K 55 pet - Электрлік сыпырғыш Kärcher - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз K 55 pet Kärcher PDF форматында.

Kärcher K 55 pet - Электрлік сыпырғыш
📄 136 бет Қазақша KK Жүктеу 💬 ЖИ сұрағы 9 сұрақтар ⚙️ Сипаттамалар
Notice Kärcher K 55 pet - page 124
Pick your language and provide your email: we'll send you a specifically translated version.
Құрылғы түрі Су және шаңсорғыш
Қуаты 1200 Вт
Резервуар сыйымдылығы 15 литр
Салмағы 5,5 кг
Өлшемдері 360 x 360 x 500 мм
Сүзу Көбіктен жасалған сүзгі, картридж сүзгі
Қосымша құралдар Сору түтігі, дымқыл және құрғақ сорғыш, сүзгі
Қолдану Құрғақ және дымқыл беттерді тазалауға арналған
Техникалық қызмет көрсету Сүзгіні үнемі тазалау, резервуарды босату
Қауіпсіздік Артық жүктемеден қорғау, қауіпсіздік қуат сымы
Кепілдік 2 жыл

Жиі қойылатын сұрақтар - K 55 pet Kärcher

Kärcher K 55 pet қалай жинауға болады?
Kärcher K 55 pet жинау үшін алдымен сорғыш түтігін машинаға бекітіңіз, содан кейін сүзгі мен резервуарды қосыңыз. Қолданар алдында барлық бөлшектердің дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.
Kärcher K 55 pet сүзгісін қалай тазалау керек?
Сүзгіні тазалау үшін оны машинаның ішінен шығарып, жылы сумен шайыңыз. Толығымен құрғағанша күтіңіз, содан кейін орнына қойыңыз.
Егер Kärcher K 55 pet іске қосылмаса не істеу керек?
Құрылғының қосылғанын және розетка жұмыс істеп тұрғанын тексеріңіз. Сондай-ақ, резервуардың толы екенін және сүзгінің дұрыс орнатылғанын растаңыз.
Kärcher K 55 pet резервуарының сыйымдылығы қанша?
Kärcher K 55 pet резервуарының сыйымдылығы 1,5 литр.
Kärcher K 55 pet-ті қалай күтуге болады?
Kärcher K 55 pet-ті күту үшін сүзгіні үнемі тазалап, әр қолданғаннан кейін резервуарды босатып, түтіктерде бөгелістердің жоқтығын тексеріңіз.
Kärcher K 55 pet-ті дымқыл беттерді тазалау үшін қолдануға бола ма?
Иә, Kärcher K 55 pet құрғақ және дымқыл беттерді тазалау үшін жасалған. Ең жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін нұсқаулықтағы нұсқауларды орындаңыз.
Kärcher K 55 pet-ке қосалқы бөлшектерді қайдан сатып алуға болады?
Kärcher K 55 pet-тің қосалқы бөлшектері Kärcher ресми сайтында және уәкілетті сатушыларда қолжетімді.
Kärcher K 55 pet кепілдікпен қамтамасыз етілген бе?
Иә, Kärcher K 55 pet әдетте сатып алу күнінен бастап 2 жыл кепілдікпен қамтамасыз етіледі. Кепілдікті пайдалану үшін түбіртекті сақтаңыз.
Kärcher тұтынушылар қызметіне қалай хабарласуға болады?
Kärcher тұтынушылар қызметіне телефон, электрондық пошта немесе олардың веб-сайты арқылы хабарласа аласыз. Қосымша ақпарат алу үшін Kärcher веб-сайтындағы "Байланыс" бөлімін қараңыз.

Пайдаланушылардың сұрақтары туралы K 55 pet Kärcher

0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.

Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою

Электрондық поштаңыз құпия сақталады: ол тек біреу сұрағыңызға жауап берсе, сізге хабарлау үшін қолданылады.

Әзірге сұрақтар жоқ. Бірінші болып сұраңыз.

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Электрлік сыпырғыш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз K 55 pet - Kärcher және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. K 55 pet брендінің Kärcher.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ K 55 pet Kärcher

Бұйымды алғашқы қолдану алдында пайдалану нұсқауын

мұқият оқып шығыңыз, нұсқауларды орындап, кейінгі пайдалану үшін немесе осы аппаратты кейін пайдаланатын тұлғалар үшін сақтап қойыңыз.

Бұйымды мақсатына сәйкес қолдану

  • Бұл құрылғыны тек өзіңіздің жеке жұмыстарыңыз үшін және KÄRCHER компаниясы тарапынан қолдану үшін рұқсат берілген қосымша және қосалқы бөлшектерімен ғана қолданыңыз. – Құрылғы тоқымасы жоғары кілемдер үшін және сулы түрдегі еден жабулары үшін жарамсыз.
  • Бұйым жуылғыш бетонға, қиыршық тасты және т. б. төсемдерге арналмаған.

Өндіруші бұйымды мақсатына сай емес қолдану немесе қате түрде қолданудан пайда болатын зияндар үшін жауапкершілік көтермейді.

Қоршаған ортаны қорғау

Kärcher K 55 pet - Қоршаған ортаны қорғау - 1

Қаптау материалдары екінші өңдеуге жарамды. Қаптаманы үй

қоқысына лақтырмауыңызды сұраймыз, оларды екінші өңдеу үшін бөлек қойыңыз.

Kärcher K 55 pet - Қоршаған ортаны қорғау - 2

Ескі құрылғыларда бағалы, қайта өңдеуге болатын материалдар бар. Батареялар мен

аккумуляторларда қоршаған ортаға зиян әкелетін заттар бар. Осыған байланысты ескі құрылғыларды, батареяларды және аккумуляторларды арнайы қалдық жинау жүйелері арқылы жойыңыз.

Қауіпсіздік туралы нұсқаулар

Бұл бұйымды физикалық, сенсорлық немесе ақыл есі шектелуі бар адамдар (осылардың ішінде балалар да) тарапынан, немесе керекті білім не тәжірибесі болмаған адамдар тарапынан қолданбауы лазым, ал осылар арнайы дайындалған не оқытылған мамандар тарапынан бақылау астында болып немесе оларға осы мамандар тарапынан бұйыммен жұмыс істеу тәсілі көрсетіліп, анықталып берілгенде қолдануы мүмкін. Бұйыммен ойнауға жол бермеу үшін, бұйым жанындағы балаларды бақылап отыру лазым.

⚠️Жарақат алу қаупі

  • Бұйым құрамында айналып отыратын қылтарақ түтігі бар, жұмыс уақытында оған бармақтарыңыз немесе аспаптар тимеуі тиіс.
  • Бұйымды қарау немесе техникалық жөндеу кезінде аккумуляторды алып тастаған жөн!

Батарея бойынша нұсқаулар

  • Аккумуляторларды толтыру үшін тек қана бұйыммен бірге сатылатын аккумулятор толтыру құрылғысын немесе KÄRCHER компаниясы тарапынан рұқсат берілген құрылғыларды қолданыңыз.
  • Қысқа тұйықталу қаупі! Толтыру жеріне ток өткізе алатын заттарды (мысалы бұрағыш немесе ұқсас заттарды) енгізбеңіз.
  • Батареяны аса жоғары күн сәулесі, аса ыстық жерлерге немесе отқа қоймаңыз, жарақат алу қаупі бар.

Батарея толтыру құрылғысы бойынша нұсқаулар

– Толтыру кабелі мен толтыру құрылғысында бұзылған жерлері көрінетін болса, оны дереу түрде

бұйым шығарушының жаңа құрылғысын алып, ауыстырыңыз.

  • Бұйым түр белгісіндегі көрсетілген кернеу қолданылған электрлік ток кернеуіне сәйкес болуы тиіс. – Толтыру құрылғысын тек қана құрғақ жерлерде қолданып, температурасы 5 - 40° С болған жерлерде сақтаңыз. – Бұйым ашасын ешқашанда сулы қолдарыңызбен ұстамаңыз.

Бұйымды іске қосу

Бұйым сипаттамасы

Бұйым қорапшасын ашқанда қорапша ішіндегі бұйым мен бөлшектерінің толық және бұзылмаған түрде болғандығын тексеріп алыңыз. Тасымалдау нәтижесінде бүлінген жері болса, бұйымды сатқан сауда мекемесіне хабарлаңыз.

Нұсқау: Бұйымның суреті және пайдалану нұсқауы 2 бетте.

Сурет 1

1 Құрылғы буыны 2 Аяқ ажыратқышы 3 Аккумулятор, алынбалы 4 Босату түймесі, аккумулятор 5 Толтырушыны енгізу жері 6 Зарядталу индикаторы 7 Кір ұстау сауыты, алынбалы 8 Босату, кір ұстау сауытының қақпағы 9 Корпус 10 Жеткізілім жинағы К 55:

Қылшақ білікшесі, алмастырылатын

11 Жеткізілім жинағы К 55 pet: Тазалау бөлшегі бар қылшақ білікшесі (шаш тарағы), алмастырылатын 12 Босату түймесі, қылшақ білікшесі 13 Телескоптық тұтқа, биіктігі өзгермелі 14 Айналмалы тұтқа 15 Ұстау тұтқасы 16 Толтыру кабелі бар толтыру құрылғысы 17 Бекіту жабдығы бар қабырға кронштейні

Қабырға кронштейнін орнату

Сурет 2

Қабырға кронштейні құрылғы мен зарядтау құрылғысын сақтау үшін арналған.

→ Берілген қабырға кронштейнін электрлік розетка жанындағы оңай қол жеткізетін жерге орнатыңыз; бекіту жабдығы құрылғымен бірге беріледі.

Қылшақ білікшесін енгізу

Сурет 3

Қылшақ білікшесі құрылғымен жеткізілген кезде ішіне әлі енгізіліп қойылмаған. Құрылғыны іске қосу алдында оны құрылғы ішіне енгізіп қойыңыз.

→ Корпусты бұрыңыз. → Қылшақ білікшесін бүйірлік кіріс жеріне енгізіңіз. → Қылшақ білікшесінің тұтқасын кіріс жеріне баса отырып енгізіңіз де, дұрыс орнында болғанын тексеріңіз.

Телескоп тұтқасы мен қол тұтқасын орнату мен биіктігін өзгерту

Сурет 4

Телескоптық тұтқада 3 бөлшек бар. Құрастыру кезінде бөлшектердің бекітілгеніне зер салыңыз.

→ Сапты ұзын тұтқаға айналмалы саппен салыңыз. → Ұзын және қысқа тұтқаларды бірге енгізіңіз де, содан кейін саңылауға басыңыз. → Тұтқаны саңылауға толығымен алға қарай ұстап, құрылғы буынына енгізіңіз. → Айналмалы тұтқаны босатып, тұтқаны қажетті биіктікке шығарыңыз, сапты дұрыс қалыпқа қойып, айналмалы тұтқаны бұраңыз.

Аккумуляторды енгізу және зарядтау

Cypem 5

Аккумулятор құрылғымен жеткізілген кезде ішіне әлі енгізіліп қойылмаған. Құрылғыны іске қосу алдында оны құрылғы ішіне енгізіп қойыңыз.

→ Аккумуляторды қорапшадан шығарып алыңыз. → Аккумуляторды толығымен кірмегенше енгізіңіз. → Аккумуляторды зарядтау: Аккумуляторды шығарып алып немесе шығармай отырып құрылғы ішінде болғанда да зарядтауға болады. Нұсқау: Төменде енгізілген аккумуляторды зарядтау тәсілі көрсетілген. → Жинаққа қосылған зарядтау құрылғысын тиісті розеткаға жалғаңыз. → Зарядтау бойынша маңызды нұсқау: Құрылғыны міндетті түрде өшіріп қойыңыз; Құрылғы өшірілмегенде аккумулятор зарядталмайды. → Зарядтау кабелін аккумулятордағы зарядтау ұяшығына енгізіңіз. → Жұмыс индикаторы жанып, зарядтау басталады. Аккумулятор заряды бос болғанда зарядтау уақыты шамасымен 14 сағат алады. Нұсқау: Егер жұмыс индикаторы жанбаса, құрылғыны ажыратыңыз; әйтпесе зарядтау процесі басталмайды. → Зарядтау аяқталғанда, зарядтау кабелін зарядтау ұяшығынан шығарып алып, зарядтау құрылғысын электр желісінен ажыратыңыз.

Қолдану

Жұмысты бастау

Cypem 6

→ Құрылғыны қосыңыз да, аяқ ажыратқышын басыңыз. → Тазалау үшін құрылғыны алға және артқа қарай жылжытыңыз. → К 55: шеттен тазалау үшін оң жақты қолданыңыз (ауыстырмалы қылшақтың босату түймесі бар жақ).

Жұмысты уақытша тоқтату

Cypem 7

→ Құрылғыны өшіріңіз де, аяқ ажыратқышын басыңыз. → Жұмысты уақытша тоқтату үшін телескоптық тұтқаны тік қойыңыз, шектегіш оны осы күйде ұстан тұрады.

Жұмысты аяқтау

→ Жұмысты аяқтағаннан кейін құрылғыны өшіріп қойыңыз. → Әр тазалаудан соң кір жинайтын сауытты босату қажет.

Кір жинайтын сауытын босату

Cypem 8

Кір жинайтын сауытты 2 тәсілмен босатуға болады:

1) Құрылғыны бір қолыңызбен құрылғы буынынан жоғарыға қарай тартып тұрып, кір жинайтын сауыттың қақпағын босатыңыз. Нұсқау: Корпус астыға қарай тым тез құлап қалмауы үшін оны ұстап тұрыңыз. 2) Құрылғыны жерге қойып, кір жинайтын сауыттың қақпағын босатыңыз. Нұсқау: Телескоп ұстағышы астыға тым тез құлап қалмауы үшін оны ұстап тұрыңыз.

→ Кір жинайтын сауыттың қақпағын босатып, жоғары қарай ашыңыз.

→ Кір жинайтын сауытты тұтқадан жоғары қарай ұстап, босатыңыз.

→ Кір жинайтын сауытты қайтадан өз орнына енгізіп, қақпағын жауып қойыңыз.

Бұйымды сақтау

Сурет 9

→ Құрылғыны қабырға кронштейніне іліп қойыңыз. → Басқа сақтау тәсілі: құрылғыны тұтқасына іліп қойып, қажет болғанда, тұтқаны бұрыңыз ("Телескоптық ұстағыш пен тұтқаны енгізу" бөлімін қараңыз).

Күту және жөндеу жұмыстары өткізілгенде, аккумуляторды әрқашанда бұйым ішінен шығарып алыңыз.

Бұйымды тазалау

→ Құрылғының сыртын ылғалды матамен сүртіңіз. Тазалағыш ұнтақ сияқты аса қатты тазалау бұйымдарын қолданбаңыз.

Щеткалы білікшені ауыстыру/тазалау

К 55: Қылшақ білікшесі

Сурет 10

→ Босату түймесін басып, қылшақ білікшесін шығарып алыңыз. → Оралынып қалған шашты пышақ немесе қайшымен кетіруге болады. Оны алдыңғы шетінің бойымен ұстап тұрып, қалған шашты алыңыз. → Тазаланған немесе жаңа қылшақ білікшесін енгізіп, дұрыс орнында екендігін тексеріңіз.

К 55 pet: Тазалау бөлшегі бар қылшақ білікшесі (шаш тарағы), тазалау

Нұсқау: Шаш қылшағын әр қолданғаннан кейін тазалаңыз!

Сурет 11

→ Босату түймесін басып, қылшақ білікшесін шығарып алыңыз.

Оралынып қалған жүнді ең оңай тазалау тәсілі:

→ Тазалағышты қылшақ білікшесінен шығарып, қалған шаш осы жерге оралынып қалады, оны үй қалдықтарымен бірге тастауға болады.

Нұсқау: Тазалағыштың әр жағынан оралынып қалған жүн не шашты алдымен пышақ немесе қайшымен кесіп алыңыз, содан кейін тазалағышты алыңыз.

→ Тазалап алғаннан кейін тазалағышты қайтадан құрылғыға енгізіңіз.

→ Тазаланған немесе жаңа қылшақ білікшесін енгізіп, дұрыс орнында екендігін тексеріңіз.

Қызмет көрсету

Кепілдеме

Бұйымдарымыз үшін әр елде жауапты өтім серіктестеріміз тарапынан шығарылатын кепілдеме шарттары күште болады. Егер материалдардың ақаулығы немесе дайындау барысындағы қателіктер табылса, біз ықтимал ақаулықтарды кепіл мерзімі ішінде ақысыз жөндейміз. Кепіл мерзімі ішінде наразылықтарыңыз болса, аспапты сатқан сауда мекемесіне немесе жақындағы өкілетті сервистік қызмет көрсету орнына сатып алу чегін көрсетіп, хабарласыңыз.

Өндірілген күні көрсетілген түр кестесінде шифрланған. Жеке сандардың мағынасы келесідей болады:

Мысалы: 30190

3 Өндірілген жылы 0 Өндірілген ғасыры 1 Өндірілген онжылдық 9 Өндірілген айының екінші саны 0 Өндірілген айының бірінші саны

Сонымен бұл мысалда 30190 коды 09/(2)013 өндірілген күнін білдіреді.

Кедергілер болғанда көмек алу

→ Құрылғы зарядтау барысында қосылып тұр. Құрылғыны ажыратқыш көмегімен өшіріңіз.

Құрылғы дұрыс тазаламайды

→ Қылшақ білікшесін тазалаңыз немесе ауыстырыңыз ("Қылшақ білікшесін ауыстыру/тазалау" бөлімін қараңыз).

→ Аккумуляторды зарядтаңыз ("Аккумуляторды зарядтау" бөлімін қараңыз).

Құрылғы ішінен кір шығып отыр

→ Толып қалған кір жинайтын сауытты босатыңыз ("Кір жинайтын сауытты босату" бөлімін қараңыз).

Қосалқы бөлшектер

Қосалқы бөлшектердің суреті осы нұсқаулықтың соңында берілген.

Қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру үшін дилеріңізге не ең жақын орналасқан өкілетті қызмет көрсету орнына хабарласыңыз.

Тұтынушыларға қызмет көрсету бөлімі

Сұрақтарыңыз немесе мәселелер пайда болған жағдайда біздің KÄRCHER бөліміміз сізге қолдау көрсетеді.

Техникалық мәліметтер

Батареясы толыболғандағы жұмысуақыты (еден үстінекарай)макс. 30мин.
Аккумулятордың жұмыскернеуі4,8 В
Заряды отырғанаккумуляторды зарядтауақыты14 сағ.
Зарядтау құрылғысыныңкернеуі5,8 В
Зарядтау тогы 130 мА
Дыбыс деңгейі(EN 60704-2-1)60 дБ(А)
Салмағы (аккумулятордықоса)2,0 кг
Akkutyp NiMH

Техникалық өзгерістер пайда болып қалуы мүмкін!

Қолданылған немесе ескі бұйымдар мен батареяларды қалдыққа тапсыру

→ Қолданылған құрылғыны қоршаған ортаға зиян келтірмейтін түрде қалдыққа тапсырыңыз. Қалдыққа тапсыру алдында алынбалы аккумуляторды құрылғы ішінен шығарып алыңыз. → Аккумулятор қабы бар аккумуляторды қоршаған ортаға зиян келтірмейтін түрде қалдыққа (қалдық қабылдайтын жерге немесе сатушыға) тапсырыңыз, пластикалық қабын бөлшектеудің қажеті жоқ.

⚠️Ескерту

- Аккумуляторды ашпаңыз, өйткені қысқа тұйықталу мүмкін, сондай-ақ қоздырғыш бу немесе күйдіргіш сұйықтар ағуы мүмкін.

Мазмұны Оған қол жеткізу үшін атауға басыңыз
Нұсқаулық көмекшісі
Anthropic қолдайды
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : Kärcher

Модель : K 55 pet

Санат : Электрлік сыпырғыш