HOTPOINT ARISTON PC 604 (WH)HA - плита

PC 604 (WH)HA - плита HOTPOINT ARISTON - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз PC 604 (WH)HA HOTPOINT ARISTON PDF форматында.

📄 44 бет PDF ⬇️ Қазақша KK 💬 ЖИ сұрағы 🖨️ Басып шығару
Notice HOTPOINT ARISTON PC 604 (WH)HA - page 39
Нұсқаулықты қарау : Français FR Deutsch DE English EN Español ES Italiano IT Қазақша KK Nederlands NL Português PT Русский RU
Нұсқаулық көмекшісі
ChatGPT арқылы жұмыс істейді
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : HOTPOINT ARISTON

Модель : PC 604 (WH)HA

Санат : плита

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз плита PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз PC 604 (WH)HA - HOTPOINT ARISTON және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. PC 604 (WH)HA брендінің HOTPOINT ARISTON.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ PC 604 (WH)HA HOTPOINT ARISTON

Пайдалану нұсқаулығы

ЕСКЕРТУ: Құрылғы мен оның қол жететін бөліктері жұмыс кезінде қызуы

Қыздыру элементтеріне тимеуге назар

8-ге толмаған балаларға үздіксіз бақылау болмаса, құрылғыдан аулақ ұстау керек. Бұл құрылғыны қауіпсіз түрде қолдану бойынша кеңес не нұсқау берілген және ықтимал қауіп-қатерлерді түсінетін жағдайда, оны 8-ге толған балалар мен дене, сезіну немесе ой қабілеті төмен немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдар қолдана алады. Балаларға құрылғымен ойнауға болмайды. Балаларға бақылаусыз құрылғыны тазалауға және оған қызмет көрсетуге болмайды. ЕСКЕРТУ: Плитада майға тамақ пісірген кезде бақылап тұрмау қауіпті болуы және өрт шығуға әкелуі мүмкін. Өртті ЕШҚАШАН сумен өшіруші болмаңыз, оның орнына құрылғыны өшіріп, жалынды жабыңыз, мысалы қақпақпен немесе өртенбейтін

ЕСКЕРТУ: Өрт қаупі бар: пісіру беттерінде заттарды сақтамаңыз. Автоматты түрде тазарту кезінде құрылғының беті ыстық болатындықтан балаларды одан алыс жерде ұстаңыз. Құрылғы сыртқы таймермен немесе бөлек қашықтан басқару жүйесімен басқарылуға арналмаған.8 Assistenza Comunicare:

  • құрылғының моделі (Мод.).
  • сериялық нөмірі (С/н). Бұл ақпарат құрылғыда орнатылған деректеме кестесінде немесе орамадан табылуы мүмкін.10 Descrizione dell’apparecchio Vista d’insieme 1 PIASTRA ELETTRICA 2 Spia FUNZIONAMENTO PIASTRA ELETTRICA 3 Manopole di comando delle PIASTRE ELETTRICHE

1 ЭЛЕКТР КОНФОРКА 2 Электр КОНФОРКАНЫҢ ИНДИКАТОР ШАМЫ 3 ЛЕКТР КОНФОРКАЛАРДЫҢ басқару тұтқалары

  • ЭЛЕКТР КОНФОРКАЛАР әртүрлі диаметрге ие болуы және әртүрлі қуат деңгейлерінде жұмыс істеуі мүмкін. Осы қуат деңгейлері "қалыпты" немесе "жылдам" болуы мүмкін ("жылдам" деңгейді басқаларынан конфорканың ортасындағы қызыл дөңгелекпен айыруға болады).
  • ЭЛЕКТР КОНФОРКАНЫҢ ИНДИКАТОР ШАМЫ таңдау тұтқасы "өшірулі" позициядан бұрылған кезде
  • ЭЛЕКТР КОНФОРКАЛАРЫН басқару тұтқалары қуатты реттейді.IT

! Жаңа құрылғыны іске қоспас бұрын нұсқаулық кітапшасын мұқият оқып шығыңыз. Мұнда құрылғыны қауіпсіз қолдану, орнату және оны күту туралы маңызды ақпараттар қамтылған.! Келешекте анықтама ретінде қарау үшін пайдалану нұсқаулығын сақтап қойыңыз. Оны құрылғының кез келген жаңа иесіне беріңіз. Орналастыру ! Орау материалдарын балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз. Тыныс тарылу немесе тұншығып қалу қаупін туғызуы мүмкін ("Сақтандырулар мен кеңестер" бөлімін қараңыз).! Құрылғыны нұсқауларға сәйкес арнайы біліктілігі бар маман орнатуға тиіс. Құрылғы дұрыс орнатылмаған жағдайда, адамдар мен жануарлар өміріне қауіп төндіруі немесе мүлікті зақымдауы мүмкін.Құрылғыны орнатуАс үй плитасы биіктігі пісіру панелінің деңгейінен аспайтын жиһаздың жанында орнатылуы мүмкін. Плитаны орнатқан кезде төмендегі сақтық шаралар орындалуы тиіс:• Құрылғы маңында тұрған және плитаның үстіңгі жағына қарағанда биік ас үйі шкафтары плитаның шетінен кем дегенде 600 мм-ге алыс орналасуы тиіс.• Қалқалар тиісті орнату нұсқаулықтарына сәйкес және плитадан кем дегенде 650 мм ара қашықтықта орнатылуы тиіс (суретті қараңыз).• Қалқаның маңында тұратын қабырғаға ілінетін шкафтар плитадан кем дегенде 420 мм биіктікте орналастырылуы тиіс (суретті қараңыз).Плита қабырғаға ілінетін шкафтың астында орнатылатын болса, сол шкаф плитадан кем дегенде 700 мм ара қашықтықта орналасуы тиіс .• Орнату қуысы суретте көрсетілген өлшемдерге ие болуы тиіс. Үстінің қалыңдығы 20 мен 40 мм арасындағы шкафтарға плитаны орнатуға мүмкіндік беретін бекіту ілмектері қамтамасыз етілген. Плита шкаф үстіне мықтап бекітілгеніне көз жеткізу үшін барлық ілмектерді пайдалану керек. 555 мм 55 мм 475 мм 600 мм мин.420 мм мин.650 мм мин.Ілмекті бекіту сызбасы

Ілмек орны шкаф Ілмек орны шкафүстінің қалыңдығы үстінің қалыңдығыH=20мм үшін H=30мм үшін Алды

Ілмек орны Артыүстінің қалыңдығыH=40 мм үшін ! «Керек-жарақтар» орамасындағы ілмектерді қолданыңыз.• Плита ендірілген пеш үстіне орнатылмаған жағдайда, оқшаулау үшін ағаш тақтаны орнату қажет. Оны плитаның астыңғы жағынан кем дегенде 20 мм ара қашықтықта орналастыру керек.ЖелдетуТиісті желдетудің орнатылғанын тексеру үшін шкафтың артқы қабырғасын алып тастау қажет. Пешті екі ағаш тақтайға немесе кемінде 45 x 560 мм ашық тұрған тегіс жерде орналастыру ұсынылады (сызбаны қараңыз). 560 мм. 45 мм. Егер пісіру панелі ешқандай салқындататын желдеткіші жоқ қосымша берілген духовка шкафының үстіне орналастырылса ішкі асүй элементінің ішін тиісті түрде желдету үшін арнайы ауа айналымын реттеу үшін тесік жасау керек (Сызбаны қара). 60 см

Электр қуатына қосу Пісіру панелдері желілік электр кабельдерімен жабдықталмаған, өйткені соңғысы электрге қосылуына байланысты есептелуі керек (жалғау кестесін қара). Кабельді жалғау үшін келесі операцияларды жасаңыз:

  • «V» болтын ашыңыз және қақпақты электр қорабын ашу мақсатында көтеріңіз (кестені қара)
  • Өткізгіштерді суретке сәйкес жалғаңыз.
  • Кабельді ұстағыш «F» қысқышына бекітіп, қақпақты «V» болтының көмегімен жабыңыз және бұраңыз (суретті қара).

380-400V 3N~H05RR-F 5x1.5 CEI-UNEL 35363380-400V 2N~H05RR-F 4x1.5 CEI-UNEL 35363220-230V 1N~ H05RR-F 3x2.5 CEI-UNEL 35363 Бұйымның желі шнурын электр өткізгіші желісіне жалғау Электр қуаты кабеліне бұйымның паспорттық кестесінде көрсетілген жүктемеге есептелген, нормаланған штепсельдік вилканы орнатыңыз. Электр қуаты желісіне тікелей қосқан жағдайда, асүй пеші және желі арасында байланыс арасы 3 мм минималдық арақашықтықтағы мультиполярлі қосқышты орнату қажет, ол осы жүктеме есептелуі және қолданыстағы нормативтерге сәйкес болуы керек (ажыратқыш жерге тұйықтау сымына жанаспауы тиіс). Желі шнуры оның ешбір нүктесі жай температурасынан 50°С аспайтындай температурада болатындай жерде орналасуы керек. ! Электромонтер бұйымның тоқ көзіне дұрыс жалғануына және қауіпсіздік ережелерінің сақталуына жауапкершілік

Бұйымды электр тоғына қосар алдында мыналарды тексеріп алыңыз:

  • Розетка жерге тұйықталып, нормативтерге сәйкес жалғануы керек
  • Желі розеткасы бұйымның паспортына көрсетілген максималдық қуат қабылдау күшіне есептелуі тиіс;
  • Желідегі тоқтың кернеуі мен жиілігі бұйымның электр мәліметтеріне сәйкес болуы керек;
  • Желілік розетка бұйымның штепсельді вилкасына сәйкес келуі керек. Кері жағдайда, розетканы немесе вилканы ауыстырыңыз; тоқ ұзартқыштар мен көп көзді тоқ көздерін қолданбаңыздар. ! Бұйым желі шнуры мен желі розеткасы қолжетімді жерде тұратындай болып орналасуы керек. ! Бұйымның желі шнуры майысуына немесе бүктеліп тұруына болмайды. ! Күн сайын желі шнурын тексеріп тұрыңыз және қажет болған жағдайда оны тек уәкілетті техник мамандарға ғана ауыстыртыңыз (Техникалық қызмет көрсетуді қара). ! Өндіруші жоғарыда аталған ережелер сақталмаған жағдайда барлық жауапкершіліктен босатылады. Техникалық сипаттамасының кестесіЭлектрге жалғануы:кернеу 220-230V/380-400V~ 3N50/60Hz (ақпараттық кестеге қара)Максималдық тұтынатын қуат 5600WБұл бұйым келесі ЕуропалықҚауымдастық Директивасына сəйкес өндірілген - 12/12/06 жылғы 2006/95/CEE (төмен кернеу) жəне оның келесі өзгерістері - 15/12/04 жылғы 2004/108/CEE (электромагниттік сəйкестігі), оның келесі өзгерістері- 22/07/93жылғы 93/68/CEE , оның келесі өзгерістері- 2012/19/CEE жəне оның келесі өзгерістері. Қосу және пайдалану ! Электр конфоркаларының орналасуы әр тұтқада көрсетілген жағдайға сәйкес келеді. Электр конфоркалар Реттеу тиісті тұтқаларды сағат тіліне қарсы 6 түрлі күйге бұрау арқылы жүргізіледі: Параметр Қалыпты немесе жылдам конфорка

! "Пайдалану бойынша кеңестер" параграфынан тұтқаларда көрсетілген позициялар мен электр конфоркаларын пайдалану бойынша нұсқаулық арасындағы ұқсастықты көре аласыздар. Электр конфоркаларын пайдалану бойынша қарапайым кеңестер Жылудың дисперсиясын және конфоркалардың бұзылуын болдырмас үшін конфорка диаметрінен кіші болмайтын диаметрлі, табаны тегіс ыдыс пайдаланыңыз.41

Кəдімгі жəне жылдам конфорка

көкөністер мен балық əзірлеу Картопты буға пісіру, сорпа, фасоль дайындау Үлкен көлемдегі тағамдарды əзірлеу жəне ұстау Қуыру (орташа) Қуыру (қаттырақ) Қытырлақ болғанша қуыру, қайнағанша ! Электр конфоркаларын алғаш пайдаланғанда оларды максималдық температурада, ешқандай ыдыс қоймай, шамамен 4 минуттай қыздырып алу керек. Осы процестің бастапқы операциясында қорғаныс жамылғысы қаттыланып, максималдық беріктікке жетеді. Сақтандырулар мен кеңестер ! ! бұйым қауіпсіздік бойынша халықаралық нормативтерге сәйкес жоспарланған және дайындалған. Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін құрастырылған осы сақтандыруды аса мұқият оқыңыз. Қауіпсіздікке қойылатын жалпы

  • Бұл құрылғы 3 класқа жататын қосалқы тұрмыстық электр құрылғысы болып табылады.
  • Басқару бұйымның паспорттық кестесінде және нұсқамасында келтірілген елдерге ғана жарамды болып табылады.
  • Бұл бұйым үй шарттарында кәсіби емес тұрғыда пайдалануға арналған.
  • Бұйымды көшеге, бастырма астында орнатуға тыйым салынады, өйткені оған жаңбыр және нажағайдың әсері өте қауіпті болып саналады.
  • Бұйымға су қолмен, жалаңаяқ немесе дымқыл аяқпен жақындамаңыз.
  • Бұйым тағамдық өнімдерді дайындауға арналған, оны осы техникалық нұсқаулықта көрсетілген ережелерге сәйкес тек ересек адамдар ғана пайдалана алады.
  • Басқа тұрмыстық электрожабдықтардың электр қуаты өткізгіштерімен, бұйымның ыстық бөліктерімен жақын байланысқа түспеңіз.
  • Желдеткіш торларды және ыстықты басатын тесіктерді жаппаңыз.
  • Бұйым пайдаланылмағанда, тұтқалары “●”/“○” жағдайында болуын ылғи тексеріңіз.
  • Бұйымның вилкасын тоқ көзінен суыру үшін желі шнурынан тартпаңыз, вилканың өзінен ұстап суырыңыз.
  • Бұйымның тазалау немесе техникалық жұмыстар жасау үшін штепсельді вилканы тоқ көзінен суырыңыз.
  • Жөнделмейтін жағдайда, бұйымның ішкі мехнанизмдерін өз бетінше жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін ашуға тыйым салынады. Техникалық қызмет көрсету орталықтарына хабарласыңыздар (Техникалық қызмет көрсетуді қара).
  • Духовка шкафының ашық тұрған есігіне ауыр заттарды қоймаңыз.
  • Пісіру панеліндегі кастрөл тұтқалары сіздің байқаусызда қолыңыз тиіп кетпейтіндей болып тұруын қадағалаңыз.
  • Егер газ және электр конфоркалары ыстық болып тұрса, пісіру панелінің шыны қақпағын (егер ол болса)
  • Ыстыққа шыдамсыз ыдысты пайдаланбаңыз.
  • Орайтын заттарды жою: орайтын заттарды қайта өңдеу бойынша жергілікті нормативтерді сақтаңыз.
  • Электронды және электрлі электрожабдықтарын қайта өңдеу бойынша 2012/19СЕ Еуропалық Директивке сәйкес электрожабдықтар кәдімгі қала қоқысымен бірге лақтырылмауы керек. Пайдалануға жарамсыз заттар оларды құрайтын материалдарды қайта өңдейді және рекуперациялауды оңтайландыру, сонымен қатар қоршаған ортаның және денсаулық қауіпсіздігі үшін бөлек жиналуы керек. Барлық жабдықтардағы қоқыс себетін өшірген белгі, олардың бөлек қайта өңделетіндігін көрсететін белгі. Тұрмыстық электрожабдықтарын дұрыс қайта өңдеу туралы нақты ақпаратты алу үшін тұтынушылар арнайы мемлекеттік ұйымдарға немесе дүкенге хабарласуы керек. Барлық тұрмыстық электр бұйымдарын жетекші өндірушілер ескі электр бұйымдарын жинау және қайта өңдеу бойынша жүйе жасау және басқару бойынша көмек береді. Жөндеу және күтім Құрылғыны өшіру Кез келген бір жұмысты бастамастан бұрын құрылғыны тоқтан ажыратыңыз. Құрылғыны тазалау ! Дақ кетіргіштер, тат кетіргіштер, ұнтақ тазартқыш заттар немесе қырғыш беттері бар губкалар сияқты қырғыш немесе таттандыратын тазартқыш заттарды пайдаланбаңыз. олар құрылғы беттерін біржола сызып тастауы мүмкін. ! Құрылғыны ешқашан бу тазартқышымен немесе шаңсорғышпен тазаламаңыз.
  • Әдетте, плитаны дымқыл губкамен жуып, сорғыш ас үй сүлгісімен құрғату жеткілікті.
  • Электр конфоркаларды дымқыл шүберекпен тазалау және әлі жылы болған кезде біраз маймен майлау
  • Тот баспайтын болатқа оның бетінде ұзақ уақыт тұрған қаттылығы жоғары су немесе құрамында фосфор бар күшті тазартқыш заттар дақ түсіруі мүмкін. Тазалағаннан кейін қалған су тамшыларын сүртіп алыңыз.42 KZ43 KZ44