Bravia KD65XG8796 - телевизор SONY - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз Bravia KD65XG8796 SONY PDF форматында.
| Өнім түрі | 4K LED теледидар |
| Бренд | Sony |
| Модель | Bravia KD65XG8796 |
| Экран өлшемі | 65 дюйм (165,1 см) |
| Ажыратымдылық | 4K Ultra HD (3840 x 2160) |
| Дисплей технологиясы | LED LCD Direct LED жарықтандыруымен |
| Өлшемдер (аяқсыз, Ұ x Б x Т) | 1450 x 836 x 73 мм |
| Салмақ (аяқсыз) | Шамамен 22,5 кг |
| Қуат көзі | Айнымалы ток 220-240 В, 50/60 Гц |
| Электр тұтыну (күту режимі) | 0,5 Вт-тан аз |
| Операциялық жүйе | Android TV (Android 9.0) |
| Негізгі функциялар | 4K HDR (HDR10, HLG), Motionflow XR 200, TRILUMINOS дисплейі, кірістірілген Google Assistant |
| Қосылым | 4 x HDMI, 3 x USB, Ethernet, Wi-Fi, Bluetooth, DVB-T/T2/C/S/S2 тюнері |
| VESA стандарттары | 400 x 300 мм |
| Үйлесімді қабырға бекіткіші | Sony SU-WL450 (стандартты немесе жұқа орнату) |
| Жеткізілетін керек-жарақтар | Үстел тірегі, қашықтан басқару құралы, батареялар, қуат кабелі, құжаттар |
| Күтім және тазалау | Құрғақ және жұмсақ шүберекпен шаңды кетіріңіз. Химиялық заттарды қолданбаңыз. Тазалау алдында құрылғыны өшіріңіз. |
| Қауіпсіздік | Қабырғаға орнатуды тек уәкілетті орнатушы жүргізуі тиіс. Теледидарға сүйенбеңіз немесе ілінбеңіз. Жеткілікті желдетуді қамтамасыз етіңіз. |
| Қосалқы бөлшектер және жөндеу мүмкіндігі | Қосалқы бөлшектер Sony-дің уәкілетті сатушылары арқылы қолжетімді. Жөндеу мүмкіндігі көрсеткіші хабарланбаған. |
| Жалпы ақпарат | Толық нұсқаулықты notice-facile.com сайтынан жүктеп алуға болады. Тек қабырға бекіткішінің салмағы: 0,8 кг. |
Жиі қойылатын сұрақтар - Bravia KD65XG8796 SONY
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы Bravia KD65XG8796 SONY
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз телевизор PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз Bravia KD65XG8796 - SONY және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. Bravia KD65XG8796 брендінің SONY.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ Bravia KD65XG8796 SONY
Sony қабырғаға орнататын кронштейнді (SU-WL450) пайдалану туралы орнату ақпараты
Қолдау көрсетілетін модельдер: KD-85XG85□□* / 75XG87□□* / 75XG85□□* / 65XG87□□* / 65XG85□□* / 55XG87□□* / 55XG85□□*
* Нақты модель атауындағы «☐☐» белгісі әрбір арнайы модель үшін сандарды және/немесе таңбаларды көрсетеді.
Тұтынушыларға
Өнім қорғанысы және қауіпсіздік себептері үшін Sony компаниясы ТД-ды орнату Sony дилерлері немесе лицензияланған мердігерлер тарапынан орындалуын қатаң ұсынады. Оны өзіңіз орнатуға әрекет етпеңіз.
Sony дилерлері мен мердігерлеріне
Бұл өнімді орнату, мерзімді түрде техникалық қызмет көрсету және тексеру барысында қауіпсіздікке толық назар аударыңыз.
Бұл өнімді орнату үшін, әсіресе ТД ауырлығын көтеріп тұру үшін қабырғаның беріктігін анықтау үшін тиісті сараптама жасау керек. Бұл өнімді қабырғаға бекітуді Sony дилерлеріне немесе лицензияланған мердігерлерге тапсырыңыз және орнату барысында қауіпсіздікке тиісті назар аударыңыз. Қате қолдану немесе қате орнату арқылы кез келген зақым немесе жарақат үшін Sony компаниясы жауапты емес.
Қауіпсіздік және дұрыс орнату үшін қабырғаға бекітілетін кронштейн пайдалану нұсқауларын, ТД орнату нұсқаулығын және осы нұсқаулықтағы нұсқауларды орындаңыз.
Қауіпсіздік туралы
Осы өнімді сатып алғаныңыз үшін рақмет.
Тұтынушылар үшін
Осы құрылғыны орнатуға жеткілікті түрде тәжірибе қажет. Орнату жұмыстарын Sony дилерлері немесе лицензиясы бар мердігерлер жасауы керек және орнату барысында қауіпсіздікке аса назар аударыңыз. Sony дұрыс қолданбау, дұрыс орнатпау немесе көрсетілген құрылғыдан басқаны орнату салдарынан болған зақымдарға немесе жарақатқа жауапты емес. Заңды құқығыңыз (қандай да бір) жарамайды.
Sony дилерлері үшін
Осы құрылғыны орнатуға жеткілікті түрде тәжірибе қажет. Орнату жұмыстарын қауіпсіз түрде орындау үшін осы нұсқаулықты толық оқып шығыңыз. Sony дұрыс қолданбау немесе дұрыс орнатпау салдарынан болған зақымдарға немесе жарақатқа жауапты емес. Орнатқаннан кейін тұтынушыға осы нұсқаулықты беріңіз.
Осы пайдалану нұсқаулығы өнімнің дұрыс қолданылуын және зақымды болдырмауға қажетті алдын алу шараларын көрсетеді. Осы нұсқаулықты толық оқып шығып, өнімді дұрыс қолданыңыз. Болашақта ақпарат алу үшін осы нұсқаулықты қолжетімді жерде сақтаңыз.
Sony өнімдері қауіпсіздікті ескере отырып жасалған. Өнімдер дұрыс қолданылмаса, өрт, ток соғу, өнімнің құлауы немесе оны лақтыру салдарынан ауыр жарақатқа әкелуі мүмкін. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін алдын алу шараларын қараңыз.
Өнімнің күні мен штрих-кодында штрих-код таңбасының коды келесі форматта көрсетіледі: ЖЖОЖК / ММ, мұнда ЖЖОЖК - жыл, ММ - өндіріс мезгілі.
Қазақстан жеріндегі тұтынушылардың шағым-талаптарын қабылдауға уәкілетті ұйым «Сони Электроникс» АҚ Қазақстандағы Өкілдігі, 050010, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Достық даңғылы, 117/7 үй
Өндіруші: Сони Вижуал Продактс Инк.
Өндіруші мекенжайы: 2-10-1 Осаки, Шинагава-ку, Токио, 141-8610 Жапония
Кеден одағы жеріндегі шетелден әкелуші «Сони Электроникс» АҚ, Ресей, 123103, Мәскеу, Карамышевский өтпе көшесі, 6
Қытайда жасалған
АБАЙ БОЛЫНЫЗ!
Арнайы құрылғылар
Қабырғаға бекіту кронштейні теледидарға арналған құрылғылармен бірге қолдану үшін жасалған. Қабырғаға орнататын кронштейнді пайдалануға болатынын тексеру үшін теледидарға арналған Анықтамалық нұсқау бөлімін қараңыз.
Тұтынушылар үшін
ЕСКЕРТУ
Осы алдын алу шаралары сақталмаса, өрт, ток соғу немесе құрылғының құлауы салдарынан ауыр жарақатқа немесе өлімге әкелуі мүмкін.
Орнату жұмыстарын лицензиясы бар мердігерлер жасауы керек және құрылғыны орнату кезінде кішкентай балаларды алыс ұстаңыз.
Қабырғаға бекіту кронштейні немесе теледидар дұрыс орнатылмаса, келесі жағдайлар болуы мүмкін. Лицензиясы бар мердігерлер орнату жұмыстарын жүргізе алатындығына көз жеткізіңіз.
- Теледидар құлап, дененің көгеруі немесе сынық секілді ауыр жарақаттарға әкелуі мүмкін.
- Қабырғаға бекіту кронштейні орнатылатын қабырға тұрақсыз, қисық болса немесе еденге перпендикуляр болмаса, құрал құлап, жарақатқа не мүліктің зақымдануына әкелуі мүмкін. Қабырға теледидардың салмағынан төрт есе ауыр салмақты көтере алуы қажет. (Салмағын тексеру үшін теледидардың Анықтамалық нұсқау бөлімін қараңыз.)
- Қабырғаға бекіту кронштейні қабырғаға берік бекітілмесе, құрал құлап, жарақатқа немесе мүліктің зақымдануына әкелуі мүмкін.
Балалар үшін
- Балаларға теледидар үстіне шығуға рұқсат бермеңіз.
- Ұсақ жабдықтарын балалардан аулақ ұстаңыз, жұтып қоймасын.
Теледидарды тасымалдау немесе бөлшектеу жұмыстарын лицензиясы бар мердігерлер жасауы керек.
Лицензиясы бар мердігерлерден басқа адамдар теледидарды тасымалдаса немесе бөлшектесе, ол құлап, жарақатқа немесе мүліктің зақымдануына әкелуі мүмкін. Теледидарды екі немесе одан көп адам (75 дюймді және одан үлкен теледидар жинағы үшін үш немесе одан көп адам) тасымалдауға немесе шешуге мүмкіндіктері жететіндігін тексеріңіз.
Теледидарды бекіткеннен кейін бұрандаларды және т.б. босатпаңыз.
Егер солай істейтін болсаңыз, теледидар құлауы немесе мүліктің зақымдануы мүмкін.
Қабырғаға бекіту кронштейнінің бөлшектерін ауыстырмаңыз.
Егер солай істейтін болсаңыз, қабырғаға бекіту кронштейні құлауы немесе мүліктің зақымдануы мүмкін.
Арнайы құрылғыдан басқа құралды бекітпеңіз.
Осы қабырғаға бекіту кронштейні тек арнайы құрылғылармен бірге қолдану үшін жасалған. Арнайы құрылғыдан бөлек құралды бекітсеңіз, ол құлап не сынып, жарақатқа не мүліктің зақымдануына әкелуі мүмкін.
Қабырғаға бекіту кронштейніне теледидардан басқа затты қолданбаңыз. Теледидарды солға/оңға, жоғары/төмен шайқамаңыз.
Егер солай істейтін болсаңыз, теледидар құлауы немесе мүліктің зақымдануы мүмкін.
Теледидарға сүйенбеңіз немесе асылып тұрмаңыз.
Теледидарға сүйенсеніз не асылып тұрсаңыз, ол сізге құлап, ауыр жарақат алуыңыз мүмкін.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Осы алдын алу шаралары сақталмаса, жарақат алуыңыз немесе мүлік зақымдануы мүмкін.
Құрылғыны тазалау не оған күтім жасау кезінде қатты күш салмаңыз.
Теледидардың жоғарғы бөлігіне қатты күш салмаңыз. Егер солай істейтін болсаңыз, теледидар құлауы немесе мүліктің зақымдануы мүмкін.
Алдын алу шаралары
- Қабырғаға бекіту кронштейніне орнатылған теледидарды ұзақ уақыт бойы пайдалансаңыз, қабырғаның материалына байланысты теледидар артындағы не үстіндегі түс өзгеруі немесе тұсқағаздың түсі кетуі мүмкін.
- Қабырғаға бекіту кронштейнін орнатқаннан кейін қайта алсаңыз, қабырғада бұранда саңылаулары қалады.
- Қабырғаға бекіту кронштейнін механикалық тербеліс әсер ететін орында пайдаланбаңыз.
Қабырғаға бекіту кронштейнін орнату
Sony дилерлері үшін
Келесі нұсқаулар тек Sony дилерлеріне арналған. Жоғарыда берілген алдын алу шараларын оқып шығыңыз және осы құрылғыны орнату, оған күтім жасау, оны тексеру кезінде аса назар аударыңыз.
Қабырғаға бекіту кронштейнін
теледидардың
бұрыштары не қапталы қабырға бетінен шығып тұратын орындарға орнатпаңыз.
Қабырғаға бекіту кронштейнін теледидардың бұрыштары не қапталы қабырға бетінен шығып тұратын баған секілді орындарға орнатпаңыз. Адам немесе басқа зат теледидардың шығып тұрған бұрышына не қапталына соқса, ол жарақат алуы немесе мүлік зақымдануы мүмкін.

Теледидардың салқындатқыштың үстіне не астына орнатпаңыз.
Теледидарға салқындатқыштан ұзақ уақыт бойы су тамшылары ақса не салқын ауа соқса, ол өртке, ток соғуға немесе теледидардың дұрыс жұмыс істемеуіне әкелуі мүмкін.
Қабырғаға бекіту кронштейнін осы пайдалану
нұсқаулығына сүйене отырып мықтап бекітіңіз.
Бұрандалардың бірі жоғалып не түсіп қалған болса, қабырғаға бекіту кронштейні құлап, жарақатқа немесе мүліктің зақымдануына әкелуі мүмкін. Қабырғаның материалына сай бұрандаларды пайдаланыңыз және диаметрі 8 мм (немесе ұқсас) болатын төрт не одан да көп бұрандаларды пайдалана отырып құралды мықтап бекітіңіз.

Берілген бұрандалар мен бекіту
бөлшектерін осы нұсқаулықтағы
нұсқауларға сүйене отырып дұрыс пайдаланыңыз.
жарақат алуы немесе теледидарды зақымдауы мүмкін.
Нұсқаулықта берілген процедураларға сүйене отырып кронштейнді дұрыстап
құрастырыңыз.
Бұрандалардың бірі жоғалса немесе түсіп қалған болса, теледидар құлап, біреуге дене жарақатын салуы немесе теледидарды зақымдауы мүмкін.
Бұрандалар көрсетілген орында мықтап бекітілуі керек.
Осылай орындалмаса, теледидар құлап, біреуге дене жарақатын салуы немесе теледидарды зақымдауы мүмкін.
Орнату кезінде
теледидарды соғып алмаңыз.
Теледидарды соғып алсаңыз, ол құлауы немесе сынуы мүмкін. Бұдан жарақат алуыңыз мүмкін.
Теледидарды қабырға мен еденге
перпендикуляр
болатындай етіп орнату керек.
Егер солай болмаса, теледидар құлауы немесе жарақат алуыңыз мүмкін.
Теледидар дұрыс орнатылғаннан кейін кабельдерді дұрыс бекітіңіз.
Адамдар немесе басқа заттар кабельге оралатын болса, жарақатқа не теледидардың зақымдануына әкелуі мүмкін.
Айнымалы ток сымы немесе қосу кабелі қысылып қалмауы керек.
Айнымалы ток сымы немесе қосу кабелі құрал мен қабырға арасында қысылып қалса, майысқан немесе құштап оралған болса, ішкі бағыттағыштар зақымданып, қысқа тұйықталуға немесе электр кезінің үзілуіне себеп болуы мүмкін. Бұл өрттің пайда болуына немесе ток соғуға әкелуі мүмкін.

Кронштейнді қабырғаға бекітуге қажетті бұрандалар берілмеген.
Қабырғаға бекіту кронштейнін бекіту кезінде қабырғаның материалы мен құрылымына сай бұрандаларды пайдаланыңыз.
Мазмұны
Орнатуға дайындық 5
Бөлшектерді тексеру ....5
Орнатылатын орынды анықтау ......6
Қабырғаға тұғырды орнату 8
Теледидарды орнатуға дайындау .....9
KD-85/75XG85□□, KD-75XG87□□....9
KD-65/55XG87□□, KD-65/55XG85□□....11
Қабырғаға теледидарды орнату .....13
KD-85/75XG85□□, KD-75XG87□□ 13
KD-65/55XG87□□, KD-65/55XG85□□ 15
Орнатудың аяқталғандығын тексеру .....18
Басқа ақпарат 18
Техникалық сипаттамалары .....18
Теледидарды қабырғаға орнату
Теледидардың түріне байланысты орнату процедурасы өзгеше болады.
ТД-ды қабырғаға орнату үшін SU-WL450 қабырғаға орнататын кронштейнін пайдаланыңыз.
Нұсқау
- Алынған бұрандаларды балалардан алыс, қауіпсіз орынға қойыңыз.
Орнатуға дайындық
- Орнату алдында ТД анықтамалық нұсқаулығын және орнату нұсқаулығын алыңыз.
- Құрастырмас бұрын бұрандаларға сай келетін Phillips бұрауышы болуы керек.
- Теледидар бекітілетін орынды анықтаңыз.
- Диаметрі 8 мм болатын төрт немесе одан да көп бұранда және 5 мм-лік немесе ұқсас (берілмеген) бұранда дайындаңыз.
Қабырғаның материалына сай келетін бұрандаларды таңдаңыз.
Бөлшектерді тексеру
SU-WL450 құрылғысымен беріледі
- Барлық бөлшектердің бар екендігін тексеріңіз.
A Heriz (20) (1) B Terepshik (2)![]() | ![]() |
C PSW 6x20 (4) D TbIbYH PSW 4x20 (2)![]() | ![]() |
E ApaIbIc (20) (2) F BeIaIc (1)![]() | ![]() |
G TbIbYH (20) (M4) (2)![]() | H PSW 4x20 (2)![]() |
I Heri3rI aIapTep (2)![]() | J PSW 4x10 (8)![]() |
K ApaIbIc (60) (2) L PSW 6x50 (2)![]() | ![]() |
M TbIbYH (M4) (2) N PSW 4x50 (2)![]() | [Z28H] |
Орнатылатын орынды анықтау
1 Орнатылатын орынды анықтаңыз.
Қабырғада ТД үшін жеткілікті орын бар екенін және ТД-дың кемінде төрт есе ауырлығын көтере алатынын тексеріңіз.
Теледидарды қабырғаға орнату туралы келесі кестені қараңыз. Теледидардың салмағын тексеру үшін теледидардың Анықтамалық нұсқау бөлімін қараңыз.
Стандартты орнату Жақын орнату
Экран ортасының нүктесі
Құрал: мм
| Улгі нөмірі | Экран өлшемдері | Экран ортасының өлшемі | Орнату үзындығы | ||
| a | b | c | d | e | |
| Стандартты орнату Жақын орнату | |||||
| KD-85XG85□□ | 1909 | 1097 | 251 | 803 | 142 |
| KD-75XG87□□KD-75XG85□□ | 1673 | 963 | 107 | 595 | 116 |
| KD-65XG87□□KD-65XG85□□ | 1450 | 836 | 99 | 523 | 115 |
| KD-55XG87□□KD-55XG85□□ | 1231 | 713 | 106 | 468 | 115 |
Нұсқау
- Кестедегі деректер орнатуға байланысты аздап өзгешеленуі мүмкін.
- ТД қабырғаға орнатылғанда ТД жоғарғы бөлігі аздап алға еңкейеді.
Теледидар мен төбе және қабырғаның шығыңқы бөліктері арасында төменде көрсетілгендей ашық орын қалдырыңыз.
Құрал: мм

• Тиісті желдету және кір мен шаңның жиналуын болдырмау үшін:
— ТД-ды жалпағына қоймаңыз, жоғарғы жағын төмен қарай, артқа қаратып немесе қырымен орнатпаңыз. — ТД-ды сөреге, кілемге, төсекке немесе шкафқа қоймаңыз. — ТД-ды перделер сияқты шүберекпен немесе газеттер т.б. сияқты элементтермен жаппаңыз. – ТД-ды төменде көрсетілгендей орнатпаңыз.
Ауа айналымы блокталған.

Нұсқау
- Кабельдерді қабырға ішіне салатын болсаңыз, орнатпас бұрын кабель салынатын қабырғаны тесіп алуыңыз керек. Кабельдер қысылып қалмас үшін негіз (20) Ⓐ, негізгі адаптер Ⓐ мен аралық (20) Ⓔ, аралық (60) Ⓑ периметрінен тыс қабырғадан саңылау дайындаңыз.
2 Қабырғаға орнату стилін таңдаңыз. Теледидардың артқы жағы мен қабырға арақашықтығын төменде көрсетілгендей таңдауға болады және реттеледі.
1-қадам кестесіне қараңыз.
ЕСКЕРТУ
• 2-в таңдалған кезде, артқы терминалға қатынас шектеулі болады.

3 Негізгі адаптерді бекіту орны туралы төмендегі кестеден қараңыз. 2-в таңдалған жағдайда, осы қадамды өткізіп жіберіңіз.
| Улгі нөмірі Ілмек орны | |
| KD-85XG85□□ | |
| KD-75XG87□□ | a |
| KD-75XG85□□ | |
| KD-65XG87□□ | |
| KD-65XG85□□ | b |
| KD-55XG87□□ | |
| KD-55XG85□□ | |

Адаптер ① негізін (PSW 4x10) ② бұрандаларымен 2-а таңдалған кезде (20) Ⓐ негізіне бекіту.

18-беттегі сипаттамаларды қараңыз.
2-а таңдалған кезде, ① Адаптер негізінің тесік орнын пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТУ
- Теледидар орнатылатын қабырға теледидар салмағынан төрт есе ауыр салмақты көтере алуы тиіс (Салмағын тексеру үшін теледидардың Анықтамалық нұсқау бөлімін қараңыз.).
- Теледидар бекітілетін қабырғаның беріктігін анықтаңыз. Қажет болса, қабырғаны жеткілікті түрде күшейтіңіз.
Қабырғаға тұғырды орнату
- Диаметрі 8 мм болатын немесе ұқсас төрт немесе одан да көп бұранданы пайдаланыңыз (берілмеген). • ① Адаптерінің негізіне төрт бұрандаларды (20) Ⓐ Негізімен бекітіңіз (Тек 2-а).
- Түгірді (20) Ⓐ қабырғаға көлденең етіп орнатыңыз.


Теледидарды орнатуға дайындау
Тірек орнату нұсқаулығын қараңыз.
KD-85/75XG85□□, KD-75XG87□□
1 Қабырғадағы орнату орнын белгілеңіз.
- Негіз немесе негіз адаптері жанындағы теледидардың орнын белгілеу үшін оқшаулау таспасын, т.б. (бірге берілмеген) пайдаланыңыз. Келесі кестені қараңыз.

Құрал: мм
| Улгі нөмірі | Белгілеу ¥зЫНДЫГЫ | Экран ортасының өлшемі | ||
| a | b | c | d | |
| KD-85XG85□□ | 1909 | 683 | 200 | 251 |
| KD-75XG87□□KD-75XG85□□ | 1673 | 468 | 200 | 107 |
2 Теледидардың артындағы бұрандаларды алып тастаңыз.
![graph TD A["1×2"] --> B["Device"] C["2×2"] --> B B --> D["Device"] style A fill:#f9f,stroke:#333 style C fill:#f9f,stroke:#333](/content/2026/03/465195/images/713f5b8659bde43ace16e987de35e411c9b9af42b287a95c12f67747e8423cc8.jpg)
3 Қабырғаға орнататын кронштейн үшін тіркеу бөлшектерін тіркеңіз. 5-беттегі «Бөлшектерді тексеру» бөліміндегі «SU-WL450 құрылғысымен беріледі» тармағын қарау арқылы монтаждау бөлшектерін тексеріңіз.
Нұсқау
- Бекіту бөлшектерін бұрандалар арқылы мықтап бекітіңіз.
- Электр бұрауышты пайдаланғанда, айналу шамасын шамамен 1,5 Н·м {15 кгк·см} орнатыңыз.
- Пайдаланылған немесе пайдаланылмаған бөлшектер алдағы қолданыс үшін қауіпсіз орынға сақталғанын тексеріңіз. Бұл нұсқаулықты болашақта қарау үшін сақтаңыз.
Стандартты орнату (2-а)
Жақын орнату (2-b)
Нұсқау
- Бұл орнату стилін пайдаланғанда теледидардың артқы жағындағы контактілердің кейбірін пайдалана алмайсыз.

4 Қажетті кабельді (кабельдерді) теледидарға жалғау.
Теледидарды қабырғаға орнатпас бұрын кабельдердің жалғанғанын тексеріңіз.
Теледидарды орнатқаннан кейін кабельдерді жалғау мүмкін болмайды.
Теледидармен берілетін Анықтамалық нұсқау бөлімін қараңыз.
Нұсқау
- Қабырғаға кабель жүргізуді лицензиясы бар мердігерге тапсырыңыз.
- Қабырғаға монтаждау алдында, басып кетпеу үшін, жалғастырушы кабельдерді қосыңыз.
5 ТД-дан үстел тұғырын ажыратыңыз.
- Үстелдің үстіңгі тақтайының бір жақ бағанасын бірден алып тастаңыз. Басқа адамдар теледидарды көтергенше үстелдің үстіңгі тақтайының бағанасын қатты ұстаңыз.
KD-85XG85□□
- Алдыңғы қадамды қайталаңыз және үстелдің үстіңгі тақтайының екінші жақ бағанасын алып тастаңыз.
Нұсқау
- Үстел тұғырын шешу үшін үш не одан көп адам қажет болады. • Үстел тұғырын теледидардан шешкен кезде шамадан көп күш салмауға тырысыңыз, себебі бұл теледидардың құлап, дене жарақатына немесе теледидардың физикалық зақымына әкелуі мүмкін.
- Теледидардың зақымдалуын болдырмау үшін үстел тұғырын абайлап қолданыңыз.
- Теледидарды көтергенде абай болыңыз, өйткені үстел тұғыры ажыратылып, жарамсыздыққа ұшырауы мүмкін.
- Теледидардан үстел тұғырын алу кезінде құлатып алудан және теледидар орнатылған бетке зақым келтіруден сақтық шараларын қолға алыңыз.
KD-65/55XG87□□,
KD-65/55XG85□□
1 Теледидардың артындағы бұрандаларды алып тастаңыз.
![graph TD A["1×2"] --> C["Device"] B["2×2"] --> C["Device"] C --> D["Sensor"] style A fill:#f9f,stroke:#333 style B fill:#f9f,stroke:#333 style C fill:#ccf,stroke:#333 style D fill:#cff,stroke:#333](/content/2026/03/465195/images/31f66bbb763ba4ef4f2943c6b97d6f0145cb13eebbfe6be4a729b1728235029c.jpg)
2 Қабырғаға орнататын кронштейн үшін тіркеу бөлшектерін тіркеңіз. 5-беттегі «Бөлшектерді тексеру» бөліміндегі «SU-WL450 құрылғысымен беріледі» тармағын қарау арқылы монтаждау бөлшектерін тексеріңіз.
Нұсқау
- Бекіту бөлшектерін бұрандалар арқылы мықтап бекітіңіз.
- Электр бұрағышты пайдаланғанда, айналу шамасын шамамен 1,5 Н·м {15 кгк·см} орнатыңыз.
- Пайдаланылған немесе пайдаланылмаған бөлшектер алдағы қолданыс үшін қауіпсіз орынға сақталғанын тексеріңіз. Бұл нұсқаулықты болашақта қарау үшін сақтаңыз.
Стандартты орнату (2-а)
Жақын орнату (2-b)
Нұсқау
- Бұл орнату стилін пайдаланғанда теледидардың артқы жағындағы контактілердің кейбірін пайдалана алмайсыз.

3 Қажетті кабельді (кабельдерді) теледидарға жалғау.
Теледидарды қабырғаға орнатпас бұрын кабельдердің жалғанғанын тексеріңіз. Теледидарды орнатқаннан кейін кабельдерді жалғау мүмкін болмайды. Теледидармен берілетін Анықтамалық нұсқау бөлімін қараңыз.
Нұсқау
- Қабырғаға кабель жүргізуді лицензиясы бар мердігерге беріңіз.
- Қабырғаға монтаждау алдында, басып кетпеу үшін, жалғастырушы кабельдерді қосыңыз.
4 ТД-дан үстел тұғырын ажыратыңыз.
- Үстелдің үстіңгі тақтайының бір жақ бағанасын бірден алып тастаңыз. Басқа адамдар теледидарды көтергенше үстелдің үстіңгі тақтайының бағанасын қатты ұстаңыз.

- Алдыңғы қадамды қайталаңыз және үстелдің үстіңгі тақтайының екінші жақ бағанасын алып тастаңыз.
Нұсқау
- Үстел тұғырын шешу үшін үш не одан көп адам қажет болады. • Үстел тұғырын теледидардан шешкен кезде шамадан көп күш салмауға тырысыңыз, себебі бұл теледидардың құлап, дене жарақатына немесе теледидардың физикалық зақымына әкелуі мүмкін.
- Теледидардың зақымдалуын болдырмау үшін үстел тұғырын абайлап қолданыңыз.
- Теледидарды көтергенде абай болыңыз, өйткені үстел тұғыры ажыратылып, жарамсыздыққа ұшырауы мүмкін.
- Теледидардан үстел тұғырын алу кезінде құлатып алудан және теледидар орнатылған бетке зақым келтіруден сақтық шараларын қолға алыңыз.
Қабырғаға теледидарды орнату
KD-85/75XG85□□, KD-75XG87□□
1 Теледидарды көтеріңіз.
- Негіздегі немесе негіз адаптеріндегі ілмектегі тегершіктер ⑧ орнын 7-беттегі «Орнатылатын орынды анықтау» ішіндегі 3-қадам кестесінен қараңыз.
- Теледидарды ұстаған кезде теледидар арты негізге немесе негіз адаптеріне тиетініне көз жеткізіңіз.
Нұсқау
- Теледидарды екі қолмен берік ұстап, белбеу (F) және теледидар асты оқшаулау таспасымен тураланғанына көз жеткізіңіз.
- Теледидарды үш адам болып тасымалдаңыз және теледидар алдындағы адам басқаларына орнын реттеу бойынша нұсқау беруі керек.

- Теледидарды қабырғаға бекіту кезінде абай болыңыз (әсіресе, теледидарды астынан ұстайтын адам), себебі теледидар жинағы құлап, ауыр дене жарақатына немесе тіпті өлімге әкелуі мүмкін.

2 Теледидарды негізге немесе негіз адаптеріне орнатыңыз.
- Теледидарды ақырын төмен сырғытып, теледидар артына тіркелген тегершіктерді Ⓑ негізге немесе негіз адаптеріне іліп, саңылаулар пішінін растаңыз.
- ТД-ды қабырғаға орнатқаннан кейін тегершіктер Ⓑ негізге немесе Негізгі адаптерге бекем ілінгендігін тексеріңіз.
- Теледидардың құламайтынына көз жеткізу үшін екі қолыңызды баяу босатыңыз.

- Теледидарды қабырғаға орнатқаннан кейін, қабырғадан оқшаулау таспасын, т.б. шешіңіз.

ЕСКЕРТУ
- Теледидарды тасымалдау кезінде екі немесе одан көп адам (75 дюймді және одан үлкен теледидар жинағы үшін үш немесе одан көп адам) ұстағанын тексеріңіз.

3 Теледидардың төменгі бөлігінің жылжып кетуін болдырмау.
- Белдікті (F) алып, оны қабырғаға мықтап бекітіңіз.

- Диаметрі 5 мм болатын немесе ұқсас бұранданы пайдаланыңыз (берілмеген).
Нұсқау
- Теледидардың алға қарай жылжымайтынын тексеру үшін теледидардың төменгі бөлігін өзіңізге қарай ақырын тартып көріңіз. Егер жылжитын болса, дұрыс бекітілмеген болғаны және белдікті (F) қайта бекітіңіз.
KD-65/55XG87□□, KD-65/55XG85□□
1 Теледидарды көтеріңіз.
- Негіздегі немесе негіз адаптеріндегі ілмектегі тегершіктер Ⓑ орнын 7-беттегі «Орнатылатын орынды анықтау» ішіндегі 3-қадам кестесінен қараңыз.
- Теледидарды ұстаған кезде теледидар арты негізге немесе негіз адаптеріне тиетініне көз жеткізіңіз.

• Теледидарды екі қолыңызбен тығыз ұстаңыз.
2 Теледидарды негізге немесе негіз адаптеріне орнатыңыз.
- Теледидарды ақырын төмен сырғытып, теледидар артына тіркелген тегершіктерді Ⓑ негізге немесе негіз адаптеріне іліп, саңылаулар пішінін растаңыз. • ТД-ды қабырғаға орнатқаннан кейін тегершіктер Ⓑ негізге немесе Негізгі адаптерге бекем ілінгендігін тексеріңіз.
- Теледидардың құламайтынына көз жеткізу үшін екі қолыңызды баяу босатыңыз.

- Теледидарды тасымалдау кезінде екі немесе одан көп адам (75 дюймді және одан үлкен теледидар жинағы үшін үш немесе одан көп адам) ұстағанын тексеріңіз.

3 Теледидардың төменгі бөлігінің жылжып кетуін болдырмау.
- Белдікті (F) алып, оны қабырғаға мықтап бекітіңіз.

- Диаметрі 5 мм болатын немесе ұқсас бұранданы пайдаланыңыз (берілмеген).
Нұсқау
- Теледидардың алға қарай жылжымайтынын тексеру үшін теледидардың төменгі бөлігін өзіңізге қарай ақырын тартып көріңіз. Егер жылжитын болса, дұрыс бекітілмеген болғаны және белдікті Ⓖ қайта бекітіңіз.
Орнатудың аяқталғандығын тексеру
Келесілерді тексеріңіз.
- Тегершіктер Ⓑ негізге немесе Негізгі адаптерге бекем ілінді.
- Сым мен кабель оралмаған немесе қысылмаған.
- Белдік Ⓕ мықтап бекітілген.
ЕСКЕРТУ
- Айнымалы ток сымының немесе т.б. қате орналасуы қысқа тұйықталу салдарынан өрттің пайда болуына немесе ток соғу қаупіне әкелуі мүмкін. Орнату жұмыстарының қауіпсіздік талаптарына сай орындалғанына көз жеткізіңіз.
Басқа ақпарат
Теледидарды алған кезде алдыңғы орнату процедурасын керісінше орындаңыз.

- Теледидарды шешу кезінде екі немесе одан көп адам (75 дюймді және одан үлкен теледидар жинағы үшін үш немесе одан көп адам) ұстағанын тексеріңіз.
Техникалық сипаттамалары
Өлшемдері: (шамамен) [мм]
a : 400
b : 300
c : 200
d : 100
e : 80
f : 480
g : 100
h1 : 20 (2-b τγρι)
h2 : 60 (2-a τγρι)
Салмағы (тек тұғыр): (шамамен) [кг] 0,8
Дизайн мен техникалық сипаттамалары ескертусіз өзгертіледі.
Sony қабырғаға орнатуға арналған кронштейн (SU-WL450) орнату және пайдалану туралы ақпарат
Қолдау көрсетілетін үлгілер:
KD-85XG85□□* / 75XG87□□* / 75XG85□□* / 65XG87□□* / 65XG85□□* / 55XG87□□* / 55XG85□□*
* Нақты модель атауларында „☐☐” әр модельге тән сандар мен/немесе әріптерді білдіреді.












