GBL 800 E Professional - Шаңсорғыш BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз GBL 800 E Professional BOSCH PDF форматында.
| Өнім түрі | Сорғыш-үрлегіш |
| Бренд | Bosch |
| Модель | GBL 800 E Professional |
| Номиналды тұтыну қуаты | 820 W |
| Ауа көлемі | 4,5 m³/min |
| Ауа қысымы | 0 – 72 мбар |
| Салмағы (EPTA-процедура 01:2014 бойынша) | 1,8 kg |
| Қорғау дәрежесі | II (қос оқшаулау) |
| Дыбыс қысымы деңгейі | 89 dB(A) |
| Дыбыс қуаты деңгейі | 100 dB(A) |
| Жалпы діріл (ah) | < 2,5 m/s² |
| Негізгі функциялар | Үрлеу және сору |
| Ауа ағынын реттеу | Айналмалы дөңгелек (0-ден максимумға дейін) |
| Ажыратқышты бекіту | Иә, үздіксіз жұмыс істеу үшін |
| Шаң жинағыш сөмке беріледі | Иә |
| Сору/үрлеу саптамасы | Иә, ауа кіру немесе шығу тесігіне бейімделеді |
| Күнделікті күтім | Желдету саңылауларын тазалау, сөмкені босату |
| Көміртекті щеткаларды ауыстыру | Әр 2–3 ай сайын, Bosch түпнұсқа көміртекті щеткаларын пайдаланыңыз |
| Рұқсат етілген материалдар | Денсаулыққа зиянсыз шаң (сұйықтықтар, металл жоңқалары, жанғыш материалдар жоқ) |
| Сатудан кейінгі қызмет | Bosch Professional: www.bosch-pt.com ; Франция: 09 70 82 12 26 |
Жиі қойылатын сұрақтар - GBL 800 E Professional BOSCH
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы GBL 800 E Professional BOSCH
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Шаңсорғыш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз GBL 800 E Professional - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. GBL 800 E Professional брендінің BOSCH.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ GBL 800 E Professional BOSCH
Пайдалану нұсқаулығының
түпнұсқасы
Еуразия экономикалық одағына (Кеден одағына) мүше мемлекеттер аумағында
қолданылады
Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану құжаттарының құрамында пайдалану жөніндегі осы нұсқаулық, сонымен бірге қосымшалар да болуы мүмкін.
Сәйкестікті растау жайлы ақпарат қосымшада бар.
Өнімді өндірген мемлекет туралы ақпарат өнімнің корпусында және қосымшада көрсетілген.
Өндірілген мерзімі Нұсқаулық мұқабасының соңғы бетінде көрсетілген.
Импортерге қатысты байланыс ақпарат өнім қаптамасында көрсетілген.
Өнімді пайдалану мерзімі
Өнімнің қызмет ету мерзімі 7 жыл. Өндірілген мерзімнен бастап (өндіру күні зауыт тақтайшасында жазылған) істетпей 5 жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз (сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды.
Көрсетілген қызмет ету мерзімі тұтынушы аталмыш нұсқаулықтың талаптарын орындаған жағдайда ғана жарамды болады.
Істен шығу себептерінің тізімі
- көп ұшқын шықса, пайдаланбаңыз – қатты діріл кезінде пайдаланбаңыз – ток сымы бұзылған немесе оқшаулаусыз болса, пайдаланбаңыз – өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз
Пайдаланушының мүмкін қателіктері
– туткасы мен корпусы бузылған болса, өнімді пайдаланбаңыз; жауын-шашын кезінде сыртта пайдаланбаңыз; корпус ішіне су кірсе, құрылғыны қоспаңыз.
Шекті күй белгілері
- ток сымының тозуы немесе зақымдануы
- өнім корпусының зақымдалуы
Қызмет көрсету түрі мен жиілігі
- Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.
Сақтау
- құрғақ жерде сақтау керек; жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің әсерінен алыс сақтау керек; сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан қорғау керек.
- орамасыз сақтау мүмкін емес; сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін МЕМСТ 15150-69 (шарт 1) құжатын қараңыз.
- +5-ден +40 °C-қа дейін температурасында қоймада өндірушінің қаптамасында сақтаңыз. Салыстырмалы ылғалдылық 80 %-дан аспауы тиіс.
Тасымалдау
- тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады; босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды пайдалануға рұқсат берілмейді.
- тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ 15150-69 (5 шарт) құжатын оқыңыз.
- Қоршаған орта температурасы -50 °C-тан +50 °C-қа дейін тасымалдау рұқсат етілген. Салыстырмалы ылғалдылық 100 %-дан аспауы тиіс.
Қауіпсіздік нұсқаулары
Электр құралдары үшін жалпы қауіпсіздік нұсқаулары
ЕСКЕРТУ
Осы электр құралының жинағындағы ескертулерді,
нұсқауларды, суреттерді және сипаттамаларды
оқыңыз. Барлық техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын орындамау токтың соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
Болашақ жұмыстар үшін қауіпсіздік нұсқаулықтары мен ескертпелерді сақтап қойыңыз.
Қауіпсіздік нұсқаулықтарында пайдаланылған «Электр құрал» атауының желіден қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі бар) және аккумулятордан қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі жоқ) қатысы бар.
Жұмыс орнының қауіпсіздігі
Жұмыс орнын таза және жарық ұстаңыз. Ластанған және қараңғы жайларда сәтсіз оқиғалар болуы мүмкін. Электр құрылғысын жарылатын атмосферада пайдаланбаңыз, мысалы, жанатын сұйықтық, газ немесе шаң бар болғанда. Электр құралы ұшқындарды жасайды, ал олар шаң немесе буларды жандыруы мүмкін. Балалар мен бақылаушыларды электр құралынан алыс ұстаңыз. Алаңдаушылық бақылауды жоғалтуға алып келуі мүмкін. Жабдық тұрмыстық жағдайларда, коммерциялық аймақтарда және қоғамдық жерлерде, зиянды және қауіпті өндірістік факторлар жоқ кіші электр тұтынуы бар өндірістік аймақтарында жұмыс істеу үшін арналған.
Электр қауіпсіздігі
Электр айырлары розеткаға сай болуы тиіс. Айырды ешқашан ешқандай тәсілмен өзгертпеңіз. Жерге қосылған электр құралдарымен адаптер айырларын пайдаланбаңыз. Өзгертілмеген айырлар мен сәйкес розеткалар электр тұйықталуының қауіпін төмендетеді. Құбырлар, радиаторлар, плиталар мен суытқыштар сияқты жерге қосылған беттерге тимеңіз. Денеңіз жерге қосылған болса жоғары ток соғу қаупі пайда болады. Электр құралдарын жаңбырда немесе ылғалды қоршауда пайдаланбаңыз. Электр құралына кірген су ток соғу қаупін жоғарылатады. Кабельді тиісті болмаған ретте пайдаланбаңыз. Кабельді электр құралын тасу, көтеру немесе тоқтан шығару үшін пайдаланбаңыз. Кабельді ыстықтық, май, өткір қырлар және жылжымалы бөлшектерден алыс ұстаңыз. Зақымдалған немесе бытысып кеткен кабель ток соғу қаупін жоғарылатады. Электр құралын сыртта пайдаланғанда сыртқы жайлар үшін сай кабельді пайдаланыңыз. Сыртта пайдалануға жарамды кабельді пайдалану ток соғу қаупін төмендетеді. Егер электр құралын ылғалды жерде пайдалану керек болса, онда қорғайтын өшіру құрылғысы (RCD) арқылы қорғалған ток желісін пайдаланыңыз. RCD пайдалану ток соғу қаупін төмендетеді.
Жеке қауіпсіздік
Электр құралын пайдалануда абай болыңыз, жұмысыңызды бақылаңыз және парасатты
пайдаланыңыз. Электр құралын шаршаған кезде немесе есірткі, алкоголь немесе дәрі әсер еткен кезде пайдаланбаңыз. Электр құралын пайдалану кезінде аңсыздық ауыр жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін.
пайдаланыңыз. Электр құралын шаршаған кезде немесе есірткі, алкоголь немесе дәрі әсер еткен кезде пайдаланбаңыз. Электр құралын пайдалану кезінде аңсыздық ауыр жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін.
Жеке қорғайтын жабдықтарды пайдаланыңыз. Әрдайым көз қорғанысын тағыңыз. Шаң маскасы, сырғанамайтын қауіпсіздік аяқ киімдері, шлем немесе есту қорғаныштары сияқты қорғағыш жабдықтарды тиісті жағдайларда қолданып, жеке жарақаттануларды кемітеді. Кездейсоқ іске қосылудың алдын алу. Тоқ көзіне және/немесе батареялар жинағына қосудан алдын, құралды көтеру немесе тасудан алдын өшіргіш өшік күйде болуына көз жеткізіңіз. Электр құралын саусақты өшіргішке қойып тасу немесе қосқышы қосулы электр құралын токқа қосу сәтсіз оқиғаға алып келуі мүмкін. Электр құралын қосудан алдын келген реттеу сынасын немесе кілтті алып қойыңыз. Электр құралының айналатын бөлігінде қалған кілт немесе сына жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін. Көп күш істетпеңіз. Әрдайым тиісті таяныш пен тең салмақтылықты сақтаңыз. Бұл күтілмеген жағдайларда электр құралдың бақылануын сақтайды. Тиісті киім киіңіз. Бос киім мен әшекейлерді кимеңіз. Шашыңыз бен киімдерді жылжымалы бөлшектерден алыс ұстаңыз. Бос киімдер, әшекейлер немесе ұзын шаш жылжымалы бөлшектер арқылы тартылуы мүмкін. Егер шаң шығарып жинау жабдықтарына қосу құрылғылары берілген болса, онда олар қосулы болуына және тиісті ретте қолдануына көз жеткізіңіз. Шаң жинауды пайдалану шаңға байланысты зияндарды кемітеді. Аспаптарды жиі пайдаланып жақсы білгеннен соң масайрап кетпей қауіпсіздік принциптерін елемей отырмаңыз. Абайсыз әрекет секунд ішінде ауыр жарақаттануға алып келуі мүмкін. НАЗАР АУДАРЫНЫЗ! Энергиямен жабдықтаудың толықтай не жекелей тоқтатылуы немесе энергиямен жабдықтауды басқару тізбегінің ақаулануы салдарынан электр құралының жұмысында кідіріс пайда болған жағдайда, бұғатталмағандығына көз жеткізіп (болған жағдайда) барып, ажыратқышты Выкл. (Өшіру) қалпына келтіріңіз. Желілік ашаны розеткадан шығарыңыз немесе алып – салмалы аккумуляторды ажыратыңыз. Осы әрекет арқылы бақыланбайтын қайта іске қосылудың алдын аласыз. Аталмыш пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес білікті қызметкерлер құрамына электр құралын реттеу, монтаждау, қолданысқа енгізу және оған қызмет көрсету әрекеттерімен таныс тұлғалар жатады. Электр құралымен жұмыс істеуге 18 жасқа толған, техникалық сипаттаманы, пайдалану жөніндегі
нұсқаулықты және қауіпсіздік ережелерін оқып шыққан тұлғаларға рұқсат етіледі.
Дене, сезім немесе ақыл-ой қабілеттері шектеулі немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдар олардың қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаның бақылауында болмаса немесе электр құралын пайдалану бойынша нұсқау алмаған болса, бұйымды пайдаланбауы тиіс.
Электр құралдарын пайдалану және күту
▶ Куралды аса көп жүктемеңіз. Жұмысыңыз үшін жарамды электр құралын пайдаланыңыз. Жарамды электр құралымен керекті жұмыс аймағында дұрыс әрі сенімді жұмыс істейсіз. Ажыратқышы дұрыс емес электр құралын пайдаланбаңыз. Қосуға немесе өшіруге болмайтын электр құралы қауіпті болып, оны жөндеу қажет болады. Жабдықтарды реттеу, бөлшектерін алмастыру немесе электр құралдарын қоймаға қою алдында, ашаны қуат көзінен ажыратыңыз және/немесе аккумуляторы алмалы-салмалы болса, оны электр құралынан алып тастаңыз. Бұл сақтық әрекеті электр құралдың байқаусыз қосылуына жол бермейді. ▶ Пайдаланылмайтын электр құралдарды балалар қолы жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған адамдарға бұл құралды пайдалануға жол бермеңіз. Тәжірибесіз адамдар қолында электр құралдары қауіпті болады. Электр құралдарын және керек-жарақтарын ұқыпты күтіңіз. Қозғалмалы бөлшектердің кедергісіз істеуіне және кептеліп қалмауына, бөлшектердің ақаусыз немесе зақымдалмаған болуына, электр құралының зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Зақымдалған бөлшектері бар құралды пайдаланудан алдын жөндеңіз. Электр құралдарының дұрыс күтілмеуі жазатайым оқиғаларға себеп болып жатады. Кескіш аспаптарды өткір және таза күйде сақтаңыз. Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір кескіш аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай бағытталады. Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай пайдаланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз. Электр құралдарын арналмаған жұмыстарда пайдалану қауіпті. ▶ Қолтұтқалар мен ұстау беттерін құрғақ, таза және май мен ластан таза ұстаңыз. Сырғанақ қолтұтқалар мен ұстау беттері күтілмеген жағдайларда сенімді қолдану мен бақылауға жол бермейді.
Қызмет көрсету
Электр құралына маман жөндеуші тек бірдей қосалқы бөлшектермен қызмет көрсетуі керек. Бұл
электр құралының қауіпсіздігінің сақталуын қамтамасыз етеді.
Желдеткіш бойынша қауіпсіздік нұсқаулары
Денсаулыққа зиянды заттектерді, мысалы, шамшат немесе емен шаңын, тас шаңын, асбестті соруға және үрлеп шығаруға болмайды. Бұл заттектер канцерогенді болып табылады. Сұйықтықтарды соруға және үрлеп шығаруға болмайды. Сұйықтықтардың кіруі ток соғу қаупін арттырады. Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз. ▶ Балаларға электр құралын бақылаусыз пайдалануға рұқсат етуге болмайды. Балалар жарақаттануы мүмкін. Қорғайтын көзілдірік және тыныс жолдарын қорғайтын маска сияқты жеке қорғаныс жабдығын тағып жүріңіз. Белгілі бір жағдайларда қорғаныс жабдығын тағып жүру қауіпті заттектердің тию қаупін азайтады.


Электр құралдарын жаңбырда немесе ылғалды ортада пайдаланбаңыз. Электр құралына кірген су ток соғу қаупін арттырады. ▶ Егер электр құралын ылғалды жерде пайдалану қажет болса, онда қорғайтын ажырату құрылғысы (RCD) арқылы қорғалған ток желісін пайдаланыңыз. RCD пайдалану ток соғу қаупін төмендетеді. Электр құралын зақымдалған кабельмен пайдаланбаңыз. Егер кабель жұмыс кезінде зақымдалса, зақымдалған кабельге тимей, желіден айырыңыз. Зақымдалған кабель электр тоғының соғу қаупін арттырады. Кабельді басуға немесе қысуға болмайды. Ашаны розеткадан суыру немесе электр құралын жылжыту үшін кабельден тартуға болмайды. Зақымдалған кабель ток соғу қаупін арттырады. ▶ Құрылғыны реттеуден, жабдықтарды алмастырудан немесе электр құралын алып қоюдан алдын айырды розеткадан тартып шығарып қойыңыз. Осы сақтық әрекеті электр құралының байқаусызда қосылуына жол бермейді.
Өнім және қуат сипаттамасы

Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді сақтамау токтың соғуына,
өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін ескеріңіз.
Мақсаты бойынша қолдану
Электр құралы денсаулыққа зиянды емес заттектерді соруға және үрлеп тазартуға арналған.
Электр құралы тұтанғыш материалдарды, металл жоңқасын және бұрандалар немесе шегелер сияқты өткір заттарды соруға және үрлеп тазартуға арналмаған.
Көрсетілген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамды бөлшектердің нөмірлері графикалық беттегі электр құралының көрсетіліміне қатысты болып келеді.
(1) Қол тұтқасы (2) Ажыратқыш (3) Ажыратқыштың реттеу түймесі (4) Ауа көлемін реттеуге арналған айналма реттегіш (5) Ауа шығару саңылауы (6) Көмір қылшақтарға арналған қалпақтар (7) Саптама (8) Шаң жинағыш (9) Ауа кіргізу саңылауы
(10) Көмір қылшақтар
Техникалық мәліметтер
| Желдеткіш GBL 800 E | |
| Өнім нөмірі | 3 601 J80 4.. |
| Номиналды тұтынылатын куат | Вт 820 |
| Ауа келемі m3 /мин 4,5 | |
| Ауа қысымы мбар 0–72 | |
| СалмағыEPTA-Procedure 01:2014 құжатына сай | кг 1,8 |
| Қорғаныс класы | |
Мәліметтер [U] 230 В кесімді кернеуге арналған. Басқа кернеу және елде қабылданған заңдар бұл мәліметтерді өзгертуі мүмкін.
Мәндер өнімге байланысты өзгешеленуі мүмкін, сондай-ақ пайдалану және қоршаған орта шарттарына бағынуы мүмкін. Қосымша ақпаратты мына мекенжай бойынша қараңыз: www.bosch-professional.com/wac.
Шуыл және діріл туралы ақпарат
EN 62841-1 бойынша есептелген шуыл эмиссиясының көрсеткіштері.
Электр құралының амплитуда бойынша есептелген шуыл деңгейі әдетте келесідей болады: дыбыстық қысым деңгейі 89 дБ(А); дыбыстық қуат деңгейі 100 дБ(А).
Кдәлсіздігі = 3 дБ.
Құлақ қорғанысын тағыңыз!
Жалпы діріл мәндері an (үш бағыттың векторлық қосындысы) және К дәлсіздігі, EN 62841-1 бойынша есептелген:
a _ n lt; 2,5 M / c ^ 2 , K = 1,5 M / c ^ 2 .
Осы нұсқауларда келтірілген діріл деңгейі және шуыл эмиссиясының көрсеткіші заңды өлшеу әдісі бойынша өлшенген және оларды электр құралдарын бір-бірімен салыстыру үшін пайдалануға болады. Олармен алдыңғы тербелу және шу шығаруды бағалауға болады.
Берілген тербелу деңгейі мен шуыл шығару мәні электр құралының негізгі жұмыстары үшін берілген. Егер электр құрал басқа жұмыстар үшін басқа алмалы-салмалы аспаптармен немесе жетімсіз күтумен пайдаланылса, дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәндері өзгереді. Бұл бүкіл жұмыс уақыты үшін тербелу және шуыл шығаруды қатты көтеруі мүмкін.
Дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәнін нақты есептеу үшін құрал өшірілген және қосылған болып пайдаланылмаған уақыттарды да ескеру қажет. Бұл дірілдеу деңгейі және жұмыс уақытындағы шуыл шығару мәнін төмендетеді.
Пайдаланушыны дірілдеу әсерінен сақтау үшін қосымша қауіпсіздік шараларын қолдану қажет, мысалы: электр құралды және алмалы-салмалы аспаптарды күту, қолдарды жылы ұстау, жұмыс әдістерін ұйымдастыру.
Пайдалану
▶ Барлық жұмыстардан алдын электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Жұмыс режимдері
Үрлеп шығару (А суретін қараңыз)
Үрлеп шығару жұмыс режимі үшін саптаманы (7) көрсеткі белгісі бойынша ауа шығару саңылауына (5) жалғаңыз.
Сору (В суретін қараңыз)
Сору жұмыс режимі үшін саптаманы (7) көрсеткі белгісі бойынша ауа кіргізу саңылауына (9) жалғаңыз. Оған қоса әрдайым шаң жинағышты (8) ауа шығару саңылауына (5) жалғаңыз.
Іске қосу
Желі қуатына назар аударыңыз! Ток көзінің қуаты электр құралының зауыттық тақтайшасындағы мәліметтерге сай болуы қажет. 230 В белгісімен белгіленген электр құралдармен 220 В жұмыс істеуге болады.
Қосу/өшіру
Электр құралын қосу үшін ажыратқышты (2) басыңыз. Ажыратқышты (2) бұғаттау үшін оны басып тұрып, ажыратқышқа арналған реттеу түймесін (3) қосымша басыңыз.
Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (2) жіберіңіз. Ажыратқышты (2) бұғаттаған кезде, оны алдымен басып, содан соң жіберіңіз.
Ауа көлемін реттеу
Қажетті ауа көлемін реттеу үшін айналма реттегішті (4) бұраңыз:
- сағат тілінің бағытымен: ауа көлемін арттыру - сағат тілінің бағытына қарсы: ауа көлемін азайту
Ауа кіргізу саңылауына (9) үрлеп шығару кезінде ешқандай кір сорылмағанына көз жеткізіңіз. Шаң жинағышсыз соруға болмайды.
Әйнек сынығы, ыстық күл немесе металл жоңқа сияқты өткір қырлы немесе ыстық материалдарды соруға болмайды.
Сорғаннан кейін шаң жинағышты жүйелі түрде босатыңыз. Кәдеге жарату кезінде қоршаған ортаны сақтау ережелерін ескеріңіз.
Егер желдеткіш пайдаланылмаса, ауа шығысын шаң жинау қабымен жабып, лас немесе бөгде бөлшектердің ауа корпусына кіруінің алдын алыңыз.
Кез келген қатты заттек желдеткіш камерасына кірсе (сақтау кезінде де), вентилятор бұзылуына, сонымен бірге жұмыс кезінде корпус жарылуына алып келуі мүмкін.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз. Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса, қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермеу үшін осы жұмыс тек Bosch компаниясы немесе Bosch электр құралдары бойынша өкілетті қызмет көрсету орталықтарында жүргізілуі тиіс.
Көмір қылшақты алмастыру (С суретін қараңыз)
Көмір қылшақтардың ұзындығын әр 2–3 ай сайын тексеріп, қажет болса, көмір қылшақтарды алмастырыңыз.
Ешқашан тек бір көмір қылшақты алмастырмаңыз!
Нұсқау: тек Bosch компаниясынан сатып алынған өніміңізге арналған көмір қылшақтарды пайдаланыңыз.
- Қалпақтарды (6) тиісті гайка бұрауышпен босатыңыз. – Серіппе қысымының астында тұрған көмір қылшақтарды (10) алмастырып, қалпақтарды қайтадан бұрап бекітіңіз.
Көмір қылшақтарды алмастыру шарты: көмір
қылшақтың үлкен бүйірлік бетінде сызықшалы немесе нүктелі сызық көрінеді. Егер екі көмір қылшақтар осы сызыққа дейін тозып бітсе, көмір қылшақтарды дереу
алмастыру қажет, осылайша коммутаторды ықтимал зақымдардан қорғайсыз.
Өнімдерді олардың сақтығын қамтамасыз ететін, өнімдерге атмосфералық жауын-шашынның тиюіне және асқын температура көздерінің (температураның шұғыл өзгерісінің), соның ішінде күн сәулелерінің әсер етуіне жол бермейтін дүкендерде, бөлімдерде (секцияларда), павильондар мен киоскілерде сатуға болады.
Сатушы (өндіруші) сатып алушыға өнімдер туралы қажетті және шынайы ақпаратты беріп, өнімдерді тиісінше таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
Өнімдер туралы ақпарат міндетті түрде Ресей Федерациясының заңнамасымен белгіленген тізімдегі мәліметтерді қамтуы тиіс.
Егер тұтынушы сатып алатын өнімдер әлдеқашан пайдаланылған немесе өнімдерде ақаулық (ақаулықтар) жойылған болса, тұтынушыға бұл туралы ақпарат берілуі тиіс.
Өнімдерді сату процесінің аясында төмендегі қауіпсіздік талаптары орындалуы тиіс:
– Сатушы сатып алушыға ұйымының фирмалық атауы, орналасқан жері (мекенжайы) және жұмыс режимі туралы мәліметтер беруге міндетті; – Сауда бөлмелеріндегі өнімдердің сынамалары сатып алушыға бұйымдардағы жазбалармен танысуға мүмкіндік беруі және визуалды тексерістен басқа бұйымдардың іске қосылуына әкелетін, сатып алушылар өз бетінше орындайтын ешқандай әрекеттерге жол бермеуі тиіс; – Сатушы осы бұйымдардың белгіленген талаптарға сәйкестігінің растамасы, сертификаттардың немесе сәйкестік жөніндегі мәлімдемелердің бар болуы туралы ақпаратты сатып алушыға беруге міндетті; – Идентификациялық сипаттары жоқ (жоғалған), жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, бұзылу белгілері бар және пайдалану бойынша нұсқаулығы (кітапшасы), міндетті сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік белгісі жоқ өнімдерді сатуға тыйым салынады.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану кеңестері
Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас бөлшектер бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер туралы мәліметтер төмендегі мекенжай бойынша қолжетімді:
www.bosch-pt.com
Bosch қызметтік кеңес беру тобы біздің өнімдер және олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап береді.
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру кезінде міндетті түрде өнімнің фирмалық
тақтайшасындағы 10 таңбалы өнім нөмірін беріңіз.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету барлық мемлекеттер аумағында тек "Роберт Бош"
фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.
Қазақстан
Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау орталығы:
"Роберт Бош" (Robert Bosch) ЖШС
Алматы қ.,
Қазақстан Республикасы 050012
Мұратбаев к., 180 үй
"Гермес" БО, 7 қабат
Тел.: +7 (727) 331 31 00
Факс: +7 (727) 233 07 87
E-Mail: ptka@bosch.com
Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау пункттерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті ақпаратты Сіз: www.bosch-professional.kz ресми сайттан ала аласыз
Электр құралы кепілді пайдалану мерзімінің ішінде өндірушінің кесірінен істен шыққан жағдайда, өнім иесі төмендегі шарттар орындалғанда кепілдік бойынша тегін жөндеуге құқылы болады:
- механикалық зақымдардың жоқтығы; – пайдалану бойынша нұсқаулық талаптарының бұзылу белгілерінің жоқтығы; – пайдалану бойынша нұсқаулықта сатушының сату туралы белгісінің және сатып алушы қолтаңбасының бар болуы; – электр құралы сериялық нөмірінің және кепілдік талонындағы сериялық нөмірдің сәйкестігі; – біліксіз жөндеу белгілерінің жоқтығы.
Кепілдік төмендегі жағдайларда қолданылмайды:
– форс-мажор жағдайларына байланысты кез келген сынықтар;
– барлық электр құралдарындағыдай электр құралының қалыпты тозуы.
Жалғағыш контактілер, сымдар, қылшақтар және т.б. сияқты құрал бөліктерінің қызмет ету мерзімін қысқартатын қалыпты тозу нәтижесінде қажеттілігі туындаған жөндеу кепілдік аясына кірмейді:
- табиғи тозу (ресурстың толық пайдаланылуы); – қате орнату, рұқсатсыз модификациялау, қате қолдану, қызмет көрсету немесе сақтау ережелерін бұзу нәтижесінде істен шыққан жабдық пен оның бөліктері; – электр құралына артық жүктеме түскеннен орын алған ақаулар. (Құралға артық жүктеме түсудің шартсыз белгілеріне мыналар жатады: құбылу түсінің пайда болуы немесе электр құралы бөліктері мен
түйіндерінің деформациясы немесе қорытылуы, жоғары температура әсерінен электр қозғалтқышындағы сымдар оқшаулағышының қараюы немесе көмірленуі.)
Кәдеге жарату
Электр құралдар, жабдықтар және бумаларын айналаны қорғайтын кәдеге жаратуға апару қажет.

Электр құралдарды үй қоқысына тастамаңыз!
Тек қана ЕО елдері үшін:
Электр және электрондық ескі құралдар бойынша Еуропа 2012/19/EU ережесі және ұлттық заңдарға сәйкес пайдалануға жарамсыз электр құралдары бөлек жиналып, кәдеге жаратылуы қажет.
Қате жолмен кәдеге жаратылған ескі электрлік және электрондық құрылғылар қауіпті заттардың болу мүмкіндігіне байланысты қоршаған ортаға және адам денсаулығына зиянды әсер тигізуі мүмкін.