
- Қосылып тұрғанда немесе суып жатқанда, құрал мен қуат сымын жасы сегізде немесе сегізге толмаған балалардың қолы жетпейтін жерге қою керек.
- Балаларға ересек адамның қадағалауымен ғана құралды тазартуға, қақтан тазалауға немесе Calc-Clean рәсімін орындауға рұқсат етіледі.
- Тоқ сымын және буы қосыла берілетін шлангты үтіктің астыңғы табаны ысып тұрғанда тигізуге болмайды.
- Қақтан тазалау және Calc-Clean рәсімін орындау алдында құралды электр желісінен ажыратыңыз да, күйік шалмас үшін кемінде екі сағат бойы суытыңыз.
- Бу генераторы әлі ыстық немесе қысым астында болса, EASY DE-CALC тұтқасын қолданып жатқан уақытта ашпаңыз және бу генераторынан шешпеңіз.
- Құрылғыны қыздырған кезде EASY DE- CALC тұтқасынан ыстық судың буы немесе тамшылары шығып жатса, құрылғыны сөндіріңіз де және кемінде екі сағат бойы суытыңыз. EASY DE-CALC тұтқасын тартыңыз. Бу шыға берсе, құрылғыны сөндіріп, Philips әкімшілігі берген қызмет орталығына барыңыз.
- Бу генераторына құралмен бірге берілген EASY DE-CALC тұтқасынан басқа қақпақты орнатпаңыз.
- Үтіктеу кезінде күйік шалмас үшін бу атқарымын іске қосқан кезде саусағыңызды және қолдарыңызды табаннан алшақ ұстаңыз.
- Буды адамдарға немесе жануарларға қарай бағыттауға тыйым салынады. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жабыны ыстық Қолдану кезінде беттері ысуға бейім келеді (құрылғыда «ыстық» белгісі бар үтіктер
- Құралды тек жерге тұйықталған қабырға розеткасына ғана қосуға болады.
- Құрылғы тегіс, ыстыққа төзімді бетте пайдаланылуы және қойылуы тиіс. Үтікті тірегіне қойғанда ол қойылған беттің тұрақты екенін тексеріңіз. Тірек – бұл үтік сөндірілген күйінде қойылатын үтіктің өкшесі немесе бөлігі.
- Әрдайым сымды және қосыла берілген шлангты зақымдары жоқтығын тексеріп отырыңыз.27 LIETUVIŠKAI
Notice-Facile