BOSCH AdvancedImpact 18V - бурғы

AdvancedImpact 18V - бурғы BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз AdvancedImpact 18V BOSCH PDF форматында.

📄 227 бет PDF ⬇️ Қазақша KK 💬 ЖИ сұрағы 🖨️ Басып шығару
Notice BOSCH AdvancedImpact 18V - page 144
Нұсқаулық көмекшісі
ChatGPT арқылы жұмыс істейді
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : BOSCH

Модель : AdvancedImpact 18V

Санат : бурғы

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз бурғы PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз AdvancedImpact 18V - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. AdvancedImpact 18V брендінің BOSCH.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ AdvancedImpact 18V BOSCH

Еуразия экономикалық одағына (Кеден одағына) мүше мемлекеттер аумағында қолданылады Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану құжаттарының құрамында пайдалану жөніндегі осы нұсқаулық, сонымен бірге қосымшалар да болуы мүмкін. Сəйкестікті растау жайлы ақпарат қосымшада бар. Өнімді өндірген мемлекет туралы ақпарат өнімнің корпусында жəне қосымшада көрсетілген. Өндірілген мерзімі Нұсқаулық мұқабасының соңғы бетінде көрсетілген. Импортерге қатысты байланыс ақпарат өнім қаптамасында көрсетілген. Өнімді пайдалану мерзімі Өнімнің қызмет ету мерзімі 7 жыл. Өндірілген мерзімнен бастап (өндіру күні зауыт тақтайшасында жазылған) істетпей 5 жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз (сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды. Қызметкер немесе пайдаланушының қателіктері мен істен шығу себептерінің тізімі – тұтқасы мен корпусы бұзылған болса, өнімді пайдаланбаңыз – өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз – тоқ сымы бұзылған немесе оқшаулаусыз болса, пайдаланбаңыз – жауын –шашын кезінде сыртта (далада) пайдаланбаңыз – корпус ішіне су кірсе құрылғыны қосушы болмаңыз – қөп үшқын шықса, пайдаланбаңыз – қатты діріл кезінде пайдаланбаңыз Шекті күй белгілері – тоқ сымының тозуы немесе зақымдануы – өнім корпусының зақымдалуы Қызмет көрсету түрі мен жиілігі Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.

– құрғақ жерде сақтау керек – жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің әсерінен алыс сақтау керек – сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан қорғау керек – орамасыз сақтау мүмкін емес – сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін МЕМСТ15150 (шарт1) құжатын қараңыз

– тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады – босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды пайдалануға рұқсат берілмейді. – тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ 15150 (5шарт) құжатын оқыңыз. Қауіпсіздік нұсқаулары Электр құралдары үшін жалпы қауіпсіздік

Осы электр құралының жинағындағы ескертулерді, нұсқауларды, суреттерді және сипаттамаларды оқыңыз. Барлық техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын орындамау тоқтың соғуына, өрт және/ немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін. Болашақ жұмыстар үшін қауіпсіздік нұсқаулықтары мен ескертпелерді сақтап қойыңыз. Қауіпсіздік нұсқаулықтарында пайдаланылған Электр құрал атауының желіден қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі менен) және аккумуляторден қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі жоқ) қатысы бар.Жұмыс орнының қауіпсіздігі u Жұмыс орнын таза және жарық ұстаңыз. Ластанған және қараңғы жайларда сәтсіз оқиғалар болуы мүмкін. u Электр құрылғысын жарылатын атмосферада пайдаланбаңыз, мысалы, жанатын сұйықтық, газ немесе шаң бар болғанда. Электр құрал ұшқындарды жасайды, ал олар шаң немесе буларды жандыруы

u Балалар мен бақылаушыларды электр құралынан алыс ұстаңыз. Алданулар бақылау жоғалуына алып келуі мүмкін. Электр қауіпсіздігі u Электр айырлары розеткаға сай боулы тиіс. Айырды ешқашан ешқандай тәрізде өзгертпеңіз. Жерге косылған электр құралдарымен адаптер айырларын пайдаланбаңыз. Өзгертілмеген айырлар мен сәйкес розеткалар электр тұйықталуының қауіпін төмендетеді. u Құбырлар, радиаторлар, плиталар мен суытқыштар сияқты жерге қосылған беттерге тимеңіз. Денеңіз жерге қосылған болса жоғары тоқ соғу қауіпі пайда

u Электр құралдарды жаңбырда немесе ылғалды қоршауда пайдаланбаңыз. Электр құралына кірген су тоқ соғу қауіпін жоғарылатады. u Кабельді тиісті болмаған ретте пайдаланбаңыз. Кабельді электр құралын тасу, көтеру немесе тоқтан шығару үшін пайдаланбаңыз. Кабельді ыстықтық, май, өткір қырлар және жылжымалы бөлшектерден алыс ұстамаңыз. Зақымдалған немесе бытысып кеткен кабель тоқ соғу қауіпін жоғарылатады. u Электр құралын сыртта пайдаланғанда сыртқы жайлар үшін сай кабельді пайдаланыңыз. Сыртта пайдалануға жарамды кабельді пайдалану тоқ соғу қауіпін төмендейді. u Егер электр құралын ылғалды жерде пайдалану керек болса, онда қорғайтын өшіру құрылғысы (RCD) арқылы қорғалған тоқ желісін пайдаланыңыз. RCD пайдалану тоқ соғу қауіпін төмендетеді. Жеке қауіпсіздік u Электр құралды пайдалануда абай болыңыз, жұмысыңызды бақылаңыз және парасатты пайдаланыңыз. Электр құралды шаршаған кезде немесе есірткі, алкоголь немесе дәрі әсер еткен кезде пайдаланбаңыз. Электр құралын пайдалану кезінде аңсыздық ауыр жеке жарақаттануға алып келуі

u Жеке қорғайтын жабдықтарды пайдаланыңыз. Әрдайым көз қорғанысын тағыңыз. Шаң маскасы, сырғанбайтын қауіпсіздік аяқ киімдері, шлем немесе есту қорғаныштары сияқты қорғағыш жабдықтары тиісті жағдайларда қолданып жеке жарақаттануларды

u Кездейсоқ іске қосылудың алдын алу. Тоқ көзіне және/немесе батареялар жинағына қосудан алдын, құралды көтеру немесе тасудан алдын өшіргіш өшік күйде болуына көз жеткізіңіз. Электр құралын саусақты өшіргішке қойып тасу немесе қосқышы қосулы электр құралын тоққа қосу сәтсіз оқиғаға алып келуі мүмкін. u Электр құралын қосудан алдын келген реттеу сынасын немесе кілтті алып қойыңыз. Электр құралының айналатын бөлігінде қалған кілт немесе сына жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін. u Көп күш істетпеңіз. Әрдайым тиісті таяныш пен тең салмақытылқты сақтаңыз. Бұл күтілмеген жағдайларда электр құралдың бақылануын сақтайды. u Тиісті киім киіңіз. Бос киім мен әшекейлерді киймеңіз. Шашыңыз бен киімдерді жылжымалы бөлшектерден алыс ұстаңыз. Бос киімдер, әшекейлер немесе ұзын шаш жылжымалы бөлшектер арқылы тартылуы мүмкін. u Егер шаң шығарып жинау жабдықтарына қосу құрылғылары берліген болса, онда олар қосулы болуына және тиісті ретте қолдануына көз жеткізіңіз. Шаң жинауды пайдалану шаңға байланысты зияндарды кемейтеді. u Аспаптарды жиі пайдаланып жақсы білгеннен соң масайрап кетпей қауіпсіздік принциптерін елемей отырмаңыз. Абайсыз әрекет секунд ішінде ауыр жарақаттануға алып келуі мүмкін. u НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Энергиямен жабдықтаудың толықтай не жекелей тоқтатылуы немесе энергиямен жабдықтауды басқару тізбегінің ақаулануы салдарынан электр құралының жұмысында кідіріс пайда болған жағдайда, бұғатталмағандығына көз жеткізіп (болған жағдайда) барып, ажыратқышты Выкл. (Өшіру) қалпына келтіріңіз. Желілік ашаны розеткадан шығарыңыз немесе алып – салмалы аккумуляторды ажыратыңыз. Осы әрекет арқылы бақыланбайтын қайта іске қосылудың алдын аласыз. Электр құралдарын пайдалану және күту u Құралды аса көп жүктемеңіз. Жұмысыңыз үшін жарамды электр құралын пайдаланыңыз. Жарамды электр құралымен керекті жұмыс аймағында дұрыс әрі сенімді жұмыс істейсіз. u Ажыратқышы дұрыс емес электр құралын пайдаланбаңыз. Қосуға немесе өшіруге болмайтын электр құралы қауіпті болып, оны жөндеу қажет

u Жабдықтарды реттеу, бөлшектерін алмастыру немесе электр құралдарын қоймаға қою алдында, ашаны қуат көзінен ажыратыңыз және/немесе аккумуляторы алмалы-салмалы болса, оны электр құралынан алып тастаңыз. Бұл сақтық әрекеті электр құралдың байқаусыз қосылуына жол бермейді. u Пайдаланылмайтын электр құралдарды балалар қолы жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды Қазақ | 145 Bosch Power Tools 1 609 92A 4BE | (07.09.2018)146 | Қазақ 1 609 92A 4BE | (07.09.2018) Bosch Power Tools білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған адамдарға бұл құралды пайдалануға жол бермеңіз. Тәжірібесіз адамдар қолында электр құралдары қауіпті

u Электр құралдарын мен керек-жарақтарын ұқыпты күтіңіз. Қозғалмалы бөлшектердің кедергісіз істеуіне және кептеліп қалмауына, бөлшектердің ақаусыз немесе зақымдалмаған болуына, электр құралының зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Зақымдалған бөлшектері бар құралды пайдаланудан алдын жөндеңіз. Электр құралдарының дұрыс күтілмеуі жазатайым оқиғаларға себеп болып жатады. u Кескіш аспаптарды өткір және таза күйде сақтаңыз. Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір кескіш аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай бағытталады. u Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай пайдаланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз. Электр құралдарын арналмаған жұмыстарда пайдалану

u Қолтұтқалар мен қармау беттерін құрғақ, таза және май мен ластан таза ұстаңыз. Сырғанақ қолтұтқалар мен қармау беттері күтілмеген жағдайларда сенімді қолдану мен бақылауға жол бермейді. Батарея құралын пайдалану және күту u Тек өндіруші сипаттаған зарядтағышмен қайта зарядтаңыз. Батарея жинағының бір түріне сай зарядтағыш басқа батарея жинағымен қолдануда өрт қауіпіне адып келуі мүмкін. u Электр құралдарын тек арнайы тағайындалған батарея жинақтарымен пайдаланыңыз. Кез келген басқа батарея жинақтарын пайдалану жарақаттану мен өрт қауіпіне алып келеді. u Егер батарея жинағы қолдануда болмаса, оны түйреуіш, тиын, кілт, шеге, бұранда немесе басқа кіші метал заттардан ұстаңыз, олар бір терминалдан басқасына байланыс жасауы мүмкін. Батарея терминалдарын қосу күйік немесе өртке алып келуі мүмкін. u Дұрыс емес пайдалануда батареядан сұйықтық ағуы мүмкін, оған тимеңіз. Егер тиіп қалсаңыз, сумен шайып тастаңыз. Егер сұйықтық көзге тисе дәрігерге хабарласыңыз. Батареядан шаққан сұйықтық қозу немесе күйіктерге алып келуі мүмкін. u Зақымдалған немесе өзгертілген батарея жинақтарын пайдаланбаңыз. Зақымдалған немесе өзгертілген батареялар өртке, жарылуға немесе жарақаттуға алып келуі мүмкін кездейсоқ әрекеттерге алып келуі мүмкін. u Батарея жинағын немесе құралын өртке немесе қатты температураға салдырмаңыз. 130°C жоғары температураларда жарылыс болуы мүмкін. u Барлық зарядтау нұсқауларын орындап батарея жинағын нұсқауларда белгіленген температура ауқымынан тыс жағдайда зарядтамаңыз. Дұрыс емес зарядтау немесе белгіленген ауқымнан тыс температурада зарядтау батареяны зақымдап өрт қауіпін жоғарылатуы мүмкін. Қызмет көрсету u Электр құралына маманды жөндеуші тек бірдей қосалқы бөлшектермен қызмет көрсетуі керек. Бұл электр құралының қауіпсіздігін сақталуын қамтамасыз

u Зақымдалған батарея жинақтарын ешқашан пайдаланбаңыз. Батарея жинақтарын тек өндіруші немесе өкілетті қызмет көрсету жабдықтаушысы арқылы орындалуы мүмкін. Бұрауыштарға арналған қауіпсіздік нұсқаулықтары Барлық операциялар үшін қауіпсіздік нұсқаулары u Перфораторлық бұрғылауда құлақ қорғағыштарын кийіңіз. Шуылда тұру есті қабілетінің төмендеуіне алып келуі мүмкін. u Кесетін керек-жарақтар немесе бекіткіш жасырын сымдарға тиюі мүмкін әрекеттерді жасаған кезде электр құрылғы оқшауланған ұстау жайынан ұстаңыз. Егер кесуші аспап істеп тұрған сымға тисе электр құралының метал бөлшектерін істетіп пайдаланушыны тоқ соғуы мүмкін. Ұзын бұрғы қондырмаларын пайдалану үшін қауіпсіздік нұсқаулары u Бұрғы қондырмасының максималдық жылдамдығынан жоғары жылдамдықта жұмыс істемеңіз. Жоғары жылдамдықтарда қондырма дайындамаға тимей бос айналса бүгіліп жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін. u Әрдайым бұрғылауды төмен жылдамдықта және қондырма ұшы дайындамаға тиіп тұрған күйде бастаңыз. Жоғары жылдамдықтарда қондырма дайындамаға тимей бос айналса бүгіліп жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін. u Қондырмаға сай сызықта басыңыз, тым қатты баспаңыз. Қондырмалар бүгіліп сынуға немесе бақылау жоғалтуға және жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін. Қосымша қауіпсіздік нұсқаулықтары u Дайындаманы бекітіңіз. Қысу құралына немесе қысқышқа орнатылған дайындама қолыңызбен салыстырғанда, берік ұсталады. u Электр құралын жерге қоюдан алдын оның тоқтауын күтіңіз. Алмалы-салмалы аспап ілініп электр құрал бақылауының жоғалтуына алып келуі мүмкін. u Сыналанса, электр құралын бірден сөндіріңіз. Тебуді тудыратын жоғары реактивті күштерден абай болыңыз. Электр құрал егер электр құралыартық жүктелсе немесе өңделетін дайындамада қысылса ол сыналады. u Қажетті іздеу құралдарын пайдаланып жасырылған сымдарды табыңыз немесе жауапты жергілікті ұйым өкілдерін шақырыңыз. Электр сымдарына тию өрт немесе тоқ соғуына алып келуі мүмкін. Газ құбырын зақымдау жарылысқа алып келуі мүмкін. Су құбырын зақымдау материалдық зиянға алып келуі мүмкін. u Аккумулятордан зақымданған немесе дұрыс пайдаланбаған жағдайда бу шығуы мүмкін. Бұл жағдайда ішке таза ауа кіргізіңіз және шағымдар болса, медициналық көмек алыңыз. Булар тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін. u Аккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қауіпі u Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе сыртқы әсер арқылы аккумулулятор зақымдануы мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп, аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе қызып кетуі мүмкін. u Бұл аккумуляторды тек қана осы өндіруші өнімдерінде пайдаланыңыз. Сол арқылы аккумуляторды қауіпті, артық жүктеуден сақтайсыз. Мысалы, аккумуляторды жылудан, сондай-ақ, үздіксіз күн жарығынан, оттан, судан және ылғалдан қорғаңыз. Жарылу қаупі бар. u Пайдалану немесе тасымалдау кезінде электр құрылғыны құлыптан босату сақинасына қарсы ұстамаңыз. Құлыптан босату түймесін абайсызда тартып қалсаңыз, бекітпесі босап, электр құрылғы зақымдалуы немесе жарақат алуыңыз мүмкін. Өнім және қуат сипаттамасы Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін. Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін

Тағайындалу бойынша қолдану Бұл электр құралы шуруптарды бұрап бекіту және бұрап босату, сондай-ақ, ағаш, металл, сонымен бірге, синтетикалық материалдарды бұрғылауға арналған. AdvancedImpact 18 құралы сондай-ақ кірпіш, бетон, тасты ұрып бұрғылауға арналған. Бейнеленген құрамды бөлшектер Көрсетілген құрамдастар нөмірленген суреттері бар беттегі электр құралының сипаттамасына сай. (1) Бұғаттауды ашу шеңбері (2) Аспап патроны (3) Айналдыру моментін орнату сақинасы (4) Пайдалану түрлерінің реттеуіші (5) Айналу бағытының көрсеткіші Оңға айналу (6) Айналу бағытының көрсеткіші Солға айналу (7) электрондық бағыт ауыстырып-қосқышы (8) Аккумулятор босату түймесі

(10) Тұтқа (беті оқшауланған) (11) магниттік ұстағыш (12)

(13) Аккумулятордың зарядталу күйі индикаторы (14) Қосу/өшіру ауыстырып-қосқышы (15) Магнит қақпақ (16) Бұранда ұстағыш (17) Бұрышты бекіту

(18) Бұрғы патронының қондырмасы

(19) Эксцентриктік қондырма

(21) Әмбебап бит ұстағыш

Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты жеткізу көлемімен қамтылмайды. Толық жабдықтарды біздің жабдықтар бағдарламамыздан табасыз. Техникалық мәліметтер Аккумуляторлық бұрғы AdvancedDrill 18 Аккумуляторлық соққылы

AdvancedImpact 18 Өнім нөмірі 3 603 JB5 0.. 3 603 JB5 1.. Жұмыс кернеуі В= 18 18 Бос айналу сәті – Бұрандалар (1-бекіту кезеңі) мин

0–430 0–450 – Бұрғылау/соққылы бұрғылау (2-бекіту

0–1 350 0–1 500 Қағулар саны мин

– 0–22 500 Қазақ | 147 Bosch Power Tools 1 609 92A 4BE | (07.09.2018)148 | Қазақ 1 609 92A 4BE | (07.09.2018) Bosch Power Tools Аккумуляторлық бұрғы AdvancedDrill 18 Аккумуляторлық соққылы

AdvancedImpact 18 ISO5393 бойынша қатты/жұмсақ материалдардағы макс. бұрау моменті Нм 36/24

макс. Бұрғы-Ø – Құрылыс мм – 11 – болат мм 13 13 – Ағаш мм 35 35 Аспап патроны 1,5–13 1,5–13 Бұрандалардың макс. диаметрі мм 10 10 Салмағы EPTA-Procedure 01:2014 құжатына сай кг 1,0

рұқсат етілген қоршау температурасы – зарядтауда °C 0... +45 0... +45 – жұмыс кезінде

және сақтау кезінде °C -20... +50 -20... +50 Ұсынылатын аккумуляторлар PBA 18V... V

Ұсынылатын зарядтау құралдары AL 1815 CV AL 1830 CV AL 1880 CV AL 1815 CV AL 1830 CV AL 1880 CV A) пайдаланған аккумуляторға байланысты B) <0 °C температураларында қуаты шектелген Шуыл / діріл туралы ақпарат AdvancedDrill 18 EN62841-2-1 бойынша есептелген шуыл эмиссиясының көрсеткіштері. A-мен белгіленген электр құралының дыбыс күші әдетте 70дБ(A)-ден аз болады. Өлшеу дәлсіздігі K = 3 дБ. Шуыл күші жұмыс істеуде 80дБ(A) артуы мүмкін. Құлақты қорғау құралдарын кийіңіз! Жалпы діріл мәндері ah (үш бағыттың векторлық қосындысы) және К дәлсіздігі EN62841-2-1, EN62841-2-2 бойынша анықталған: Металды бұрғылау: a

AdvancedImpact 18 Шуыл эмиссиясының көрсеткіштері сәйкесінше анықталады EN62841-2-1. А мәні бойынша есептелген электр құралының шуыл деңгейі әдетте келесідей болады: дыбыстық қысым деңгейі 85дБ(А); Дыбыстық қуат деңгейі 96дБ(А). К дәлсіздігі =3дБ. Құлақты қорғау құралдарын кийіңіз! Жалпы діріл мәндері ah (үш бағыттың векторлық қосындысы) және К дәлсіздігі EN62841-2-1, EN62841-2-2 бойынша анықталған: Металды бұрғылау: a

Бетонды ұрып бұрғылау: a

Осы нұсқауларда берілген дірілдеу деңгейі және шу шығару мәні EN 62841 заңында қалыптанған өлшеу әдісі бойынша өлшенген және оларды электр құралдарды бір бірімен салыстыру үшін пайдалануға болады. Олармен алдыңғы тербелу және шу шығаруды бағалауға болады. Берілген тербелу деңгейі мен шуыл шығару мәні электр құралының негізгі жұмыстары үшін берілген. Егер электр құрал басқа жұмыстар үшін басқа алмалы-салмалы аспаптар менен немесе жетімсіз күтумен пайдаланылса дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәндері өзгереді. Бұл бүкіл жұмыс уақыты үшін тербелу және шуыл шығаруды қатты көтеруі мүмкін. Дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәнін нақты есептеу үшін құрал өшірілген және қосылған болып пайдаланылмаған уақыттарды да ескеру қажет. Бұл дірілдеу деңгейі және жұмыс уақытындағы шуыл шығару мәнін төмендетеді. Пайдаланушыны дірілдеу әсерінен сақтау үшін қосымша қауіпсіздік шараларын қолдану қажет, мысалы: электр құралды және алмалы-салмалы аспаптарды күту, қолдарды ыстық ұстау, жұмыс әдістерін ұйымдастыру.

Аккумуляторды зарядтау u Тек керек-жарақтар бетінде көрсетілген зарядтау құралдарын пайдаланыңыз. Тек қана осы зарядтау құралдары сіздің электр құралыңыздың ішінде литий- иондық аккумулятормен сәйкес.Нұсқау:аккумулятор ішінара зарядталған күйде жеткізіледі. Аккумулятордың толық қуатын пайдалану үшін оны алғаш рет пайдаланудан алдын толық зарядтаңыз. Литий-иондық аккумуляторды пайдалану мерзімін қысқартусыз кез келген уақытта зарядтауға болады. Зарядтау процесін үзу аккумулятордың зақымдалуына

Литий-иондық аккумулятор "Electronic Cell Protection (ECP)" (электрондық элементтерді қорғау) арқылы терең заряд жоғалтудан қорғалған. Аккумулятор заряды жоқ болса электр құралы қорғаныс схемасы арқылы өшіріледі: алмалы-салмалы аспап басқа қозғалмайды. u Электр құралы автоматты өшкеннен соң қосқыш/ өшіргішті енді басушы болмаңыз. Әйтпесе аккумулятор зақымдануы мүмкін. Аккумуляторды шешу Аккумуляторды алу үшін аккумуляторды босату түймесін басып, электр құралынан тартып шығарыңыз. Осы кезде күш салмаңыз. Аккумулятордың зарядталу күйі индикаторы Аккумуляторды зарядтау күйінің индикаторы (13)бірнеше секунд жартылай немесе толық басылған қосқыш/өшіргіш (14)күйінде аккумулятордың зарядталғанын көрсетеді және 3 жасыл жарық диодын

Жарық диоды Қуаты Үздіксіз жарық 3 x жасыл ≥ 66% Үздіксіз жарық 2 x жасыл 33 – 66% Үздіксіз жарық 1 x жасыл 11 – 33% ақырын жыпылықтау 1 x жасыл ≤ 10% Аккумулятор температурасы –30 және +65°C аралығындағы жұмыс температурасынан тыс болса және/немесе артық жүктеу қорғанысы іске қосылса, аккумулятор зарядының деңгейі индикаторының 3 жарық диоды жылдам жыпылықтайды. Жұмыс құралын ауыстыру Енгізу құралын енгізу (A суретін қараңыз) Алмалы-салмалы аспапты тірелгенше патронға (2) салыңыз. Алмалы-салмалы аспап ондағы магнит ұстағышта тұрады. Алмалы-салмалы аспапты шығарыңыз Алмалы-салмалы аспапты ұстағыштан (2) шығарыңыз. Тіркемені бекіту (B суретін қараңыз) Алмалы-салмалы аспапты шығарыңыз. Қондырманы құрал ұстағышқа (2) салыңыз. Қондырма естіліп салынады. Қондырманы тартып, беріктігін тексеріңіз. Алмалы-салмалы аспапты қондырмаға салыңыз (C суретін қараңыз) Алмалы-салмалы аспапты соңына дейін салыңыз. Алмалы-салмалы аспап қондырмадағы магнит арқылы

Бұранда ұстағыш (D суретін қараңыз) Бұранда ұстағыш (16) арқылы бұрандалар тұрақты күйге орнатылады, осылайша олар қондырмаға берік бекітіледі. Алмалы-салмалы аспапты шығарыңыз. Бұранданы бұранда ұстағышқа (2) сырт етіп бекітілгенше итеріңіз. Магнит қақпақты (15) электр құрылғы бағытына қарай толықтай басыңыз. Содан кейін бұрауышты (20) бұранда ұстағышқа (16) орнатып, магнит қақпақты алға қарай бұрау биттерінен

Бұранданы бұрау битіне салыңыз. Бұрғылау патронының қондырмасы (E суретін

Бұрғы патронының қондырмасын (18) айналдыру бағыты бойынша ➊ алмалы-салмалы аспап салынғанша ашыңыз. Алмалы-салмалы аспапты орнатыңыз. Бұрғылау патронының қондырмасын (18) айналдыру бағыты бойынша ➋ қолмен бұраңыз. Бұрғылау патроны автоматты түрде бекітіледі. Қондырманы бұрау (F суретін қараңыз) Электр құрылғыдан босату сақинасын (1) тартып шығарып, қондырманы құрал ұстағыштан (2) алыңыз. Қондырманы керекті күйге бұрап сосын қайта салып

Қондырманы тартып, беріктігін тексеріңіз. Қондырманы шешу (G суретін қараңыз) Алмалы-салмалы аспапты шығарыңыз. Электр құрылғыдан босату сақинасын (1) тартып шығарып, қондырманы құрал ұстағыштан (2) алыңыз. Қондырмаларды комбинациялау (H суретін қараңыз) Алмалы-салмалы аспапты шығарыңыз. Аспирациялық келте құбырды (17) тию қорғанысына (2)

Беріктігін бұрыш қондырмасын (17) тартып тексеріңіз. Бұрғылау патронының қондырмасын (18) бұрыш қондырмасына (17) салыңыз. Бұрғылау патроны қондырмасының (18) беріктігін бекітпесін тартып тексеріңіз. Шаңды және жоңқаларды сору Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы Қазақ | 149 Bosch Power Tools 1 609 92A 4BE | (07.09.2018)150 | Қазақ 1 609 92A 4BE | (07.09.2018) Bosch Power Tools денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін. Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандармен өңделуі керек. – Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз. – P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану

Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын ұйғарымдарды пайдаланыңыз. u Жұмыс орнында шаңның жиналмауын қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.

Пайдалануға ендіру Аккумуляторды орнату Зарядталған аккумуляторды (9) электр құрылғының ұшына артына, аккумулятор берік құлыпталғанша

Айналу бағытын орнату Электрондық бұрмалы ауыстырып-қосқыш (7) арқылы электр құрылғының айналу бағытын өзгерте аласыз. Дегенмен қосу/өшіру ауыстырып-қосқышы (14) қосылып тұрса, бұл мүмкін емес. Сағат тілі бағыты бойынша айналуды реттеу ( Iсуретін

Бұрандаларды бұрғылау және бұрап бекіту үшін электрондық бұрмалы ауыстырып-қосқышты (7) төмен

Сағат тілі бағытымен айналдыру индикаторы (5) қосу/өшіру ауыстырып-қосқышын қосқан кезде (14), бағытты кері бұру қосқышын (7) қосқанда және қозғалтқыш жұмыс істеп тұрғанда жанады. Сағат тіліне қарсы бағытта айналуды орнату ( Jсуретін

Бұрандалар мен сомындарды бұрап босату үшін электрондық бұрмалы ауыстырып-қосқышты (7)

Сағат тіліне қарсы бағытта бұрау индикаторы (6) қосу/өшіру ауыстырып-қосқышы (14) іске қосылғанда, кері бұру қосқышы (7) қосулы болып, қозғалтқыш жұмыс істеп тұрғанда

Айналдыру моментін орнату Айналдыру моментін алдын ала реттеу сақинасы (3) арқылы қажетті айналдыру моментін 20 қадам және "МАКС" арқылы таңдауға болады. Реттелген бұрау моменті жетілгенде электр құралы тоқтайды. Пайдалану түрін орнату (K суретін қараңыз) u Айналдыру бағытының ауыстырып-қосқышын (4) тек электр құралы тоқтаған соң іске қосыңыз. Беріліс ауыстырып-қосқышы (4) арқылы 2 айналу жиілігінің диапазонын таңдауға болады. Жұмыс режиміндегі бұрандалар (1-бекіту кезеңі): Төмен айналымдар саны; үлкен бұрғылау диаметрімен бұрау немесе жұмыс істеу үшін. Бұрғылау/соққылы бұрғылау (2-бекіту кезеңі): Жоғары айналымдар саны; кіші бұрғылау диаметрімен жұмыс істеу үшін. Бұранданы бұрау Бұрау моментін алдын ала таңдау бұрама реттегішін (3) керекті бұрау моментіне

Жұмыс түрлері ауыстырып-қосқышын (4) "Бұрау" белгісіне реттеңіз.

Бұрау моментін алдын ала реттеу бұрама реттегішін (3) "МАКС" белгісіне орнатыңыз. Жұмыс түрлерін ауыстырып-қосқышты (4) "Бұрғылау" белгісіне реттеңіз. Бұрғылау әсері (AdvancedImpact 18) Бұрау моментін алдын ала реттеу бұрама реттегішін (3) "МАКС" белгісіне орнатыңыз. Жұмыс түрлерін ауыстырып-қосқышты (4) "Бұрғылау" белгісіне реттеңіз. Ауыстырып-қосқыш Электр құралды қосу үшін қосқышты/өшіргішті (14) басып тұрыңыз. Шам (12) қосу/өшіру ауыстырып-қосқышын (14) сәл немесе толық басқанда жанып, жарықтығы төмен жұмыс аймағын жарықтандыруға мүмкіндік береді. Электр құралды өшіру үшін қосқышты/өшіргішті (14)

Айналу жиілігін орнату Қосу/өшіру ауыстырып-қосқышын басу күшін өзгерте отырып, қосылған электр құралының айналу жиілігін біртіндеп реттеуге болады. Қосу/өшіру ауыстырып-қосқышын сәл бассаңыз, жылдамдық азаяды. Басу күші күшейгенде айналу саны

Толық автоматты шпиндель бекіту (автолок) Ажыратқыш (14) басылмаған кезде бұрғылау шпинделі мен аспап патроны бекітіледі. Бұл бос аккумулятор ретінде бұрандаларды бұрап кіргізу және электр құралын бұрауыш ретінде пайдалануға мүмкіндік береді. Артық жүктемеден жылу қорғанышы Тағайындалуына сәйкес пайдалансаңыз, электр құралы артық жүктелмейді. Асқын жүктелгенде немесе аккумулятор температурасы ұйғарынды мөлшерден асып кетсе, электроника электр құралын тиісті температура аймағына қайту үшін автоматты өшіреді.Аккумулятор зарядының 3 жарық диодты индикаторы (13) мен шам (12) мына жағдайларда жылдам жыпылықтайды: акуумулятор температурасы –20 және +50°C аралығынан асса немесе артық жүктемеден қорғау жүйесі іске қосылса. Терең заряд жоғалту қорғанысы Литий-иондық аккумулятор электрондық элементтерді қорғау (ECP) арқылы терең заряд жоғалтудан қорғалған. Аккумулятор заряды жоқ болса электр құралы қорғаныс схемасы арқылы өшіріледі: алмалы-салмалы аспап басқа қозғалмайды. Пайдалану нұсқаулары u Электр құралды шурупқа тек өшірілген күйде қойыңыз. Айналып жатқан жұмыс құралдары сырғып кетуі мүмкін. Егер электр құралы электростатикалы ретте зарядталса, орнатылған электроника электр құралын өшіреді. Электр құралын қайта іске қосу үшін қосу/өшіру ауыстырып- қосқышын (14) қайта басыңыз. Белгілі шарттарда қатты электромагнитті өрістер электр құралына әсер етіп тоқтатуы мүмкін. Өшірген соң электр құралды қайта іске қосу үшін қосу/өшіру ауыстырып- қосқышын (14) басып, электр құралын қайта іске

Үлкен шуруптарды қатты материалдарға бұрап бекіту алдында шуруптардың ұзындығының шамамен 2/3 ішкі ирек ойма диаметріне сәйкес келетін диаметрі бар тесікті алдын ала бұрғылау керек. Ескертпе: электр құралына кішкентай металл бөлшектердің кіріп кетуіне жол бермеңіз. Электр құралмен ұзақ жұмыс істегеннен кейін салқындату үшін 3 минутқа ең жоғары айналымдар санына қосу

Аккумуляторды сұйықтықтардан және ылғалдан

Аккумуляторды тек – 20° - 50°C температура ауқымында сақтаңыз. Аккумуляторды жазда көлікте қалдырмаңыз. Пайдалану мерзімінің айтарлықтай қысқаруы аккумулятордың ескіргенін және ауыстыру керектігін

Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды

Техникалық күтім және қызмет Қызмет көрсету және тазалау u Аккумуляторды электр құралмен кез келген жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету, т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз. Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін

u Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз. Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану

Қызмет көрсету шеберханасы өнімді жөндеу және күту, сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Жарылу сызбалары мен қосалқы бөлшектер туралы мәліметтерді төмендегі мекенжайда табасыз: www.bosch-pt.com Bosch бағдарламасы кеңес тобы біздің өнімдер және олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап

Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру кезінде міндетті түрде өнімдің зауыттық тақтайшасындағы 10-санды өнім нөмірін жазыңыз. Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету барлық мемлекеттер аумағында тек “Роберт Бош” фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.

Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау

Қазақстан Республикасы

Муратбаев к., 180 үй “Гермес” БО, 7 қабат Тел.: +7 (727) 331 31 00 Факс: +7 (727) 233 07 87 E-Mail: ptka@bosch.com Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау пунктерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті ақпаратты Сіз: www.bosch-professional.kz ресми сайттан

ЕО сәйкестік мағлұмдамасы Өз жауапкершілікпен біз аталған өнімдер төменде жзылған директикалар мен жарлықтардың тиісті қағидаларына сәйкестігін және төмендегі нормаларға сай екенін білдіреміз. Техникалық құжаттар: * Аккумуляторл ық дрель- шуруп