ZR G316 IW - тоңазытқыш ZANUSSI - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз ZR G316 IW ZANUSSI PDF форматында.
| Өнім түрі | Мұздық дистрибьюторы бар тоңазытқыш |
| Бренд | Zanussi |
| Модель | ZR G316 IW |
| Өлшемдері (Биіктік x Ені x Тереңдік) | 850 x 550 x 612 мм |
| Салмағы | Шамамен 32 кг |
| Электрмен қоректену | 220-240 В, 50 Гц |
| Климаттық класстар | SN, N, ST, T (+10 °C-тен +43 °C-қа дейін) |
| Салқындатқыш | Изобутан (R600a) |
| Температураны реттеу | 1-ден 4-ке дейінгі айналмалы термостат (минимумнан максимумға дейін) |
| Ішкі жарықтандыру | Ауыстырылатын шам (диффузорда көрсетілген максималды қуат) |
| Мұздатқыш | Мұз жасау және сақтау үшін кіріктірілген бөлім |
| Сөрелер | Алынбалы және биіктікте реттелетін |
| Есік контейнерлері | Әр түрлі биіктікте орналастыруға болады |
| Жеміс-көкөніс жәшігі | Бар (арнайы жәшік) |
| Мұздануды жою | Тоңазытқыш үшін автоматты; мұздатқыш үшін қолмен |
| Күтім және тазалау | Ішін жылы сабынды сумен тазалау; конденсаторды щетка/шаңсорғышпен тазалау |
| Қауіпсіздік | Балалардан қорғау айтылмаған; автоматты ажыратқыш? |
| Есіктің қайтымдылығы | Мүмкін (нұсқаулықта егжей-тегжейлі нұсқаулар) |
| Қосалқы бөлшектер және жөндеу мүмкіндігі | Түпнұсқа бөлшектер үшін Сатудан кейінгі қызметке хабарласыңыз |
| Жалпы ақпарат | Нұсқаулық бірнеше тілде қол жетімді; сериялық нөмір атаулық тақтада |
Жиі қойылатын сұрақтар - ZR G316 IW ZANUSSI
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы ZR G316 IW ZANUSSI
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз тоңазытқыш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз ZR G316 IW - ZANUSSI және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. ZR G316 IW брендінің ZANUSSI.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ ZR G316 IW ZANUSSI
| Қауіпсіздік туралы мағлүматтар _ _ _ 34 |
| Жұмыс жүйесі _ _ _ 36 |
| Бірінші қолдану _ _ _ 37 |
| Әркүндік қолдану _ _ _ 38 |
| Пайдалы нұсқаулар менен |
| кеңестер _ _ _ 38 |
Күту мен тазалау ____ 39
Не істерсіңіз, егер... ____ 40
Техникалық сипаттама ____ 43
Орнату ____ 43
Қоршаған орта мәселелері ____ 46
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.

Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
Құрылғыны орнатып, ең алғаш пайдаланбас бұрын, өз қауіпсіздігіңіз бен құрылғыны дұрыс қолдану мақсатында, пайдаланушыға арналған бұл нұсқаулықты, оның ішінде кеңестері мен ескертулеріне назар салып оқып шығыңыз. Осы құрылғыны пайдаланатын адамдардың барлығы, қажетсіз ақаулықтар мен тұрмыстық апаттардың алдын алу үшін, оны пайдалану тәсілдерімен және қауіпсіздікті қамтамасыз ететін функцияларымен жете таныс болуы керек. Осы қолдану туралы нұсқаулықты сақтап қойыңыз және тоңазытқышты басқа адамдарға бергеніңізде немесе сатқаныңызда, оны пайдаланатын әрбір адамның бұйымның қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін оған қатысты пайдалану және қауіпсіздік шараларынан хабардар болуы үшін нұсқаулықты да қоса беруді ұмытпаңыз. Адам өмірі мен құрылғының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін осы пайдаланушы нұсқаулығындағы ескертулерді орындаңыз, себебі қадағалаудың жеткіліксіздігінен туған ақаулық үшін өндіруші жауапкершілік көтермейді.
Балалар мен әлсіз адамдардың қауіпсіздігі
- Бұл құрылғыны физиологиялық, сезімдік не болмаса ақыл-ой деңгейіне байланысты не пеш жұмысына қатысты тәжірибесі мен білімінің аздығына байланысты пайдалана алмайтын адамдар (балаларды қоса алғанда), пешті пайдалану туралы ерекше
нұсқауларды алмайынша не олардың қауіпсіздігіне ие адамның қадағалауынсыз пайдаланбауға тиіс. Балалар құрылғымен ойнамас үшін оларды қадағалап отыру қажет.
- Машинаның орауыштары мен қорабын балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз. Тұншығып кету қаупі бар.
- Егер құрылғыны тастасаңыз, оның ашасын розеткадан суырыңыз да, қорек сымын қиып (құрылғыға барынша тақата) балалар ішіне кіріп қамалып не электр тогының қатерлі әсеріне ұшырамас үшін есігін ағытып алып тастаңыз.
- Егер есігі магнитті тығыздағышпен жабдықталған бұл құрылғыны, есігінде не қақпағында серіппелі құлыбы бар ескі құрылғының орнына қоймақ болсаңыз, ескі құрылғыны ең алдымен оның серіппелі құлыбын жарамсыз етіп барып тастаңыз. Бұл құрылғыны бала ішіне қамалып қалатын қауіп көзіне айналудан сақтайды.
Жалпы қауіпсіздік туралы мағлұматтар

Сактандыру туралы ескерту! Желдету тесіктерін ашық ұстаңыз.
- Осы нұсқаулықта айтылғандай, бұл құрылғы әдеттегі үй жағдайларында тамақты және/немесе сусындарды сақтау үшін арналған.
- Жібіту үдерісін жылдамдату мақсатында ешқандай механикалық
немесе кез келген басқа жасанды құралды пайдаланушы болмаңыз.
- Өндіруші рұқсат бермеген болса, тоңазытқыш құрылғылардың ішіне басқа электр құрылғыларды (балмұздақ жасайтын құрылғы сияқты) салып қолданушы болмаңыз.
- Салқындатқыш зат ағатын жүйеге зақым келтірмеңіз.
- Құрылғының салқындатқыш зат ағатын жүйесінде изобутан (R600а) және қоршаған ортамен сыйысымдылығы жоғары, бірақ сонда да жанғыш зат болып табылатын, табиғи газ болады. Құрылғының тасымалдау және орнату кезінде салқындатқыш зат жүйесіне зақым келтірілмейтініне көз жеткізіңіз. Салқындатқыш зат жүйесі зақымдалса:
– жалын от пен тұтату көздері болмауы тиіс
– құрылғы орналасқан бөлмені жақсылап желдетіңіз
- Осы өнімді немесе оның сипаттарын өзгерту қауіпті. Кабельге зақым келсе қысқа тұйықталу, өрт шығу және/немесе ток соғу қаупі төнеді.
Назарыңызда болсын! Электр құрамдас бөліктерді (қуат кабелі, айыр, компрессор) куәлігі бар немесе білікті қызмет көрсету маманы ауыстыруы тиіс.
- Қуат кабелін ұзартуға болмайды.
- Қуат кабелі құрылғының артқы жағында мыжылып немесе зақымдалып қалмағанына көз жеткізіңіз. Мыжылған немесе зақымдалған қуат кабелі тым қызып кетіп, өрт шығуына әкелуі мүмкін.
- Құрылғының айыры қол жетерлік жерде орналасқанына көз жеткізіңіз.
- Айырды қуат кабелінен ұстап тартпаңыз.
- Розетка босап кеткен болса, айырды оған қоспаңыз. Тоқ соғу немесе өрт шығу қаупі бар.
- Құрылғыны ішкі жарықтама шамының 10) қалпағынсыз қоспаңыз.
- Бұл құрылғы ауыр. Оны жылжытқан кезде абай болу керек.
- Қолыңыз сулы болса, мұздатқыш бөліктен заттарды алмаңыз және оларға тимеңіз, себебі қолыңыздың терісі сыдырылып кетуі немесе қарылып қалуы мүмкін.
- Құрылғыны ұзақ уақытқа тікелей күн сәулелерінің астына қоймаңыз.
- Осы құрылғыдағы шамдар 11) — тек үй құрылғылары үшін пайдаланылуға арналған арнайы шамдар. Оларды үйді жарықтандыру үшін қолдануға болмайды.
Күнделікті пайдалану
- Құрылғының пластик бөліктеріне ыстық кәстрөл қоймаңыз. • Тұтанғыш газ бен сұйықтарды тоңазытқышқа қойып сақтамаңыз, себебі олар жарылып кетуі мүмкін.
- Құрылғы өндірушісінің тағам сақтауға қатысты нұсқауларын мұқият орындау қажет. Тиісті нұсқауларға қараңыз.
- Муздаткыш бөлікке газдалған сусындарды қоймаңыз, себебі сусын ыдысында қысым пайда болып, ол жарылуы мүмкін, ал нәтижесінде құрылғыға зақым келеді.
- Мүздактарды тоңазытқыштан алған бетте жесе, тілді қарып кетуі мүмкін.
Күту мен тазалау
- Құрылғыны тазалар алдында электр желісінен ағытып, ашасын розеткадан суырыңыз.
- Құрылғыны металл заттармен тазаламаңыз.
- Құрылғы қырауын тазалау үшін өткір заттарды пайдаланбаңыз. Пластик қырғышты пайдаланыңыз.
- Құрылғы мұзын жылдам өріту үшін, ешқашан шаш кептіргішті немесе басқа қыздырғыш құрылғыларды қолданбаңыз. Артық қызу құрылғының ішкі пластик бөлшектерін бүлдіруі мүмкін және электр жүйесіне ылғал кіріп, оның бойына ток жүгіруіне себеп болуы мүмкін.
Орнату
Өте маңызды! Электр желісіне қосарда, арнайы бөлімдерде берілген нұсқауларды мұқият орындаңыз.
• Құрылғы орамын ашып, оның еш жерінің бүлінбегенін тексеріп алыңыз. Құрылғының бір жері бүлініп қалса қоспаңыз. Қандай да бір бүлінушілік орын алғанда, құрылғыны сатып алған жерге дереу хабарлаңыз. Бұндай жағдайда қорабын сақтап қойыңыз.
- Құрылғыны қоспас бұрын оның майы компрессорға ағып құйылу үшін кем дегенде екі сағат күтіңіз.
- Құрылғы айналасында ауа жеткілікті түрде айналуға тиіс, ауа айналымы жеткіліксіз болса құрылғы қызып кетеді. Желдету жеткілікті болу үшін орнатуға қатысты нұсқауларды орындаңыз.
• Мүмкін болса, құрытұратын бөлшектерін (компрессор, конденсатор) ұстап қалып не оларға қол тигізіп алып күйіп қалмас үшін тоңазытқыштың арт жағын әрқашан қабырғаға қаратып қойыңыз.
- Құрылғыны радиатор не пештердің қасына жақын орналастыруға болмайды.
- Құрылғыны орнатқан соң оның ашасының қол оңай жететін жерде болуын қамтамасыз етіңіз. • Тек ауыз суы жүйесіне ғана қосыңыз. 12)
Қызмет
- Құрылғыны жөндеу үшін қажет электр жұмыстарын электр маманы не білікті адам жүзеге асыруға тиіс.
- Бұл өнімге қызмет көрсетуді тек уәкілетті қызмет көрсету орындары жүзеге асыру керек және құрылғының нағыз өз бөлшектері ғана пайдаланылуға тиіс.
Қоршаған ортаны қорғау
Бұл құрылғының салқындатқыш сұйығының құрамында да, изоляция материалдарында да озон қабатына зиян келтіретін газдар жоқ. Бұл құрылғыны тұрмыстық қалдық пен қоқыстар тасталатын жерге тастауға болмайды. Оның изоляция қабаттамасында тұтанғыш газдар бар: құрылғыны жергілікті құзырлы мекемелерден алынатын жарамды ережелерге сай тастау қажет. Салқындатқыш құралға, әсіресе оның қызу алмастырғышқа жақын артқы бөлігіне зиян келтірмеңіз.
Қарылжыды пайдаланылған белгішесімен белгіленген материалдар қайта өндеуден өткізуге жарайды.
Жұмыс жүйесі
Қосу
Ашаны розеткаға сұғыңыз. Температура түймешесін сағат бағытымен бұрай отырып орташа температураға қойыңыз.
Өшіру
Құрылғыны өшіру үшін температура түймешесін "О" қалпына қойыңыз.
Температураны реттеу
Температура автоматты түрде реттеледі.
12) Су жүйесіне қосу қарастырылған ба
Құрылғыны іске қосу үшін төмендегі әрекеттерді орындаңыз:
- Суықтықты азайту үшін температура тетігін суықтың төменгі деңгейіне қарай бұраңыз.
- Суықтықты жоғары деңгейге қою үшін температура тетігін суықтың максимум деңгейіне қарай бұраңыз.
Ескерту: Температура тетігі төмендегі кесте бойынша орнатылса, мұздатқыш бөлікте -2 °C немесе одан да төмен температураға қол жеткізуге болады:
| Бөлметемпературасы | Температуратетігінің параметрі |
| +10 ... +16 °C "1-2" | |
| +16 ... +25°C "2-3" | |
| +25... +32°C "3-4" |
+32... +38°C "3-4"
Параметрді дәл тауып орнату үшін құрылғының ішіндегі температураның төмендегі жағдайларға тәуелді болатынын ескеру керек:
• бөлме температурасы • есіктің қаншалықты жиі ашылғандығы • сақталатын тағамның мөлшері • құрылғы орнатылған жер.
Өте маңызды! Егер бөлме температурасы жоғары болса не тағам тоңазытқыш ішіне толтыра салынса және құрылғы төменгі температурада тұрса, құрылғы үздіксіз жұмыс жасап, оның қабырғасына қырау тұруы мүмкін. Бұндай жағдайда тетікті жоғары температураға қойып, құрылғының мұзын қуатты көп шығындамай, өздігінен еріп кетуіне мүмкіндік беру қажет.
Бірінші қолдану
Ішін тазалау
Құрылғыны ең алғаш пайдаланбас бұрын, жаңа бұйымға тән иісті арылту үшін оның іші мен ішкі керек-жарақтарын сәл нейтрал сабын салынған жылы сумен жуып, содан соң мұқият құрғатыңыз.
Өте маңызды! Жуғыш зат не жеміргіш ұнтақтарды пайдаланбаңыз, бұл құрылғының сыртқы қабатына зиян келтіреді.
Жылжымалы сөрелер
Тоңазытқыштың қабырғасында сөрелерді қажетті қатарға орналастыруға арналған бірнеше бағыттағыш жолдар бар.

Өте маңызды! Ауаның дұрыс айналуын қамтамасыз ету үшін көкөніс салынатын суырманың бетіндегі шыны сөрені алмаңыз.
Есік сөрелерін орналастыру
Әртүрлі үлкендікте оралған тағамдарды орналастыру үшін есіктегі сөрелерді әртүрлі биіктікке қоюға болады.

Сөрелерді көрсеткі бағыты бойынша орнынан шыққанша ақырын тартыңыз да, содан соң қажетті орынға қойыңыз.
Бұл құрылғы мұздатқыш камерамен жабдықталған.
Мұздатқыш камераның температурасы, термостат тетігінің қандай параметрге қойылғанына қарай -2 °С немесе одан төмен болуы мүмкін.
Бұл камерада мұз текшелерін жасауға немесе сақтауға болады. (Қалаған мұз текшесін жасауға арналған қалыпты, арнайы дүкеннен сатып алуыңызға болады.)
Өте маңызды! Мұз текшесінің қалыбын мұздатқыштан алу үшін темір инструментті қолданбаңыз.
Қалыпты жұмыс кезінде естілетін шуыл
• Тоңазытқыш сұйық түтікшелер арқылы аққан кезде әлсіз сырылдаған немесе көпіршіп жатқан тәрізді шуылдар естілуі мүмкін. Бұл дұрыс.
Компрессор қосылып тұрған кезде, тоңазытқыш сұйық жан-жаққа тағалады да, компрессордан сырылдаған, сондай-ақ дірілдеген дауыс шыққанын естисіз. Бұл дұрыс.
Жылу әсерінен кеңею орын алған кезде, кенет тырс-тырс еткен шуыл естілуі мүмкін. Бұл қалыпты жағдай, қауіпті физикалық феномен емес. Бұл дұрыс.
Компрессор қосылғанда немесе өшкенде, температура түймешесінің ақырын "сырт" еткенін естисіз. Бұл дұрыс.
- Жылу әсерінен кеңею орын алған кезде, кенет тырс-тырс еткен шуыл естілуі мүмкін. Бұл қалыпты жағдай, қауіпті физикалық феномен емес. Бұл дұрыс.
- Компрессор қосылғанда немесе өшкенде, температура түймешесінің ақырын "сырт" еткенін естисіз. Бұл дұрыс.
Энергияны үнемдеуге қатысты кеңестер
- Есікті жиі-жиі ашпаңыз немесе қажетті уақыттан артық ашық ұстамаңыз.
- Егер қоршаған орта температурасы жоғары болса, температура реттегіші ең жоғарғы параметрге қойылса және тоңазытқыш ішіне тамақ толтырылып салынса, компрессор буландырғыш құралдың үстіне мұз қатырып, үздіксіз жұмыс істеуі мүмкін. Мұндай жағдай орын алса, температура реттегішін құрылғы электр қуатын үнемдей отырып өздігінен еріп кетуі үшін төменгі көрсеткішке қойыңыз.
Жаңа тағамды тоңазытуға қатысты кеңестер
Ең жақсы нәтижеге жету үшін:
- Жылы немесе буы бұрқырап тұрған сұйық заттарды тоңазытқышқа қоймаңыз. Тағамның бетін жабыңыз немесе оны орап салыңыз, әсіресе ол өткір иісті болса.
Күту және тазалау
Сақтандыру туралы ескерту! Жөндеу жұмысын жүргізбес бұрын құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз. Бұл құрылғының салқындатқыш құрамында көмірсутек бар; сондықтан да, жөндеу жұмыстары мен оны қайта толтыруды тек уәкілетті маман ғана жүзеге асыруға тиіс.
Тағамды ауа оның айналасында еркін айнала алатындай етіп орналастырыңыз.
Тоңазытуға қатысты кеңестер
Пайдалы кеңестер:
Ет (барлық түрлері): полиэтилен қалтаға орап, көкөніс жәшігінің үстіңгі жағындағы шыны сөреге қойыңыз.
Сақтық мақсатында тағамды осылайша тек бір, көп дегенде екі күн ғана сақтау керек.
Пісірілген тағамдар, суық тағамдар т.б.: бұлардың бетін жауып, кез келген сөреге қоюға болады.
Жемістер мен көкөністер: бұларды мұқият тазалап, арнайы сөреге (сөрелерге) салу қажет. Сарымай мен ірімшік: бұларды арнайы ауа өткізбейтін ыдыстарға салып немесе алюминий фольгаға не полиэтилен қалтаға орап, мүмкіндігінше ауа өткізбеуге тырысу қажет.
Сүт бөтелкелері: бұлардың тығындарын жауып, есіктегі бөтелке қойылатын қатарға қою қажет.
Оралмаған банан, картоп, пияз бен сарымсақты тоңазытқышта ұстауға болмайды.
Мұздатқыш бөлікке қатысты кеңестер
- Мұзды мұздатқыш бөліктен ала сала тұтынса, теріні қарып жіберуі мүмкін;
- Мұздатқыш бөліктің есігін тым жиі ашпаңыз және босқа ашық ұстамаңыз.
Мезгілімен тазалап отыру
Құрылғыны мезгіл-мезгіл тазалап отыру қажет:
- іші мен керек-жарақтарын аздап нейтрал сабын салынған жылы сумен тазалаңыз.
- Есік тығыздағышын мезгіл-мезгіл тазалап, кір тұрып қалмас үшін сүртіп алып отырыңыз. • шайып мұқият құрғатыңыз.
Өте маңызды! Құрылғы ішіндегі түтікшелер және/не сымдардың ешқайсысын тартпаңыз, жылжытып не бүлдірмеңіз.
Құрылғының ішін тазалау үшін жуғыш заттарды, жеміргіш ұнтақтар мен аса хош иістендірілген тазалағыш заттарды не балауыз жылтыратқыштарды пайдаланбаңыз, себебі бұндай заттар құрылғының беткі қабатын бүлдіріп, онда ерекше иіс қалдырады.
Құрылғының артындағы конденсатор (қара гриль) мен компрессорды щетка не шаңсорғышпен тазалаңыз. Бұлай істеу құрылғы жұмысын жақсартып, электр шығынын азайтады.
Өте маңызды! Салқындатқыш жүйеге еш нұқсан келтірмеуге тырысыңыз.
Ас үй құрылғыларының бетін тазалауға арналған көпшілік заттардың құрамында осы құрылғы үшін пайдаланылған пластиктерге зиянды әсер ететін химикаттар бар. Сондықтан да осы құрылғы корпусының сыртын, тек аздаған жуғыш зат салынған жылы сумен тазалау ұсынылады.
Тазалап болған соң құрылғыны электр желісіне қайта қосыңыз.
Мұздатқыш камераны жібіту
Мұздатқыш камераның айналасына әрқашан белгілі бір мөлшерде қырау жиналады.
Өте маңызды! Мұздатқыш камераның қырауын, оның қалыңдығы шамамен 3-5 мм болған кезде жібітіңіз.
Қырауды кетіру үшін мына әрекеттерді жасаңыз:
Не істерсіз, егер...
Назарыңызда болсын! Ақаулық себебін іздестірмес бұрын ашаны розеткадан суырыңыз.
- Температура тетігін "0" қалпына қойыңыз да, ашаны розеткадан суырыңыз.
- Мұз камерасын босатыңыз.
- Құрылғы мен мұздатқыш камераның есігін ашық қалдырыңыз.
- Әдетте, жібітуге бірнеше сағат кетеді. Жібітіп болғаннан кейін, науадан еріп аққан суды төгіңіз де, бетін құрғатып сүртіңіз.
- Ашаны розеткаға сұғыңыз да, термостатты басқару тетігін орташа параметрге қойыңыз.
Назарыңызда болсын!
Буландырғыштағы қырауды ешқашан өткір металл қырғышпен қырмаңыз, оны бүлдіріп алуыңыз мүмкін. Мұзды жылдам еріту үшін өндіруші ұсынған құралдардан өзге механикалық немесе басқа жасанды заттарды ешқашан қолданбаңыз.
Құрылғыны қолданбаған кезде
Құрылғыны ұзақ уақыт бойы қолданбаған кезде мына сақтық шараларын орындаңыз:
- құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз
- барлық тағамдарды шығарыңыз
- құрылғыны жібітіп, оны керек-жарақтарымен қоса тазалаңыз
- Жағымсыз иіс пайда болмас үшін есік/есіктерді ашық қалдырыңыз.
Өте маңызды! Егер құрылғыны қосып қалдыратын болсаңыз, электр қуаты өшіп қалған жағдайда ішіндегі тағам бұзылып кетпес үшін басқа бір адамның арасында бір рет бақылап қойып отыруын сұраңыз.
Осы нұсқаулықта көрсетілмеген ақаулық түрін тек білікті маман не білікті адам ғана іздестіруге тиіс.
Өте маңызды! Құрылғы қалыпты режимде жұмыс жасап тұрғанда біраз шуыл (компрессор, салқындатқыш сұйықтың айналуы) естіліп тұрады.
Өте маңызды! Құрылғы үздіксіз жұмыс жасамайды, сондықтан да,
компрессордың тоқтап қалуы электр қуаты өшті дегенді білдірмейді. Сондықтан да, құрылғының электр бөлшектеріне құрылғыны электр желісінен ажыратпай тұрып қол тигізуге болмайды.
| Ақаулық Ыктимал | себебі Шешімі | |
| Құрылғыдан шуыл шығады | Құрылғы дұрыс орнықпаған Құрылғының орнықты түрған-түрмағанын тексеріңіз (төрт аяғы да еденге тиіп тұруға тиіс) | |
| Құрылғы жұмыс істемей түр. Шам жанбай түр. | Құрылғы сөндірулі. Құрылғыны қосыңыз. | |
| Қуат ашасы розеткаға | дұрыс сұғылмаған. | Ашаны розеткаға дұрыстан сұғыңыз. |
| Құрылғыға электр қуаты | келмей түр. Розеткада ток жоқ. | Розеткаға басқа электр құрылғысын қосып көріңіз. Білікті электрші маманға хабарласыңыз. |
| Шам жанбайды. | Шам күту режимінде түр. | Есікті жауып, қайта ашыңыз. |
| Шамның ақауы бар. "Шамды ауыстыру" тарауын | қараңыз. | |
| Компрессор үздіксіз жұмыс істейді. | Температура дұрыс орнатылған жоқ. | Жоғарырақ температураға қойыңыз. |
| Есік дұрыс жабылмаған. | "Есікті жабу" тарауын | қараңыз. |
| Есік тым жиі ашылған. Есікті қажет кезде ғана | ашыңыз, үзақ ашып қоймаңыз. | |
| Тағам температурасы тым жоғары. | Тағамды сақтардың алдында температурасын бөлме температурасына дейін азайтыңыз. | |
| Бөлме температурасы тым жоғары. | Бөлменің температурасын азайтыңыз. | |
| Тоңазытқыштың артқы тақтасына су ағады. | Тоңазытқышты өздігінен еріткен кезде еріген қырау артқы тақтаға қарай ағады. | Бүл дұрыс. |
| Құрылғының ішіндегі температура тым төмен. | Температура тетігі дұрыс қалыпқа қойылмаған. | Жоғарырақ температураға қойыңыз. |
| Ақаулық Ықтимал | себебі Шешімі | |
| Құрылғының ішіндегі температура тым жоғары. | Температура тетігі дұрыс қалыпқа қойылмаған. | Төменірек температураға қойыңыз. |
| Есік дұрыс жабылмаған. | "Есікті жабу" тарауын | қараңыз. |
| Тағам температурасы тым жоғары. | Тағамды сақтардың алдында температурасын бөлме температурасына дейін азайтыңыз. | |
| Қөп мөлшердегі тағам бір мезетте салынып сақталған. | Тағамды бір салғанда көп мөлшерде салып сақтамаңыз. | |
| Тоңазытқыштың ішіндегі температура тым жоғары. | Құрылғының ішінде суық ауа айналымы жоқ. | Құрылғы ішінде суық ауаның айналуын қамтамасыз етіңіз. |
| Қырау тым көп қатқан. | Есік дұрыс жабылмаған. | "Есікті жабу" тарауын қараңыз. |
| Температура тетігі дұрыс қалыпқа қойылмаған. | Жоғарырақ температураға қойыңыз. | |
Шамды айырбастау
Шамды айырбастағыңыз келсе, мына шараларды орындаңыз:
- Құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз.
- Шамның қалпағын бекітіп тұрған бұранданы ажыратыңыз.
- Қозғалып тұрған тетікті суретте көрсетілгендей басыңыз да, ажыратып алыңыз.
- Шамды қуаты дәл осындай жаңа шамға айырбастаңыз (шамның қалпағында максимум қуат деңгейі көрсетілген).
- Шамның қалпағын орнына қойыңыз.
- Шамның қалпағын бұрандамен бекітіңіз.
- Құрылғыны қайта іске қосыңыз.
- Есікті ашып, шамның жанған-жанбағанын тексеріңіз.

- Есік тығыздағыштарын тазалаңыз.
- Қажет болса, есікті лайықтаңыз. "Орнату" тарауын қараңыз.
- Қажет болса, есіктің нұқсан келген тығыздағыштарын айырбастаңыз. Қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Техникалық сипаттама
| Өлшемі | ||
| Биіктігі 850 мм | ||
| Ені 550 мм | ||
| Терендігі 612 мм |
Техникалық ақпарат құрылғының ішкі сол жағында орналасқан техникалық ақпарат
тақтайшасында және қуат мәндері берілген жапсырмада көрсетілген.
Орнату
Құрылғыны орнатпай тұрып "Қауіпсіздік туралы ақпаратты" жеке басыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін және құрылғыны дұрыс пайдалану үшін мұқият оқып шығыңыз.
Орналастыру
Бұл құрылғыны температурасы құрылғының техникалық ақпараттар тақтайшасында көрсетілген климат санатына сай келетін жерге орналастыру қажет:
| Климат санаты | Коршаған орта температурасы |
| SN +10°C | бастап + 32°C дейін |
| N +16°C | бастап + 32°C дейін |
| ST +16°C | бастап + 38°C дейін |
| T +16°C | бастап + 43°C дейін |
Деңгейлеу
Құрылғыны орналастырған кезде орнықты болуын қадағалаңыз. Оны алдыңғы төменгі жағындағы реттемелі екі аяғының көмегімен орнықты етуге болады (2). Қажет болса, аралық шектегішті алу арқылы реттеуге болады (1).

Құрылғыны радиаторлар, бойлерлер, тікелей түскен күн сәулесі сияқты жылу көздерінен мүмкіндігінше алыс орнату қажет. Құрылғының артқы жағында ауаның еркін айналып тұруын қамтамасыз етіңіз. Құрылғы жақсы жұмыс істеуі үшін, егер құрылғы қабырғаға ілулі заттың астына қойылса, құрылғының үсті мен қабырғаға ілулі заттың арасында кем дегенде 100 мм орын қалуға тиіс. Дегенмен, ең жақсысы, құрылғыны қабырғаға ілінетін заттың астына қоймаған дұрыс. Құрылғы корпусының астындағы бір немесе бірнеше аяғын реттеу арқылы оны бір деңгейлеп орнатуға болады. Егер құрылғы бұрышқа қойылып, оның топсалары бар жағы қабырғаға қарап тұрса, оның есігін еркін ашып, ішіндегі сөрелерді алу үшін қабырға мен құрылғы арасындағы қашықтық кем дегенде 10 мм болуға тиіс.
Есіктің ашылатын жағын өзгерту
Өте маңызды! Төмендегі әрекеттерді, құрылғының есігін мықтап ұстап тұруға көмектесетін адаммен бірлесе жүзеге асыруды ұсынамыз.
Назарыңызда болсын!
Құрылғыны электр желісінен ағытылатындай етіп орналастыру керек; сондықтан оны орнатқаннан кейін оның ашасы қол оңай жететін жерде тұруға тиіс.

Есікті екінші жағынан ашылатын ету үшін мына әрекеттерді орындаңыз:

- Ашаны розеткадан суырыңыз.
- Құрылғыны компрессор еденге тимейтіндей етіп артқа қарай еңіс орнатыңыз.
- Реттемелі аяқтарын бұрап алыңыз.
- Есіктің астыңғы топсасының бұрандаларын босатыңыз. Топсаны алыңыз. Білікшені көрсеткі бағытымен салыңыз.
- Бұранданы босатып алыңыз да, қарама-қарсы жаққа орнатыңыз.
- Топсаны қарама-қарсы жаққа орнатыңыз.
- Реттемелі аяқтарын бұрап салыңыз. 1) болса, оны алыңыз да,
Ең соңғы тексерісті жүзеге асырып, мыналарды тексеріңіз:
• Барлық бұрандалардың бұралғанын. • Есіктің дұрыс ашылып-жабылатындығын.
Егер бөлме температурасы суық (мысалы, қыста) болса, тығыздағыш корпуска мықтап жанаспауы мүмкін.

- Артқы жақтағы екі бұранданы босатып алыңыз.
- Үстіңгі жағын артқа итеріп, бекіткіш тетіктерден шығарып алыңыз.

- Есіктің үстіңгі топсасының бұрандаларын босатыңыз.
- Топсаны алыңыз. Білікшені көрсеткі бағытымен салыңыз. Топсаны қарама-қарсы жаққа орнатыңыз.
- Топсаны қатайтып бұраңыз.
- Үстіңгі жағын орнына салыңыз.
- Алға қарай тартыңыз.
- Артқы жақтағы екі бұранданы бұраңыз.

- Егер тұтқасы 1) қарама-қарсы жаққа орнатыңыз.
- Құрылғыны орнына қойыңыз, деңгейін реттеңіз, кем дегенде төрт сағат уақыт өткеннен кейін электр желісіне жалғаңыз.
Бұндай жағдайда, тығыздағыштың өз бетімен орнына келуін күтіңіз. Жоғарыда айтылған әрекеттерді өзіңіз орындағыңыз келмесе, қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Қызмет көрсету орталығының маманы, есіктің орнын ақылы түрде ауыстырып береді.
Электр желісіне жалғау
Электр желісіне қоспас бұрын техникалық ақпарат тақтайшасында көрсетілген кернеу мен жиіліктің үйдегі электр желісінің қуатына сай келетіндігін тексеріп алыңыз.
Құрылғы жерге қосылуға тиіс. Осы мақсатта қорек сымы контактпен қатар жеткізілген. Егер үйдегі розетка жерге қосылмаған болса, білікті электр
маманынан ақыл-кеңес ала отырып, құрылғыны қолданыстағы ережелерге сай жерге жекелей қосыңыз.
Жоғарыда айтылып өткен ережелер сақталмаса, өндіруші қандай да бір жауапкершілікті өз мойнына алудан бас тартады.
Бұл құрылғы Е.Е.С. ережелеріне сай келеді.
Қоршаған орта мәселелері
Бұйымдағы немесе бұйым
қорапшасындағы белгісі осы бұйым кәдімгі үй қалдығы емес екенін көрсетіп білдіреді. Сондықтан оны ескі электр және электроникалық бұйымдарды жинап утилизация үшін арнайы контейнерлерге салуыңыз керек. Осы бұйымды дұрыс түрде утилизация арқылы Сіз қоршаған орта менен адам денсаулығына түсіп
пайда бола алатын зиянын болдыртпауын үшін үлес қоса аласыз; осы зиян бұл бұйымды дұрыс емес қолданғанда пайда болуы мүмкін. Осы бұйымның
утилизациясы туралы көбірек білуіңіз үшін жергілікті әкімшілігіңізбен, қалдықтарды жинап әкететін мекемеңізбен немесе осы бұйымды Өзіңізге сатқан дүкенімен хабарласыңыз.