Brillante CTJ4003 - Тостер DELONGHI - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз Brillante CTJ4003 DELONGHI PDF форматында.
| Өнім түрі | Сүзгілі кофе машинасы |
| Бренд | DeLonghi |
| Модель | Brillante CTJ4003 |
| Максималды сыйымдылық | 5 кесе (әйнек құмырасы қоса беріледі) |
| Таза салмақ | 1,25 кг |
| Тұтынылатын қуат | 650 Вт |
| Кернеу / Жиілік | 220-240 В ~ 50/60 Гц |
| Сүзгі түрі | Қағаз сүзгілеріне арналған сүзгі ұстағыш (тұрақты сүзгі қоса беріледі) |
| Aroma функциясы | Иә, Aroma түймесі жарық индикаторымен, баяу экстракция және көбірек хош иіс үшін |
| Автоматты тоқтату | Иә, перколяция аяқталғаннан кейін 40 минуттан соң |
| Жылы ұстау | Қыздыру тақтасы, ⏻ түймесі арқылы өшіруге болады |
| Дыбыстық индикатор | Басында бір дыбыстық сигнал және перколяция соңында 3 сигнал |
| Су резервуары | Мөлдір деңгей көрсеткішімен, максималды сыйымдылығы құмыраға сәйкес келеді |
| Кофе бөлімі және қақпақ | Су резервуарына және тұрақты сүзгіге қол жеткізу |
| Су резервуары сүзгісі | Алынбалы, кофе бөлімі арқылы қол жетімді |
| Кірден тазалау | Әр 60 цикл сайын ұсынылады, сатылымдағы кір кетіретін өніммен |
| Мақсатты пайдалану | Тек үй жағдайында пайдалану |
| Қауіпсіздік стандарттары | Төмен кернеу директивасы 2006/95/ЕО, Электромагниттік үйлесімділік директивасы 2004/108/ЕО, ЕО регламенті 1275/2008 |
| Кәдеге жарату | Тұрмыстық қалдықтармен бірге тастамаңыз – рұқсат етілген жинау орталығына тапсырыңыз (2002/96/ЕО директивасы) |
| Қаптама мазмұны | Машина, әйнек құмыра, өлшеуіш қасық, тұрақты сүзгі, қағаз сүзгі (модельге байланысты) |
Жиі қойылатын сұрақтар - Brillante CTJ4003 DELONGHI
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы Brillante CTJ4003 DELONGHI
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Тостер PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз Brillante CTJ4003 - DELONGHI және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. Brillante CTJ4003 брендінің DELONGHI.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ Brillante CTJ4003 DELONGHI
Бұл таңба пайдаланушыға арналған маңызды кеңесті немесе ақпаратты білдіреді.
- Құрылғыны орнатпас және пайдаланбас бұрын, төмендегі нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл – ең жақсы нәтижеге қол жеткізудің және пайдаланушы қауіпсіздігін барынша жақсартудың жалғыз жолы.
- Бұл – тек үйде пайдалануға арналған құрылғы.
Оны мынадай жерлерде пайдалануға болмайды: дүкендердегі, офистердегі және басқа жұмыс ортасындағы қызметкерлер тамақтанатын орындарда, фермаларда, қонақүйлердегі, мотельдердегі және басқа қонақ күту орталарындағы клиенттерге, төсек және таңғы ас беретін орталарда. Кез келген басқа қолданыс дұрыс емес және қауіпті болып есептеледі.
• 1935/2004 EEC тағам тиетін материалдар мен керек-жарақтар ережесіне сәйкес.
- Құрылғыны пайдаланылатын жерге орналастырған соң, құрылғының беттері мен бүйірдегі және арттағы қабырға арасына 5 см, ал кофе жасағыштың үстіне 20 см бос орын қалдырыңыз.

Күйіп қалу қаупі бар!
Мұндай ескертуді елемеу күйіп қалуға әкеп соқтырады.
- Бұл құрылғы «кофе дайындауға» арналған. Шашыраған суға не буға немесе құрылғының дұрыс жұмыс істемеуінен күйіп қалудан абай болыңыз.
- Осы құрылғыны пайдаланған кезде, ыстық бөліктерін ұстамаңыз. Тетіктерді немесе саптарды пайдаланыңыз.
- Құрылғыны ылғал немесе дымқыл қолдарыңызбен немесе аяқтарыңызбен түртпеңіз.
• Құрылғы пайдаланылған соң, ескерту тақтасы ыстық күйде қалады.
! Маңызды!
Мұндай ескертуді елемеу жарақаттануға немесе құрылғыны зақымдауға себеп болуы мүмкін.
- Өнім жасаушысы құрылғыны тиісті түрде, дұрыс немесе жауапкершілікпен пайдаланбаудан туындайтын зақым үшін жауапты болмайды.
- Ақаулық немесе дұрыс істемеу жағдайы болған кезде, құрылғыны розеткадан суырыңыз. Егер оны жөндеу қажет болса, De'Longhi тұтынушыларды қолдау қызметімен ғана хабарласып, пайдаланылатын түпнұсқа қосалқы бөлшектерді сұраңыз. Жоғарыдағыны елемеу салдарынан құрылғы қауіпсіздігіне нұқсан келуі мүмкін.
Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балаларға, қозғалу, сезу немесе ойлану мүмкіндіктері шектелген адамдарға немесе осы құрылғыға қатысты тәжірибесі немесе білімі жоқ адамдарға тек оларға ықтимал қауіп-қатерлер мен құрылғыны қауіпсіз жолмен пайдалану туралы нұсқау берілгенде және олар бақыланғанда ғана пайдалануға болады.
Балалардың құрылғымен ойнамауы керек. Тазалауды және пайдаланушы орындайтын техникалық күтімді балаларға бақылаусыз орындатпау керек.
- Орамды ашқан соң, құрылғының зақымданбағанын және бөлшектерінің толықтығын тексеріңіз. Күдіктенсеңіз, құрылғыны пайдаланбаңыз және білікті қызметкермен ғана хабарласыңыз.
- Орам материалдарын (пластик қалталар, полистирен көбігі және т.б.) балалардан аулақ ұстаңыз, себебі олар қауіпті.
Құрылғыны су шүмектерінен, жуыну ыдыстарынан және ыстық нәрселерден алшақ жерге орналастырыңыз.
Құрылғыны температурасы 0°C не одан төмен болатын жерлерге орнатпаңыз (егер су қатып қалса, құрылғы зақымдануы мүмкін).

Назар аударыңыз!
Мұндай ескертуді елемеу электр тогына түсу салдарынан өмірге қауіп төндіретін жарақатқа себеп болуы мүмкін.
Осы құрылғының қуат кабелін пайдаланушы өзі ауыстырмауы керек, себебі бұл операция арнайы құралды пайдалану қажет болуы мүмкін.
Егер ол зақымданса немесе оны ауыстыру керек болса, барлық қауіп-қатерлердің алдын алу үшін De'Longhi тұтынушыны қолдау қызметімен хабарласыңыз.
Кофе жасағышты суға ешқашан батырмаңыз. Бұл – электрлік құрылғы.
Құрылғыны розеткадан ажыратып, ол қолданыста болмаған кезде негізгі қосқышты өшіріңіз. Құрылғыны босқа қосулы күйде қалдырмаңыз.
Бұл кофе жасағышты барлық электрлік құрылғыларды қолданған кездегідей, әсіресе балалар бар жерде абайлап, парасаттылықпен пайдаланыңыз.
Розетка қуаты кернеуінің құрылғының мәліметтер тақтасында көрсетілген кернеуге сәйкестігін тексеріңіз. Құрылғыны тек жерге тиімді жолмен тұйықталған және электр қуаты кемінде 10 А болатын розеткаға қосыңыз.
Өнім жасаушысы тиімді жерге қосу жүйесінің жоқтығынан болатын барлық жауапкершіліктен бас тартады.
Егер розетка қуаты құрылғыдағы қуатқа сай болмаса, тиісті розетка түрін білікті электр маманына ауыстыртыңыз.
Су ыдысын толтырған кезде немесе құтыны құрылғыдан алып жатқан кезде, ашаға немесе қуат кабеліне сұйықтықты шашыратып алмаңыз.
Құрылғының сипаттамасы
A. Шыны құты B. Кофе ыдысының орны және су ыдысының қақпағы C. Тамшылап құйылатын кофеге арналған сүзгі ұстағышы D. Қайнатқыш торы E. Су ыдысы орны F. Су деңгейінің терезесі G. Өлшеуіш H. Су ыдысының сүзгісі
I. Қағаз сүзгі (1X2 түрі) (егер берілген болса)
L. ⏻ Шамы бар On/stand-by (Қосу/Күту режимі) түймесі
М. Ескерту тақтасы
N. Шамы бар дәмді реттеу түймесі
О. Тұрақты сүзгі
Кофені тамшылатып құю әдісі
Ескеріңіз: құрылғы бірінші рет пайдаланылған кезде, барлық керек-жарақтар мен ішкі айналымдарды тартылған кофені пайдаланусыз екі құты кофе жасау арқылы мұқият жуылуы керек.
Кофе орны мен су ыдысының қақпағын (В) (1-сурет) ашып, құтыны (А) су ыдысы орнына (Е) таза салқын суды жасағыңыз келген кофе кеселерінің саны үшін көрсетілген деңгейге дейін толтыру үшін пайдаланыңыз (2-сурет). Ыдыстағы су деңгейін деңгей терезесі арқылы тексеріңіз (F) (3-сурет). Сізге берілген құтыны өлшеуіш ретінде пайдалану ұсынылады, себебі құтының ең көп сыйымдылығы мен су ыдысының сыйымдылығы бірдей.
Қайнатқыш сүзгісін (D) бұраңыз (4-сурет). Қағаз сүзгіні (I) сүзгі ұстағышына (C) орналастырыңыз (5-сурет).
Сүзгіге алдын ала ұнтақталған кофені берілген өлшеуішпен (G) деңгейге сәйкестендіріп салыңыз (6-сурет). Тамшылатып құятын кофе жасағыштар үшін жақсы сападағы, орташа етіп тартылған кофені пайдаланыңыз.
Жасалатын кофенің сапасына тартылған кофенің ұнтақтығының деңгейі елеулі әсер етеді. Сондықтан, сіздің талғамыңызға сай дәмді табу үшін әр түрлі кофе түрлерін пайдаланып көруіңіз керек.
Ұсынылған мөлшерлер:
| Кеселер саны Олшемдер саны (*) | |
| 5 | 5 |
| 4 | 4 |
| 3 | 3 |
| 2 | 2 |
(*) 1 деңгейлік мөлшер = 1 шәй қасық (5 г)
Қоюлау дәм үшін әрбір кесеге 1 өлшеуіш артығымен қосу ұсынылады.
Кестеде берілген мөлшерлер тек көрсету үшін берілген және оны жеке талғамыңызға және кофе түріне бейімдеу міндетті емес. 5-деңгейдегі мөлшерлерден ешқашан асырмаңыз.
Жасалатын кофенің сапасына тартылған кофенің ұнтақтығының деңгейі елеулі әсер етеді. Сондықтан, сіздің талғамыңызға сай дәмді табу үшін әр түрлі кофе түрлерін пайдаланып көруіңіз керек.
- Қақпақты (В) жабыңыз және қақпағы жабылған құтыны плитаға қойыңыз (8-сурет).
• түймесін (L) басыңыз (9-сурет). Қосқыштағы осы шам кофе жасағыштың жұмыс істеп тұрғанын көрсетеді. Кофе бірнеше секундтан кейін құйыла бастайды. Кофе сүзіліп жатқан кезде құрылғыдан бу шықса, бұл – қалыпты нәрсе. Құю басталған кезде кофе жасағыштан бір дыбыстық сигнал шығады, сосын ол аяқталған кезде үш дыбыстық сигнал шығады. Кофенің дәмін AROMA (ДӘМ) түймесін (N) басу арқылы оңтайландыруға болады. Бұл функция сүзгідегі суды анағұрлым баяу шығаратын сүзу процесін іске қосады. Аздап сүзу бір жағынан кофенің иісі мен дәмін жақсартады. Осы функцияны іске қосу үшін, дәм түймесін басыңыз (түймедегі шам жанады). Бұл функцияны ажырату үшін, осы түймені қайтадан басыңыз. AROMA (ДӘМ) түймесін кофені құтыны толтырып жасағыңыз келмеген кезде пайдалануды ұсынамыз.
- Сүзу аяқталған кезде ⏻ түймесін (L) басылған күйде қалдырсаңыз, плита кофені ең қолайлы температурада сақтайды. Кофе құйылып болған құрылғы 40 минуттан кейін автоматты түрде ажыратылады. Жылыту плитасын (M) ажырату үшін, ⏻ түймесін (L) қайтадан басыңыз. Жаңа қайнату циклін бастау үшін, (L) түймесін басу
арқылы құрылғыны ажыратып, қайта қосыңыз.
Ескеріңіз: қажетті кофе мөлшері құйылмай тұрып құты орнынан алынса, бұл әрекет кофе жасау процесіне кедергі болмайды, бірақ құтының ішіндегі ағынды ғана тоқтатады.
Егер аз ғана кофе мөлшерін дереу ағызғыңыз келсе, кофе шамадан тыс құйылмас үшін бұл әрекетті расында неғұрлым тезірек орындаңыз.
Тазалау және күтіп ұстау
Құрылғыға күтім көрсетпес бұрын және оны тазаламас бұрын, оны өшіріп, розеткадан суырыңыз да, суытып қойыңыз.
- Кофе жасағышты тазалау үшін еріткіштер мен ысқыш сұйықтықтарды пайдаланбаңыз. Жұмсақ және дымқыл шүберекпен сүртсеңіз болды.
- Кофе жасағышты суға ешқашан батырмаңыз. Бұл – электрлік құрылғы.
- Су ыдысының сүзгісін (Н) кофе ыдысының орны мен су ыдысының қақпағы (В) арқылы алуға болады (7-сурет). Қажет болған кезде тазалаңыз.
Қақ тазалау
Егер аймағыңыздағы су қатты болса, уақыт өте келе қақ жиналады. Жиналған қақ құрылғының жұмысына әсер етуі мүмкін.
Әрбір 60 кофе жасау циклінен кейін кофе жасағыштың қағын тазалап отыру ұсынылады.
Қақ тазалау үшін, әрқашан тамшылап кофе құю құрылғылары үшін сатып алуға болатын арнайы қақ тазалау өнімдерін пайдаланыңыз.
- Өнімді құты ішінде ерітіп, қақ тазартқыш орамындағы нұсқауларды орындаңыз.
- Ерітіндіні су толтырылатын орынға құйыңыз.
- Құтыны жылыту плитасына (М) қойыңыз.
- ⏻ түймесін (L) басыңыз, бір кеседей мөлшердегі сұйықтықты сүзіп, құрылғыны өшіріңіз.
- Ерітіндіні 15 минутқа жұмыс істетіп қойыңыз да, осы операцияны 4-5 рет қайталаңыз.
- Құрылғыны іске қосып, суды ыдыс толығымен босағанша шығарыңыз.
- Құрылғыны сумен жұмыс істету арқылы кемінде тек 3 рет (толық 3 ыдыс су) шайыңыз.
Жоғарыда сипатталғандай етіп тазаламау кепілдік күшін жояды.
Техникалық деректер
Құрылғыны қоқысқа тастау

Еуропалық 2002/96/ЕС директивасына сәйкес, бұл құрылғы үй қоқыстарымен бірге емес, қоқыстарды сұрыптау және қайта өңдеу орталығына апарып тастау керек.
• 2006/95/EC төменгі кернеу директивасы және кезекті толықтырулары; - EMC 2004/108/EC директивасы және кезекті толықтырулары • Күту режиміне қатысты ЕС 1275/2008 ережесі
Ақаулықтарды жою
| Мәселе Ықтималсебебі | Шешімі |
| Кофеніңқайнауынаузағырақ уақыткетеді. | К о ф ежасағыштыңқағын тазалаукерек. |
| Кофенің дәміқышқылтым. | Қақ тазалаудансоң дұрысшайылмаған. |
| Бүйым түрі: | өнімдегі таңбалауға қараңыз |
| Улгі: | |
| Кернеу: | “ |
| Жиілік: | “ |
| Қуаты: | “ |
Қытайда:
De'Longhi Appliances s.r.l.
via L.Seitz, 47 - 31100 Treviso Italy
Виа Л. Зейц, 47 31100 Тревизо Италия үшін жасалған.
Кедендік одақтар территориясында тұтынушыларға тасымалдау үшін жауапкершілікті және импортер:
"Делонги" ЖШК
127055 Ресей, Мәскеу қ.,
Сущёвская көшесі, 27-үй, 3-ғимарат
Бұл құрылғы пайдалану нұсқаулығында көрсетілгендей жолмен пайдаланылады. Өнімнің мерзімі сатып алынған күннен бастан 2 жылға созылады.
Бұйым шығарылған күнін бұйым корпусында жазылған сериялық нөмір бойынша анықтау мүмкін. (Сериялық нөмірі: ASSCC, бұл жерде А – өнім жасалған жылдың соңғы саны, SS – өнім жасалған апта, CC – басып шығару күні, 1992 жылдан бастан автоматты түрде есептеледі. Мысалы: Сер.№ 30411, өнім жасалған жыл – 2003, өнім жасалған апта – 4)
EAC
Техникалық ақпарат
50/60 \~ 220-240
Кернеу:
650 Вт
Қуат тұтынуы:
1.250
Салмағы:
Құрылғыны итеру