ZHC92341XA - Ас үй желдеткіші ZANUSSI - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз ZHC92341XA ZANUSSI PDF форматында.
| Өнім түрі | Ас үй сорғышы |
| Бренд | ZANUSSI |
| Модель | ZHC92341XA |
| Қуат кернеуі | 220-240 В (тегістелгіште тексеру керек) |
| Сору қуаты | 3 жылдамдық: ең төменгі, орташа, ең жоғары |
| Жарықтандыру | Галоген шамдары 12В - 20W макс - G4 |
| Майға қарсы сүзгі | Қолмен немесе ыдыс жуғыш машинада (жұмсақ цикл) жууға болады, ай сайын тазалау |
| Белсенді көмір сүзгісі | 20 LONG LIFE түрі жууға болады (2 ай сайын) немесе 15 түрі жууға болмайды (ең көбі 4 ай сайын ауыстыру) |
| Қауіпсіздіктің ең аз қашықтығы | 50 см (электр плиталары), 65 см (газ немесе аралас) |
| Пайдалану режимдері | Сорғыш (сыртқы шығару) немесе сүзгіш (ішкі айналым) |
| Сыртқы тазалау | Ылғал шүберек және бейтарап сұйық жуғыш зат, спирт жоқ |
| Қауіпсіздік ережелері | Қызмет көрсетер алдында ажыратыңыз; торсыз пайдаланбаңыз; сорғыш астында жалындатпаңыз |
| Қоршаған ортаны қорғау | Жергілікті нұсқаулар бойынша қайта өңдеу (сызылған қоқыс жәшігі белгісі) |
| Қолдану мақсаты | Тек тұрмыстық |
Жиі қойылатын сұрақтар - ZHC92341XA ZANUSSI
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы ZHC92341XA ZANUSSI
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Ас үй желдеткіші PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз ZHC92341XA - ZANUSSI және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. ZHC92341XA брендінің ZANUSSI.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ ZHC92341XA ZANUSSI
Дайындаушы аспапты пайдалану барысында бұл нұсқауда белгіленген қолдану шарттарын сақтамағанның кесірінен болған олқылық өрт пен зақым үшін жауап бермейді. Сорғыш тек қана үйде пайдалануға болатындай етіп жобаланған.
ЕСКЕРТУ! Аспапты қондыру операциясы толық аяқталмағанша электр желісіне қоспаңыз! Тазалау мен күту операциясына кіріспестен бұрын вилканы шығарып немесе электр желісінің ортақ ажыратқышынан суырып сорғышты желіден ажыратыңыз.
Барлық тазалау мен күту операциясын істеу барысында жұмыс қолғабын киіңіз!
Балалар мен ақыл есі кем адамдарға немесе жеткілікті білмейтін, тәжірибесі жоқ адамдарға, егер бақылаусыз болса, немесе егер олардың қауіпсіздігіне жауапты адам жағынан аспапты қолдану үйретілмесе бұл аспаппен қолдану жарамайды. Аспаппен ойнамау үшін балаларды қараусыз қалдырмаңыз.
Егер торы дұрыс қондырылмаса сорғышты пайдаланбаңыз!
Әдейі ескертілмеген жағдайда сорғышты тіреу жазықтығы ретінде қолдануға тыйым салынады.
Ас үйде сорғышты газбен жанатын және басқа жанармай арқылы жанатын басқа аспаптармен қолданған кезде бөлменің ауа айналымын тиісті түрде қамтамассыз етіңіз. Сорылған ауа газбен жанатын немесе басқа жанармай арқылы жанатын аспаптардан түтін шығаруға арналған ауаөткізгіш арқылы кері сыртқа шығарылмауы тиіс.
«Жалынның астында» пісірілетін тағамдарды дайындауға мүлдем тыйым салынады, себебі жалын фильтрлерге зақым келтіріп өрттің пайда болуына әкелуі мүмкін, сондықтан бұл әдістен аулақ болыңыз.
Қатты қызып кеткен майдың тұтануы мүмкін болғандықтан майда қуырылатын тағамдар әрдайым бақылауда болуы тиіс. Пісіруге арналған басқа құралдармен бірге қолданған кезде аспаптың жетімді бөліктері қатты қызуы мүмкін.
Техникалық шаралар мен түтін шығаруда техникалық қауіпсіздік шарттары жөнінде білікті жергілікті әкімшілік белгілеген алдын алу тәртіп ережелерін сақтаңыздар! Сорғышты ішінен және сыртынан мерзімді тазалап тұру қажет (берілген нұсқауда белгіленген шарттарға сәйкес АЙЫНА БІР РЕТ). Сорғышты тазалау мен фильтрлерді тазалап ауыстыру ережелерін сақтамау өрттің пайда болуына әкелуі мүмкін.
Электр тоғы соғуы мүмкін болғандықтан дұрыс қондырылмаған лампышасымен сорғышты пайдаланбаңыз және қалдырмаңыз.
Біз аспапты пайдалану барысында бұл нұсқауда белгіленген қолдану шарттарын сақтамағанның кесірінен болған олқылық өрт пен зақым үшін жауап бермейміз.
Белгі 📊 салынған материалдарды қайта өңдеуден өткізуге тапсырыңыз. Орам материалдарын қайта өңдеуден өткізу үшін тиісті контейнерлерге салыңыз. Электрлік және электроникалық құрылғылардың қалдығын қайта өңдеуден өткізу арқылы, қоршаған ортаға және адамның денсаулығына зиян келтіретін жағдайларға жол бермеуге өз үлесіңізді қосыңыз. Белгі
салынған құрылғыларды тұрмыстық қалдықтармен бірге тастамаңыз. Өнімді жергілікті қайта өңдеу орталығына өткізіңіз немесе жергілікті мекемеге хабарласыңыз.
ПАЙДАЛАНУ
Суыру калпағы сорғыш

ретінде немесе
фильтр ⑤ ретінде пайдалану үшін өнделген.
OPHATY
Желінің кернеуі аспаптың ішінде орналасқан тақтайшада белгіленген техникалық деректердей кернеуге сәйкес келуі керек.
Егер сорғыш вилкамен жабдықталған болса, орнатылғаннан кейін де істеуге болатын, қол жетерлік жерде болуы тиіс, істеп тұрған ережелерге сәйкес алмалы-салмалы штепсельге сорғышты қосыңыз. Егер сорғыш вилкамен жабдықталмаған болса (желіге тура қосылу), немесе алмалы-салмалы штепсель орнатылғаннан кейін де қол жетерлік жерде болмаса, онда орнату нұсқауына сәйкес 3-дәрежедегі асқын кернеуді болдырмайтын және желінің толық ашылуын қамтамассыз ететін тиісті екіполюстік ажыратқышты пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТУ! қорек желісіне сорғыштың электрлік жүйесін қосу алдында қорек кабелі дұрыс монтаждалғанына көз жеткізіңіз.
Сорғыштың төменгі қыры мен ыдыс астындағы тіреуіш жазықтығының ара қашықтығы электр плитасы үшін 50см, ал газ немесе біріктірілген плиталар үшін 65см ден кем болмауы тиіс. Егер нұсқауда газ плитасын орнатуға артығырақ ара қашықтық белгіленген болса, оны ескеріңіз.
Ескерту! Кез келген тазалау немесе техникалық қызмет ету операциясын жасаудан бұрын, вилканы шығарып немесе бөлменің басты ажыратқышын суырып сорғышты электр желісінен ажыратыңыз. Сорғыш ішінен және сыртынан жиі тазаланып тұруы қажет (кем дегенде шамамен майды ұстап қалатын фильтрді тазалау мерзіміне сәйкес). Тазалау үшін бейтарап жуғыш затпен суланған арнайы шуберекті пайдаланыңыз. Абразиялық қоспасы бар затты пайдаланбаңыз. СПИРТТІ ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ!
Ескерту! Фильтрді ауыстыру және аспапты тазалау ережелерінің сақталынбауы өрттің пайда болуына әкелуі мүмкін. Сондықтан берілген нұсқаумен пайдалануға кеңес береміз.
Жоғарыда көрсетілген ескертулерді сақтамағандықтан немесе дұрыс емес жөндеу салдарынан болған өрт немесе қозғауыштың бүлінуіне байланысты барлық жауапкершілік алынады.
Майды ұстап қалу фильтрі - Фильтрді ай сайын агрессивті емес жуғыш заттармен, қолмен немесе ыдысжуғыш машинада, төмен температурада, үнемді тазалау тәртібінде жуу керек. ыдысжуғыш машинада жуылған май ұстайтын фильтр түссізденуі мүмкін, бірақ одан оның сүзгіш қасиеті мүлде өзгеріссіз қалады.

Type 20 LONG LIFE - жуылатын көмірлі фильтр.
Көмірлі фильтрді жылы суда, тиісті жуғыш заттарымен немесе 65° С температурада ыдыс жуғыш машинасында (ыдысжуғыш машинасына ыдыс салмай, толық жуу циклін орындаңыз) екі ай сайын тазалауға болады. Фильтрге зақым келтірмейтіндей етіп артық қалған суды абайлап алып тастаңыз, содан кейін пластмасс рамадан жастықшаларды шешіп 100° С-та 10минуттай пештің ішінде толық кепкенінше ұстаңыз.
Матасы бүліне салысымен жастықшаларды 3 жыл сайын ауыстырып тұрыңыз.
Түр 15 - Жуылмайтын көмірлі фильтр
Көмірлі фильтрдің қанығуы ұзақ пайдалану мерзімінің қысқа немесе ұзақ болуына байланысты, ол ас үйдің түрі мен май ұстайтын фильтрді тазалау жиілігіне байланысты анықталады. Қандай жағдай болса да, картриджі кем дегенде 4 айда бір рет ауыстырыңыз.
Көмірлі фильтрді жууға болмайды және қалпына келтіруге жарамсыз.

Сору желдеткішінің жылдамдығын бақылау үшін және плитаның үстіне жарық түсіру үшін, сору қалпағы басқару қалқанымен жабдықталған.




- Көмекші жарықты ҚОСУ/ӨШІРУ
- Моторларды ӨШІРУ
- Минималды сору қуаты (3.), орта (4.), максимал (5.). Астың булану концентрациясы едәуір көбейген кезде, сорғыштың қарқынды тәртібін пайдаланыңыз. Біз сорғышты тамақ пісіру алдында 5 мин бұрын қосуға, және пісіріп болғаннан кейін 15 мин қосып қалдыруға кеңес береміз.
ЖАРЫҚТАНДЫРУ ҚҰРАЛЫ
Аспапты электр жүйесінен өшіріңіз Ескерту! Лампаны ұстаудан бұрын, олардың суығанына көз жеткізіңіз. 12В - 20Вт максимальді - G4 тек галогендік лампаларды ғана қолданыңыз. Лампаларға қолыңызды тигізбеңіз.
