DK63MCLB - Ас үй желдеткіші GORENJE - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз DK63MCLB GORENJE PDF форматында.

📄 96 бет Қазақша KK 💬 ЖИ сұрағы
Notice GORENJE DK63MCLB - page 83
Нұсқаулық көмекшісі
ChatGPT арқылы жұмыс істейді
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : GORENJE

Модель : DK63MCLB

Санат : Ас үй желдеткіші

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Ас үй желдеткіші PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз DK63MCLB - GORENJE және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. DK63MCLB брендінің GORENJE.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ DK63MCLB GORENJE

Kui valgustus ei hakka tööle, kontrollige enne tehnoabi kutsumist, kas pirn on korralikult pesas. KZ— Жинақтау және пайдалану жөніндегі құралы Осы құралдың нұсқауларын ұстаныңыз! Осы құралдың нұсқауларын ұстанбау салдарынан туындаған ақаулықтар, шығын немесе аспаптың тұтануына өндіруші жауапкершщілікті алып жүрмейді. Аспап үй жағдайында пайдалануға арналған. Аспапта осы құралдың суретінде көрсетілген аспаптың дизайнынынан айырмашылығы болуы мүмкін, сонымен қатар пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жинақтау жөніндегі нұсқаулары сол қалпында қалады. Осы құралды аспапқа жақын ұстаңыздар. Міндетті түрде нұсқаулықты және басқа да қоса берілген құжаттаманы сақатңыз. Аспапты жаңа иеленушіге беру барысында осы құжаттарды да беруді ұмытпаңыз. Құралды мұқият оқып шығыңыз: онда жинақтау, пайдалану және қауіпсіздік жөніндегі маңызды ақпарат бар. Осы аспаптың құрылымына, электр схемасына және жұмыспен өтелген ауаны бөлу жүйесіне кез келген өзгерістер енгізуге тыйым Ескертпе: Мына «(*)» жұлдызшамен белгіленген керек-жарақтары кейбір модельдерге немесе аспаптың толық емес құрастырылуы жағдайында тапсырыспен жеткізіледі. Назар аударыңыз! НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Жинақтау толық аяқталмағанша, аспапты электр желісіне қоспаңыздар. Тазарту және кез келген басқа да жұмыстар алдында аспаптың жалғама кабелі розеткадан суырылғанына немесе электр желісінің жалпы сөндіргіші өшірілгеніне көз жеткізіңіздер. Жинақтау және қызмет көрсету бойынша кез келген операцияларды орындау барысында жұмыс саусақ қолғабын қиіңіз. Аспапты, шектеулі физикалық, қимылдатқыш және психикалық қабілеттері бар адамдардың, сондай-ақ оны пайдалану үшін жеткілікті тәжірибесі немесе білімі жоқ адамдардың және балалардың пайдалануы олардың қауіпсіздігіне жауап беретін адамдардың қадағалауымен немесе осы тұлғалармен аспапты пайдалануға оқытылса ғана рұқсат етіледі. Балалар аспаппен ойнамауы үшін оларды қадағалауда ұстаңыздар. Егер тор дұрыс емес орнатылса, аспапты пайдаланбаңыздар! Сүзгіні сүйеніш жазықтығы ретінде пайдалануға қатаң тыйым салынады, егер бұл жеке сөз етілмесе. Бір уақытта сүзгіні және электр көздерінен жұмыс істемейтін аспаптарды пайдалану барысында жай ішінің жеткілікті желдетуін қамтамасыз ету қажет. Жинақталған ауаны электр көздерінен жұмыс істемейтін аспаптардан желдеткіш каналдары арқылы өткізуге болмайды. Сүзгінің астында ашық отта дайындауға (фламбирлеуге) қатаң тыйым салынады, себебі бұл фильтрлердің ақаулануына және тұтануына алып келуі мүмкін. Тағамды қадағалаусыз қуыруға тыйым салынады: ыдыстағы май қызып кетіп, тұтануы мүмкін. Бір уақытта сүзгіні және ас әзірлеуге арналған аспапты пайдалану барысында сүзгінің қолжетімді бөлшектері қатты қызуы мүмкін. Сүзгіні өткізу режимінде пайдалану барысында жұмыспен өтелген ауаны өткізу саласындағы қолданыстағы жергілікті нормалары мен биліктің тиісті өкімдерін ұстану туралы есте сақтау керек. Аспаптың ішкі және сыртқы беттерін жиі тазартып тұрыңыздар (осы құралдың қызмет көрсету жөніндегі нұсқауларын ұстана отырып, айына бір реттен кем емес). Аспапты тазарту және фильтрді тазарту мен ауыстыру жөніндегі нұсқауды ұстанбау тұтанудың себебі болуы мүмкін. Электр тогы соғу тәуекелімен байланысты дұрыс емес орнатылған лампочкалары бар сүзгіні пайдалануға және қалдырып кетуге тыйым салынады. Осы құралдың нұсқауларын ұстамау салдарынан туындаған аспаптың ақаулануы, шығыны және тұтануына өндіруші жауапкершілікті алып жүрмейді. Осы аспап Электр және электрондық жабдықтардан шыққан қалдықтармен жұмыс істеу бойынша 2002/96/ЕС Еуропалық директивасына сәйкес маркаланған (WEEE). Бұйымды пайдаға асыру ережелерін ұстана отырып, сіз осы сияқты қалдықтармен лайықсыз жұмыс істеу салдарынан ықтимал, қоршаған орта және адамдардың денсаулығына шығын келтірудің алдын алуға көмектесесіз. Бұйымдағы немесе оның орауындағы символы оны тұрмыстық қалдық ретінде пайдаға асыруға жатпайтынын көрсетеді. Бұйымды одан әрі пайдаға асыру үшін электр және электрондық жабдықтарын қабылдаудың тиісті пунктіне тапсыру керек. Бұйымды пайдаға асыру туралы неғұрлым толығырақ ақпарат алу үшін жергілікті билікке, қалдықтарды шығарып тастау және пайдаға асыру қызметіне немесе сіз бұйымды сатып алған дүкенге өтініш жасауларыңызды сұраймыз.

Сүзгі ауаны өткізу немесе рециркуляция режимінде жұмыс істей алады. Моторы жоқ модельдері тек ауаны өткізу режимінде жұмыс істейді және сыртқы моторға (жеткізу жиынтығына кірмейді) қосылулары керек. Іске қосу жөніндегі нұсқаулығы сыртқы моторымен бірге жиынтықта жеткізіледі. Ауаны өткізу режимінде жұмыс істеу Өткізу режимінде ластанған ауа жайдан сүзгінің жоғарғы жағында ауа өткізгіштің тесігіне бекітілетін арнайы сүзгі шлангысы арқылы өткізіледі. Назар аударыңыз! Сүзгі шлангысы жиынтыққа кірмейді және жеке сатып алынады. Шланг диаметрі ауа өткізгіш тесігінің диаметріне сәйкес келуі керек. Көлденең төсеу барысында шланг жайдан жұмыспен өтелген ауаны кедергісіз өткізуі үшін 10° жоғары еңістікте төселуі керек. Назар аударыңыз! Егер көмір фильтрі орнатылған болса, оны шешіп алыңыз. Қабырғадағы өткізгіш тесікке сүзгіні қосу барысында жалғастырғыш тетікті (тесіктің диаметрі бойынша) пайдаланыңыз. Шлангының және қабырғадағы өткізгіш тесігінің кішкентай диаметрі ауаны өткізудің тиімділігін төмендетеді және сүзгінің жұмыс істеу барысындағы шу деңгейін елеулі жоғарылатады. Бұл жағдайда өндіруші жауапкершлікті алып жүрмейді.

Сүзгі шлангысының минимальді ұзындығын ұстаныңыз. Төселген сүзгі шлангысында неғұрлым аз бүктесін болуы керек (бүктесіннің максимальді бұрышы 90°). Өткізу тесігінің диаметрін елеулі азайтпауға тырысыңыз. Сүзгі шлангысының ішкі беті максимальді тегіс болуы керек. Сүзгі шлангысы сертификатталған материалдардан әзірленуі керек. Рециркуляция режимінде жұмыс істеу Рециркуляция режимінде дүкеннен немесе сервистік орталығынан сатып алуға болатын көмір фильтрі орнатылуы керек. Фильтр май бөлшектері мен иістерді ұстап қалады да, жайға жоғарғы тор арқылы тазартылған ауаны қайтарады.

Сүзгінің төменгі шеті мен электр пісіру бетінің арасындағы минимальді арақашықтығы — 50 сантиметр, сүзгінің төменгі шеті мен газ/аралас пісіру бетінің ыдысқа арналған тордың жоғарғы шеті арасындағы минимальді арақашықтығы — 65сантиметр. Егер газ плитасын/панелін орнату жөніндегі нұсқаулықта көбірек арақашықтығы көрсетілсе, соны ескеріңіз. Электрэеліге қосу Іске қосу алдында аспап ішіндегі зауыт кестесінде көрсетілген кернеуі желідегі нақты кернеуге сәйкес келетінін тексеріп алу қажет. Егер сүзгі айырмен жабдықталса, айырды қолданыстағы ережелерге сәйкес орнатылған және қолжетімді жерде орналасқан розеткаға салыңыз. Іске қосуы жинақтау аяқталғаннан кейін жүргізіледі. Егер сүзгі айырмен жабдықталмаса немесе розетка қолжетімді емес жерде орналасса, аспапты орнату жөнінідегі нұсқаулығына сәйкес ІІІсанатты кернеу туындауы барысында желідегі толық ажыратуды қамтамасыз ететін қосполюсті ауыстырып қосқышына қосыңыз. Назар аударыңыз! Сүзгіні электржелісіне қосу және түзу жұмысын тексеру алдында жалғамалы кабелі дұрыс қосылғанына көз жеткізіңіз. Сүзгі тиісті кабелімен бірге жиынтықта жеткізіледі. Егер кабель ақауланған болса, ауыстыру үшін авторластырылған сервистік орталығына өтініш жасаңыз.

Сүзгіні қабырғалардың әртүрлі түріне және төбеге бекіту үшін дюбельдер қоса беріледі. Жинақтау алдында білікті маман қабырға/төбе беттерінің сәйкестігін тексеруі керек. Қабырға/төбе аспаптың салмағын көтеруі үшін жеткілікті мықты болуы керек Сүзгіні қабырғаға сұйық шеге, силикон және т.б. осы сияқтылар көмегімен бекітпеңіздер. Аспап тек беттерге жинақтау үшін арналған. Жұмыс істеуі Жоғары жылдамдықты ас бөлмеде түтін мен иістің жоғары шоғырлануы болған жағдайында іске қосыңыз. Сүзгіні тағам даярлауды бастағанға дейін 5 минут бұрын іске қосу, даярлау кезінде оны жұмыс істеп тұратын етіп және даярлау аяқталғаннан кейін шамамен 15 минутқа қалдыру ұсынылады.

Моторды іске қосу/сөндіру / жылдамдықты ауыстырып қосу Егер сүзгінің жұмыс істеп тұру кезінде ауыстырып қосқышты 0 қалпына орнатса, сүзгі сөніп қалады. Егер ауыстырып қосқышты 0 қалпынан 1 қалпына ауыстырса, сүзгі 1-ші жылдамдыққа іске қосылады. Сүзгінің жұмыс істеу жылдамдығын ұлғайту үшін ауыстырып қосқышты одан әрі сағат тілі бойынша бұраңыз. 1-жылдамдық: 1 2-жылдамдық: 2 3-жылдамдық: 3 4-жылдамдық: 4

Жарық түсіруді іске қосу/сөндіру Қызмет көрсету НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Тазарту және кез келген басқа да жұмыстар алдында аспаптың жалғама кабелі розеткадан суырылғанына немесе электр желісінің жалпы сөндіргіші өшірілгеніне көз жеткізіңіздер.