MULTI V ARNU48GV2A4 - Су сорғысы LG - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз MULTI V ARNU48GV2A4 LG PDF форматында.
| Өнім түрі | Көп блокты кондиционер (ішкі блок) |
| Бренд | LG |
| Модель | MULTI V ARNU48GV2A4 |
| Салқындатқыш | R32 (жанғыш) |
| Электрмен қоректену | Бір фазалы, автоматты ажыратқышы бар арнайы тізбек |
| Негізгі функциялар | Салқындату, жылыту, желдету |
| Ауа сүзгісі | Жууға болады, 2 апта сайын тазалау |
| Суға төзімділік (ішкі блок) | Суға төзімді емес |
| Күтім | Жұмсақ және құрғақ шүберекпен тазалау; ағартқыш қолданбау |
| Орнату | Лицензияланған маманмен орындалуы керек |
| Қауіпсіздік | Арнайы автоматты ажыратқыш, жерге қосу міндетті |
| Балалардан қорғау | Қараусыз балаларға тыйым салынады |
| Газ түрі | R32 (жанғыш) |
| Болжалды қызмет мерзімі | 10-15 жыл |
| Дыбыс деңгейі | Нақты мәндер үшін нұсқаулықты қараңыз |
| Өлшемдер (шамамен) | Ішкі блок: 1250 x 320 x 250 мм (шамамен) |
| Салмағы (шамамен) | 15 кг (шамамен) |
| Жұмыс температурасы | Нұсқаулықты қараңыз |
| Жөндеу мүмкіндігі | Бөлшектер лицензияланған қызмет көрсету орталығында қолжетімді |
| Энергия тұтыну | Энергия тиімділігі белгісін қараңыз |
Жиі қойылатын сұрақтар - MULTI V ARNU48GV2A4 LG
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы MULTI V ARNU48GV2A4 LG
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Су сорғысы PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз MULTI V ARNU48GV2A4 - LG және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. MULTI V ARNU48GV2A4 брендінің LG.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ MULTI V ARNU48GV2A4 LG
Құрылғыңызды пайдаланбас бұрын осы нұсқаулықты мұқият оқып, оны келешекте қарау үшін сақтап қойыңыз. Орнату бойынша жұмыс Кеден одағы елдерінің және Ресей Федерациясының нормаларына және стандарттарына сәйкес тек білікті қызметкермен орындалуы тиіс. Бұл жабдық ұлттық ережелерге сәйкес жеткізуші сыммен қамтамасыз етілуі тиіс.
Бастапқы нұсқаулар аудару (R410A/R32)
[Өкілдік] «Эл Джи Электроникс Алмати Казахстан» АҚ ҚР, Алматы қ., Көкорай к-сі, 2А/9 [Өндіруші] ЖШҚ "LG Electronics Tianjin Appliances Co"
KXP,300402 Тяньцзинь қ., Бэйчень ауданы, ЦзиньВэй No.9 көшесі
МАЗМҰНЫ
3 ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
8 ПАЙДАЛАНУҒА ДЕЙІН
8 Жұмысқа дайындау 8 Қолданыс 8 Тазалау және күту 8 Қызмет көрсету
9 Түрленетін 10 Ауа салқындатқыш ұзақ уақыт бойы пайдаланылмайтын жағдайда 10 Жұмыс бойынша кеңестер 11 Қызмет орталығына қоңырау шалмас бұрын
Қауіпсіздік шаралары
Келесі таңбалар ішкі және сыртқы құрылғыларда көрсетіледі.
![]() | Жабдыкты пайдаланбай тұрып, осы нұсқаулықта берілген сақтық шараларын оқып шығыңыз. | ![]() | Бүл жабдық жанғыш суық агентке толтырылған (R32) |
![]() | Бүл таңба пайдалану нұсқаулығын мұқият оқып шығу көректігін білдіреді. | ![]() | Бүл таңба қызмет көрсетушілердің осы жабдықты орнату нұсқаулығына сәйкес пайдалануы қажеттігін білдіреді. |
Қауіпсіздік нұсқаулары өнімге қауіп тудыра отырып, пайдалану және дұрыс пайдаланбау салдарынан болатын қауіптер мен зақымдардың алдын алуға арналған.
Нұсқаулар төменде сипатталғандай «АБАЙЛАҢЫЗ» және «ЕСКЕРТУ» болып бөлінеді.

Бұл таңба қауіп тудыратын жағдайлар мен жұмысты анықтау үшін көрсетіледі. Осындай таңбасы бар бөлімді мұқият оқып шығыңыз және қауіптің алдын алу үшін нұсқауларды орындаңыз.

ЕСКЕРТУ
Бұл нұсқаулар орындалмаған жағдайда ауыр жарақатқа немесе өлімге әкелуі мүмкін екенін білдіреді.

АБАЙ БОЛЫҢЫЗ
Бұл нұсқаулар орындалмаған жағдайда өнімнің аз деңгейде зақымдалуы мен бұзылуын білдіреді.

ЕСКЕРТУ
Орнату
- Ақаулығы бар немесе техникалық сипаттамасы төмен автоматты ажыратқышты пайдаланбаңыз. Бұл құрылғыны арнайы тізбекте пайдаланыңыз.
- Өрт шығу немесе электр тогының соғу қаупі бар.
- Электр жұмыстарын жүргізу үшін дилерге, сатушыға, білікті электр маманына немесе өкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
- Өнімді бөлшектемеңіз немесе жөндемеңіз. Өрт шығу немесе электр тогының соғу қаупі бар.
- Өнімді әрқашан жерге тұйықтаңыз. - Өрт шығу немесе электр тогының соғу қаупі бар. • Баскару блогының панелі мен қақпағын нық орнатыңыз. - Өрт шығу немесе электр тогының соғу қаупі бар. • Әрқашан арнайы дайындалған тізбек пен ажыратқышты орнатыңыз.
- Дұрыс емес жалғау немесе орнату өрттің орын алуына немесе электр тогының соғуына алып келуі мүмкін. • Дұрыс номиналды ажыратқышты немесе сақтандырғышты пайдаланыңыз.
- Өрт шығу немесе электр тогының соғу қаупі бар. • Қуат кабелін өзгертпеңіз немесе ұзартпаңыз. - Өрт шығу немесе электр тогының соғу қаупі бар.
- Құрылғыны өз бетіңізбен (тұтынушы) орнатпаңыз, алмаңыз немесе қайта орнатпаңыз.
- Өрт шығу, электр тогының соғуы, жарылыс немесе жарақаттану қаупі бар.
- Өнімді қаптан шығару және орнату кезінде абай болыңыз.
- Откір шеттері жарақаттауы мүмкін. Әсіресе, конденсатор және буландырғыш корпусының шеттері мен қалақтарынан абай болыңыз.
- Орнату жұмыстарын орындау үшін дилерге немесе өкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
- Өрт шығу, электр тогының соғуы, жарылыс немесе жарақаттану қаупі бар.
• Өнімді зақымдалған орнату тұғырына орнатпаңыз.
- Бұл жарақаттануды, жазатайым оқиғаны немесе өнімнің зақымдалуын тудыруы мүмкін.
- Алдыңғы панель, корпус, жоғарғы қақпақ, басқару жәшігінің қақпағы алынған немесе ашық тұрған кезде ажыратқышты немесе қуатты қоспаңыз.
- Болмаса, ол өртке, электр тогының соғуына, жарылысқа немесе өлімге себеп болуы мүмкін.
- Орнату аумағы уақыт өткен сайын нашарламайтынына көз жеткізіңіз.
- Егер тірегі қираса, ауа салқындатқыш құлап, мүліктің зақымдалуына, өнім ақаулығына немесе жеке тұлғалардың жарақаттануына себеп болуы мүмкін.
- Өткізу сынағын немесе ауамен айдауды орындау кезінде вакуум сорғысын немесе инертті (азот) газды қолданыңыз. Ауаны не оттегіні сықпаңыз және жанғыш газдарды пайдаланбаңыз. Әйтпесе ол өртке немесе жарылысқа себеп болуы мүмкін.
- Жарақат алу, өлім, өрт не жарылыс қаупі бар.
- Жабдық жақсы желдетілетін аймақта, бөлменің өлшемі пайдалануға арналған бөлме аймағына сәйкес келетін жерде сақталуы тиіс. (R32 үшін)
• Жабдыққа жалғанатын түтіктерде ешқандай жанғыш зат болмауы тиіс. (R32 үшін)
- Жабдықты үздіксіз жұмыс істеп тұратын жану көзі жоқ бөлмеде сақтау қажет. (мысалы: ашық жалын, жұмыс істеп тұрған газ құрылғысы немесе электрлік жылытқыш).
• Тиісті желдету саңылауларының бітелуіне жол бермеңіз.
Жұмыс
- Жұмыс барысында қуат кабелі тартылып немесе зақымдалмайтынына көз жеткізіңіз.
- Өрт шығу немесе электр тогының соғу қаупі бар.
• Қуат кабелінің үстіне ештеңе қоймаңыз.
- Өрт шығу немесе электр тогының соғу қаупі бар.
• Өнімді су қолыңызбен ұстамаңыз (жұмыс істемеңіз).
- Өрттің орын алуы немесе электр тогының соғу қаупі бар.
- Қуат кабелінің жанына жылытқышты немесе басқа құрылғыларды қоймаңыз. - Өрт шығу және электр тогының соғу қаупі бар.
- Электр бөлшектерге су кетуіне жол бермеңіз. - Өрт шығу, өнімнің зақымдалу немесе электр тогының соғу қаупі бар.
- Ауа салқындатқыштың қасында тұтанғыш газды немесе өртенгіш заттарды сақтамаңыз не пайдаланбаңыз. - Өрт шығу немесе өнімнің бұзылу қаупі бар.
- Өнімді ұзақ уақыт бойы тығыз жабылған кеңістікте пайдаланбаңыз. - Оттегі жетіспеушілігі пайда болуы мүмкін.
- Тұтанғыш газ шыққан кезде, өнімді қоспас бұрын, газды өшіріп, терезені ашып, бөлмені желдетіңіз. - Телефонды пайдаланбаңыз немесе қосқыштарды қоспаңыз немесе өшірмеңіз. Жарылу немесе өрт шығу қаупі бар.
- Өнімнен біртүрлі дыбыс, иіс немесе түтін шыққан жағдайда. Автоматты ажыратқышты өшіріңіз немесе қуат көзінің кабелін ажыратыңыз. - Электр тогының соғу немесе өртену қаупі бар.
- Қатты жел немесе боран соққан жағдайда ауа салқындатқыштың жұмысын тоқтатып, терезені жабыңыз. Мүмкін болса, боран басталмас бұрын, өнімді терезеден алып тастаңыз. - Мүліктің зақымдалу, өнімнің бұзылу не электр тогының соғу қаупі бар.
- Жабдық істеп тұрғанда кіру торын ашпаңыз. (Құрылғы электростатикалық сүзгімен жабдықталған болса, оған жанасушы болмаңыз) - Физикалық жарақат, электр тогының соғу немесе өнімнің зақымдалу қаупі бар.
- Өнім су болған жағдайда (су басып не суға батып кетсе), өкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. - Өрт шығу немесе электр тогының соғу қаупі бар.
- Өнімнің ішіне су кіруіне жол берменіз. - Өрт шығу, электр тогының соғуы немесе өнімнің зақымдалу қаупі бар.
- Өнімді ас үй пеші және т.с.с. құрылғылармен бірге пайдаланғанда өнімді уақтылы желдетіп тұрыңыз. - Өрт шығу немесе электр тогының соғу қаупі бар.
- Өнімді тазалау немесе техникалық қызмет көрсету кезінде негізгі электр қуатын өшіріңіз. - Электр тогының соғу қаупі бар.
- Сыртқы блокты ешкімнің басып кетуіне не оның үстіне құлауына жол бермеңіз. - Бұл жеке жарақат немесе өнімнің зақымдалуына әкелуі мүмкін.
- Ылғалдылық өте жоғары болған жағдайда және есік немесе терезе ашық қалған жағдайда, ауа салқындатқыштың ұзақ уақыт бойы қосылуына жол бермеңіз. - Ылғал жиналып, жиһазыңызды сулауы немесе зақымдауы мүмкін.
- Алдыңғы панель, корпус, жоғарғы қақпақ, басқару жәшігінің қақпағы алынған немесе ашық тұрған кезде ажыратқышты немесе қуатты қоспаңыз.
- Болмаса, ол өртке, электр тогының соғуына, жарылысқа немесе өлімге себеп болуы мүмкін.
⚠️ АБАЙ БОЛЫНЫЗ
Орнату
- Өнімді орнату немесе жөндеуден кейін әрқашан газдың (суық агенттің) ақпайтындығын тексеріңіз.
- Хладагенттің төмен деңгейлері өнімнің бұзылуына әкелуі мүмкін.
- Судың дұрыс ағып кетуін қамтамасыз ету үшін төгу шлангісін орнатыңыз.
- Қосылымның дұрыс орнатылмауы судың ағып кетуіне себеп болуы мүмкін.
- Өнімді орнатқан кезде деңгейі тең болуы тиіс.
- Дірілді немесе судың ағып кетуін болдырмау үшін.
- Өнімді екі немесе одан да көп адам көтеруі және тасымалдауы қажет.
- Жеке жарақаттанудың алдын алыңыз.
- Суық агент тізбегімен жұмыс істейтін немесе оны ашатын кез келген адам өндірістік салада аккредиттелген бағалау органының жарамды сертификатына ие болуы тиіс, осылайша, оның суық агенттермен салалық бағалау сипаттамасына сәйкес қауіпсіз түрде жұмыс істеуіне сенімді бола аласыз. (R32 үшін) • Жабдықты механикалық зақымнан қорғалған күйде сақтау керек.
- Бұйымды шу немесе сыртқы блоктан ыстық ауа бар жерге орнатпаңыз, бұл айналадағы адамдарға жайсыздық әкелуі мүмкін.
- Бұл сіздің көршілеріңізге мәселелер тұғызуы мүмкін.
Жұмыс
- Теріні ұзақ уақыт бойы салқын ауаның әсеріне ұшыратпаңыз. (Азынақ өтінде отырмаңыз.)
- Бұл денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. • Құрылғыны азықты сақтау, өнер туындылары және т. б. сияқты арнайы мақсат үшін пайдаланбаңыз. Бұл белгілі бір мұздату жүйесі емес, тұтынушылық ауа салқындатқыш.
- Мүліктің зақымдалу немесе мүліктен айрылу қаупі бар.
- Ауа ағынының кірісін немесе шығысын бітемеңіз.
- Бұл өнім ақаулығына алып келуі мүмкін.
- Өнімді тазалау үшін жұмсақ шүберек қолданыңыз. Қатты жұғыш құралдарды, ерітінділерді т.б химиялық қоспаларды пайдаланбаңыз.
- Өрт шығу, электр тогының соғу немесе құрылғының пластикалық бөлшектерінің зақымдалу қаупі бар.
- Ауа сүзгісін шығарып алған кезде құрылғының металл бөліктеріне тимеңіз. Олар өте өткір!
- Жеке жарақаттану қаупі бар. • Өнімді аяқпен баспаңыз не оның үстіне ештеңе қоймаңыз. (сыртқы блоктар)
- Жеке тұлғалардың зақымдалу және өнімнің бүліну қаупі бар.
- Сүзгіні үнемі сенімді түрде орнатыңыз. Сүзгіні екі апта сайын немесе қажет болса, одан да жиі тазалап отырыңыз.
- Лас сүзгіш ауа салқындатқыштың тиімділігін төмендетіп, құрылғының ақаулығын не зақымдалуын тұғызуы мүмкін.
- Өнім жұмыс істеп тұрғанда, ауа кірісі мен шығысына қолыңызды немесе басқа заттарды салмаңыз.
- Жеке жарақат келтіруі мүмкін өткір және жылжымалы бөлшектер бар.
- Өнімнен шыққан суды ішпеңіз.
- Бұл санитарияға қарсы және ауыр ауруларға әкелуі мүмкін.
- Өнімді тазалау немесе оған техникалық қызмет көрсету кезінде берік орындықты немесе сатыны пайдаланыңыз.
- Абай болыңыз және зақым алуды болдырмаңыз.
- Қызмет көрсету жұмыстары тек жабдық өндірушісінің ұсыныстарына сәйкес орындалуы тиіс. Басқа білікті қызметкерлердің көмегі талап етілетін техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары жанғыш суық агенттерді пайдалану тәжірибесі бар адамның бақылауымен орындалуы тиіс. (R32 үшін)
- Бұл құрылғы қауіпсіздігі үшін жауапкершілік артатын тұлғаның назарында болмағанша немесе құрылғыны пайдалану туралы нұсқаулар берілмегенше, физикалық, сезімталдық немесе ақыл-ой қабілеттілігі шектеулі немесе тәжірибесі мен білімі аз тұлғалардың (сонымен қатар балалар) пайдалануы үшін арналмаған.
- Балалардың құрылғымен ойнамауына көз жеткізу үшін, оларды қадағалау қажет.
- Бұл аспапты 8 жастан асқан балалар және дене, сенсорлық немесе ақыл-ой қабілеті шектелген немесе тәжірибесі не білімі жеткіліксіз адамдар, бақылауда болғанда және аспапты пайдалану жөніндегі нұсқаулықпен танысқанда және оны пайдаланумен байланысты қауіпті түсінгенде қолдана алады. Балаларға аспаппен ойнауға болмайды.
- Егер қоректену бауы зақымдалған болса, электр тогымен зақымдануды болдырмау үшін оны өндіруші, оның қызмет көрсету бойынша агенті немесе ұқсас білікті қызметкер ауыстыруы тиіс.
- Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде немесе жұмыс істеп тұрғаннан кейін хладагент құбырына, су құбырына немесе ішкі бөліктерге тимеңіз.
- Бұл күйікке немесе үсікке әкелуі мүмкін.
Пайдалануға дейін
Жұмысқа дайындау
- Орнату үшін орнату жөніндегі маманға хабарласыңыз.
- Арнайы тізбекті пайдаланыңыз.
Қолданыс
- Ұзақ уақыт бойы тікелей ауа ағынының әсеріне ұшырасаңыз, бұл сіздің денсаулығыңызға қауіпті болуы мүмкін. Тұрғындардың, үй жануарларының немесе өсімдіктердің ұзақ уақыт бойы тікелей ауа ағынының әсерінде болуына жол бермеңіз.
- Ас үй пеші немесе басқа да жылыту құрылғыларымен бірге пайдаланғанда, оттегі жетіспеушілігі пайда болуына байланысты, бөлмені желдетіп тұрыңыз.
- Бұл ауа салқындатқышын арнаулы, ерекше мақсаттарда ғана (мысалы, дәлдік аспаптарды, тағам өнімдерін, жануарларды, өсімдіктер мен өнер заттарын сақтау үшін) пайдаланыңыз. Ондай қолданыс элементтерді зақымдауы мүмкін.
Тазалау және күту
- Сүзгіні алған кезде құрылғының металл бөлшектерін ұстамаңыз. Өткір металл шеттерді пайдаланғанда жарақаттану қаупі бар.
- Ауа салқындатқышының ішін тазалау үшін суды пайдаланбаңыз. Суды пайдалану оқшаулауды зақымдап, электр тогының соғуына себеп болуы мүмкін.
- Құрылғыны тазалаған кезде қуат көзі мен ажыратқыштың өшірулі тұрғанына көз жеткізіңіз. Жұмыс істеп тұрғанда желдеткіш өте жоғары жылдамдықта айналады. Құрылғының ішкі бөлшектерін тазалау кезінде құрылғы қуаты кездейсоқ қосылып кетсе жарақат орын алуы мүмкін.
Қызмет көрсету
Жөндеу және техникалық қызмет көрсету үшін, өкілетті қызмет көрсету дилеріне хабарласыңыз.
Техникалық қызмет көрсету және сервис
Түрленетін
⚠️ АБАЙ БОЛЫҢЫЗ
Кез келген техникалық қызмет көрсетуді бастамас бұрын, жүйені негізгі қуат желісінен өшіріңіз.
Тор, корпус және қашықтағы контроллер
□ Тазаламас бұрын, жүйені өшіріңіз.
Жұмсақ және құрғақ матамен сүртіп тазалаңыз. Ағартқыш немесе абразивті материалдарды пайдаланбаңыз.
ЕСКЕРТПЕ
Ішкі құрылғыны тазартпас бұрын, қуат көзін ажырату қажет.
Төмендегілерді ешқашан пайдаланбаңыз:
- 40 °C температурадан жылы су деформациялауы немесе түсін кетіруі мүмкін.
- Өткір заттектер Ауа салқындатқыштың бетіне зақым келтіруі мүмкін.

Ауа сүзгілері
Алдыңғы тор артындағы ауа сүзгілерін әр 2 апта сайын немесе қажет болса одан да жиі тексеріп және тазалап тұру қажет.
- Сүзгіні шығару үшін алдыңғы алмалы-салмалы панельді көтеріп, сүзгі қойындысын сәл алға итеріңіз.
- Сүзгілерді шаңсорғышпен немесе жылы сабынды сумен тазалаңыз.
- Егер кір көзге көрініп тұрса, жуғыш құрал еріткішін қолданып жылы сумен жуыңыз.
- Ыстық су (40 °C немесе одан да жоғары) пайдаланылатын болса, сүзгі деформациялануы мүмкін.
- Сумен жуғаннан кейін, көлеңкеде жақсылап кептіріңіз.
- Ауа сүзгісін қайта орнатыңыз.

Ауа салқындатқыш ұзақ уақыт бойы пайдаланылмайтын жағдайда
Ауа салқындатқыш ұзақ уақыт бойы пайдаланылмайтын жағдайда.

Ауа салқындатқышты келесі параметрлерде 2-3 сағат бойы пайдаланыңыз.
• Жұмыс түрі: Желдеткіш істеу режимі. - Ол ішкі механизмдерді құрғатады.

Сақтандырғышты өшіріңіз.

АБАЙ БОЛЫҢЫЗ
Ауа салқындатқыш ұзақ уақыт бойы пайдаланылмайтын болса, сақтандырғышты өшіріп қойыңыз.
Әйтпесе шаң жиналып, өрт тудыруы мүмкін.
Пайдалы ақпарат
Ауа сүзгілері мен электр қуатының шот-түбіртектері. Егер ауа сүзгілері шаңмен бітеліп қалған болса, салқындату өнімділігі төмендеп, ауа салқындатқышты басқару үшін пайдаланылған электр қуатының 6% пайдаланылады.
Ауа салқындатқышты қайта пайдаланған кезде.

Ауа сүзгісін тазалап, оны ішкі құрылғыға орнатыңыз.

Ішкі/сыртқы құрылғыдағы ауа кірісі мен шығысы бітелмегенін тексеріңіз.

Жерге тұйықталған сымның дұрыс жалғанғанын тексеріңіз. Оны ішкі құрылғы жағына жалғауға болады.
Жұмыс бойынша кеңестер
Бөлмені шамадан тыс салқындатпаңыз.
Бұл денсаулыққа зиянды әрі электр қуаты көп жұмсалады.
Есіктер мен терезелердің мықтап жабылғанына көз жеткізіңіз.
Бөлмеде салқын ауа лебін сақтау үшін есіктер мен терезелерді ашпаңыз.
Перделерді жауып қойыңыз.
Ауа салқындатқыш жұмыс істеп тұрған кезде бөлмеге тікелей күн сәулесінің түсуіне жол бермеңіз.
Ауа сүзгісін жиі тазалаңыз.
Ауа сүзгісіндегі кедергілер ауа ағынын азайтып, салқындату мен құрғату әсерлерін төмендетеді. Кемінде екі аптада бір рет тазалаңыз.
Бөлме температурасын бірқалыпты деңгейде ұстаңыз.
Бөлмедегі температураның бірқалыпты болуын қамтамасыз ету үшін ауа ағынының тік және көлденең бағытын реттеңіз.
Бөлмені кейде желдетіп тұрыңыз.
Терезелер жабық болғандықтан, оларды кейде ашып бөлмені желдетіп тұрған жөн.
Қызмет орталығына қоңырау шалмас бұрын

Жөндеу және техникалық қызмет сұраудан алдын төмендегі тармақтарды тексеріңіз. Егер ақаулық жойылмаса, дилеріңізге хабарласыңыз.
Ауа салқындатқыш жұмыс істемейді.
• Таймер жұмысында қате жасадыңыз ба? - Сактандырғыш жанып кетті ме әлде электр ажыратқыш ажыратылды ма?
Бөлмеден оғаш иіс шығады.
• Бұл қабырғалардан, кілемнен, жиһаздан не үйдегі тоқымалы заттардан шығып жатқан ылғалды иіс емес екендігіне көз жеткізіңіз.
Ауа салқындатқыштан конденсат ағып жатқан сияқты.
- Конденсациялау ауа салқындатқыштан ауа ағыны жылы бөлме ауасын салқындатқан кезде пайда болады.
Ауа салқындатқыш қайта қосылғаннан кейін шамамен 3 минут бойы жұмыс істемейді.
• Бұл механизмнің қорғағышы. - Шамамен үш минут күтіңіз де, жұмыс басталады.
Тиісті түрде салқындатпайды не ысытпайды.
- Ауа сүзгісі лас па? Ауа сүзгісін тазалау нұсқауларын қараңыз. • Ауа салқындатқыш алғаш рет іске қосылған кезде бөлме өте ыстық болуы мүмкін. Бөлме суытылғанша күте тұрыңыз. • Температура қате орнатылған ба? • Ішкі құрылғының ауа кіріс не шығыс саңылауларына кедергі келіп түр ма?
Ауа салқындатқыш жұмыс істеп тұрған кезде шуыл шығарады.
• Су ағыны сияқты естілетін шуға арналған. - Бұл ауа салқындатқыш құрылғысының ішкі жағынан шығатын фреон ағынының дыбысы. - Атмосфераға шығатын қысымдалған ауа сияқты естілетін шуға арналған. - Бұл ауа салқындату құралының ішінде өңделетін құрғататын судың дыбысы.
Сызат дыбыс естіледі.
• Бұл дыбыс температура өзгерістеріне байланысты алдыңғы панельдің кеңейтілуінен/қысқартылуынан пайда болады.
Қашықтағы контроллердің дисплейі күңгірттелген не мүлдем көрсетілмейді.
• Батареялар заряды біткен бе? - Батареялар (+) және (-) бағыттарына кері енгізілген бе?
ЕСКЕРТПЕ
- Суға төзімді: Осы құрылғының сыртқы жағы суға төзімді. Ал ішкі жағы суға төзімді емес және оған шамадан тыс судың кіріп кетуіне жол бермеңіз. • Кейбір функцияларға модельге байланысты қолдау жоқ болуы мүмкін.



