ZRB929PW2 - тоңазытқыш ZANUSSI - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз ZRB929PW2 ZANUSSI PDF форматында.
| Бренд | Zanussi |
| Модель | ZRB929PW2 |
| Құрылғы түрі | Мұздатқыш бөлігі бар тоңазытқыш |
| Өлшемдері (Биіктік x Ені x Тереңдігі) | 1540 x 595 x 658 мм |
| Кернеу | 230-240 В |
| Жиілік | 50 Гц |
| Электр жарығы өшкенде ең ұзақ сақтау уақыты | 20 сағат |
| Климат сыныбы | SN ден T дейін (+10°C ден +43°C дейін) |
| Шыны сөрелер саны | 4 |
| Есік сөрелерінің саны | 3 (көлгіш сөре және май ыдысын қоса) |
| Мұздатқыш себеттері | 2 (мұздатқыш себет және Maxibox себетше) |
| Жеміс-көкөніс жәшігі | 1 |
| Термостат | Иә, реттелетін |
| Салқындатқыш бөлігінің автоматты ерітіндісі | Иә |
| Мұздатқышты қолмен еріту | Иә |
| Жарықтандыру | Иә, ауыстырылатын (Osram PARATHOM SPECIAL T26 0.8W) |
| Аударылатын есік | Иә |
| Реттелетін аяқтар | Иә |
| Түс | Ақ (стандартты) |
| Энергия класы | Көрсетілмеген |
Жиі қойылатын сұрақтар - ZRB929PW2 ZANUSSI
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы ZRB929PW2 ZANUSSI
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз тоңазытқыш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз ZRB929PW2 - ZANUSSI және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. ZRB929PW2 брендінің ZANUSSI.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ ZRB929PW2 ZANUSSI
Koel-vriescombinatie Тоңазытқыш-мүздатқыш
Пайдаланушы нұсқаулығы
Мазмұны
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар ____ 15 Бұйым сипаттамасы 18 Жұмыс жүйесі 18 Бірінші қолдану ____ 19 Күнделікті қолдану ____ 19 Пайдалы кеңестер мен нұсқаулар __ 20
Тазалау және күтім ____ 21 Ақаулықты түзету ____ 23 Техникалық сипаттама 25 Орнату ____ 25 Қоршаған орта мәселелері ____ 28
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.

Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
Құрылғыны орнатып, ең алғаш пайдаланбас бұрын, өз қауіпсіздігіңіз бен құрылғыны дұрыс қолдану мақсатында, пайдаланушыға арналған бұл нұсқаулықты, оның ішінде кеңестері мен ескертулеріне назар салып оқып шығыңыз. Осы құрылғыны пайдаланатын адамдардың барлығы, қажетсіз ақаулықтар мен тұрмыстық апаттардың алдын алу үшін, оны пайдалану тәсілдерімен және қауіпсіздікті қамтамасыз ететін функцияларымен жете таныс болуы керек. Осы қолдану туралы нұсқаулықты сақтап қойыңыз және тоңазытқышты басқа адамдарға бергеніңізде немесе сатқаныңызда, оны пайдаланатын әрбір адамның бұйымның қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін оған қатысты пайдалану және қауіпсіздік шараларынан хабардар болуы үшін нұсқаулықты да қоса беруді ұмытпаңыз.
Адам өмірі мен құрылғының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін осы пайдаланушы нұсқаулығындағы ескертулерді орындаңыз, себебі қадағалаудың жеткіліксіздігінен туған ақаулық үшін өндіруші жауапкершілік көтермейді.
Балалар мен әлсіз адамдардың қауіпсіздігі
- Бұл құрылғыны физиологиялық, сезімдік не болмаса ақыл-ой деңгейіне байланысты не пеш жұмысына қатысты тәжірибесі мен білімінің аздығына байланысты пайдалана алмайтын адамдар (балаларды қоса алғанда), пешті пайдалану туралы ерекше
нұсқауларды алмайынша не олардың қауіпсіздігіне ие адамның қадағалауынсыз пайдаланбауға тиіс. Балалар құрылғымен ойнамас үшін оларды қадағалап отыру қажет.
- Машинаның орауыштары мен қорабын балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз. Тұншығып кету қаупі бар.
- Егер құрылғыны тастасаңыз, оның ашасын розеткадан суырыңыз да, қорек сымын қиып (құрылғыға барынша тақата) балалар ішіне кіріп қамалып не электр тогының қатерлі әсеріне ұшырамас үшін есігін ағытып алып тастаңыз.
- Егер есігі магнитті тығыздағышпен жабдықталған бұл құрылғыны, есігінде не қақпағында серіппелі құлыбы бар ескі құрылғының орнына қоймақ болсаңыз, ескі құрылғыны ең алдымен оның серіппелі құлыбын жарамсыз етіп барып тастаңыз. Бұл құрылғыны бала ішіне қамалып қалатын қауіп көзіне айналудан сақтайды.
Жалпы қауіпсіздік туралы мағлұматтар

Назарыңызда болсын!
Құрылғының корпусындағы немесе кіріктірілген элементіндегі желдеткіш саңылауларды бітемей, ашық ұстаңыз.
Осы нұсқаулықта айтылғандай, бұл құрылғы әдеттегі үй жағдайларында тамақты және/немесе сусындарды сақтау үшін арналған.
- Жібіту үдерісін жылдамдату мақсатында ешқандай механикалық немесе кез келген басқа жасанды құралды пайдаланушы болмаңыз.
- Өндіруші рұқсат бермеген болса, тоңазытқыш құрылғылардың ішіне басқа электр құрылғыларды (балмұздақ жасайтын құрылғы сияқты) салып қолданушы болмаңыз.
- Салқындатқыш зат ағатын жүйеге зақым келтірмеңіз.
- Құрылғының салқындатқыш зат ағатын жүйесінде изобутан (R600а) және қоршаған ортамен сыйысымдылығы жоғары, бірақ сонда да жанғыш зат болып табылатын, табиғи газ болады. Құрылғының тасымалдау және орнату кезінде салқындатқыш зат жүйесіне зақым келтірілмейтініне көз жеткізіңіз. Салқындатқыш зат жүйесі зақымдалса:
– жалын от пен тұтату көздері болмауы тиіс
– құрылғы орналасқан бөлмені жақсылап желдетіңіз
Осы өнімді немесе оның сипаттарын өзгерту қауіпті. Кабельге зақым келсе қысқа тұйықталу, өрт шығу және/немесе ток соғу қаупі төнеді.

Назарыңызда болсын! Кез келген электрлік бөлшектерін (қуат сымы, аша, компрессор), қатерлі жағдай орын алмас үшін, куәлігі бар қызмет көрсетуші маманы немесе білікті техник маман ауыстыруға тиіс.
- Қуат кабелін ұзартуға болмайды.
- Қуат кабелі құрылғының артқы жағында мыжылып немесе зақымдалып қалмағанына көз жеткізіңіз. Мыжылған немесе зақымдалған қуат кабелі тым қызып кетіп, өрт шығуына әкелуі мүмкін.
- Құрылғының айыры қол жетерлік жерде орналасқанына көз жеткізіңіз.
- Айырды куат кабелінен ұстап тартпаңыз.
- Розетка босап кеткен болса, айырды оған қоспаңыз. Тоқ соғу немесе өрт шығу қаупі бар.
- Құрылғыны ішкі жарықтама шамының қақпағы (егер бар болса) жабылмаса іске қосуға болмайды.
- Бұл құрылғы ауыр. Оны жылжытқан кезде абай болу керек.
- Қолыңыз сулы болса, мұздатқыш бөліктен заттарды алмаңыз және оларға тимеңіз, себебі қолыңыздың терісі сыдырылып кетуі немесе қарылып қалуы мүмкін.
- Құрылғыны ұзақ уақытқа тікелей күн сәулелерінің астына қоймаңыз.
- Осы құрылғыда тек тұрмыстық құрылғыларда пайдалануға арналған арнайы шамдар (егер бар болса) ғана қолданылған. Олар үйді жарықтандыру үшін қолдануға жарамайды.
Күнделікті пайдалану
- Ыстық ыдысты құрылғы ішіндегі пластик жерлерге қоймаңыз.
- Құрылғы ішіне тұтанғыш газ бен сұйықты қоймаңыз, себебі олар жарылып кетуі мүмкін. • Тағамдарды артқы қабырғадағы ауа шығатын саңылауға қарама-қарсы қоюға болмайды. (Егер құрылғыға мұз қатпайтын болса)
- Мұздатылған тағамды жібітіп алған соң оны қайта мұздатуға болмайды.
- Алдын ала оралған тағамды мұздатылған тағам өндірушінің нұсқауларына сай сақтаңыз.
- Құрылғы өндірушінің тағам сақтауға қатысты ұсыныстарын қатаң орындау керек. Тиісті нұсқауларға қараңыз.
- Көмірқышқылдандырылған не көпіршітін сусындарды тоңазытқыш камераға қоймаңыз, себебі ыдысқа түскен қысым оның жарып, нәтижесінде құрылғыға нұқсан келуі мүмкін.
- Мұздақтарды тоңазытқыштан алған бетте пайдаланғанда аяз қарып жіберуі мүмкін.
Күтім және тазалау
- Құрылғыға қызмет көрсетуді бастамас бұрын құрылғыны өшіріп, ашаны электр желісіндегі розеткадан суырып алыңыз. • Құрылғыны металл заттармен тазаламаңыз.
- Құрылғы қырауын тазалау үшін өткір заттарды пайдаланбаңыз. Пластик қырғышты пайдаланыңыз.
- Еріген суды жинайтын табақшаны мезгіл-мезгіл тексеріп отырыңыз. Қажет болса, табақшаны тазалап отырыңыз. Табақша толып қалған жағдайда су құрылғының астыңғы жағына жиналады.
Орнату
Өте маңызды! Электр желісіне қосарда, арнайы бөлімдерде берілген нұсқауларды мұқият орындаңыз.
- Құрылғы орамын ашып, оның еш жерінің бүлінбегенін тексеріп алыңыз. Құрылғының бір жері бүлініп қалса қоспаңыз. Қандай да бір бүлінушілік орын алғанда, құрылғыны сатып алған жерге дереу хабарлаңыз. Бұндай жағдайда қорабын сақтап қойыңыз.
- Құрылғыны қоспас бұрын оның майы компрессорға ағып құйылуы үшін кем дегенде екі сағат күтіңіз.
- Құрылғы айналасында ауа жеткілікті түрде айналуға тиіс, ауа айналымы жеткіліксіз болса құрылғы қызып кетеді. Желдету жеткілікті болу үшін орнатуға қатысты нұсқауларды орындаңыз.
- Мүмкін болса, құрылғының жылы тұратын бөлшектерін (компрессор,
конденсатор) ұстап қалып не оларға қол тигізіп алып күйіп қалмас үшін тоңазытқыштың арт жағын әрқашан қабырғаға қаратып қойыңыз.
- Құрылғыны радиатор не пештердің қасына жақын орналастыруға болмайды.
- Құрылғыны орнатқан соң оның ашасының қол оңай жететін жерде болуын қамтамасыз етіңіз.
- Тек ауыз суы жүйесіне ғана қосыңыз (егер суға қосу қажет болса).
Қызмет
- Құрылғыны жөндеу үшін қажет электр жұмыстарын электр маманы не білікті адам жүзеге асыруға тиіс.
- Бұл өнімге қызмет көрсетуді тек уәкілетті қызмет көрсету орындары жүзеге асыру керек және құрылғының нағыз өз бөлшектері ғана пайдаланылуға тиіс.
Қоршаған ортаны қорғау

Бұл құрылғының салқындатқыш сұйығының құрамында да, изоляция материалдарында да озон қабатына зиян келтіретін газдар жоқ. Бұл құрылғыны тұрмыстық қалдық пен қоқыстар тасталатын жерге тастауға болмайды. Оның изоляция қабаттамасында тұтанғыш газдар бар: құрылғыны жергілікті құзырлы мекемелерден алынатын жарамды ережелерге сай тастау қажет.
Салқындатқыш құралға, әсіресе оның қызу алмастырғышқа жақын артқы бөлігіне зиян келтірмеңіз. Құрылғыда пайдаланылған бөлгішесімен белгіленген материалдар қайта өңдеуден өткізуге жарайды.

1 Жеміс тартпалары 2 Шыны сөре 3 Шыны сөре 4 Шыны сөре 5 Шыны сөре 6 Термоэлемент
Жұмыс жүйесі
Қосу
Ашаны розеткаға сұғыңыз.
Температура түймешесін сағат бағытымен бұрай отырып орташа температураға қойыңыз.
Өшіру
Құрылғыны өшіру үшін температура түймешесін "О" қалпына қойыңыз.
Температура автоматты түрде қойылады.
7 Сары май сөресі 8 Есіктің сөресі 9 Бөтелке қойылатын сөре 10 Мұздатқыш себет 11 Үлкен себет 12 Техникалық ақпарат тақтайшасы
Құрылғыны іске қосу үшін төмендегі әрекетті орындаңыз:
- Суықтықты азайту үшін температура түймешесін суықтың төменгі деңгейіне қарай бұраңыз.
- Суықтықты жоғары деңгейге қою үшін температура түймешесін суықтың максимум деңгейіне қарай бұраңыз.
i Әдетте орташа суықтықты таңдаған дұрыс.
Дегенмен, параметрді дәл тауып орнату үшін құрылғының ішіндегі температураның төмендегі жағдайларға:
• бөлме температурасына • есіктің қаншалықты жиі ашылғандығына • сақталатын тағамның мөлшеріне - құрылғы орнатылған жерге байланысты екендігін есте ұстау қажет.
Өте маңызды! Егер бөлме температурасы жоғары болса не тағам
Бірінші қолдану
Ішін тазалау
Құрылғыны ең алғаш пайдаланбас бұрын, жаңа бұйымға тән иісті арылту үшін оның іші мен ішкі керек-жарақтарын сәл нейтрал сабын салынған жылы сумен жуып, содан соң мұқият құрғатыңыз.
Күнделікті қолдану
Жаңа тағамды мұздату
Мұздатқыш камера жаңа тағамды мұздату мен тоңазыған және мұздатылған тағамдарды ұзақ уақыт сақтауға жарайды. Жаңа тағамды мұздату үшін орташа температураны өзгертудің қажеті жоқ. Дегенмен, тағамды тезірек мұздатқыңыз келсе, температура түймешесін максимум суықтыққа қою үшін жоғары параметрге қойыңыз.
Өте маңызды! Бұндай жағдайда, тоңазытқыш камерадағы температура 0°C градустан төмен түсіп кетуі мүмкін. Бұндай жағдай орын алса, температура түймешесін жылырақ параметрге әкеліп қойыңыз.
Мұздатылуға тиіс жаңа тағамды үстіңгі камераға қойыңыз.
Мұздатылған тағамды сақтайтын камера
Құрылғыны ең алғаш қолданғанда не ұзақ уақыт пайдаланбағаннан кейін қосқан кезде, камераға тамақ салмас бұрын құрылғыны ең кем дегенде 2 сағат ең
тоңазытқыш ішіне толтыра салынса және құрылғы төменгі температурада тұрса, құрылғы үздіксіз жұмыс жасап оның қабырғасына қырау тұруы мүмкін. Бұндай жағдайда түймешені жоғары температураға қойып, құрылғы мұзын қуатты көп шығындамай, өздігінен еріп кетуіне мүмкіндік беру қажет.
Өте маңызды! Жуғыш зат не жеміргіш ұнтақтарды пайдаланбаңыз, бұл құрылғының сыртқы қабатына зиян келтіреді.
жоғарғы параметрлерге қойып жұмыс істетіп алыңыз.
Өте маңызды! Кездейсоқ еріп кету, мысалы электр қуаты өшіп, ток техникалық сипаттамалар кестесіндегі "көтеру уақыты" бөлімінде берілген мәндерден де ұзақ уақыт бойы қосылмай тұрса, еріп кеткен тағамды жылдам пайдаланып не дереу пісіріп алып барып қайта тоңазыту (салқындатқан соң) қажет.
Жібіту
Мұздатылған не тоңазытылған тағамды қажетке жаратпас бұрын, осы жұмысқа арналған уақыттың шамасына қарай отырып, оны тоңазытқыш ішінде не бөлме температурасында жылытуға болады. Тағамның кіші кесектерін тоңазытқыштан алған бетте мұздаған қалпы пісіре беруге болады. Бұндай жағдайда пісіру уақыты ұзағырақ болады.
Жылжымалы сөрелер
Тоңазытқыштың қабырғасында сөрелерді қажетті қатарға орналастыруға арналған бірнеше бағыттағыш жолдар бар.

Есіктің сөрелерін орналастыру
Әр түрлі мөлшерде оралған тағамдарды орналастыру үшін есіктегі сөрелерді түрлі биіктікке қоюға болады.

Сөрелерді көрсеткі бағыты бойынша орнынан шыққанша ақырын тартыңыз да, содан соң қажетті орынға қойыңыз.
Мұздатқыш себеттер, кездейсоқ алынып қалуға немесе құлап кетуге жол бермейтін тіреуішпен жабдықталған. Оны мұздатқыштан алу үшін, себетті өзіңізге қарай тартыңыз да, шегіне жеткен кезде себеттің алдыңғы жағын жоғары көтеріп қалыңыз.
Қайта орнына қою үшін, себеттің алдыңғы жағын ақырын ғана көтеріп мұздатқышқа салыңыз. Шеткі жақтарын келтіріп салғаннан кейін, себеттерді өз орындарына қарай итеріңіз.

Қуатты үнемдеуге қатысты ақыл-кеңес
- Есікті жиі-жиі ашпаңыз не қажетті уақыттан артық уақыт ашып тұрмаңыз.
- Орта температурасы жоғары болса, температура реттегіші ең жоғарғы параметрге қойылса және тоңазытқыш ішіне тамақ толтырылып салынса, компрессор буландырғыш құралдың үстіне мұз қатырып, үздіксіз жұмыс жасауы мүмкін. Бұндай жағдай орын алса, температура реттегішін құрылғы электр қуатын үнемдей отырып өздігінен еруі үшін төменгі көрсеткішке қойыңыз.
Жаңа тағамды тоңазытуға қатысты ақыл-кеңес
Ең жақсы нәтижеге жету үшін:
- жылы не буы бұрқырап тұрған сұйық заттарды тоңазытқышқа қоймаңыз
- тағамның бетін жабыңыз не оны орап салыңыз, әсіресе ол өткір иісті болса
- тағамды ауа оның айналасында еркін айнала алатындай етіп орналастырыңыз
Тоңазытуға қатысты ақыл-кеңес
Пайдалы кеңестер:
Ет (барлық түрлері) : полиэтилен қалтаға орап көкөніс суырмасының үстіңгі жағындағы шыны сөреге қойыңыз.
Сақтық мақсатында тағамды осылайша тек бір, көп дегенде екі күн ғана сақтау керек.
Пісірілген тағамдар, суық тағамдар т.б.: бұлардың бетін жауып кез келген сөреге қоюға болады.
Жемістер мен көкөністер: бұларды мұқият тазалап арнайы сөреге (лер) салу қажет. Сарымай мен ірімшік: бұларды арнайы ауа өткізбейтін сауыттарға салып не алюминий қағазға не полиэтилен қалтаға орап, мүмкіндігінше ауа өткізбеуге тырысу қажет. Сүт бөтелкелері: бұлардың тығындарын жауып, есіктегі бөтелке қойылатын қатарға қою қажет.
Оралмаған банан, картоп, пияз бен сарымсақты тоңазытқышта ұстауға болмайды.
Төменде тоңазыту үрдісін барынша тиімді жүзеге асыру үшін бірнеше маңызды кеңестер берілген:
- 24 сағат ішінде тоңазытуға болатын ең көп тағам мөлшері техникалық ақпарат тактайшасында берілген;
- мұздату үрдісі 24 сағатқа созылады. Осы уақыт аралығында тоңазытылуға тиіс ешбір қосымша тағамды қосып салуға болмайды;
- тек аса жоғары сапалы, жаңа және мұқият тазаланған тағамдарды ғана тоңазытыңыз; • тағамды жылдам әрі толықтай мұздатып, қажетті кезде оның тек қажетті мөлшерін ғана жібіту үшін кішкене бөлшектерге бөліп дайындаңыз;
- тағамды алюминий қағазға не полиэтилен қалтаға орап, орамының ауа өткізбейтіндігіне көз жеткізіп алыңыз;
- жаңа, мұздамаған тағамды әлдеқашан мұздаған тағамға, оның температурасы көтеріле бастамас үшін тигізбеңіз;
- майы аз тағамдар майлы тағамдарға қарағанда жақсы әрі ұзақ сақталады; тұз тағамның сақталу уақытын азайтады;
- мұз текшелерін мұздатқыш камерадан алған бетте тура пайдаланса, аяз теріні қарып кетуі мүмкін;
- Тағамдарды сақтау уақытының кестесін жасау үшін, тағамның әрбір жеке орамасына оның тоңазытылған ай-күнін жазып қою ұсынылады;
Тоңазытылған тағамдарды сақтауға қатысты ақыл-кеңес
Құрылғының барынша жақсы жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін мына әрекеттерді орындау керек:
- Сатушының мұздаған қалпы сатылатын тағамдарды тиісті түрде мұздатқанына көз жеткізіңіз;
- Мұздатылған тағамдарды дүкеннен мұздатқышқа барынша аз уақыт ішінде жеткізіңіз; • егер аса қажет болмаса есігін жиі ашпаңыз немесе ұзақ уақыт ашып қалдырмаңыз;
- Мұздап тұрған тағамды жібіткеннен кейін сапасы дереу түсе бастайды және оны қайта мұздатуға болмайды;
- Тағамды өндіруші көрсеткен жарамдылық мерзімінен артық уақыт сақтамаңыз.
Күту және тазалау

Жөндеу жұмысын жүргізбес бұрын құрылғыны электр желісінен ағытыңыз.

Бұл құрылғының салқындатқыш құралында сутегілі көміртек бар;
сондықтан да, жөндеу жұмыстары мен оны қайта толтыруды тек уәкілетті маман ғана жүзеге асыруға тиіс.
Мезгілімен тазалап отыру
Құрылғыны мезгіл-мезгіл тазалап отыру қажет:
- Іші мен керек-жарақтарын аздап нейтрал сабын салынған жылы сумен тазалаңыз.
- Есік тығыздағышын мезгіл-мезгіл тазалап, кір тұрып қалмас үшін сүртіп алып отырыңыз.
• шайып мұқият құрғатыңыз.
Өте маңызды! Құрылғы ішіндегі түтікшелер және/не сымдардың ешқайсысын тартпаңыз, жылжытып не бүлдірмеңіз. Құрылғының ішін тазалау үшін жуғыш заттарды, жеміргіш ұнтақтар мен аса хош иістендірілген тазалағыш заттарды не балауыз жылтыратқыштарды пайдаланбаңыз, себебі бұндай заттар құрылғының беткі қабатын бүлдіріп, онда ерекше иіс қалдырады.
Кұрылғының артындағы конденсатор (қара гриль) мен компрессорды шөтке не шаңсорғышпен тазалаңыз. Бұлай істеу құрылғы жұмысын жақсартып, электр шығынын азайтады.
Өте маңызды! Салқындатқыш жүйеге еш нұқсан келтірмеуге тырысыңыз.
Ас үй құрылғыларының бетін тазалауға арналған көпшілік заттардың құрамында осы құрылғы үшін пайдаланылған пластиктерге зиянды әсер ететін химикаттар бар. Сондықтан да осы құрылғы корпусының сыртын, тек аздаған жуғыш зат салынған жылы сумен тазалау ұсынылады.
Тазалап болған соң құрылғыны электр желісіне қайта қосыңыз.
Тоңазытқыш мұзын жібіту
Құрылғыны қалыпты пайдалану кезінде тоңазытқыш камерасының буландырғышындағы қырау, мотор компрессоры тоқтаған сайын автоматты түрде жойылып отырады. Еріген су құрылғының артындағы, мотор компрессорының үстіндегі арнайы контейнерге түтікше арқылы жиналады да, осы жерде буға айналады. Тамақтардың үстіне су төгіліп немесе тамшыламас үшін тоңазытқыш ортасындағы каналдағы еріген суды ағызатын тесікті мезгіл-мезгіл тазалап отырған дұрыс. Арнайы берілген тазалағышты пайдаланыңыз, оны су ағызатын тесіктен таба аласыз.

Мұздатқыш сөрелері мен үстіңгі камераның айналасына белгілі бір мөлшерде қырау әрқашан жиналады. Мұздатқыш камераның қырауының қалыңдығы шамамен 3-5 мм болған кезде, оны жібітіңіз.
Қырауды кетіру үшін төмендегі нұсқауларды орындаңыз:
- электр ашасын жардағы розеткадан суырыңыз немесе құрылғыны сөндіріңіз
- ішінде тағам тұрса, оны алып, бірнеше қабат газетке ораңыз да, салқын жерге қойыңыз
• мұздатқыштың тартпаларын алыңыз
• тартпалардың айналасына жылу өткізбейтін материал қойыңыз, мысалы, жамылғылар немесе газеттер.
Мұздатқыштың мұзын ерітуді ішіне ыстық су (қайнап тұрмаған) құйылған тостағандарды қою арқылы жылдамдатуға болады.
- Ағызу арнасын бекітілген күйінен босатыңыз, оны суретте көрсетілгендей басыңыз және оған су жиналуы үшін мұздатқыштың төменгі тартпасына салыңыз
- ери бастаған кезде мұзды ақырын қырып тастаңыз. Ағаш немесе пластмасса қырғышты пайдаланыңыз
- барлық мұз еріген кезде, камераны тазалаңыз және құрғатып сүртіңіз, содан кейін ағызу арнасын өз орнына қойыңыз.

- камераны қосыңыз және мұздатылған тағамдарды қайта салыңыз.
Жеткілікті сақтау температурасына тез арада жетуі үшін құрылғыны термостатты бақылау тетігін бірнеше сағатқа ең жоғарғы күйге қойып пайдалану ұсынылады.
Ақаулықты түзету
Өте маңызды! Буландырғыштағы қырауды ешқашан өткір металл қырғышпен қырмаңыз, оны бүлдіріп алуыңыз мүмкін. Мұзды жылдам еріту үшін өндіруші ұсынған құралдардан өзге механикалық немесе басқа жасанды заттарды ешқашан қолданбаңыз.
Құрылғының мұзын еріту кезінде, оралып мұздатылған тағамдардың температурасының жоғарылауы олардың қауіпсіз сақталу мерзімін қысқартуы мүмкін.

Ақаулықтың себептерін анықтамас
бұрын құрылғыны токтан ажыратыңыз.
Осы нұсқаулықта көрсетілмеген ақаулықтардың себебін тек электр маманы немесе білікті адам ғана анықтауға тиіс.
Өте маңызды! Құрылғы қалыпты жұмыс істеп тұрған кезде біраз шуыл естіледі (компрессор, салқындатқыш сұйықтың айналуы).
| Ақаулық | Ықтимал себебі | Шешімі |
| Құрылғыдан шуыл шығады. | Құрылғы дұрыс орнықпаған. | Құрылғының орнықты тұрган-түрмағанын тексеріңіз (төрт аяғы да еденге тиіп тұруға тиіс). |
| Компрессор үздіксіз жұмыс істейді. | Температура тетігі дұрыс орнатылмаған болуы мүмкін. | Жылырақ температураға қойыңыз. |
| Есік дұрыс жабылмаған. | "Есікті жабу" тарауын қараңыз. | |
| Есік тым жиі ашылған. | Есікті қажет кезде ғана ашыңыз, үзақ ашып қоймаңыз. | |
| Тағамның температурасы тым жоғары. | Тағамды сақтардың алдында температурасын бөлме температурасына дейін азайтыңыз. | |
| Бөлме температурасы тым жоғары. | Бөлменің температурасын азайтыңыз. | |
| Су тоңазытқыштың артқы тақтасына қарай ағады. | Мұзды автоматты түрде еріту барысында еріген су артқы тақтаға ағады. | Бұл дұрыс. |
| Су тоңазытқыштың ішіне ағады. | Су ағатын түтікше бітеліп қалған. | Су ағатын түтікшені тазалаңыз. |
| Ақаулық branching | себе́бі Шешімі | |
| Тағамдар судың су жинағыш науаға кұйылуына кедергі жасайды. | Тағамдарды артқы тақтаға тигізбей орналастырыңыз. | |
| Су жерге агады. | Еріген су ағатын түтікше арқылы аққан су, компрессордың үстіндегі буландырғыш науаға акпайды. | Еріген су ағатын түтікшені буландырғыш науаға жалғаңыз. |
| Қырау, мүз тым көп қатқан. | Тағамдар дұрыс оралмаған. | Тағамдарды жақсылап ораңыз. |
| Есік дұрыс жабылмаған. | "Есікті жабу" тарауын қараңыз. | |
| Температура тетігі дұрыс | орнатылмаған болуы мүмкін. | Жоғарырақ температураға қойыңыз. |
| Құрылғының ішіндегі температура тым төмен. | Температура тетігі дұрыс орнатылмаған болуы мүмкін. | Жоғарырақ температураға қойыңыз. |
| Құрылғының ішіндегі температура тым жоғары. | Температура тетігі дұрыс орнатылмаған болуы мүмкін. | Төменірек температураға қойыңыз. |
| Есік дұрыс жабылмаған. | "Есікті жабу" тарауын қараңыз. | |
| Тағамның температурасы тым жоғары. | Тағамды сақтардың алдында температурасын бөлме температурасына дейін азайтыңыз. | |
| Бір мезгілде тым көп тағам сақталған. | Бір мезгілде сақталатын тағам мөлшерін азайтыңыз. | |
| Тоңазытқыштың ішіндегі температура тым жоғары. | Құрылғының ішінде суық ауа айналымы жоқ. | Құрылғы ішінде суық ауаның айналуын қамтамасыз етіңіз. |
| Мүздатқыштың ішіндегі температура тым жоғары. | Тағамдар бір-біріне өте жақын қойылған. | Тағамдарды суық ауа айнала алатындай етіп сақтаңыз. |
| Құрылғы жұмыс істемей түр. | Құрылғы сөндірулі. | Құрылғыны қосыңыз. |
| Қуат ашасы розеткаға дұрыс суғылмаған. | Ашаны розеткаға дұрыстан суғыңыз. | |
| Құрылғыға электр қуаты келмей түр. Розеткада тоқ жоқ. | Розеткаға басқа электр құрылғысын қосып көріңіз. Білікті электрші маманға хабарласыңыз. | |
| Шам жанбайды. | Шам күту режимінде түр. | Есікті жауып, қайта ашыңыз. |
| Шамның ақауы бар. | "Шамды ауыстыру" тарауын қараңыз. | |
Жоғарыдағы тексерулерді орындағаннан кейін де құрылғы дұрыс жұмыс істемесе, қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Шамды ауыстыру
- Құрылғыны ажыратыңыз.
- Шамның қақпағын ағыту үшін жылжымалы бөлігін басыңыз (1).
- Шамның қақпағын алыңыз (2).
- Егер шамды ауыстыру қажет болса, орнына сипаттамасы мен қуат мәні ұқсас шам салыңыз. Osram
PARATHOM SPECIAL T26 0.8 Ватт шамын пайдалануды ұсынамыз.
- Шамның қақпағын орнына қойыңыз.
- Құрылғыны іске қосыңыз.
- Есікті ашыңыз. Шамның жанатынына көз жеткізіңіз.

- Есік тығыздағыштарын тазалаңыз.
- Қажет болса, есікті реттеңіз. "Орнату" тарауын қараңыз.
- Қажет болса, зақым келген тығыздағыштарды өзгертіңіз. Қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Техникалық сипаттама
| Өлшемі | ||
| Биіктігі 1540 мм | ||
| Ені 595 мм | ||
| Терендігі 658 мм | ||
| Температураны көтеру уақыты | 20 сағ | |
| Кернеу 230-240 В | ||
| Жиілік 50 Гц |
Техникалық ақпарат құрылғының ішкі сол жағында орналасқан техникалық ақпарат
тақтайшасында және қуат мәндері берілген жапсырмада көрсетілген.
Орнату

Құрылғыны орнатпай тұрып
"Қауіпсіздік туралы ақпаратты" жеке басыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін және құрылғыны дұрыс пайдалану үшін мұқият оқып шығыңыз.
Орналастыру
Бұл құрылғыны температурасы құрылғының техникалық ақпараттар тақтайшасында көрсетілген климат санатына сай келетін жерге орналастыру қажет:
| Климат санаты | Коршаған орта температурасы |
| SN | +10°C бастап + 32°C дейін |
| N | +16°C бастап + 32°C дейін |
| ST | +16°C бастап + 38°C дейін |
| T | +16°C бастап + 43°C дейін |
Орналасуы
Құрылғыны радиаторлар, бойлерлер, тура түскен күн жарығы сияқты жылу көздерінен мүмкіндігінше алыс орнату қажет.
Құрылғының артқы жағында ауаның еркін айналып тұруын қамтамасыз етіңіз.
Құрылғы жақсы жұмыс істеуі үшін, егер құрылғы қабырғаға ілулі заттың астына қойылса, құрылғының үсті мен қабырғаға ілулі заттың арасында кем дегенде 100 мм орын қалуға тиіс. Дегенмен, ең жақсысы, құрылғыны қабырғаға ілінетін заттың астына қоймаған дұрыс. Құрылғы корпусының астындағы бір немесе бірнеше аяғын реттеу арқылы оны бір деңгейлеп орнатуға болады.

Назарыңызда болсын! Құрылғыны электр желісінен ағытатындай етіп орналастыру керек; сондықтан оны орнатқаннан кейін оның ашасы қол оңай жететін жерде тұруға тиіс.

Артқы тығыздағыштар
Құжаттар салынған қалтадан екі тығыздағышты таба аласыз.
Тығыздағыштарды орнату үшін мына қадамдарды орындаңыз:
- Бұранданы босатыңыз.
- Тығыздағышты бұранданың астына салыңыз.
- Тығыздағышты дұрыс жаққа бұраңыз.
- Бұрандаларды қатайтыңыз.

Құрылғыны орналастырған кезде оның орнықты болуын қадағалаңыз. Оны алдыңғы төменгі жағындағы реттемелі екі аяғының көмегімен орнықты етуге болады.

Электр желісіне жалғау
Электр желісіне қоспас бұрын техникалық ақпарат тақтайшасында көрсетілген кернеу мен жиіліктің үйдегі электр желісінің қуатына сай келетіндігін тексеріп алыңыз. Құрылғы жерге қосылуға тиіс. Осы мақсатта қорек сымы контактпен қатар жеткізілген. Егер үйдегі розетка жерге қосылмаған болса, білікті электр маманынан ақыл-кеңес ала отырып, құрылғыны қолданыстағы ережелерге сай жерге жекелей қосыңыз.
Жоғарыда айтылып өткен ережелер сақталмаса, өндіруші қандай да бір жауапкершілікті өз мойнына алудан бас тартады.
Бұл құрылғы Е.Е.С. ережелеріне сай келеді.
Есіктің ашылатын жағын өзгерту

Назарыңызда болсын! Қандай да бір жұмысты іске асырмас бұрын ашаны электр розеткасынан суырыңыз.
Өте маңызды! Төмендегі әрекеттерді жүзеге асыру үшін, құрылғының есіктерін мықтап ұстап тұруға көмектесетін тағы бір адамның болуын ұсынамыз.
![graph TD A["A"] --> B["B"] B --> C["C"] C --> D["D"] D --> E["E"] E --> F["F"] F --> A style A fill:#f9f,stroke:#333 style B fill:#ccf,stroke:#333 style C fill:#cfc,stroke:#333 style D fill:#fcc,stroke:#333 style E fill:#ffc,stroke:#333 style F fill:#cff,stroke:#333](/content/2026/06/1159264/images/8749bbaf51104f29003e83956310cd918c6df41d6e03352c0d105d498d4b1e9d.jpg)
- Есіктерді ашыңыз. Ортаңғы топсаны (В) ағытып алыңыз. Пластмасса аралық шектегішті (А) алыңыз.
• Аралық шектегішті (F) алыңыз да, топса өзегінің (E) екінші жағына ауыстырыңыз.
- Есіктерді алыңыз.
- Ортаңғы топсаның (C,D) сол жақ қақпақ істікшесін алыңыз да, екінші жағына ауыстырыңыз.
• Ортаңғы топсаның істікшесін (С) астыңғы есіктің сол жақ тесігіне салыңыз.
![graph TD A["A"] --> B["B"] B --> C["C"] C --> D["D"] D --> A style A fill:#f9f,stroke:#333 style B fill:#ccf,stroke:#333 style C fill:#cfc,stroke:#333 style D fill:#fcc,stroke:#333](/content/2026/06/1159264/images/530147c6bffabd209c72b9a358b6e103f57c8bda18ee69b4f83da3fd58445444.jpg)
• Астыңғы топсаны (А) ағытыңыз
- Сол жақ қақпақ істікшесін (D) алыңыз да, екінші жағына ауыстырыңыз.
- Астыңғы топсаны (А) қарама-қарсы жаққа орнатыңыз.
- Астыңғы топса өзегін (В) және аралық шектегішті (С) бұрап алыңыз да, қарсы жағына салыңыз.

- Екі өсіктің де үстіңгі жақтарындағы тығындарды (1) алып, екінші жағына қойыңыз.
- Астыңғы есікті төменгі топса білікшесіне қайта кіргізіңіз.
- Ортаңғы топсаны астыңғы есіктің сол жақ бұрғыламасына салыңыз.

- Үстіңгі топса білікшесін босатып алып, оны қарама-қарсы жаққа бекітіңіз. - Үстіңгі есікті үстіңгі топса білікшесіне орналастырыңыз. - Екі есікті де сәл еңкейтіп тұрып, үстіңгі есікті ортаңғы топсаның білікшесіне қайта кіргізіңіз. - Ортаңғы топсаны қайта бекітіңіз. Пластик аралық шектегішті ұмытпаңыз.
Ең соңында төмендегілерді тексеріңіз:
- Барлық бұрандалардың қатайтып бұралғанын.
- Есіктердің жиектерінің құрылғының бүйір жиегімен қатарлас келетіндігін тексеріңіз.
- Магнитті тығыздауыштың қаптамаға жабысқанын. - Есіктің дұрыс ашылып-жабылатынын. Егер бөлме температурасы салқын болса (мысалы, қыста), тығыздағыш қаптамаға дұрыс келмеуі мүмкін. Мұндай жағдайда тығыздағыш өздігінен дәл келгенше күтіңіз.
Егер жоғарыда аталған жұмысты атқарғыңыз келмесе, жақын жерде орналасқан қызмет көрсету орталығына
Қоршаған орта мәселелері
Бұйымдағы немесе бұйым қорапшасындағы 🚗 белгісі осы бұйым кәдімгі үй қалдығы емес екенін көрсетіп білдіреді. Сондықтан оны ескі электр және электроникалық бұйымдарды жинап утилизация үшін арнайы контейнерлерге салуыңыз керек. Осы бұйымды дұрыс түрде утилизация арқылы Сіз қоршаған орта менен адам денсаулығына түсіп
хабарласыңыз. Қызмет көрсету орталығының маманы есіктің орнын төлемақыға ауыстырып береді.
пайда бола алатын зиянын болдыртпауың үшін үлес қоса аласыз; осы зиян бұл бұйымды дұрыс емес қолданғанда пайда болуы мүмкін. Осы бұйымның утилизациясы туралы көбірек білуіңіз үшін жергілікті әкімшілігіңізбен, қалдықтарды жинап әкететін мекемеңізбен немесе осы бұйымды Өзіңізге сатқан дүкенімен хабарласыңыз.
